Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 4

1 ҚАЗАҚСТАНДА КРИМИНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ
1.1 Криминология ғылымының пәні, мақсаты және әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Қазақстан криминология ғылымының даму тарихы және оның заң ғылымдарындағы орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Қылмыс және қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы ... ... ... ...20

2 ҚАЗАҚСТАН ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЛМЫС ПЕН ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРДЕЛЕУ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ОЙ.ПІКІРЛЕРІ
2.1 Қылмыстың алдын алу түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.2 Қылмыстың алдын алу оның түрлері және оны зерделеу ... ... ... ... ... ... ... .25
2.2.1 Қылмыстың алдын алу жүйесі мен оның обьектісі мен субьектісі жайлы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
2.2.2 Қылмыстың болу себептері мен жағдайларын зерделеу ... ... ... ... ... ... ... .37
2.2.3 Қылмыскердің жеке басын зерделеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
2.3 Қылмыс пен қылмыстылықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру мен жүзеге асырудың Қазақстан ғалымдарының ғылыми еңбектері мен
ой.тұжырымдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 70
Зерттеу тақырыбың өзектілігі. Қылмыс құбылыс ретінде әр түрлі бағыттағы мамандарды ғана емес, барлық адамдарды да қызықтыратын. Адамзат әрқашанда қылмыс алдындағы қорқыныш пен өмір сүріп келеді және өмір сүруде. Ғалымдар қылмысты зерттеуге мән бермейді деп айтуға болмайды. Қылмыс не нәрсе, қылмыскер деген кім деген ойларды ежелгі уақытта философтардың, тарихшылардың, құқықтанушылардың еңбектерінен табуға болады.
Қылмыстылық әлеуметтік теріс мазмұнға ие бола отырып, әлеуметтік, экономикалық және қоғамның басқа да салаларына реформа жасауға өзінің теріс әсерін беретін факторлар жүйесіне тығыз орналасты. Криминогендік прцесстің нәтижесінде әр бір адамның өміріне қорқыныш қауіп сезімдері орнығып, қоғамдық деңгейде психологиялық әсер тудырды. Дәл осындай жағдайда қылмыстылық пен күресетін мемлекеттік органдардың дәрежесіде төмендейтіні шындық. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары байлық екендігі көрсетілген [1].
Сондықтан, мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және оны ашу, қылмыстың алдын алу мәселесін шешу үшін арнайы шаралар қабылдау. Мемлекеттік және ведомствоаралық мекеме осы негативті әлеуметтік – құқықтық құбылыс пен күресу үшін мемлекеттік және ведомствоарал ық бағдарламалар әзірленеді. Аталған шараларды іске асыру, қылмыстылыққа тосқауыл қоюды белсенді роль атқарар еді.
Қылмыс пен қылмыскердің мәселелерін әр бір ғалым өз мамандығынынң шегінде қарастырып, қылмыс туралы, оның себептері жайлы теорияларын жасап жатқан. Уақыт өте келе адамзат қылмысты арнайы құбылыс деп қарап, жеке зерттеу керек деген ойға келді. Бұл мәселемен айналысатын ғалымдар да табылды, кейінен «криминология» атты ғылым пайда болды. Нақты бағыттар қалыптасып, қылмысты толық анықталмаған әдістемелек тұрғыдан қарастыру мақсаты қойылды.
Криминология ғылымының дамуын талдау оның негізін 3 теориялық бағыт: әлеуметтік, биокриминологиялық және аралас бағыттар туралы айтуға мумкіндік береді.
Криминология- гуманистік ғылым, және оның мақсаттары – қылмысты, оны жасаушыларды танып, бұл жағымсыз құбылыстың себептерін анықтау, қоғамның өзі қылмыскерге айналғандармен қарым –қатынас әдістерін жасап шығару.
Криминология негізінен тәжірибелік ғылым және оның мақсаттары- қылмысты, оны жасаушыларды танып, бұл жағымсыз құбылыстың себептерін анықтау, қоғамның өзі қылмыскерлерге айналдырғандармен қарым- қатынас әдістерін жасап шығару.
1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995жыл 30 тамыз.
2 Рогов. И.И. Алауханов.Е.О. Криминология «Казыгурт», баспасы 2006.
3 Алауханов.Е.О. Криминология. Алматы, 2005.
4 Каиржанов Е. И. Криминология. Алматы, 1995.
5 Алауханов. Е. О. Криминологические проблемы борьбы с корыстно насильственными преступлениями. Алматы, 2002.
6 Алауханов.Е.О. Криминология. Алматы: Жеті жарғы, 2000.
7 Булатов С.Я Криминология курсы, Алматы 1990.
8 Каиржанов Е.И. Причность в криминология. Алматы, 2000.
9 Каиржанов Е.И. Избранные труды «Экономика баспасы», Алматы, 2008
10 Рогов. И.И. Алауханов.Е.О. Криминология: «Казыгурт» баспасы 2006.
12 Алауханов Е.О. Криминологические проблемы борьбы с корыстно-насильственными преступлениями: Алматы, 2002.
13 Жадбаев С.Х. Криминология: Краткии курс, 2002.
14 Миндагулов.А.Х. Личность преступника. Алматы, 2003.
15 Жумагали А. Криминология. Жалпы бөлім. Дәрістер. Алматы, «Lem» баспасы, 2003.
16 Джекебаев У.С. Преступность как криминологическая проблема. Алма-Ата, 1974.
17 Каиржанов Е.И. Понятие, структура и виды профилактики: Караганда, 1986.
18 Жунусов Б.Ж. Проблемы уголовно-правовой политики. Алматы, 1993.
19 Себепке мынадай әмбебап анықтама беруге талпыныс болған: «Кез келген қоғамдағы қылмыскерліктің ортақ себебі — объективтік әлеуметтік қайшылықтар». Криминология / В.Н.Кудрявцевтің, В.Е.Эминовтың редакциясында. 1995.
20 Миндагулов А.К., Причины преступности. Хабаровск, 1988.
21 Агыбаев А.Н. Уголовная ответственность за должностные злоупотребления в РК. Аламаты, 1995.
22 Жумагали А. Криминология. Жалпы бөлім. Дәрістер. Алматы, «Lem» баспасы, 2003.
23 / Революция права. 1929.
24 Алауханов.Е.О. Криминология. Алматы, 2006.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. 4

1 ҚАЗАҚСТАНДА КРИМИНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ
1.1 Криминология ғылымының пәні, мақсаты және
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Қазақстан криминология ғылымының даму тарихы және оның заң
ғылымдарындағы орны ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 10
1.3 Қылмыс және қылмыстылықтың криминологиялық
сипаттамасы ... ... ... ...20

2 ҚАЗАҚСТАН ҒАЛЫМДАРЫНЫҢ ҚЫЛМЫС ПЕН ҚЫЛМЫСТЫЛЫҚТЫ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ
ЗЕРДЕЛЕУ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ОЙ-ПІКІРЛЕРІ
2.1 Қылмыстың алдын алу
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ..23
2.2 Қылмыстың алдын алу оның түрлері және оны
зерделеу ... ... ... ... ... ... ... ..25
2.2.1 Қылмыстың алдын алу жүйесі мен оның обьектісі мен субьектісі
жайлы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.2.2 Қылмыстың болу себептері мен жағдайларын
зерделеу ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.2.3 Қылмыскердің жеке басын
зерделеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
2.3 Қылмыс пен қылмыстылықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру мен жүзеге
асырудың Қазақстан ғалымдарының ғылыми еңбектері мен
ой-тұжырымдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... 47

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..67

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 70

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбың өзектілігі. Қылмыс құбылыс ретінде әр түрлі
бағыттағы мамандарды ғана емес, барлық адамдарды да қызықтыратын. Адамзат
әрқашанда қылмыс алдындағы қорқыныш пен өмір сүріп келеді және өмір
сүруде. Ғалымдар қылмысты зерттеуге мән бермейді деп айтуға болмайды.
Қылмыс не нәрсе, қылмыскер деген кім деген ойларды ежелгі уақытта
философтардың, тарихшылардың, құқықтанушылардың еңбектерінен табуға
болады.
Қылмыстылық әлеуметтік теріс мазмұнға ие бола отырып, әлеуметтік,
экономикалық және қоғамның басқа да салаларына реформа жасауға өзінің
теріс әсерін беретін факторлар жүйесіне тығыз орналасты. Криминогендік
прцесстің нәтижесінде әр бір адамның өміріне қорқыныш қауіп сезімдері
орнығып, қоғамдық деңгейде психологиялық әсер тудырды. Дәл осындай
жағдайда қылмыстылық пен күресетін мемлекеттік органдардың дәрежесіде
төмендейтіні шындық. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабында
адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең жоғары байлық екендігі
көрсетілген [1].
