Екі ел арасындағы қарым-қатынас


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

I . Кіріспе . . .

II . Негізгі бөлім

2. 1. Екі ел арасындағы қарым-қатынас принциптері . . .

2. 2. Мемлекеттер арасындағы шекаралық мәселелер . . .

2. 3. Шекара делимитациясының жүзеге асуы . . .

2. 4. Қазақстан-Өзбекстан арасындағы шекаралық келіссөздер . . .

III . Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылдың 23-қарашасында орнады.

Өзбекстан Қазақстанмен, Қырғызстанмен және Тәжікстанмен бірге терроризммен, саяси және діни экстремизммен, транспорттық ұйымдасқан қылмыспен және басқа да тараптардың тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қауіп төндіретін күштермен күресудегі іс-қимылды бекіту туралы Шартқа қол қойған (2000 жылдың 21 көкегі, Ташкент) .

Қазақстан-өзбек қарым-қатынастарының келісім-құқықтық базасын 90-нан астам құжаттар құрайды. Мұнда ынтымақтастықтың барлық салалары қамтылған.

Мемлеккет басшыларының бір-біріне сапарларының

хронологиясы екі елдің сыртқы саясаты тығыз қарым-қатынастарға басымдық беретінін көрсетеді.

1998 жылдың 30-қазанында Президент Н. Назарбаев Өзбекстан Республикасына барған ресми сапарында екі жақты қатынастардың негізі болып саналатын мәңгі достық туралы Келісім шартқа қол қойылды.

Өзбекстан Республикасының Президенті И. Каримовтың 2002 жылдың 9-қыркүйегінде Астанаға келген ресми сапарының барысында ҚР мен ӨР арасында мемлекеттік шекараның кейбір учаскелерін делимитациялау туралы Келісімшартқа қол қойылды. Осымен мемлекеттік шекараны заңдастыруға бағытталған келіссөздер аяқталды.

Қазіргі кезде Қазақстан - Өзбек шекарасында демаркациялау үрдісі басталды.

2006 жылдың 11 қаңтарында өткен Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың инаугурауиясына басқа қонақтармен бірге Өзбекстан Республикасының Президенті И. Каримов та қатысты.

2006 жылдың 19-20 наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев мемлекеттік сапармен Өзбекстан Республикасына барды.

Келіссөздер нәтижесінде екі жақ халықаралық автомобиль қатынасы, интеллектуалдық меншік құқын қорғау саласында ынтымақтастық, ғылым мен технологиялар аясындағы ынтымақтастық, азаматтық, радио қызметінде пайдаланып жүрген 30-1000 МГц радиожиілігі жолағында радиожиілікті иемденуді шекаралық аудандарда үйлестіру туралы үкіметаралық келісімдерге, еркін сауданы тоқтату туралы хаттамаға қол қойылды, сондай-ақ ел ауыл шаруашылығы министрліктерінің арасында шегіртке және басқа да зиянды ауыл шаруашылық жәндіктерімен күресу шараларын жүргізуге ынтымақтастық туралы Келісім жасалды.

Сапардың негізгі нәтижелерінің бірі - екі президентің патронажымен Мемлекетаралық үйлестіру Кеңесін құру туралы уағдаластыққа байланысты Меморандумның қабылдануы.

2. 1. Екі ел арасындағы қарым-қатынас принциптері

ҚР Президенті Н. Назарбаевтың мемлекеттік сапары аясында «Қазақстан - Өзбекстан: бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер» бизнес -форумы болып өтті. Онда екі елдің министрліктері мен ведомстволарының, іскер топтар мен даму институттарының өкілдері қатысты. Бұл іс-шаралар кезінде екі жақ экономикалық ынтымақтастық пен ортақ жобаларды іске асыру мәселелерін талқылауды, тараптардың артықшылықтары мен экономикаларының потенциалдарын дұрыс пайдалануға назар аударылды.

Екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түсу және экономикалық мәселелер блогын оперативті шешу мақсатында Бірлескен үкіметаралық комиссия (МПК) құрылды.

2006 жылдың 4-қыркүйегінде Өзбекстан Республикасының Президенті И. Каримов Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келді.

