Экологиялық қылмыстардың ұғымы және мәні



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I.Тарау Экологиялық қылмыстардың ұғымы және мәні
1.1 Экологиялық қылмыстардың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Экологиялық қылмыстардың нақты түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 8

II.Тарау Экологиялық қылмыстардың нақты бір құрамдары
2.1 Экологиялық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
2.2 Жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
Кіріспе

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының ерекше бөлімінің жүйесі деп Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің нормаларын арнайы тараулдарға топтарсырып,оларды қол сұғушылық обьектілірінің маңызына қарай реттестіріп орналастырудың белгілі бір тәртібі болып танылады.Құқық нормаларын жүйлеудің негізінде алынуы мүмкін обьективті өлшем құқық нормаларының обьектілірінің ерекшеліктері,яғни құқық арқылы бекітілетін және қорғалатын қоғамдық қатынстардың ерекшеліктері болып табылады.
Әділсоттылықты, заңдылықты жүзеге асыруда Қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің маңызы ерекше.Адамды қылмыстық жауапқа тарту оның іс әрекетінде белгілі,нақты бір немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады.Қылмысты дұрыс саралау үшін Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптарының алатын орны ерекше.Қылмысты дұрыс саралау қылмыстылықтың жағдайын, деңгейін, құрылысын, қозғалысын дұрыс анықтауға мүскіндік береді.Істелген қылмыстың статистикалық есебін нақты белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес жүргізу мүмкін емес.Сол себепті қылмыспен тиімді күрес жүргізу үшін оның жағдайын,сандық, сапалық көрсеткіштерін, жасаған қылмыстардың мәнін,қылмыскердің тұлғасын толық ашу қажет.Бұл мәселелерді анықтамай тұрып,қылмыспен күрес жүргізу өзінің онды нәтижелерін бермейді.Қылмысты дұрыс саралау сот төрелігінің әділ жүзеге асырылуының кепілі және заңдылық, әділеттілік принциптерінің іске асырылуының басты шарты болып табылады.Құқық қорғау және құқық қолдану органдарының беделінің мәртебесінің биік болуы да істелген іс әрекетке дұрыс,заңды баға беруіне де тікелей байланысты.Сондықтан да менің курстық жұмысымның тақырыбы: Экологиялық қылмыстар деп аталады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің он екінші тарауында Экологиялық қылмыстар көрсетілген. Экологиялық қылмыстар дегеніміз бұл Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген экологиялық құқық тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғушылықпен жаслатын және қоршаған табиғи ортасына немесе адам денсаулығына елеулі зиян келтіретін әрекеттті айтамыз.
Курстық жұмыстың өзектілігі:Экологиялық қылмыстардың жалпы сипаттамасын және жеке құрамдарына анықтама беріп, саралау.
Курстық жұмысты жазу барысында мынандай міндеттер қойылды:
 Экологиялық қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.
 Экологиялық қылмыстардың жеке құрамдарын саралау.
 Экологиялық қылмыстарды дұрыс саралануын ажырату,

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің он екінші тарауында көрсетілген экологиялық қылмыстарды дұрыс саралап, оның жаза тағайындау кезінде өзіндік ерекшелігін анықтау болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстанның заңгер ғалымдары мен Ресей ғалым заңгерлерінің еңбектері және Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі қолданылды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

I-Нормативтік құқықтық- актілер.
1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы-Алматы 1995ж(өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)
1.2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі-16.06.1997ж
II-Негізгі әдебиеттер
2.1 Ағыбаев А.Н. /Қылмыстық құқық, Ерекше бөлім/ Алматы – 2001 ж.
2.2 Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
2.3 Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.
2.4 Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
2.5 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж
2.6 Лейкина Н.С. Уголовная ответственность за экологичекие преступлениеМ. 1995 г
2.7 Наумов А.В. //Осы заманғы қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж.
2.8.Наумов А.В.Қылмыстық құқық: лекция курсы. Астана: «Фалиант», 2001ж.
2.9 Борчашвили И.Ш. Уголовное право, особенная часть. Алматы 2006г.
2.10 Жунусов Б.Ж. Проблемы уголовной политики. Алматы 1999г.
2.12 Рогова И.И. Уголовное право, особенная часть. Алматы 2005г.
2.13 Ветрова Ю, Ляпунова И. Уголовное право, особенная часть. Москва: «Юрист» 1997г.
III-Қосымша әдебиеттер
3.1Блум М.И. Обратная сила закона-Москва-1986 ж.
3.2 Бойцов.А.Қылмыстық құқықтағы адам өлтіру құрамына заңдық талдау негідемесі –М, 1989 ж.
3.3 Смағұлов.А.С.,Оңғарбаев.Т.И.ҚР Қылмыстық құқығы,Ерекше бөлім-К, 2002ж.
3.4 Кайржанов.Е.И.ҚР Қылмыстық құқығы,Алматы.Жеті Жарғы-1998ж.
3.5 ҚР Қылмыстық құқығы, Ерекше бөлім, Алматы,Жеті Жарғы-1998ж
3.6 Алауханов.Е.ҚР Қылмыстық құқығы, Ерекше бөлім,Алматы,Жеті Жарғы-2001ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .3
I-Тарау Экологиялық қылмыстардың ұғымы және мәні
1.1 Экологиялық қылмыстардың жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Экологиялық қылмыстардың нақты түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... 8
II-Тарау Экологиялық қылмыстардың нақты бір құрамдары
2.1 Экологиялық қауіпсіздікке қарсы
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..12
2.2 Жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және
қорғау ережелеріне қарсы
қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 23
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...25

Кіріспе

Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасының ерекше бөлімінің
жүйесі деп Қылмыстық кодекстің ерекше бөлімінің нормаларын арнайы
тараулдарға топтарсырып,оларды қол сұғушылық обьектілірінің маңызына қарай
реттестіріп орналастырудың белгілі бір тәртібі болып танылады.Құқық
нормаларын жүйлеудің негізінде алынуы мүмкін обьективті өлшем құқық
нормаларының обьектілірінің ерекшеліктері,яғни құқық арқылы бекітілетін
және қорғалатын қоғамдық қатынстардың ерекшеліктері болып табылады.
Әділсоттылықты, заңдылықты жүзеге асыруда Қылмыстық құқықтың Ерекше
бөлімінің маңызы ерекше.Адамды қылмыстық жауапқа тарту оның іс әрекетінде
белгілі,нақты бір немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған
жағдайда ғана жүзеге асырылады.Қылмысты дұрыс саралау үшін Қылмыстық
Кодекстің Ерекше бөлімінің баптарының алатын орны ерекше.Қылмысты дұрыс
саралау қылмыстылықтың жағдайын, деңгейін, құрылысын, қозғалысын дұрыс
анықтауға мүскіндік береді.Істелген қылмыстың статистикалық есебін нақты
белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес жүргізу мүмкін емес.Сол себепті
қылмыспен тиімді күрес жүргізу үшін оның жағдайын,сандық, сапалық
көрсеткіштерін, жасаған қылмыстардың мәнін,қылмыскердің тұлғасын толық ашу
қажет.Бұл мәселелерді анықтамай тұрып,қылмыспен күрес жүргізу өзінің онды
нәтижелерін бермейді.Қылмысты дұрыс саралау сот төрелігінің әділ жүзеге
асырылуының кепілі және заңдылық, әділеттілік принциптерінің іске
асырылуының басты шарты болып табылады.Құқық қорғау және құқық қолдану
органдарының беделінің мәртебесінің биік болуы да істелген іс әрекетке
дұрыс,заңды баға беруіне де тікелей байланысты.Сондықтан да менің курстық
жұмысымның тақырыбы: Экологиялық қылмыстар деп аталады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімінің он
екінші тарауында Экологиялық қылмыстар көрсетілген. Экологиялық қылмыстар
дегеніміз бұл Қазақстан Республикасының заңнамаларымен белгіленген
экологиялық құқық тәртібіне, қоғамның экологиялық қауіпсіздігіне қол
сұғушылықпен жаслатын және қоршаған табиғи ортасына немесе адам
денсаулығына елеулі зиян келтіретін әрекеттті айтамыз.
Курстық жұмыстың өзектілігі:Экологиялық қылмыстардың жалпы сипаттамасын
және жеке құрамдарына анықтама беріп, саралау.
Курстық жұмысты жазу барысында мынандай міндеттер қойылды:
➢ Экологиялық қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері.
➢ Экологиялық қылмыстардың жеке құрамдарын саралау.
➢ Экологиялық қылмыстарды дұрыс саралануын ажырату,

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексінің Ерекше бөлімінің он екінші тарауында көрсетілген экологиялық
қылмыстарды дұрыс саралап, оның жаза тағайындау кезінде өзіндік ерекшелігін
анықтау болып табылады.
Курстық жұмысты жазу барысында Қазақстанның заңгер ғалымдары мен Ресей
ғалым заңгерлерінің еңбектері және Қазақстан Республикасының Конституциясы
мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі қолданылды.

I-Тарау.Экологиялық қылмыстардың жалпы сипаттамасы және олардың түрлері.
1.1 Экологиялық қылмыстардың ұғымы және сипаттамасы

Жалпы алғанда табиғат пен қоғам қатынастарын, адам мен табиғаттың тікелей
байлаеысын, айналадағы табиғи ортаны қорғауды реттейтін құқық ережелерінің
жиынтығы болып табылады.
Айналадағы табиғи ортаны қорғау ең алдымен адамның өмірі мен
денсаулығын, болашақ ұрпақтың мүдделерін қаматамасыз етуге, табиғи ортаға
қарсы зиянды іс әрекеттер жасауға жол бермеуге, табиғи тепе теңдікті сақтау
және қоршаған ортаны тиімді пайдалану мақсатын көздейді.Экологиялық жағдай
қазіргі уақыттағы күрделі мәселенің бірі болып отыр.Ол біздің елімізде де,
әсіресе индустриялы, дамыған орталықтарда, соның ішінде ауылшаруашлық
аймақтарында да өткір түрде қойылуда.Табиғи қорларды тиімді пайдалануда,
қалаларды, елді мекендерді көгалдандыруға, ұлттық парктер, көгалды аймақтар
жасауда көптегент шаралар іске асырылса да, айналадағы ортаны қорғаудағы
жауапсыздық, болашақты ескермеушлік орын алып отыр.Осыған орай Қазақстан
Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексінің он бірінші тарауы экологиялық
қылмыстарға арналған.Ескі кодексте мұндай арнаулы тарау болмаған,
экологияға байланысты жекеленген баптар шаруашлық қылмыстары деген
тараудан орын алған еді.
Жаңа Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде экологиялық
қылмыс құрамдарының мүлдем мынандай жаңа түрлері тұңғыш рет көрсетіліп
отыр:шаруашлық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың
бұзылуы ( 277-бап), ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және
биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың
бұзылуы ( 278-бап), Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен
немесе улы заттармен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiнiң бұзылуы
(279-бап), 289-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiн бұзу, 290-бап.
Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген
түрлерiмен заңсыз іс-әрекеттер, 293-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
режимiнiң бұзылуы , 293-бап.Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiнiң
бұзылуы,экологиялық ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау (294-
бап).
Жалпы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодесінің бұл тарауында
экологияға байланысты қоғамдық қатынастарды қылмыстық құқықтық жолмен
қорғауды қамтамасыз ететін басқа да көптеген баптар бар.
Экологиялық қылмыс дегеніміз қоршаған ортаға, оның ресурстарына,
халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық
заңға қайшы іс әрекеттер болып табылады.
Экологиялық қылмыстардың заты бұл нақты табиғат ресурстары: жер, су,
ауа, жануарлар дүниесі, орман және тоғай, мал және тағы басқалар болып
табылады.[5.12]
Экологиялық қылмыстардың топтық обьектісі қоршаған ортаны қорғау,
табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмадерге қолайлы табиғат
жағдайларды сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.Қылмыстың обьектісі экологиялық
қатынастарды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстардың обьектісін дұрыс бекіту теориялық және практикалық маңызы
бар.Обьект қылмыстың әлеуметік саяси мәнін толық ашуға мүмкіндік береді,
оның сипаттамасы мен қоғамдық қауіпсіздік дәрежесі анықталады.Қылмыстық
құықтық әдебиеттерде ғалым заңгерлердің арасында кологиялық қылмыс
обьектісіне қатысты анықтама жоқ.
Бөлек ғалымдар өзінің пікірлеріін бұрынғы республиканың барлық қылмыстық
кодекстерінде жеке меншік туралы көптеген нормалары осы қолсұғушылық үшін
шаралар қылмыс тарауында орын алғандығымен негіздей келе табиғи байланыс
шаруашлық пайдалануға қатысты табиғатты қорғау обылысында қылмыстық
қолсұғушылық обьектісін енгізді.
Осылай А.Н. Трайнин кәсіпкерлік өндіріс туралы ережені бұзу сияқты
табиғатқа қарсы қылмыста басқа нәрселерді көреді.Ю.И.Ляпунованың ойынша
табиғатты қорғау аймақтағы қылмыс обьектісі болып мемлекеттік меншікке,
табиғи байлыққа материаландырылған қатынас табылады.
Тек меншікке қатысты табиғатты қорғау аумағында қылмыс обьектісін тану
көрсетілген шекете экологиялық ой пікірмен бұл қылмыстың ерекшелегін осы
таза экономикалық категориялары шегінде жауып қалып, ашуға мүмкіндік
бермейді.Бұдан басқа меншік те тек адамдардың билігінде тұрған және
белгілі затының нысанаға ие болуының обьектісі болуы мүмкін.
Бірақ, қылмысытық құқық ешкімнің меншігінде болмайтын: мысалы,
атмосфералық ауа, ашық теңіз суы және тағы басқалар болып таыбылатын
орталықтың элементтерін де қорғайды.Қорғалып отырған көзқарас ойымен олар
мемлекетік меншік пәні болмайтындықтан оларды қылмыстық құқық қорғаумен
ерекшеленеді.
Тағы бір ғалым Э.Жевлаков экологиялық қылмыс обьектісі деп халықтың
экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі және адам үшін сапалы, қолайлы
табиғи ортаны сақтау, ұтымды пайдалану бойынша қылмыстық құқықтық
қорғаушылық интерграцияландырылған қоғамдық қатынастарды атайды.
Экологиялық қылмыс түсінігінің мазмұнын талқылау экологиялық, құқыққа
қарсылық және қоғамдық қауіптілік сияқты белгілердің пайда болуына
әкеледі.Экологиялық қылмысқа немесе басқа экологиялық қылмысқа қатынас
әлеуметтік және табиғи заңдылықта, қоғам мен адамның табиғатпен өзара
қатынасында негізделеді.
Экологиялық қылмыстардың ерекшелендіретін белгілеріне мыналар жатады:
• Қызметтің базис немесе әлеуметтік құндылық ретінде қоршаған ортаның
обьектілерін иелену ;
• Қылмыстық заңмен тікелей тиым салынған қоршаған ортаның
обьектілерін осылай қолдануға бағытталу;
• Қоршаған ортаның сапасын немесе басқа бөлек параметрлеріне
байланысты әлеуметтік талқылау жағдайының өзгеруі;
• Адамның қоршаған ортаға, оның жағдайы туралы жеткілікті ақпаратқа
құқығының бұзылуы болып табылады.
Қылмыстық құқық теориясында көрсетілген экологиялық қылмыстар құқыққа
қайшылығымен және қоғамға қауіптілігімен сипатталады.
Құқыққа қайшылық экологиялық қылмыстардың қоғамға қауіптілігінің заңды
айтылуы ретінде өзіндік күрделі құқықтық феноменді көрсетеді.Олар басқа
қылмыстарға қарағанда заң шығарушының қарауына, құқықтық мәдениеттің дамуы
деңгейіне және заңды техникаға байланысты бола отырып, үлкен дәрежеде.
Эколгиялық қылмыстардың қоғамдық қауіптілікігің сапалық сипаттамасы осы
құқыққа қарсы әлеуметік құндылық сипатымен қоғам мен адамның арасындағы
қайшылықтың экологиялық зиянды қылықтардың барлық мазмұнымен анықалады.
Олай болса, экологиялық қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі қоғамның
эколгиялық мүддесін аяққа таптауда, жеке алғанда әрбір адамның қоршаған
ортаға құқығын бұзуда, табиғатқа зиян келтіруде, экологиялық қауіпсіздіктің
төмендеуінен көрінеді.[6.231]
Экологиялық қылмыстар обьективтік жағынан әрекет немесе әрекетсіздік
арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамға қауіпті іс- әрекет бұл обьективтік жақтың ең маңызды белгісі болып
табылады,себебі ол обьективтік жақтың түгелдей алғанда,оның жеке бір
белгілерінің де негізгі желісі,өзегі.Іс әрекет әрекетнемесе әрекетсіздік
арқылы болады.
Күш жұмсау жағынан іс әрекет адамның белсенді қылығы арқылы
сипатталады.Қоғамдық қауіпті деп қылмыстық заңмен қорғалушы обьектіге зиян
келтіретін немесе зиян келтіру қаупін төндіретін әрекетті айтамыз.Сондай ақ
қылмыстық құқықтық сипатқа ие болу үшін,әрекет міндетті түрде ерікті болуы
қажет.
Сондықтан,қылмыстық құқықтық әрекет адамның қауіпті,ерікті және белсенді
қылықтырынан тұрады.Сонымен қатар обьективтік жағынан қылмыс тек әрекет
арқылы ғана емес,сондай ақ әрекетсіздік арқылы да сипатталады.
Қылмыстық құқықтық әрекетсіздік қоғамдық қауіпті ерікті,енжар қылықтан
тұрады.Қылмыстық құқықтық әрекет сияқты,әрекетсіздік те ерікті түрде ғана
қылмыстық құқықтың сипатқа ие болады.
Адам қылығының енжарлығы ол оның сыртық көрінісі емес әлеуметтік
сипаты.Субьективтік жағынан экологиялық қылмыстар кінәнің қасақаналық және
абайсыздық нысанымен жасалынады.
Қылмыс субьектісі, яғни экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершіліе
16 жастан басталады және арнаулы субьект болып табылады.

1.2 Эколгиялық қылмыстардың нақты түрлері.

ХХ ғасырдың ортасында дүние жүзіндегі экологиялық жағдайдың ауырлануына
байланысты, экология шектелген биология ғылымдарының зерттеу шеңберінен
шығып, қазіргі кездегі ең маңызды ғалым саласы ретінде болып
отыр.Экологиялық қылмыс дегеніміз қоршаған ортаға, оның ресурстарына,
халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сұғатын қауіпті, қылмыстық заңға
қайшы іс әрекеттер болып табылады.
Экологиялық қылмыстардың заты нақты табиғи ресурстары, яғни жер, су,
ауа, жануарлар дүниесі, орман, тоғай, жануарлар және тағы басқалар болып
табылады.
Экологиялық қылмыстардың топтық обьектісі қоршаған ортаны қорғау, табиғи
ресурстарды тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолайлы табиғи жағдайларды
сақтау және адамдардың экологиялық қауіпсіздігін қаматамасыз ететін
қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстың тікелей обьектісі экологиялық қатынастарды реттейтін
қоғамдық қатынастар.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінде экологиялық қылмыстардың
жекелеген түрлері көрсетілген. Тікелей обьектілерінің ерекшеліктеріне
байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекснінің он бірінші
тарауында көрсетілген экологиялық қылмыстар мынандай түрлерге бөлінеді:
1.Экологиялық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.Оларға мыналар жатады:
• шаруашлық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың
бұзылуы ( 277-бап),
• ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және
биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық
талаптардың бұзылуы ( 278-бап),
• Микробиологиялық немесе басқа биологиялық агенттермен немесе улы
заттармен жұмыс iстеу кезiнде қауiпсiздiк ережелерiнiң бұзылуы
(279-бап),
• Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiнiң бұзылуы,экологиялық
ластау зардаптарын жою жөнінде шара қолданбау (294-бап).
• Мал дәрігерлік ережелердің және өсімдіктердің аурулары мен
зиянкестеріне қарсы күресу үшін белгіленген ережелердің бұзылуы
(280 –бап).
2.Суды және атмосфераны тиімді пайдалануға және қорғауға қол сұғатын
қылмыстар:
• 281-бап. Суларды ластау, бiтеу және сарқу
• 282-бап. Атмосфераны ластау
• 283-бап. Теңiз аясын ластау
3.Жерді, құрылықтық шельф, жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелеріне
қол сұғатын қылмыстар.Оларға мыналар жатады:
• 284-бап. Қазақстан Республикасының құрылықтық шельфi туралы және
Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы
заңдардың бұзылуы
• 285-бап. Жердi бүлдiру
• 286-бап. Жер қойнауын қорғау және пайдалану ережелерiн бұзу
4.Жануарлар дүниесін тиімді пайдалану, сақтау және қорғау
ережелеріне қарсы қылмыстар.Оларға мыналар жатады:
• 287-бап. Су жануарлары мен өсiмдiктерiн заңсыз алу
• 288-бап. Заңсыз аңшылық
• 289-бап. Жануарлар дүниесiн қорғау ережелерiн бұзу
5.Өсімдіктер дүниесін қорғау және тиімді пайдалану ережелеріне
қарсы қылмыстар.Оларға мыналар жатады:
• 291-бап. Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесую
• 292-бап. Ормандарды жою немесе зақымдау
6.Ерекше табиғи биологиялық түрдегі дүниелерді қорғау ережелеріне
қарсы қылмыстар.Оларға мыналар жатады:
• 293-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар режимiнiң бұзылуы
• 290-бап. Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып
кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс әрекеттер.
Экологиялық қылмыстар обьективтік жағынан әрекет немесе
әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамға қауіпті іс- әрекет бұл обьективтік жақтың ең маңызды белгісі болып
табылады,себебі ол обьективтік жақтың түгелдей алғанда,оның жеке бір
белгілерінің де негізгі желісі,өзегі.Іс әрекет әрекетнемесе әрекетсіздік
арқылы болады.
Күш жұмсау жағынан іс әрекет адамның белсенді қылығы арқылы
сипатталады.Қоғамдық қауіпті деп қылмыстық заңмен қорғалушы обьектіге зиян
келтіретін немесе зиян келтіру қаупін төндіретін әрекетті айтамыз.Сондай ақ
қылмыстық құқықтық сипатқа ие болу үшін,әрекет міндетті түрде ерікті болуы
қажет.
Сондықтан,қылмыстық құқықтық әрекет адамның қауіпті,ерікті және белсенді
қылықтырынан тұрады.
Сонымен қатар обьективтік жағынан қылмыс тек әрекет арқылы ғана емес,сондай
ақ әрекетсіздік арқылы да сипатталады.
Қылмыстық құқықтық әрекетсіздік қоғамдық қауіпті ерікті,енжар қылықтан
тұрады.
Қылмыстық құқықтық әрекет сияқты,әрекетсіздік те ерікті түрде ғана
қылмыстық құқықтың сипатқа ие болады.
Адам қылығының енжарлығы ол оның сыртық көрінісі емес әлеуметтік сипаты.
Субьективтік жағынан экологиялық қылмыстар кінәнің қасақаналық және
абайсыздық нысанымен жасалынады.
Қылмыс субьектісі, яғни экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершіліе
16 жастан басталады және арнаулы субьект болып табылады.

II-Тарау.Экологиялық қылмыстардың нақты бір құрамдары.
2.1 Экологиялық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар.

Экологиялық қылмыстардың нақты бір түріне экологиялық қауіпсіздікке
қарсы қылмыстар жатады.Эколгиялық қауіпсіздікке қарсы қылмыстар бірнеше
түрлерге бөлінеді. Енді олардың бірінші түрін қарастырайық.
Экологиялық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардың нақты бір түріне
шаруашлық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы
(277-бап) жатады.Қылмыстық Кодекстің 277-бабында көрсетілген осы қылмыстың
тікелей обьектісі шаруашлық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық
талаптар: табиғат обьектілетін сақтау, қоршаған ортаны жақсарту, халықтың
экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатын көздейтін қатынастар
болып табылады.
Қылмыстың обьективтік жағы табиғи ресурстарды пайдалану,
кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де обьектілерді жобалау,
орналастыру, салу және жаңғырту, пайдалануға беру және пайдалану,
өнеркәсіп, энергетика, көлік пен байланыс обьектілерін, ауыл шаруашлық
мақсатындағы және мелиорация обьектілерін пайдалану, қалалар мен басқа да
елді мекендерді салу кезінде, әскери және қорғаныс обьектілеріне, әскери
және ғарыш қызметіне қойылатын талаптарды сол талаптардың сақталуы үшін
жауапты адамдардың бұзуы, егер бұл қоршаған ортаның едәуір ластануына,
адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің
жаппай құрып кетуіне және де өзге ауыр зардаптарға әкеп соғуы арқылы
сипатталады.[6.245]
Заңда көрсетілген шаруашлық немесе өзге де қызметті жүргізу
үшін экологиялық қауіпсіздіктің мынадай талаптары сақталуы қажет:жобаны
техникалық –экономикалық негіздеу, жобалауды қоршаған ортаны зиянды
қалдықтармен ластауды жою шараларын қарастырумен бірге қоршаған ортаны
пайдаланудың тиімді жақтарын есепке алу қажет; обьектілері орналастыруда
табиғат ресурстарын тиімді пайдалану жақтары, экологиялық, экономикалық,
демографиялық процестердің даму ерекшеліктері еске алынуы,сондай-ақ
обьектілердің құрылысы құзіретті мемлекеттік органның оны жүргізуге арнайы
түрде берген рұқсатын алғаннан кейін жүргізілуі керек.
Обьектілер барлық экологиялық талаптар орындалғаннан кейін ғана
пайдалануға беріледі;әскери және қорғаныс обьектілері,әскери және ғарыш
қызметіне қойылатын барлық экологиялық талаптар орындалған соң іске
қосылады.Осы қылмыстың обьективтік жағы Қылмыстық кодекстің 277-бабының
диспозициясында көрсетілген шаруашылық және өзге де жұмыстарды жүргізуге
қойылатын экологиялық талаптардың бұзылуы,қылмыстың зардабы және олардың
арасындағы себепті байланыс арқылы көрініс табады.
Талаптардың бұзылуын анықтау үшін арнаулы нормативтік құқықтық
актілерге жүгінуді талап етеді:яғни бұл баптың диспозициясы бланкеттік.
Экологиялық талаптарды реттейтін арнаулы нормалар біршама.Олардың
қатарына:Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18наурыздағы Экологиялық
сараптама туралы;Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Ерекше
қорғалатын табиғи аумақтар туралы; Қазақстан Республикасының 1997 жылғы
15 шілдедегі Қоршаған ортаны қорғау туралы;Қазақстан Республикасының 1993
жылғы 21 қарашадағы Жануарлар дүниесін қорғау,өнімін молайту және
пайдалану туралы;Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 11 ақпанындағы
Өсімдіктер карантині туралы заңдары, сондай-ақ жер қатынастары,
атмосфералық ауаны қорғау туралы т.б.заңдар жатады.
Экологиялық талаптардың бұзылуы орын алғандағы Қазақстан
Республикасының Экологиялық сараптама туралыарнаулы заңымен
реттеледі.Қылмыстық обьективтік жағының тағы бір қажетті белгісі шаруашылық
және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзудың қоршаған
ортаның едәуір ластануы,адамның денсаулығына зиян келтіруі,жануарлар мен
немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуі немесе өзге де ауыр
зардаптардың орын алуы болып табылады.
Қоршаған ортаның едәуір ластануы деп көптеген адамдардың
денсаулығына,жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің өмір сүруіне қауіп
келтіретін залалдарды айтамыз.Адамның денсаулығына зиян келтіруге бір
немесе бірнеше адамға жеңіл,орта немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып
кетуі немесе өзге де ауыр зардаптардың орын алуы болып табылады.[7.321]
Жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне олардың
көптеген аумақтар бойынша сансыз қырғынға ұшырауы жатады.
Өзге де ауыр зардаптарға адамдардың улануы, эпидемия таралуы, қоршаған
табиғи ортаны жақсарту бағдарламасын жүзеге асырудың үзілуі, ірі
материалдық залалдардың келтірілуі тағы басқалары жатады.
Баптың диспозициясында көрсетілген іс әрекеттер мен орын алған
зардаптардың арасында себепті байланыс болуы тиіс.
Қылмыс субьективтік жағынан қасақаналықпен немесе абайсыздықпен
істеледі.
Қылмыс субьектісі арнаулы, он алты жасқа толған, шаруашлық және өзге де
қызметке қойылатын экологиялық талаптардың сақталуына жауапты лауазымды
немесе лауазымды емес адамдар.Мысалы, экологиялық сарапшылар, жергілікті
атқару органдарының лауазым адамдары, қадағалау немесе бақылау органдарының
адамдары.
Ықтимал экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және биологиялық
заттарды өндіру мен пайдалану кезінде экологиялық талаптардың бұзылуы.
Қылмыс обьектісі экологиялық қауіпті химиялық, радиоактивті және
биологиялық заттарды өндіру мен пайдалану кезінде адамның денсаулығы мен
қоршаған ортаны қорғау аясындағы қоғамдық қатынастар.Қылмыстың заты
химиялық, радиоактивті, биологиялық заттар.
Обьективтік жағынан көрсетілген қылмыс ықтимал экологиялық қауіпті
химиялық: радиоактивті және биологиялық заттарды өндіру, тасымалдау,
сақтау, көму, пайдалану немесе өзге де жұмыс істеу кезінде экологиялық
талаптардың бұзылуы, егер бұл әрекеттер адамның денсаулығына немесе
қоршаған ортаға елеулі зиян ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Заңды тұлғалардың жауапкершілігінің мүмкіндігі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Экологиялық қылмыстардың түрлеі
Экологиялық қылмыстарға түсінік
Мемлекеттің конституциялық құрылысына және қауіпсіздігіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы беру
Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар жайлы
Диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Қылмыс құрамы материалдық
Экологиялық құқықтық тәртіп пен табиғи объектілер мен ресурстарды қорғау ережелеріне қарсы қылмыстар
Пәндер