Сондықтан, мемлекеттің ең басты міндеттерінің бірі адам мен
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы тәртіп пен
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстың алдын алу және оны ашу, қылмыстың
алдын алу мәселесін шешу үшін арнайы шаралар қабылдау. Мемлекеттік және
ведомствоаралық мекеме осы негативті әлеуметтік – құқықтық құбылыс пен
күресу үшін мемлекеттік және ведомствоарал ық бағдарламалар әзірленеді.
Аталған шараларды іске асыру, қылмыстылыққа тосқауыл қоюды белсенді роль
атқарар еді.
Қылмыс пен қылмыскердің мәселелерін әр бір ғалым өз мамандығынынң
шегінде қарастырып, қылмыс туралы, оның себептері жайлы теорияларын жасап
жатқан. Уақыт өте келе адамзат қылмысты арнайы құбылыс деп қарап, жеке
зерттеу керек деген ойға келді. Бұл мәселемен айналысатын ғалымдар да
табылды, кейінен криминология атты ғылым пайда болды. Нақты бағыттар
қалыптасып, қылмысты толық анықталмаған әдістемелек тұрғыдан қарастыру
мақсаты қойылды.
Криминология ғылымының дамуын талдау оның негізін 3 теориялық бағыт:
әлеуметтік, биокриминологиялық және аралас бағыттар туралы айтуға
мумкіндік береді.
Криминология- гуманистік ғылым, және оның мақсаттары – қылмысты,
оны жасаушыларды танып, бұл жағымсыз құбылыстың себептерін анықтау,
қоғамның өзі қылмыскерге айналғандармен қарым –қатынас әдістерін жасап
шығару.
Криминология негізінен тәжірибелік ғылым және оның мақсаттары-
қылмысты, оны жасаушыларды танып, бұл жағымсыз құбылыстың себептерін
анықтау, қоғамның өзі қылмыскерлерге айналдырғандармен қарым- қатынас
әдістерін жасап шығару.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қылмыстардың алдын алудағы
криминологтардың қосқан үлесі. Қылмыстың алдын алуды жан-жақты қарастыру.
Криминология ғылымымен байланыстырып Қазақстан ғалымдарының еңбектерін
зерттеу.
Осы жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы криминология
ғылымының негізгі бағытарының мазмұнын теориялық қайар көздердің кешенді
анализін жасау. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін келесі міндеттер
қойылды. Қазақстандағы криминологиялық ойлардың даму проццесін зерделеу.
Қазіргі кездегі қылмыстылықтың себептері мен жағдайларын
меңгеру.қылмыстылықтың алдын алудың концептуалды негіздерін анықтау.
Криминология негізінен тәжірибелік ғылым. Криминология адамдарға
қылмыстылық статистиканы дұрыс оқуға, оқып шыққан соң тәжірибелік
қорытындылар, яғни, қай жерде экономикалық сипатта іс-әрекет жасау
керектігін т.б. үйретеді.
Қазақстан Республикасындағы қылмыс себептерінің жекелеген теорияларын
зерттеген: Н.И.Абдиров (Нашаға қытысты қылмыс), А.Н. Ағыбаев (Қызметтегі
қылмыс), Е.О.Алауханов қарақшылық пен зорлау- зомбылық қылмыстың алдын
алу). З.О.Ашитов (әскери қылмыс), Б.С.Бейсенов (вондық қылмыс)
К.А.Бегалиев және М.С. Нарықбаев (кәмелетке томағандардың қылмыс),
И.Ш.Борчашвили (эконимкалық қылмыс), С.Я. Булатов (әллеуметтік ортының
ролі), У.С. Жекебаев (әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктер), Р.Т. Нұртаев
(Абайсызда жасалған қылмыс) И.И.Рогов (экономикалық қылмыс), Г.Р.Рустемова
(Медициналық қылмыс), Д.С. Чукмаитов және Б.Н. Накипов (қылмыстардың
қайталануы, пенитенциарлы және ұйымдасқан қылмыс.
Осы тақырыптың өзектілігі мен маңызы практикалық қажеттіліктер
туындайтын құқықтық реформалардың қылмыстың алдын алуда терең өзгерістерді
болжайды.
Осы тақырыптың тағы бір маңыздылығы криминологиялық зерттеулер
түріндегі қылмысты алдын алу жүйесін кешеді ғылыми тұрғыда зерттеу
қажеттілігімен көрінеді. Бұл қажеттілік қазіргі қоғамға тән мінез құлық
болып табылады. Қылмыстылық тірі қоғам сияқты әр кезде өзгеріп тұратын
құбылыс. Бұл елеулі өзгерістер тек қана қылмыстылықты ғана емес
криминология пәніне де әсерін тигізеді. Сонымен бірге себептілік
мәселелеріне және әлеуметтік бақылауға жаңаша көзқараспен қарау
қажеттілігін туындатады. Қазіргі кезде криминологияның дамуын зерттеу
өзекті мәселе болып табылады. Бұл мәселелердің шешімі ғалымдардың үлкен
тобының біріңғай күштерімен шешуге болады.

1 ҚАЗАҚСТАНДА КРИМИНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ

1. Криминология ғылымының пәні, мақсаты және әдістемесі.

Криминология дегеніміз қылмыскерлік жайындағы ілім: Сrіmеn - қылмыс,
1оgоs - ілім. Бірақ криминология ғылымының нақты мазмұны едәуір күрделі
әрі көп аспектілі. Ол жекелеген қылмыстардын ғана емес, жаппай қылмыстық
әрекет ретіндегі қылмыскерліктің де зандылығын зерттейді, адам неге кылмыс
жасайды? Өз проблемаларын шешу үшін көптеген адамдар неге қылмыс жолына
түседі? Ондайға жол бермеу үшін не істеу керек?- деген сұрақтарға жауап
береді.
Кез келген басқа ғылым сияқты криминология да заңдылықты зерттейді.
Криминологияның айрықша пәні- заңдылықтар: а) қылмыскерліктің барлық
көріністері; ә) қылмыскерліктің детерминациялары мен себептілігі; б)
қылмыскерліктің әртүрлі ықпалға ұшырайтындығы.
Қылмыскерліктің әр турлі көрініс табуы мыналарды қамтиды: қылмыс
немесе жеке қылмыстық әрекет; қылмыскерліктің әр турлі негіздер бойынша
бөлініп алынатын жекелеген түрлері (экономикалық, мемлекеттік, кәмелетке
толмағандардың, әйелдердің және т.б.); мемлекеттің белгілі бір
аймағындағы, мемлекеттегі адамзат қоғамының әр түрлі кезеңіндегі
қылмыскерлік.
Осы айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: қылмыскерлік
адамзат тарихында бұрын болған және қазіргі бар қоғамдардын барлығының да
ажырамас бөлігі.
Құқық бұзушылықтың алдын алу криминология пәніне кірмейтін деп
есептейтін ғалымдар криминология пәнімен алдын алудың пәнін сәйкессіздігін
көрсетеді. Сонымен қатар қылмыстың алдын алу криминологияның теориялық
концепциясына негізделіп оны кеңінен қолданып бірақ ол концепцияға
жатпайтын дығын көрсетеді деп М.С.Нарикбаев айтып өткен.
Ғылыми категория ретінде және қылмыстылықтың алдын алу ұғымы ең
алдымен құқық бұзушылықты тудыратын себептермен жағдайлардың әдістерін
білдіреді деп А.К.Мендагулов ғылыми еңбектерінде көрсеткен [2, 3 б.].
Е.О. Алауханов пікірінше Кримиминология пәні тікелей кримининология
әдістермен тікелей байланысты деп көрсетеді . Ғылыми әдіс ғылымның пәнімен
тікелей байланысты болмаса бірге дамымайды, себебі соңғы біріншінің
ерекшеліктерін анықтайды
Криминология қылмыскерлікті орын мен уақыттың нақты жағдайында
зерттейді. Криминолог қоғамға, адамға, бір жағынан, қылмыскерлік арқылы,
қылмыстық әрекет арқылы қарайды. Тек қылмыскерлік, оның себептері және
онымен курес - криминологияға негізгі керектілер осылар.
Қылмыскерліктен бастау алып ол онын себептерінің, онымен күресті
ұйымдастырудың, оның алдын алудың талдамасына тереңдеген сайын қоғам мен
табиғатта бар басқа да кең әрі күрделі проблемаларға шығады. Философ,
керісінше, қылмыскерлікті көптеген кұбылыстардың бірі ретінде, барлық
басқалардың өзара байланысы, өзара әрекеттестігі контексінде қарайды.
Философтар қылмыскерлікке табиғат пен қоғамның жалпы заңдылықтарын
зерттеуге байланысты талдама жасайды.
Нақты өмірде қылмыскерлік пен басқа келеңсіз әлеуметтік ауытқулар
(алкоголизм, маскүнемдік, наркомания, көлеңкелі экономия және т.б.)
арасындағы шекараны дәл анықтау қиын. Оларды оқшаулап қарау салыстырмалы,
жасанды болып шығады.
Қолданыстағы заң қылмыскерліктің шекарасын көрсетеді, бірақ
криминологиялық зерттеулердің шекарасы одан біршама кең. Қоғам мен заң
өзгергенде қылмыс және қылмыс емес деген ұғымдар да өзгереді. Криминолог
белгілі бір іс-әрекеттерді криминалға жатқызу (оларды заң бойынша қылмыс
деп тану) және криминалға жатқызбау (тиісті іс-әрекеттерді заң бойынша
қылмыстар қатарынан, яғни қылмыстық жазаланатындар қатарынан алып тастау)
туралы мәселеге өз үлесін қосады.
Қылмыс жасайтын адамдарды зерттей келе криминологтер мынаны байқады:
ұдайы құбылып отыратын жағдайда олардың қоғамға кауіпті әрекеттері өз
нысанын өзгертеді екен, ал бұл нысанның өзгеруінен сол әрекет өзінің
қоғамға қауіптілік сипатын жоғалтудың орнына, кейде бұрынғыдан да бетер
кауіпті болады екен.
Мұндай жағдайда қылмыстық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу
керек. Заңның криминологиялық келісімділігін, оның коғамға аса қауіптілік
келтіретін жаңа шындыққа сәйкестігін осы криминологтар қамтамасыз етеді.
Қылмыстық құқық саласындағы мамандарда құбылмалы кезде қоғамға қауіпті
әрекет нысанының өзгеретіндігі жайында толықтай деректер болмайды.
Сонымен криминолог қылмыскерлік пен келеңсіз әлеуметтік ауытқулардың
өзге нысандарының өзара байланысындағы, олардың қоғамга қауіпті әрекетке
айналуындағы заңдылықты зерттейді.
Қылмыскерлік детерминациясы және себептілігі - бұл, жалпы алғанда,
қылмыскерліктің қоғамда туындау процесі (әлеуметтік детерминация) және сол
процесті тудыратындарды, себептік байланыстарды беліп алу (себептілік).
Қылмыскерлік детерминациясымен себептілігі, жалпы, қоғамдағы
мемлекеттегі, аймақтағы қылмыскерліктің, белгілі бір әлеуметті топ
өкілдерінің қылмыскерлігінің, қылмыскерліктің кейбір түрлерінін, жеке
әрекеттің қандай да бір кезеңде дамуын зерттейді.
Бұл ретте тек қоғамның қылмыскерлікке ғана емес, сонымен қатар
қылмыскерліктің қоғам өмірінің әр түрлі жақтарына ықпал ету процесі де
талданады.
Қылмыскерлікпен күрес - күрделі, көп аспектілі қызмет, ол
қылмыскерліктің өзіне және оның себептеріне, жағдайға ықпал етуді камтиды.
Бұл қызмет қылмыскерлікпен күресті жалпы ұйымдастыруды да, қылмыскерліктің
алдын алуды да, кұқық қорғау қызметін де қамтиды. Егер алғашқы екі мәселе,
негізінен, криминологтердің назарын аударатын басты объектілер болып
келсе, ал кұқық корғау қызметі — оның жүйелілігін қамтамасыз ету және
криминологиялық келісім тұрғысынан алынады. Құқық қорғау қызметінің кейбір
бағыттарын қылмыстық процесс, жедел-іздестіру қызметі бойынша мамандар
және басқалар анықтайды.
Криминолог-жан-жақты экономикалық, саяси, әлеуметтік, кұқықтық және
басқа да ұсыныстар бере алатын әмбебап маман емес. Қоғам өмірінің
экономикалық, саяси және басқа да салалардың құқықтың әр түрлі
салаларындағы мәселелерді тереңірек талдаған сайын ол алғашында басқа
мамандармен ынтымақтастықта болады, кейіннен эстафета таяғын олардың
қолына ұстатады, содан кейін барып олар қылмыскерлікті тудыратын себептер
мен жағдайларды жоюдың нақты жолдарын анықтайды.
Бұл ретте криминологте оның өзіне ғана тән зерттеу саласы болады:
тікелей қылмыскерлік туындайтын әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен
процестердегі (әлеуметтік, саяси және басқа) өзара байланыстылықты бөліп
алу.
Сонымен қатар криминолог қылмыскерлікті азайтуға ықпалын тигізетін
құбылыстарды назарға алады - ол тек криминогендік қана емес
(қылмыскерлікті туындататын), сонымен катар антикриминогендік (туындауға
тосқауыл болатын) мән-жайларға да баса кеніл аударады.
Оның антикриминогендік процестер жайындағы ақпараты қылмыскерлікпен
күресте батымды шара кабылдауға комектеседі.
Сонымен, біріншіден, криминология өмірдегі барлық жағдайға жан-жақты
ұсыныс беретін әмбебап ғылым емес, екіншіден, қылмыскерлікпен күрес
проблемасын орын мен уақыттың нақты жағдайларында шеше отырып ол өз
бағытын ұстанады.
Криминологиялық тұжырымдар әлеуметтік қайта өзгеру процесінде
қолданысқа алынады, солай болуға тиіс те, бірақ криминолог пен
революционерді, криминолог пен билік басындағылардың жауын ажырата білу
керек.
Криминолог іс жүзінде әрқашан қоғамға оның денесіндегі сыздауықты,
әлеуметтік басқарудағы қателіктерді көрсететін сыншы рөлін атқарады,
себебі қылмыскерлік оң жетістіктерден, жақсы өмірден туындамайды. Ал, оның
ұсынысы болмаса қылмыскерліктің тасасында тұрған, кейде коғамға
қылмыскерлік арқылы қарағанда ғана көрінетін теріс құбылыстардан арылу
мүмкін емес.
Криминологиялық құбылыстарды ескеру - қоғамдық қатынастарды кұрбансыз
және астан-кестен төңкеріссіз, ғылымға сүйеніп қайта күру жолындағы
маңызды қадам.
Әлеуметтік жетістіктерді емес, қателіктерді ғана керсеткені үшін
криминологті айыптау пациенттің келісті түр-түсін, инабаттылығын, жақсы
қасиеттерін сөз етпей, оның ауруы жайында, оны емдеудің жолын айтқан
дәрігерді айыптағанмен бірдей.
КСРО құрамында болған мемлекеттердегі социализмнің ыдырауы
қылмыскерліктің себептеріне, әсіресе, наркобизнес, жезөкшелік, валюталық
операциялармен жасалатын қылмыстардың себептеріне жаңаша көзқарасты талап
етті.
ТМД елдерінде алғашқы Криминологиялық ассоциация 1991 жылы құрылды.
Казақстан Республикасында да Криминологиялық Ассоциация 2000 жылы құрылып,
аталған ұйымның "Кылмыстылыктың алдын алу" (Предупреждение преступности)
журналы 2001 жылдан бастап жылына екі рет жарық көре бастады. Алғашқы
Казақстанның Криминологиялық ассоциациясынын төрағасы болып
заңғылымдарының докторы, профессор И.И.Рогов сайланды.
Криминалогияның ғылым ретіндегі мазмұны - бұл дегеніміз:
қылмыскерлікті, оның өзгерістерін, аймақтық және әлеуметтік-топтық
ерекшеліктерін зерттеу және бағалау; тиісті қылмыскерліктің детерминация
және себептілік процестерін, оның өзгерістері мен айырмашылықтарын зерттеу
және бағалау; қылмыскерлікпен күрес жөнінде, сондай-ақ крминологиялық
зерттеулердің методологиясы мен әдістемесіне қатысты ұсыныстар дайындау.
Криминология пәнінің анықтамасымен салыстырып қарасақ, мұнда,
біріншіден, қылмыскерлікті, оның детерминация және себептілік процестерін,
екіншіден, қылмыскерлікпен күрес жөнінде криминологиялық зерттеулердің
методологиясы әдіснамасы мен әдістемесі бойынша ұсыныс дайындауды көрсету
өзінше жаңалық болып табылады.
Кез келген ғылымның методологиясы мен әдістемесі маңызды рөл атқарады,
себебі олар әрқашанда зерттеу объектісіне байланыстырылады және оның
нәтижелерінің сенімділігін, растығын анықтайды. Зерттеу әдістемелері мен
әдістерінің өзіндік ерекшеліктері осы әдістерді игерген мамандардың,
сондай-ақ арнаулы зерттеу мекемелерін ұйымдастырудың қажет екендігін талап
етеді.
Криминология бойынша 60 жылдары шыққан алғашқы оқулықтарда оның пәні
мен мазмұнын қарастырғанда қылмыскердің жеке басы сөз болмайды.
"Қылмыскердің тұлғасын жалпы анықтаудан теория жүзінде бас тарту дегеніміз
жеке дараны әлеуметтік айналдырудан бас тарту деген сөз, ол ойлап
қарасаңыз криминологиялық теорияны әдістемелік негізден айырады"- деп У.С.
Жекебаев дұрыс айтқан болатын [3, 43 б.].
Кейін қылмыскерлікпен, оның себептері мен, қылмыскерліктің алдын алу
шараларымен қатар ол жайында сөз қозғала бастады. Ондағы мақсат-
криминологтердің оған өзінше бөлек назар аударуы керек екендігін, қоғамдық
қатынастарды зерттеу қылмыскердің жеке басын зерттеуді алмастыра
алмайтындығын, ал қылмыскерлікке және оның себептеріне ықпал ету- адамның
өмір салтын сауықтыру және белгілі бір жеке мінез-құлықты түзету екендігін
көрсету еді.
Криминология пәнін, оның мазмұнын анықтаудағы мұндай көзқарас өзін
ақтады, себебі ол, мысалы, қылмыскердің жеке басын криминологиялық
зерттеудін дамуына септігін тигізді. Осы күні зерттеулер нәтижелерінің
маңыздылығы даусыз, енді криминологияның пәні мен мазмұнын анықтауда
қылмыскердің жеке басын қылмыскерліктен бөлек, оның себептері мен алдын
алу шараларынан бөлек сөз етуге болмайды.
Қылмыскердің жеке басын криминология пәнінде бөліп алуды жасандылық
сипаты бар, ол жайында алда сөз болады. Заң білімі криминолгтерге, қажетті
жағдайларда, нақты құқықтық шешім ұсынуға, құқықтық құзыретін ескере
отырып өз ұсыныстарын адресаттаның дәл таңдауға мүмкіндік береді.Қазақстан
криминалистік тән қасиет- қылмыскерлікті шетелдік және халықаралық
зерттеуге қатты ықпал қою. Киминология жөніндегі көптеген еңбектер орыс
тілінде шет мемлекеттерде басылып шығуда.
Қылмыскерліктің әр түрлі ықпалға ұшырау зандылығын талдағанда алдыда
қылмыскерлікпен күрестің неғұрлым тиімді жолдарын іздестіру мақсаты
тұрады.
Криминологиялық мақсаттары үлкен мобилизациялайтын үлкен маңызға ие.
Дәл осы мақсаттар әр түрлі мамандыққа ие ғалымдардың күштерін бір жүйеге
бағыттап қылмыстыққа жетелейтін себептермен факторларына оларды ашу
механизіміне жұмсайды.
Негізгі мақсаттары теорияның деңгейін жоғарлату және қылмыспен
күресі практикасы теорияда да практикада да маңызды мәселе болып отыр.
Қылмыстылықпен күресу ақпаратармен жүз пайызға ие болған жағдай да ғана
біздің мүмкіндігіміз бар екенін С.Х. Жадбаев еңбегінде атап көрсеткен.
Қазақстандық заңгерлері атақты ғалымдары академик С.З.Зиманов пен
С.С.Сартаев көптеген жаңалықтар енгізді. Қазақстан ғылымына, сонымен қатар
криминологиялық ойлардың дамуына ықпал етті. Әлі күнге дайін Практикадан
ғылымға сұраныс ғылымнан практикаға жауаптармен нұсқаулықтар енгізді [4,
56 б.].

1.2. Қазақстан криминология ғылымының даму тарихы және оның заң
ғылымдарындағы орны.

Қылмыстардың себептері, олар үшін жауапкершілік принциптері туралы
көптеген негізге алынатын идеялар адамзат тарихының бастапқы кездерінде-ақ
пайда болған.
Криминология тарихы, өзінше дербес ғылым ретінде 19 ғасырдан басталды,
жаратылыстық ғылыми әдістерді қолдану аясы кеңіді. Олар қоғамдық.
ғылымдарға да ене бастады.
19 ғасырдың 1-жартысында криминологияның дербес ғылым ретінде
қалыптасуына зерттеулердің мына төрт түрі айқын әсерін тигізді: 1)
антропологиялык; 2) статистикалық; 3) әлеуметтік-экономикалық,
социологиялық және т.б., олар арқылы қылмыскерлік факторларына және оларға
ықпал ету тетіктеріне талдау жасалды; 4) әлеуметтік-құкықтық.
Антропологиялық зерттеулердің негізін қалаушы френолог Галль болатын.
Ол қылмыс жасайтын адамдарды үш категорияға бөлді, қылмыскерлерді
биологиялық топтастырудың басын бастады. Кейін туа қылмыскер деген идеяны
бұрынғы түрме дәрігері, сот-медицинасының итальяндық профессоры Цезарь
(немесе Чезаре) Ломброзо тамаша негіздеді. Қылмыскер болып туады - деді
ол өзінің алғашқы еңбегінде. Кейін ол туа қылмыскер болу типтердің біреуі
ғана, ал өсе келе өмір ықпалымен қылмыскер болатын басқалар да бар екенін
мойындады. Ламброзоның бұл жұмысы күшті дау туғызды: бір авторлар оны
қолдады, басқалары оның идеясын қолдамады, өздерінше зерттеулер жүргізді.
19 ғасырдың соңы - 20 ғасырдың басында қылмыстық антропология жөнінде
бірқатар халықаралық конгрестер өтті, оларға қатысқандардың көбісі
Ломброзо теориясын сынады.
Ломброзо болса қылмыскерлерді және қылмыс жасау себептерін зерттеу
ауқымын кеңейтіп, айтысты жалғастырды. Ол өзінің кейінгі жұмыстарында
сыртқы ортаның қылмыскерлікке ықпал ететін әр түрлі факторларына назар
аударды, туа қылмыскер болатындық туралы теориясынан бас тартпаса да
біртіндеп әлеуметтік факторларға көңіл бөле бастады .
Ломброзоның идеясын оның шәкірттері - белгілі итальян ғалымдары
Рафаэль Гарофало мен Энрико Ферри дамытты, олар қылмыскерліктің әлеуметтік
факторларына баса назар аударды. Ферридің пікірінше, антропологиялық
мектептің айрықшылығы сонда, ол органикалық және психикалық келбеттері,
мұралаған және жүре біткен қасиеттері арқылы қылмыскердің жай адамнан
өзгеше екендігін мойындады (раг Des аnогmlitus et psychuiguesа ),
қылмыскерлерді адамзат тұқымының ерекше бір түрі деп санады (иnе сlasse
speciale une variutu de lespuce humaine ). Тиісінше, жазаны, қоғамның осы
адамзат тұқымынын бір түрінен қорғанысы ретінде қарады.
Айтулы криминологиялық жұмыстардың бірі - Қылмыскерліктің
экономикалық факторының авторы Ван-Кан кейіндері былай деп жазды:
Ламброзоның еңбегі сонда, ол криминология саласындағы ойды оятты, жүйе
құрды, тапқыр және батыл гипотеза жасады, ал нәзік талдамалар мен түйінді
тұжырымдарды ол өз шәкірттеріне калдырды.
Мұндай зерттеулерді басқа авторлар да жалғастырды, олардың көмегімен,
біріншіден, қылмысты немесе қылмыстарды зерттеуден статистикалық заңдылығы
бар жаппай әлеуметтік құбылыс болып табылатын қылмыскерлікті зерттеуге
қадам жасалды, екіншіден, қылмыскерлік туралы статистикалық мәліметтердегі
өзгерістер мен қоғамдағы өзгерістер арасындағы өзара байланыс
көрсетілген.
Ал, әлеуметтік-экономикалық, социологиялық зерттеулерді алатын болсақ,
көптеген авторлар (Ферри, Гарофало, Марро, кейінірек Ашшафенбург және
басқалар) қылмыскерліктің әр түрлі әлеуметтік факторлармен статистикалық
байланысын көрсетті.
1844-1845 жылдары жас Фридрих Энгельс Англиядағы жұмысшы табының
жағдайы атты кітап жазды, онда Өз байқауым және шын көздер бойынша
деген тарау бар. Бұл іс жүзінде коғамдық жағдайлардың қылмыскерлікке ықпал
ету факторын ғана емес, ондай ықпалдың тетігін, қылмыскерліктің әлеуметтік
мәнін алғаш рет тереңірек зерттеу болды. Әлеуметтік тәртіпті сыйламау
өзінің ең ақырғы сатысында - қылмыскерлікте айкын көрініс табады.
Жұмысшыны моральдық азғындауға алып келген себептер әдеттегіден гөрі
күштірек, жиналып әрекет ететін болса, онда, Реомюр бойынша 80 градуста су
сұйық күйден газға өтетіні сияқты жұмысшы да қалайда қылмыскерге айналады-
деп жазды Ф.Энгельс. Қылмыскерлік дегеніміз әлеуметтік соғыстын көрініс
табуы, Энгельс айтқандай, әркім өзін ойлайды, өзі үшін басқалардың бәріне
қарсы тұрады, ал өзінің қас жауы болып табылатын сол басқаларға зиян
келтіру керек пе деген мәселені тек өз қамына байланыстырып шешеді.
Қылмыскерлік кестесі керсетіп отырғандай, бұл шайқас жылдан жылға ушығып,
етек алып барады; жауласушы тараптар біртіндеп өліспей беріспейтін екі
лагерге бөліне бастады: мұнда - буржуазия, анда - пролетариат. Бұл
барлығының барлығына қарсы және буржуазиянын пролетариатқа қарсы соғысы
бізді таңдандырмау керек, себебі ол жеке бәсекелестік принципінің
біртіндеп жүзеге асуы болып табылады. Фридрих Энгельс, біріншіден,
адамдар мінез-құлқындағы жалпы келеңсіз әлеуметтік ауытқулардың себептерін
емес, тек қылмыскерліктің себептерін негіздеді; екіншіден, жеке мүдденің,
еркін бәсекелестіктің толық үстемдігі, жеке меншігі жоқ, жалданбалы еңбек
адамдарының мүдделері мен құқықтарын ешбір елемеушілігі орын алып отырған
жағдайдағы қылмыскерлік заңдылығын көрсетті. Осыдан барып қоғамдық және
саяси мекемелерді, коғамның қоғамдық-әлеуметтік қалпын өзгерту
қылмыскерлікпен күрес шараларының ең бастысына айналады
Әлеуметтік-құкықтық зерттеулердің, құқық социологиясының дамуы
қылмыстардың әлеуметтік негізіне, кұкық нормаларының бұзылу себептеріне,
қылмыс үшін жаза колданғанда оларды ескеру қажеттігіне назар аударды,
талап етті. Қылмыстық саясат туралы ілім пайда болды.
Кылмыстардың себептерімен және олардың алдын алу шараларымен
криминалистер айналыса бастады. Жапония профессоры Кан Уэда өз еліндегі
криминологиялық зерттеулердің пайда болуын қылмыстық саясат пен түрме
ісіне жасалған реформамен байланыстырады.
Осының бәрі қылмыскерлік жөніндегі арнаулы зерттеушілердің, оның
заңдылықтары мен себептерін зерттеудің, яғни криминологияның пайда болуына
әкелді.
Бірқатар авторлар криминологияны пәнаралық ғылым деп санайды,
криминалист зангер де, қоғамтанушы да болуы тиіс дейді. Бұл криминалист
үшін мақтанарлық жай. Бұндай көзқарас бірқатар тактикалық мәселелерді
шешерде қиындық тудырады. Мысалы, криминологтерді қай мамандық шеңберінде
дайындау керек? Пәнаралық ғылым деген не? Ол қай пәндер арасында?
Сонымен қатар, пәнаралық зерттеулер мен пәнаралық ғылымды айыра білу
керек. Мұндай зерттеулерге әр түрлі мамандар қатысады, ал маман-криминолог
деген кім, оған не үйрету керек, оны базалық даярлау қандай болуы тиіс?
Бұл мәселелер әр түрлі шешілді және шешіліп келеді. Бұған негізі төрт
көзқарас бар:
1. Криминология - қылмыскерлік социологиясы және зерттеушіні
социологиялық даярлау базалық болуы тиіс. Осыған байланысты бірқатар
мемлекеттерде криминологияны заңгерлер емес, болашақ социологтер өтеді
(АКШ, Ұлыбритания және т.б.).
2. Криминология - заң ғылымы және мамандарды заңдық даярлау базалық
болуы тиіс. Оған мынадай аргументтер келтірілген: қылмыстың шекарасын заң
белгілейді, қылмыскерлікпен оның барлық аспектісінде күресуді заң құқық
бұзушылықтың басқа түрлерімен және өзге де келеңсіз әлеуметтік
ауытқулармен салыстырғанда өте мұқият реттейді.
Ресейде, Батыс Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде криминологияны заң
факультеттерінде өтеді. Тиісінше, криминология, заң мамандықтарының бірі
ретінде қаралады. Бұл ретте, криминолог, басқа маман-заңгерлерге қарағанда
социологияны, әлеуметтік психологияны жақсы білуге тиіс деген ұғым бар.
Басқа сөзбен айтқанда, криминология әлеуметтік-құқықтық ғылым деп
саналады. Шындығына келгенде, юриспруденцияға, әлемге социологиялық кең
көзқараста болу тән. Соңдықтан да болар, болашақ заңгерлер философияны да,
психологияны да, экономиканы да, статистиканы да, сот психиатриясын да,
сот медицинасын да өтуге тиіс. Юриспруденция (Заңнама)жалаң заңдық
догматикалық көзқарастан әлдеқашан өтіп кетті. Әрине, заңгерлерді
мамандаңдыру бар. Ол заңгерлердің философия негізін, психологияны,
статистиканы және т.б. білуімен шектелмейді. Олар криминалдық цикл деп
аталатын пәндерді жақсы игеруі тиіс (қылмыстық құқық, қылмыстық процесс,
сот статистикасы және т.б.).
3. Криминологиялық зерттеулер - бұл бөрінен бұрын, адамның мінез-
кұлқын зерттеу, сондықтан оны маман-психологтер, психиатрлар жүргізуі
тиіс. Бұл клиникалық криминология деп аталатынның өкілдеріне тән. Бірақ
соңғы он жылдықтар практикасында мұндай көзқарас социологиялык,
экономикалық, зандық және басқа танымдар ескеріліп жүзеге асырылатын, яғни
кешенді немесе пән аралық деп саналатын криминологиялық зерттеудің
объектісіне айналды.
4. Криминологиялық зерттеу, бұл - пәнаралық зерттеу. Криминология -
айрықша тұтастық кұрайтын әр түрлі білімдер мен әдістердің жүйесі, сондай-
ақ қылмыскерлікті зерттеуге бағытталған пәнаралық ғылыми-зерттеу
қызметінің айрықша жүйесі -деп санайды С.Я.Булатов.
Мұндай көзқараспен криминологияны кешенді ғылым деп те атауға
болады.
60 жылдары КСРО-да криминология қайта дамығаннан кейін өмірдің өзі
эксперимент қоя бастады. Қылмыскерліктің себептерін зерттеу және олардың
алдын алу шараларын дайындау жөніндегі Бүкілодақтық институттың кадрлары
философия, заң, социология, психология және басқа салалардың мамандарынан
жинақталды. Басқаларына қарағанда заңгерлер криминологиялық зерттеулерді
тез игеріп кетті. Алғашында қиындық көрді, себебі олар криминологияны
жоғары заң оқу орындарыңда оқымаған еді, тек аға буын криминологтермен
қатынаста болды, кітапханаларды пайдаланды, басқа мамандармен
зерттеулерге, жарыс сөзге қатысты. Отандық криминологияның қазіргі
мектебін құрған сол заңгерлереді.
Заң білімі криминологтерге, қажетті жағдайларда, нақты кұқыктық шешім
ұсынуға, адресаттардың құқықтық құзыретін ескере отырып өз ұсыныстарының
адресаттарын дәл тандауға мүмкіндік береді. Криминологтің тергеуші,
прокурор, судья, адвокат болып жинақтаған тәжірибесі де елеулі рөл
атқарады. Бұл қылмыскерлікті де, онымен күрестің жолдарын да нақты
жағдайда көріп-білуге мүмкіңдік береді.
Криминология мен бұл ғылымдардың арақатынасын мемлекет және құқық
теориясы мен басқа заң пәндерінің арақатынасымен салыстыруға болады.
Криминология тарихы оның үнемі гаризонтарлық кеңейуімен ол қарайтын
мәселелер диаспозандардың кеңейуіне куәлік етеді [5,13 б.].
Қазақстан криминология ғылымының қалыптасуы, криминологияның негізін
салушы және де оның дамуына үлкен әсер еткен Сергей Яковлевич Булатов.
Криминология пәні дисциплина пәні ретінде жүргізілсе де, С.Я.Булатов,
өзінің студенттеріне криминологиялық бағыт беру осы пәннің қалыптасуын
және дамуын сезгендігін көрсетті. Уголовная политика әпохи империализма
1933. Военно-уголовное законодательство французкой революции 1789-
1791гг (2000), Каролина (1960). Возрождение Ломброзо в советской
криминологии және тағы сол сияқтылар.Басқа көптеген сол кездегі актуалды
мақалалар ды қоспағанда бірақ бұл еңбектер профессордың өлімінен кейін
ғана жарық көрді.
Ал С.Я.Булатов өзі ғылымға бағытталған өзінің студенттерінің бірі
Баримбек Сарсенович Бейсенов, ол қылмыстылықтың басты себебі ретінде
маскүнемдікті қарастырды. Сонымен қатар бұл салада батыл ұстанымдар
енгізген ғалым болып саналды.
Криминология жөніндегі оқулықтар мен оқу орындарында криминологияның
прокурорлық қадағалаумен, азаматтык құқық және процеспен, басқада құқық
мамандықтарымен, сондай-ақ өзге де қоғамдық ғылымдармен: философиямен,
политологиямен, социологиямен, экономикамен, демографиямен, әлеуметтік
және жалпы психологиямен, статистикамен тығыз байланыста екендігі жайында
айтылған.
Криминологияда сөзсіз практикалық сипат бар екендігін көрсетуге
болады: оның ұсыныстары негізінде қылмыскерлікпен күрестің бағдарламасы
жасалады, заңнамалар өзгереді, қоғамдық қатынастар жетілдіріледі,
қылмыстардың себептері, қылмыскердің жеке басы туралы мәліметтер көрініс
табатын қылмыс-тық іс жүргізу құжаттары, прокурорлық кадағалау актілері
жасалады және т.б. Тергеуші, прокурор, судья, жедел-іздестіру,
контрбарлау, барлау қызметін жүзеге асырушы адамдар, адвокат қылмыстың
себептері мен жағдайларын дұрыс талдай алуға, қылмыскердің жеке басын
дұрыс бағалай білуге, ол себептер мен жағдайларға шара қолдануға міндетті.
Заң консультанттары мен нотариустар криминалдық мәмілеге жол бермеуі
керек.
Сонымен қатар, белгілі бір әлеуметтік құбылыстың заңдылықтарын
зерттейтін криминология адам және қоғам туралы ғылыми ұсыныстар жасауға өз
үлесін қосады.
Қазақстанда криминологиялык зерттеулермен ғылыми мекемелер мен жоғары
заң оқу орындарының қызметкерлері айналысады.
1991 жылы криминологтер Криминологиялық қауымдастық құрды, бұл -
занды тұлға болып табылатын ерікті, өзін-өзі басқаратын қоғамдық
бірлестік. Оның жұмысының негізгі нысандары: семинарлар мен конференциялар
өткізу, арнайы әдебиет шығару, криминологиялык сараптама жүргізу, заң
жобаларын жасауға қатысу, зерттеулер ұйымдастыру, тиісті мамандармен
халықаралық байланыстар орнату.
Методология және әдістеме ұғымы
Меthоdоs грекше тіліен алғанда бірдемеге жол, зерттеу дегенді
білдіреді. Ғылыми айналымда методология, әдістеме, әдіс және
бірқатар сөздер пайдаланылады. Әдіс дегеніміз амал, зерттеу тәсілі.
Әдістеме - зерттеу әдістерінің жиынтығы. Методология - бірдемені ғылыми
зерттеудің жолдары, әдістері туралы ілім.
Кез келген басқа зерттеулер сияқты криминологиялык зерттеулердің
методологиясы зерттеу заты мен объектісіне, зерттеуші алдыға койған
мақсатқа байланысты. Адамды зерттеу әдістемесі елі табиғатты зерттеу
әдістемесімен бірдей бола алмайды, қоғам мен адамды зерттеу әдістемелері
де басқа.
Криминологиялық зерттеулер қылмыскерлікті тудыратын күрделі қоғамдық
процестерді де, қылмысты жасайтын адамдардың мінез-құлқын да қозғайды.
Криминологияның қылмыстық-антропологиялық бағытының өкілдері
антропологиялық медициналық зерттеулер жүргізді. Сонымен қатар, қиын
жағдай криминологиясы (критическая криминология) деп аталатынды жақ-
таушылар қоғамдық қатынастарға социологиялық, политологиялық, экономикалық
және басқадай талдау жасап, қылмыскерді тудыратын қоғам сипаттамасын ғана
талдаса, сол жеткілікті дегенді айтады. Бұл ретте олар қылмыскерліктің
өзіне, қылмыскерлерді зерттеуге назар аудару керек деп санамайды. Бұл
қылмыскерлікті және оның себептерін толық зерттеуге кедергі келтіретін
өзара алшақ пікірлер.
Жалпы криминологиялық таным диалектикалық - материалистік ілімді
пайдалануға негізделеді.
Танымның жалпы ғылыми әдістерін криминологияда қолдану
Криминологиялық зерттеуде танымның мынадай жалпы ғылыми әдістері
пайдаланылады:
1) абстрактіден нақгыға көтерілу;2) жорамал; 3) жүйелік-құрылымдық
талдама (жүйелік амал); 4) тарихи әдіс;5) салыстыру; 6) динамикалық
және статистикалық әдістер.
Абстрактіден нақтыға көтерілу. Танымның бұл әдісі зерттеушінің
теориялық даярлығының белгілі бір деңгейде болуын, жорамал жасауды,
теориялык ұғымдар мен түсініктерді пайдалануды, абстрактілі ойлауды керек
етеді. Бұл ретте екі маңызды кезеңді ескеру керек:
- бұрындары жасалғандармен танысу керек. Қылмыскерлік туралы
үйреншікті түсініктерге ғана сүйенген, бірақ криминология теориясын
игермеген, бұрынғылар алған ғылыми мәліметтермен таныспаған зерттеушілер
ғылыми негізделген ережелер бере алмайды;
- қылмыскерлік құбылысының және оны туындататын процестердің жете
танылмағандығы туралы, ол құбылыстың ұдайы өзгеріп тұратындығы туралы ой
естен шықпау керек. Сондықтан да зерттеу процесінде криминолог ашық жүйе
болуы тиіс және ол жаңа мәліметтерді бұрыннан бар теориялық ұғымдар мен
схемаларға сыйдыруға барлық күшін салып тырыспауы керек.
2.Жорамал. Ол іздестіру бағытын көрсетеді, зерттеуші назарын шындықтың
қандай да бір кездеріне аударады, зерттеуді бір мақсатқа бағыттауға
мүмкіндік береді.
Жорамал, біріншіден, криминологияда белгіленген ғылыми негізделген
ережелермен үйлесімде болуы тиіс, екіншіден, тиісті болжамның дәлелді болу
мүмкіндігімен сипатталуы керек.
Болжамның бәрі бірдей жорамал бола бермейді. Өзін тексеруге
тұрарлықтай болжамды жорамал деп айтуға болады. Жорамалды ұсыну, оны
қалыптастыру бұрыннан бар теориялық және эмпириялық мәліметтерге баға
беруді, оларды зерттеу пәнімен, объектісімен және мақсатымен салыстыруды
қажет етеді. Бұл жұмыс зерттеу бағдарламасын даярлау процесінде
жүргізіледі.
3. Жүйелік амал. Бұл әдіс саны белгілі өзара байланысты элементтерді
қамтитын белгілі бір құрылымы бар белгілі бір күрделі ұйымдасқан жүйе
ретінде зерттелетін объектіні (біздің жағдайда қылмыскерлік пен қоғам)
қарауды көздейді. Қылмыскерлік дегеніміз көптеген жай кылмыстар ғана емес,
олардың жүйесі. Өте жалпы түрде жүйені қандай да бір тұтастық құрайтын
өзара байланысты элементтердің кешені деп ұғыну қалыптасқан.
Криминологияда жүйелік-құрылымдық әдісті қолданудың екі аспектісінің
өзара байланысында маңыздылық бар.
Қылмыскерлікті көптеген өзара байланысты қылмыстар мен оларды жасаған
адамдардың жиынтығы және олардың арасындағы өзара әрекеттестікті табу деп
қарастыру. Бұл ретте қылмыскерліктің құрылымы, әр түрлі элементтердің
сипаттамасы, олардың өзара әрекеттестігі талданады. Екіншіден,
қылмыскерлік неғұрлым ортақ жүйенің - қоғамның шеңберінде зерттеледі.
Қылмыскерліктің қоғамның әр түрлі сипаттамаларымен сыртқы байланыстары
ашылады, оның ішіндегі бастылары, яғни қылмыскерлікті тудыратын себептік
байланыстар бөлініп алынады.
4. Тарихи әдіс. Ол қылмыскерлікті тарихи тұрғыдан, қозғалыста
зерттеуді қамтамасыз етеді. Қылмыскерлікке талдау жасағанда, әдетте,
қылмыскерліктің сипаттамасы мен үрдісін, сондай-ақ оның өзге құбылыстармен
байланысын ашуға мүмкіндік беретіндей ұзақ кезең алынады.
Қылмыскерліктің аймақтық ерекшеліктерін зерттегенде тарихи әдістің
бір түрі ретіңде салыстырмалы-тарихи әдіс алынады. Бұл ретте мыналар
жүзеге асырылады: а) әр түрлі аймақтарда бір кезең аралығында болған бір
типті оқиғаларды,(кәмелетке толмағандардың, жастардың жасаған қылмыстарын
т.б.) салыстыру; ә) әр аймақтардағы бірдей сипаттамаларды әр түрлі кезең
бойынша салыстыру.
5.Салыстырмалы әдіс. Әр мемлекеттердегі, мемлекеттің әр аймақтарындағы
қылмыскерлік, жынысы, жасы және әлеуметтік жағдайы және т.б. әр түрлі
адамдардың қылмыскерлігі салыстырылады [6,79 б.].
Ұқсастық әдісі қолданылғанда кеңістік-уақытқа байланысты
қылмыскерлік сипаттамасының қылмыскерліктің қайталанып тұратын
сипаттамасымен және адамдар өмірінің кайталанып тұратын жағдайымен
ұқсастығы анықталады. Тиісті ұқсастықтар бұл Жағдайлар мен қылмыскерліктің
өзара байланыстарынын фактісі мен тетігін ары қарай зерттеуге негіздеме
болады.
Айырмашылық әдісін пайдаланғанда қылмыскерліктің бір мемлекеттерде,
бір аймақтарда кездесетін, ал басқаларда кездеспейтін сипаттамалары
анықталады. Мұндай материаддар қылмыскерліктің ортаның нақты жағдайларын
себептік байланыста екендігі туралы болжам жасауға да және оны тексеруге
де негіз болады.
6. Динамикалық және статистикалық әдістер криминологиялық зерттеулерде
кеңінен колданылады. Әсіресе, қылмыскерлікте жататын осы жаппай
құбылыстарды зерттеуде бұл статистикалық әдіс кеңінен пайдаланылады.
Динамикалық және статистикалық әдістер әр түрлі білім береді. Динамикалық
заңдылықтар дегеніміз даму зандылығы. Оларды қолдану себептік
байланыстарды анықтауға алып келеді. Мысалы, 20 жыл бойы кәмелетке толмай
қылмыс жасаған 140-тан аса адамның жеке басының сипаттамалары мен
тағдырларына кешенді зерттеу жүргізілді. Зерттеудің бірінші кезеңі - 14-17
жастағыларды қылмыс жасағаннан кейін бірден зерттеу, екінші кезең - 10
жылдан соң, үшінші - тағы 10 жыл өткеннен кейін. Бұл біреулердің қылмысты
қайталағандығы, біреулердің дұрыс жолға түскендігі, ал біреулердің
азғындап кеткендігі қандай мән-жағдайлармен байланысты екендігін анықтауға
мүмкіндік берді.
Жалпы қасиеттерді таба және сипаттай отырып, статистика үлкен сандар
заңының әрекетіне негізделген жалпы статистикалық заңдылықтарды анықтайды.
Олар заңдылықтардың қалыптасуының ішкі тетігін түсіндіреді, себептік
байланыстарды бөлектеп қарамайды.
Статистикалық заңдылықтарды іздестіру құбылыстардың ортақ қасиеттерін
табу және сипаттау жолдарымен жүзеге асырылады. Мысалы, бұрын
рецидивистердің 60 %-ынан 80 %-ына дейіні алғашқы қылмысты кәмелетке
толмаған жаста жасағандығын статистика дәлелдеген болатын. Бірақ бұл
статистикалық заңдылық неге негізделген? Жоғарыда аталған ұзақ уақыттық
зерттеу осы құбылыстың тетігін ашуға мүмкіндік берді.
Зандылықтарды іздестіру әрқашанда статистикалық зерттеулермен
байланысты. Бірақ олардың сипаттарын (себептік, жағдайлар байланысы немесе
өзгедей) табу әдістер кешенін қолдануды талап етеді.
Статистикалық зерттеулерде жинақтап қорытылатын көрсеткіштер
пайдаланылады. Оларға мынадай негізгі талаптар қойылады:
а) зерттелетін жиынтық құрамы жағынан біртекті болуға тиіс. Мысалы,
1997 жылдың 1-қаңтарына дейін және одан кейін тіркелген қылмыстарды
салыстыра салуға болмайды, себебі Казақстан Республикасының жаңа Қылмыстык
кодексі енгізілгеннен кейін заң шығарушы қылмыстар қатарына жатқызатын іс-
әрекеттер шеңбері өзгерді,
Қылмыстық кодекстің көптеген баптарының диспозицияларының
түсініктемесі де өзгеріссіз қалған жок;
ә) зерттелетін жиынтық едәуір кең ауқымды болуы тиіс, ондай болмаса
кездейсоқ ауытқулар нәтижеге ықпал етуі мүмкін жататын осы жаппай
құбылыстарды зерттеуде бұл статистикалық әдіс кеңінен пайдаланылады.
Динамикалық және статистикалық әдістер әр түрлі білім береді. Динамикалық
заңдылықтар дегеніміз даму зандылығы.
Оларды қолдану себептік байланыстарды анықтауға алып келеді. Мысалы,
20 жыл бойы кәмелетке толмай қылмыс жасаған 140-тан аса адамның жеке
басының сипаттамалары мен тағдырларына кешенді зерттеу жүргізілді.
Зерттеудің бірінші кезеңі - 14-17 жастағыларды қылмыс жасағаннан кейін
бірден зерттеу, екінші кезең - 10 жылдан соң, үшінші - тағы 10 жыл
өткеннен кейін.
Бұл біреулердің қылмысты қайталағандығы, біреулердің дұрыс жолға
түскендігі, ал біреулердің азғындап кеткендігі кандай мән жағдайлармен
байланысты екендігін анықтауға мүмкіндік берді.
Социологиялық зерттеулердегі байқауларға қарағанда криминологияда
байқау өрісінің және оның нұсқаларының біршама ерекшеліктері бар. Мысалы,
байқаудын үш негізгі рөлін бөліп алуға болады: 1) байқаушы - қандай да бір
қызметке қатысушы (қызметті және оған қатысушыларды байқап жүреді); 2)
шындығында байқаушы (ол өзін қызметін байқауы тиіс субъектілермен
қатынаста байқаушы ретінде сезінеді); 3) қамтылған байқаушы (жұмысқа
орналасады не өзін бақылаушы ретінде көрсетпей бір жерлерде жүреді,
бақылауы тиіс қызметке қатыспайды, бақылауды сырттай жүргізеді).Қылмыстық
қызметті алатын болсақ, онда қылмыстық топқа, ұйымға кірген криминологті
көзге елестету керек. Бірақ мұндай топқа кіру қылмыс жасауға міндетті
түрде қатысумен байланысты. Заң криминолог-зерттеушіні қылмыстық
жауаптылықтан және жазадан босатуды қарастырмайды.
Зерттеу тиісті іс-әрекетті қылмыс деп танымау үшін де негіз бола
алмайды, мысалы, аса қажеттілік және қажетті қорғаныс жағдайларында. Әлі
қалыптасып жетілмеген жасөспірім өз әке-шешесінің мінез-құлқындағы жақсы-
жаман қасиеттерді тез қабылдап алады. Әсіресе, теріс өнеге тезірек
қабылданады.
Криминологияда бақылау тобы әдісі қоданылады. Кылмыс жасамаған, өзін
тиянақты ұстайтын адамдар зерттеледі. Бұл қылмыскерлер сипаттамасының
басқа адамдар сипаттамасынан айырмашылығын білу үшін жасалады
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы соңғы есепке ондаған ірі-ірі
криминолог ғалымдар мен жарқын- жарқын бағыттар мектептер бар. Бірақ өткен
шақсыз осы шақ жоқ, осы шақсыз келер шақ жоқ екені бізге мәлім.
Қазақстанда криминологиялық зерттеулер тарихи жарты ғасырды қамиты.
Қазақстандағы арнайы-криминологиялық зерттеулердің алғашқы қарлы-
ғаштары 70-ші жылдардың басында КСРО-ның заң ғылымы мен білім бері туралы
белгілі шешіміне байланысты болды.(1968ж)
Қазақстандағы мазмұны жағынан терең арнайы – криминологиялық еңбекке
марқұм профессор Баримбек Сарсенұлы Бейсеновтың кандидаттық дисер-тациясы
жатады. Оның атауы Маскүнемдік пен алкоголоизимге байланысты қылмыстылық
және оның жекетшісі профессор Сергей Яковлевич Булатов еді. Қылмыстың
биологиялық себептері туралы теорияға пікір қосқан.
Профессор С.Я.Булатов 1937 жылы Мәскеуден қудаланылған.Кез келген
жағдайда белгілі бір тарихи уақыттың өтуіне байланысты криминологиялық
тұрғыдан қылмыстылық пен күресу әдістерінің алғашқы ізденістері профессор
С.Я.Булатовтың еңбегінің арқасында жүзеге асырылған [7, 79 б.].
Бірақ сол уақыттың ерекшелігі байланысты ғылымда нормативтік-
догматикалық әдәстің меңгерілуі тән болды.
Сол себепті Кеңестік кезең деп аталатын кезеңіне КСРО-ның құлауына
дейінгі уақытта Қазақстандағы криминологиялық зерттеулер жекелеген
қылмыстар құраымының догматикалық талдаулар арқылы жүргізілген.
Өткен ғасырдың соғында Қазақстан ғылымында әлеуметтік-экономикалық
және саяси жүйелердің түбегейлі өзгерістеріне байланысты алға қарай
танымды қадам жасады.
Нарықтық қатынастарға өту қылмыстылық мәселеге әлеуметтік
криминолоиялық ыңғайларды тудырады.
Басқа сөзбен айтқанда, өткен ғасырдың соңынан, бүгінгі таңға дейін
кері прогрес басталды. Тек әлеуметтік талдаудың негізінде бағдарлама
жасалынды.
Оның үстіне, қылмыстық жауапкершілік пен жазаланудың өзі қылмыстың
алдын –алудың жауапкершілікке жетпегенін көруге болады.
Егер өткен мен бүгінгіні қысқаша еске түсіріп салыстырсақ Қазақстан
криминологияның тарихы ағымды жетістікке жетпегенін көруге болады.
Кез- келген объективті бақылаушыны тақырыбының тек тереңдігі емес,
ауқымлылығы да қызықтырады.
Сонымен, Қазақстандағы экономикалық қылмыстың қылмыс алғаш рет
профессор И.И Роговтың және оның ізбасарларының еңбектерінде қаралды.
СЯ.Булатов 1898 ж Тамбаев облысының Моршанск қаласында мұғалім
отбасында дүниеге келегн. Ата-анасы балаға адалдақ, еңбек сүйгіштік,
азаматтық жауапкершілік секілді құндылықтарды сіңіре білді. Отбасында
тілдерді меңгергеруге ерекше көңіл бөлінді.
С.Я.Булатов Кеңес құқықтық Инситутының ғылыми іс-әрекеттеін дайындау
мақсатында –қоғамдық ғылымдар ғылыми зерттеулер инситутының Ресейлік
ассоциациясында(ҚҒҒЗ ИРИ (РАНИОН)) қалдырылды.
1926 жылы аспирант С.Я.Булатов өзінің ғылыми педогогикалық іс-
әрекеттерін ел үшін қиын күндері бастады. Жаңа типтегі мемлекеттің
құрылымына қатысты қиындықтар кездесті. Бұрынғы буржуазиялық құқықтану
заңгер ғалымдарға елеулі ықпал етті.
Сол күрделі кезеңдегі қылмыстық құқық пен криминологияның күшті ықпалы
байқалмады. Сол себепті Қылмыскер тұлғасы мен құқық қорғау органдарына
айтарлықтай көмек бермеді. Бірақ тұлғаның қауіптілігі туралы теорияның
қателіктерін ресми жариялауға ешкімнің батылы бармады. Мұны С.Я.Булатов
істеуі Ол өзінің өткір сюжетті Совет криминолоиясындағы Ломброзоның
қайта тууы деген мақаласын жариялады [8, 19 б.].
Онда ол криминология ғылымындағы реакциялық ағым күшіне шек қойды.
30-шы жылдары С.Я.Булатовтың ғылыми қызығушылықтары тек қылмыстық
құқық сұрақтарымен ғана шектелмеді. Сонымен қатар ол, еңбек түзету
мәселесімен де теориялық тұрғыдан айналысқан.
С.Я.Булатов ғылыми іс-әрекетінде 2-кезеңді бөліп көрсетеді. Бұл 20-шы
жыл және 30-шы жыл басына жатады. Мұнда өткеннің қателіктерін жеңіп,
криминолист ғалымдар қылмыстық құқық пен крминологиялық негізгі тұрғыдан
өңдей бастады.
Оның 1937 жылы шыққан капиталистік елдердегі түрме жинағындағы
буржуазиялық қылмыстық саясаттағы бас бостандығынан айыру атты
монграфиялық очеркі ғылыми құнды боды.
Екінші дүние жүзілік соғысқа дейін-ақ КСРО-ның әділет халық
полиссариаты С.Я.Булатовты Алматы заң университетіне қылмыстық құқық
кафедраының меңгерушісі етіп жіберді.Алматыда жұмыс істеген уақыт ішінде
ол ұлы қазақ ағартушысы Ш.Уалиханов туралы бірқатар мақалалар жазды.Олар
Ш.Уалиханов мемлекеттік және құқықтық көзқарастары туралы мәселелер,
Сот реформасы туралы жазбалар, Мұрағаттағы материалдары теориялық
тұрғыдан өңдеу және ескерту Ол мақаларды қазақ ғылымы қоғамы керемет
ғылым туралы жаңа сөз ретінде қабылдады.
Оның еңбекқорлығының арқасында Қазақстан заңгер ғалымдардың бір тобы
кандадаттық және докторлық дисертациялар сәтті қорғады. Олар Маркепов В.Н.
Ашитов З.О. Мамутов А.М., Поленов.Т.Ф. Балиев Д.Б., Сыздыков М.Н., Гагарин
Н.С. Каиржанов Е.И және тағы басқа профессорлар. Олар ұлы ұстаздарының
жолын жалғасытушылр болып табылады [9,204 б.].
Каиржанов Е.И заңғылымдарының доктор, прфессор, академик Қазақстан
Республикасының Академигі. Т.Г.Шевченко атындағы Мемлекеттік Киев атындағы
университетті бітірген. Қазақстан Республикасының аль-Фраби жүлдесінің
лауреаты,Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ғылым қайраткері,
Қазақстан Республикасының білі беру үздігі, Қазақстан Республикасының
президентінің жанындағы құқықтық саясат кеңесінің мүшесі. Қазақстан
Республикасының ғылыми ұлттық академиясының қоғамдық ғылымдарының
эксперті.
Оқу ағарту жылында 47 жылдан астам еңбек еткен. 200 ден астам және 21
монографиа, екі кітап екі бөлімнен тұратын (қылмыстық құқық жалпы бөлім,
криминология). Халықаралық құқық шығармашылық, құқық бұзушылықтың алдын
алудағы коституциялық заңнамалар, заң білімдерін алу атты форумдарда
Қазақстан атынан өкілдік етті (Санкт-Петербург, Стамбул,Страсбург,Пекин,
Шанхай, Рим, Турин, Гаванна, Бангкок, Москва, Киев).Онымен 10 доктор
және 49 кандидат дайындалған.
2005 жылы Қазақстанда алғаш рет мемлекеттік тілде Криминология
оқулығы басылымға берілді, оның авторы заң ғылымдарының докторы,
профессор Е.О. Алауханов атап өтетін жайт, криминология ғылымының дамуы
санына емес сапасына да байланысты. Ғылыми криминологиялық зерттеулер
қылмыстылықпен күресу пактикасына жыл сайын жылдамдық енгізіліп жатыр
Қылмыстың алдын–алу шараларының ішінде қылмыстық-құқықтық әрекеттерінің
шараларына өз кезінде төмендегілер жатады.
а) Жалпы алдын алу Мысалы, Қандайда бір орнатылған нұсқауды бір
қылмысты жасаушы үшін жауапкершілікке тартылуы қолданылады;
б) Қандай да бір қылмысты жасағаны үшін айыптының жеке тұлғаның
жауапкершілігі тартылуға және жазалануы.
Қылмыстық құқықтық іс-шараларға шектен тыс, мәжбүрлік, жағымсыз
шаралар жатады.

1.3 Қылмыс және кылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы.

Қылмыскерлік ұғымы, көбіне қылмыстың көптігі туралы, олардың
статистикалық жиынтығы туралы сөз болған жағдайда қолданылады.
Бұл - қылмыскерлік анықтамасын ең қарапайым да түсінікті ыңғайда беру.
Шындығында, қылмыскерлік көптеген қылмыстар арқылы ғана неғұрлым айқын
көрініс табады. Қылмыскерліктің қылмыстың жекелеген түрлерімен
салыстырғандағы ерекшелігі - оның жаппайлығында. Жаппай болған жағдайда
қандай да бір құбылыстың саны статистикалық талдауға келеді, нәтижесінде
белгілі-бір статистикалык зандылық анықталады.
Сондықтан да, қылмыскерлік жайында тек қылмыстардың көптігі деп сөз
болса, назар ол жайындағы мәліметтердің статистикалық талдамасына
аударылады, қылмыскерліктің жайы, кұрылымы, динамикасы зерттеледі.
Қылмыскерлік пен қылмыстардың уакытпен байланысын жалпының жекемен
байланысы деп қабылдай бастады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминологияның даму тарихы мен қалыптасуы
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы жайында
Криминология ғылымының түсінігі, мәні және әдістері
Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттары
Криминологияны ғылым ретінде қарау
Жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары
Криминологияның пәні, түсінігі және жүйесі
Криминология пәнінің түсінігі
Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқы және оның алдын алудың проблемалары
Криминологияның айрықша пәні - заңдылықтар
Пәндер