Интеграция түсінігі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Интеграция-дегеніміз, ерекше қажеттілігі бар, еңбек ету қабілеті шектеулі тұлғаларды қоғамға біріктіру, сол адамға теңдік жағынан қамтамасыз ету. Сонымен қатар арнайы оңалту жағдайын ұйымдастыру процессі.

Л. С. Выготскийдің анықтауынша, мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру жағдайын қамтамасыз ету - дегеніміз оларды қалыпты балалармен бірге оқыту, тәрбиелеу және дамыту. Шетелдерде біріктіріп оқыту процессі ертерек қолға алынған. Ал біздің елімізде бұл оқыту жүйесі енді қолға алынған.

Сол сияқты біріктіріп оқытудың екі түрі берілген:

  1. Интералдық бұл арнайы білім беру жүйесінде мүмкіндігі шектеулі балалар біріктіріліп оқытылады. Мысалы, нашар естейтін балалармен тіл кемістігі бар балалар бірге оқытылады. Енді келесі бір түрі - экстернальдық түрі. Бұл жалпы және арнайы білім беру жүйесінің біріктірілуі немесе қосылуы.

Соңғы уақытта интеграция терминімен қатар инклюзивті оқыту термині қолданылуда. Бұл дегеніміз - қосы білім беру жүйесі. Инклюзивті (қосу) білім беруді біріктірумен салыстырғандай кең, себебі тек білім беру жағдайын ғана емес, тұлғаның қоғамдағы жалпы орнын көрсетеді және мемлекеттік - саяси шаралармен анықталады, бекітіледі.

Интеграция - арнацы білім берудің ұйымдастырудың жаңа формасы. Яғни мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім берумен тәрбиелеуді қалыпты балалармен біріктіре отырып оқыту, тәрбиелеу, дамыту және кемістіктерін түзету.

Мүмкіндігі шектеулі адам, қоғамның басқа мүшелері сияқты білім алуға, өмір сүруге, жергілікті жерге жұмыс жасауға, өз үйінде тұруға, достарын таңдауға және олармен дос болуға, қоғамға сай қажетті адам болуына толық құқықты. Сондықтанда оларға әрдайым мемлекет тарапынан үлкен көмек көрсетілуі қажет.

Мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектеулі, дамуы тежелген балаларды біріктіріп тәрбиелеумен оқыту біздің елімізде соңғы 10 жылда педагогикалық ғылыммен тәжирибеде маңызды мәселеге айналды.

Біздің елімізде қазіргі таңда бірнеше қалаларда арнайы мектептер жұмыс істейді. Көптеген облыстардың аулдық мектептерде арнайы сыныптар жоқ, олар тек қана Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының аудандарында ұйымдастырылған.

Осы уақытқа джейін ерекше қажеттіліктері бар балалар жалпы бағдарламамен білім алған, сонымен қатар олар жүйелік, комплекстік педагогикалық түзейту көимектерін және психологиялық, әлеуметтік қолдау алған жоқ.

Интеграцияның жаңа түсінугі

Қоғамдағы мүмкіндігі шектеулі адам қоғамдық сананың моделі. Адамның қоғамға біріктірілуі - білім берідегі маңызды сұраныстары мен қазіргі еңбек қабілеттіліндегі шектеулі үрдісі және қоғам нәтижелерінің көрінісімен шынайы мүмкіндіктері әлеуметтік өмірдің барлық түрлеріне қатысуына құқықты және қоғамның өзге мүшелерімен теңесіп, дамуындағы ауытқуы бар адамдармен теңгерле отырып мүмкіндіктері шектеледі.

Білім беру жүйесіндегі интеграция (біріктіру) төменгі мүмкіндіктері шектеулі альтернативті маңызды білім беру сұраныстары болып келеді: міндетті білімдері (мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, мектептерде) арнайы білім мекемелерімен жалпы білім беретін мекемелерінен алады.

Интеграция «нормалық» тұжырымдамаға негізделеді, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өмірімен тұрмысы, олар өмір сүріп отырған қоғамдық өмір стилімен оның талаптарына неғұрлым жақын болуы тиісті идеясы негізінен қалынған.

Балаларға қатысты төмендегідей:

Ерекше білім сұраныстарымен баланың бәріне ортақ болатын сұраныстарда бар, олардың негізгісі - дамуды ынталандыратын жағдайдағы және сүйіспеншілікке деген сұраныстар.

Бала қалыпты өмерге жоғары дәрежеге жақындатылған өмір сүруі қажет.

Балаға ең жақсы орын-оның туған үйі болып саналады, жергілікті басқарма орындарының міндеті -ерекше білімге сұраныстары бар балаларды өз жанұясында тәрбие алуына әрекет жасау.

Барлық балалар білім алады, дамуындағы ауытқуы қандай ауыр болсада, олардың бәрінің білім алуына мүмкіндік берілуі тиіс.

«Нормалық» принциптері бүгінгі халықаралық құқық актілерімен бірге бекітілген: бала құқығының декларациясы, интелектуалды дамуында кемістігі тұлғалардың құқығы туралы декларация, кемтар адамдардың құықығы туралы декларация.

Адамзат цивилизациясының дамуы тарихында қоғамдағы мүмкіндіктері шектеулі адамдар әлеуметтік «сөре» ретінде қарым қатынаста болады.

Сондай «сөре» немесе модельдің қысқаша нұсқасына тоқталайық.

«Ауру адам» осы моделге сәйкес мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар - ауру адамдар. Бұл адам - емделу объектісі ретінде қарастырылады дегенді білдіреді. Медициналық қызметте осындай адамдардың зәру екендігін жоққа шығармау арқылы білім беру кодексінде табиғаттағы шектеулі мүмкіндіктерге, әлеуметтендіру мен білім берудегі бір қатар қиыншылықтарға байланысты.

Мүмкіндігі шектеулі адамдарды - ауру деп ұйғаратын қоғам, оны білім процессінен алып, оған медициналық диагносиканы, емделуді және қарауды ғана қамтамасыз ете алады.

Прогрессивтік қоғам даму кезеңдері болып келеді, бұл модель жеке жеке ауруларды емдеудежәне профилактикалық тәсілдерді қолдануда, адамның дамуына кері әсер ететін факторларды, себептерді, клиникалық ғылыми зерттеуді игеруді дамытуын ынталандырады.

Бірақ қазіргі талаптарда бұл модель жеткіліксіз, мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, өзі ерекше сұраныстары бар адамдардың мүмкіндіктерін шектейді.

«Адамға тән емес» моделі. Дамуында ауытқуы бар адам ол модельге сәйкес толыққанды емес бейне ретінде өз деңгейі бойынша жануарға жақын келеді. Яғни, қоршаған ортаның өзара іс-әрекетінің әсер етуінен туындаған өнердің шектелуінен көрініс табады.

«Қоғамға қауіпті» моделі. Дамуында ауытқуы бар кей бір бейнелік категориялардағы адамдар (психологиялық ауытқулары бар адамдар, саңырау, ақыл есі кем) қоғамға қауыпті деген ой туындатады. Бұл адамдар тек аурудың көзі ғана емес, сондай-ақ «дұға жолдау», «бақытсыздықты тілейді», материалдық және моральдық нұқсан келтіреді деген жағымсыз ойлар әліде толастамады. Потенциалды «қауіптен» өзін аулақ ұстау үшін қоғамдағы жағдайларға іс-шаралар қолданылады, интернаттар, қоғамнан алыс орындар, мазмұны қатаң тәртіптегі мекемелер құрылды. Бұндай жағдайларда білім жеткіліксіз болған немесе дұрыс берілмеген дейді.

«Жанашырлық объектісінің» моделі. Бұл модель адам тұлғасының дамуына үлкен әсер етеді, оның ұмтылыстарының өздігінен іске асыруына әрекет етеді. Осы модель аясында мүмкіндігі шектеулі адамдарға кішкентай балаға қарағандай көз қарас болады, өспейтін, жетілмейтін, өмір бойы балалық шақта қалады деген ой қалыптасқан. Бұл модельдің басты міндеті мүмкіндігі шектеулі адамдарға «жаманнан» қоршаған ортаны өзінің қоғамы арқылы сезіну деп түсінеді, бірақ білім беруінің дамуын байқалады.

«Қайырымдылық объектісі» моделі. Кейбір дүниежүзілік едерде қиын экономикалық жағдай мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағымсыз әсер етеді. Оларға көрсетілетін көмек экономикалық ауытқулықтарды қысқартуға қатысты болып келеді.

«Дамуы» моделі. Бұл модель кейбір мүмкіндіктері шектеулі бинелер үшін адамдардың дамуымен білім алудағы қабілеттілігінен көрініс табады. Осы модельге сәйкес қоғам мүмкіндігі шектеулі баланың толық дамуына жағымды жағдай жасау және түзету - педагогикалық көмек көрсету болып табылады. Бұл модельге сәйкес мүмкіндігі шектеулі адам қоғамның басқа мүшелері сияқты өмір сүруге, оқуға, жергілікті жерге жұмыс жасауға, өз үйінде тұруга, достарын таңдауыға және олармен дос болуға, қоғамға сай қажетті адам болуына толық құқықты. Мұндай модельді іске асыру «нормалау» принципіне сәйкес келеді.

Тәрбиелеумен оқытудағы біріктіру. Біріктіру теориясы бойынша тәрбиемен оқыту - тек жалпы адамзаттық пайдалы білімді меңгерту ғана емес, ол әрі мүмкіндігі шектеулі баланы қоғамның қабылдауы және баланың өзімен қоғамды оның әлеуметтік - бағыттарымен құндылықтары жүйесін қабылдайтын әлеуметтік үртісі.

Мектеп жасына дейінгі мүмкіндігі шектелген, жетілуі тоқыраған балаларды біріктіріп тәрбиелеумен оқыту біздің елімізде соңғы 10 жылда педагогикалық ғылыммен тәжирибеде маңызды мәселеге айналды. Басында бұл үртіс денсаулығы төмен, жағдайы ауыр балалар ата-анасының бастамасы еді. Олардың көзқарасы бойынша барлық балалар табиғи қажеттілік пен білім алу қажеттілігін қанағаттандыруға арнайы жағдай жасалған кезде ғана олар жалпы білім беретін мекемелер жағдайында алаңдамай оқиылады.

Педагогикалық ғылыми көзқарас бойынша, біріктіру үртісінің оңтайлы болуының тағы бір жағы: кәсіпқойларды түзету педагогикасы бойынша балалармен жұмыс істеуге бағыт бағдар береді. Педагогикалық әсер етудің нысанасы бала бойындағы кемшіліктер емес, оның тұлғасы болады.

Тәжірибеде біз бір-бірімен ұқсамайтын жағдайларды байқаймыз. Психикалық дамуы тежелген балалардың кең таралуы және ерте диагностикалардың осалдығы интеграцияның тосынан жағдайда болып жатқандығын байқатады. Кей жағдайда баланыда, ұстаздыда кәсіби қолдау кемшілігінің соғып жатады, сондықтан ішінара біз дене-тұрпаты дұрыс дамыған құрбыларының тобында жүрген балаларданда ауытқушылықты байқаймыз. Мұндай жағдайда тек қана түзету жұмысы ғана емес, бүкіл тәрбиелеу үртісін сапалы жүргізу мүмкін болмай тұр.

Мектепке дейінгі және жалпы білім бері мекемелері жағдайында ауытқудың шекаралық ерекшелігі бар балаларға байланысты жүргізілген көп жылғы зерттеулермен бақылаулар біріктіру үрдіс ерекшеліктері туралы кейбір ойтолғауларды түйіндеге мүмкіндік береді.

Біріншісі жәнеде негізгісі: баланың қоғамға біріктіруі ұтымды болу үшін, баладағы ауытқуды ертерек анықтау механизімін дұрыс жолға қою керек. Баланың дамуы потенциалымен ауытқулықтарын таба отырып, оның педагогикалы-психологиялық, медициналық-әлеуметтік қолдау жолдарын анықтауға болады.

Екіншісі - бұл баладағы ақауға байланысты мәселені таңдау тәсілімен шешу мүмкіндігінің болуы. Бұл екі жүйе - саралап және біріктіріп оқытуды өтпелі және аралық түр сияқты қатар алып жүруге болады.

Үшіншісі - оқытудың қайсы бір түріне болсада, білім беру мекеме тұжырымдамасын, қызметкерлер санатын, материалдық жағдайымен мекеменің жұмыс сапасын ескере отырып саналы түрде нақты білім беру мекемесін таңдаған жөн.

Мектепке дейінгі бала тәрбиелеу мекемелерінің жұмыс тәжірибесіне біріктіру үлгісін ендіре отырып, мына жағын ескерген жөн: Топтағы қиын балалардың болуы тұлғалық дамуға болса көңіл бөледі. Мұндай топта жұмыс істейтін тәрбиешілермен мұғалімдер қиын балаларда тұлғалық маңызы бар дағдыларды қалыптастыра отырып, оның дұрыс дамып жатқан құрбыларында қалыптастыруға дайын болу қажет . Осындай дағдыларға мынарарды жатқызуға болады, баланың өзін тұлға ретінде бағалап білуі және қабылдау икемі, өз қалауымен сезімін айта білуі, серіктестікпен жұмыс істеу дағдысы, дұрыс шешім қабылдай білуі, қуанышпен қайғыға ортақтаса білуі, топпен етене жарасуы, кикілжіңсіз іс-әрекет жасау қағидасын сақтауы, мәмілеге келу дағдыларына тәрбиелеу.

Осыған байланысты балалар саны кіші топта-10, жоғары және дайындық тобында-15баладан аспаған жөн. Мұндай топта тәрбиешімен қатар педагог-дефектолог, логопед-мұғалім және балалар психологы жұмыс істеуі керек. Бірақ ең бастысы, бүкіл педагогикалық ұжым мүшелері балаға психологиялық әсер ету және түзету педагогикасы әдістерін меңгеру қажет. Тек қана осылай әсер ету нәтижесінде бала өз мүмкіндігі мен икемділігін толық іске асыра дамытып, өзінің маңызды жан екендігін сезіне біледі.

Біріктіру үрдісінде құрамалы түрдегі мектепке дейінгі мекемелер өздерін ұсына біледі. Олардың дамуында әр түрлі ауытқуы бар, оның ішінде мектепке дейінгі жастағы психологиялық дамуы тежелген балалар тәрбиеленетін арнайы да аралас диагностикалық, түзетушілік топтары бар. Мұндай ауытқуы бар балаларды көпшілік балалар ортасынан көп кездестіруге болады, ондай топтар қиындықсыз жинақталады. Бірақ топ құрамындағы балалар санынан дамуы тежелген балалардың ширектен аспағаны жөн. Олардың қатысуымен топтағы барлық түзету және дамыту жұмыстары толығымен белсендірек өтеді. Ал П. Д. Т. балалар үшін өз құрбыларының іс-әрекеті маңызды, дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық жұмыс барысында еліктеу үшін басты бағдармен үлгі болып табылады.

Біріктіру топтарына қатысатын балалардың ата-аналары педагогикалық ұжымның толыққұқылы мүшесі және педагогикалық-түзету тәрбиесінің табысты болуы үшін өз мойнына барлық жауапкершілікті алады.

П. Д. Т. балаларға арналған мекемелер мен біріктіру мектебіне дейінгі топтар жұмыстарының теориясымен тәжірибесі психологиялық-педагогикалық, сондай-ақ, әдістемелік- әлі де тереңірек қарастыруды қажет етеді.

Қазақстандағы инклюзифтібілім беру мәселесі. Қазақстан Республикасының болашағы-ол бола тұра, тек жаңа ұрпақ ашық қоғамда өмір сүруі мүмкін, үлкен дәрежелі мүмкіндік, біріккен әлеуметтік шындық барлық мүшеге тең құқық береді. Егер халықтың бір бөлігі қоғмға қатыса алмаса, қоғам оны жоғалтады, ал барлық адамдар бар күш-жігерін, мүмкіндігінше қоғамның дамуына қосатын болса, онда қоғам өркендейді.

Жалпы білім беретін мектептерде мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу процесінде білім алуы барлығы уақытта орын алып келген. Бірақ соңғы уақытта мұндай оқушылардың саны күрт өсті. Дегенмен арнайы мәліметтер бойынша оқыту процесіндегі педагогикалық түзету, психологиялық - әлеуметтік қолдау жәнеде бұ оқұшылардың арнайы білім алуы керек. Жалпы мектепте орта білім беру департаментінің есебі бойынша 2000-2001 жылдары жалпы мектептерде 55, 858 мүмкіндігі шектеулі балалар және оның ішінде түзету сыныпында 3353 бала оқыған. Дегенмен, олар туралы нақты деректер, кадр мәселесі, педагогикалық түзетуді қолдау - аулдық және қалалық мектептерде болған жоқ. Содықтан облыстық ПМПК-ның көмегімен осы сұрақтарды шешу көзделді. Нақты мектептерде зерттеу жұмысы үшін арнайы сауалнамалар жасалды. Облыстық және қалалық жерлерде мүмкіндігі шектеулі балалардың саны туралы объективті және детальды мәліметтер алынды, жалпы мектептерде оқу процессінде кадрлармен қамтамасыз етілді. Бұл статистикалық мәліметтердің арнайы мәліметтерден айырымашылықтар көп.

2000-2001 оқұ жылында, жалпы білім беретін мектептерде 60308 мүмкіндігі шектеулі оқушылардың білім алғаны белгілі, соның ішінде қалалық мектептерде 29968 бала, яғни 49, 7 %, ал ауылық мектептерде 30340 немесе 50, 3% болған. Осы уақытта Ақмола, Алматы, Атырау, Тараз, Батыс-Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында бұл байланыс жоғары көрсетілген. Осы көрсетілген аймақтарда мүмкіндігі шектеулі оқушылардың саны, ауылдық жалпы білім беретін мектептерде 64%-тен, 82%-ті құраған.

Осы оқушылардың бір аз бөлігі қалыпты сыныпта бірге оқу үшін қосылған. (Барлық құрылған саны 48467 бала немесе 80, 4 %) қалыпты сыныптың құрамына барлық мүмкіндігі шектеулі балаларды қосып оқытқан, көптеген облыстарды жалпы мектептерінде арнайы сыныптар ешқандай ұйымдастырылмаған. (Ақтөбе, Оңтүстік-Батыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында) 5, 1000 бала үйлерінде оқытылған. Арнайы сыныптар құрамында тек 6696 бала білім алған («психикалы дамуы тежелген», балалар үшін арнайы сыныптар, «компенсациялық оқыту»және»теңестіру») . Елімізде барлығы 449 сынып ұйымдастырылған және олардың негізділері қалалық мектептерде (91, 1 ) орналасқан. Сол уақытта кейбір аймақтарда жалпы білім беретін мектептерде арнайы сыныптар жұмыс істеді. Мысалы: Шығыс-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында 193, 62, 36, 23 және 60 мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сыныптар болды.

Көптеген облыстардың аулдық мектептерінде арнайы сыныптар жоқ, олар тек қана 3 облыстта орнастырылған:

  • Атырау облыстарының Құрманғазы және Индер аудандарында 10.
  • Алматы облысының бағанашыл аулында 6.
  • Шығыс Қазақстан облысының 1 қатар аулдарында 24 сынып бар.

Көптеген ауыл мектептерінде арнайы сыныптардың болмауын, бір жағынан халық аз болғандықтан және мектептің күшінің жоқтығынан, сонымен қатар жергілікті басшылардың қаржы саясатынан болмауынан түсіндіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Халықаралық экономикалық интеграцияның кезеңдері
Мәдениет интеграциясы ұғымы, түсінігі
Халықаралық экономикалық интеграция
Нарықты тауармен қанықтыру
Аймақтық экономикалық интеграцияның теориялық негіздемелері
Бастауыш сынып интеграциясы
Пәнаралық байланыстар
Еуропалық Одақ жайлы
Экономикалық интеграция
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz