Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері


М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . 2

I-тарау. Конституция- мемлекеттің негізгі заңы: қалыптасуы мен дамуы

1. 1. Конституция-мемлекеттің Негізгі заңы: ұғымы мен мәні . . . 5

1. 2. Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы . . . 10

II-тарау. Қазақстанның конституциялық құрылысының негіздері

2. 1. Қазақстан Республикасы - Республикалық басқару нысанындағы біртұтас мемлекет . . . 22

2. 2. Қазақстан халқы - мемлекеттік биліктің бастауы ретінде . . . 32

2. 3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының жүйесі . . . 36

III-тарау. Адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің негіздері

3. 1. Адам мен азаматтың негізгі құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің жүйесі және жүзеге асырудың конституциялық кепілдіктері . . . 48

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 68

СІЛТЕМЕЛЕР . . . 73

ӘДЕБИЕТТЕР . . . 76

НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР . . . 78

КІРІСПЕ

Демократиялык, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табылады. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашаққа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі қағидаларын белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.

Қазақстан Республикасының Конституциясы - басқа ұлттық құқықтық қайнар көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы. Конституцияның нысаны, алдымен оның бір немесе бірнеше нормативтік актілерден тұратындығымен анықталады.

ҚР Конституциясының 4 бабында «Қазақстан республикасында қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де нормативтік-құқықтық актілердің, Республиканың халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болып табылады» делінген. Және аталған бапта Конституцияның ең жоғарғы заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылатындығы айқындалған. Біз, ҚР Конституциясының мемлекеттің негізі заңы ретіндегі мәні мен маңызын зерттей отырып, оның бағытын төмендегіше құрылымдармен зерттеу жүргіздік. Жұмыс мазмұны 3 тараудан тұрады. Бірінші тарауда, Конституция - мемлекеттің негізгі заңы ретінде оның қалыптасуы мен даму кезеңдері 2 бөлікте қамтылған. Екінші тарауда, Қазақстанның конституциялық құрылысының негіздері қамтылған. Конституциялық құқық мемлекет құрылысын құрайтын құқықтық нормалардан тұрады, демек, Қазақстанның мемлекет нысанына талдау жасап, оның Президенттік басқару жүйесінің ерекшелігін және құрылымдық жағынан біртұтастық мәртебесін, сонымен бірге мемлекеттік билік етудің демократиялы әдістермен жүргізілу барысын және ондағы мемлекеттік билік органдарының конституциялық құқықтық мәртебесін зерделедік. Ата Заңымыздың 1 бабында айтылғандай мемлекет қазынасы - адам өмірі мен оның құқықтары мен бостандықтары. Олай болса біз жұмысымыздың үшінші тарауында адам және азаматтардың құқықтық мәртебесінің негіздеріне және оның құқықтарының жүзеге асырылу кепілдіктеріне тоқталдық. Бітіру жұмыс тақырыбының өзектілігі еліміз өз егемендігін жариялап, тәуелсіздігін еншілеп, өзіндік даму жолына нық қадам басты. Оның тарихында ата-бабалар үшін талай ғасыр арман болған тәуелсіздік тұғыры бекіді. Біздің тұңғыш Президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың ұстанған алғыр саясаттылығы мен тұрақты ұстанымының арқасында біршама экономикалық, әлеуметтік және саяси жақтарымызбен үлкен жетістіктерге жетудеміз. Сондықтан да мемлекетіміздің алдына қойып отырған өзіндік стратегиясы құқықтық мемлекет құру. Осы мақсат тұрғысында Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы пәндері бойынша алған теориялық білімдерімізден болашақ құқықтық білімді оқытатын педагог маман ретінде халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқықтық сана-сезімді нығайтуда біздерге жауапкершілікті міндеттер талап етілетіндігі белгілі. Құқықтық мемлекеттің ерекше белгісі-ол заңның үстемдік етуі, Конституцияның жоғары тұруы, яғни Ата заңымыздың құқықтық, саяси маңызын зерттеп-зерделеу негізгі мақсатымыз болмақ. Бұл тақырыпты зерттеу аясында бірнеше ғалым мамандардың ғылыми еңбектеріне, оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдарына арқа сүйедік. Атап айтсақ, Ғ. Сапарғалиев. Мемлекет және құқық теориясы, Т. Ағдарбеков Мемлекет және құқық теориясы, Ғ. Сапарғалиев ҚР Конституциялық құқығы, ҚР-ның Конституциялық құқығы (оқу-әдістемелік нұсқау) . Шопин В. Д., З. О. Ашитов. Егеменді Қазақстан құқықтары, Аюпова З. К., Сабикенов С. А., Құқықтық Мемлекеттің концепциясы. Утафин О. Е., Козлова Е. И. Ресейдің Конституциялық құқығы., Михалева Н. А. Конституциялық құқық ғылымының негізгі мәселелерін талқылау. В. В. Маклакова. Шетел Конституциялық құқығы, С. Табанов. Құқық теориясы мен сот жүйесініңң Конституциялық негіздері., Зиманов С. Конституция и Парламент РК., Н±рпейсов Е. Котов А. Ќазаќстан Республикасы: хандыќ биліктен Президенттік Республикаѓа дейін., Сартаев С. К‰нќожаева Г. Ќазақстан Республикасында билікті бµлу жєне оларды ж‰зеге асыру принциптерініњ ќалыптасуы. т. б.

Сондай-ақ жұмысымызды ҚР Президенті Н. Назарбаевтың халыққа берген Жолдауларында айтылған жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның демократиялық реформалардың алдағы кезеңдерде жүргізілетін негізгі бағыттарын, оның ішінде Парламенттің өкілеттігін кеңейту; саяси партиялардың ролін арттыруға бағытталған шараларды қабылдау; сот-құқық жүйесін жетілдіру; - жергілікті өкілетті органдарды дамыту тұрғысында ой-пікірлерін тілге тиек еттік.

Елімізде болып жатқан саяси өзгерістердің біз үшін басты мақсаты -биліктің бір мезгілде елде саяси тұрақтылықты сақтап, біздің азаматтардың барлық Конституциялық құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ете отырып, қоғам мен мемлекетті басқарудың барынша тиімді жүйесін қамтамасыз ете алатын осы заманғы демократиялық пішініне қарай адымдау қажеттігімен және ҚР Президенті Н. Назарбаевтың 2008 жылғы 6 ақпанда Халыққа берген «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру - мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Жолдауын негізге ала отырып, Қазақстанның әлеуметтік мемлекет ретінде өзін-өзі орнықтыру саясатының жүзеге асырылу бағыттарын талдаумен бітіру жұмысымыздың қорытынды пікірін түйіндедік.

I-тарау. Конституция - мемлекеттің негізгі заңы:

қалыптасуы мен дамуы

1. 1. Конституция - мемлекеттің Негізгі заңы: ұғымы мен мәні

Қазақстан Республикасының Конституциясы - демократиялык, өркениетті даму жолына түскен мемлекет пен қоғамның негізгі, басты нормативтік актісі. Конституция қоғамдық өмірдің барлық құқықтық күшті бойына жинақтаған. Конституция мемлекеттік және қоғамдық құрылысты, оның болашақ қа бағытталған ұйымдастырылуы мен қызметі қағидаларын белгілейді. Онда адамдар мен азаматтардың, мемлекеттің қайнар көзі және әлеуметтік негізі ретінде бүкіл халықтың конституциялық мәртебесі бекітіледі. Конституция тек конституциялық құқықтың ғана емес, сондай-ақ ұлттық құқықтың барлық салаларының да қайнар көзі болып табылады. Сондықтан оған басқа нормативтік құқықтық актілерде кездеспейтін сипаттар тән.

1. Конституцияны қазақстан халқы қабылдады. Сондықтан Конституцияда халықтың, оның мәнін сипаттайтын еркі білдірілген. Социализм кезінде де Конституция халықтың еркін білдіреді деп есептелді. Осыған орай халық еңбекшілерден -жұмысшы табынан, шаруалар мен еңбек интеллигенциясынан тұратындығы атап көрсетілді. Халықты бұлайша сипаттау кез келген әлеуметтік құбылысқа, марксшіл-лениншіл ілімге тән таптық көзқараска негізделді.

ҚР Конституциясы 1993 жылы халықтың таптық сипаттамасынан тұңғыш рет бас тартты. Онда енді жұмысшы табы туралы, шаруа және еңбек интеллигенциясы туралы сөз болған жоқ. Жалпы "еңбекші" термині 1993 жылғы Конституцияда да, 1995 жылғы Конституцияда да қолданылмайды. Дегенмен, Конституцияның екеуінде де халық туралы айтылады. ҚР бүкіл әлеуметтік қабатын жинақтаған тұтас әлеуметтік-саяси құбылыс ретінде ұғынылады. Осыған орай, "халық" ұғымы ҚР Конституциясына сәйкес, біріншіден, ол байлык, жағдайына қарай әлеуметтік қабаттарға, таптарға бөлінбеушілікті білдіреді, сөз жок, бұл маңызды конституциялық фактор болып табылады. Конституцияда мемлекет әлеуметтік, яғни, бүкіл халықтың өкілі ретінде танылады. Бұл мемлекеттің тұрғындардың қандай да болсын бір тобына екінші бір тобын кемсіту арқылы басымдық бермейтіндігін білдіреді. Мемлекет тиісінше, олардың әлеуметтік жағдайларына қарай тұрғындардың барлық қабаттарына қамқорлық көрсетуі тиіс. ҚР Конституциясы бүкіл халықты әлеуметтік топтарға бөлмей, олардың құқықтарын шектемей конституциялық-құқықтық қатынастар субьектісі ретінде таниды. Екіншіден, халық ұғымына көпұлтты қоғам жағдайында қазақ ұлты, басқа да барлык, ұлттық топтар жатады. Бұл, мемлекеттегі бүкіл халықтың әлеуметтік базалық негізін құрайтын казақ ұлтына ерекше: құкықтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени жеңілдіктер берілмейтіндігін білдіреді.

Қазак тілін мемлекеттік тіл ретінде тану жеңілдіктер қатарына жатпайды, тек мемлекеттің барлық жерде және қайда да болсын ұлттык нысаны бойынша ұлттық болып табылатын сипатына жатады. Орыс тілін ресми қолданыс тілі ретінде тану да бұл салада жеңілдік берілмейтіндігін көрсетеді.

Сөйтіп, халықты Қазақстан Республикасының Конституциясын жасаушы деп тану оның мәндік сипатын білдіреді. Сондықтан ҚР 1995 жылғы Конституциясы: "Біз, Қазақстан халқы осы Конституцияны қабылдаймыз" деген сөздермен басталады. Қазақ халқы Конституцияны референдумның қорытындысымен қабылдады. ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар республикалық референдум арқылы енгізілуі мүмкін. Басқаша айтқанда, халық Конституцияны қабылдап қана қойған жоқ, ол Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар да енгізе алады. Әрине, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын Президент Парламенттің карауына бере алады. Алайда, мұндай жағдайда да халық сырт қалмайды. Парламент халықтың жоғары өкілетті органы, сондықтан ол Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды халықтың атынан қабылдайды.

2 . Қазақстан халқы Конституцияны қабылдайтын бірден-бір субьект деп танудан оның құрылтайшылық сипаты туындайды. Қазақстан халқы елдегі мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі және егемендікті қолдаушы болып табылады. Сондықтан ол құрылтайшылық биліктің иесі. Нақ Конституция арқылы Қазақстан халқы мемлекетті құрды, оның басқару және кұрылым нысандарын, әлеуметтік-экономикалық құрылыс негіздерін, адам мен азаматтың мәртебесін белгілейді. Тек халық, ал халық атынан тек Парламент қана мемлекеттің құрылым негіздеріне өзгерту енгізе алады. Сонымен бірге Конституцияда мемлекеттіліктің мейлінше мәнді кезеңдері тұрақтылық, біртұтастық қағидалары нығайтылған. Ол - мемлекеттік құрылымның біртұтас нысаны, басқарудың Президенттік нысаны және аумақтық тұтастық.

3. Конституцияның маңызды ерекшелігі бір жағынан, мемлекеттің, екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы ретінде қолданылуы болып табылады. Бұл халықтың мемлекеттік биліктің қайнар көзі және қоғамның әлеуметтік базасы ретіндегі мәртебесімен байланысты. Ол оның егемендігін барлық элементтерімен: аумағымен, жоғарғы билігімен, азаматтығымен, дербес заңдарымен және басқаларымен орнықтырады. Конституция мемлекеттің, мемлекеттік органдардың қоғаммен, қоғамдық институттармен өзара қатынасының негізін қалайды. Конституция қоғамдық, экономикалық, ұйымдық, әлеуметтік, діни, жекелік құрылыстың негіздерін анықтайды. Сондықтан мемлекет қана емес, оның институттары да Конституцияның құқықтық қағидаларын, идеяларын жинақтайды. Конституция қоғамдық қатынастардың базалық, түпкі негіздерін реттей отырып, қоғам өмірінің барлық салаларын қамтымайды. Конституцияның нормасын бұзу көпұлтты Қазақстан халқының занды еркіне қол сұғу болып табылады. ¤ркениетті, демократиялық қоғамда Конституцияға, оның қолданылуына, тиімділігіне айрықша мән беріледі. Конституцияның мәселесі екі кезеңнен: 1) оның жобасын әзірлеу, 2) қолдану кезеңінен тұрады. [2]

Бірінші кезеңде Конституцияның қағидалары және нормаларымен бірге оның қабылданғаннан кейінгі қолданылу механизмі терең, мұқият ойластырылады. Бірінші кезекте тұжырымдауға әзірленеді және Конституция нормаларының мазмұны айқындалады. Сондықтан Конституцияның жобасы Конституцияның тұжырымдамаларын жасауға жол ашады. Мемлекеттік құрылыс тұжырымдамасы, адам құқығы тұжырымдамасы, меншік құқығы тұжырымдамасы және басқалары осындай түжырымдамалар болып табылады.

Конституцияның түжырымдамаларын маман заңгерлердің, экономистердің және басқалардың шағын тобы әзірлемеуі тиіс. Олардың, мүдделерін анықтап, Конституцияда оны ескеру үшн оны әзірлеуге әр түрлі партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың, таптардың, ұлттардың, әлеуметтік топтардың және басқаларының өкілдерін тарту керек. ¤йткені қоғамдық қатынастар дың аталған субьектілерінің мүдделері обьективті факторлармен елеулі түрде белгіленген. [17]

Мемлекеттілік және тұтастай алғанда қоғам мүддесі қағидаларына қайшы келетін идеялар да тұжырымдамалық сипатта ерекшеленуі мүмкін. Мұндай тұжырымдамалық идеялар конституциялық нормаларда орнықтырылмауы тиіс. Мұның мысалы ретінде кезінде ұлтаралық келісімге, Қазақстан мемлекетінің түпкі негізіне нұқсан келтіретінін саналы түрде сезінген немесе сезінбегендердің табандылықпен ұсынған қос азаматтық туралы қағидасын атауға болады.

Екінші кезең - Конституцияның қолданылуы. Конституция тікелей қолданылады. Конституция нормаларының тікелей қолданылу көріністерін жеке-жеке қарастырайық.

1. Конституцияның құқықшығармашылық рөлі екі бағытта көрінеді.

А. Қандай зандар кабылдау керек екендігін Конституция тура көрсетеді. Бұл заңдар не дәл аталады, не жалпы сипатта көрсетіледі.

Б. Конституция олардың нысандарын көрсете отырып, бірқатар жоғары мемлекеттік органдардың норма шығармашьшық өкілеттігін белгілейді. Парламент-зандар, Президент-белгілі бір жағдайларда зандық күші бар нормативтік жарлықтар, үкімет- нормативтік қаулылар, Конституциялық Кеңес және Жоғарғы Сот - нормативтік қаулылар қабылдайды. [4]

2. Конституция нормаларының тура қолданылуы барлық мемлекетгік органдарға, оның ішінде соттардың да қызметіне қатысты. Конституция нормаларының тікелей қолданылуы мемлекеттік органдардың, белгілі бір жағдайларға байланысты Конституция нормаларын тура және тікелей қолдана алатындығын (қолдануы қажеттігін) білдіреді.

3. Конституциялық нормаларды тікелей азаматтар мен ұйымдардың өздері жүзеге асыра алады. Конституцияның көптеген нормалары азаматтарға, олардың бірлестіктеріне өзін-өзі басқаруға және өзін-өзі реттеуге мүмкіндік береді.

4. Конституция құқықты, бостандықты және занды мүдделерді қорғауға кең жол ашады. Азаматтардың өздері Конституцияның нормаларына сүйеніп, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға тиіс.

5. Конституция қоғамдағы өмір салты мен көңіл күйге белсенді ықпал ете алады. Бұл орайда, мемлекет органдары қызметінің Конституцияда белгіленген қағидалары: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, қазақстандық патриотизм, қоғам өмірінін мейлінше маңызды мәселелерін демократиялық өдістермен шешу [3] маңызды рөл атқара алады. Бұл қағидалардың тек мемлекеттік органдарға ғана емес, сондай-ақ барлық азаматтарға да қатысты екендігін ескеру керек.

6. ҚР Конституциясы институттық қайта құруларды көздейді. Бұл нормалар жүзеге асырыла бастады. Біріншіден , прокуратура, екіншіден, құқыққорғау органдары қайта құрылды, үшіншіден, Конституциялық Кеңес құрылды, төртіншіден, қос палаталы Парламент қалыптасып үлгерді және ең бастысы -ҚР-да президенттік басқару жүйесі құрылды. Аталған қайта құрылулар - конституциялық нормалардың бір жолғы әрекеті емес, олар тұрақты жүргізілетін және жетілдірілетін болады.

1. 2. Қазақстан Республикасы Конституциясының даму тарихы

Қазақстан Республикасының Конституциясы - басқа ұлттық құқықтық қайнар көздеріне қарағанда ең жоғарғы заң күші бар, мемлекеттік және қоғамдық құрылыс негіздерін, адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерінің негіздерін, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызмет принциптерін бекітетін және реттейтін мемлекет пен қоғамның Негізгі заңы. Конституцияның нысаны - бұл конституциялық нормалардың жазылуы мен тұжырымдау тәсілі. Конституцияның нысаны, алдымен оның бір немесе бірнеше нормативтік актілерден тұратындығымен анықталады.

Біртұтас және жалғыз конституциялық акт болып есептелінетін, мысалы, Германия, Испания, Ресей, Қазақстан Республикасының конституцияларын айтсақ та жеткілікті. Ал бұлардан айрықша Швеция конституциясы үш нормативтік актілерден тұрады: 1974 жылғы басқару нысаны, онда мемлекеттік құрылыс негіздері, негізгі бостандықтар мен құқықтар және мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесі реттелінген; 1810 жылғы мұрагерлік таққа отыру актісі және 1974 жылғы ақпарат құралдарының еркіндігі жөніндегі акт. [5]

Егер Конституцияда, тұтас жазбалы акті ретінде бүкіл конституциялық мәні бар негізгі мәселелерді қамтыса, онда оны (сұрыпталған) деуімізге болады. Ал өзге жағдайда, айталық, жоғарыдағы мәселелер бірнеше актілерде өз шешімін тапса, онда оны, керісінше, кодификацияланған деп есептейміз.

Кодификацияланған конституциялардың құрылымы белгілі бір қалыптардың түрлеріне сай келуі тиісті. Оның ірге тасы преамбуладан (кіріспеден), негізгі бөлімнен (негізгі мазмұннан), қорытындылардан, өтпелі және қосымша ережелерден қалануы қажет. [7] Әдетте, преамбулаға конституцияның мақсаты жазылады, шығуының тарихи жағдайлары көрсетіледі, кей кездерде құқықтар мен бостандықтар немесе мемлекеттік саясаттың басты бағыттары айқындалады. Негізгі бөліміне азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, қоғамдық құрылыстың негізі, мемлекеттік органдардың жүйелері мен мәртебесі, мемлекет рәміздері, конституцияны өзгерту тәртібі туралы нормалар енеді. Мемлекеттік органдардың мәртебесі туралы нормалар мемлекеттік биліктің бөліну қағидаларына сәйкестендіріліп орнықтырылады: көбінесе, алдымен парламент жөніндегі нормалар, одан кейін мемлекет пен үкімет басшылары, сот билігі және жергілікті мемлекеттік басқару нормалары.

Қорытынды ережелерде әр түрлі нормалар сөз етіледі. Мұнда, әдетте, конституцияның күшіне ену тәртібі тағайындалады. Конституцияны өзгерту тәртібі мен мемлекеттің рәміздері туралы нормалар негізгі бөлікке енбеген жағдайда ғана қорытынды ережелерде тұжырымдалуы мүмкін.

Қазақстан өмірінде еліміздің Ата Заңы бес рет қабылданған болатын [8] . Ең біріншісі -Қырғыз автономды Кеңестік Социалистік Республикасының 1926 жылғы 18 ақпанындағы Конституциясы. Көпшілік зиялы қауым осы актіні елемей келеді. Оның да өзіндік сыры бар. Өйткені, сол кезде біздің еліміз РКФСР-дің қарамағында болатын. 1926 жылғы Конституция ҚАКСР Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен бекітіліп, РКФСР Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетіне бекітуге жіберілген болатын. Бірақ бұл Конституцияның соңғы жобасы онда қаралмады. Сондықтан ол республика аймағында іс жүзінде қолданылмапты. Сөйтіп ол жоба түрінде жабулы қалды. Соған қарамастан біз бұл туралы мәліметті естен шығармауыз қажет, өйткені, оның бөлімдері мен тарауларындағы тұжырымдар біздің тарихымыз, ғылымыз үшін өте орасан зор мәні бар екендігін сезінуіміз қажет деп санаймыз.

Екінші конституционализм кезеңі - бұл 1937 жылғы 26 наурыздағы ҚКС Республикасының Конституциясы. Ол төтенше Бүкілқазақ съезінің қаулысымен алғысөзсіз, бөлімдерсіз бекітілген. Тек 11-тараудан(қоғамдық құрылыс, мемлекеттік өкіметтің жоғарғы органдары; мемлекеттік басқару органдары; мемлекеттік өкіметтің жергілікті органдары; бюджет; сот және прокуратура; азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері; сайлау жүйелері; елтаңба, ту, астана; конституцияны өзгерту тәртібі) және 124 баптан тұрады. Осы мәліметтерге көңіл аударар болсақ, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері тек 9-тарауда ғана берілген. Оның 108-бабының 2-бөлігіндегі «Қоғамдық социалистік меншікке қол сұғушы адамдар халық жауы болып табылады» деген сөздер жаныңды түршіктіреді. Қанша адам тек қоғамдық меншікке қол сұққаны үшін, оның көлемі мен мөлшеріне, сапасы мен құнына қарамастан атылды десеңші!

Үшінші - 1978 жылғы 20 сәуірдегі Қазақ КСР Конституциясының қабылданып бекітілуі. Ол 10 бөлімнен, 19 тараудан, 173 баптан тұрады. Бұл негізгі заңның өзекті мәселелері -жалпыхалықтық мемлекетті, мемлекет құрылысының принциптерін, қоғамның саяси жүйелерінің бөліктерін немесе буындарының мызғымастығын уағыздау, ең бастысы- қоғамдық саяси ұйым ретінде Коммунистік партияның үстемдігін заңдандыру. Барлық Қазақстан Конституцияларына, социалистік типтік ретінде, тән ерекшелік қасиеттерінің болуы. Ең алдымен олардың таптық мәндігі оқшауланып тұрады. 1978 жылғы Ата Заңда Коммунистік партияның барлық қоғамдық өмірдегі басымдылығын, оның бағыт беруші басшылық ролін нығыздауды, экономикалық жүйенің негізі ретінде - мемлекеттік (жалпыхалықтық) және колхоздық -кооперативтік меншігін бекітті, шаруашылықты жоспарлы түрде жүргізуді айқындады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының толықтылығы
Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық негіздері
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебе
Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Азаматтық әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Жеке тұлғаның құқықтар мен бостандықтарын қорғаудағы сот органдарының маңызы
Адам және азаматтардың конституциялық міндеттері
Адам және азаматтың жеке құқықтары мен бостандықтары
Азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесі
Әкімшілік құқықтық қатынастар туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz