Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мектебі мен педагогикасы


КЕҢЕС ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІ МЕН ПЕДАГОГИКАСЫ
Қазақстанда халық ағарту жүйесі құрылымының
нормативтік-құқықтық негіздері (1920-1930 ж. ж. )
Отандық мектеп пен педагогиканың тарихына кеңестік дәуірде шектен шыққан томаға тұйықтыққа негізделген тоқырау мен қарама-қайшылықтар тән болды. Ресми өкіметтің тарапынан қуғын-сүргін, диктатура және цензура жағдайында әлемдік мектеппен, педагогикамен қарым-катынас шектеулі болды, шетел мектебі мен педагогикасының тәжірибесі жеткіліксіз пайдаланылады.
Кеңестік кезенде жеке тұлғаның және оның мүддесі қоғам мүддесіне қатаң бағындырғышған тәрбие жүйесі қалыптасты, ең алдымен оқушылардың санасына саяси-идеологиялық қатаң кағидаларды сіңіруді ең бірінші орынға қойды. Коммунистік тәрбие жүйесі орынсыз дәріптелді, ол бұл тұрғыдан өте пәрменді әрі тиімді тәрбие құралы деп есептелді.
1917 жылғы қазан төңкерісінен кейін-ақ өмір сүріп келген білім беру жүйесін тарату басталды. Бұрынғы мектепті басқару кұрылымы жойылды, жекеменшік оку орындары жабылды, мектептерде ескі тілдерді және дінді оқытуға тыйым салынды.
1918 жылы мектеп реформасының құқықтық негіздері болып табылатын бірнеше өкімет құжаттары жарық көрді. Шіркеуді мемлекеттен және мектепті шіркеуден бөлу туралы, ана тілінде оқытылатын орыс емес халықтардың оқу-тәрбие мекемелерін ашу кұқығы туралы, барлық мектептердің түрлерінде бірге оқытуды енгізу туралы және т. б.
1920 жылдары мектепте білім берудің төңкеріске дейінгі құрылымы толықтай жойылды. "Бірыңғай еңбек мектебі туралы ережеге" және "Бірыңғай еңбек мектебі туралы декларацияға" сәйкес бірге және тегін жалпы білім берудің екі сатылы бірыңғай жүйесі енгізілді: I сатысы - 5 жылдык оқыту және II сатысы - 4 жылдық оқыту. Барлық азаматтардың тегіне, ұлтына және әлеуметтік жағдайына қарамастан барлық азаматгардың білім алуға құқының болуы, білім алуда ер азаматтар мен әйеддердің тең құқының болуы. ана тілінде мектептің болуы, оқытудың діннен аулақ болуы. оқытуды өнімді еңбекпен ұштастыру құкықтары жарияланды.
20-жылдары мектептегі оқытудың кұрылымдық нұсқалары тексерілді, жаңа оқу бағдарламалары даярланды, еңбек тәрбиесі мен оқыту, мектептегі өзін-өзі басқару енгізілді, үлгі-тәжірибелік оқу орындарының мемлекеттік жүйесінің негізі қаланды.
Үкімет тарапынан қабылданған осы құжаттарды басшылыққа ала отырып, республика халық ағарту комиссариаты халыққа білім беру ісін түбірімен қайта құруда ерекше жұмыс жүргізді.
1919 жылы 24 маусым күні РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесі казақ өлкесін басқару жөніндегі әскери революциялық комитет құру туралы қаулы қабылдап, оның төрағасы етіп тәжірибелі қызметкер С. С. Пестковскийді тағайындады, ревкомның мүшелері болып Сейтқали Мендешев, Бақытжан Қаратаев, Ахмет Байтұрсынов, Мұхамедияр Тұнғаншин, В. И. Лукашев, Әліби Жангелдин бекітілді. Әскери-революциялық комитетінің жанынан халыққа білім беру туралы бөлім ұйымдасты. Бұл бөлімінің мектеп секциясын басқаруды халық мұғалімі, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері, Қазақстанда кеңес үкіметін орнатуда белсене қатысқан Сейтқали Меңдешевке жүктелді. Ол Қазақстанда халық ағарту ісін ұйымдастыруда, ұлттық кадрларды даярлауда ерекше еңбек сіңірді.
1920 жылы 26 тамызда Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен РСФСР Халық Комиссарлар Кеңесінің Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декреті жарияланды. 1920 жылы қазан айында Қазақстан Кеңесі Құрылтай съезінде РСФСР құрамында Қазақтың Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы кұрылды.
Съезде қабылданған "Қазақ АКСР еңбекшілері декларациясында" халық ағарту мәселелеріне ерекше мән берілді.
"Еңбекшілердің білім алуға мүмкіншілігін қамтамасыз ету мақсатында, - деп декларацияда атап көрсетілгендей, -жұмысшылар мен шаруаларға және бүкіл еңбекші қазақ халқына жан-жақты және тегін білім беру міндетін іске асыру, сонымен қатар халықтың арасында сауатсыздықты жоюға кірісу және жас ұрпақтың дене және рухани жағынан жан-жақты дамуына жағдайды қамтамасыз ету" !
Қазак АКСР құрылтай комитеті өзінің қорытынды мәжілісінде Республика Халық Комиссарлар Кеңесін ұйымдастырды. Республика ісін басқару мақсатында Халық Комиссариаты, оның ішінде Халық ағарту ісі комиссариаты бұрынғы қазақ өлкесінің әскери-революциялық комитетінің халық ағарту бөлімі негізінде құрылған болатын-ды.
Қазақ АКСР халық ағарту комиссариатының алғашқы ұйымдасқан кезде оның алдына төмендегі міндеттер жүктелді: мектеп жүйесін ұйымдастыру және дамыту, мектептің материалдық базасын құру, халық ағарту ісіне бүкіл халықтың көмек беру, мектепті мұғалім кадрларымен қамтамасыз ету, әдістемелік басшылықты ұйымдастыру, ана тілінде оқу-әдістемелік әдебиеттерді дайындау.
Халык ағарту комиссариатының құрылымы туралы айтқанда, ең алдымен халық ағарту комиссариатының әлеуметтік тәрбие бас басқармасы, саяси-тәрбие жұмысы бас басқармасы. кәсіптік-техникалық білім беру бас басқармасы сияқты органдары жұмыс істеді.
Бұлардан басқа ғылым мен өнерге басшылықты дамыту мақсатында Академиялық орталық ұйымдастыру, өзінің алғашқы ұйымдасқан қадамдарынан бастап, республика Халық ағарту комиссариаты халыққа білім беру ісінің өзекті мәселелерін талдаумен айналысты.
"Қазақстан мұғалімдері, - деп жазды республика халық ағарту ісі мен жоғары педагогикалық мектепті алғашқы ұйымдастырушылардың бірі Ә. С. Сытдыков, - Кеңес үкіметінің халық ағарту ісі жөніндегі бірінші декреттерін ерекше өрлеу үстінде қолдаушылық білдірді" 1
Халық ағарту комиссариаты сол кезеңде көптеген мәселелермен айналысты: оның қарамағында білім берудің барлық түрлері, сауатсыздықты жою мәселелері, жоғары мектеп пен ғылыми мекемелер жұмысы, мәдени-ағарту жұмысы, өнер, баспа қызметі болды.
Республика Халық ағарту комиссариатынын алғашқы ұйымдасқан кезіңде оның жұмысына белсене ат салысқан Қазақстанда халық ағарту ісі мен педагогика ғылымының көрнекті қайраткерлері. А. Байтүрсынов, С. Меңдешев, Н. Манаев, Н. Залиев, М. Жолдыбаев, Ә. Сытдықов, В. Я. Струминский, К. Д. Тоқтыбаев, Д. А. Авксентьевский және т. б. ерекше атауға болады.
Түркі тілінің ғұлама ғалымы, ағартушы-педагог Ахмет Байтұрсынов тұңғыш Қазақ республикасының Халық ағарту комиссары (1920-1921 жж) болып жұмыс істеді. Содан кейін Академиялық орталық ұйымдасқанда оның төрағасы және ғылыми қызметкері ретінде (1921 - 1922 ж. ж. ) кызмет атқарды, қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы, халық ағарту комиссариатының ғылыми-әдістемелік кеңесінің мүшесі қызметін атқара жүріп, Халық ағарту комиссариаты мен Академиялық орталықтың жұмысын ұйымдастыруды және оның төңірегіне талантты қазақтың зиялы қауымын топтастыруда біршама жұмыстар жүргізді.
Қазақ АКСР-ның құрылуы Казақстанның экономикалык, мәдени және мемлекеттік дамуында ерекше роль атқарды. Бұл ерекше мәні бар саяси оқиғаның казақ халқының мәдени өмірінде маңызы орасан зор болды. Әсіресе, Қазақстаңда халық ағарту ісін ұйымдастыруда, оның әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын жасауда шешуші роль атқарды.
Халық ағарту комиссариатының негізгі және жауапты міндеттерінің бірі мұғалім кадрларын даярлау болып табылады. Халық ағарту Комиссараты жаңа мұғалім кадрларын даярлауда бұқара халықтың мақсатын көздейтін жаңа типтегі жоғары оқу орнын ұйымдастыруды ерекше қолдады.
Сондықтан да өтпелі шаралардың бірі ретінде терең білімді, бірнеше пәндерді оқытуға қабілетті ұстаздар даярлайтын жоғары педагогикалық оқу орнына барлық мұғалімдер институттарын, семинарияларын және тұрақты жұмыс істейтін педагогикалық курстарды айналдыру іске асырылды.
Академиялық орталық негізінен Халық ағарту комиссариатының ғылыми, оқу-әдістемелік, ағартушылық, көркемдік қызметіне жалпы теориялық және бағдарламалық басшылық жасады.
Академиялық орталықтың айналысқан негізгі мәселелеріне мыналар жатады: Әртүрлі халық ағарту мекемелері үшін оқу жоспарларын жасау, ғылыми мекемелердің қызметінің бағдарламаларын талдау, Қазақстанның барлық оқу орындары үшін оқу жоспарлары мен бағдарламалар жасау, оның ішінде педагогикалық оқу орындарына да ерекше мән берілді. Академиялық орталық мекемелерді басқару және ғылыми басшылық беру ісімен де айналысты. Ғылыми-әдістемелік жұмыс саласында орталықтың ең негізгі жұмысы жергілікті өлкенің мектептері мен оқу орындары үшін оқулықтар мен оку-әдістемелік құралдар бастырып шығару болып табылады. Жергілікті өлкенің жағдайында сол кездегі мектеп пен халық ағарту ісінің жайы Орталық алдына әр түрлі міндеттерді жүктеді. Ол міндеттердің ішінде негізгілері мыналар:
- мектептер мен жоғары оқу орындарын қазақ тілінде оқулықтар мен оқу әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету;
- барлық мектептердің, халық ағарту мен жоғары оқу орындарының оку жоспарлары мен бағдарламаларын жергілікті жағдайға бейімдеу;
- жаңа мектептің мақсаттарын іске асыруда мұғалімдер басшылыққа алатын әдістемелік құралдармен камтамасыз ету:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz