Ясауи ілімінің тарихи маңызы



I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Қ.А.Ясауидің өмірі.
1.1. Ясауи ілімінің тарихи маңызы.
2. Қ.А.Ясауидің сопылық дүниетаным.
2.1. Ясауидің шығармалары.
2.2. Ясауи еңбектерінің тәрбиелік мәні.
3.Қ.А.Ясауи кесенесінің мәдени ескерткіш ретінде маңызы .

III. Қорытынды.
YI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қожа Ахмет Ясауи оғыз-қыпшақ тілдерінде сөйлейтін, түркі халықтарының рухани бастауларының бірі болған ұлы, әрі қасиетті тұлға. Оның жазған еңбектері туыстас халықтар арасында кеңінен мәлім.
Қожа Ахмет Ясауи қазіргі деректерге қарағанда 1103 жылы көне Сайрам қаласында дүниеге келіп, 1166 жылы Йассы қаласында дүние салған.
Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі қазіргі қазақ ішіндегі қожа әулиеті. Сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл. Қожа Ахмет Ясауи қат-қабат қайшылығы мол күрделі кезеңде дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі мен өмірі әдеби дәстүрі, өскен ортасы туралы мәлімет аз. Бұған себеп соңғы 70 жыл ішінде ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы зерттелмеген.
Қожа Ахмет Ясауидің адамгершілікке, имандылыққа үндейтін асыл жырлары жасырын ұсталып, мүмкіндігінше ұмыттыру көзделді. Бірақ айды алақанмен жабу мүмкін емес. Ұлы ақынның өзі де шығармашылығы да халқына қайта оралды [1].
Ясауи еңбектерінің біразы түркі тілінде жарық көрген. Олар: «Диуани хикмет», «Пақырнама және мінәжатнама», «Көңілдің айнасы» және өмір баяны ретінде түрлі аңыздар. Қожа Ахмет Ясауидің қайсы бір еңбектерін алмайық тұнып тұрған өсиет сөздер. Олар қара сөзбен, оның шумақтарымен, «хикмет» түрінде жазылған және айтылған. Бұл «Диуани хикмет» бастан аяқ ақыл, өсиет, үлгі-өнеге айтуға құрылған. Бұл еңбектерінде ғұлама-ғалым, түркінің пірі 4 мәселені қарастырған:
1. Аллаһты тану.
2. Аллаһты ұлықтау.
3. Дүниемен әділетсіздікті қаралау, дүние құрбаны болған пенделерді қорғау.
4. Бұл дүниенің қара дақтарын пенделерге жұқтырмау.
Міне осындай күрделі мәселелерді қарастырып, өз хикметтерінде жырлаған.
1.Қожа Ахмет Ясауи «Даналық кітабы» ауд. Ж.Абдірешов. Шымкент. 1991, 11-13 бет,17-19 беттер,20 бет
2.Ш.Құдайбердіұлы «Үш анық» Алматы. 1991. 26-бет.
3. Ясауи жолы. 1 қазан. 2004.(журнал)
4.К.Зейбек. «Ясауи жолы» аударған Кенжетай.Д.Т. Анкара. 1998. 33-бет.
5.«Түркістан тарихы мен мәдениеті» Түркістан 2000.
6.Ә.Н.Нысанбаев. «Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымындағы адам проблемасы» 46-бет.
7.Ясауи кереметтері. ҚұрбанқоджаевСансызбай Нызанұлы. Түркістан. 2001. 10-бет,97-бет
8.К.А.Ясауи өмірі мен шығармашылығы. З.Жандарбек. Түркістан 1991. 24-бет.
9«Кейбір адамдардың ерекше кереметтері» Құрбанқоджаев Сансызбай Нызанұлы. Шымкент – Түркістан. 1995. 43-бет.
10. Құрбанқоджаев Сансызбай Нызанұлы. Йассауйтану. Түркістан 2006.
11. Қ.А.Ясауи. «Диуани Хикмет» Алматы. 1998. 65-бет.
12. Ф.Копрюлюзаде «Қ.А.Ясауи танымы мен тағлымы» Шымкент. 1999. 226-бет.
13. Қ.А.Ясауи. Хикмет жинақ. Даналық сыр. Алматы. 1998. 198-бет.
14. «Ясауи жолы» Н.К.Зейбек. Анкара. 1998. 53-57-бет.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім.
1. Қ.А.Ясауидің өмірі.
1.1. Ясауи ілімінің тарихи маңызы.
2. Қ.А.Ясауидің сопылық дүниетаным.
2.1. Ясауидің шығармалары.
2.2. Ясауи еңбектерінің тәрбиелік мәні.
3.Қ.А.Ясауи кесенесінің мәдени ескерткіш ретінде маңызы .

III. Қорытынды.
YI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Қожа Ахмет Ясауи оғыз-қыпшақ тілдерінде сөйлейтін, түркі халықтарының
рухани бастауларының бірі болған ұлы, әрі қасиетті тұлға. Оның жазған
еңбектері туыстас халықтар арасында кеңінен мәлім.
Қожа Ахмет Ясауи қазіргі деректерге қарағанда 1103 жылы көне Сайрам
қаласында дүниеге келіп, 1166 жылы Йассы қаласында дүние салған.
Қожа Ахмет Ясауидің шыққан тегі қазіргі қазақ ішіндегі қожа әулиеті.
Сопылық әдебиеттің ірі өкілі, әйгілі ақын, кемеңгер ойшыл. Қожа Ахмет Ясауи
қат-қабат қайшылығы мол күрделі кезеңде дүниеге келген. Қожа Ахмет Ясауидің
шыққан тегі мен өмірі әдеби дәстүрі, өскен ортасы туралы мәлімет аз. Бұған
себеп соңғы 70 жыл ішінде ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығы зерттелмеген.
Қожа Ахмет Ясауидің адамгершілікке, имандылыққа үндейтін асыл жырлары
жасырын ұсталып, мүмкіндігінше ұмыттыру көзделді. Бірақ айды алақанмен жабу
мүмкін емес. Ұлы ақынның өзі де шығармашылығы да халқына қайта оралды [1].
Ясауи еңбектерінің біразы түркі тілінде жарық көрген. Олар: Диуани
хикмет, Пақырнама және мінәжатнама, Көңілдің айнасы және өмір баяны
ретінде түрлі аңыздар. Қожа Ахмет Ясауидің қайсы бір еңбектерін алмайық
тұнып тұрған өсиет сөздер. Олар қара сөзбен, оның шумақтарымен, хикмет
түрінде жазылған және айтылған. Бұл Диуани хикмет бастан аяқ ақыл, өсиет,
үлгі-өнеге айтуға құрылған. Бұл еңбектерінде ғұлама-ғалым, түркінің пірі 4
мәселені қарастырған:
1. Аллаһты тану.
2. Аллаһты ұлықтау.
3. Дүниемен әділетсіздікті қаралау, дүние құрбаны болған пенделерді
қорғау.
4. Бұл дүниенің қара дақтарын пенделерге жұқтырмау.
Міне осындай күрделі мәселелерді қарастырып, өз хикметтерінде жырлаған.

1.Қ.А.Ясауидің өмірі.
Қожа Ахмет Ясауи қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша
орыны бар ұлы ақын. Ханизидің Жеваһирул-Әбрар-мин Әмважил-Биһар атты
кітабында Ахмет Ясауидің туған жері толық таратылып былайша жинақталды:
Ахмет Ясауи Түркістан өлкесіндегі Ақсу уезіне қарайтын және Ақсудан 176
шақырым қашықтықтағы солтүстік шығысында орналасқан Сайрам қаласында туған.
Ахмет Ясауидің қай жылы туылғаны анық белгілі болмаса да, өмір сүрген
уақыты шамамен X ғасырдың (Хижра жыл санауы бойынша) орта тұсына сәйкес
келеді деп жорамалдай аламыз. Ахметтің әкесі Шайық Ибраһим Сайрамның ең
атақты ғұламаларының бірі болған, ол ұстазы Мұса шайықтың қызы Айшаға (енді
бір деректерде Қарашаш делінеді) үйленген және одан Гауһар Шаһназ есімді
қыз бен одан он жастай кіші Ахмет дүниеге келген. Өз аты – Ахмет, есімінің
алдындағы қожа мұсылман дінін таратып, уағыздаушылық қызметіне орай
берілген атау, ал соңындағы Иасауи ақынның қай жерден шыққандығын
көрсетеді. Бірақ, нақтылық үшін айтсақ, Иасы қаласы оның туған жері емес,
жастайынан жетім қалып, ағайын-туыстарының қолына келіп, бала кезінен өскен
жері. Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда, Ахметтің әкесі өз
заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптенбалауса, бүлдіршін Ахметке
араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфаһан, Бағдад шаһарларынан ұстаздар
жалдап үйретеді.
Ата-анасы баласын Бұхарадағы медресеге оқуға жіберген. Жастайынан
әкесінен айырылған Ясауи Бұхарада Жүсіп Хамаданидің мүриді болады. Осымен
оның білім алуы тамамдалып, сопылықтың ақиқатты тану жолынаүйрету
хұқығына рұқсат – иршад алып Ясы қаласына келеді. Ақынның туған жылы дәл
айқын емес, ал 1166 жылы қайтыс болған. Зерек баланы атақты сопы Арыстан
Баб өзіне шәкірттікке алады.
Жеті жаста Арыстан Бабқа қылдым сәлем...
Осы халде мың зікірін қылдым тәмем...
Құрма беріп, басымды сипап назар қылды...
Мектеп барып, қайнап толып, тасыдым, міне, –деп жазады бұл туралы кейін
Ахмет Йасауи.
Арыстан Баб дүниеден өткен соң, ол Бұхара қаласына барып, Жүсіп
Хамаданидің діни медресесінде оқиды. Мұны тамамдаған соң, біраз жыл сонда
(Хамадани қайтыс болған соң) қалып, медресені басқарады. Бұдан соң ол
сопылық жолдың ащы-тұщысын да татып, хақ дидарына ғашық болған ғаріптерімен
көптеген қалаларды аралайды [1,12].
Тағы бір деректе жас Ахметтің зеректігі мен алғырлығына қызыққан бір
ғалым Иранға алып келіп оқытқан деген де сөз бар. Шығыстың дін орталықтары
мен ірі-ірі қалаларын, тұрмысы мен кәсіп тіршілігін көзбен көрген жас жігіт
өзінің білімі мен түсінік танымын кеңейтеді, өмірге деген өз көзқарастарын
қалыптастырады.
Ахмет он алты жасында-ақ болашақ ақын шығыс поэзиясын, әдебиетін,
фәлсафасын жетік меңгереді. Он жеті жасқа толған соң, ақын туған жері
Түркістанға оралады. Он жеті жасынан бастап өзі өлең жаза бастайды. Өз
жырларын Шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шайырлар секілді
араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Ахмет
ел ішінде әділдігімен де аты шыққан адам [3,74].
Қожа Ахмет Иасауидің екі ұлы, екі қызы болыпты. Бір ұлы Ташкент
қаласында жерленген. Ал екінші ұлын аңыздарға қарағанда, Сүйір деген егін
еккен ел қастықпен өлтірген делінеді. Бір қызының аты – Жамал, екіншісі –
Гауһар. Гауһардың күйеуі - Әли қожа. Осылардан тараған Иасауи әулеті екі
жүзге жетсе керек. Академик В.А.Гордиевскийдің жазуына қарағанда, Қожа
Ахмет Иасауидің ұрпақтары Заравшан өңірінің Жабу, Тоғайкөл, Тоқшы деген
қыстақтарында тұрып, өздерін қожамыз деп санайтын әулеттен ғана қыз
алысып, ыз беріскен көрінеді

1.1. Қ.А.Ясауи ілімінің тарихи маңызы.
Бүгінде Ясауи ілімінің мәнін, маңызын, ерекшелігін айқындау
тарихымыздың өткені мен бүгіні арасындағы рухани арналар сабақтастығын
қалпына келтіруге ықпал етеді.
Біріншіден, Ясауи дүниетанымы ішкі еркіндікке жетелейтін ар түзейтін
ілім. Ал бүгінгі ашық және демократиялық қоғам құру жолындағы Қазақстан өз
тәуелсіздігі мен еркіндігін баянды ету
үшін ең алдымен еркін ойлайтын адамдарға мұқтаж.
Екіншіден, Ясауи ілімінің қалыптасу кезеңі мен өмір сүрген уақыты түркі
халықтары үшін тарихи өтпелі кезең болуымен құнды. Сондай өтпелі кезеңде
көрсеткен жолы мен әдісі тұрғысынан Ясауи мұрасын зерттеу бүгінгі жаңа
сипаттағы құныдылқатр қоғамын құрып жатқан Қазақстанның (мұрасын зерттеу)
болашаққа нық қадам басуы үшін мәдени тарихи, дүниетанымдық және рухани
әлеуметтік тұғырларын анықтауда да маңызды болып отыр.
Үшіншіден, Ясауи ілімі – қоғамдық-әлеуметтік ынтымақпен бірлікке ұйытқы
болатын даналықтың кені, яғни оның ілімі адамдар арасындағы өзара тең
сұхбаттың, бауырластықтың, махаббаттың, діни-рухани ұстанымдарын қамтитын
біртұтас тұжырымдамалар жүйесі болып табылады.
Төртіншіден, Ясауи ілімі – қоғамдық – практикалық маңызы тұрғысынан бүгінгі
ғылым мен технология, ақпарат дәуірінде отырып, өзінің ішкі әлемінен
хабарсыз қалған, ар мен имандылықты ойлауға қабілетсіз, жаппай
нәпсіқұмарлық жайлаған қоғамның әлеуметтік індетінің емі екендігі даусыз
Көне түркілерде мек тәңірлік дінге сенгендігіне және осы діннің бізге
жетпеген қәсиетті кітабының да болғандығына байланысты айтылып жүрген
шындықтың әлі де зерттеулер мен іздеулер өріс алғанда ашыла түсетіндігі
мәлім.
11 ғасырда түріктердің арасында мұсылмандармен қатар басқа несторияндық
, иудаизм, манихизм т.б.діндер де бар еді.
Ахмет Ясауидің мектебінен тәлім-тәрбие алғандардың бірінші міндеті әлі
ислам дінін қабылдаған түркі халықтармен көрші халықтарға мұсылман дінін
жаю.
Ясауи ілімінің ауқымды бөлігі шәкірттері арқылы тараған.
13 ғасырдың басынан бастап Шыңғыс ханның басқаруымен құрылған
мемлекеттерде Ясауи шәкірттері үлкен істер атқарған. Жошының Берке Алтын
Орданың ханы болып тұрған кезде оны Ясауидің шәкірті Сары Салтұқ мұсылман
қылады. Бүгінгі Өзбек халқына өз атын берген Жошының немересі Өзбек халқына
өз атын берген Жошының немересі Өзбек ханға ислам дінін үиреткен Баба түкті
Иасауидің шәкірті болып табылады. Сондықтан түркі халықтарының
мұсылмандығында сопылық дүниетанымның салмағы басым. Біз бүгін түрік
халықтары арасында ортақ діни түсініктің қалыптасуында Орта Азиядағы түрік
тайпалары арасында Х ғасырдың ІІ жартысынан бастап ислам діні кеңінен
тарала бастады. Ал ХІІ ғасырда Ахмет Ясауидің иршадымен ислам дінінің
таралу жергілікті ерекшелікті қамти жаңа арнаға түсті. Түрік масаввуфы
тарихында
түрік сопылығының негізін салушы Ахмет Ясауи исламнан бұрынғы буддизм,
шаманизм, манихизм мәдениетін білетін түрік тайпаларына ислам дінін сопылық
жол арқылы қабылдауға болатынын көрсетті. Сол арқылы түрік тайпалары
арасында мұсылман түрік мәдениетінің негізін қалады. Ол түрік халқына
ақылды, білімді және логиканы қолдана отырып туралыққа, әділетке барудың
жолын көрсетті.
Ахмет Ясауи мен Ясауи мәдениеті қаншама ғасырлар өткеніне қарамастан
заман өткен сайын дами түсті. Ясауи діннің даму өрісін кеңейтті, тіпті
діннің фольклорын қалыптастырды.