Келіссөздер барысында екі жақты қарым-қатынастар, Орталық Азиядағы жағдай туралы кең ауқымды мәселелер, өзара мүдделі болып отырған халықаралық проблемалар талқыланды. Атап айтсақ, мынадай мәселелер қаралды: шекаралық сауданың орталығын ашу, еркін сауда зонасын жасау, валюталарды өзара конвертациялау механизмін табу, аймақтың гидроэнергетикалық ресустарын ұтымды пайдалану, Халықаралық суэнергетикалық консорциумын құру, т. б.

Сапар кезінде Мемлекетаралық Үйлестіру Кеңесі туралы Ереже бекітілді, Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасында 2006-2010 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық Бағдарламасы және Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтері арасында мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық, 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарлама мақұлданды.

Сонымен қатар жасырын ақпаратты қорғау, мемлекеттік әуе кемелерінің ұшу қауіпсіздігі, қазақ-өзбек шекарасынан өткізу кедендік бекеттеріне байланысты кейбір үкіметаралық және ведомстволық құжаттарға қол қойылды.

2006 жылдың 3 қарашасында Президент Н. Назарбаев жұмыс сапарымен Ташкентте болды. Оның барысында Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының басшылығымен Мемлекетаралық Үйлестіру Кеңесінің бірінші отырысы өтті.

2005 жылы ӨР-мен товар айналымының көлемі 497, 1 млн. долларды құрады (қазақстандық экспорт - 242, 6 млн. доллар) . Ал 2004 жылы екі ел арасындағы товар айналымы 429, 3 млн. долларды құрады.

Өзбекстанға, негізінен, минеральдық өнімдер, рудалар мен концентраттар, өсімдіктерден жасалған өнімдер, химия және онымен байланысты өнеркәсіп өнімдері тасымалданды. Қазақстанға Өзбекстаннан минеральдық өнімдер, электротехника жабдықтары, тамақ өнеркәсібінің өнімдері, алкогольдік және алкогольсіз ішімдіктер, машиналар, жабдықтар иен механизмдер әкелінді.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін өзінің оңтүстік мемлекеттік шекарасымен шектесетін Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан республикаларымен дипломатиялық қарым-қатынас орнату негізінде республикалардың үкіметаралық комисиялары мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау мәселелері бойынша келіссөздер жүргізіп шекараның өтетін сызығын анықтауда. Қазақстан Респудликасының сыртқы істер министрі қызметін атқарған Е. Ыдырысовтың пайымдауынша, республикасының оңтүстік мемлекеттік шекарасының ұзындығы Қырғыз республикасымен шамамен 1050 шақырым, Өзбекстанмен 2150 шақырым және Түрікменстанмен 400 шақырым құрайды.

Қазақстанның Орталық Азиядағы саясатында Өзбекстан Республикасымен Ынтымақтастық басым бағыттың бірі болып табылады. Бұл Өзбекстанның экономикалық әлеуеті мен саяси саомағына байланысты. Ішкі тұрақтылықты қамтамасыз етуге қол жеткізген, ірі мемлекет саналатын Өзбекстан жақын болашақта Қазақстан дипломатасиясына маңызды орын алатыны өзсіө. Екі мемлекетің бір-бірімен татулықта, ынтымақтастықта бейбіт өмір сүруі аймақтың қауіпсіздігінде тұрақтылықты сақтап қоймай, оларды болашақта екі жақты саяси экономикалық дамуға жетелейтіні сөссіз.

Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынаста негізге алынатын принциптер Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы «Достық ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы» шартта белгіленген. Құжатқа 1992 жылғы 24-маусымда қол қойылды. Шартта екі жақты экономикалық ынтымақтастықты дамытуға айрықша көңіл бөлінеді. осы мақсата тараптар сауда-саттықта бір-біріне анағұрлым қолайлы жағдай жасауға, сондай-ақ барлық деңгейде өзара тиімді экономикалық және сауда қатынастарын дамытуды көтермелеуге, тікелей инвестициялар үшін жағдайды жақсартуға, бірлескен кәсіпорындар құруға міндеттейді. Шартта, сондай-ақ, маңызды саяси қағидалар орын алған. Атап айтқанда тараптар Қазақстан мен Өзбекстанның аумақтық тұтастығын және қазіргі шекараларының мызғымастығын мойындайды әрі құрмет тұтады, осы шекараларға кез-келген қол сұғушылықтан бас тартады. Құжатта мемлекеттік өзара уағдаластық бойынша жүзеге асырслатыны айтылады.

2. 2. Мемлекеттер арасындағы шекаралық мәселелер

1994 жылы 10-12 қаңтарда Ташкентте екі мемлекет басшыларының кездесуі өтті. Кездесу барысында екі жақтың қызығушылық танытатын бірнеше мәселелері бойынша сұрақтар қарастырылады. Соның бірі екі ел арасындағы мемлекеттік шекара мәселесі болды. Осы басқосуда екі республика басшылары қалыптасқан мемлекеттік шекараның өзгермейтіндігін жариялап, аймақтағы қауіпсіздікті сақтап, бейбітшілікті қамтамасыз ету жолында жұмыс жасайтындықтарын мәлімдеді.

Екі елдің арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау екі жақты қатынастардың тұрақты болашағына жауап береді. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекараны құқықтық тұрғыдан рәсімдеу халықаралық нормаларға жауап беретін шекаралық, кедендік, көші-қон, санитарлық және басқа да бақылау жасауды қамтамасыз етеді. Осы маңызды мақсатқа жету жолында Қазақстан өз тараапынан қыруар жұмыстар атқарып жатыр деп айтуға болады. Бірақ арадағы байланыстардың жақсы қарқын алғанына қарамастан, екі мемлекет арадағы шекараны анықтау барысында біраз қиындықтар мен қарама-қайшылықтарға тап болды.

Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шекараның ұлттық дербес республикалар ретінде қалыптасу тарихы Кеңес мемлекетінің құрылуынан бастау алады. Ең алғашқы нақты шекара сызығын анықтау 1924-1925 жылдары жүргізілген Орталық Азиядағы ұлттық-территориялық межелеу кезінде болды. шекара сызығының өтуі РКФСР БОАК Төралқасының 1925 жылғы 9-қарашадағы мәжілісінің № 28 Хаттамасы қосымшасының 9-бабында және әскери-топографиялық бөлімінің карталарында көрсетілген. Құжат шикірлеу және баяндау мен графикалық бөліктерінде түсініксіздеу шыққан.

Тәуелсіздік алысымен Өзбекстан Орталық Азия аймағында орын алған геосаяси жағдайда басты рөл ойнағысы келіп, осы бағытта біраз батыл қадамдар жасағаны белгілі. Мұндай жағдайда Өзбекстанның шекараға басып кіріп, басқа бір мемлекеттің жеріне өз бетінше жерге қазықтар қағып, белгілер қоюымен қатар, «таласты» деген жерде мал бағып жүргені үшін қазақ шопандарына оқ жаудыруларынан байқаймыз.

Екі арадағы шекара мәселесі 2000 жылдың қаңтарында өзбек әскерлерінің өз еркімен қазақ жерлеріне кіріп, шекара бағандарын орнатумен басталған еді. Осыдан кейін шекара бойында екі ел арасындағы шекара мәселесі бойынша тартыстар одан өрши түсті. Екі елдің ортақ шекараларында болған келеңсіз жағдайдан кейін мемлекеттік шекараны делимитациялау жөніндегі үкіметтік комисиясы құрылды.

Келіссөздер жүргізу мен жұмыс барысын қадағалау үшін екі мемлекеттің премьер-министрлері басқаратын үкімет комисиялары құрылды. Қазақстан комисиясы құрамына ҚР СІМ-нің қызметкелері, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің офицерлері, ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігінің өкілдері, сондай-ақ басқа да ведомоствалар мен қызметтердің өкілдері кірді.

2000 жылдың қаңтарында ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орыбасары Ә. Ахметовтың басшылығымен үкімет делегациясы мемлекеттік шекараны делимитациялау мен демаркациялау жолында бірнеше кездесулер өткізіп, жұмыс бастаған болатын . Екі ел территориясының кеңестік дәуірде бірнеше мәрте өзгеріп отырғандығын және 1920 жылдардың ортасында Орталық Азия республикаларында жүргізілген ұлттықтерриториялық межелеу барысында жекелеген учаскелерге байланысты шекараны анықтау нақты жүргізілмегендіктен, аймақтағы мемлекеттер тәуелсіздік алған кезеңде мемлекеттік шекара мәселесі жаулы мәселеге айналды. Яғни, делимитациялау қай жылдардағы құжаттар негізінде жүргізілуі тиіс дегенсұрақ туып, осы тұста екі жақ өзіне ыңғайлы кезеңді алға тартып, біраз қиындықтар туғызды. 2000 жылы сәуір айында Ташкентте екі мемоекет басшылары кездесіп, мемлекеттік шекара бұрынғы КСРО тұсындағыәкімшілік бөлініс күйінде қалай болса, сол күйінде еш өзгеріссіз қалсын деп мәлімдеді. Яғни, мемлекеттік шекара 1991 жылгы Алматы Деко\ларациясы бойынша қалдырылды.

Республикалар арасында «таласты» деп табылған учаскелерге байланысты ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 2000 жылы 2-қазанда ҚР СІМ алқасының кеңейтілген мәжілісінде сөйлеген сөзінде шекараны делимитациялау барысындағы келіссөздерге «жиналып қалған тарихи трансшекаралық шаруашылық мәселелерді» достық және сенім рухында сауатты шешуге негізделген құқықтық база құрудың маңыздылығына ерекше мән берді.

2001 жылдың басына қарай үкіметаралық бірлескен екі жақты комиссияның күрделі жұмысы алғашқы нәтижелерін бере бастады. Жалпы ұзындығы 2150 шақырымның қазақ-өзбек шекарасының 190 шақырымы бойынша мәселе шешілді. Майдантал өзенінен, яғни Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан шекараларының түйісккен жерінен Бағым ауылына дейін және Арнасай шатқалынан 90 шақырым далалық учаскеден солтүстік-батысқа қарай, сондай-ақ Достық, Көктерек және Жібек жолы шекаралас ауылдарының ірі масштабты суреттері түсірілді. Делимитациялау жұмыстарын жүргізуге үкіметаралық комиссия Жоғарғы Кеңестің 1956, 1963 және 1971 жылғы республикалар арасындағы әкімшілік шекара туралы актілер мен қазіргі әкімшілік-территориялық бөліністер туралы құжаттар негізге алынған. Сонымен қатар, әрбір таласты жерлер әр кездегі топографиялық карталармен нақтыланып, оған талдау жасалынып отырды.

Екі жақты келіссөздер барысында 2001 жылы 16-қарашада қазақ-өзбек шекарасын делимитациялау жөніндегі келісімге қол қойылды. Келісімнің 4-бабында қосымша қарауды талап ететін шекараның үш учаскесі бойынша шекара сызығын анықтау одан әрі жалғаса береді деп келісілді.

Шекараны анықтау барысында Кеңес Одағы тұсында «халық шаруашылығын оңтайландыру мақсатында» деп көрші өзбек ағайындарға және қорғаныс мақсатында әскери бөлімдерге жалға берілген және тәуелсіздік алғанннан кейін өз иесіне қайтпай қалған жерлер төңірегінде республикалар арасында біраз келіспеушіліктер туындады.

Одақтас Республикалардың Конституцияларында тиісті республикалар арасында шекараны өзгерту сол республикалар арасындағы келісімді, заң актілерін КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы ресми түрде бекіткен соң ғана жүргізіледі деп айтылған. Сондықтан екі елдің арасындағы мемлекеттік шекараны делимитациялау кезінде Қазақстан КСР-інің жер беру туралы Жарлығы емес, лсы Жарлықтың КСРО Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы бекіткені туралы заң актісі басшылыққа алынуы тиіс, өйткені сол кездегі Конституция талабы екенін алға тартты.

КСРО тұсында Қазақстанннан Өзбекстанға екі дүркін жер беріліп, екі дүркін шекара өзгертілгені белгілі. Біріншісінде Бостандық ауданы, екіншісінде Мақтарал, Жетісай, Киров аудандары берілді. Осы жөніндегі заң актілерін түпкілікті заңдастыру үшін 1971 жылы ҚКО комитеті, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Өзбекстанға берілген жердің көлемін егжей-тегжейлі көрсетіп, КОКП Орталық Комитетіне, КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасына, КСРО Министрлер Кеңесіне арнайы хат жолдады. Міне, осы құжатты негізге алып, осы жарлық бойынша Өзбекстанға қанша жеріміз, қай жеріміз берілсе, оған дауымыз жоқ, 1991 жылғы Декларацияның талабы да сондай, Елбасымыз да осыны айтты, ал берілмеген жеріміз қайтарылуы тиіс деген прринцип ұстанған еді.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1956 жылғы 22-қарашадағы Жарлығы бойынша Өзбекстанға Бостандық ауданынан 418 мың га жер берілген . бұл Қазақ КСР-нің осы мәселеге байланысты шыққан жарлығының мәтінінде де көрсетілген. Бірақ осы шекараны анықтау кезінде екі мемлекет арасында талас тудырған сол кездегі Сары-Ағаш ауданының Бағыс және Түркістан ауылдары мен біраз қосымша жерлер Өзбекстан құрамына беріледі деген ешбір мәселе болмаған, ол туралы жарлықтарда көрсетілмеген. 1956 жылғы 21-қаңтардағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының төрағасы Ж. Тәшенов қол қойған Қазақ КСР-і құрамынан Өзбек КСР-і құрамына Бостандық ауданы мен біраз далалық жерлерді беру жөніндегі Қазақ КСР-і Жоғарғы Кеңесінің қаулысында бұл мәселелер нақты анықталып көрсетілген.

Қаулы бойынша: Оңтүстік Қазақстаноблысының Бостандық ауданы, оның территориясындағы ОңтүстікҚазақстан облысы мен Жамбыл облысы ұжымдары пайдаланатын жайылымды жерлерді қоспағанда :

Оңтүстік дала арналары қарамағындағы жерлерден 95 мың га. Орталық дала арнасының сол жағалауы қарамағындағы жерлерден 75 мың га;

Қазақ КСР Үкіметі 1936-1937 жылдары Өзбек КСР-іне уақытша пайдалануға берген жер көлемінен 329 мың га жер берілсін делінген .

Біздің бұл құжаттан аңғаратынымыз, екі мемлекет арасындаталас тудырған Сары- ағаш ауданының аталмағандығы. Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының кейбір ұжымдары деп көрсетілген шаруашылықтар бүгінгі Оңтүстік Қазақстан облысының Төле-би және Қазығұрт аудандарының Майдантал өзені бойы мен Ұғам өзенінің жоғарғы ағысы аудандарының жерлері болатын. Ал қалған Бостандық ауданының 418 мың га жері Өзбекстан құрамына өтуі тиіс болатын. 1956 жылы 15 наурызда Қазақ КСР-і мен Өзбек КСР-і үкіметтерінің делегациясының алты жоғары лауазымды басшылары Бостандық ауданының бір бөлігін беру мен қабылдап алу туралы біріккен хаттамаға қол қояды.

2001 жылы 31 қазанда Қазақстанның сол кездегі саяси ведомствосының басшысы Е. Ыдырысов «Ұғам» және «Майдантал» учаскелерінің көлемі 76 мың және 45 мың га (жалпы көлемі 121 мың га) жерді құрайды деп мәлімдеді. Яғни, талас тудырған жерлер шекараны бөлуде дұрыс жүргізілмей, қаулыдакөрсетілген жерлер толықтай Өзбек КСР-і құрамына өтіп кеткенге ұқсайды. Снымен қатар, екі жақты шекараны анықтау барысында Бағыс және Түркістан ауылдарының тұрғындары ҚР Сыртқы істер министрлігіне Бостандық ауданының құрамына сол кезде қосымша ешбір рәсімделусіз 100 мың га жер өтіп кеткен деген наразылықтарын білдірген еді.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекетаралық шекараны анықтау барысында біраз қазақстандық қоғамдық ұйымдар Бағыс және Түркістан ауылдары тұрғындарының мүдделерін қорғау мен жалпы қазақстан Республикасының территориялық тұтастығын сақтау жолында белсенділік танытқаны белгілі. Әсіресе, Бағыс пен Түркістанды қорғау жөніндегі жастар комитеті айтарлықтай оң істер атқарды. Жастар комитетінің сұрауы бойынша, ҚР ҰҒА география ғылыми-зерттеу институты 2002 жылы көктемде Бостандық ауданының көлемін Өзбекстанға берілерден екі-үш ай бұрынғы, 1955 жылғы 1 қарашадағы шекараларымен 1:250. 000 масштабтаөлшеу жүргізді. №7094 планиметрімен өлшеудің нәтижесінде ауданның жер көлемі 539. 500 га емес, 612. 000 га болғандығын анықтады. «Майдантал» учаскесінің көлемі бұрынғы 45 мың га орнына 39. 350 га көлемінде белгіленіп, оның айырмасы 5750 мың га құрады. «Ұғам» учаскесінің көлемі 76600 га орнына 70090 га көлемінде белгіленіп, оның айырмасы 5. 910 га құрады. Екі учаскенің жер көлемі бұрынғы 121. 000 га орнына 109. 440 га көлемінде анықталды, оның сомалық айырмашылығы 11. 560 га құрады. География институтының комисиясы Өзбекстанға берілген Бостандық ауданының жер көлемін бұрынғы 418. 000 га орнына 502. 560 га көлемде анықтады. Бұдан бостандық ауданының 418. 000 гектарынан басқа жер Өзбекстанға құжатсыз 84. 560 га өткендігін байқаймыз.

Сонымен қатар, назар аударатын мәселе, талас тудырған Бағыс пен Түркістан ауылдары этникалық жағынан алғанда, қазақ ауылдары болып табылады. 1999 жылы ақпанда жүргізілген халық санағының мәліметтері бойынша, Бағыс ауылында этникалық қазақтар 98 % құраған және ауылдың барлық тұрғындары 4 өзбекті қосқанда, Қазақстан Республикасының азаматтары болып шыққан. Ал Түркістан ауылында этникалық қазақтар 78%, өзбектер10%құраған. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысы Сары-Ағаш ауданы Ақжар ауылдық оокругі әкімінің қол қойып, мөр басыоған анықтамасынан алынған дерек. Негізгі талас тудырған Түркістан ауылы әкімшілік жағынан Өзбекстанға қараған болатын, бірақ онда тұратын халықтың 2/3 Қазақстан азаматтары болды.

Делимитация барысы күрделі жағдайда жүрді. Анықталатын шекара учаскелерінің қиын деп табылған жерлерінде делегацияның топографиялық жұмыс тобы біріккен далалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге тура келді. Территорияны шаруашылық игеруде болған күрделі өзгерістерге байланысты, делегация тобының жұмысшылары ірі масштабты суретке түсіру жұмыстарын жүргізді. Арал теңізінің акваториясында, белгілі экологиялық апаттың салдарынан оның жағалау сызығында болған күрделі өзгерістерге байланысты жаңа космофотокарта жасалынды.

Осы тұста екі жақтың карталары сәйкес келмеген 3 учаске бойынша үкіметаралық комиссия күрделі және ауыр жұмыстар жүргізді. Екі жаққа да қиын сәтте Өзбекстан мәселені өз пайдасына шешу жолында Қазақстанмен біраз геосаяси ойындарға да ара-тұра барғаны байқалып отырады. өзбек үкіметі мәселенің шешілуіне өз ұпайын түгендеу барысында Қазазстан жағына мүмкіндігінше қысым көрсетуге тырысып бақты. Осы тұста Қазақстаннның оңтүстігін толықтай газбен қамтитын Өзбекстан Республикасы негізсіз газ бағасын қымбаттатып, кей кезде ешбір ескертпестен газ беруді мүлде тоқтатып отырды. Сонымен қатар, жаз айларында егістікті суару маусымында Орталық Азия Республикаларынан бастау алып, Өзбекстан арқылы келетін өзендердің суын жөнсіз бұрып, оны ккелісілген мөлшерден аз жіберіп, шекараны делимитациялау барысына әсер етуге тырысты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіз Үндістан мен Қытай Халық Республикасы арасындағы қарым-қатынастар
Туркия Республикасы және Қазақстан Респубикасы қарым-қатынастар стратегиясы
Қазақстан облыстарының алыс шетелдер мен экономикалық байланысы
Қазақтардың дәстүрлі туыстық қарым- қатынасы
ҚАЗАҚСТАН МЕН МОҢҒОЛИЯНЫҢ ҚАРЫМ - ҚАТЫНАСЫ
Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы стратегиясы
Қазақстан Республикасы мен Қытай халық республикасының қазіргі экономикалық байланыстар деңгейі және болашағы
Көкжал Шыңғыстың көне мекеніндегі ел – Моңғолия
Қазақстанның саясаты
Екі ел арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынасты жан-жақты талдау және болашақтағы дамуына болжаулар жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz