Әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастар



І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастар.
2. Әкімшілік құқықтың реттеу әдісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Құқықтық қатынас – бұл құқық нормаларымен ықтиярлық қоғамдық қатынастар. Барлық құқық қатынастар келесі ерекшеліктермен сипатталады.
Ол тек құқық негізінде пайда болады. Онда құқық қатынастарға қатысушылардың ықтиярлары берілген. Оны қамтамасыз ету әдісі –мемлекеттің мәжбүр ету күші. Жоғарыда айтылғандай, құқық қатынастарының ерекшелігі олардың тек құқық нормаларының негізінде пайда болады және өмір сүреді.
Құқық нормалары әр уақытта айтарлық сипатта болады, себебі олар жалпыға бірдей тәртіп ережелері. Құқық қатынастар индивидуальды – нақты, себебі нақты адамдардың өзара байланыс формасы ретінде көрінеді және бұл адамдар құқықтық қатынастарға түсе отырып сәйкес құқықтарға және міндеттерге ие болады. Басқаша айтқанда, оларға қатысты құқық нормалары қолданылады немесе индивидуалданады. Құқықтық қатынастарған олар саналы түрде түсетіндіктен олардың мақсаттары да сай келеді. Сондықтан құқық қатынастарда олардың жалпы еркі көрінеді. Мұндай еріксіз құқықтық қатынастар мүмкін емес, себебі барлық қатынас – бұл негізінде жалпылық жатқан екі жақты өзара байланыс.
Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқын құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында бұлтартпастық бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық қатынас болған жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады.
1. Құқықтану: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған окулық /А. Ибраева, Г. Өлібаева, Қ. Айтхожин. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.
2. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. - Алматы: Жеті жарғы, 2008.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім.
1. Әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастар.
2. Әкімшілік құқықтың реттеу әдісі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Құқықтық қатынас – бұл құқық нормаларымен ықтиярлық қоғамдық
қатынастар. Барлық құқық қатынастар келесі ерекшеліктермен сипатталады.
Ол тек құқық негізінде пайда болады. Онда құқық қатынастарға
қатысушылардың ықтиярлары берілген. Оны қамтамасыз ету әдісі –мемлекеттің
мәжбүр ету күші. Жоғарыда айтылғандай, құқық қатынастарының ерекшелігі
олардың тек құқық нормаларының негізінде пайда болады және өмір сүреді.
Құқық нормалары әр уақытта айтарлық сипатта болады, себебі олар
жалпыға бірдей тәртіп ережелері. Құқық қатынастар индивидуальды – нақты,
себебі нақты адамдардың өзара байланыс формасы ретінде көрінеді және бұл
адамдар құқықтық қатынастарға түсе отырып сәйкес құқықтарға және
міндеттерге ие болады. Басқаша айтқанда, оларға қатысты құқық нормалары
қолданылады немесе индивидуалданады. Құқықтық қатынастарған олар саналы
түрде түсетіндіктен олардың мақсаттары да сай келеді. Сондықтан құқық
қатынастарда олардың жалпы еркі көрінеді. Мұндай еріксіз құқықтық
қатынастар мүмкін емес, себебі барлық қатынас – бұл негізінде жалпылық
жатқан екі жақты өзара байланыс.
Құқықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқын құқықтық норма әсер
еткенде пайда болады. Құқықтық норма мен құқықтық қатынас арасында
бұлтартпастық бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық
қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас
құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықтық қатынас болған жағдайда
құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады.
Құқықтық қатынас – бұл субъективтік құқықтар мен міндеттер арқылы
пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқыққа ие болушы
соны пайдаланатын тұлға, ал құқықтық міндет пайда болу үшін
қатынасушылардың еркі қажет. Кейбір құқықтық жүктелген сол міндетті
орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста хақысы бар тұлға және міндет бар
тұлға болады: адам, ұйым, мемлекет органы.
Әкімшілік құқық реттейтін қоғамдық қатынастар.
Әкімшілік құқық мемлекеттік басқару органдарын ұйымдастыру және
олардың атқарушы өкім ету қызметінің барысында пайда болатын қо-ғамдық
қатынастарды реттейді.
Жалпы, "администрация" - "әкімшілік" (латынша "administratio"
сөзінен алғанда) термині әкімшілік қызмет немесе басқару дегенді білдіреді.
Ал "администрация" - "әкімшілік " сөзі басқа да мағыналарда қолданылады,
мысалы, кәсіпорынның, мекеменің әкімшілігі туралы. Осылай, әкімшілік -
құқықтық реттеу мемлекеттік қызметтің бір түрінің , атап айтқанда,
мемлекеттік басқару шегінде шектелген, яғни әкімшілік құқық реттейтін
қоғамдық қатынастар басқарушылық сипатта болады.
Сонымен, әкімшілік құқық мемлекеттік басқару сферасында туындайтын
қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық саласы болып табылады. Әкімшілік
құқық Қазақстан Республикасының жетекші, негізгі саларының бірі, сондай-ақ
Қазақстан Републикасының құқық жүйесінің маңызды құрамды элементі бола
отырып, атқарушы биліктің ерік-жігерін жүзеге асырудың әдеттегі нысаны
ғана емес, одан да кең мағынадағы құбылыс болып табылады. Мамандар
айтқандай, құқық қоғамның мәдени институты, жалпы өркениеттік процестің
тіршілік үшін маңызды құрамдас бөлігі болып табылады деп белгілі заңгер-
ғалым С.С. Алексеев айтқан. Осы құқықтанушы ғалым құқықтың қоғам
өміріндегі тарихи миссиясы тікелей оның маңызды талаптарынан бастау
алады деген, атап айтқанда:
- таптық, саяси күрес, этникалық, топтық және өзге де қақтығысулармен,
жеке жанжалдармен туындаған өзекті
әлеуметтік жағдайларға азаматтық келісім, әртүрлі мүдделерді есепке алу,
өзара, үйлестірілген жол берушіліктер
қағидаларына тұрғызылған тұрақты нормативті бастаулар енгізу;
- жеке бас мәртебесін, мінез-құлық бостандығының берік және
кепілдендірілген кеңістігі мен өлшемін қамтамасыз ету және қорғау.
Осы талаптарды толығымен әкімшілік құқыққа да жатқызуға болады.
Әкімшілік құқықты дамыту проблемалары осы саланың әрекет ету аясын адам
мен азаматтың құқықтары, бостандықтары мен міндеттерінің өзара байланыстыра
отырып концепция әзірлеу болып табылады.
Қоғамдық санада әкімшілік құқық атқарушы биліктің күш қолданушы
құралы жөніндегі ұғымы қалыптасқан. барлығы мемлекеттік жүйенің,
биліктің өмір сүруіне бағытталған болатын, әлеуметтік центризм тенденциясы
басым болып тұрған тоталитарлық қоғамда құқықтың өзі де тек бұқаралық оқу
-ағартуды білдірді. Осындай жүйеде Әкімшілік құқықтың жағдайы ерекше
болды. Бұл әкімшілік құқықтың көмегімен мемлекетпен арадағы байлыныстың
құралуы, оның органдары мен азаматтардың арасында, қоғамдық ұйымдар
арасындағы байланыстардың құралыуында көрініс тапты. Қазақстан
Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін оның алдында мемлекеттік
құрылымдар мен құқық жүйесін әрбір адам құқықтың толыққанды субъектісі
бола алатын құқықтық, демократиялық, әлеуметтік мемлекет талаптарына сай
құру міндеті тұрды.
Ұлттық құқық жүйесі бұқаралық және жеке құқықтар облысына
бөлетіндіктен, сөзсіз, әкімшілік құқықтың әрекеті бұқаралық мүдделер
аясында шектелуі тиіс. Әкімшілік құқық бұқаралық мүдделерге қызмет ете
отырып, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының заңды
басымдылықтарын сақтайды, өйткені ҚР Конституциясында адамның құқықтарының
шексіз және оның иелігінен ажыратылмайтындығы концепциясы бекітілген.
Осыған сәйкес заңдардың мазмұны мен қолданылуын, заң шығарушы мен атқарушы
биліктің қызметінің бағыты анықталуы тиіс. Тек осылай ғана жеке адамның
мемлекет қолында "құрылыс материалы" ретінде қарастырылған, іс жүзінде
құқықсыз ретінде қарастырған кеңестік дәуірдегі практиканы жоюға
мүмкіндік бар. Әкімшілік құқық мемлекеттік билік аппараты заңның
мүддесінде қызмет етуі, оның орындалуы мен қолданылуын қамтамасыз етуді
дегентұжырымға сүйенеді. Бұнымен заң шығарушы және атқарушы билік
органдарында бұқаралық билік прерогативасының болуына қарамастан, олардың
заңға бағынатындығы атап көрсетіледі.
Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша құқық саласы ретіндегі
әкімшілік құқық мемлекеттік басқаруды немесе атқарушы-бұйырушы қызметті
жүзеге асыру процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық
саласы.
Қандайда болмасын құқық саласының зерттеу пәні болады, яғни осы
саламен реттелетін біртекті қоғамдық қатынастардың тобын айқындауы.
Көптеген заңгер-ғалымдардың пікірі бойынша, әкімшілік құқық мемлекеттік
басқаруды немесе атқарушы-бұйырушы қызметті жүзеге асыру процесінде
қалыптасатын қоғамдық қатынастарды реттейді. Сонымен, әкімшілік - құқықтық
реттеу мемлекеттік қызметтің бір түрінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік құқықтың жүйесі
Құқықтың түсінігі
Конституциялық құқық жайында
Әкімшілік құқық - құқықтың дербес саласы
ҚҰҚЫҚ ЖҮЙЕСІ ҰҒЫМЫ
Әкімшілік құқықтың сала және ғылым ретіндегі даму тарихы
Әкімшілік құқықтың субьектілері
Құқық жүйесі
Құқық жүйесінің түсінігі
Құқық қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы
Пәндер