Сондай-ақ Ахмет Ясауидің отаны әрі сүйегі жатқан ұлы Түркістан
қаласында 1991 ж Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ашылуы,
оның түрік дүниесіндегі қаншалықты орны бар екенін көрсетеді.
Түрік дүниесінде тіпті басқа халықтардағы масаввуф иелерінің көңіліне
ұялаған Ахмет Ясауи 70 жылдық кеңестік комунист жүйесінің езгісіне
қарамастан халықтық санасынан өшпеді. Оның есімі еркіндікке қол жеткізген
қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен және анадолы түріктерімен бүкіл түрік
дүниесінің мұсылмандығында қайта жаңғыруда.
Оның шүкір, сабыр әмірлерді тыңдау сыр сақтау риязет жалғандықтан ұзақ
болу, үлкендерге қызмет көрсету, әділет туралықты қалау, менмендіктен аулақ
болу адамға кешірімді болу, жүктелген міндетті орындау, мұқтаждарға
жәрдемдесу сияқты адамдық құндылықтарды ғасырлар бойы түрік ұлты ұстады.
Ясауи ілімі – қарама-қарсы болмыс пен табиғаттыларды ажыратушы емес,
үйлестіріп, біріктірушімен. Оның ілімі әр қоғамның, әр адамнан, әр ұлттың
рухани санасы, мәдениеті, тілімен ділдің деңгейінен астасып жататын ілім].
Біріншіден, Ясауи дүниетаным кешегі батысты ғылыми философияның
категориялық апаратына сыя бермейді. Оның қазақ философиясы тарихындағы
орнын, өзіндік дүниетанымдық – көзқарастар мәнін сопылық категориялар,
ұстанымдар мен ұғымдар арқылы ғана аша аламыз.
Екіншіден, Ясауи дүниетанымын ислам философиясы мен өркениетінің ажырамас
бөлігі ретінде қарастыру арқылы түсінуге болады.
Үшіншіден сопылық дүниетаным толығымен адамның моральдық, психологиялық
қырын ашуға бағытталған ілім.
Төртіншіден, Ясауи іліміне өз дүниетаным болмысының тұрғысынан қарауға
мән беруіміз керек. Жалпы түркі дүниесіне өзіндік ұлттық ғылыми тұғыр және
әдістемелік ұстаным негіздерін
айқындау керек-ақ. Ғылым жасауда өзіндік үлгілерді батыл қолданып, ділдік
болмысты нақтылай білу қажет. Бұл салада басқа, атап айтқанда, Батыстық
қалыптар мен ғылыми-әдістемелік үлгілерді негізгі алсақ немесе еліктесек
бүгінгі мәселеміз сол күйі қалып қалды. Бұл – тоқыраудың нышаны. Ғылыми
таным мәселеде өз алдына талқылауды, сараптауды және ұлттық ділдік
ерекшеліктерді нақтылау тұрғысынан қайта қарауды талап етеді.
Кеңістікте Ясауи ілімі исламның мәні ретінде қабылданды.

2. Қ.А.Ясауи шығармалары және сопылық дүниетанымы
Ясауи – өз заманының өкілі. Оның өскен ортасы, тәлім-тәрбиесі ислам
діні болып, діни-философиялық дүниетанымы ислам аясындағы сопылық ілім
негізінде қалыптасты. Сопылық идеялар ислам дінінің мазмұнын әр халықтың
өзіндік болмысымен, тұрмыс-салтымен үндестіруді уағыздады, ортақ мүдделерді
біріктіре отырып, оларды мұсылмандық жолға бағыттады. Яғни, сопылық ілімде
мұсылман діні жергілікті халықтардың дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, сенім-
нанымдарын, бұрыннан қалыптасқан діндерін жатсынбай өз бойына сіңіре
отырып, оларды бұқара халыққа мұсылмандық қалыпта ұсынып отырды. Осындай
діни философияның бір мектебін қалаған Қожа Ахмет Ясауи сопылық ілімнің
түркілік дәстүріне алғаш жол салды. Ясауи салған сопылықтың түркілік
дәстүрі түркілердің ежелгі шамандық нанымы мен ислам дініндегі аскетизмін
ұштастырды, сөйтіп, ежелгі салт-жораларға мұсылмандық сипаттар берілді:
киім үлгілері, бақсылық сарнау мәнерімен айтылатын зікірлер (яғни зікірлер
айту кезінде бақсылар бұрынғы бақсылық кереметтерін, әуен, қимыл-
әрекеттерін қолдана береді), құрбандық шалудағы жергілікті әдет-ғұрыптың
сақталуы (мысалы, күннің жаууы үшін тәңірден жауын сұрап, құрбандық шалу,
т.б.).
Біз Ахмет Ясауидің алғашқы сопылық тәрбиені әкесі Ибраһим мен анасы Қарашаш
Анадан алды деп
білеміз.Ясауи мәдениеті тұрғысынан Ибраһим шайх қаншалықты маңызды болса,
Қарашаш Ана да соншалықты маңызды.
Әзірет Сұлтанның бойындағы құпия күшті оятуғасебеп болған жеті жасында
Ясауиді тапқан Арыстан Баб болатын. Арыстан Баб Ясауиге болмыстың ең
тұңғиығынан сүзіп алынған Мұхаммедтің Құттыхикметінен үлес береді.Оның
хикметтерінде Арыстан Баб туралы жиі кездеседі. Бұдан да Арыстан Бабтың
Ясауиге деген ықпалының қуатты болғандығын көруімізге болады. Ол Арыстан
Бабтың тәрбиесінде хәл ілімінің тәлімін алып, кейінгі пірлерінен де діннің
сыртқы ақиқатын үйренген тәрізді. Яғни, қал, мантық,калам және
т.б.ғылымдарын ұлы фахреддин Разиден, сопылық ілімді де Жүсіп Хамаданиден
алған.
Ахмет Ясауидың сопылық дүниетанымының ерекшелігі мен өскен ортасын түсіну
үшін оның хикметтеріне үңілу керек. Оның хикметтерінен Ясауи жолының
бастауын тікелей Қасиетті Құран мен Алланың елшісі Хз. Мұхаммедтің
хадистерінен алғандығын көреміз. ОЛ алғашқы хикметтерінде-ақ “Талитерге дүр
мен жаухар шаштым міне” деп, Құран мен хадистің мәнін ақтарған.
Ахмет Ясауидің “пір мұған ” яғни, жол көрсетушісі, “Аты көркем, өзі көркем
Мұхаммет” болатын.
“Бихамдуллах пир-и мұған май ішкізді,
Пир-и мұған Хақ Мұстафа бишек білгін”.
Оның хикметтері Хз.Мұхаммедке деген мақтауларға толы екендігін айтуымыз
керек. Хз.Мұхаммедке Миражда да серік болған, кейіннен “Тәңіадің арыстаны”
атанған Али болса Қожа Ахмет Ясауидің қолдаушысы:
“Миражда да жар болған шер-и Худа Алидур”.
“Қожа Ахметке қолдаушы Шер-и Худа Алидур”.
Арыстан Баба – Қожа Ахмет Ясауиге Хз.Мұхаммедтің аманатын тапсырушы
ұстазы. “Хақ Мұстафаның аманаты”-Аллаға барар жолдың бағыты анықтайтын
негізгі қуат көзі.
Зиннун Мысри да Ислам сопылық дүниетанымындағы ең атақты суфилердің бірі.
Хикметтерде “Хақ жолында болды Зиннун Мысри” деп Ясауи атамыз оны танытып
өткен.
Маруф Кархи бұл да сопылықтағы ең мәшхүр әулиелердің бірі. “Маруф сияқты
бұл жолдарға қадам бассаң”, -деген хикметтерде , ол ірі ұстаздардың
қатарында айтылады. Маруф өз әкесін мұсылмандыққа шақырған адам. 815 жылы
Бағдатта қайтыс болған.
Ибрахим Етхемнің Аты хикметтерде Жиі кездеседі. Балхтың сұлтанының баласы
болатын. Тағын, байлығын тастап Алла Жолына түсті. Бұл да сопылық
тарихындағы ең ірі тұлғалардың бірі. 782 жылы қайтыс болған.
Шайх Мансұрдың “Ана-ал-Хақ” дегенінде үлкен мән бар. “Диуани
Хикметтегі” Ясауи жолына қарасаңыз, Қасиетті Құраннан, Хз. Мұхаммед
Пайғамбардан, Али Шерден, Мансұрдан және Арыстан Бабадан бері келе жатқан
Сара жолды көруімізге болады.
Міне, Қожа Ахмет Ясауи жолы- осы сопылық жол.
Ясауи өзінің сопылық ілімін түркі тілінде жүргізді. Құран тілі, яғни,
араб тілі Алла Тағала белгілеген тіл деп, сондықтан ислам дінін тек осы тіл
арқылы ғана тануға болады деген догманы (бұлжымас қағиданы) жақтаушыларға
қарсы тұра білген Ахмет Ясауи сопылық әдебиетті түркі тілінде жазып
таратты. Ахмет Ясауи айтуында, дүние жүзін жаратушы Алла тілдердің әр түрлі
болуын да жаратқан. Сондықтан Алла құдіретін мойындауда тілдердің әр түрлі
екенін, мойындау керек. Адам қай тілде Алламен сөйлессе де адал көңілден,
ақ ниеттен шыққан сөз өзінің
мұсылмандық мәнін жоймайды. Сондықтан ислам дінінің мазмұнын түркі тілінде
айту күпірлік емес, қайта Хаққа бастар жолбасшының парызы деп түсіндіреді.
Өркениетті ірі ұлттар қоғамдық өмірдің белгілі бір салаларында елеулі
жетістікке жеткен.Мәселен,ағылшындар – экономикада,ежелгі гректер –
эстетикада, римдіктер – заң саласында, еврей мен арабтар– дінде, француздар
- әдебиетте, немістер – музыкада ерекше көріне білген. Ал түркі тарихына
назар аударар болсақ, ол басынан аяғына дейін
гуманизм мен парасаттылық үлгісімен сипатталған. Міне, сондықтан да
болар Ясауи үшін адамгершілік пен имандылық идеяларын іздеу, адамды
жетілдірудің жолдарын табу негізгі мақсат болған. Құдайды, яғни Ақиқатты
тану негізінен этикалық акт деп атауға болады.
Ясауидің қоғамдық-саяси және әлеуметтік дүниетанымының негізінде де
этикалық идеялар жатыр. Оның пікірінше, кез-келген саяси және қоғамдық
қызмет имандылық, әділеттік, даналық, мейірімділік тағы басқа сияқты
моральдық-адамгершілік принциптерге негізделуі тиіс. Ясауидің мораль мен
сопылықты біртұтас етіп қарастыру идеясы парсы сопысы Фарид ад-дин
Аттаридың Сопылық – бұл адамгершіліктің бір түрі деген қағидасымен
сәйкес келіп тұр. [3.139]
Қожа Ахмет Ясауидің түркі тарихындағы маңызы тек бес-он бөлім немесе
бірнеше том тасаввуфтық өлеңдер жазған ертедегі бір ақын болуында емес,
исламның түркілер арасында тарала бастаған алғашқы күндерді тұңғыш рет
сопылық ағымның негізін қалай отырып, рухтарға ғасырлар бойы билік,үкім
жүргізуінде. Одан бұрын түркілер арасында сопылық ағымға кірген адам жоқ
емес тұғын. Бірақ олар ұлы ислам орталықтарында Иран мәдениетінің әсерінде
қалып ирандалып кеткен, не болмаса жаңа діннің жаппай таралуы үшін үлкен
түркі топтары арасына кіріп, ұмытылып кеткен, іштерінен ешқайсысы өздерінен
кейін мәңгі жасап жалғаса алатындай күшті еш нәрсе қалдыра алмаған еді. Ал
Қожа Ахмет Ясауи күшті тұлғасымен түркілер арасында ғасырлар бойы өмір
сүрген үлкен бір тариқат құрды. Бұл тариқат – түркі тарапынан және түркілер
арасында құрылған алғашқы тариқат болған.
2.1. Қ.А.Яссауидің шығармалары.
Ахмет Яссауи негізін қалаған түрік масаввуфы әдебиеті және бұған
сүйеніп құрылған Яссауилік тариқаты пайда болысымен-ақ үлкен бір мүриддер
шыншырына айгалды. Аңыздарда Ахмет Яссауидің маңайына 99 мың мүрид
жиналғанын хабарлайды. Ахмет Яссауи өзі өмір сүрген дәуірде мыңдаған
шәкірттерді жетілдіріп түрік әлемінің түкпір-түкпіріне шәкірттерін
жөнелтіп, Каспи теңізінен Қытай Маңғол шегарасына дейін, сонан кейін
Анадолыға дейін
созылған түрік тайпаларына түрік ислам пікірін таратты. Осындай орасан зор
жұмыстарды ақарған ол ешкімнен садақа алмай, ешкімге жүк болмайды. Дүние
қажеттіліктерің өз қол еңбегімен тапты.
Түріктер Ахмет Яссауиге ерекше назар аударып, сондай қатты құрметтеді.
Бұл құрмет белгісінде түрік дүниесінде мединеде Мұхаммед Түркістанда Қожа
Ахмет сөзі халық арасында ауқымды түрде айтылып жүр.
Пақырнама
Рисам деп аталатын бұл еңбек Қ.Р-сы ұлттық кітапханасы сирек кітаптар
мен қолжазбалар бөлімі 3990-471622-386 нөмірінде сақтаулы.

Диуани Хикмет
Ахмет Ясауидің сопылық өлеңдерін қамтитын әйгілі шығармасы Диуани
хикмет деп аталды. Өйткені ол өлеңдердің әрқайсысы өз алдында бір хикмет
(даналық). Анадолы түркілерде, бұл түрдегі сопылық өлеңдер қалай Аллаһи
деп аталса, Шығыс түркілерінде Ахмет Ясауидің және сол стильде өлеңдер
жазған басқа дәруіштердің шығармалары хикмет деп аталады. Осы есептен
Диуани хикмет тек қана Ахмет Ясауидің өлеңдер жинағына тән емес екендігі,
тіпті бұл атаудың кейіннен берілуі әбден мүмкін. Одан бұрынғы ғасырлар
жайында қолымызда нақты дерек болмағанымен шамамен Х ғасырдан бері мұндай
өлеңдерге хикмет аты берілгенін анық білеміз,-дейді түрік ғалымы
Көпрүлү.
Түркі әдебиеті дүниеге әкелген шығармалар арасында Диуани хикметтің
көп жағынан
алғанда үлкен мәні бар:
1) Ахмет Ясауи ХІІl ғасырда қайтыс болғандықтан, бұл шығарма Ислам Түркі
әдебиетінің Құтадғу Біліктен кейінгі ең ескі үлгісі болып табылады.
Тілдік және әдеби шығармалар, туындалар өте аз болған дәуірге жататын
мұндай шығармалардың тілі жағынан болсын, әдебиет тарихы тұрғасынан болсын
құнды болуы өте табиғи нәрсе.
2) Ескі халық әдебиетінің көптеген элементтерін ала отырып ислам рухын
сол элементтер арқылы, яғни екі ұлттық түрлер, пішіндер мен ырғақтар арқылы
жеткізген алғашқы шығармалар болу тұрғысынан да Диуани хикметті сопылық
түркі әдебиетінің ең ескі және ең маңызды
жәдігері деп есептеуіміз керек. Міне,Диуани хикметті осы тұрғыдан алғанда
ертеден бері шығыстанушылардың назарын аударып келген және қазірге дейін
жеткілікті зертелмегенімен бөлек-бөлек, жеке дара кейбір зерттеулер
жүргізілген, тіпті кейбіреулері болса жарияланып, батыс тілдеріне
аударылған.
Ясауидің басты еңбегі Диуани хикметті рухани және гуманистік бағытта
жазылған Ясауи хикметтерінің және өз басының түркілерге кеңінен танымал
болу себебі – ол ұстамдылыққа және өзін-өзі жетілдіруге шақыратын құнды
этикалық идеялар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ясауи ілімінің негіздері
Ясауи ілімінің тарихи рөлі
Ясауи ілімі
Қ.А.Ясауидің өмірі. Ясауи ілімінің тарихи маңызы
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Діннің мәдениет қалыптастырудағы орны
Сопылық
Ясауидің еңбектеріндегі алла сүйіспеншілігі
Еліміздің мәдени мұрасы
Ясауи туралы ілімі
Пәндер