Қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне байланысты топтары жене оған қатысты әдет - ғұрыптар (оңтүстік Қазақстан материалдары негізінде)



Бала тәрбиелеу қоғамды адам тудырушы ретіндегі отбасының табиғи және әлеуметтік мазмұнымен тығыз байланысты көптеген құрам бөлшектерден тұрантындығы анық.
Біз зерттеп отырған Оңтүстік Қазақстан тұрғындары ортасында этникалық ділдің қалыптасуы және бала тәрбиелеу, әр қашанда, қазақ халқының дәстүрлік әлеуметтік-нормативтік мәдениетінің бай тәжірибесіне сүйенеді. Жылдар бойы жиналып келген бұл халық тәжірибесі қазақ балаларының жастық және жыныстық ерекшеліктері мен айырмашылықтарын есепке алу негізінде қалыптасқан.
Егер нәрестенің, балалардың, жас өспірімдердің жас бойынша жіктелуін қарастыратын болсақ, онда қоғамдық ғылым мамандарымен жалпы қабылданған бірыңғай жіктеудің жоқтығын көруге болады. Психологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне қарай отырып, белгілі отандық этнопедагог К.Ж. Қожахметова келесі жастық кезеңдерді қолданған:
- туғаннан бастап 1 жасқа дейін - «нәресте»;
-1 жастан 7 жасқа дейін - «сәби»;
- 7 жастан 12 жасқа дейін - «ойын баласы»;
-12 жастан 15 жасқа дейін - «сығыр», «ересек бала»;
- І6 жастан 19 жасқа дейін-«бозбала» [1, 220 б.].
Егер, біз, этнографтарды алып қарастыратын болсақ, онда С.П.Кульсариеваның диссертациялық жұмысынан келесі ұқсас жіктелуін кездестіреміз:
- «нәресте» - барлық мүмкін зиянды әсерлерден қорғалмаған жаңа туған балалар;
- «бөпе», «бөбек», «сәби» - бесікке бөленетін емшек жасындағы балалар;
- «кішкентай бала» - еңбек ету міңдеті жүктелмеген, 2-3 жасқа дейінгі балаларды білдіретін термин;
- «ақылы кірген бала» - айтқанды түсінетін, 3-4 жастағы бала, осы жастан бастап белсенді қарым-қатынас жасау үрдісі жүзеге асырылады;
- «ұл бала» - ата-анасының алдында белгілі міндеттері бар 5-12 жас аралығындағы ұл;
- «қыз бала» - бекітілген міндеттері бар 5-15 жас аралығындағы қыз;
- «жігіт» -жасөспірім, боз бала;
-«бой жеткен»-жасөспірім қыз бала, қыз [2, 18-19 бб.].
Белгілі отандық этнолог, мәдениеттанушы Н.Ж. Шаханова жастық топ ерекшеліктерін арнайы қарастыра отырып, оларды үш жіктемеге бөле отырып, өзінің келесі нұсқасын ұсынды:
1. Сәбилік кез және ерте балалық шақ, туғаннан бастап шамамен 3 жасқа дейін («нәресте», «сәби», «бөбек», «шақалақ»).
2. Балалық шақтың бірінші, екнші және үшінші кезеңдері. Бірінші жасаралығы 3-7 жас аралығын; екінші аралық - шамамен ұлдар үшін 8 жас пен 12 жас аралығын, қыздар үшін 7-11 жаас аралығын; үшінші кезең ұлдар үшін 12-15 жас аралығын, қыздар үшін 11-13 жас аралығын қамтиды.
3. Жасөспірім шағы (балалық пен жігіттік аралығы). Бұған 15-16 жастан үлкен жасөспірімдер (жігіт) мен 13-15 жастан үлкен қыздар (бой жеткен қыз) жатқызылады [3, 138-145бб.; 4, 171-177 б.].
