Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық негіздері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
І-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ
ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің . Халықаралық-құқықтық және конституциялық қағидалары
1. 2 Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шетелдердің тәжірибесі
1. 3 Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары және оларды қолдану тәртібі
1. 4 Қылмыстық іс жүргізу барсында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты құқықтық қатынастардың субъектілері
ІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2. 1 Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші органдардың өзара қызметінің ұйымдастырушылық нысандары
ІІІ-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекетті құру идеясын іске асыру қылмыстылықпен күрес саласында, соның ішінде қылмыстық іс жүргізудегі жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, құқықтарының сақталуын кепілдеуді көздейді.
Қазіргі кезеңде қылмыстылық әлеуметтік факторларды шиеленістіретін құбылыстардың алғашқы орындарын алады. Қоғамда ұйымдасқан қылмыстылық пен жемқорлықтың өсуі жағдайында, құқық қорғау органдары мүдделі тұлғалар тарапынан белгілі бір деңгейде қарсылыққа тап болып отыр.
Осы аталғандарға байланысты қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бүгінгі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып, елімізде сот әділдігін жүзеге асыруға үлкен кедергі келтіруде.
Өкінішке орай, ұзақ жылдар бойы қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың мүдделері мемлекет және оның органдары тарапынан қорғауға алынбай келді. Қылмыстық қудалау және сот органдары аталған тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету туралы қолданыстағы заңдардың нормаларын бұрыннан бері дұрыс және тиісті түрде орындамай келеді. Мұндай жағдай қазіргі уақытта да орын алып отыр. Біздің ойымызша, адамдардың құқық қорғау органдарына көмек көрсетуден жалтарудың да басты себебі де осында.
Қылмыстың жәбірленушілері мен куәлары қылмыстық әлемнің және оның өкілдерінің кек алушылық әрекеттерінен қорқып, өзіне қылмыстық іс жүргізу заңымен көзделген міндеттерді атқарудан бас тартады. Халықаралық қауымдастық сарапшыларының пайымдауынша, «құқық қорғау органдарына көмек көрсеткісі келетін тұлғаларға қатысты қорқыту және күш қолдану әрекеттерінің жиі орын алуы, қылмыстық сот өндірісі жүйесінің беделін түсіруге бағытталған тәсілге айналған». Іс жүзінде де азаматтардың өздеріне жүктелген қылмыстық іс жүргізушілік міндеттерін атқарудан жалтаруы, құқық қорғау және сот органдары қызметінің тиімділігін төмендетеді. Осыған байланысты халықтың қылмыстық әлемнен жаппай қорқуы сияқты әлеуметтік-психологиялық мәселе қосымша туындайды.
Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастыққа интеграциялануы осы зерттеліп отырған мәселе бойынша халықаралық тәжірибені қолдануға мүмкіндіктер ашып отыр.
Сонымен қатар, аталған сала бойынша шетелдік тәжірибені дәлме-дәл және автоматты түрде көшіріп алудың қажеті жоқ екендігін атап өткен дұрыс. Қазақстан - халқының менталитеті мен ерекшеліктері бар дербес мемлекет екендігін ұмытпаған жөн. Біз әлемдік тәжірибеден тек елімізге қажетті жақтарын алып, қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мәселені шешуде өз жолымызды таңдағанымыз жөн.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзектілігі - отандық заңнамада бұл салаға қатысты бұрыннан қалыптасқан қылмыстық-құқықтық және қылмыстық іс жүргізушілік кепілдіктердің қазіргі заман талабына сәйкес келмеуі болып табылады. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты кепілдіктердің жеткіліксіздігі тек Қазақстанда ғана емес, сондай ақ бірқатар алыс және жақын шет елдерде де орын алған. Осыған байланысты, ХХ ғасырдың 70-80 жылдары процессуалдық қорғау шараларының жүйесі жасалып, қылмыстықтылықпен күресуде қолданылып келеді.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған процессуалдық және өзге де шараларды жетілдіру туралы мәселеге бірқатар қазақстандақ және ресейлік ғалым-заңгерлер атсалысуда. Олардың ішінде О. А. Зайцевті, М. Ч. Қоғамовты, Б. М. Нұрғалиевті, Б. Х. Төлеубекованы, А. Н. Ахпановты, В. Т. Томинді және С. П. Шербаны ерекше атап өтуге болады.
Аталған саладағы криминогендік жағдай, Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары мен азаматтардың құқықтарын қорғау саласындағы салалық заңдардың қарама-қайшылығы, қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың әлеуметтік-құқықтық қорғалмағандығы, сондай-ақ еліміз бекіткен халықаралық-құқықтық міндеттемелерді орындау қажеттелігі, заң жүйесін және құқық қорғау органдарының қызметін реформалауды талап етеді.
Құқықтық және процессуалдық кепілдіктер әділеттілікті орнатудың барлық салаларында құқық қорғау органдарының тәжірибелік қызметінің тиімділігін айқындайды.
Осыған байланысты бұл жұмысты жазудың басты мақсаты - қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты қолданыстағы заңдарға талдау жасау, қауіпсіздік шараларының түрлері мен олардың іс жүзінде қолданылуына ғылыми-құқықтық тұрғыдан баға беру және осы аталған саладағы мәселелерді шешуге атсалысу болып табылады.
Бұл жұмыс үш тараудан тұрады, әрбір тарауда қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты маңызды мәселелер қарастырылған.
І-ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық-құқықтық және конституциялық қағидалары
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық-құқықтық және конституциялық негіздері туралы мәселе келесі себептерге байланысты заңды және логикалық тұрғыдан дәлелденген болып табылады:
- зерттеліп отырған саладағы қатынастардың құқықтық реттелу деңгейі осы қатынастардың маңыздылығына, адамдардың құқықтары мен бостандықтарының тәжірибеде іске асырылуына сәйкес келуі тиіс;
- белгілі бір қатынастарды реттейтін құқықтың қайнар көздерінің деңгейіне тәжірибеде қалыптасқан құқықтық әсер етудің дәрежесі тәуелді болып табылады;
- құқық қайнар көздерінің деңгейі неғұрлым төмен болса, олардың құқықтық әсер етуінің де деңгейі төмен болады;
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қаматамасыз ету мәселесінің өзектілігі туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылдаған Адам құқықтарының жалпы декларациясының 50 жылдығына арналған «Адамның қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбындағы ғылыми конференцияда қарастырылған сұрақтар дәлелдейді. Бұл конференция 1999 жылы мамыр айында Москва қаласында Халықаралық тәуелсіз экологиялық-саяси университет қабырғасында өткен болатын. Аталған конференцияның қатысушылары «қауіпсіздік шараларын қолдану деп, екі негізгі элементтен (сатыдан) тұратын қызметті түсіну керектігін» атап көрсетті. Біріншісі - қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдау; екіншісі - осы шараларды іске асыру. Оларды қолдану, жалпы ереже бойынша, сот әділдігін жүзеге асыратын органдарға көмектесуші тұлғаларға құқыққа қайшы ықпал жасаудың алдын алуды және ізін кесуді қамтамасыз етуі тиіс. Оларды қолдану үшін қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу барысында алынатын фактілік деректерді анықтап алу қажет.
Л. В. Брусницынның пайымдауынша, «қылмыс жасаған тұлғаның сот әділдігін іске асыратын органдарға көмектесуші тұлғаларға әсер етуі екі жақты болып табылады. Оның жағымды жағы - адамның қылмыстық қудалаудан қорғануы, өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін пайдалануы болып табылады, ал жағымсыз жағы - қылмыстық жауаптылықтан құтылып кету үшін, дәлелдемелік маңызы бар ақпарат бере алатын қылмыстық іске қатысушы тұлғаларға әсер ету». [1]
Мұны Л. В. Брусницын «посткриминалды әсер ету» деп атайды. Мұндай әсер ету қылмыстық сот әділдігін іске асыруға нұқсан келтіреді. Аталған ұғымды осылайша бағалау, қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шараларды құқықтық тұрғыдан реттеп, қатаң бақылауға алуды талап етеді.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық-құқықтық және конституциялық негіздері, зерттеп отырған саладағы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық қайнар көздерінің белгілі бір сатысының болуын қажет етеді. Халықаралық-құқықтық актілердің және Конституцияның басқа нормативтік актілерден бір сатыға жоғарыда тұруы тек құқықтық-теориялық емес, сонымен қатар тәжірибелік тұрғыдан алғанда маңызы бар.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің халықаралық стандарттарын бекітетін құжаттардың қатарына 1948 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Адам құқықтарының жалпы декларациясы», 16 желтоқсан 1966 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт», 1984 жылы 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Азаптауларға және өзге де қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын жазаларды қолдануға қарсы конвенция», 1950 жылы 4 қарашада қабылданған «Адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропа конвенциясы» жатады.
Аталған құжаттардағы ережелер жалпы жеке тұлғаларға арналған. Адам құқықтарының жалпы декларациясында адамның өміріне, денсаулығына, қадір-қасиетіне, тұрғын үйіне, мүлкіне, жеке және отбасылық өміріне заңсыз қол сұғуға тыйым салынған. Аталған декларацияға сәйкес, әрбір адам мұндай қол сұғушылықтардан заңдармен қорғануға құқылы. Бұл ережелер Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде және Адамдардың құқықтары мен негізгі бостандықтарын қорғау туралы Еуропа конвенциясының ережелерінде өз жалғасын табады.
Азаптауларға және өзге де қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын жазаларды қолдануға қарсы конвенцияның ережелері жалпылық сипатта емес. Оның нормалары арнайы субъектілер болып табылатын - лауазымды тұлғаларға өз қызметтік жағдайын пайдалана отырып, аталған конвенцияда көрсетілген әрекеттерді жасауға тыйым салады. Сонымен қатар, бұл конвенцияда «талапкер мен куәларды кез-келген заңсыз әрекеттер мен қорқытулардан қорғауды қамтамасыз ету - мемлекеттің міндеті» деп көрсетілген.
Аталған құжаттар ұлттық заңдарда жәбірленушілердің, куәлардың және өзге де сот әділдігін жүзеге асыруға көмектесетін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған шараларды жасауға септігін тигізетін халықаралық-құқықтық негіз болып табылады.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің конституциялық негізі, ата заңның бірқатар ережелерінен байқауға болады. Сондай-ақ негізгі заңның барлық нормалары тікелей және жанама түрде, ең басты қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылатын демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің ажырамас белгілерін қамтамасыз ету мен кепілдеуге арналған.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы құқықтық қатынастарды реттеуге арналған Қазақстан Республикасы Конституциясының келесі баптарының ережелерін атап өтуге болады:
1. Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамның құқықтары мен бостандықтары танылады және кепілденеді (12-бап, 1 тармақ) ;
2. Әрбір адам өзінің құқық субъектілігінің танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын барлық заңға қайшы келмейтін тәсілдермен қорғауға құқылы (13-бап, 1 тармақ) ;
3. Ешкімді шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, сеніміне, тұрғылықты жеріне және басқа да кез-келген жағдайлар бойынша кемсітуге болмайды (14 бап, 2 тармақ) .
4. Адамның абыройына қол сұғуға болмайды (17 бап, 1 тармақ) .
5. Әрбір адамның жеке өмірге, жеке және отбасылық құпиясы болуына, ар-намысы мен абыройына қол сұғылмаушылық құқығы бар (18 бап, 1 тармақ) .
6. Тұрғын-үйге қол сұғылмайды (25 бап, 1 тармақ) .
7. Әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиеттерін құрметтеуге міндетті (34 бап, 1 тармақ) .
8. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары тек заңдармен көзделген жағдайларда және адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен өнегелілікті қорғау мақсатында шектеледі (39 бап, 1 тармақ) .
1. 2 Қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты шетелдердің тәжірибесі
Қылмыстық іс жүргізуге қатысатын тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және осы аталған саладағы заңдардың негізгі бағыттарын анықтау, шетелдердің тәжірибесін зерттеуді қажет етеді. Аталған саладағы құқыққорғау органдары қызметінің құқықтық реттелуіне қатысты шетелдік тәжірибе, Қазақстанды өзінің жаңалығымен ғана емес, сонымен қатар қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік бағдарламаның нақтылығымен де қызықтырады. Бұл тұрғыда біздің зерттеуіміз АҚШ, Италия және ГФР мемлекеттерінің аталған саладағы нормативтік актілерін талдауға арналады.
АҚШ-тың қылмыстық іс жүргізуіндегі куәларды мемлекеттік қорғауды реттейтін негізгі құқықтық акт - 1984 жылы 12 қазанда АҚШ Конгресі қабылдаған «Куәлардың қауіпсіздігін күшейту туралы акт» болып табылады. [2]
Бұл құжаттың ережелеріне сәйкес, куәлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қолдану Әділет министіріне жүктелген. Ол ұйымдасқан қылмыстық топтарға және ауыр қылмыстарға қатысты істерді қарау кезінде куәлардың, федералды үкіметтің өкілдерінің тұрғылықты жерлерін ауыстыру және оларды қорғау туралы шешім қабылдауға құқылы.
Сондай-ақ әділет министрі, іске куә ретінде қатысатын немесе куә болып қатысуы мүмкін тұлғалар мен олардың отбасы мүшелерін қорғауға қатысты шаралар қолдана алады.
Жоғарыда аталғандарға қоса, АҚШ-тың әділет министрі келесі шараларды қолдануға құқылы:
- қорғалатын тұлғаға заңды түрде рәсімделген жаңа құжаттардың берілуін қамтамасыз ету;
- қорғалатын тұлғаны тұрғын үймен қамтамасыз ету;
- қорғалатын тұлғаның жаңа тұрғын үйіне жиһаздарын және өзге де мүлкін тасымалдап жеткізуді қамтамасыз ету;
- белгілі мерзімге қорғалатын тұлғағаны күн көріс қаражатымен қамтамасыз ету;
- дербес өмір сүруге қажетті барлық қызметтің түрлерімен қамтамасыз ету;
- қорғалатын тұлғаға жұмыс табуға көмектесу;
- қорғау бағдарламасына қатысты кез-келген өзге де мәселені шешу.
Тұлғаны қорғауға алғанға дейін әділет министрі бұл тұлғаның бағдарламаға сәйкес келетіні, қылмыстың барлық мән-жайлары және тұлғаның психологиялық жағдайы туралы ақпаратты алуға міндетті.
Әділет министрі кез-келген ауыр қылмыстар бойынша, сондай-ақ қоғамға және меншікке қауіп төндіретін өзге де жағдайларда куә ретінде жауап беретін тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты өзінің жазбаша қорытындысын беруі қажет.
Тұлғаны қорғау мәселесін шешкенде әділет министрі мұндай қорғауды қамтамасыз етудің балама түрлерін де қарастыруы тиіс, сондай-ақ куәлардың жауабындағы мән-жайлар туралы ақпараттарды өзге де қайнар көздерден алу мүмкіндігін, тұлғаның жеке бас ерекшеліктерін ескеруі қажет.
Әділет министрі қорғалатын тұлғамен жазбаша келісім жасауға міндетті. Мұндай келісімде қорғалатын тұлғаның төменде аталған міндеттері туралы көрсетілуі тиіс:
- тұлғаның куә болуға келісуі және өзіне белгілі ақпарат туралы сотта іс қарау барысында куә ретінде жауап беруі;
- тұлғаның ешқандай қылмыс жасамайтыны туралы уәдесі;
- өзіне қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы басқа тұлғаларға жарияламау;
- барлық заңды міндеттер мен соттың шешімдерін орындау;
- қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ететін лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің талаптарын орындау және олардың қызметіне көмектесу;
- тиісті лауазымды тұлғаларға өзінің қызметі және орналасқан жері туралы хабарлау.
Мұндай әрбір келісімде талаптар бұзылған жағдайда қолданылатын шаралар туралы, сонымен қатар қорғалатын тұлғалардың құжаттарын тіркеу және беру, олардың шағымдарын қарау тәртібі көрсетілуі тиіс.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты мұндай келісім қауіпсіздік шаралары қолданылуға жататын әрбір он сегіз жасқа толған тұлға мен әділет министрі арасында жасалады.
Әділет министрі куәні қорғауды қамтамасыз етуді ұйымдастыруды өзінің орынбасарына, көмекшісіне немесе министрліктің кез-келген лауазымды тұлғасына жүктеуі мүмкін.
Әділет министрі жасалған келісімнің талаптары бұзылған жағдайда, келісімді бұзу және қорғалатын тұлғадан қауіпсіздік шараларын қолдануды қысқарту туралы шешім қабылдауы мүмкін.
Келісімді қысқартқанға дейін әділет министрі қорғалатын тұлғаға бұл туралы ескертіп, оның себептері туралы түсіндіруі тиіс. Қорғауды қамтамасыз етуді қысқарту туралы шешім қайта қарауға және сотқа шағымдауға жатпайды.
АҚШ-та қылмыстық іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы маңызды заңдардың бірі - 1982 жылы 12 қазанда қабылданған «Қылмыстардың жәбірленушілері мен куәларын қорғау туралы» Заң болып табылады. [3] Бұл заңның басты ережесі - қылмыстардың жәбірленушілері мен куәларына әсер еткен тұлғалардың қылмыстық жауаптылығын ауырлатуға негізделеді. Мысалы, куәны қорқытқан немесе оған қатысты дене күшін қолданған адамға 250 000 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл салынады немесе 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалады немесе аталған екі жаза бірге қолданылады. Тұлғаға куә ретінде жауап беруге кедергі жасау мақсатында кез-келген қолайсыз жағдайларды ұйымдастырғандық үшін 250 000 АҚШ доллары мөлшерінде айыппұл салынады немесе бір жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру немесе аталған екі жаза бірге қолданылады.
Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты Италия заңдарына тоқталсақ, бұл елде де аталған саланы реттеуде өзіндік ерекшеліктері бар екендігін байқауға болады. 1992 жылы 6 тамызда Италия парламенті «Жаңа қылмыстық іс жүргізу кодексіне өзгерістер енгізу және мафиялық қылмыстылықпен күресу туралы» Заңды қабылдады. Бұл заңның жобасын Италияның Ішкі істер министрлігі мен Әділет министрлігі бірігіп дайындаған болатын. Сицилия мафиясы жасаған бірқатар ауыр қылмыстардың артуы аталған заңның тез қабылдануын жеделдетті. Заңға сәйкес, тергеу және құқық қорғау органдарына көмектесуге келісім берген мафиялық топтардың мүшелерін қорғаудың айрықша ережелері белгіленген. Себебі мұндай тұлғалардың өздеріне және олардың отбасыларының мүшелеріне қастандық әрекеттері жасалуы мүмкін.
Аталған заңға сәйкес, құқық қорғау органдарына көмектесуге келісім берген қылмыстық ұйымның мүшесін қорғауға қатысты шарларды қолдануға санкцияны, сол тұлға тұрақты тұратын немесе ұсталатын түзеу мекемесі қарайтын округтің бас прокуроры береді.
Алдын ала полиция бастығының тиісті өтініші қаралады. Бұл өтініште келесі мәліметтер болуы тиіс:
- қорқыту дәрежесі және оны іске асырудың болжамды мерзімі;
- ұсынылатын қорғау шаралары.
Аталғандарға қоса, өтініште бұрын осындай шаралардың қолданылғандығы немесе оларды қолдану тиімсіз болса, оның себептері туралы көрсетілуі тиіс. Осындай өтінішті прокурорға жібергені туралы полиция бастығы Ішкі істер министрлігіне хабарлауға міндетті.
Бұл заң округтің Бас прокурорына кең құқықтар береді. Атап айтқанда ол құқық қорғау органдарына көмектескен қылмыстық ұйымның мүшесіне сот тағайындаған жазаның түрін өзгертуге құқылы (жазадан мерзімінен бұрын және толық бостауды қоспағанда) .
Мұндай тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасы ретінде бір түзеу мекемесінен басқа түзеу мекемесіне ауыстыру, тұрғылықты жерін басқа округтің аумағына көшіру көзделген. Сондай-ақ, уақытша басқа құжаттармен қамтамасыз ету де қарастырылған. Бұл жағдайда, қорғалатын тұлға берілген құжаттарды заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылатыны туралы ескертіледі.
Кейде қорғалатын тұлғаның тегіне, есіміне, туған жылы мен туған жеріне және оның туыстары туралы құжаттарға өзгерістер енгізіліп, жаңа құжаттар берілуі мүмкін.
Бұлардан басқа, прокурордың нұсқауы бойынша полиция органы жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету шарасын қолдануға міндетті. Жаңа заңға сәйкес, құқық қорғау және сот органдарына көмек көрсетуге келіскен тұлғалардың сот залына тікелей келіп қатысуы міндетті емес. Олар техникалық құралдардың көмегі арқылы жауапты басқа жерде отырып та беруіге құқылы. Мұндай тұлғалардың жеке басына қатысты құжаттарымен жұмыс істеу де құпия түрде іске асырылады. Заң, Әділет министрлігі мен Ішкі істер министрлігіне қамау орындарында құқық қорғау органдарына көмектесуші қылмыстық ұйымдардың мүшелерін ұстаудың айрықша тәртібін белгілейтін арнайы декретті қабылдауды міндеттейді.
Заңға сәйкес, қорқыту немесе өзге де жолдармен заңсыз әсер ету расталса, куәлардың алдын ала тергеу барысында берген жауаптарынан бас тартып, сотта жауаптарын өзгерткен жағдайда, алдын ала тергеу барысында берілген жауап басшалаққа алынады және дәлелдеме ретінде қолданылады.
Құқық қорғау органдарына көмектесуден бас тартқан ұйымдасқан топтың мүшелері қасақана қылмыстары үшін тек бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға тартылуға жатады және оларға қатысты балама жазаның түрлері немесе өзге де жеңілдіктер көзделмеген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz