Кесте



1. Кесте
2. Кестелерді сырттан әкелу (импортгау) режимі
3. Кестелермен байланыс режимі
4. Кестелер арасындағы байланыстарды құру
Кесте құрудың жоғарыда айтылған екі режимінен басқа Кесте шебері деп аталатын, үшінші режимін қарастырайық. Бұл режимде программа өзіндегі арнайы дайын тұрған кестелерді пайдаланады. Кесте шебері 4 қадамнан тұрады, оның әр қадамына сәйкес терезелер ашылып, онда тиісті жұмыстар атқарылады.
1-қадам. Ашылған терезеде кестелер үлгісі тізімінен таңдалған кестенің өрістер үлгісіндегі тізімінен жаңа кестеге қажетгі өрістер таңдап, Әрі қарай түймесін шерту керек.
2-қадам. Ашылған терезеде кестеге жаңа атау беріп, оның кілттік өрісін анықтау режимдерінің бірін тандап, Әрі қарай түймесін шерту керек. Кілттік ерісті анықтау режимінің екі жағдайы бар: автоматты түрде анықталатын құрастырушының өзі анықтайтын. Яғни оның біріншісінде программаның өзі, ал екіншісінде құрастырушының өзі сұхбаттық терезе сұрағыма жауап бере отырып, кілттік өрісті анықтайды.
3-қадам. Кестені басқа кестелермен байланыстыру мүмкіндігін беретін терезе ашылады. Программа барлық кестелерге кілттік өрістері бойынша талдау жасайды. Егер олардың ішінде осы құрылып жатқан кесте өрістерімен аттас өрістері бар кестелер кездессе, онда оларды осы жаңа кестемен байланыстырады, Ал, егер ондай кестелер табылмаса, онда бұл терезеде олардың атаулары алдына байланыспаған сөзі тіркелген тізім көрінеді. Кестелер арасындағы байланысты құрастырушы өзі анықтауына болады. Ол үшін Байланыстар түймесін шерту керек. Байланыс жұмысы аяқталған соң, Әрі қарай түймесі басылады.
4-қадам. Шебер жұмысы аяқталғаннан кейін орындалатын мынадай үш режимнің бірі таңдалады: кестелер құрылымын өзгерту; берілгендерді кестеге тікелей енгізу: берілгендерді Шебер көмегімен құрылған форма арқылы кестеге енгізу, Мұндағы бірінші жағдайда жаңа кесте үшін құрастырушы режимі ашылады, екінші жағдайда ол кесте түрінде ашылады (негізіңде, бұл режимге БҚ терезесіндегі Ашу түймесі арқылы көшеді), ал үшінші жағдайда жаңа кесте үшін шебер қарапайым форма құрастырады (қажет болса, оны сақтауға да болады), Терезеде осы режимдердің қажеттісі тандалған соң Дайын түймесі басылады.
Сонымен, Дайын түймесі басылғаннан кейін кесте шебері құрастыру жұмысын толық аяқтап, 4-қадамда таңдалған режимнің бірінде жаңа кестені көрсетеді.

Кестелер шебері
Кесте құрудың жоғарыда айтылған екі режимінен басқа Кесте шебері деп
аталатын, үшінші режимін қарастырайық. Бұл режимде программа өзіндегі
арнайы дайын тұрған кестелерді пайдаланады. Кесте шебері 4 қадамнан тұрады,
оның әр қадамына сәйкес терезелер ашылып, онда тиісті жұмыстар атқарылады.
1-қадам. Ашылған терезеде кестелер үлгісі тізімінен таңдалған кестенің
өрістер үлгісіндегі тізімінен жаңа кестеге қажетгі өрістер таңдап, Әрі
қарай түймесін шерту керек.
2-қадам. Ашылған терезеде кестеге жаңа атау беріп, оның кілттік өрісін
анықтау режимдерінің бірін тандап, Әрі қарай түймесін шерту керек. Кілттік
ерісті анықтау режимінің екі жағдайы бар: автоматты түрде анықталатын
құрастырушының өзі анықтайтын. Яғни оның біріншісінде программаның өзі, ал
екіншісінде құрастырушының өзі сұхбаттық терезе сұрағыма жауап бере отырып,
кілттік өрісті анықтайды.
3-қадам. Кестені басқа кестелермен байланыстыру мүмкіндігін беретін
терезе ашылады. Программа барлық кестелерге кілттік өрістері бойынша талдау
жасайды. Егер олардың ішінде осы құрылып жатқан кесте өрістерімен аттас
өрістері бар кестелер кездессе, онда оларды осы жаңа кестемен
байланыстырады, Ал, егер ондай кестелер табылмаса, онда бұл терезеде
олардың атаулары алдына байланыспаған сөзі тіркелген тізім көрінеді.
Кестелер арасындағы байланысты құрастырушы өзі анықтауына болады. Ол үшін
Байланыстар түймесін шерту керек. Байланыс жұмысы аяқталған соң, Әрі қарай
түймесі басылады.
4-қадам. Шебер жұмысы аяқталғаннан кейін орындалатын мынадай үш
режимнің бірі таңдалады: кестелер құрылымын өзгерту; берілгендерді кестеге
тікелей енгізу: берілгендерді Шебер көмегімен құрылған форма арқылы кестеге
енгізу, Мұндағы бірінші жағдайда жаңа кесте үшін құрастырушы режимі
ашылады, екінші жағдайда ол кесте түрінде ашылады (негізіңде, бұл режимге
БҚ терезесіндегі Ашу түймесі арқылы көшеді), ал үшінші жағдайда жаңа кесте
үшін шебер қарапайым форма құрастырады (қажет болса, оны сақтауға да
болады), Терезеде осы режимдердің қажеттісі тандалған соң Дайын түймесі
басылады.
Сонымен, Дайын түймесі басылғаннан кейін кесте шебері құрастыру жұмысын
толық аяқтап, 4-қадамда таңдалған режимнің бірінде жаңа кестені көрсетеді.

Кестелерді сырттан әкелу (импортгау) режимі
Access программасынын әр түрлі форматтағы басқа файлдар мәліметтерін
Б.Қ мәліметіне айналдыру мүмкіндігі бар. Оны 2.8-суретте көрсетілген
терезеде орындауға болады.
Берілгендерді DBASE, FOXPRO сияқты БҚ-нан импорттау мейлінше оңай
орындалады. Өйткені, олардың құрылымдары ұқсас, яғни БҚ-да мәліметтер кесте
түрінде сақталады. Бұл импорттауды автоматты түрде жүргізуге мүмкіндік
береді.
Ал, EXCEL электрондық кестесінен импорттау оңай жұмыс емес. Оның жұмыс
парағы да бағандардан тұрғанымен, олар БҚ-ғы бағандар сияқты емес. Өйткені,
олар әр түрлі типтегі берілгендерді сақтай алады. Мұндай импорттау кезінде
қолданушыға бірнеше қосымша сұрақтар беріледі. Сол сұрақтарға жауап бере
отырып, импорттау жұмысын орындауға болады. Бірақ, соның өзінде де,
берілгендер толық көшірілмеуі мүмкін.
Информациялық жүйелерде қолданылатын берілгендерден тұратын текстік
файлдарды да импорттауға болады. Мұндай файлдардың ерекшелігі оларда
берілгендер белгілі бір ретпен жазылады.
Берілгеңдерді импорттау арнайы Шебер арқылы орындалады. Оның жүмысы 2.8-
суреттегі параметрлерді анықтаудан басталып, алты қадамнан тұратын Шебер
терезелерінде қажетті тандауларды орната отырып, ең соңғы терезедегі Дайын
түймесін басумен аяқталады. Сонда бастапқы алынған файлдағы мәліметтер
Access БҚ-ның мәліметтеріне айналады. Сонымен, импорттау процесінде Access
кестесінің өрістері анықталып, ондағы мәліметтер сырттағы басқа файлдан
алынады.

Кестелермен байланыс режимі
БҚ-ларының Access-те қолдау табатын бірнеше форматтары бар. Сондықтан
кейбір жағдайларда БҚ-нан импорттаудың орнына файлмен байланыс орнату
жеткілікті. Бұл тәсіл әр түрлі БҚБЖ-де құрылған екі информациялық жүйені
интегралдауға мүмкіндік береді.
Сонымен кестелермен байланыс режимінің алгоритмі мынадай:
1. Жаңа кесте сұхбаттық терезесінде (2.1-сурет) кестелермен байланыс
тәсілін белгілеп, ОК түймесін басу керек.
2. Пайда болған Байланыс терезесінде байланыс жасайтын файл және оның
типі таңдалады.
3. Жабу түймесін басып, байланыс процедурасын аяқтау керек. Осы
қадамдардан кейін ағымдық қатынаста байланысқан БҚ жайында информация
сақтау үшін, INF типтегі файл құрылады да, атауы байланыс файлы атауымен
аттас кесте пайда болады. Байланысқан кестеде жаңа өріс құруға болмайды,
бірақ жазбалар қосу мүмкіндігі бар.

Кестелер арасындағы байланыстарды құру
БКБЖ-нің негізгі артықшылығы жеке кестелермен емес, өзара байланысқан
кестелер тобымен жұмыс істеу кезінде көрінеді. Access-те кестелер
арасындағы байланыстарды құру үшін Берілгендер схемасы деп аталатын арнайы
сұхбаттық терезе бар. Бұл терезені Сервис - Берілгеңдер схемасы
командасымен немесе саймандар тақтасында өзімен аттас түймені шерту арқылы
ашуға болады,
Егер БҚ-дағы кестелер арасында бұрын ешқандай байланыс болмаса, окда
Берілгендер схемасы терезесін ашу кезінде кестелерді қосу (толықтыру)
терезесі бірге ашылады (2.9-сурет),
Кестелерді қосу терезесінде кесте аралық байланыстар құрылымына
енгізетін қажетті кестелерді таңдауға болады. Ал, егер кестелер арасындағы
байланыстар осыған дейін орнатылған болса, онда Берілгендер схемасына жаңа
кесте енгізу үшін, оның контексті мәзірінде кестені қосу бөлімін таңдау
қажет.
Берілгендер схемасында байланыстыруға қажет барлық кестелер таңдалып
болған соң, осы кестелер өрістері арасында байланыс құруға кірісу керек. Ол
үшін бір кестедегі өріс атауын екінші кестедегі оған сәйкес байланысқан
өріс атауына қарай тасу керек. Өрістерді тасып болған соң, құрылған
байланыстар қасиеттерін анықтауға мүмкіңдік беретін Байланыс сұхбаттык,
терезесі ашылады (2.10-сурет).
Байланыс терезесінде Бepілгендердің біртұтастығымен жабдықтау,
Байланысқан өрістерді каскадты жаңарту және Байланысқан жазбаларды каскадты
жою деген үш параметр бар. Мұндағы берілгендердің біртұтастығын жабдықтау
параметріндегі жалаушаны орнату бір кестедегі жазбалардың жойылып кетуінен
сақтандырады. Біртұтастық шарты бар болуы үшін негізгі кестенің өрісі
кілттік болуы қажет және байланысатын екі өрістің типі бірдей болуы керек.
Ал, қалған екі параметр негізгі кестеде берілгеңдерге өзгеріс енгізу
кезінде оған бағынышты барлық кестелердегі мәліметтердің бір мезгілде
өзгеруін яғни, олардың жойылуы мен жаңаруын қамтамасыз етеді.
Мысалы, бір қызметкердің фамилиясы өзгерген болса, онда оны
қызметкерлер кестесіндегі фамилия өрісінде ғана өзгерту жеткілікті, ал
қалған байланысқан кестелерде ол автоматты түрде өзгереді.
Кестеаралық байланыстардың төрт типі бар; "көбі-біріне" (∞ → 1); "бірі-
кебіне" (1 → ∞); "бірі-біріне" (1 → 1) және "көбі-көбіне" ( ∞ → ∞). Мұндай
байланыстар кезінде бірінші кесте басты, ал екіншісі оған бағынышты кесте
деп аталады. Яғни "көбі-біріне" типтегі байланыс кезінде басты кестедегі
бірнеше жазбаға бағынышты кестедегі бір ғана жазба, "бірі-көбіне" типтегі
байланыс кезінде басты кестедегі әрбір жазбаға бағынышты кестедегі бірнеше
жазба, ал "бірі-біріне" типтегі байланыс кезінде басты кестедегі әрбір
жазбаға бағынышты кестедегі бір ғана жазба сәйкес келеді. Төртінші "көбі-
кебіне" типтегі байланысты орнату үшін көмекші кесте қажет болады. Бұл
жағдайда басты кесте мен көмекші кесте арасында "көбі-біріне" байланысын,
ал көмекші мен бағынышты кесте арасында "бірі-көбіне" байланысын орнату
қажет.
Сонымен Берілгендер схемасы терезесінде жоғарыда айтылған кестелер
арасындағы байланыстардың типтері көрнекі түрде бейнеленеді. 2.9-суретте
"бірі-көбіне" типтегі байланыс кескінделген.
Орнатылған байланысты жою үшін, осы байланыс сызығында тышқанның оң жақ
түймесін шертіп, пайда болған контексті мәзірдегі Жою командасын қолдану
керек.

Сұраныстар
Сұраныстар арқылы бір немесе бірнеше байланысқан кестелерден
берілгендерді, анықталған шарт бойьшша, іріктеп алуға болады. Access-те
сұраныс құрудың бірнеше тәсілдері бар. Олар Сұраныс жапсырмасындағы Құру
түймесі басылғанда пайда болатын Жаңа сұраныс терезесінде көрсетілген (4.1-
сурет).
Қарапайым сұраныс
Жаңа сұраныс терезесінде оның Қарапайым сұраныс түрін таңдап, ОК
түймесін шерткенде Қарапайым сұраныс шебері іске қосылады. Бұл кезде
шебердің бірінші терезесі ашылады да, сұраныс жасалатын қажетті кестелер
мен олардың қажетті өрістері таңдалады. Егер сұраныс жасау үшін бір ғана
кесте мәліметтері жеткілікті болса, онда шебердің екінші терезесінде
сұранысқа атау беріледі де, Дайын түймесі шертіледі. Бұл жағдайда шебер
бірінші қадамда көрсетілген кестенің таңдалған өрістері мен олардың
берілгендерін ғана сұраныс-кестесінде шығарады.
Ал, егер сұранысқа екі немесе бірнеше кесте мәліметтері қажет болса,
онда шебердің екінші терезесінде толық немесе қорытынды параметрлерінің
бірі таңдалады да, оның атауы үшінші терезеде енгізіледі. Дайын түймесі
шертілгеннен кейін экран бетіне жаңадан құрылған сұраныс-кестесі ашылады.
Осы жағдайдағы Қарапайым сұраныс шеберінің жұмысын түсіну үшін, топ
студенттері мен олардың үш пәннен әр уақытта алған бағалары бойынша
толтырылған екі кесте қарастырайық (4.2-сурет). Олардың Код (1-кесте) және
Фамилия коды (2-кесте) өрістері арасында Берілгендер схемасы командасы
бойынша байланыс орнатылсын (2.7-тақырыпшаны қараңыз). Сонан соң осы
кестелердегі мәліметтерден қажетті сұраныс құралық. Оның алгоритмі мынадай:
1. Сұраныс жапсырмасында Құру түймесін басып, Қарапайым сұраныс
командасын таңдап, ОК түймесін шерту.
2. 1-кестеден Фамилия және 2-кестеден Баға өрістерін таңдау.
3. Толық параметрін белгілеу.
4. Сұранысқа атау беріп, Дайын түймесіы шерту (компьютер берген атауды
қалдыруға да болады). Сонда жаңадан сұраныс кестесі құрылады (4.3а-сурет).
Жоғарыдағы әрекеттердің үшіншісінде толық параметрінің орнына қорытынды
параметрін таңдап, сол терезедегі Қорытындылар түймесін шерткенде пайда
болатын функциялар тізімінен Sum функциясын белгілеп, ал қалған әрекеттерді
өзгертпей басқа сұраныс кестесін алуға да болады (4.3ә-сурет). Мұндағы 1-
сұраныс кестесінде берілген екі кесте арасындағы байланыстар бойынша
таңдалған өрістер біріктіріліген, ал 2-сұраныс кестесінде, қорытынды
параметрінің Sum (қосынды) функциясы берілгендіктен, таңдалған өрістердегі
мәліметтер топтастырылып, олардың мәндерінің қорытындысы (қосындылары)
есептелген.
Сонымен, Шебердің 2-қадамындағы толық параметрі бойынша таңдалған
өрістердегі берілгендер сұраныс кестесіне толық шығарылады да, ал Қорытынды
параметрі бойынша қорытынды мәндерді есетеуге қолданылатын функциялар
түрлері анықталып, сұраныс кестесіне берілгендер қорытылып шығарылады.
Қорытынды ретінде әр топтағы арифметикалық ортаны, минимумды, максимумды,
жазбалар санын есептеуге болады.
Сұраныс Конструкторы
Сұраныс Конструкторы бойынша жаңа сұраныс кестесін құруға және бұрыннан
бар сұраныс кестесінің құрылымын көруге немесе оны өзгертуге болады.
Б.Қ-да 4.3а-суретте көрсетілген сұраныс таңдалып, Конструктор түймесі
шертілсін. Содан кейін пайда болған терезеде (4.4-сурет) сұраныстың қандай
принцпінен құрылғанын анықтауға болады. Сұраныс Конструкторы терезесінің
жоғарғы жағында кестелер арасындағы байланыстар, ал төменгі жағында кесте
түрінде сұраныстың сипаты көрсетілген. Мұндағы кестенің әрбір бағаны бір
өріске сәйкес. Оның өріс және кесте атауы жолдарында қажетті өрісті
таңдауға мүмкіндік беретін тізім қамтылған. Яғни, алдымен кестелер тізшінен
қажетті кесте сонан соң өрістер тізімінен оның қажетті өрістері таңдалады.
Егер қолданушы сұранысқа жаңа өрістер қосатын болса кесте оңға қарай
автоматты түрде кеңейеді.
Іріктеу шарты қатарын толтыру арқылы БҚ-дағы мәліметтерді іріктеуге
болады.
Мысалы, кестеде Асановка тиісті барлық жазбаларды көру қажет болса,
Фамилия бағанындағы іріктеу шарты қатарына "Асанов Б." сөзін енгізу керек.
"Асанов Б. " сөзін тырнақшаға алмай енгізгеннің өзінде де программа оны
тырнақшаға алып жазады. Сұраныстың Конструктор режимін Жабу түймесі арқылы
жауып, жаңадан құрылған не құрылымы өзгертілген сұранысты ашқанда ол
кестеде тек қойылған шартқа тиісті ғана жазбаларды аламыз (4.5а-сурет). Дәл
осылай сұраныстың Конструктор режиміндегі екінші бағанында да "4" шартын
анықтауға болады. Сонда программа екінші өрістегі мәндердің 4-тен кіші
болатын жазбаларын тандайды (4.5ә-сурет).
Конструктор режиміндегі сұраныс бланкісінде Топтық операция қатары бар.
Кейде ол қатардың көрінбеуі де мүмкін. Ол кезде саймандар тақтасыңдағы
Топтық операция түймесін шерту керек.
Топтық операция дегеніміз берілген өрістегі мәндерді қандай да бір
функция көмегімен өңдеу. Мұндағы функция сол қатарды шерткенде ашылатын
функциялар тізімінен таңдалады.
4.3-суретте көрсетілген сұраныстардың бір-бірінен айырмашылығы
олардағы Баға өрісінде біріншісінде топтастыру функциясы, екіншісінде Sura
функциясы анықталған. Топтық операция арқылы есептелетін өрістерді де
құруға болады. Мысалы, 4.3ә-суреттегі кестеде әрбір фамилияның қанша рет
кездесетінін санау қажет болсын. Ол үшін, оның Конструктор режиміндегі тағы
бір бағанда Фамилия өрісін құрып, ондағы Топтық операция ішінен Count
(санау) функциясын анықтау керек. Сұраныс бланкісі 4.6а-суретте, ал оның
нәтижесі 4.6ә-суретте көрсетілген.
Сұраныс бланкісінің Сорттау қатарында сұраныс нәтижесінде алынған
мәліметтерді сорттауға болады.
Өрнек құрастырушы
Сұраныс құру барысында жазбаларды іріктеу шартын беретін өрнекті
анықтауға арналған Өрнек құрастырушыны қолдануға болады. Ол сұраныс
бланкісінде Іріктеу шарты қатарына байланысты контексті мәзірдегі Құрастыру
командасымен іске қосылады (4.7-сурет).
Өрнек құрастыру барысында бірнеше қарапайым ережені естен шығармау
керек:
- өрнек барлық уақытта логикалық типте болады;
- символдық тұрақтылар тырнақшаға алынып жазылады;
- БҚ-ның объектісі өріс атауынан леп белгімен ажыратылады;
- математикалық емес программалаушыларға түсінікті бірнеше
операторларды да қолдануға болады.
Сондай-ақ өрнек өте дәл анықталып, сұраныс-кестесіне енгізілетін
жазбалар туралы барлық информация толық қамтылуы керек.
Құрастырушы терезесі өздерінде жылжыту жолақтары бар төрт облыстан
тұрады. Жоғарғы облыста құрылатын өрнек орналасады да, ал төменгі үш облыс
элементтерді таңдау үшін қолданылады. Төменгі оң жақтағы облыста сұранысқа
қажетті барлық объектілер берілген: кестелер, сұраныстар, формалар,
функциялар, т.с.с. Ортаңғы облыста осы объектілердің құрамына кіретін
элементтер көрінеді, ал оң жақтағы облыста сол объектілердің өздері
таңдалады. Объектінің атауын өрнектің құрамына көшіру үшін оны төмендегі
тізімдердің бірінен екі рет шерту керек. Кері қайту түймесі берілгендерді
өрнекке енгізуді жоюға арналған. Өрнекті кәдімгі текст сияқты редакциялауға
да болады. Өзінде математикалық операциялардың белгілері көрсетілген
түймелерді екі рет шерту арқылы сәйкес символдарды өрнекке тез енгізуге
болады.
Өрнек құрастырушы терезесінде математикалық амалдардан басқа да бірнеше
операциялар бар:
BETWEEN AND — аралықтан таңдау операциясы, мысалы, BETWEEN 1945 AND
1950 шарты =1945 AND =1950 шартына эквивалентті; ^ - дәрежеге шығару
операциясы; \ - бүтінге дейін дөңгелектеп бөлу операциясы; & - символдық
берілгендерді қосу операциясы (оны "+" белгісімен де жазуға болады).
LIKE — белгісіз символдары бар қатарды іздеу кезінде маска құруға
пайдаланылатын функция. Бұл кезде арнайы символдар қолданылады; ? -кез
келген бір символ; * - символдардың кез келген тізімі; # - белгісіз цифр.
Мысалы: LIKF..*5* - құрамында "5" символы бар жазбаларды іздеу шарты, LIKE
?үлжан - Гүлхан не Күлжан сөзін іздеу шарты.
Іріктеу шартына қолдануға болатын негізгі логикалық функциялар: AND -
және; EQV— эквивалент; OR -немесе; НОТ- емес.
Өрнек құрастырушы терезесін пайдаланып сұраныс құруға мысал
қарастырайық. Айталық, БҚ-да Разрядтар және Қызметкерлер деген екі кесте
бар болсын (4.8-сурет). Оның біріншісінде разрядтар мен оларға тиісті
жалақылар, ал екіншісінде қызметкерлер және олардың сәйкес разрядтары мен
жүктемелері енгізілген. Енді осы екі кестені пайдаланып, қызметкерлредің
жалақысы есептелген қажетті сұраныс кестесін құру қажет делік. Оны орындау
алгоритмі мынадай:
1. Сервис → Берілгендер схемасы командасы бойынша Разряд кестесіндегі
код өрісі мен Қызметкер кестесіндегі разряд өрістері арасында байланыс
орнату.
2. Сұраныс жапсырмасын ашып, Құру түймесін шерту.
3. Конструктор режимін таңдап, ОК түймесін шерту.
4. Конструктор режиміндегі Сұраныс терезесінің төменгі жағындағы
бағандарда Қызметкер кестесінен қызметкер мен жүктеме өрістерін, ал Разряд
кестесінен разряд өрісін таңдау.
5. Төртінші бағанда жаңадан жалақы өрісін ашып, сол бағандағы контексті
мәзірден Құру командасын тандай отырып, Өрнек құрастырушы терезесін ашу
(мұнда өріс атауынан кейін қос нүкте қойылады).
6. Қызметкердің тиісті жалақысы оның разрядына сәйкес жалақы мен
жүктеменің көбейтіндісіне тең. Сондықтан Өрнек құрастырушы терезесінің
жоғарғы облысына осы екі өрістің көбейтіндісінен тұратын өрнекті енгізіп,
ОК түймесін шерту керек. Енгізілген өрнек 4.9-суретте көрсетілген сұраныс
бланкісінің 4-ші бағанында орналасқан.
7. Конструктор режимінде ашылған сұраныс терезесін жабу және оған атау
беріп сақтау.
Міне, осы алгоритмдегі әрекеттерді орындай отырып, 4.10-суретте
көрсетілген сұраныс кестесін алуға болады. Оның жалақы өрісінде әрбір
қызметкердің жүктемесі мен разрядына сәйкес тиісті жалақылары есептеліп
көрсетілген.

Айқасқан сұраныс
Айқасқан сұраныс - берілген кесте немесе сұраныс негізінде қорытынды
мәндерді есептеуге арналған кесте құру операциясы. Оның әрбір қатарына және
бағанына атау беріледі де олардың қиылысуында қорытынды мәндер жазылады.
Айқасқан сұраныс құру үшін бастапқы кестеде жаңа кестенің қатарлары мен
бағандарының атауларын қалыптастыруға қажетті мәліметтер бар деп
есептелінеді.
Оның шеберін іске қосу үшін Сұраныс жапсырмасында Құру түймесін шертіп,
Айқасқан сұранысты таңдап, ОК түймесін шерту керек. Шебердің жұмысы
төмендегідей 5 қадамнан тұрады (мысал ретінде 4.1-тақырыпшадағы 2-кестені
алайық):
1. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Машинамен кестелеу технологиясы
Кесте тігу өнері қазақ халқына ежелден таныс
Кестелермен жұмыс. кесте элементтерін таңдау және өшіру.
Реляционды мәліметтер базасын жобалау
Жаңа бағана енгізу
Кесте - деректер қорының негізгі объектісі
Мәтіндік редакторде кесте құру
Кестелерді даярлау және түзету
Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері
Жамбыл облысы, Төле би ауылындағы денешынықтырусауықтыру орталығын жобалау
Пәндер