Біздің ойымызша, жоғарыда келтірілген әр бір жастық бөлудің өзінің заңды орны бар және оны толығымен қабылдауға болады. Сонымен қатар, білгілі бір бөлу мүшелерінің жас айырмашылығы бірнеше жасты ғана қамтуы маңызды роль атқармайтындығын есепке алу қажет. Мысалы, 12 жасқа дейігні балалар, ұл балалар мен 14-15 жасқа дейінгі қыз балалар, әдетте, біржастық бөлініске жатқызылады. Бұл жастағы ұлдарды «бала», «балалар» деп атаған, ал қыз балаларды аналарына көмек көрсете бастаған кезден бастап, 9 жастан 12-13 жасқа дейін «қызалақ», «жас қыз» деп, ал 12-13 жастан 15 жасқа дейін «қыз» деп атаған. Екінші жастық бөліністі ұлдар, ер балалар, жасөсіпірімдер (жасжігіт, бозбала) және жас жігіттер, 15 жастан 25 жасқа дейінгі қыздар (бой жеткен қыз) құрайды. Белгілі бір өзгерістерге ұшыраған сәйкес жастық бөліністі, біз, Орта Азияның басқа халықтарының арасынан да кездестірдік [5, 162-163 бб.; 6, 85-87 бб.; 7, 62-64 бб.; 8, 130-132 бб.].

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ балаларының жас ерекшеліктеріне байланысты топтары жене оған қатысты
әдет - ғұрыптар (Оңтүстік Қазақстан материалдары негізінде)

Бала тәрбиелеу қоғамды адам тудырушы ретіндегі отбасының табиғи және
әлеуметтік мазмұнымен тығыз байланысты көптеген құрам бөлшектерден
тұрантындығы анық.
Біз зерттеп отырған Оңтүстік Қазақстан тұрғындары ортасында этникалық
ділдің қалыптасуы және бала тәрбиелеу, әр қашанда, қазақ халқының дәстүрлік
әлеуметтік-нормативтік мәдениетінің бай тәжірибесіне сүйенеді. Жылдар бойы
жиналып келген бұл халық тәжірибесі қазақ балаларының жастық және жыныстық
ерекшеліктері мен айырмашылықтарын есепке алу негізінде қалыптасқан.
Егер нәрестенің, балалардың, жас өспірімдердің жас бойынша жіктелуін
қарастыратын болсақ, онда қоғамдық ғылым мамандарымен жалпы қабылданған
бірыңғай жіктеудің жоқтығын көруге болады. Психологиялық және
физиологиялық ерекшеліктеріне қарай отырып, белгілі отандық этнопедагог
К.Ж. Қожахметова келесі жастық кезеңдерді қолданған:
- туғаннан бастап 1 жасқа дейін - нәресте;
-1 жастан 7 жасқа дейін - сәби;
- 7 жастан 12 жасқа дейін - ойын баласы;
-12 жастан 15 жасқа дейін - сығыр, ересек бала;
- І6 жастан 19 жасқа дейін-бозбала [1, 220 б.].
Егер, біз, этнографтарды алып қарастыратын болсақ, онда
С.П.Кульсариеваның диссертациялық жұмысынан келесі ұқсас жіктелуін
кездестіреміз:
- нәресте - барлық мүмкін зиянды әсерлерден қорғалмаған жаңа туған
балалар;
- бөпе, бөбек, сәби - бесікке бөленетін емшек жасындағы балалар;
- кішкентай бала - еңбек ету міңдеті жүктелмеген, 2-3 жасқа дейінгі
балаларды білдіретін термин;
- ақылы кірген бала - айтқанды түсінетін, 3-4 жастағы бала, осы
жастан бастап белсенді қарым-қатынас жасау үрдісі жүзеге асырылады;
- ұл бала - ата-анасының алдында белгілі міндеттері бар 5-12 жас
аралығындағы ұл;
- қыз бала - бекітілген міндеттері бар 5-15 жас аралығындағы қыз;
- жігіт -жасөспірім, боз бала;
-бой жеткен-жасөспірім қыз бала, қыз [2, 18-19 бб.].
Белгілі отандық этнолог, мәдениеттанушы Н.Ж. Шаханова жастық топ
ерекшеліктерін арнайы қарастыра отырып, оларды үш жіктемеге бөле отырып,
өзінің келесі нұсқасын ұсынды:
1. Сәбилік кез және ерте балалық шақ, туғаннан бастап шамамен 3 жасқа
дейін (нәресте, сәби, бөбек, шақалақ).
2. Балалық шақтың бірінші, екнші және үшінші кезеңдері. Бірінші
жасаралығы 3-7 жас аралығын; екінші аралық - шамамен ұлдар үшін 8 жас пен
12 жас аралығын, қыздар үшін 7-11 жаас аралығын; үшінші кезең ұлдар
үшін 12-15 жас аралығын, қыздар үшін 11-13 жас аралығын қамтиды.
3. Жасөспірім шағы (балалық пен жігіттік аралығы). Бұған 15-16 жастан
үлкен жасөспірімдер (жігіт) мен 13-15 жастан үлкен қыздар (бой жеткен қыз)
жатқызылады [3, 138-145бб.; 4, 171-177 б.].
Біздің ойымызша, жоғарыда келтірілген әр бір жастық бөлудің өзінің
заңды орны бар және оны толығымен қабылдауға болады. Сонымен қатар, білгілі
бір бөлу мүшелерінің жас айырмашылығы бірнеше жасты ғана қамтуы маңызды
роль атқармайтындығын есепке алу қажет. Мысалы, 12 жасқа дейігні
балалар, ұл балалар мен 14-15 жасқа дейінгі қыз балалар, әдетте,
біржастық бөлініске жатқызылады. Бұл жастағы ұлдарды бала, балалар деп
атаған, ал қыз балаларды аналарына көмек көрсете бастаған кезден бастап, 9
жастан 12-13 жасқа дейін қызалақ, жас қыз деп, ал 12-13 жастан 15 жасқа
дейін қыз деп атаған. Екінші жастық бөліністі ұлдар, ер балалар,
жасөсіпірімдер (жасжігіт, бозбала) және жас жігіттер, 15 жастан 25 жасқа
дейінгі қыздар (бой жеткен қыз) құрайды. Белгілі бір өзгерістерге ұшыраған
сәйкес жастық бөліністі, біз, Орта Азияның басқа халықтарының арасынан
да кездестірдік [5, 162-163 бб.; 6, 85-87 бб.; 7, 62-64 бб.; 8, 130-132
бб.].
Қазақтардың ұлттық салт-дәстүріндегі аталған жастық топтар жүйесін
жалпы түрде келесі нақыл сөзбен қамтуға болады:
Бес жасқа дейін баланды патшадай күт,
Бес жастан кейін құлша жұмса,
Он бес жастан кейін досыңдай қара.
Жоғарыда бізбен қарастырылған негізгі жас сатыларын олардың ұсақ
кезеңдерімен салыстырмалы түрде үш сатыға бөлуге болады: нәресте немесе
сәби кезең, балалық шақ және жасөспірімдік кезең. Бір жас сатысынан
екінші жас сатысына өту белгілі бір салт-жоралғылармен байланысты болған.
Әр бір жас сатысының киім киюінен, шаш қоюынан, міндеттерінен, мінез-құлық
нормаларынан байқалатын өзіндің ерекшеліктері бар. Бір жастан екінші
жасқа өту ертерек пайда болған жас сатысынан туындаған және біздің
заманымызға дейін тұрмыста қолданылып келе жатқан салт-дәстүр ретінде
қалыптасқан салт-дәстүрлер мен жоралғыларды орындаумен қатар жүрген.
Бізбен көрсетілген әр бір жас кезеңі және бір жас сатысынан екіншісіне
өту, жоғарыда бізбен айтылып кеткендей, түп тамырын ерте заманнан және орта
ғасырдан алып жатқан, ислам рәсімдері мен тұжырымдарының бір қатарын өзіне
сіңірген, арнайы жоралғылар мен рәсімдермен қатар жүреді. Олар келесі
бірізділікпен қалыптасқан:
1. Әдетте, бала туғаннан бастап бір жасқа толғанға дейінгі кезең
рәсімдер мен жоралғыларға толы болады. Осы уақытта ата-аналары жаңа туған
нәрестеге арнап шілдехана тойын жасаған. Егер, ертеректе, шілдехананы
бала дүниеге келген күні немесе үшінші күні тойласа, қазіргі кезде - бала
мен ана перзентханадан шыққан соң тойлайды және оған тек жақын туыстары,
соның ішінде әйелдер ғана қатысқан. Осы жралғылар барысында жаңа туған
нәрестенің ата-анасы кімді кіндік шеше ретінде сайлайтындығын жариялаған.
Осы күннен бастап баланы қырық күніне дейін күн сайын жуындырып, сылап-
сипау рәсімін жасаған. Жуындырудың бір ерекшелігі - баланы бір күні тұзды
сумен, екінші күні марганец ерітіндісі қосылған сумен шомылдырып отырған.
Суда тұз көп болған сайын (тұзға пісіру) болашақта баланың денесіндегі
жаралары мен жарақаттары жылдам жазылады деп санаған. Ал марганец
ерітіндісінің әсері емдеу-дезинфекциялау сипатында болған. Баланың денесін
күн сайын жуындырғаннан кейін құйрық маймен сылаған [9].
Кіндігі түскеннен кейін бесікке бөлеу арнайы рәсімі жасалады.
Бесікке бөлеу, әдетте, бала туғаннан кейін алтыншы-жетінші күні, орта
және үлкен буын әйелдері қатысуымен жасалады. Бесікке бөлеу рәсімі
баламен тыш-тырма, алып-сату, бесіктің үстінен шабу, бесікке бөлеу
жоралғыларымен қатар жүреді. Қалалық жерлерге қарағанда, ауыл жерлерінде
бесікке бөлеу барлығына таныс құбылыс болып табылады. Әдетте, Түркістан
және Шымкент шеберлерімен жасалған бесік туылған балаға арналып тума-ананың
ата-анасымен сыйға тартылады. Сонымен қатар, бесік жабқыштан бастап
көрпе, жастық қаптарына дейін барлық қосалқы заттармен жабдықталады.
Кейбір отбасыларда, екінші-үшінші бала туғаннан кезде огсы мақсатта аға-
әпкелерінен немесе туыстарынан қалған бесік (бұрын қолданылған) қолданыла
береді [10].
Шілдехана және бесікке бөлеу рәсімдерінің өткізу мерзімінің
аралығындағы уақытта немесе соңғы рәсімді өткізгеннен кейін ат қою
дәстүрі жалғасады. Бұл міндетті, көбінесе, моллаларға немес ақсақалдарға
жүктейді. Бұл үшін олар ата-анасының көңілінен шыққан есімді тандап алып,
азан шақырып, нәрестенің екі құлағына да есімін үш рет қайталап айтады.
Бірақ, бүгінгі күні, көп жағдайларда тұңғыш-нәрестеге есімін әжесі немесе
атасы қояды. Ізінше. басқа балалар туған кезде бұл міндетті жақын
туыстарына, соның ішінде нағашысына, нәрестенің ата-анасының ата-анансына,
ағаларына, әпкелеріне жүктейді. Кейбір кездерде бұл міндетті, нәрестенің
ата-анасын тәрбиелеген сыйлы тұлғаларға (ұстаздарға, ауылда, ауданда немесе
облыста аты әйгілі адамдарға) жүктейді.
Егер ұлдар мен қыздарға қойылған есімдерге көңіл бөліп қарайтын
болсақ, онда олардың шығуы бойынша, сондай-ақ, мазмұны және мәні бойынша
ерекшеленетіндігін байқауға болады. Қолданалып жүрген есімдердің көбі
жергілікті түрік-қазақ тілінен алынған немесе жергілікті тұрғындармен
ұлттық есім ретінде қабылданып кеткен, басқа халықтардан алынған.
Түрік-қазақ есімдерінің негізі тіршілік қарекеті және басқа ықпал
етуші факторлар жүйесінің негізін байқататын көптеген құрамдас бөлшектерден
құралған. Мысалы:
1. Қасиетті жер-су және табиғат құбылыстарына байланысты қоиылатын
есімдер: Талас, Қордай, Ақжайқын, Алтайбек, Созақбай, Сайрамбай, Арыс,
Орманбек, Тоғанбек, Аязбек, Жаңбырбай.
2. Жануарлар мен өсімдіктерге, жеміс-жидекке арқау болған есімдер:
Жылқыбай, Дөнентай, Қошқарбек, Пішенбай, Арпабек, Бидайбек, Аршабек, Алма,
Анар, Гүлнұр, Райхан.
3. Киелі аң-хайуандар мен құстардың атауларымен аталатын есімдер:
Арыстан, Бөрібек, Қасқырбай, Күзенбай, Марал, Құсбек, Сұңқар, Қарлығаш,
Құралай, Ұлар, Тоты.
4.Әлем денелері мен ай, аптадағы күн атауларына және санға орай
қойылатын есімдер: Жұлдыз, Шолпан, Айсұлу, Күнсұлу, Сәуле, Мамырбек,
Наурызбек, Шілдебек, Дүйсенбек, Сәрсенбек, Жұмабек, Жексенбек, Сегізбай,
Елубай, Алпысбай, Жетпісбай, Сексенбай, Жүзбай, Мыңбай.
5. Қымбат зат, түсті металл мен асыл тастарға байланысты есімдер:
Асыл, Асылбек, Жібек, Мақпал, Алтын, Алтыншаш, Алтынбек, Күміс, Күмісбек,
Гаухар, Маржан, Меруерт.
6. Ерлікті, батырлықты, денсаулықты, байлықты, жомарттықты меңзеп
қойылатын есімдер: Ержан, Батырбек, Жеңісбек, Қайрат, Өмірзақ, Ұзақ,
Көпжасар, Тұрсынбек, Мыңжасар, Көпбай, Байбек, Дәулет, Жомарт, Мырзабек,
Рақымбек.
7. Сұлулықты, сезімдікті және жақындықты білдіретін есімдер: Әсем,
Сұлушаш, Тамаша, Ләззат, Махаббат, Бауырбек, Бауыржан, Жиенбек, Құдабай,
Нағашыбек.
8. Лауазымдарға және дәстүрлі билік жүргізушілерге арналған есімдер:
Хан - Ханкелді, Ханзада, Ханымай, Әділхан, Мұратхан; Төре - Төрехан,
Төребек, Бектөре, Төреқали; Сұлтан - Сұлтанбек, Сұлтанқали, Сұлтанмұрат;
Әмір - Әмірбек, Әмірхан, Әміржан; Бек - Бекжан, Бекмұрат, Бексұлтан,
Бектөре, Атабек; Би - Бижан, Биқұмар, Төлеби, Бисұлтан, Бижамал, Биғайша;
Қожа-Қожаахмет, Қожабек, Қожакелді, Қожамжар; Бай-Байбол, Байдәулет,
Байқана, Баймырза; Қажы-Қажымұқан, Қажыбек, Қажыбай.
9. Ата-баба аруақтарына, атақты адамдарға, жеке тұлғаларға: Қасымхан,
Есімхан, Абылай, Жәнібек, Райымбек, Наурызбай, Шыңғыс, Нұрсұлтан, Шоқан,
Құрманғазы, Абай, Жамбыл, Қаныш, Сәбит, Ғабит, Мұхтар.
10. Ақыл, білім, ғылым және өнерге байланысты есімдер: Ақылбек,
Данышпан, Дана, Білім, Сауатбек, Әліпбай, Ғалым, Ғалымжан, Пернебек.
11. Ел, тайпа және руаттарына еншілеген есімдер: Өзбекәлі, Қырғызбай,
Орысбай, Ноғайбек, Қоңырат, Қыпшақ, Шымыр, Жаныс, Тамабек, Бақтияр,
Орынбек, Рысбек, Қоспан, Оразымбет.
12. Арнайы көз-сұқтан ырымдап қойылатын есімдер: Елемес, Елеусіз,
Өтеміс, Сатыпалды, Төлеген, Жаңылсын, Тастанбек, Тоқтасын, Тұрар, Тұрсын.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халқының отбасы тұрмысындағы діни дәстүрлер
Отбасында халықтық педагогика құралдары арқылы қыз баланы тәрбиелеудің мүмкіндіктері
Балалардың еңбек әрекетін жоспарлау
Ортағасырлық Еуропадағы балалық шақ
Бастауыш мектеп оқушыларының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда отбасының алатын орны
Ұлттық діндер. Дүниежүзлік діндер
Оқушылардың адамгершілік тәрбиесі
«Этнопедагогика» пәнінің оқу-әдістемелік кешені (оқытушылар үшін)
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Қазақ халқындағы неке және оның түрлері
Пәндер