КСРО-ның тарап кету себептері



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. КСРО.ның тарап кету себептері, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы.
1.1. Өктемшіл.төрешілдік басқару жүйесінің күшеюі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6 1.2. Тәуелсіздікке жетудің қиын жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

ІІ бөлім. КСРО.ның құлауы.
2.1. КСРО.ның ыдырауы және жаңа одақтардың құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 КСРО.ның құлауы қайта құрудың жетістіктері сабақтары ... ... ... ... ... ... 20
2.3 КСРО ыдыраған кейінгі тәуелсіз мемілекеттің алғашқы қадамдары ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Кіріспе
Кеңестер Одағының бытырауы белгілі бір дәрежеде елдің қоғамдық өміріндегі барлық салалардың демократиялану процестерінің нөтижесі болды. Дегенмен де экономикалық факторлар таза саяси факторлардан басым түсті. Бұл орайда режим үшін «қайтақұрудың» өзі ғана емес (әрине, оның мәнін қүрайтын экономикалық реформалар нашар ойластырылып, олар нашар жүзеге асырылды), басты саяси топты қарусыздандырып, асып-сасуға әкелген жариялылық апатты болды» деген пікір орынды қарсылық тудырды.
Біздің көзқарасымыз бойынша жариялылық саясаты КСРО-ны «берік бекітетін негіздің» — орталықтанған экономиканың болашағы жоң екенін айқындап берді. Нарықтық қатынастарға өту процесінің басталуына қарай шаруашылың жүргізуші субьектілер мен тұтастай аймаңтардың дербестігі артып, «орталықтың» әкімшілік-шаруашылық жүйенің негізі ретіндегі рөлі өлсіреді. Кеңестер Одағы өмір сүріп отырған кездің өзінде-ақ анық байңалған жоспарлы жүйенің күйреуі интеграциялың үрдістердің қожырауының күшеюіне әкелді.
1991 жылғы саяси оқиғалар бұл үдерісті тек қана тездете түсті КСРО кеңістігінде нарыққа іс жүзінде көшу басталысымен кәсіпорындар өздері үшін тиімсіз болып табылатын шаруашылық байланыстарын тоқтатуға кірісті. Нарықтық қатынастарға емес, жоспарлы жүйеге сүйенген КСРО республикалары арасындағы тауар айналымы шұғыл қысқара бастады. Бұл республикалар арасындағы қарама-қайшылықтарды шиеленістіріп, Одақтың күйреуін тездетті. Сонымен КСРО-дағы интеграциялық үдерістің тоңырауы КОКП-нің дағдарысы мен саяси-партиялың, әміршіл-әкімшілдік жүйенің қирауының ғана емес, нарықтық экономикаға көшудің де табиғи нәтижесі болып шықты.
80-жылдардың ортасында КСРО-ның саяси жүйесіне реформалар жүргізудің қажеттілігіне ешкім күмән туғызған жоқ еді. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдарды өз кезінде Н.С.Хрущев те жасап көрді. Сондықтан да М.С.Горбачевтің өміршіл-өкімшіл жүйені демократияландыруға ұмтылуы халың тарапынан қолдау тапты. Саяси жүйені демократияландыруға бағыт алу М.Горбачев Бас хатшы болып сайланғаннан кейінгі бірінші партия сиезінде-ақ жарияланды. Партияның XXVII сиезінде қабылданған КОКП Бағдарламасының жаңа редакциясына «Кеңес қоғамы саяси жүйесінің дамуы» атты арнайы тарау енгізілді. Онда партияның басқару, мемлекеттік шешімдерді жасап шығару мен қабылдау, олардың тиімді нұсқаларын таңдауды қамтамасыз ету, еңбекшілердің әр түрлі пікірлері мен ұсыныстарын есепке алу мен салыстыру істерін демократияландыру бағытын табанды жүргізетіні жазылды.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1.Материалы XXVII съезда КПСС. — М. Политиздат. 1989.
2.Четвертая сессия Верховного Совета РСФСР, Бюнстень, N21,1991. 12 желтоқсан.
3.Қырманғожин.С. Жарты ғасыр дипломатияда-Алматы,2006.
4.Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақжолы - Алматы, 1991.
5.Назарбаев Н. Ә. Казақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы - Алматы, 1992.
6.Казақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде-Алматы, 1994. 7.Қазақстан - 2030 жыл, тарих тоғысында - Алматы, 1998.
8.Нүрпейісов К. Қазақстан Советтерінің І-кұрылтай съезі - Алматы, 1971.
9.Кожабекұлы Б.А. Тарихи таным - Алматы, 1994.
10.Қазақстан тарихы.Көне заманнан бүгінге дейін -Алматы,1996.
11.Рыспайұлы Көкіш.Қазақстан республикасының тарихы -Алматы,1999.

Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І бөлім. КСРО-ның тарап кету себептері, тәуелсіз мемлекеттердің пайда
болуы.
1.1. Өктемшіл-төрешілдік басқару жүйесінің
күшеюі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 6 1.2.
Тәуелсіздікке жетудің қиын
жолы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9

ІІ бөлім. КСРО-ның құлауы.
2.1. КСРО-ның ыдырауы және жаңа одақтардың
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 КСРО-ның құлауы қайта құрудың жетістіктері
сабақтары ... ... ... ... ... ... 20
2.3 КСРО ыдыраған кейінгі тәуелсіз мемілекеттің алғашқы қадамдары ... ... 22

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

Кіріспе
Кеңестер Одағының бытырауы белгілі бір дәрежеде елдің қоғамдық
өміріндегі барлық салалардың демократиялану процестерінің нөтижесі болды.
Дегенмен де экономикалық факторлар таза саяси факторлардан басым түсті. Бұл
орайда режим үшін қайтақұрудың өзі ғана емес (әрине, оның мәнін қүрайтын
экономикалық реформалар нашар ойластырылып, олар нашар жүзеге асырылды),
басты саяси топты қарусыздандырып, асып-сасуға әкелген жариялылық апатты
болды деген пікір орынды қарсылық тудырды.
Біздің көзқарасымыз бойынша жариялылық саясаты КСРО-ны берік
бекітетін негіздің — орталықтанған экономиканың болашағы жоң екенін
айқындап берді. Нарықтық қатынастарға өту процесінің басталуына қарай
шаруашылың жүргізуші субьектілер мен тұтастай аймаңтардың дербестігі артып,
орталықтың әкімшілік-шаруашылық жүйенің негізі ретіндегі рөлі өлсіреді.
Кеңестер Одағы өмір сүріп отырған кездің өзінде-ақ анық байңалған жоспарлы
жүйенің күйреуі интеграциялың үрдістердің қожырауының күшеюіне әкелді.
1991 жылғы саяси оқиғалар бұл үдерісті тек қана тездете түсті КСРО
кеңістігінде нарыққа іс жүзінде көшу басталысымен кәсіпорындар өздері үшін
тиімсіз болып табылатын шаруашылық байланыстарын тоқтатуға кірісті.
Нарықтық қатынастарға емес, жоспарлы жүйеге сүйенген КСРО республикалары
арасындағы тауар айналымы шұғыл қысқара бастады. Бұл республикалар
арасындағы қарама-қайшылықтарды шиеленістіріп, Одақтың күйреуін тездетті.
Сонымен КСРО-дағы интеграциялық үдерістің тоңырауы КОКП-нің дағдарысы мен
саяси-партиялың, әміршіл-әкімшілдік жүйенің қирауының ғана емес, нарықтық
экономикаға көшудің де табиғи нәтижесі болып шықты.
80-жылдардың ортасында КСРО-ның саяси жүйесіне реформалар жүргізудің
қажеттілігіне ешкім күмән туғызған жоқ еді. Бұл бағыттағы алғашқы
қадамдарды өз кезінде Н.С.Хрущев те жасап көрді. Сондықтан да
М.С.Горбачевтің өміршіл-өкімшіл жүйені демократияландыруға ұмтылуы халың
тарапынан қолдау тапты. Саяси жүйені демократияландыруға бағыт алу
М.Горбачев Бас хатшы болып сайланғаннан кейінгі бірінші партия сиезінде-ақ
жарияланды. Партияның XXVII сиезінде қабылданған КОКП Бағдарламасының жаңа
редакциясына Кеңес қоғамы саяси жүйесінің дамуы атты арнайы тарау
енгізілді. Онда партияның басқару, мемлекеттік шешімдерді жасап шығару мен
қабылдау, олардың тиімді нұсқаларын таңдауды қамтамасыз ету, еңбекшілердің
әр түрлі пікірлері мен ұсыныстарын есепке алу мен салыстыру істерін
демократияландыру бағытын табанды жүргізетіні жазылды.
Бұл идея КОКП-ның XIX Бүкілодақтық конференциясында одан өрі
дамытылды. Оның Кеңес қоғамын демократияландыру мен саяси жүйенің
реформасы туралы қарарында қайта құрыудың елді реформалық жаңарту,
партиялың және қоғамдық өмірді демократияландырудағы үш жылдың тәжірибесі
саяси жүйеге терең реформа жасау қажеттігі мәселееін күн тәртібіне қоятыны
атап көрсетілді.
Алайда саяси жүйені горбачевтік демократияландыру барысында КСРО-ны
жою міндеті қойылған жоқ еді. 1991 жылы қаңтар айында КСРО Жоғарғы Кеңесі
1991 жылдың 17 наурызында Кеңестер Одағының бүкіл аумағында референдум
өткізу жөнінде қаулы қабылдады. Сөйтіп, тең құқықтық егеменді
республикалардың жаңарған федерациясы ретінде кез келген ұлттың құқықтары
мен еркіндігіне толық түрде кепілдік берілетін Кеңестік Социалистік
Республикалар Одағының сақталуы қажет деп табылды.
Мамыр айында Дайындың Комитетінің мәжілісінде баспасөзде жарияланған
жаңа Одақтық шарттың жобасы мен оған қол қоюдың тәртібіне республикалардың
көзқарасы мен ескертулер талңыланды. Шарттың келісілген жобасын
республикалардың Жоғарғы Кеңестерінің мақұлдауына беруге шешім қабылданды.
17 маусымда Егеменді мемлекеттер одағының шартын дайындау жұмысы аяқталып,
ол республикаларға жіберілді.
4 тамызда М.С.Горбачев Форосқа демалысқа кетті, ал 19 тамызда Мәскеуде
мемлекеттік төңкеріс болып, ІПартқа қол қоюға бөгет жасалды.
1991 жылғы 24 тамызда УКСР Жоғарғы Кеңесі Украинаны тәуелсіз
демократиялың мемлекет деп жариялады. Парламент осы кезден бастап Украина
аумағында тек республикалың Конституция, заңдар, Үкімет қаулылары мен басқа
заңдық актілер ғана өрекет етеді деп мәлімдеді. Тамыз бүлігінен кейін КСРО
Жоғарғы Кеңесінің Төтенше сессиясы өтті. Қалыптасқан жағдай жөнінде
пікірлер алмасылған соң халық депутаттарының кезектен тыс сьезін шақыруға
шешім қабылданды. Сиез 1991 жылғы 2 қыркүйекте ашылып, онда Н.Назарбаев
бірден өтпелі кезең үшін құрылатын ұйымдар жөніндегі ұсынысты оқып берді.
Заңдық міндеттерді орындау мен Егеменді Мемлекеттер Одағының жаңа
конституциясын жасау мақсатымен бірдей өкілдік қағидасы бойынша әрбір
республикадан 20 депутаттан халық депутаттары өкілдерінің кеңесін құру;
— республикалардың орталық мүдделеріне қатысты ішкі және сыртқы саясат
мәселелерін келісіп шешу үшін құрамына одақтас реепубликалардың жоғарғы
қызмет иелері мен КСРО Президенті кіретін Мемлекеттік Кеңес құру;
- халық шаруашылығын үйлестіруді басқару мен экономикалық реформаларды
келісіп жүргізу үшін барлық республикалардан тең өкілділік қағидасы
бойынша уақытша республика аралық экономикалық комитет құру;
КСРО халық депутаттарының кезектен тыс сиезі қызу айтыстардан кейін КСРО
Президенті мен одақтас республикалар жоғарғы басшыларының бірлескен
мәлімдемесі мен КСРО Жоғарғы Кеңесінің кезектен тыс сессиясының шешімдеріне
сай шаралар туралы Қаулы қабылдады.

Қоғамның рухани өміріндегі өзекті мәселелер
1.1 Өктемшіл-төрешілдік басқару жүйесінің күшеюі
1936 жылы Конституция қабылданғаннан бергі жерде КСРО-да және
халықаралық аренада терең де принципті өзгерістер болды. Қырық жыл ішінде
елдің экономикасы танымастай боп өзгерді, қоғамдық өндірістің ауқымы
басқаша еді. 1936 жыл мен 1977 жылдар аралығында ұлттық табыс көлемі 19
есе, жан басына шаққанда 12 есе артты. Халық шаруашылығы салаларының
негізгі өндірістік қорлары 21 есе, өнеркәсіп өнімі - 30, ауыл шаруашылығы
өнімі - 4 есе дерлік көбейді.
Халықтың әл-ауқатында да белгілі дәрежеде ілгерілеу орын алды, жан
басына келетін нақгы табыс 5,7 есе өсті. Колхозшылардың табыс деңгейі
жұмысшылардікіне жақындатылды, еңбекшілердің басым көпшілігі тұрғын үй
жағдайын жақсартты.
КСРО-ның халықаралық жағдайы нығая түсті, ол дүниежүзілік куатты
державаға айналды. Осы өзгерістердің бәрі Конституцияны өзгертудің
қажеттігін туғызды. Жаңа Конституция 1977 жылы 7 қазанда қабылданды. Ол
көптеген олқылықтарына қарамастан, Кеңес Одағының саяси тарихындағы маңызды
белес болды, онда кеңес халқының алпыс жыл ішінде қолы жеткеннің бәрі
Негізгі Занда баянды етілді.
Тоқырау жылдары әбден бюрократтанған партиялық-мемлекеттік өкімет
органдары Конституцияның көптеген қағидаларын жүзеге асрымады, басшы
кадрлар мен еңбекшілер арасындағы алшақгық барған сайын ұлғая түсті,
партияның халыққа жасайтын кдмқорлығы жөніндегі уәдесі барған сайын бос
сөзге айнала берді, ал басшы қайраткерлердің бұқарамен байланысы түрлі
жиналыстардың, кеңестердің төрінде отыру арқылы ғана жүзеге асырылды.
Қабылданған Қазақ КСР Жаңа Конституциясы бұрынғысынша мәскеулік
Конституцияның көшірмесі еді. Республикалардың қолында нақты билік болмады,
олар тек орталықтың айтқанын орындап отырды. Лауазымды кадрлардың бәрін
Мәскеу бекітетін. Патшалық Ресейде де дәл осылай болып келгені осы
оқулықтың алғашқы тарауларында айтылды.
Елдің қоғамдық-саяси өміріндегі партиялық монополия бәрін билеп-
тестеп, кәсіподақ пен комсомол ұйымдары оның қарабайыр орындаушыларына
айналды. Барлық деңгейдегі Кеңестер партия комитеттерінің жанама бағынушы
органдары болып алды, олардың көбі материаддық-қаржы базасын нығайтуға
мемлекет тарапынан қолдау таппағаннан кейін жергілікті ведомстволар мен
ұйымдардың басшыларына тәуелді болды.
Көптеген кеңес азаматтары ондаған жылдар бойы пәтер алудың кезегінде
тұрған кезде халықтың ақшасына қалалар мен аудандарда партия комитеттерінің
зәулім қызмет ғимараттары салынып жатты. Басшы кадрларға арналып барлық
жерде еңселі сарайлар, саяжайлар, аң аулау "үйшіктері" салынды. Экономика
саласында, әсіресе саудада ауыз жаласу, жең ұшынан жалғасу, парақорлық, ал
қоғамда - немқұрайдылық, жаппай маскүнемдік пен қылмыскерлік етекалды.
Партноменклатураның туыстары, дос-жарандары кернеу жасаған қылмыстары үшін
жазаланбады.
Еңбек өнімділігінің төмендеуі, қоғамдық өндіріс тиімділігінің азаюы,
орынсыз шығын, ысырапқорлық, материалдық және қаржы ресурстарының көп
көлемде талан-таражға түсуі еңбекшілердің, әсіресе зейнеткерлердің, көп
балалы және жеке басты аналардың әл-ауқатының дәрежесіне салқынын тигізбей
қоймады. 1971-1985 жылдары жалақының орташа айлық номиналды мөлшері 123,7
сомнан 186,5, ал жасына қарай зейнетке шыққандардікі 52,1-ден 81,2 сомға
дейін ғана өсті. Ал нақты (шын мәніндегі) жалақы өспеді, керісінше төмендей
берді. Мысалы, 1985 жылғы 1 сом 60-жылдардағы 54 тиынға тең болды.
70-80-жылдары қазақ жеріне орталық ведомстволардың орасан зор
көлемдегі индустриялы экспансиясы жүргізілді: аса ірі объектілер салынғанда
олардың одақгық қожалары Қазақстанның түрлі әскери сынақтардан онсыз да
халі мүшкіл экологиясының жай-жапсарын ойламады. КСРО-да мақтаны көп өсіру
мақсатымен егіс көлемін шексіз ұлғайтудың салдарынан бір кездегі суы мол
Арал теңізінің қурғап қалуы СОКП басқарған орталықтың озбырлығын дәлелдей
түседі.
Саяси жүйеде, қоғамның идеологиясында бәз-баяғы догматизм мен
антидемократиялық, шын мәнінде, адамға қарсы бағытталған әдістер -
волюнтаризм, заңсыздық, екіжүзділік орнықты. Партия аппаратының "ескіліктің
қалдықтарымен" күресуді ту етіп көтерген идеологиялық өктемдігімен көптеген
халықгардың ұлттық дәстүрлері мен салтына тыйым салғаны олардың
мәдениетінің өркендеуіне кедергі жасады.
Жалған пролетарлық интернационализм туы астында, іс жүзінде түркі
тілдес халықтарды, соның ішінде қазақ халқын орыстандыру және
ассимиляциялау еаясаты жүргізілді. Орыс тілі халықтардың өзара түсінісу
құралынан ресми мемлекеттік тілге айналды, осыдан барып қазақ тілін оқып,
үйрену жылдан жылға құлдырай берді. Мәселен, 1970 жылы қазақтардың 41,6%-і
ана тілін білмеді. Озбыр орталықтың қастандық әрекетімен осылайша өзінің
тамырынан айырылған олар, шын мәнінде, мәңгүртке айналды. Ал, ресми
партиялық насихат мұндай келеңсіз жағдайды лениндік ұлт саясатының салтанат
құруы деп уағыздады. Қазақстан жүз тіл елі, халықтар достығынвщ
лабораториясы деп мадақталды. Ал осы уақытта қазақ халқы, әсіресе жас
ұрпақ өркениеттіліктен алшақ қалды, оның үлесіне мал бағу, шопан болу тиді.
Қазақ жастары урбанизациядан тыс қалдырылды, әр түрлі себептермен олар
өнеркәсіпке, құрылыстарға, көлік және байланыс саласындағы қызметтерге
тартылмады, өйткені республикада орналасқан кәсіпорындардың 93 проценті
орталықтан басқарылды, олардың басшы кадрлары республикадан тыс жерлерден
әкелініп отырды, ал қазақтар мамандықты керек етпейтін қара жұмыстарға ғана
қабылданды.
Жергілікті жерде кадрларды интернационалдық рухта тәрбиелеудегі ұлттық
саясатты СОКП басқарушы тобы іс жүзінде бүркемелі түрде жүргізілген
ұлыдержавалық, ұлыорстық шовинистік саясатпен алмастырды. Көп жағдайда
шовинизм интернационализм ретінде уағыздалды, ал ұлттық сананың көрінісі,
ұлт мәдениетінің даму проблемаларын көтеру, кадрларді даярлау т.с.с.
ұлтшылдық саналды. Коммунизм тұсында ұлттар болмайды, сондықтан да түрлі
тілдер, олардың орнына аумақгық тілдер пайда болады, солардың біреуі орыс
тілі деген интернационалдық жалған ұранмен ұлттық тілдер ашықтан-ашық
тұншықтырыла берді. Осындай қатерлі қауіп әсіресе қазақ тіліне төнді.
Тоталитарлық режим халықты барған сайын тұйыққа тіреді, жаппай
немқұрайушық қоғамды жайлап алды, ал қаусаған билеуші топ тозығы жеткен
әкімшіл-әміршіл жүйені реформалау жөнінде ешқандай батыл шараларды
қолданбады. Партия мен мемлекет басшысы Л.И.Брежнев ауыр науқас болса да
орнынан кетпеді. 1982 жылы қарашада ол кенет көз жұмған соң билік басына
Ю.В.Андропов келді, ол тәртіп орнатуды мықтап қолға алды. Бірақ бәрін
әміршіл әдістер арқылы жүргізді. Оның билік тұтқасын ұстаған уақыты тым
қысқаболды. Елдің басшылығына ауру меңдеген әрі партияның лидері болуға
тіпті де лайық емес К.У.Черненко отырды. Орныққан дәстүр бойынша ол 1984
жылғы ақпаннан бастап СОКП ОК Бас хатшысы, КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы
атанған.
1985 жылғы наурызда партия мен мемлекет баеына М.С.Горбачев келді. Ол
алдындағылар сиякты СОКП ОК Бас хатшысымен қоса Жоғарғы Кеңестің төрағасы
лауазымды қызметін атқармады, тек партия басшылығымен шектелді. Одан халық
демократиялық тәртіп орнататын шығар деп күтті.

1.2. Тәуелсіздікке жетудің қиын жолы
Тоталитарлық жүйе, "казармалық" социализм еңбекшілердің басқару мен
бақылау процестеріне тартылуын шектеді. Бұл жағдай басқарудың барған сайын
бюрократтануына әкеліп соқты. Мемлекеттік меншік пен әкімшіл-әміршіл жүйе
ондаған жылдар бойы үстем құрып, көп укладтық пен нарықгық қатынастарға жол
бермей келді.
Материалдық ынталандыру приципін теңгермешілік пен иесіздік
алмастырды. Демократиялық институттарды дамытудың орнына күштеу мен жазалау
әдістері кеңінен қолданылып отырды.
Адам факторының рөлі мен қоғам өмірін демократтандырудың, үнемі
бұқараға арқа сүйеудің қажеттігін жете бағаламау нақты іс-әрекетте уақыт
талабынан артта қалушылыққа әкеліп соқгы. Жемқорлық, парақорлық, қоғам
мүлкін тонау, маскүнемдік, бұзақылық т.б. келеңсіз құбылыстар күшейе түсті
- 1985 жылғы сәуірде партия қоғамды демократияландыру және оны жариялылық
негізде қайта құруды жүзеге асыру үшін халық алдында жауапкершілікті өзіне
алды: ғылыми-техникалық серпінділікті жеделдету арқылы елдің әлеуметтік-
экономикалық дамуының тұжырымдамасы жарияланды. Бұл стратегиялық бағыт 1986
жылғы 25 ақпан - 6 наурызда өткен партияның XXVII съезінің құжаттары мен
сонда қабылданған КОКП жаңа Бағдарламасында өзінің көрінісін тапты.
Алайда нақгы тетіктері жасалмағандық ан қайта құру кібіртіктей берді.
Шындығына келгенде, қайта құрудың қажеттілігі 80-жылдардың басында-ақ
айтыла бастаған болатын. Партияның басшысы Ю.В.Андропов өндірістік дамудың
ойдан шығарылған сталиндік үлгісі өзінің мүмкіндігін тауысты деп тұңғыш рет
ашып айтты. Ол әр елдің қарусыздануын ұсынған. Осы кезге дейін елдің барша
экономикасы әскери тепе-теңдікке жетуді қамтамасыз етпек болып әскери
өнеркәсіп кешеніне қызмет етіп келген еді. 70-жылдардың басында тепе-
теңдікке жеткен соң да әскери экономиканы бейбіт экономиканың есебінен одан
әрі өрбіту ақылға қонбайтын, адамгершілікке жатпайтын еді.
Мұның өзі тіпті небір қиыншылықтарды басынан кешіріп отырған өз
халқына қарсы қылмысты әрекет болатын. Реакцияшыл әскери басшылар жағдайды
осылайша түсінбеді, олар жанталаса каруланудың жаңа бір айналымын қоздырды.
Олардың осыңдай халықка опасыздық әрекеттерінің ызғарлы салдарының неге
әкеліп соғатынын "көсемдер" де түсінбеді. Ресми насихаттың империализм
жағынан әскери қауіп төніп тұр дегенінен үрейленген халық үндемеді, шамадан
тыс салықтарды төлей берді.
Қайта құруды жедеддету тұжырымдамасына сәйкес 1985-1987 жылдары
қазіргі заманның талабына сай алға басуға ұмтылыс жасалылды. Бірақ
М.С.Горбачев елдегі қоғамдық-саяси жүйені түбірімен қайта құрумен
шұғылданудың орнына 1987 жылы негізінен сыртқы саясатиен айналысты. Ол өзін
реформалаушы ретінде көрсетіп, Батысқа ұнамақ болды, ал олар болса
"Горбачевке көмектесу" жөнінде бәрі бір пікірге келіп: реформа араны
ашылған әскери алпауытты ауыздықтайды деп білген.
Ел ішінде жариялылық негізінде сын айту бостандығы орын алды, жаңа
партиялар, түрлі қоғамдық қозғалыстар құрыла бастады, кооперативтер, т.б.
құрылып жатты. Батыстың іскерлеріне бірлескен кәсіпорындар құру және т.б.
сол сияқтылар арқылы кеңестік экономикаға өз капиталын жұмсауға біршама
еркіндік беру көзделді.
Кеңес Одағы Коммунистік партиясының Бас хатшысы М.С.Горбачев "Күшті
орталық және күшті республикалар" деген ереже ұсынып, өзін сталиндік
үлгідегі күшті орталықгың нағыз қолдаушысы ретінде көрсетті. Әзірленген
жобада республикалардың жалпымемлекеттік маңызы бар істерден өзге
мәселелердің бәрін орталықсыз өздері шешпек болған ұмтылысы ескерілмеді.
Орталық ведомстволардың өктемдігі асқынып, ол өкіметтік құрылымдардың
бәрін, соның ішінде партиялық биліктің де тізгінін өз қолына шоғырландырды.
Бұған бірінші басшы ретінде ірі аймақта лауазымды қызмет атқармаған,
партия мен халыққа беймәлім, партиялық жандайшап Г.В.Колбин Мәскеудің
шешімімен Қазақстан Компартиясы ОК бірінші хатшылығына сайланды. Осындай
күрделі мәселе 1986 жылғы 16 желтоқсанда 18 минут ішінде шешілді. Бұл
жайында республиканың партия ұйымына да, халқына да ештеңе белгісіз еді.
Партияның өркөкірек, менмен жоғары билеуші тобы қазақ халқының
мүддесін тағы да аяқ асты етті. Ширек ғасыр Қазақстанға басшылық еткен
Д.А.Қонаев атына бір ауыз жылы лебіз айтылмады. Ал қайта құру 20 айға аяқ
басқан еді. Жариялылыққа сенген қазақ жастары республиканың жаңа
"қожайынының (ол кезде партия ұйымының басшысы іс жүзінде солай болған)
Мәскеудің өздігінше тағайындағанына келіспейтінін білдірді. Бұл мәселе
жөнінде жастар өкіметпен бетпе-бет тілдеспек болды, ал ол "төменнің" саяси
қимылын бірден-ақ жаншуға бағыт ұстады, тілдесудің орнына жастарға қарсы
шоқпар, әскери сапер күректер, бронды машиналар жұмсалды.
Жастардың бейбіт шеруі күшпен жаншылғаннан кейін Қазақстан "лидерінің"
айтуымен КОКП ОК бұл оқиғаны "қазақгың ұлтшылдығы" деп санады да оны
әшкерелеудің даңғазалық науқанына жол ашты. Жаппай "ұлтшылдарды" іздестіру
басталды, ондайлар оп-оңай табылды да: министрлер, басқа да партия немесе
кеңес, кәсіподақ, комсомол органдарының жауапты қызметкерлері лауазымды
қызметтерінең, профессорлар мен доценттер оқу орындарынан тайдырылды.
Сот органдары "біріншінің" тікелей нұсқауын орындап, қолдан жасалынған
қаралау материалдары негізінде қатаң жазалау үкімдерін шығарды: 1,5 жылдан
15 жылға дейін 83 адам, барлығы 99 адам сотталды, ал екеуіне ең жоғары шара
- ату үкімі шығарылды. Қылмыстарының ізін жасыруды көздеген түрме
жендеттері олардың біреуін -Алматы сәулет-құрылыс институтының студенті
Қайрат Рысқүлбековты абақтыда отырғанда әдейі жіберілген баскесердің
қолымен өлтірді.
Сонымен Колбин өзінің қызу "қызметін" бастап кетті: партия
комитеттерінде ұлтаралық бөлімдер, секторлар құрылды, олар ұлттық
кадрлардың, жоғары оқу орындарындағы студенттердің үлес салмағын шотқа
салып, арифметикамен шұғылданды; ұлтына қарай қанша студентті қандай жоғары
оқу орындарына қабылдаудың қажеттігі жайында облыстарға салғырт белгіленді;
таусылмайтын сан-алуан жиналыстар, мәжілістер, кеңестер өткізіліп, оларда
интернационалдық тәрбиені күшейтуге бағытталған шаралар белгіленіп жатты.
Екі жарым жыл жүмыс істеген кезінде Колбин республика өмірінің
көптеген мәселелерін ойланбай жәда өзі жетік білмей шешуге әрекеттенді.
Азық-түлік проблемасын шешпек болып сайғақтарды, доңыздарды, үйректерді,
қаздарды бет алды аулауға, атуға нұсқау берді, халықты борсықтың, суыр және
басқа орман аңдарының етімен тойдырмақ болды. Бұл аңдардың көбі Қызыл
кітапқа жазылған еді. Нақ соның тұсында Торғай мен Маңғыстау облыстары,
көптеген аудандар орынсыз таратылды. "Біріншінің" осындай және басқа
шешімдерінің қаншалықты теріс болғанын өмірдің өзі көрсетті.
Бұл кезде бұрынғы Кеңес Одағының елді басқару жүйесіндегі дағдарысы
кең өріс алған. Неғұрлым батыл шараларды жүзеге асыруды өмірдің өзі күн
тәртібіне қойған еді. Демократиялық күштер дараланып, өз алдына дербестікке
ие бола бастады. Кеңес Одағы Варшава Достығы Шартына кіретін социалистік
елдер жөніндегі өзінің бұрынғы қатаң тәртібінен бас тартатынын жария етті.
Осыдан соң бұл елдердің еңбекшілері тоталитаризмге, сталиндік социализмге
қарсы қимылға көшті.
Маңызы зор саяси оқиғалар Кеңес елінің өз ішінде де болып жатты. 1988
жылдың шілдесінен күшіне енген кооперация туралы Заң қабылданды. Ондағы
мақсат тұтыну тауарларын өндірудегі, қызмет көрсетудегі, ауыл шаруашылығы
өнімдерін өндірудегі олқылықтарды кооперативтер мен "жекешелер" толтырады,
ал адал бәсеке мемлекеттік кәсіпорындарды қамшылап, олардың тұтынуы, сатып
алуы үшін күресі бағаның төмендеуіне жеткізеді деп есептеген еді.
Бірақ бұлай болмай шықты, өйткені кооператорлар тапшы тауарларды
өндірудің орнына алып-сатарлықпен айналысып кетті, кейбіреулері өндірген
өнімдерінің құнын асқақтатып жіберді. КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының
1988 жылғы 14 наурыздағы Жарлығымен кооперативтер жұмысына салынатын
салықтың тым көптігі оларды тауар молшылығын жасауға ынталандырмады.
Сондықтан да сол жылдың шілдесінен бұл заңның іске асырылуы тоқтатылды.
1988 жылғы көктемде КСРО Жоғарғы Кеңесіне сайлау өткізілді. Сайлау
Кеңес мемлекетінің тарихында тұңғыш рет демократиялық және еркіндік,
халықтың саяси белсенділігінің қауырт өскен жағдайында өтті. Қайта құру мен
нағыз демократиялық сайлау тудырған халық депутаттарының Бірінші съезі
(мамыр - маусым, 1989 ж.)Кеңестік тарихтағы аса ірі оқиғалар қатарына
сөзсіз жатады.
1989 жылғы мамырда Бүкілодақтық XIX партия конференциясы өтті, онда
демократияшыл күштердің ықпалымен бірқатар аса маңызды шешімдер қабылданды.
Олардың негізгілері мынаған саяды: қоғам өміріндегі демократиялықтың аса
зор рөлі, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының кез келген мәселелері
жайында сан алуан пікір білдіру, жариялылықты дамыту, түрлі көзқарастардың,
идеялардың еркін айтылуы,пікірталастыққа жол беру, бюрократизммен күресу,
партия органдары мен Кеңестер қызметінің жігін ажырату, т.б.
Өкініштісі сол - белгіленген шаралардың бәрі құр қиял болып қалды,
өйткені саяси жүйені өзгертуге бағытталған нақты қадамдар жасалмады. Ол
үшін ең алдымен билеуші партияның өзін реформалау жөнінде дәнеңе де
істелмеді.
Әбден бюрократтанған кертартпа партия аппараты өзінің атына айтылған
сынның күшеюіне қарамастан бұрынғысынша басқару тізгінін қолынан шығармады.
1990 жылы қайта құрудың дағдарысы одан әрі тереңдей түсті. Бұл кезде
оңшылдар Горбачевтің жаңаша саяси ойлау негізінде сыртқы саясатта қол
жеткізген табыстарын Батыстың айткднына көну деп бағаласа, солшылдар ең
әуелі демократиялық қайта құруды жеделдетуді, тұтыну тауарларын молайтуды,
бірінші кезекте халықты азық-түлікпен камтамасыз етуді табандылықпен талап
етті. Соған орай ауыл шаруашылығы саласында көптегең реформалар жасалынды,
олар саны жағынан 60-жылдардағы Хрущевтікінен ешбір кем түспеді:
"агрокомбинат", "агробірлестіктер", "агроөнеркәсіп", "жалгерлік", "ішкі
шаруашылық жалгерлік" т.с.с. аты бар да заты жоқ жаңа атаулар қаптап кетті.
КСРО-ның құлауы
2.1 КСРО-ның ыдырауы және жаңа одақтардың құрылуы
Қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы кеңестік реформалардың Қазақстандағы қайшылықты салдарлары
КСРО-ның тарап кету себептері, тәуелсіз мемлекеттердің пайда болуы
Қазақстан «Хрущевтік жылымық» жылдарында (1953 – 1964 жж.)
Қазақстанда Президенттік институттың пайда болуы
Қарусыздандыру туралы халықаралық конференция
Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудағы халықаралық келісімдер
1946-1970 жылдардағы Қазақстанның қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайы
«Ресей және кеңес мемлекетінің тарихы» пәнінен оқу-әдістемелік кешен
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЭТНОС АРАЛЫҚ ҚАҚТЫҒЫСТАР
Құстар туралы
Пәндер