Қазақстан ауыл шаруашылығы үлкен мақсаттарға құлаш ұруда



Жерінің кеңдігі жөнінен әлем елдерінің арасында 9-шы орынды алатын, ал халқының саны жөнінен 57-ші орындағы Қазақстан ірі аграрлық-индустриялық мемлекеттердің қатарына кіреді. Жерінің жалпы аумағы 2,7 миллион шаршы шақырым, оның басым бөлігі ауыл шаруашылығына жарамды жерлер.
Еліміз өзінің тәуелсіздігіне ие болған кезде үлкен ауыртпалықтарды бастан өткерген салалардың бірі осы ауыл шаруашылығы болатын. Тоқсаныншы жылдардың орта­сына таман бұрынғы шаруашылық жүйесінің бұзылуына және жаңа құрылымдардың толық қалыптасып үлгермеуіне, шаруашылық аралық байланыстардың үзілуіне, басқа да көптеген факторларға байланысты мал саны бірнеше есе азайып, егіс көлемі бұрынғыға қарағанда едәуір қысқарып кетті. Ауылды жаппай жұмыссыздық басып, ауыл тұрғындары қалалы жерлерге қарай қоныс аудара бастады. Яғни, ауыл шаруашылығы санаулы жылдардың ішінде-ақ бұрынғы қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің көбінен көз жазып, тұралаған күйге түсті.
Дегенмен, содан бергі 7-8 жылдың ішінде салада үлкен өзгерістер болды. Ең әуелі жаңа заңдар мен нормативтік құжаттар қабылданып, саланың бірте-бірте нарықтық қа­тынастарға қарай ойысуына үлкен ықпал жасады. Сол заңдардың ішінен Жер, Су, Орман кодекстерін және 2003-2005 жылдарға арналған аграрлық азық-түлік бағдар­ламасын, 2004-2010 жылдарға арналған ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, астық, мақта туралы заңдарды айтуға болады.
Мәселен, Жер кодексі кеңес өкіметінің тұсындағы адамдардың 70 жыл бойы қалыптасқан жерге деген көз қарасын түбірінен өзгертті. Өйткені, жер телімдеріне жылжымайтын мүлік мәртебесі беріліп, ол нарық айналымына қосылды. Мұның өзі оның бағасын айқындауға мүмкіндік берді. Осының нәтижесінде бұрын бағаланбай елеусіз қалып келген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерінің адамзатты асыраушы тіршілік көзі ретіндегі қасиеті қайтадан артып, ол ауыл шаруашылығына инвестиция тартушы негізгі нысандардың біріне айналды. Жерді күтіп-баптау мәселесі жақсара түсті.
Оның үстіне Елбасының 2003-2005 жылдарды Ауыл жылдары деп жариялауы ауылдың жаңа жағдайда дамуына жол ашқаны белгілі. Мемлекеттің ауыл шаруашылығына және ауылдың әлеуметтік саласына жасайтын қолдауы мен қамқорлығы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда арта түсті. Және ол қолдау бұрынғыдай жаппай емес, болашағы бар, тиімді шаруашылық жүргізу үшін қолайлы орналасқан ауылдар мен өңірлерге бірінші кезекте жасалатын болды. Соның нәтижесінде бұрын құмға сіңген судай босқа кетіп жатқан мемлекеттік қаржы мен несиелер енді өз қайтарымын бере бастады.
1. АБДУКАМАЛОВ О.А., ЧЕЛЕКПАЕВ Я.Д. Новые формы хозяйствонания в АПК и факторы их развития в условиях рынка.Изд. КазНИИНТИ, 1991 год.
2. АРХИПОВ А. Разгосударствление в аграрной сфере: необходимость, методы, последствия. Вопросы экономики. 1991, №6,с.81-91.
3. АРЫНОВ Е.М. О стратегии экономических реформ в Казахстане: Приоритеты и неотложные шаги. Алматы: КИСИ, 1993.
4. АУБАКИРОВ Я.А. Социально-экономические преобразования в сельском хозяйстве Казахстана. Алматы: „Казахстан" 1984 год.
5. АУТОВ Р.Р. Острые грани перестройки АПК. Изд.,Кайнар",1990 год.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан ауыл шаруашылығы үлкен мақсаттарға құлаш ұруда
Жерінің кеңдігі жөнінен әлем елдерінің арасында 9-шы орынды алатын, ал
халқының саны жөнінен 57-ші орындағы Қазақстан ірі аграрлық-индустриялық
мемлекеттердің қатарына кіреді. Жерінің жалпы аумағы 2,7 миллион шаршы
шақырым, оның басым бөлігі ауыл шаруашылығына жарамды жерлер.
Еліміз өзінің тәуелсіздігіне ие болған кезде үлкен ауыртпалықтарды
бастан өткерген салалардың бірі осы ауыл шаруашылығы болатын. Тоқсаныншы
жылдардың орта­сына таман бұрынғы шаруашылық жүйесінің бұзылуына және жаңа
құрылымдардың толық қалыптасып үлгермеуіне, шаруашылық аралық
байланыстардың үзілуіне, басқа да көптеген факторларға байланысты мал саны
бірнеше есе азайып, егіс көлемі бұрынғыға қарағанда едәуір қысқарып кетті.
Ауылды жаппай жұмыссыздық басып, ауыл тұрғындары қалалы жерлерге қарай
қоныс аудара бастады. Яғни, ауыл шаруашылығы санаулы жылдардың ішінде-ақ
бұрынғы қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің көбінен көз
жазып, тұралаған күйге түсті.
Дегенмен, содан бергі 7-8 жылдың ішінде салада үлкен өзгерістер болды.
Ең әуелі жаңа заңдар мен нормативтік құжаттар қабылданып, саланың бірте-
бірте нарықтық қа­тынастарға қарай ойысуына үлкен ықпал жасады. Сол
заңдардың ішінен Жер, Су, Орман кодекстерін және 2003-2005 жылдарға
арналған аграрлық азық-түлік бағдар­ламасын, 2004-2010 жылдарға арналған
ауылдық аумақтарды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын, астық, мақта туралы
заңдарды айтуға болады.
Мәселен, Жер кодексі кеңес өкіметінің тұсындағы адамдардың 70 жыл бойы
қалыптасқан жерге деген көз қарасын түбірінен өзгертті. Өйткені, жер
телімдеріне жылжымайтын мүлік мәртебесі беріліп, ол нарық айналымына
қосылды. Мұның өзі оның бағасын айқындауға мүмкіндік берді. Осының
нәтижесінде бұрын бағаланбай елеусіз қалып келген ауыл шаруашылығы
мақсатындағы жер телімдерінің адамзатты асыраушы тіршілік көзі ретіндегі
қасиеті қайтадан артып, ол ауыл шаруашылығына инвестиция тартушы негізгі
нысандардың біріне айналды. Жерді күтіп-баптау мәселесі жақсара түсті.
Оның үстіне Елбасының 2003-2005 жылдарды Ауыл жылдары деп жариялауы
ауылдың жаңа жағдайда дамуына жол ашқаны белгілі. Мемлекеттің ауыл
шаруашылығына және ауылдың әлеуметтік саласына жасайтын қолдауы мен
қамқорлығы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда арта түсті. Және ол қолдау
бұрынғыдай жаппай емес, болашағы бар, тиімді шаруашылық жүргізу үшін
қолайлы орналасқан ауылдар мен өңірлерге бірінші кезекте жасалатын болды.
Соның нәтижесінде бұрын құмға сіңген судай босқа кетіп жатқан мемлекеттік
қаржы мен несиелер енді өз қайтарымын бере бастады.
Мәселен, ауыл жылдары кезінде мемлекеттің ауыл үшін жұмсаған әр 1
теңге инвестициясы жеке меншіктің 6 теңге қаржысының келуіне жол ашқан
екен. Осының нәтижесінде ауыл шаруашылығының капиталдану деңгейі едәуір
жақсарып, жаңа комбайндар, тракторлар, сеялкалар сатып алынды. Бүгінгі күні
республикамызда 135 мың трактор, 44,6 мың астық комбайны, 47,5 мың жүк
автомобилі, 90,4 мың сеялка және 348,9 мың топырақ өңдеу құралдары бар.
Санаулы жылдардың ішінде осы техникалар 30 пайызға жаңаланды. Ауыл
шаруашылығына аса өнімді шетелдік техникалар келіп, еңбек өнімділігі әлде
қайда арта түсті.
Жуықта Астананың шетінде Ауыл шаруашылығы министрлігі ұйымдастырған
Қараөткел жәрмеңкесіне қатысқан едік. Сонда алымдылығы өте жоғары көптеген
техникаларды көрдік. Онда ресейліктермен бірлесіп құрылған “Агромашхолдинг
Қазақстан” АҚ өз техникаларын орналастырған екен. Олар Қазақстанда
құрастырылған техникалар болып шықты. Яғни, отандық ауыл шаруашылығы
техникаларының алғашқы қарлығаштары.
Аталған кәсіпорын ендігі кезекте Батыс Еуропа ауыл шаруашылығы
мәшинелерін жасаушылармен бірлесе отырып, комбайндар мен тракторларға арнап
жаңа моторлар құрастыра бастамақ. Сонымен қатар, жаңа техникалардың
сервистік қыз­мет көрсету желілері дамытыла түспек.
Аграрлық өнеркәсіп кешенін жаңа техникалармен қамтуда еліміздің Ауыл
шауашылығы министрлігі аясында жұмыс істейтін “КазАгроФинанс” АҚ үлкен
істер тындыруда. Ол осы уақытқа дейін ауылшаруашылық тауарын өндірушілерге
6 миллиард теңгенің техникаларын лизинг арқылы берсе, сонымен қатар, 573
миллион теңгенің арнаулы технологиялық құралдарын сатып алуға жәрдемін
тигізді.
Әдетте ауылшаруашылық саласы өзгерістерді баяу қабылдайтын, заман
талабына икемделу деңгейі төмен салалардың қатарына жатады. Міне, осындай
сипатына қарамастан еліміздің агроөнеркәсіп кешені жылына 4-5 пайыздық даму
қарқынын сақтай отырып, дамудың жаңа сапалық деңгейіне қарай өте бастады.
Мұны нақ осы саланың алға қойған мақсаттарындағы өзгерістерден-ақ байқауға
болады.
Мәселен, осыдан 7-8 жыл бұрын ғана ауыл шаруашылық саласының алдына
қойылған негізгі мақсат ауыл халқын мүмкіндігінше еңбекпен қамтып, ондағы
әлеуметтік шиеленістердің өріс алуына жол бермеу, сондай-ақ ел халқын азық-
түлікпен қамтуға қол жеткізу болатын. Бұл міндет мүмкіндігінше жүзеге асты.

Қазіргі күні ауылда еңбекке жарамды 3,8 миллион адам бар деп
есептелінсе мұның 3,2 миллионы өндіріске тартылған. Сөйтіп, ауыл
шаруашылығы қазірдің өзінде ел халқының 21 пайызын жұмыспен қамтып отыр.
Сонымен қатар, 2003 жылы қабылданған азық-түлік бағдарламасының үдесінен
толық шыға білді және экспорттық өнім көлемін жылдан-жылға арттыра түсуге
қол жеткізді. Мәселен, Қазақстан қазір дүниежүзі бойынша астық экспорттаушы
елдер арасында 5-ші орынға табан тіресе, ұн экспорты жөнінен әлемде 3-ші
орын алуда. Бұл, әрине, үлкен жетістік.
Жуықта мерзімді басылымдардың ауыл шаруашылығы тақырыбында жазатын
журналистермен кездесуінде Ауыл шаруашылығы министрі Ахметжан Есімов енді
бұл саланың алдына жаңа міндеттер жүктелгенін айтты. Сол міндеттердің бірі
– биоотын өндірісін дамыту. Ал бұл міндетті жүзеге асырудың мәнісі үлкен.
Ол алдағы уақытта осы саланың екінші тынысын ашады, сөйтіп бірте-бірте
еліміздің ауыл шаруашылығын мұнай-газ және жаңа технологиялық өндірістер
секілді табысты да тиімді салалардың біріне айналдырады деп күтілуде.
Әлемде мұнай мен газ қорларының азая түсуіне байланысты энергетикалық
сектор қазіргі күні көп қырлы даму жолына қарай ойысты. Атом өнеркәсібі
бірте-бірте бел алу үстінде. Болашақ энергия көзі сутегін алу және оны
өндіруді өндірістік деңгейге қою жөнінде басты-басты елдердің қатысуымен
үлкен эксперименттік жұмыстар жүргізілуде. Адамзат жел мен күн энергиясынан
да үлкен үміт күтіп отыр. Міне, осы­лардың арасынан кең көлемді дамуға
қауқары бар әрі барынша тиімді жобалардың қатарына жататын биоотын
өндірісін дамыту ісі мейлінше қарқын алған. Мәселен, аса қуатты ел АҚШ-та
қазіргі күндері биоотын өндіретін зауыттар көптеп ашылуда.
Биоотын өндірісінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы-қоғамның рухани институты
Экономикалық дағдарыс: мәні, түрлері, себептері
Утопиялық социализм
Исламдагы діни-саяси қозғалыстар
Ислам дінінің қазақ қоғамындағы рөлі
Білім алу экономикалық даму аспектісі ретінде
Кәмелетке толмағандардың қылмыстарының криминалогиялық жағдайы
Қазақстан Республикасының инновациялық саясаттарының бағыттары
ИСЛАМ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН
СЕМЬЯДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЛИМАТ
Пәндер