Қоршаған ортамен таныстыру
І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қоршаған ортамен таныстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
2.2. Заттық ортамен таныстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.3. Ересектердің еңбегімен таныстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.4. Қоғамдық өмір құбылыстарымен таныстыру ... ... ... ... ... ... ... .17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

5 – 6 жастағы балалардың айналамен таныстыру сабағында табиғат көріністері арқылы ақыл – ойын дамыту
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондыктан да бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі болып табылады.
Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты-табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен, жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы тері қатпарларынан түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін, кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат бітіру.
Ежелгі грек аңыздарының бірінде соғысқа аттанушы Марстың жорыққа киетін дулығасына кептер ұя салып, соның себебінен соғысқа бөгет болған сүйкімді құс-ықылым заманнан бері бейбітшілік белгісі болып келген кептердің бірнеше түрінің «пошта кептері», «таласқыш кептер», т.б. суретіне қарай ажырату арқылы дидактикалық жұптау ойындарын ойнату.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиешінің негізгі салалары болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе, айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып, табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты сайыстар ұйымдастырылып экология мәселелері туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген суретте пайдаланылғаны, ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс.

1. Концепция дошкольного воспитания в Казахской ССР. Алма-Ата, 19907.
2. Қазақ балабақшаларында тәрбиелеу, оқыту мазмұнын жаңарту тұжырымдамасы // Қазақстан мұғалімі, 1991.18 қаңтар.
3. Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие тұжырымдамасы. Білім беру министрлігі, 1992.
4. Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жағдайы. Астана, 2005
5. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2008 жыл, ақпан.
6. Правила кредитной системы обучения. (Проект).- Астана, 2003.
7. Сборник инструктивно-организационной документации по внедрению КСО в КазГАСА. Алматы, 2003.
8. Мақашқулова Г. Балалар үйінде тэрбиеленушілердің психикалық ерекшеліктері // Қазақстан мектебі.-2005.- 11/127 52-53 .
9. Қасымбекова Г.К. Мемлекеттік жабық мекеме тәрбиесіндегі балалардың жеке тұлғалық ерекшеліктері /Мәтін/ // «С.Аманжолов оқулықтары» Өскемен, 2005.-3-білім. 343. 3496. – Библиогр: 10 атау.
10. Ауренова М.Д. Балалар үйінде тәрбиеленушілердің психологиялық дамуы // ҚазҰУ хабаршысы. Психология және социология сериясы -Вестн. КазНУ.Сер. психология. - 2004. -№1. -102-105 б.
11. Ерментаева А.Р., Ауренова М.Д. Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің ересектермен қарым-қатынас ерекшеліктері. //Аманжолов С. оқулары
12. Акажанова А.Т. Социально-психологические аспекты деятельности специальных образовательных детских учреждений.// Международная научная конференция, ун-т. «Қайнар», 2007 год, стр. 89-93.
13. Дубинин Н.П., Карпец И.И., Кудрявцев В.Н. Генетика, поведение, ответственность (о природе антиобщественных поступков и путях их предупреждения). - М., 1992
14. Дубровина И.В. Психологическое развитие воспитенников детских домов //И.В.Дубровина, А.Г. Рузской. - М.: Педагогика, 1990

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
І.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Қоршаған ортамен
таныстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2.2. Заттық ортамен
таныстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2.3. Ересектердің еңбегімен
таныстыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 9
2.4. Қоғамдық өмір құбылыстарымен
таныстыру ... ... ... ... ... ... .. ...17
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 5
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...26
Кіріспе
5 – 6 жастағы балалардың айналамен таныстыру сабағында табиғат
көріністері арқылы ақыл – ойын дамыту
Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып, суын ішіп отырған табиғат Ананы
қорғап, аялау барша жұртқа тіршілік қамы, табиғи қажеттілік. Сондыктан да
бүлдіршіндерді айналадағы табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға
үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлыққа
тәрбиелеу қазіргі балабақшадағы тәрбие ісінің өзекті тармақтарының бірі
болып табылады.
Балабақшадағы тәрбиенің мақсаты-табиғатты аялап, оны қамқорлыққа алып
күту, табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып, тірі және өлі
табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Балаларға
жануарлар дүниесіндегі ғажайып құбылыстар, анасынан тірі туылғанмен,
жетілмеген, дәрменсіз, әлжуаз халде болғандықтан енелерінің қарнындағы
тері қатпарларынан түзілген қалтада сүтін еміп, өсіп жетілетін Австралияның
қалталы қасқыры, ағашқа өрмелеп тіршілік ететін қалталы кішкентай аю, тиін,
кенгурудің суретін көрсете отырып әңгімелеу арқылы балалардың қиялына қанат
бітіру.
Ежелгі грек аңыздарының бірінде соғысқа аттанушы Марстың жорыққа
киетін дулығасына кептер ұя салып, соның себебінен соғысқа бөгет болған
сүйкімді құс-ықылым заманнан бері бейбітшілік белгісі болып келген
кептердің бірнеше түрінің пошта кептері, таласқыш кептер, т.б. суретіне
қарай ажырату арқылы дидактикалық жұптау ойындарын ойнату.
Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиешінің негізгі салалары
болып есептелетін адамгершілік, эстетикалық, еңбек тәрбиелерінің желісінде
және халықтық педагогиканың қайнар бұлағын пайдалана отырып жүргізсе,
айналадағы орта, табиғат жайындағы жалпылама ұғымдар нақтыланып, қалыптаса
береді. Экологиялық тәрбие жұмысына орай көрнекіліктерді қолдана отырып,
табиғат бұрышының жабдықталуына байланысты сайыстар ұйымдастырылып экология
мәселелері туралы, жағымды-жағымсыз әрекеттер бейнеленген суретте
пайдаланылғаны, ата-аналар мен тәрбиешілердің бірлескен жұмысының
нәтижесінде табиғат туралы шағын кітапхананы өлі және тірі табиғатпен
жабдықтау арқылы көрме ұйымдастырылғаны дұрыс.
ІІ.Негізгі бөлім.
2.1. Қоршаған ортамен таныстыру.
Қоршаған ортамен таныстыру – мектепке дейінгі ересек жастағы
балалардың психикасының дамуы мен жеке басының қасиеттерін қадыптастырудың
қажетті шарты.
Қоршаған ортамен таныстыру бөлімінің мазмұны ересектер тобындағы
мектепке дейінгі білімнің этномәдени қағидасына сәйкес іске асады. Бала
ерте жастан бастап өз елінің мәдениетінің қайнар көзінен сусындап өсуі
керек.
Бағдарламалық мазмұнды жүзеге асыра отырып, педагог балалардың ой-
өрісін заттар, адамдар және олардың еңбегі, өздері жайлы білімдермен
кеңейтуі керек. Бұл міндеттерді шешу балалардың ақыл-ой қабілеттерін және
тілін дамытады.[1.21-25]
Қоршаған ортаны толыққанды тану балалардың сезімдерін, яғни адамдарға
деген сүйіспеншілік, тілектестік, мейірімділік, адамдардың еңбегін бағалау,
туған жеріне, еліне, оның әдет-ғұрпына және табиғатына сүйіспеншілігін
тәрбиелеумен тығыз байланысты. Қоршаған ортамен таныстыру барысында
балалардың тілі дамиды: олар заттарды танып, олардың қасиеттерін және
атауларын біледі, өз пікірлерін айтуға, сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап
беруге, көргендері туралы айтып беруге үйренеді.
Қоршаған ортамен таныстыру міндеттерін шешуде бақылау жасаудың,
мақсатты серуен және топсаяхат жүргізудің маңызы зор. Олар әсерленуде және
алғашқы білім алуда тиімді құрал болып табылады. Балалар алған білімдер
ойын, жаттығулар, шығармашылық білімдер көмегімен мақсатқа бағытталған
зерттеулер, қарапайым тәжірибелер процесінде бекітіледі, нақтыланады және
жалпыланады.
Қоршаған орта туралы білімдердің маңызды бастауы тәрбиешінің
әңгімесі, суреттер, кітаптар, диафильмдер мен бейнефильмдер болып табылады.
Баланың толыққанды дамуы мен білімдерді меңгеруі кешенді құралдармен
толықтай қамтамасыз етіледі. Балаларды қоршаған ортамен тікелей (бақылау,
топсаяхат, заттар қарау) және жанама (әңгіме, кітаптар, картина,
бейнежазба) таныстыру әдістері үйлесімді болуы керек. Бірақ қоршаған орта
туралы білімнің негізгі көзі – тікелей бақылау, ересектер ұйымдастыратын
және бағыттайтын баланың өзіндік практикалық тәжірибесі.
2.2. Заттық ортамен таныстыру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті процесінде дидактикалық ойындар мен
жаттығуларда, балалармен қарым-қатынас жасау процесінде педагог балалардың
тілін дамыта отырып, заттар туралы нақты білім беруі, сөздік қорын дұрыс
атаулармен молайтуы тиіс.
Бала күнделікті өмірде – үйде, көшеде өзін қоршаған материалдық
мәдениет заттарында еркін бағдарланып, бағалай білуі керек.
Таным процесін ұйымдастыра отырып, балаларға заттардың ерекшеліктерін
ашу, байқампаздылығын дамыту, балаларға қолжетімді қоршаған ақиқат
нысаналарын зерттеу жолын ашып көрсету маңызды.
Заттарды қарай отырып, олардың ерекшеліктерін анықтау үшін, сонымен
қатар бұл заттардың жасалған материалдарының сапасы мен қасиетін анықтау
барысында зерттеу әрекеті (сипау, басып көру, иіскеу, дәмін тату және т.б.)
жүйесін қолдану ұсынылады.
Балаларды түстерді ажыратуға және атауға, заттың негізгі түсін және
оның бөліктерінің түстерін (мысықтың түсі аппақ, ал аяғының басы қара)
анықтай білуге жүйелі түрде жаттықтырған жөн. Сонымен қатар түс қосымша
ақпарат – белгі ретінде (бағдаршам) болатынын, түстің көмегімен заттарға
мерекелілік, көрнекілік беретінін айту керек.
Балаларды түстермен (ашық жасыл, қоңыр қызыл, қызғылт, ашық көк, ашық
сия көк), түс спектрлерінің орналасуымен таныстыру керек. Балаларды
қоршаған заттардың түстерін ажыратуға үйрету, заттарды түстерінің белгілері
бойынша топтастыру іскерліктерін жетілдіру, түстердің белгілерді білдіретін
рөлі туралы түсініктерін анықтау өте маңызды. Балалар барлық негізгі қара,
ақ түстерді (әрқайсысының үш–бес түрін) білуі керек. Дидактикалық ойындар
мен Заттардың түсін анықтаймыз, Шыныаяққа табақты таңда,және т.б.
жаттығулар түрлерін қолдану қажет.
Балаларды уақыт пен кеңістікті бағдарлауға үйретеді. Бала заттардың
өзіне және басқаға қатысты орындарын сөзбен айтып жеткізе білуі керек. Ойын
кезінде, жүру, жүгіру барысында қозғалу бағытын өзгерте отырып, кеңістікте
бағдарлана білуді дамытамыз. Кеңістіктегі орнын түсіну мен қабылдау, оны
сөзбен атауды бекіту үшін түрлі ойындар қолдану керек (Кім қайда тұр?
және т.б.). [2.32-35]
Кеңістікке қатысты бұрын меңгерілген білімдер бекітіледі және оларды
сөзбен анықтау қабілеттерін дамытады, оларды өз әрекеттерінде (алдыңғы
жақта, артқы жақта, жоғарыда, төменде, оң жақта, сол жақта, ортада,
арасында, бүйірден, шетінен, қарама-қарсы, қатар, айналасында, жанында,
қасында, қатарынан) ескереді.
Балалар 5 жасында тәуліктегі уақыттық бөліктерді ажыратуы және оларды
нақты сөздермен атай білулері керек: таңертең, күндіз, кеш, түн; уақыттық
қатынастар және бүгін, кеше, ертең түсінік сөздерді меңгерулері тиіс. Олар
апта ұзақтығын және апта ішіндегі күндердің, жыл мезгілдері мен олардың
негізгі белгілерін, әр жыл мезгіліндегі ай аттарын, бір жылдағы айлардың
бірізділігін білулері керек.
Қоршаған ортамен таныстыру барысында педагог балаларды сабаққа,
ойынға, серуенге жұмсалған уақыттың ұзақтығымен таныстырады. Уақытты
бағдарлауға арналған көптеген арнайы дидактикалық ойындар бар. Оларға Кім
ойыншықтарды жылдам жинайды?, Кім жалаушаны бірінші алып келеді?, Кім
күн (апта, ай) аттарын дұрыс атайды? және т.с.с. ойындар жатады.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мазмұнына балалардың заттар (қағаз,
қатты қағаз, әйнек, металл, резина, тері, мата, пластмасса және т.б.)
жасайтын материалдар, заттар мен материалдарға тән (түстері мен түрлерінің,
дәм сапасының әртүрлігі, жұмсақ-қаттылығы, мөлдірлілігі-мөлдір еместігі,
тегістігі-кедір-бұдырлығы, жеңілдігі-ауырлығы және т.б.) қасиеттері туралы
білімдерін кеңейту; заттардың құрылымы және оған материал таңдау олардың
қолданылуына байланысты екендігі жайлы түсініктерін жалпылау енеді.
Балаларды қоршаған ортадағы заттар мен бұйымдар жасалған
материалдардың қасиеттерін анықтауға және атауға жаттықтыру қажет. Балалар
заттарды салыстыруды, олардың елеулі белгілерін көрсетуді, материалы,
сапасы, қолданылуы бойынша топтастыруды үйренеді.
Балалар зерттеудің түрлі тәсілдерін қолдана отырып (практикалық
әрекеттер: заттарды басып көру, оны бүктеу, тарту, өлшеу және т.б.;
белгілімен салыстыру; байқап көру эксперименті; ересектерге сұрақ қою және
т.б.), анализаторлардың көмегімен заттардың қасиеттерін анықтайды, түсі,
түрі, көлемі бойынша салыстырады, қандай материалдан жасалғанын анықтайды.
Тұрмыста қолданылатын кейбір заттардың материалдарының (ағаш, металл, мата,
қағаз) ерекшеліктерімен балаларды ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті процесінде
таныстыруға болады. Балаларға материалдар мен олардан жасалған заттардың
сапасы мен қасиеттері туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік беретін
зерттеудің түрлі тәсілдерін үйрету; ол баланы қоршаған объектілердің толық
мазмұнды сипаттамасына қажетті сөздікті меңгеруге көмектесу мақсатында
жүргізіледі. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті бір материалдың қасиетімен
таныстыруға (мысалы, қағаз немесе мата) немесе екі материалды (ағаш-металл)
салыстыруға арналған болуы мүмкін. Әрекет, қасиет, материал аталады:
бүгіңдер, бүктеңдер, жыртыңдар, ауыр, қағаз және т.с.с. Балалармен бірге
объектіні зерттеуді ұйымдастыра отырып, баланың жаңа сөз бен оны сезінудің
бірлігіне қол жеткізу керек (атау, қолмен жүргізу). Түрлі тілдік
контекстідегі жаңа сөзді қолдану мүмкіндігі қарастырылады. Мысалы,
Пластинка металдан жасалған. Пластинка қандай?. Менің қолымда қасық бар.
Ол да металдан жасалған. Ағаштан жасалған бұйымдар металға қарағанда жеңіл
болады. Ағаш қандай? Ағаш жеңіл.[3.12-19]
Балаларға материалдарды анықтау барысында анық көрінбейтін және
өзгертуге келмейтін заттар ерекше қиындық туғызады. Бұлар металдан,
шыныдан, пластиктен және т.б. жасалған заттар. Балаларды бұл материалдармен
таныстыру барысында сенсорлық талдауды күшейту және түрлі материалдан
жасалған бірдей заттардың және бірдей материалдан жасалған түрлі заттардың
жасырын қасиеттерін толық анықтауға мүмкіндік туғызатын тану жолдарын
қолдану қажет. Мысалы, педагог балаларды ағаш пен металдан жасалған
заттарды салыстыруға үйретеді. Металдан жасалған заттарға талдау жасау мен
зерттеу балалардың заттардың қаттылығын басып көруіне, қолмен ауырлықты
өлшеуіне, затты соғып, оның дыбысталуына, салқындағанда - суықты, ал
жылығанда жылуды сезінуге бағытталған. Педагог балаларды қоршаған ортада,
күнделікті тіршілікте металдан жасалған заттарды көруге және оларды
дайындау мен қолданудың пайдалылығын көре білуге үйретуі керек. Балаларды
осы заттың материалын анықтауды үйретіп қана қоймай, сонымен қатар оның
қасиеті және сапасымен таныстыру маңызды.
Бала бұл білімді абстракциялауды білгенде, қасиетті нақты заттан
бөліп алғанда, бұл қасиетті салыстыру өлшемі ретінде қолдана отырып, басқа
заттардан танығанда ғана меңгере алады. Сондықтан нақты білімдерді меңгере
отырып, балаларды жаңа сатыға — жалпылауға көшіру қажет. Бұған әр түрлі
материалдардан жасалған бірдей заттардың жиынтығымен және бірдей
материалдардан жасалған әртүрлі заттар жиынтығымен балалардың әрекеттерін
ұйымдастыру септігін тигізеді. Мұндай ойындар мен жаттығулар заттардың
қасиеттері мен сапасының айырмашылығын табуға көмектеседі. Материалдардың
ерекшеліктері заттардан материалдарды бөліп алуға — оның қасиетін
жинақтауға мүмкіндік береді, түрлі заттардың материалын тану, оларды дербес
әрекеттерді саналы түрде таңдай білу қабілеттерін дамытады.
Балаларды заттарды қандай да бір белгілері, функционалдық міндеттері
бойынша салыстыруға, топтастыруға және жіктеуге үйретеді. Мұнда педагог
объектілерді түсі, түрі, ұзындығы, материалы бойынша салыстыруға
бағытталған түрлі тапсырмаларды қарастыруы керек. Балалар жылдың соңына
қарай заттардың ерекше белгілерін (екі зат та қызыл, екі бұйым да
ағаштан жасалған) жетекшілікке ала отырып, жұптастыра білулері керек;
заттарды негізгі белгілері бойынша салыстыру тапсырмаларын қарастырған жөн.
Балалар ойыншықтар, азық-түлік, аяқкиім, киім ыдыс-аяқтар
жалпылау түсініктеріне жататын маңызды белгілерді білулері тиіс.
Объектілерді топтастыру және жіктеу жаттығулары ұйымдастырылған оқу іс-
әрекетінде де, балалардың тілдік және танымдық іс-әрекеттерінде де үнемі
жүргізіледі. (Әңгімелесу тақырыптарының үлгісі: Біздің айналамыздағы
бұйымдар, Ыдыс-аяқ неден жасалады (көйлек, костюм неден тігіледі)?,
Біздің көмекшілеріміз). [4.21-24]
Бұл жаста педагог қоршаған заттар мен құбылыстар туралы кең көлемде
білім береді. Мысалы, қолданылуы әртүрлі ыдыс-аяқтарды көрсетіп, оларды
аударып-төңкеріп қарауды, қақпағын ашып-жауып, қолына ұстап көруді, қай
ыдысты қалай пайдалануға болатындығын (толтыру, құю, бір нәрсені салу),
несімен ыңғайлы екенін ойластыруды ұсынады. Осылайша, заттар туралы
білімдерін кеңейте отырып, нақты, ыңғайлы терминологияны меңгеруге, оларды
заттың қажеттігі мен қолданылуын сипаттауда емін-еркін пайдалануға қол
жеткізеді. Тәрбиеші киім, ойыншық, кітап жасап шығарылудағы сіңірілген
еңбек туралы, әрбір заттың қолданылуы және оларды орынды пайдалану жайлы
түсіндіреді. Сондықтан дайын кеңестер беруге асықпай, балаларды алған
білімдер негізінде алға қойған тапсырмаларды шешу тәсілдерін іздеуге,
өздігінен шешім қабылдауға, ақыл-ой әрекеттерін белсендіруге, сұрақ қоюға,
бақылауды ұйымдастыруға, салыстыруды ұсынуға, ойлануға үйрету.
Кім (не) артық?, Ұқсайды — ұқсамайды түріндегі жаттығуларды жиі
жоспарлау керек. Бұл процесте педагог тәрбиеленушілерді әрекеттердің тиімді
тәсілдеріне үйретеді (барлық заттарды көзбен шолып өтіп, олардың көпшілігін
бір сөзбен қалай айтуға болатынын анықтау, берілген топқа жатпайтын — артық
объектіні ойша жеке бөліп алу). Балаларды ойлануға, талдау жасауға
ынталандыратын Бұл заттық артық екенін қалай таптың?, Тапсырманы орындай
отырып, жұмысты қалай орындағаныңды түсіндір сұрақтарын қолдану керек.
Ересек жастағы балалар белгілі бір білім қорын меңгеріп қана қоймай,
сонымен қатар маңыздыны бөліп көрсету, салыстыру, қорытынды жасау сияқты
ақыл-ой процесінің даму деңгейіне сай болулары керек.
Қоршаған ортамен таныстыру процесінде келесі ойындар топтамасын
қолдануды ұсынамыз:
- заттар мен құбылыстардың негізгі, өзіне тән белгілерін бөліп
көрсете білуді, салыстыруды қалыптастыратын ойындар. Оларды ойын-жұмбақтар
түрінде жүргізеді (Шешуін тап, Дүкен, Радио, Иә — жоқ, Ұқсайды —
ұқсамайды, Бұл қандай құс және т.б.);
- белгілі бір белгілеріне қарай заттарды топтастыру, жалпылау
біліктерін дамытатын ойындар (Үш затты ата, Қажет — қажет емес, Кімге
не керек, Егер..., Аңшы және т.б.);
- балалардан нақты құбылыстарды және нақты емес құбылыстардан ажырата
білуді, алогизмдерді байқауды, дұрыс ой қорытындысын шығаруды, қалжыңды
түсіне білуді талап ететін ойындар (Өтірік әңгімені кім құрастырады?,
Өтірік өлеңді ойдан шығар, Терісқақпайды кім ойлап табады, Болады —
болмайды);
- өзін-өзі ұстай білуге, зейінділікке, аңғарғыштыққа тәрбиелейтін
ойындар (Отбасы, Керісінше, Жаңғырық және т.б.).
2.3. Ересектердің еңбегімен таныстыру
Ересектер тобындағы балаларда балабақшадағы (меңгеруші, тәрбиеші,
тәрбиешінің көмекшісі, аспазшы, аула жинаушы, дәрігер, медбике, жүргізуші),
өнеркәсіп орындарындағы (шахтер, металлург, тігінші, сәнгер, менеджер),
құрылыс саласындағы (әрлеуші-дизайнер, ағаш шебері, балташы),
ауылшаруашылық саласындағы (фермер, тракторшы, комбайншы, бақшашы, қойшы,
мал өсіруші, машинамен сиыр сауу операторы және т.б.) қызметкерлердің
еңбегі туралы білімдерді қалыптастыру жалғастырылады.
Педагогтің маңызды міндеті — балаларды нақты еңбек процесімен (ыдыс-
аяқ жуу, ас дайындау және т.б.) таныстыру, оларға еңбек нәтижесіне жетудің
жолын және адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруын көре білуге көмектесу;
еңбек процесінің компоненттерін (еңбектің мақсаты мен себебі, еңбек
заттары, құрал-саймандар мен жабдықтар, еңбек әрекеттері, нәтиже) көрсету.
Ересектердің еңбегін бақылау еңбек процесінің барлық компоненттерін
ескеру негізінде құрылады. Мысалы, аспазшының еңбегін бақылау кезінде
аспазшыға ас әзірлеу үшін түрлі азық-түлік, машина мен еңбек құралының
керектігі туралы айтуға болады. Белгілі бір мамандық иелерінің іс-
әрекетімен байланыстыра отырып, еңбек процесін жалпылауға болады, Оның
аспазшы (дәрігер) екенін қайдан білдің? сұрағына жауап бере отырып, сәйкес
сөздерді меңгеруге үйрету.
Балалар Таны да, ата, Жұмыста кімге не керек? дидактикалық
ойындарында еңбек құралдары мен еңбек әрекеттерін танып, атауға жаттығады.
Аспазшы, дәрігердің еңбегімен мақсатты таныстыруды топсаяхат кезінде,
әңгімелесу, көркем әдебиет оқу, дидактикалық ойын барысында ұйымдастыруға
болады.
Түрлі мамандық иелерінің еңбегіне бақылау жүргізу кезінде олармен
балалардың қарым-қатынас жасауын ұйымдастыру қажет. Олар өз жұмыстары жайлы
айтып, көрсетулері керек. Педагог әрбір адамның еңбегі қандай пайда
келтіретінін анықтап, түсіндіреді. Еңбекті тікелей бақылауды көркем
шығармаларды оқумен, иллюстрациялық материалдарды қолданумен (сурет,
фотосурет, слайд, бейнефильм) байланыстыру қажет, ол еңбектің балалар көре
алмаған жақтарымен танысуға мүмкіндік береді. Эмоционалдық әсерді күшейту
үшін топсаяхатқа барар алдында балаларға мамандық туралы шағын өлең шумағын
немесе әңгімеден үзінді оқуға, жұмбақ жасыруға болады. Таны да, ата,
Жаңылысқан жерін тап, Сенің үйің және т.б. дидактикалық ойындар кеңінен
қолданылады. Балалар мамандықтың не екенін, көптеген мамандық түрлерін,
еңбек әрекеті деген не екенін түсініп, оларды атай білулері керек. Мамандық
жайлы жүйелі түсініктерді: атауын, жұмыс орнын және еңбек құралын, еңбек
әрекеті және олардың бірізділігін, еңбек нәтижесі мен пайдасын меңгеруі
керек. Сонымен қатар Ересектер кім болып жұмыс істейді, қалай еңбектенеді,
кім біледі?, Жұмыс жасау үшін кімге не керек?, Дымбілмес тігіншінің
еңбегі туралы дұрыс айтты ма?, Ателье, Кім маңыздырақ?, Кім боламын?
және т.б. дидактикалық ойындар түрлерін ойын тапсырмалары ретінде қолдануға
болады.[5.1-19]
Ересектер тобында еңбектің әр түрі туралы нақты түсініктерді жинақтау
негізінде өнеркәсіп орындарындағы адамдардың еңбегімен таныстыру
қарастырылады.
Түрлі мамандықтармен таныстыруды тәрбиеленушілердің ата-аналары жұмыс
жасайтын немесе қаладағы (аудандағы) кеңінен танымал кәсіпорындардан бастау
керек. Өздерінің мамандықтары, машиналары, шығаратын өнімдері, жылдам және
сапалы жұмыс жасаудың қаншалықты маңызды екені туралы айтып беретін аналар
мен әкелерді сабаққа шақыру орынды.
Балаларға түрлі көрнекіліктердің көмегімен жұмысшылардың шахтада,
зауытта, фабрикада жұмыс жасайтындары, көмір шығаратындары, машина, жиһаз,
киім, азық-түлік өнімдерін дайындайтындары туралы түсінік беріледі. Киім
және құрылыс материалдарын дайындайтын адамдардың еңбегімен көбірек
таныстыру ұйымдастырылады. Тігін фабрикасында (ательеде) киім тігу
еңбегімен таныстыруды осы өндіріс (қалай аталады, қалай жұмыс жасайды,
қандай өнімдер шығарады және т.б.) туралы жалпы түсініктен бастап, жұмыстың
негізгі учаскелерін, түрлі мамандық иелері еңбегінің ұжымдық сипатын
көрсету. Балаларға сәнгерлер киімдердің түрлі үлгілерін ойлап табатыны,
пішушілер матаны пішетіні, тігіншілер тігін машинасында киімді тігетіні,
механиктер машиналардың дұрыс жұмыс істеуін байқап жүретіні, үтікші
тігілген бұйымдарды үтіктейтіні туралы айтуға болады. Содан соң дайын
болған бұйымдарды буып-түйіп дүкендерге жөнелтеді немесе тапсырыс
берушілерге жібереді.
Бұдан соң сабақтарда балаларды тігіншінің еңбегімен толық таныстырған
жөн, мысалы, ательедегі немесе жекеменшік шеберханадағы. Тігінші —
мамандықтың аты; тігіншілер фабрикада, ательеде, шеберханада (жұмыс орны)
жұмыс жасайды; олар киім тігеді (жұмыс мақсаты). Жұмыс жасау үшін оларға
жіп, ине, тігін машинасы, қайшы, пішілген мата, түймелер және басқа да
материалдар, еңбек құралдары керек. Тігіншілер мынадай бірізділікпен жұмыс
жасайды: алдымен киімнің бөлшектерін есептейді, содан соң бәрін машинамен
тігеді, дайын болған көйлекке, пальтоға түймелерін қадайды. Тігінші киімді
ұқыпты, әдемі етіп тігуге тырысады. Топсаяхатқа барғанда, суреттер қарау
процесінде, Тігіншінің жұмысына не қажет?, Жейдені тігу үшін не қажет?,
Ателье және т.б. дидактикалық ойын түрлерінде тігіншінің жұмысы туралы
білімдер бекітіліп, қорытылады. Сонымен қатар пішушінің, үтіктеушінің,
тігін машинасы механигінің жұмыстарына көңіл бөлінеді.
Балалармен бірге пішу цехы бейнеленген картинаны қарауға болады. Киім
тігу туралы алған білімдер қорытынды әңгімеде жүйеленіп, жалпыланады.
Сонымен қатар тігін бұйымдарын жасап шығару процесі мен еңбек операциялары
бірізділігін қайта қарап шығу қажет. Әңгімелесудің мақсаты — киім
дайындайтын түрлі мамандық иелеренің еңбектері арасындағы байланысты
түсінулерін тереңдету, олардың еңбегінің әлеуметтік бағыттылығын көрсету.
[6.32-33]
Балалардың алған білімдерін белсендіру, салыстыру, жалпылай білуді
дамыту үшін белгілі бір тақырыппен таныстырудың қорытынды кезеңінде күрделі
тапсырмалар беру керек: ұқсас кәсіпорындардағы адамдардың еңбегін салыстыру
— дайын көйлек ательесі мен киім жөндейтін ателье (шеберхана), дайын көйлек
ательесі мен бас киім ательесі және т.б. Балаларды осындай салыстыруда
ненің жалпы екенін, ал қандай айырмашылығы бар екенін анықтауға және
түсінуге жетелеу.
Білімдерді жеткізу мен меңгерудің белгілі жүйесінде құрылыспен
таныстыру жүргізіледі. Құрылысқа топсаяхат жүргізгенде және кітап оқу,
картиналар қарау процесінде балаларға құрылыс туралы (тұрғын үйлер, кеңсе,
көпір, жолдар), түрлі құрылыс мамандықтары (кранда жұмыс істейтін жұмысшы,
кірпіш қалаушы, әрлеуші-дизайнер, ағаш ұстасы) туралы, еңбектің ұжымдық
сипаты, жұмыс сапасы (үйлер әдемі, биік, ыңғайлы), қоғам үшін құрылысшылар
еңбегінің маңызы туралы жалпы түсінік беріледі.
Қайталанатын топсаяхатта, әңгімелесу барысында балалардың білімдері
нақтыланады, тереңдетіледі. Оларды жақын жердегі құрылыстың объектілерінің
бір-екі кезеңімен таныстырады (іргетасы қаланды, қабырғалары тұрғызылды,
төбесі жабылды, өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және т.б.). Құрылысшылар
еңбегін жеңілдететін және жылдамдататын, құрылыс сапасын жақсартатын
машиналар мен механизмдерді қарайды. Құрылысшылардың еңбегін құрметтеуге
тәрбиелейді.
5-6 жастағы балалар жақын жердегі құрылыстың бір-екі объектілерінің
негізгі кезеңдері (жоба жасайды, құрылыс алаңын таңдайды, материалдар мен
механизмдерді алып келеді, іргетасын қалайды, қабырғаларды тұрғызады,
төбесін жабады, өңдеу жұмыстарын жүргізеді, аула мен көшені көркейтеді),
еңбектің ұжымдық сипаты туралы, құрылыс жұмысын механикаландыру,
құрылысшылар еңбегінің маңызы туралы әңгімелей білулері керек.
Ересектердің еңбегімен таныстыруда халықты азық-түлік өнімдерімен
қамтамасыз ететін, өнеркәсіп үшін шикізат өнімдерін беретін өндірістің
маңызды саласы ретінде ауылшаруашылығы туралы білімдерді бекіту мен кеңейту
үлкен орын алады. Ересектер тобында түрлі ауылшаруашылық қызметкерлері
еңбегінде нәтижеге жетудің өзара байланысы, қала мен ауылдың байланысы
туралы (еңбек нәтижелерімен алмасу, өзара көмек) түсініктерін
қалыптастыруға негізгі көңіл бөлінеді. Бидай, мақта және басқа да мәдени
дақылдарды өсірудегі ауылшаруашылық еңбегінің кезеңдерімен таныстыру
негізгі құрал ретінде болады. Топсаяхатқа шыққанда, кітап оқуда, картиналар
қарауда және басқа да іс-әрекеттерде балалар түрлі мамандық иелері
еңбектерінің мазмұны мен сипаты туралы түсініктері және негізгі
ауылшаруашылық жұмыстарының бірізділігі туралы білімдер жетілдіріледі.
Алғашқы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің негізгі мақсаты (топсаяхат,
кітап оқу, кітап, картина, бейнефильмдер қарау және т.б.) ауыл
шаруашылығындағы еңбек туралы, фермер, мал өсіруші, қой өсіруші, шай
өсіруші және т.б. ауылшаруашылық мамандықтарының негізгі түрлері, олардың
еңбектерінің маңызы туралы жалпы түсініктерін қалыптастыру болып табылады.
Кейінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің мақсаты жергілікті жердегі бір-
екі негізгі ауылшаруашылық мамандықтарымен толық таныстыру болады. Бұл үшін
өнім өндіру жұмыстарының бірізділігін ашып көрсету маңызды. Фермерлер жерді
егін егуге (жерді жыртады, тыңайтқыштар себеді) дайындайды, егістікке тұқым
себеді, піскен астықты жинайды, қоймаға салады.[7.41-46]
Балаларда еңбек процесін және еңбек нәтижесін жалпылау негізінде
мамандықтардың алуан түрлілігі туралы (мұғалім, ұшқыш, жаттықтырушы,
дирижер, эстрада әртісі, құтқарушы, дәрігер, банкир, ит үйретуші, сәнгер,
т.б.); нақты еңбек процесінің құрылымы (мақсат және себеп, материал, құрал-
саймандар, еңбек әрекеттерінің жиынтығы, нәтиже) туралы түсініктерін
қалыптастыру жалғастырылады. Нақты еңбек түрлерімен таныстыру барысында
жергілікті жағдайлар ескеріледі; жақын жерде орналасқан (олардың атаулары,
өнімдері, осы кәсіпорында жұмыс жасайтын адамдар, қала, ел үшін осы
өнімдердің маңыздылығы) 2-3 кәсіпорын туралы түсініктер бекітіледі.
Балалар көптеген мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету мекемелерін, олардың
неге арналғандығын біледі. Олар жақын жердегі мекемелерді сыртқы түріне,
маңдайшадағы жазуға немесе сөрелерге қарап танып, ондағы жұмыс жасайтын
адамдарды еңбегіне қарап, ажырата біледі. Ересектер тобында балалар
мекемелері (балабақша, мектеп, балалар кітапханасы, балалар тетры) туралы
білімдерін жүйелеуге көңіл бөлген орынды. Балаларды мәдени-ағарту
орындарына апару мен қоғамдық жерлерде өзін-өзі ұстау ережелеріне үйрету
маңызды. Балаларды мектеппен және балалар кітапханасымен, олардың сыртқы
түрімен, негізгі бөлмелерімен, мұғалім мен кітапханашының жұмысымен толық
таныстыру қажет. Бірнеше рет, 2-3 мәрте және түрлі мақсатпен осы
мекемелерге барып, мұғалімдермен, кітапханашылармен әңгімелесу қажет.
Балалар оларға мектеп (кітапхана) ойындарын қалай ойнайтындықтары туралы
айтып береді.
Топсаяхат кезінде кітапханада көптеген кітаптар сақталатыны, оларды
ересектер мен балалар алатындығы туралы айту керек. Кітапханашы кітапхана
бөлмелерін көрсетіп, кітаптардың қай жерде және қалай сақталатыны туралы
айтады, балалармен бірге балалар әдебиетінің сөрелерін қарайды. Кітаптар
беру процесіне бақылау жасау, бөлмедегі тыныштыққа, кітап оқып отырған
адамдарға назар аудартқан жақсы. Топсаяхаттың соңында балалармен ақылдаса
отырып, топқа барғанда оқитын кітап алып, оның қайтару уақытын білу керек.
Топсаяхаттан оралған соң балалардың назарын топтағы кітапханаға
аудару керек. Кітаптарды қарап, олардың авторларын, атауларын еске түсіру,
сыртқы кейпіне назар аудару. Жөндеуді қажет ететін кітаптарды таңдап алып,
ретке келтіру, сөрелерге әдемілеп орналастыру. Кітаптарды ұқыптап күтіп
ұстау туралы тағы да әңгімелесу, қолдану ережелерін еске түсіріп, үйдегі
кітаптардың күйін қарап шығуды ұсыну.
Балалардың кітапқа және оқуға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу,
олардың жасалу жолдарымен таныстыру: жазушы өлең немесе әңгіме жазады,
суретші оларға арнап сурет салады, жұмысшылар машинадан басып шығарады,
кітап түптеуші оны түптейді.
Бұл жаста еңбек туралы әңгіменің рөлі зор (Мен ата-анамның еңбегін
мақтан тұтамын, Біздің қаладағы (ауылдағы) адамдардың еңбегі, Жұмыстың
бәрі жасқы — қалағаныңды таңда). Бірқатар әңгімені былай бастауға болады:
Сеніңше жер бетіндегі ең маңызды мамандық қандай?, Кім болғың келеді
және таңдап алған мамандығың неге қызықты, әрі адамдарға қажетті деп
ойлайсың?. Еңбек жайлы әңгімелерде бағдарламада ұсынылған көркем әдебиет
шығармаларын, бейнефильмдерді, Жұмыс істеу үшін кімге не керек?,
Поштада, Ойыншықтарды кім жасайды, Тігін фабрикасы, Алма өсіреміз,
Томат шырынын қалай жасайды?, Құрылыс жұмысына не керек? және т.б.
дидактикалық ойын түрлерін қолдану керек. [8.72-74]
Барлық заттар мен бұйымдар адам қолымен жасалғаны туралы түсініктерін
бекітіп, реттеу керек, өнеркәсіп тауарларының (машина, киім, кітап, нан) 2-
3 түрін өндірудегі еңбектің ерекшелігі мен бірізділігін ашу; адам еңбегін
жеңілдететін, қажетті тауарларды шығару сапасы мен жылдамдығын жақсартатын
ақылды машиналардың рөлін түсіндіру. Балалар тігін фабрикасындағы ұжымдық
еңбек туралы алған білімдеріне қоса материал болған кезде адамдардың жақсы
киім тіге алатынын, жақсы жұмыс істей алатынын білулері керек. Ол үшін
адамдар зығыр, мақта өсіреді, қой өсіріп, олардың жүнін күзейді. Жиналған
зығыр, мақта, жүнді машинаға, поезға, ұшаққа тиеп, арнайы фабрикаларға
апарады, онда олардан жіп, мата жасайды. Содан соң бұл маталарды тігін
фабрикаларына жеткізіп, киім тігеді.
Педагог балаларды еңбек процесін бөлшектеп қабылдауға үйретеді — ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz