Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)



КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1930.1932 жылдары Қазақстанда орын алған ашаршылықтың себептері
2. Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлудің методологиялық.теориялық мәселелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен қатар Отан тарихындағы көптеген өзекті мәселелер жаңаша тұрғыдан қаралып, тереңінен зерделене бастады. Магистрлік жұмыс тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихының теориялық-методологиялық мәселелеріне, төл тарихымызды оқытудың мәселелеріне арналған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекетке айналғанға дейін Отан тарихы КСРО тарихының құрамдас бір бөлшегі, тіпті «қосымшасы» деңгейінде болды. Қазақстан тарихы Мәскеудің империялық, отарлық, миссионерлік, экономикалық саясатын бүркемелейтін идеология шеңберінде маркстік-лениндік методология негізінде таптық көзқарас тұрғысынан зерттелді. Кеңестік Ресей тарихшылары жасаған тұжырымдар мен қорытындыларды, концепцияларды қазақстандық тарихшылар ешқандай талқылаусыз қабылдаған, оларды өз еңбектерінің өзегі мен ғылыми негізіне айналдыруға мәжбүр болды. «Қазақстан тарихының өзекті мәселелері» тек қана Коммунистік партияның Орталық комитеті жүргізіп отырған саясатын мадақтап, насихаттау тұрғысында ғана зерттеу нысанына айналды. Бұл үрдіске қарсылық білдірген тарихшылар қуғынға ұшырады. Қазақ топырағында болған барлық тарихи оқиғалар мен құбылыстар мәдени-рухани процестер ұлы орыстық көзқараста жарияланып түсіндірілді. Қазақ халқы өзінің шынайы тарихынан қол үзіп, дүниені «ұлы орыс» халқының көзімен тануға мәжбүр болды.
Ұлттық тарихты тізгіндеген Коммунистік партия мен Кеңестік Ресей билеушілері осындай идеология негізінде орыстандыру саясатын белсенді түрде жүргізді. Тарих ғылымы дербес пән ретінде емес, Компартияның насихат құралы деңгейінде қалып қойды. Қазақ халқының тарихы тұтастай «ақтаңдақ» беттерге айналды. Ұлт тарихшылары қаншама тырысқанымен коммунистік цензура аясында өз дәрежесінде зерттеу жұмысын жүргізу мүмкін емес еді. Мұны аға буын тарихшы қауым жақсы түсінді.
Елімізде 80 жылдардың аяғына қарай өріс алған жариялылық, демократиялық өзгерістер, әсіресе еліміздің тәуелсіздік алуы тарихқа деген жаппай, бүкілұлттық қызығушылықты тудырды. Бұл заңды құбылыс еді. Өйткені, біздің қоғам бір сапалық деңгейден екінші сапалық деңгейге өтті. Осындай түбегейлі өзгерістерді басынан кешірген елдердің бәрінде де тарихқа деген ерекше қызығушылық болған. Өйткені, түбегейлі өзгеріс болған жерде сананың оянуы болады. Ұлттық сананың оянуының бір көрінісі – оның өзін-өзі тануға деген ұмтылысы. Ал ұлттың –өзін-өзі тануының бір жолы-төл тарихын білу. Сондықтан тәуелсіз ұлтқа өз өткенінен объективті ақпарат бере алатын, танымдық маңызы жоғары тарих қажет. Ондай тарихты зерттеп жазу тәуелсіздік жағдайында Қазақстан тарихы ғылымының тікелей міндеті болды. Ұлттық тарихқа, Отан тарихына байланысты туындаған келелі міндеттерді дұрыс шешу үшін ең алдымен тәуелсіз Қазақстан Республикасында жаңа тарихи сананы қалыптастырудың тұжырымдамасын жасау қажет болды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қозыбаев М. «Ақтаңдақтар ақиқаты» Алматы: Қазақ университеті. 1992ж. 9б
2. Қозыбаев М. «Өркениет және ұлт» Алматы. Сөздік-словарь. 2001ж. 359б
3. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. «Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас» Алматы: Қазақ университеті. Алматы: 2004ж. 21б
4. Алдамжар З. «Тарих: пайым мен тағылым» Алматы: «Арыс» 2002ж.120-125бб
5. Нартбаев Ш. Қазақстанда тәуелсіз тарихи және тарихнамалық ой-пікірлердің қалыптасуы. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты. Алматы, 2004ж. 4-6бб
6. Кентбеков С.К. «Проблемы историографии и основные принципы периодизации истории досоветского Казахстана». Автореферат диссертации канд.истор.наук. Алматы, 1997. 3-8с.
7. Арынов Ж. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғ. басындағы Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлудің методологиялық-теориялық мәселелері. Тар.ғыл.канд. ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертацияның авторефераты. Алматы, 2007. 9-12бб.
8. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі: Қазақстан тарихының дерек көзі. (1870-1917) Алматы, 2000ж. Деректану оқу құралы Алматы, 2007ж.
9. Атабаев Қ. Ұлт және тарих. Алматы: Қазақ энциклопедиясы. 2007.170-171бб.
10. Әбжанов Х.М. Тарихымыз ұлттық нұсқада дәйектелсін. /Қазақ тарихы № 3, 2007. 9-10бб.
11. Құдайбергенов Ә. Отандық тарих дағдарыста. /Қазақ тарихы № 3, 2007. 12б.
12. Салғараұлы Қ. Елдік негіздері. Астана, 2007.25б.
13. Қозыбаев М. Алматы: Ғылым.1998.86б.
14. Мұхамедов М. Сырымбетұлы Б. Тәуелсіздіктің он сегіз жылы. Астана: «Сары-арқа» 2009.145б.
15. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. Алматы: Атабек. 1995.82б.
16. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. Алматы: Санат. 1995.368б.
17. Аманжолова Д. Казахский автономизм в России. История движения Алаш. Москва:Россия молодая.1994.216с.
18. Нурмаганбетова Р.К. Проблемы Алаш и Алашорды в Казахстанской историографии. Автореф.дис.канд.истор.наук.Алматы, 1993,28с.
19. Қойгелдиев М., Омарбеков Т. Тарих тағылымы не дейді? Алматы: Ана тілі, 1993
20. Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. Көмекші оқу құралы. Алматы, 1977.
21. Кан Г.В. Корейцы Казахстана: историографический очерк. Алматы, 1994, 240стр.
22. Алдажұманов К. Насильно в Казахстан. /Депортированные в Казахстане народы: время и судьбы. Алма-Ата, 1998, 428стр
23. Абылхожин Ж.Б. Лагерная экономика. Алма-Ата, 1998, 94-106сс.
24. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ века. Алматы, 1997, 358с.
25. Садыков Г. Жезқазған өнеркәсіп аймағының қалыптасуы және даму тарихы (ХІХ ғ. ортасы –ХХғ.) Тар.ғыл.докторлық диссертациясы. Алматы, 1998, 262б.
26. Шаймұханов Д.А., Шаймұханова Д.С. Караганда, 1997, 175б.
27. Қозыбаев М. Ата тарихы туралы сыр. /Егемен Қазақстан. 1992, 3 қазан.
28. Омарбеков Т., Тарихымызды қалай жазамыз./ Қазақ әдебиеті, 1994, 24 ақпан.
29. Әбжанов Х.Отан тарихын кезеңдерге бөлу мәселесі. /Отан тарихы, 2003, № 1, 45-51бб.
30. Назарбаев Н.Ә.Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде. /Егемен Қазақстан, 1993,9 қазан.
31. Қазақстан Республикасындағы тарихи сана қалыптастырудың тұжырымдамасы. / Егемен Қазақстан, 1995, 30 маусым.
32. Тарих тағылымы. / Егемен Қазақстан, 1996, 25 қыркүйек
33. Қозыбаев М. Тарих сабақтарының тағылымы /Қазақ әдебиеті, 1997, 21 мамыр
34. Садықов Е. Тәуелсіздік тірегі-тарихи таным/ Қазақ тарихы, 2003, №2, 42 б
35. Әбусейітова М. Шығыстану институты және «мәдени мұра» бағдарламасы.
/ Қазақстан тарихы, 2005, №6, 3 б
36. Қасымбаев Ж. Қазақстан тарихын оқыту қағажу қала бере ме?/Қазақ тарихы, 1994.3-6 бб
37. Тәкенов Ә. Қазақ тарихының зары/ Қазақ тарихы, 1996 ж, №1, 5-7 бб
38. Назарбаев Н.Ә. «Мәдени мұра» бағдарламасы/ Егемен Қазақстан, 2003 ж, 29 ақпан.
39. Әбжанов Х. Қазақстан тарихын оқыту мемлекеттік іс деп танылсын /Егемен Қазақстан, 2007, 28 сәуір
40. Тұрлығұл Т. Мектепте Қазақстан тарихын оқыту теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2004, 260 б

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында
(1991-2008 жж)

Кіріспе

Зерттеу жұмысының жалпы сипаттамасы. Қазақстан Республикасының
тәуелсіздік алуымен қатар Отан тарихындағы көптеген өзекті мәселелер
жаңаша тұрғыдан қаралып, тереңінен зерделене бастады. Магистрлік жұмыс
тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихының теориялық-методологиялық
мәселелеріне, төл тарихымызды оқытудың мәселелеріне арналған.
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіз
мемлекетке айналғанға дейін Отан тарихы КСРО тарихының құрамдас бір
бөлшегі, тіпті қосымшасы деңгейінде болды. Қазақстан тарихы Мәскеудің
империялық, отарлық, миссионерлік, экономикалық саясатын бүркемелейтін
идеология шеңберінде маркстік-лениндік методология негізінде таптық
көзқарас тұрғысынан зерттелді. Кеңестік Ресей тарихшылары жасаған
тұжырымдар мен қорытындыларды, концепцияларды қазақстандық тарихшылар
ешқандай талқылаусыз қабылдаған, оларды өз еңбектерінің өзегі мен ғылыми
негізіне айналдыруға мәжбүр болды. Қазақстан тарихының өзекті мәселелері
тек қана Коммунистік партияның Орталық комитеті жүргізіп отырған саясатын
мадақтап, насихаттау тұрғысында ғана зерттеу нысанына айналды. Бұл үрдіске
қарсылық білдірген тарихшылар қуғынға ұшырады. Қазақ топырағында болған
барлық тарихи оқиғалар мен құбылыстар мәдени-рухани процестер ұлы орыстық
көзқараста жарияланып түсіндірілді. Қазақ халқы өзінің шынайы тарихынан
қол үзіп, дүниені ұлы орыс халқының көзімен тануға мәжбүр болды.
Ұлттық тарихты тізгіндеген Коммунистік партия мен Кеңестік Ресей
билеушілері осындай идеология негізінде орыстандыру саясатын белсенді түрде
жүргізді. Тарих ғылымы дербес пән ретінде емес, Компартияның насихат құралы
деңгейінде қалып қойды. Қазақ халқының тарихы тұтастай ақтаңдақ беттерге
айналды. Ұлт тарихшылары қаншама тырысқанымен коммунистік цензура аясында
өз дәрежесінде зерттеу жұмысын жүргізу мүмкін емес еді. Мұны аға буын
тарихшы қауым жақсы түсінді.
Елімізде 80 жылдардың аяғына қарай өріс алған жариялылық,
демократиялық өзгерістер, әсіресе еліміздің тәуелсіздік алуы тарихқа деген
жаппай, бүкілұлттық қызығушылықты тудырды. Бұл заңды құбылыс еді. Өйткені,
біздің қоғам бір сапалық деңгейден екінші сапалық деңгейге өтті. Осындай
түбегейлі өзгерістерді басынан кешірген елдердің бәрінде де тарихқа деген
ерекше қызығушылық болған. Өйткені, түбегейлі өзгеріс болған жерде сананың
оянуы болады. Ұлттық сананың оянуының бір көрінісі – оның өзін-өзі тануға
деген ұмтылысы. Ал ұлттың –өзін-өзі тануының бір жолы-төл тарихын білу.
Сондықтан тәуелсіз ұлтқа өз өткенінен объективті ақпарат бере алатын,
танымдық маңызы жоғары тарих қажет. Ондай тарихты зерттеп жазу тәуелсіздік
жағдайында Қазақстан тарихы ғылымының тікелей міндеті болды. Ұлттық
тарихқа, Отан тарихына байланысты туындаған келелі міндеттерді дұрыс шешу
үшін ең алдымен тәуелсіз Қазақстан Республикасында жаңа тарихи сананы
қалыптастырудың тұжырымдамасын жасау қажет болды.
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы мемлекеттік саясат
жөніндегі ұлттық Кеңестің мәжілісінде бекітілген тұжырымдама 1995 жылдың 30
маусымында жарияланды. Жаңа тұжырымдама бойынша, көне замандардан бергі
Қазақстан тарихының дерек көздеріне жаңа көзқарас қалыптастыру қажеттігі
баса көрсетілді. Жаңа деректерді іздестіру, оларды сұрыптап, талдау
негізінде арғы-бергі тарихымыздың ақтаңдақ беттерін толықтырудың жолдары
мен әдістері айқындалды.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1997 жылды Жалпы
ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп
жариялау туралы Жарлығы еліміздегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтумен
қатар, халықтың тарихи зердесін қалпына келітіруді, тоталитарлық режимнің
халыққа қарсы бағытталған мән-мағынасын ашып, оны айыптауды көздеген имани
мұрат-мақсаты бар қимыл болды.
1998 жыл-Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы Қазақстан тарихының
дамуына зор үлес қосты. Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақтың бүкіл тарихы-
бірігу тарихы, тұтастану тарихы болғандығына айрықша басымдық беруі, өткен
тарихымыздың тағылымын терең зерттеуді, халыққа оның тарихи зердесін
қайтарып беру қажеттігін алға тартты. Ұлттық тарих жылындағы ел тарихын
зерделеудегі айтулы оқиғалардың бірі тарихи-ғылыми тақырыптарды қамтыған
ірі-ірі конференциялардың өтуі болды. Ұлттық Ғылым Академиясының Алматыда
өткен арнайы ғылыми сессиясы Отан тарихының сабақтары және Қазақстан
қоғамының өркендеуі атты тақырыпқа арналды. Бұл жиын Қазақстан Ғылым
Академиясының жарты ғасырлық тарихындағы Отандық тарихқа арналған тұңғыш
сессиясы ретінде тарихқа енді.
Отандық тарихты зерттеу жұмыстарына жаңа серпін беруде, 2004-2006
жылдарға арналған Мәдени мұра мемлекеттік бағдарламасы айрықша орын алды.
Үш жылда елдің мәдени мұрасын зерттеудің тұтас жүйесі жасалып, елеулі
тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру жөнінде тұжырымды
жұмыс жүргізілді. Қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне қатысты
қолжазбалар, кітаптар мен құжаттар жинақталып, баспадан шығарылды. Мәдени
мұра бағдарламасын жүзеге асыру деректану ғылымын дамыту қажеттігін алға
тартты. Өйткені табылған деректерді зерттеп, жүйелеп, зерделеу арқылы ғана
ұлт игілігіне пайдалану тек деректану арқылы ғана жүретіндігі мәлім.
Қазақстан тарихының жастардың тарихи санасын қалыптастырудағы ролін
арттыруда, тарихты оқытудың тәрбиелік-тәлімдік мәнін көтеруге Елбасының
арнайы Жарлығымен бекітілген ҚР азаматтарына патриоттық тәрбие берудің
2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының зор ықпалы болды.
Бүгінгі таңда, қазақстан тәуелсіздік шыңынан орын алып, халық санасы
жаңарған кезеңде жастарға білім беру, соның ішінде тарихты оқыту талаптары
түбегейлі өзгерді. Қазақстан тарихын оқытудағы басты міндет – жас ұрпақтың
санасына ұлттық рух пен патриоттық тәрбиені қалыптастыру. Сондықтан да
тәуелсіз Қазақстанның білім жүйесінде Отан тарихын тереңдете оқыту уақыт
талабы болып тұр.
Сонымен, тәуелсіздік жылдарында ұлттық тарихымызға айрықша назар
аударылғанын көріп отырмыз. Мұндай бетбұрыс Отан тарихындағы көптеген
өзекті мәселелердің тереңінен зерттеліп, жаңаша зерделенуіне мүмкіндіктер
берді.
Тәуелсіздік жылдарында Алаш қозғалысының кейбір өкілдері мен қазақ
мәдениетіндегі қайталанбас дара тұлғалардың шығармашылығы мен олардың
өмірін зерттеуге мүмкіндік туды. Одақ көлемінде ұлт-азаттық қозғалыстар
тарихы жаңа тұрғыда зерделеніп, ұлттық мәдениет тарихы қайта қарастырыла
бастады. ХХ ғасырда Қазақстанда орын алған саяси қуғын-сүргін тарихы жан-
жақты зерттелді. Халық жаулары деген жалған жаламен атылып кеткен ондаған-
жүздеген арыстандарымыздың есімдері халықпен қайта қауышты. Осы кезеңде
Қазақстан тарихының ұлтымызға белгісіз беттері көптеп ашыла бастағанымен
отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері әлі күнге дейін толық зерттеліп
болған жоқ.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның тарих ғылымы бір жағынан жаңа
нысандарды зерттей отырып, қарқынды дамуды басынан кешірсе, екінші жағынан,
теориялық - әдістемелік тұрғыдан дағдарысқа ұшырады. Сондықтан да,
Қазақстан тарихы мен оның өзекті мәселелерінің зерттелу тарихына талдау
жасау аса маңызды мәселе. Сонымен қатар Қазақстандағы тарих ғылымының
өзекті мәселелерін зерттеудің теориялық- методологиялық ұстанымдарын арнайы
қарастырып, қазіргі кәсіби тарихшы қауым үшін көкейтесті болып табылатын
тарих ғылымының болашақтағы даму бағытының негізделетінін ескерсек,
тақырыптың өзектілігі тағы да арта түседі.
Кәсіби тарихшылармен қатар Отан тарихының бұрын-соңды үстірт немесе
бұрмаланып зерттелген түйінін ашу жолында әуесқой тарихшылар да көптеген
пайымдауларын жариялады. Алайда олардың ғылыми деңгейін айқындауға
тарихнамалық талдау жасау арқылы ғана қол жеткізуге болады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Магистрлік диссертацияның
мақсатына Қазақстан тарихы ғылымының тәуелсіздік жылдарындағы теориялық
методологиялық мәселелеріне талдау жасау және осының нәтижесінде Отандық
тарих ғылымының өзекті мәселелері мен негізгі бағыттарын, жетістіктері мен
кемшіліктерін анықтау жатады. Осы мақсаттан барып зерттеудің мынадай
міндеттері туындайды:
– Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін
талдау;
- Қазақстан тарихын жазудағы жаңа бағыттар мен ұстанымдарды
айқындау, олардың ғылым үшін маңыздылығын анықтау;
- Қазақстан тарихының методологиялық мәселелерін зерттеу, осы мәселе
бойынша жаңа ғылыми көзқарастарға талдаулар жасау;
- Тарихи сананы қалыптастырудағы тарих ғылымының әсерін зерделеу,
тарихи танымның негізгі бағыттарын айқындау;
- Қазақстан тарихын жаңаша оқытудың әдістемелік мәселелерін
қарастыру, зерттеу барысында оқытудың білімдік және тәрбиелік
деңгейін көтеру жолдарын анықтау.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны мен пәні. Зерттеу тақырыбында
көрсетілгендей жұмыс мазмұны 1991-2008 жылдар аралығындағы Қазақстан тарихы
ғылымының мәселелері қамтылады. Бұл кезеңде тарих ғылымы едәуір
жетістіктерге жетті, ең бастысы қазақтың кәсіби тарихшылары өз тарихын
ешкімге жалтақтамай, ана тілінде жазуға мүмкіндік алды. Қазақ халқының
тарихының өзекті мәселелеріне арналған ғылыми жұмыстар қолға алынып,
нәтижелі зерттелуде. Сондай-ақ Қазақстан тарихынының методологиялық
мәселелері зерттеліп, тарих- адамның іс әрекеті принципі басшылыққа
алынды. Осыған байланысты 1991-2008 жылдары аралығында жарық көрген
Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне арналған монографиялық және
диссертациялық еңбектерге талдаулар жасалды. Бұлардан басқа осы жылдары
жарық көрген ғылыми мақалалар да сарапталды.
Зерттеу жұмысының теориялық - әдістемелік негіздері. Зерттеу жұмысының
методологиясы өркениеттік бағытқа сәйкес құрылып, тарихи басылымдарда
жарияланған еңбектерді талдауда ғылымға қосқан үлесін айқындауда пікірлер
танытса, ой қорытуда тарихнамадағы тарихилық объективтілік принциптері
қолданылды.
Зерттеуде нақтыланған міндеттерді толық шеше отырып, алға қойған
мақсатқа жету үшін салыстырмалы талдау, жүйелеу, синтездеу, салыстырмалы
тарихи, хронологиялық өзектілік проблемалық сияқты арнайы тарихнамалық
әдістер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалықтары.
-Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихындағы ақтаңдақтарды
қалпына келтіру және халықтық зердені қалыптастыру бағытында атқарған
қызметі алғаш рет арнайы талданды;
- Тәуелсіздік жағдайында Қазақстан тарихы ғылымының өзекті
мәселелеріне арнайы талдау жасалынды, оларды шешудің жолдары айқындалды;
- Қазақстан тарихы ғылымының методологиялық мәселелеріне арнайы талдау
жасалып, оларды шешудің жолдары айқындалды;
- Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан тарихының дербес оқу пәні
ретінде қалыптасуына және оны оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздеріне
талдау жасалынды.
Төмендегідей тұжырымдар ұсынылады:
- Тәуелсіздік жылдары тарих ғылымы саясаттың құрылымынан дербес
ғылымға айналып, тарихи зерттеулерге жаңа теориялық, әдістемелік негіз
қаланды.
- Тарих ғылымы біршама өзгерістерді бастан кешіргенімен түбегейлі
реформалардан тыс қалды. Соның нәтижесінде қазақстандық тарих ғылымы
қазіргі кезде теориялық - әдістемелік тұрғыдағы дағдарыстан шыға алмай
отыр. Оны ұлттық жарияланымдардың материалдары дәйектейді;
- Қазақстан тарихы ғылымының дамуы – тарихи зерттеулердің теориялық-
әдістемелік негіздерінің және деректану ғылымының дамуына тікелей
байланысты. Сонымен қатар, тарихи әдебиеттерде көрсетілгендей, отандық
тарих ғылымын дағдарыстан шығуына негіз беретін барлық алғышарттар
қалыптасқан.
- Кәсіби тарихшылар тарих ғылымының теориялық- тұжырымдамалық және
әдістемелік мәселелеріне назар аударып, Қазақстан тарихын дәуірлеу және
оны әлем тарихының құрамдас бөлігі ретінде қарастыру мәселелері тарихи
әдебиеттегі ғылыми мақалалардан көрініс тапты. Сондықтанда, Қазақстан
тарихын дәуірлеуге қатысты ғылыми тұжырымдар Отан тарихынан берік орын
алуы тиіс;
- Тәуелсіздік жылдардағы Қазақстан тарихы жеке пән ретінде мектепте
және жоғары оқу орындарында оқытыла бастады. Осыған байланысты тарихымызды
оқытудың төл әдебиеттерін қалыптастыру тарих оқулықтары мен көмекші оқу
құралдарының сапасын арттыру өзекті мәселе болып қала бермек.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі.
Магистрлік диссертация Тарих және тарихты оқыту әдістемесі
кафедрасында талқыланды. Диссертацияның негізгі мәселелері мен қағидалары
ғылыми конференцияларда баяндалып, зерттеу тақырыбы бойынша екі ғылыми
мақалалар жарияланды.
Магистрлік диссертацияның негізгі қағидалары мен тұжырымдары
төмендегідей конференцияда баяндалған: Қазіргі таңдағы тарихты оқытудың
өзекті мәселелері атты ғылыми-әдістемелік конференцияда 2009 қараша екі
ғылыми баяндама тыңдалып баспаға ұсынылған. Олар Отандық тарихты оқытудың
методологиялық мәселелері, Тарихты оқытудағы тарихы құжаттардың маңызы.
Зерттеу жұмысының ғылыми және қолданбалық маңызы.
Зерттеу жұмысында қол жеткізген негізгі нәтижелер Отан тарихы
мәселелері бойынша жоғары оқу орындарында арнайы курстар оқығанда,
Қазақстан тарихы, Қазақстан тарихнамасы пәндеріне қосымша оқу
құралдарын жазуға пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Магистрлік диссертация жұмысы Кіріспеден,
екі тараудан, төрт тармақтан, Қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер
тізімінен тұрады.

Негізгі бөлім

Зерттеу жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі негізделіп,
мәселенің зерттелу деңгейі, зерттеудің мақсаты мен міндеттері айқындалып,
негізгі дерек көздері, хронологиялық шегі, жұмыстың ғылыми жаңалығы,
қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдары, методологиялық және әдістемелік
негіздері, ғылыми және қолданыстық маңызы айқындалып, жұмыстың құрылымдық
жоспары берілген.
Магистрлік диссертацияның Тәуелсіздік жағдайындағы Қазақстан тарихы
ғылымының теориялық-методологиялық мәселелері деп аталатын бірінші
тарауының Қазақстан тарихы ғылымының өзекті мәселелері атты бірінші
тармағында Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен қатар Отан
тарихындағы көптеген өзекті мәселелердің жаңаша тұрғыдан қаралып, тәуелсіз
тарихи тұжырымдар қалыптаса бастағандығы зерттеледі. Тәуелсіздік алғаннан
кейін Қазақстан тарихына бүкіл ұлттық қызығушылық артты. Бұл, бір жағынан,
ұлтымыздың өз өткеніне, яғни тарихына деген қызығушылығының артып
отырғандығын көрсетсе, екінші жағынан, сол ұлттың өз тарихының объективті
жазылуына деген талабының артып отырғандығын көрсетеді. Зерттеу жұмысында,
еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі ең маңызды міндет-халқымыздың шынайы
тарихын жазу болғандығы жан-жақты көрсетіледі. Академик М.Қозыбаев:
Тарихты әртүрлі жазуға болады. Фактілерді, ата-баба аттарын тізбектеп
жарапазан қылып хаттауға болады. Әркімнің тайпасын, руын, өңірін мадақтап
та жазуға болады. Жоқ, бізге ондай қолдан жасалған жасанды, қуыршақ
тарихтың керегі жоқ. Біздің ата тарихымызды таразылағанда шындыққа
жүгінеміз, әділдікке мойын ұсынамыз жеке фактілерден оқиға өрбітеміз
оқиғалардан тұтас құбылыстарды көруге талпынамыз, ал құбылыстардан
заңдылықтарды түйіндейміз. Біздің ата тарихымыздың құнды шұрайлы тұсы тарих
тағылымы [13, 88б.] деп тәуелсіз ұлтқа өз өткенінен объективті ақпарат бере
алатын, танымдық маңызы зор тарих қажет екендігін тарихшы қауымға баса
айтқан болатын.
Зертеу жұмысында ұлттық тарихымыздың ақтаңдақтар беттерін зерттеуде,
тарихи зердесін қалпына келтіруде Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарабевтың Жарлығымен, 1997 жылдың Жалпыұлттық татулық пен саяси
қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы - деп, 1998 жылдың Халық бірлігі
мен Ұлттық тарих жылы - деп жариялауының зор ықпалы болғандығы атап
көрсетіледі. Осы жылдардың аясында елімізде атқарылған қыруар жұмыстар
тарих ғылымының жаңа сатысына көтерілуіне жағдайлар туғызды. Мәселен,
Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылдарында Қазақтар атты 9 томдық
қазақша, орысша энциклопедия, Қазақ мәдениетінің 3 томдық энциклопедиясы,
Қожа Ахмет Яссауидің қазақ тілінде Хикметтері жарық көріп,
оқырмандардың пайдалануына берілді. Сонымен бірге Қазақстан – қара
шаңырағымыз, Қазақстан тарихы: зерттеулер мен құжаттар, Қазақстан тарихы:
әдеби хроника, Қазақстан этностары атты айдармен қырыққа жуық кітаптар
шығарылды [14, 145б.]. Осы тармақшада кеңестік тоталитарлық кезеңдегі
Қазақстан тарихының мынадай өзекті мәселелері көтеріледі. ХХ ғасырдың
алғашқы ширегіндегі қазақ мемлекеттілігін жаңғырту жолындағы Алаш
зиялыларының күрес жолын тарихнамалық талдау; Қазақстандағы 1930-1932жж.
ашаршылық себептері мен зардаптарын айқындауға арналған зерттеулерге
көзқарас, Қазақстандағы 1930-1950жж. аралығындағы саяси қуғын-сүргіннің
себеп-салдарын зерттеу; Қазақ мемлекеттігін жаңғырту жолында күрес
жүргізген Алаш қозғалысы туралы жазылған іргелі зерттеулерге К.Нұрпейісов
[15], М.Қойгелдиев [16], Д.Аманжолова [17], Р.Нұрмағанбетова [18]
еңбектерін атап өтеміз. Бұл еңбектерде Алаш қозғалысын, оның ХХ ғасыр
басындағы қазақтың саяси өміріндегі алатын орнын объективті түрде тың
пікірлер айтылды.
1930-1932 жылдары Қазақстанда орын алған ашаршылықтың себептеріне,
зардаптарына терең талдау жасаған зерттеу – М.Қойгелдиев пен Т.Омарбеков
екеуі бірігіп жазған Тарих тағылымы не дейді? атты еңбек. Бұл еңбектің
Қызыл табан шұбырынды дейтін екінші бөлімінің атауы айтып тұрғанындай,
1723 жылы Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны еске түсіреді. [19]
Сталиндік қуғын-сүргіннің келесі мәселесі – Қазақстанға басқа халықтардың
қоныс аударуы (депортация) тарихымызда әлі де кеңінен зерттеле қойған жоқ.
Мәселені ауқымды түрде толығырақ зерттеген Т.Омарбеков болды. [20, 273-
274бб.] Ол Қазақстанға жер аударылған корейлер қасіретін, Қырым, Кавказ
және Еділ бойы халықтарын Қазақстанға жер аудару тарихын нақты зерттеді.
Жер аударылған қазақстандық корейлер тағдыры Г.Канның зерттеулерінде толық
және тиянақты ашылды. [21] Қазақстанға жер аударылған Солтүстік Кавказ,
қалмақ және қырым татарлары тағдырларына қатысты тың, жаңа деректерді
Қ.Алдажұмановтың еңбектерінен кездестіре аламыз. [22, 193-312бб.]
Депортацияға ұшыраған халықтардың лагерь жағдайындағы ауыр тұрмысы
Ж.Абылхожиннің еңбектерінде біршама қарастырылды [23].
Тәуелсіз Қазақстан тарихшыларының назарын аударып отырған тағы бір
мәселе – 30-шы жылдардың соңындағы 50-ші жылдар басындағы сталиндік террор
мәселелері. Зерттеушілер бұл жылдары құрбан болғандар тізімін жариялай
бастады [24]. 1937-38 жылдары Қазақстанда саяси репрессия құрбандары
болғандар туралы архивтік құжаттар жинағы жарық көрді [25;26]. Бұл
кезеңдегі саяси репрессия құрбандары болғандардың өз естеліктері де жарық
көрді. Саяси тұтқындар лагерлеріндегі жағдайлар Ж.Абылхожиннің [27],
Т.Садықовтың [28], Д.Шаймұхановтың және Д.Шаймұханованың зерттеулерінде
[29] біршама қамтылды. Бұл тақырыпқа байланысты арнайы диссертациялық
еңбектер де жазылды. Олардың ішінен А.Кукушкинаның кандидаттық [30] және
С.Дильмановтың [31] докторлық диссертациялық еңбектерін бөліп көрсеткен
жөн. Айта кету керек, бұл мәселеге қатысты құжаттар әлі де өздерінің
зерттеушілерінен терең талдаулар күтіп жатыр.
Жоғарыда айтылғандарды қорытар болсақ, төмендегідей тұжырымдар
жасаймыз: біздің тарихнамалық талдауымызда Алаш қозғалысы төңірегінде
зерттеушілеріміздің біршама жұмыстар жасағаны дәлелденді. Ендігі жерде осы
мәселе төңірегінде арнайы тарихнамалық зерттеулерді де жандандырған жөн;
Қазақстандағы 1930-1932 жылдардағы ашаршылық мәселесі тәуелсіз Қазақстан
тарихнамашыларының ғылыми белсенділігінің арқасында тарихымызда едәуір және
жан-жақты зерттелді, мәселеге методологиялық тұрғыдан жаңа тарихи көзқарас
та қалыптасты. Осының бәрін ескере отырып тарихшыларымыз алда осы
тақырыптың төңірегінде тарихнамалық талдауларды өрістетуге назар аударулары
керек деп ойлаймыз.
Қазақстан тарихшыларының жалпы қазақ ғылымдарында 1920-1950 жылдардағы
саяси репрессия туралы жаңа тәуелсіз тарихи ой-пікірлер қалыптасқаны
қуантады.
Бірінші тараудың Қазақстан тарихы ғылымының методологиялық
мәселелері атты екінші тармағында көтерілген проблема-Қазақстан
тарихнамасы методологиясының басты принципін анықтап, бұл принцип тарих-
адамның іс-әрекеті принципі болуы тиіс деген пікірді негіздеу. Төл
тарихымыздың жан-жақты терең зерттелмеген дәуірлері мен кезеңдерін
тарихнамалық зерттеулердің объектісіне айналдырып, бұрынғы антогонистік
қарама-қайшылық, бір-біріне қарама-қарсы тұру концепциясының, халықтар,
өркениеттердің, елдердің, аймақтардың достық қарым-қатынасы концепциясына
орын беруін принципке айналдыру. Қазақстан тарихнамасы методологиясының
басты принципі тарих-адамның іс-әрекеті болуы тиіс деген пікірді
қолдаймыз. Осы принципті басшылыққа алып отандық тарихшылар төл
тарихымыздың жан-жақты, терең зерттелмеген дәуірлері мен кезеңдерін
тарихнамалық зерттеулердің объектісіне айналдыруы тиіс. Тарих-адамның іс-
әрекеті принципі дүние тануда материалистік көзқарасты қолдайтын принцип.
Бұл принцип диалектикалық материализм принципінен сүреңсіз баяндау,
тарихтың қасіретті беттері жайлы тіс жармау, үстемдік құрған коммунистік
идеологияға қайшы келетін күрделі оқиғалар жайында шындықты бүркемелеу және
т.б. тән болып келді. Осы кезге дейін қалыптасқан тарихи процестерді
маркстік-лениндік методология принциптері негізінде зерттеу тарих ғылымын
дағдарысқа ұшыратты. Қазіргі күнде тарих ғылымын дағдарыстан шығарудың
бірнеше жолы іздестірілуде.
Зерттеу жұмысында Қазақстан тарихының методологиялық мәселелерінің
бірі-Қазақстан тарихын кезеңдеу мәселесі жан-жақты зерттеледі.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін бұл мәселені алғаш рет әрі кешенді
түрде көтерген тарихшы – академик М.Қ.Қозыбаев болды. Ол өзінің Ата тарихы
туралы сыр атты Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайында оқыған
баяндамасында [27] Қазақстан тарихын тоғыз асқаралы белестерге бөлген
еді. Олар:
1. Адам баласы қазақ сахарасында пайда болып, өмір сүрген белес;
2. Сақ, үйсін, қаңлы, алшын, ғұндар заманасы;
3. Түркі тектес тайпалар дәурені,
4. Қыпшақ белесі;
5. Моңғол үстемдігі;
6. Қазақ хандықтары: халық, ұлттың қалыптасуы;
7. Отаршылдық бұғауында;
8. Қазақ халқы кеңес империясының уысында;
9. Қазақ халқы егеменді ел болған шағында.
Академик М.Қозыбаев нұсқасы бүгінгі таңда жарық көрген Қазақстан
тарихының алғашқы 3 томы мен көптеген оқулықтарға, оқу құралдарына негіз
болғаны анық байқалады. Мұны тарих ғылымының докторы Х.Әбжанов да дөп басып
байқап, өз еңбектерінде дұрыс атап көрсетеді.
Осыған ұқсайтын пікірді республикаға белгілі ғалым, профессор
Т. Омарбеков білдірген. Автор Қазақстан тарихын төмендегідей үш дәуірге
және дәуірді кезеңдерге бөледі: [28]
1. Қазақстан: жол таңдау (1917 жылғы ақпан – 1920 жылғы тамыз).
1.1. Қазақстан ұлттық-демократиялық мемлекет құру үшін күрес кезеңінде
(1917 жылғы ақпан – 1918ж. басы).
1.2. Қазақстан азаматтық қарсы тұру жағдайында (1918ж. көктемі – 1920 жылғы
тамыз).
2. Қазақстан кеңестік әкімшіл-әміршіл империя құрамында (1920ж. тамыз –
1991ж. желтоқсан).
2.1. Қазақстан алғашқы кеңестік реформалар кезеңінде (1920ж. -1925ж. соңына
дейін)
2.2. Қазақстандағы Кіші Қазан (1926 -1928жж.).
2.3. Қазақстан сталиндік реформалар және тоталитарлық жүйенің орныға бастау
дәуірінде (1929-1941жж.).
2.4. Қазақстандықтар фашистік Германияға қарсы күресте (1941-1945жж.).
2.5. Қазақстандағы сталинизм салтанаты (1945-1953жж.).
2.6. Хрущев реформаларынан туындаған Қазақстандағы өзгерістер (1953-
1964жж.).
2.7. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің кемелденуі және Тоқырауы (1964-
1985жж.).
2.8. КСРО-ның ыдырауы және Қазақстан (1985-1991жж.).
3. Қазақстан тәуелсіз мемлекет (1991ж. желтоқсаннан бүгінгі күнге дейін).
3.1. ТМД және Қазақстан (1991-1993жж.).
3.2. Тәуелсіздікті орнықтыру қадамдары (1993-1995жж.).
3.3. Қазақстан –дүниежүзілік қауымдастық мойындаған егеменді ел (1995-
1998жж.).
Отан тарихын дәуірлеу мәселесіндегі жаңаша көзқарасты ұсынған
профессор Х.Әбжанов болды. Ол өзі ұсынған өлшемдер мен ұстанымдардың
негізінде Отан тарихын төмендегідей алты белеске бөледі: [29]
1. Көне Қазақстан (б.ғ.д.ғ 800 мың жылдан – б,э,д, V ғ.аралығы).
2. Түркілену, исламдану, қазақтану дәуіріндегі Қазақстан (б.э.д. V ғ. –ХV
ғ.).
3. Қазақ хандықтары немесе табиғи – дәстүрлі даму дәуірі (ХV ғ. ортасынан
ХVІІІ ғ. 30 жылдарына дейін).
4. Зарзаман дәуірі (1731-1917 жылдың қазаны).
5. Зорлық пен модернизациялау дәуірі (1917ж. қазаны – 1991ж.).
6. Отандық тарих ғылымында алғашқылардың бірі болып кезеңдеу мәселелерін
біршама терең зерттеген ізденуші С.Кентбеков өзінің дәуірлерін 1917 жылғы
қазан төңкерісіне дейінгі уақытпен аяқтайды.
Сонымен қатар, Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлудің методологиялық-
теориялық мәселелері З.Алдамжардың, М,Қойгелдиев, Қ.Атабаев, В.В.Ғалиевтің,
А.Күзембайұлы, Е.А.Абилов, Ж.К.Қасымбековтың еңбектерінен көрініс
тапқандығын айтамыз. Тәуелсіздік кезеңінде Қазақстан тарихшылары дәуірлеу
мәселесін қайта қарастыра бастады, десек те әлі күнге дейін ортақ тұжырымға
келген жоқ. Болашақта Қазақстан тарихын дәуірлеуге байланысты ғылыми
тұжырымдама Отан тарихынан берік орын алуға тиіс. Сонымен, зерттеуіміздің
алғашқы тарауына қорытынды жасар болсақ, мынаны айтамыз: тәуелсіз Қазақстан
тарихшылары, өз халқының тарихын ешкімге жалтақтамай ана тілінде жазуға
мүмкіндік алды. Қазақ тілінде кандидаттық, докторлық диссертациялар
дайындалып, қорғалды және монографиялық зерттеу жұмыстары дүниеге келді.
Қазақстан тарихшылары бұрын зерттеуге болмайтын тақырыптарды, тарихымыздың
ақтаңдақ беттерін зерттеді, ұлтымызға қайғы-қасірет әкелген зұлматтың
себеп-салдары көрсетіліп, көлемі анықталды.
Дегенмен кеңестік кезеңдегі біржақты идеологиялық ұстанымдар мен
методологиялық принцптер, қазақ тарихшыларының тарихнамалық зерттеулермен
еркін және жан-жақты айналысуларына мүмкіндік бермеді; тарихнаманың
теориялық әсіресе ұлттық сипаттағы мәселелерін тереңдете талдау саяси
немесе идеологиялық қателіктерге жиі ұрындырғандықтан, қазақ тарихшылары
методологиялық мәселелерден алыс тұрды. Мұның өзі Қазақстан тарихнамасының
ғылыми негіздерін айтарлықтай әлсіретті; кеңестік дәуірден бастау алған
методология дағдарысы тарихнамада әлі жалғасып келеді. Мұның негізгі
себебі, қазақстандық тарихнамашылар зерттеудің маркстік методологиялық
принциптерінен бас тарта тұрса да, жаңа тәуелсіз методологияға әліде толық
көше алмады және бұл олардың теориялық дайындықтарының төмендігінен деп
ойлаймыз.
Тәуелсіз Қазақстан тарихын оқытудың танымдық және әдістемелік
мәселелері атты екінші тараудың Тарихи сананы қалыптастыру бағыттары деп
аталатын бірінші тармағында Отандық тарихтың тарихи танымды
қалыптастырудағы орны, тарихи сананы қалыптастырудың бағыттары, тәуелсіздік
жылдарында халық санасында жаңа тарихи көзқарас қалыптастырудағы Мәдени
мұра бағдарламасының әсерін қарастыру орын алды. Еліміз тәуелсіздік
алғаннан кейін тарихи танымды қалыптастыру – төл тарихымыздың басты
міндеттерінің бірі болды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: Шын мәнінде, идеология –
адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді шешуге
қалыптастыру мен жұмылдырудың уақыт тезінен өткен тәсілі емес, қайта
мемлекеттің және оның тұжырымдамасын, қоғамдық қозғалыстардың, адамдарды
қолдайтын партиялардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі [30]
дей отырып, тарихи сананы қалыптастыруға үлкен мән берді; Отан тарихындағы
өзекті мәселелерді зерттеу барысында ұлтаралық татулық пен қоғамдық
тұрақтылық басты назарға алынды.
Зерттеу жұмысында Қазақстан қоғамындағы идеялық бірлікті қамтамасыз
ету мақсатындағы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік
саясат жөніндегі Ұлттық Кеңестің Қазақстан Республикасындағы тарихи сана
тұжырымдамасын [31] қабылдауы осының бір айғағы ретінде көрсетіледі.
Сонымен қатар, жаңа тарихи таным бағытында ғылыми ізденістерді жүргізудің
жолдары да Тұжырымдамада назардан тыс қалмаған. Осы бағытта зерттеулер
жазудың бағыт-бағдарлары айқындалған.
Сондай-ақ Тұжырымдамада тарихи сананы ғылым, білім, отбасы тәрбиесі,
бұқаралық ақпарат құралдары, әдебиет, өнер, мәдени-ағарту, мұражай, архив,
өлкетану жұмысы, туризм ісі қалыптастыратыны және тарихи сананы
қалыптастырудың жолдары ретінде мектепке дейінгі, мектептегі және жоғары
оқу орындағы білім беру жүйесі, бұқаралық ақпарат құралдарының, мәдениет
мекемелерінің тікелей қызметі екенін айтады. Бұлардың басты міндеті:
қоғамда тарихқа ден қою, тарихқа деген құрмен пен тағзым, тарихты түйсіну
ахуалын туғызу. Өткен дәуірлердің мәдениеті – тарих – осы заманғы қоғамның
тынысына айналуға тиіс,- делінген.
Зерттеу барысында осы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы көші-қон үдерістері: тарихи-демографиялық аспект (1917-1991 жж.)
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар (1991 – 2008 жж.)
Уақыт және тарих
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік – шығыс аймақтарындағы аграрлық реформалар: қағидалар және тарихи тағылым (1991-2007 ж.ж.)
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі Қазақстан тарихының тарихнамасы (1941-2010 жылдар)
Қасым хан, Хақназар хан
Зерттеудің сарапталып, сыннан өтуі
М. Қ. Қозыбаевтың өмір жолы мен ғылыми шығармашылық мұрасы (1985-2002жж.)
Интеллектуалдық әлеует пен этномәдени өмірдің өзара ықпалдастығын зерделеу
Пәндер