Кипрдің солтүстігі: тарихи-географиялық негіздер және Шығыс Жерорта теңіз университетінің халықаралық рөлі


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

ҮШ ҚҰРЛЫҚТЫҢ ТҮЙІСКЕН ЖЕРІ

Кипрдiң солтүстiгiндегi Түрiк Республикасының Шығыс Жерорта теңiз университетiнде оқымас бұрын мен де осы Кипр мәселесiне өзгелер сияқты салқын қараушы едiм. Аралда тұрып, оқи жүрiп ондағы адамдардың мейiрбандығы мен қонақжайлығы, табиғаттың сұлулығы, бiлiм саласының сапалы және жоғарғы деңгейде екендiгiн көрiп, көз жеткен соң осы елдiң тағдырына, проблемаларына көз жұмып отыра алмайтын болдым, сондықтан да ол жайлы жазуды жөн көрдiм. Бiрақ осы елге қатысты мәселенi түсiну үшiн оның тарихи мән-жайын толық бiлу қажет.

Географиялық орны Кипрдiң солтүстiгiндегi Түрiк Республикасы (КСТР) Сицилия мен Сардиниядан кейiнгi Жерорта теңiзiндегi үлкендiгi жағынан үшiншi орындағы Кипр аралының солтүстiгiнде орналасқан. Кипрден Түркия жағалауына дейiнгi ең қысқа қашықтық - 64 км, ол Сирияға (97 км) және Грекияға (402 км) дейiнгi қашықтықтан әлдеқайда жақын болып келедi. Осы жағдай аралдың жаңа тарихының дамуына әсерiн тигiздi.

Кипрдiң солтүстiк жағында аралдың шығыс және оңтүстiк бөлiктерiне қарағанда таулы аймақтар аз. Солтүстiк жағалауларының бойымен биiк емес Кипарисовуно тауы, бiрақ ұзыннан созылған (160 км) Кирения әктi жотасы орналасқан. Мұнда Карпас түбегiнiң ең шетiнде Андреас мүйiсi жатыр, ол - адам аяғы баспаған, кiршiксiз таза табиғат бөлiгi.

Онда құстар (350 түрi) мен жабайы гүлдерге толы (1600 түрi) қорық жартастары бар көркем жағалаулар сәулет өнерiнiң ескерткiштерiмен үйлеседi. КСТР территориясында аралдың iрi Месаория жазығының шығыс, ең өнiмдi жағы орналасқан.

Жер көлемi - 3, 35 мың км2 немесе аралдың территориясының 36%-ын құрайды.

Халқының саны - 198 мың адам (1997) .

Этникалық құрамы (1993) : түрiктер - 98, 6%, басқалары - 1, 4%.

Астанасы - Лефкоса (39 973 тұрғын, 1997 ж. ) . Басқа iрi қалалары: Газимагуса (Фамагуста) (27742 тұрғын, 1997 ж. ), Гирне (Кирения) (7107 тұрғын, 1987 ж) .

Ресми тiл - түрiк тiлi. Ағылшын тiлi кең тараған.

Мемлекеттiк құрылымы - территорияны басқару президенттiң (1980 жылдан - Рауф Денкташ) және заң шығарушы ассамблеяның қолында. Мемлекеттiк басқарудың осы екi институты бесжылдық мерзiмге тағайындалады. Президент Премьер министрдi парламент депутаттарының iшiнен сайлайды. Премьерден тыс үкiмет құрамына 10 министр кiредi. Сот билiгiнiң ең жоғарғы органы - Жоғарғы сот.

Тарихи Кипрдiң атауы - мысты белгiлеуiнен шыққан, себебi, мемлекет бұрыннан өзiнiң мыс кендерiмен атақты едi. Аралда адамдардың көне iзi тас ғасырға тиесiлi, ал өркениет бiздiң жыл санаумызға дейiнгi (б. ж. с. д. ) III-шi мыңжылдықтың соңыңда пайда болды. Б. ж. с. д. 11-шi мыңжылдықтың ортасында Кипр крит-микендiк мәдениет орталығына айналды.

Үш континенттiң түйiскен жерiнде орналасқандығынан Кипр көне заман мен ортағасырда тек көршiлерi ғана емес, баска да мемлекеттер үшiн жанжал көзi болды. Б. ж. с. д. I-шi мыңжылдықта оны ассириялықтар, хеттер, мысырлықтар, парсылар, Александр Македонскийдiң наместниктерi, тағы да мысырлықтар, римдiктер иелендi. Б. ж. с. д. IV ғасырда Византия құрамына кiрсе, ал VII ғасырда арабтармен, ХII ғасырда крес жорығына қатысушылармен, ХV ғасырда Венециямен жауланып алынды.

1571 жылы мемлекеттi түрiктер жаулап алып, ол 300 жыл бойы Осман империясының құрамында болды. 1878 жылдан бастап Кипр ағылшын отарлаушыларының билiгiнiң астына көштi.

Бүгiнгi таңдағы Кипр мәселесiнiң түбi Англия мен Түркияның арасындағы келiсiмде жатыр. Бұл құжатта Кипрде түрiктiк егемендiк сақталып, Британ үкiметi басқаруға тиiс деп айтылған болатын. 1914 жылы Ұлыбритания соғыстың басталғанын пайдаланып бiржақты күйде келiсiм шарттарды бұзады. Түркия Кипрдiң егемендiгiн Лозанн бейбiт келiсiм шартта мойындайды (1923) .

Грек көпшiлiгiнiң Грекиямен қосылуға талабы (энозиске) түрiк-киприоттары мен британдық отаршылық әкiмшiлiгiмен дүрдараз қатынастарды туғызды. Ал 1960 жылы метрополия аралға тәуелсiздiктi берген кезде аралдағы қауымның ешқайсысы бұған мүдделi емес жағдай туындайды.

1974 ж. кипрлiк Ұлттық гвардияның бөлiмшесi Грекия офицерлерiнiң қатысуымен аралда әскери төңкерiс жасады. Жаңа билiк энозис процесiн жылдамдата бастады. Бес күн өткеннен кейiн Түркияның әскери күшi Анатолияға жақын теңiздiк порт Киренияда әскерiн түсiрдi.

Түрiк әскери күшi 16 тамызда аралдың 37% басып алды. Қауымаралық келiссөздер ешқандай нәтиже бермедi. 1975 жылдың ақпан айында Түркияның бақылап тұрған аумағында Кипрдiң Түрiктiк Федеративтiк Мемлекетi жарияланды. 1974 жылы жер екi моноэтникалық аралға бөлiнген.

Грек-киприоттары аралдың солтүстiгi мен шығысынан кетiп, ал түрiк-киприоттары оңтүстiк пен батыстан қуылды.

Жанжалды таратпау үшiн БҰҰ Кипрде бейбiтшiлiктi сақтау мақсатымен әскери күшiн кiргiздi. «Жасыл сызық» деп аталатын, енi бiрнеше жүз метр болып келетiн тiкенек темiрмен тартылған жолақ екi жақты бөлiп тұр. «Жасыл сызық» БҰҰ-ның бейбiтшiлiктi сақтау күшiнiң бақылауында. Бұл жолақтың бойында тек бiр ғана өту пунктi бар, ол кипрлiк мемлекеттердiң ортақ астанасы Никосияда Ледра Пэлас қонақ үйiнiң қасында. Тек сол жерде ғана аралдың бiр жағынан екiншi жағына өтуге болады.

1983 жылдын сәуiр айында түрiк қауымы қайта құрылған Кипрдiң солтүстiгiндегi Түрiк Республикасының тәуелсiздiгiн жариялады, бүгiнгi танда Түркиядан басқа дүние жүзiнiң еш мемлекетi оны мойындамады.

Территорияның оңтүстiгiнде Кипр мемлекетi құрылды. Аралдың бөлiну мәселесi барлық кипрлiктердi қоғамдағы орнына қарамастан толғандырады. Оңтүстiктегi грек тұрғындар солтүстiкке бара алмайды, солтүстiк-түрiктерге оңтүстiк жаққа кiруге рұқсат жоқ. Кипр мәселесi казiргi таңда әркiмдi ойландыратын өзектi мәселе болып отыр.

Менiң ойымша, осы мәселенi екi жақтың да мүддесiн ойлап, адам құқығын бұзбай, дұрыс шешуге ат салысу керек сияқты. «Үндемеген үйдей пәледен құтылады» дегенмен, жер жүзiндегi осындай «ыстық» нүктелердiң мәселесi жайлы үндемеу жараны жеңiлдетпейдi, жанжал отын одан әрi лаулататын сияқты.

Халықаралық күн

Солтүстiк Кипрдiң ең үлкен халықаралық университетi болып саналатын Шығыс Жерорта теңiз университетiнде (ШЖУ) әлемнiң 67 мемлекетiнен келген 13500 студент оқиды. Студенттердiң оқудағы жетiстiктерiне ғана емес, қоғамдық және рухани өмiрiне аса мән берiп қарайтын университет басшылығы мәдени шараларды оқу жылының бiрiншi күнiнен бастап соңғы сессия аяқталғанға дейiн ұйымдастырып жүзеге асырады.

Олардың бәрi жәй көзбояушылықпен өткiзiлмей, керiсiнше, есте қаларлықтай нағыз мереке болып өтетiнi қайран қалдырады, шiркiн, бiзде неге осылай болмайды екен» деген ой ерiксiз туындайды. Сол мәдени шаралардың iшiнде Халықаралық күннiң орны бөлек, себебi ол студенттерге өзге халықтардың дәстүрiмен, мәдениетiмен танысуға ғана емес, өз елiн де таныту мүмкiндiгiн бередi; мұның бәрi ұлтаралық қатынастың нығаюына өте көп септiгiн тигiзедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерорта теңіз алқабы: физикалық-географиялық сипат және Пиреней, Апеннин, Балқан түбектерінің климаты
Ұлы географиялық ашылымдар: себептері, Үндістанға теңіз жолдарының ашылуы және тарихи салдарлары
Шығыс Қазақстан топонимиясының физикалық-географиялық және тарихи негіздері
Чжэн Хэнің жеті теңіз саяхаты: Мин дәуіріндегі географиялық ашулар мен халықаралық ықпалы
Халықаралық теңіз құқығы: негізгі қағидалар мен теңіз кеңістіктерінің құқықтық мәртебесі
Гильом де Рубруктың Қарақорым мен Шығыс елдеріне саяхаты: тарихи-географиялық талдау
Халықаралық теңіз құқығы: ұғымы, дамуы және теңіз кеңістіктерінің құқықтық мәртебесі
Ұлыбританияның халықаралық туризмі: экономикалық-географиялық жағдайы және туристік инфрақұрылымның рөлі
Халықаралық теңіз құқығы: теңіз кеңістіктерінің құқықтық жіктелуі мен режимдері
Шығыс Азияның географиялық, демографиялық және экономикалық сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz