Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Кінәнің нысандары бойынша қылмысты квалификациялау

Кінә-қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі болып табылады, себебі қылмыстың құрамының өзге элементтері жасалған қылмыс уақиғасында болғанмен қасақаналық немесе абайсыздық түрінде бейнеленетін кінә болмаса, онда қылмыстың субъективтік жағыда жоқ

деп танылады.

Қылмыстық заң - қылмыс құрамдарын анықтаудың заңды моделі ретінде қолданылатындықтан, осы заңда қарастырылған барлық қылмыстардың құрам белгілерін анықтауға негіз береді. Соның бірі кінә мәселесіне тек қылмыстық - құқықтық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік-саяси жағынан да мағына беріліп адамды жауапкершілікке тартуда кінәліліктің сақталуын талап етеді. Кінәліліктің құқықтық мәселе ретінде әлеуметтік-саяси ролін, оның конституцияда тікелей көрсетілуі-

мен түсінуге болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында кінәлілігі дәлелден-

бей ешкімнің де жаза тартылмауы тиіс екендігі және айыпты деп тану,

тек соттардың құзіретіне жататындығы көрсетілген.

Кінә - жауапкершілік мәселесін қарастыратын қылмыстық құқық

тәрізді құқықтардың әділдік және заңдылық қағидаларын сақтауының

бір кепілі түрінде бағаланады. Өйткені адамның кінәсі анықталған жағ-

дайда ғана жауапқа тарту - құқықтық мәжбүрлеудің кез-келген жағ-

дайда емес, белгілі бір заңды негіз, яғни кінәлі болу нәтижесінде тар-

тылуы, ол әлеуметтік құқықтық тұрғыдан қарағанда дұрыс, әділ жұмыс

істеуді білдіреді.

Кінәләлік қағидасымен заңдылық қағидасының байланысын, қоғамға

қауіпті іс-әрекет жасаған адамның заңның бүкіл мазмұны бойынша емес,

оның тек белгілі бір баптары бойынша ғана кінәлі немесе жауапты деп

танылуымен анықтауға болады. Әрине заңдылық қағидасы нақты ма-

ғынада алғанда заңның дұрыс, толық қолданылуымен және құқық

бұзушылықтардың түрлері заңда көрсетілуімен анықталады.

Қылымыстық құқық қоғамға қарсы әректтердің ең қауіптілерін қам-

титындықтан және өзге құқық салаларымен салыстырғанда да жауап-

тылықтың ауыр түрлерін, көлемін қолданатындықтан кінәлілікті

құқықтық қағидаларының бірі ретінде келтіреді. Бұл қағида қылмыс-

тық құқықта “кінәлі жауаптылық” деп аталады. Немесе мағынасы қоғамға

қауіпті іс-әрекеттерді кінәлі түрде жасаған және кінәсі анықталған адам-

дарға қылмыстық жауаптылық қолданылатынын білдіреді. Сондықтан

кінәсі дәлелденбеген адамдарға қатысты қозғалған қылмыстық істер

уақытша тоқтатылады немесе кінәлі деп жауаптылыққа тартылған адам-

дар кінәсіз екендігі дәлелденгенде жауаптылықтан немесе жазадан бо-

сатылады және ол адамдардан мемлекет атынан кешірім сұралады.

Кінәлілік қағидасын екінші мағынада “жеке кінәлі жауаптылық” деп

түсінуге болады. Себебі, 1960 және 1998 жылдардан бастап қолданыл-

ған қылмыстық заңдар бойынша қылмыс жасаған адамның өзі ғана. Қылмыстық заң - қылмыс құрамдарын анықтаудың заңды моделі

ретінде қолданылатындықтан, осы заңда қарастырылған барлық қыл-

мыстардың құрам белгілерін анықтауға негіз береді. Соның бірі кінә

мәселесіне тек қылмыстық - құқықтық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік-

саяси жағынан да мағына беріліп адамды жауапкершілікке тартуда

кінәліліктің сақталуын талап етеді. Кінәліліктің құқықтық мәселе ре-

тінде әлеуметтік-саяси ролін, оның конституцияда тікелей көрсетілуі-

мен түсінуге болады.

Қазақстан Республикасының Конституциясында кінәлілігі дәлелден-

бей ешкімнің де жаза тартылмауы тиіс екендігі және айыпты деп тану,

тек соттардың құзіретіне жататындығы көрсетілген.

Кінә - жауапкершілік мәселесін қарастыратын қылмыстық құқық

тәрізді құқықтардың әділдік және заңдылық қағидаларын сақтауының

бір кепілі түрінде бағаланады. Өйткені адамның кінәсі анықталған жағ-

дайда ғана жауапқа тарту - құқықтық мәжбүрлеудің кез-келген жағ-

дайда емес, белгілі бір заңды негіз, яғни кінәлі болу нәтижесінде тар-

тылуы, ол әлеуметтік құқықтық тұрғыдан қарағанда дұрыс, әділ жұмыс

істеуді білдіреді.

Кінәләлік қағидасымен заңдылық қағидасының байланысын, қоғамға

қауіпті іс-әрекет жасаған адамның заңның бүкіл мазмұны бойынша емес,

оның тек белгілі бір баптары бойынша ғана кінәлі немесе жауапты деп

танылуымен анықтауға болады. Әрине заңдылық қағидасы нақты ма-

ғынада алғанда заңның дұрыс, толық қолданылуымен және құқық

бұзушылықтардың түрлері заңда көрсетілуімен анықталады.

Қылымыстық құқық қоғамға қарсы әректтердің ең қауіптілерін қам-

титындықтан және өзге құқық салаларымен салыстырғанда да жауап-

тылықтың ауыр түрлерін, көлемін қолданатындықтан кінәлілікті

құқықтық қағидаларының бірі ретінде келтіреді. Бұл қағида қылмыс-

тық құқықта “кінәлі жауаптылық” деп аталады. Немесе мағынасы қоғамға

қауіпті іс-әрекеттерді кінәлі түрде жасаған және кінәсі анықталған адам-

дарға қылмыстық жауаптылық қолданылатынын білдіреді. Сондықтан

кінәсі дәлелденбеген адамдарға қатысты қозғалған қылмыстық істер

уақытша тоқтатылады немесе кінәлі деп жауаптылыққа тартылған адам-

дар кінәсіз екендігі дәлелденгенде жауаптылықтан немесе жазадан бо-

сатылады және ол адамдардан мемлекет атынан кешірім сұралады.

Кінәлілік қағидасын екінші мағынада “жеке кінәлі жауаптылық” деп

түсінуге болады. Себебі, 1960 және 1998 жылдардан бастап қолданылған қылмыстық заңдар бойынша қылмыс жасаған адамның өзі ғанакөре білуімен, сондай-ақ қылмыскердің нәтижеге деген психикалық

қатынасы қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің жасалуын немесе елеулі зар-

даптардың туындауын тілеу, сондай-ақ саналы түрде жол беру немесе

зардаптың пайда болуына мән-мағынасыз, яғни бәрібір деп қарау неме-

се болдыртпаймын деп жеңіл ойлылықпен есеп жасау, зардаптың болу

мүмкіндігін көре білуге мүмкіндігі, міндеттілігі болғанда, бірақ көре

білмеуімен анықталады. Демек іс-әрекеттің орындалуына немесе зар-

даптың туындауына деген кінәлінің психикалық қатынастары кінә түрле-

рінде еріктілік және интеллектуальдық моменттері арқылы шешіледі.

Анығырақ айтқанда психикалық қатынас қылмыскердің кінә

түрлерінің интеллектуальдық және еркін білдіру моментеріне қатысты

анықталады.

Қылмыс құрамының қоғамға қауіптілік дәрежелері кінә түрлеріне

байланысты деп барлық жағдайда айтуға болмайды. Әрине қылмыс

объектісіне, объективтік жақ белгілеріне байланысты ауырлататын бел-

гілер қылмыскердің психикалық қатынастарынан шығатындықтан, бұл

бір жағынан осылай болып көрінуі де мүмкін. Бірақ кінә түріне немесе

кінә дәрежесіне байланысты қылмыстардың ауырлық дәрежелері анық-

талмайды. Кінәнің ең жоғарғы, қауіпті дәрежесі тікелей қасақаналық

болып табылады, өйткені мұндай кінә түрінде қылмыскер іс-әрекеттің

қауіпті екендігін, зардаптың туындайтынын біліп қана қоймайды, ол со-

нымен бірге осындай зардаптың болуын тілейді. Тікелей қасақаналық-

пен салыстырғанда жанама қасақаналықты дәрежесі бойынша сәл төмен

деп бағалауға болады, себебі мұндай қасақаналықта қылмыскер зар-

даптың туындауын тілемейді, ол саналы түрде жол береді немесе зар-

даптың болуына мән-мағынасыз қарайды. Жанама қасақаналықпен са-

лыстырғанда қылмысты менмендік дәрежесіне қарай жеңілірек кінә түрі

ретінде бағалануы мүмкін, себебі менмендікте қылмыскер іс-әрекеттің

қауіпті екенін және бұл әрекеттің зардапқа соқтыру мүмкіндігін көре

біліп, бірақ басқа нәтежиеге жету үшін зардапты болдыртпаймын деп

жеңіл ойлылықпен есеп жасайды. Сондай-ақ менмендікпен салыстырған-

да қылмысты немқұрайлылықтың белгілері қауіптілік дәрежесі бойын-

ша жеңілірек болып табылады, өйткені бұл кінә түрінде адам зардап-

тың туындау мүмкіндігін көре білуге міндетті және мүмкіншілігі бол-

ғаны үшін қылмысты деп танылады. Демек кінә дәрежесінің ең ауыр

түрі тікелей қасақаналық, ал ең жеңіл түрі немқұрайлық болып шыға-

ды. Кінә түрін бұлай дәрежелеу қылмыстың құқықта қолданылмайды,

себебі қылмыстардың қауіптілік дәрежесі мен сипаты кінә дәрежесі бойынша барлық қылмыстар осылай болып келе бермейді. Мысалы ашу

шегінен, қажетті қорғау шегінен шығып кісі өлтіру тікелей қасақана-

лықпен де жасалады. Мұндай жағдайларда қылмыс жасау кінәні және

жауаптылықты жеңілдететін құрамдар түрінде бағаланады. Ал адамның

өміріне зардап келтіру мүмкіндігіне мағанасыз қарап бұзақылық ниет-

пен өзге адамға қару жұмсағанда қылмыскерде жанама қасақаналық

бола алады. Яғни қылмыскерге адам өлеме, өлмейме бәрібір болуы

немесе ол жағын мүлдем ойламауыда мүмкін. Мұндай жағдайда қажетті

қорғау шегінен шығып тікелей қасақаналықпен кісі өлтірген адамның

қауіптілігінен жанама қасақаналықпен жасалған қылмыстың ауырлығы

асып кетеді. Сондай-ақ немқұрайлықтың салдарынан ауыр апатты жағ-

дайлар орын алуы мүмкін. Мысалы, жарылыс қауіпі бар объектілерде

немқұрайлылықтың салдарынан жарылыс болғанда, оның зардаптары

тікелей қасақаналықпен жасалған қылмыстардан асып кете алады. Сон-

дықтан қылмыстың ауырлық дәрежелері барлық кездерде кінә, мақсат,

ниет түрлеріне байланысты емес, ол өзге құрам белгілеріне де қатысты

бола алады. Кінәнің қылмыстық құқықтағы басты ерекшеліктерінің бірі,

ол қылмыстың жауаптылықтың бір негізі болып саналатын, субъективтік

негізді білдіруі болып табылады. 1

Қылмыстың құқықтағы кінә түрлерін, яғни тікелей немесе жанама

қасақаналық деген ұғымдарды кең ұғымдар деп санауға болады. Қыл-

мыстың құқықтағы тек тікелей қасақаналықпен жасалатын қылмыстар-

дағы әрекеттердің өзі, мағанасы бойынша нақты қасақаналықтарды

білдіреді. Мысалы тонау қылмысында бөтеннің мүлкін ашық түрде қай-

тарусыз алу туралы қасақаналық болса, ал қорқытып алушылық қыл-

мысында кінәліде қорқыту арқылы мүлікті немесе мүлікке құқық бе-

ретін құжатты талап етуге қасақаналық болады. Демек қылмыстардың

қасақана немесе абайсыздықпен, олардың түрлерімен сипатталуын кінә

мазмұны арқылы ашу керек. Бірақ кейбір әдебиеттерде айтылғандай,

кінә нысанын әрі қарай кінә мазмұнына бөлудің еш қажеті жоқ. Объек-

тивтік жақ белгілері бірдей анықталатын қылмыстардың кінә нысаны

баптың атауында тікелей көрсетілмегенде, кінә мазмұны бірдей анық-

талатыны белгілі. В. Н. Курдрявцев «әр қылмыстың субъективтік жа-

ғын тек қасақаналық немесе абайсыздық құрамайды, оны осы қылмысқа

ғана тән белгілі бір ой мазмұнын қамтитын қасақаналық немесе абай-

сыздық құрайды. Мысалы тонау тікелей қасақаналықпен жасалған мен, ондағы қасақаналықтың әйел зорлау қылмысындағы тікелей қаса-

қаналықтан мазмұны бөлек деп»1 қылмыстардың кінә нысаны бірдей

болғанда, олар бәрібір кінә мазмұны бойынша бірдей болмайтынды-

ғын келтіреді.

Кінә мазмұнын кінә нысандарымен салыстырғанда кең ұғым ретінде

қабылдауға болады, өйткені оған қылмыс жасалар алдында немесе жа-

сау кезінде қылмыскер көре білген, оның қауіпті ойымен қамтылған,

объективтік жақ белгілерінен басқа да жәбірленушіге, қылмыс объек-

тісімен затына қатысты жағдайлар енеді. Сондықтан кінә мазмұны рет-

інде жасалған іс-әрекеттің елеулі құқықтық белгілерінің, оның қоғамға

қауіпті салдары туындау мүмкіндігінің және қылмыс жасау жағдайы-

ның субъектінің санасында бейнеленуін түсіну керек. 2 Кінә мазмұнын

дұрыс түсіну және оны Ерекше бөлімдегі қылмыстарда қолдану ма-

ңызды болып табылады. Қылмыстың құқықтың Ерекше бөлімінде әр

қылмысқа құқықтың талдау берілу барысында кінә нысанын анықтау

үшін, кінә мазмұнын бір қырынан қолданамыз. Бірақ адамның қылмы-

сқа деген психикалық қатынастарын және іс-әрекеттегі кінә мазмұнын

дұрыс аша білмеу себебінен, кейбір қылмыстардың қылмыстық құқық

тұрғысынан кінә нысандарының анықталуы даулы болатын кездер бо-

лады.

Кінәнің нысандары қылмыскердің іс-әрекетіне және оның нәтижес-

іне деген психикалық қатынастарының түрлеріне қарай қасақаналық және

абайсыздық деп бөлінеді, қылмыстық құқықта әртүрлі психикалық қаты-

настар адамның іс-әрекетіне және оның нәтижесіне қатысты интеллек-

туальдық және еріктілік моментерімен түсіндіріледі. Қылмысқа квали-

фикация жүргізу барысында бұл белгілердің анықталуының маңызды-

лығы ретінде қасақана немесе абайсыздықтағы қылмыстар деп бөлінген-

де, осы интеллектуальдық және еріктілік моменттері қолданылатынын

ескеру керек .

Қасақаналықтың өзі кінәлінің өз іс-әрекетіне және оның зардабына

қатысты еркін білдіру түріне қарай тікелей және жанама қасақаналық

деп бөлінеді. Қылмыстың заңының 20 бабының 2 бөлімінде «Егер адам

өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін ұғынып, оның қоғамға қауіпті

зардаптары болуының мүмкін екенін немесе осы зардаптардың болуын

тілесе, тікелей қасақаналықпен жасалған қылмыс деп танылады» дейотырып анықтама берген. Бұл анықтамада психикалық қатнастардың үш

түрі келтірілген. Олар адамның іс-әрекетінің қауіпті екенін сезінуі не-

месе ұғынуы, екіншісі зардаптың туындау мүмкіндігін немесе болмай

қоймайтын алдын-ала білуі немесе көре білуі, үшіншісі зардаптың бо-

луын тілеуі. Бірінші және екінші кезекте келтіріліп отырғандар инте-

лектуалдық белгілер болып табылады, яғни қылмыс жасау жағдайында

кінәлінің объективтік жағдайлар туралы хабардарлық дәрежесін

білдіреді, ал үшінші кезекте айтылып отырған «тілеу» еріктілік белгісін

білдіреді немесе адамның шешімін көрсетеді. Уақыты бойынша интеллек-

туальдық белгілер зардап туындағанға немесе қылмыстың жасалуын

білдіретін әрекет орындалғанға дейін анықталады. Ал еріктілік белгісі

қылмыс жасау әрекетін орындау немесе зардаптың туындау уақытта-

рында болады.

Жанама қасақаналықтың тікелей қасақаналықтан айырмашылығы

еріктілік моментінде, яғни зардаптық болуын тілемесе де оған саналы

түрде жол беруінде немесе немқұрайлы қарауында болып табылады.

ҚК 20 бабында бернілген тікелей және жанама қасақаналықтар анық-

тамаларының мазмұнына назар аударсақ, онда бұл анықтамалар тек

материалдық құрамдағы қасақаналықтық түсінігіне арналған тәрізді.

өйткені қоғамға қауіпті зардаптардың болу мүмкіндігін көре білуі және

осындай зардаптың туындауын тілеу немесе саналы түрде жол беру де-

ген белгілер кінәлінің тек зардапқа қатысты психикалық қатынастарын

анықтауға арналғандығын көрсетіп тұр. Ал іс-әрекетке қатысты психи-

калық қатынастыр - тек адамның өз іс-әрекетінің қоғамға қауіпті екенін

сезіну түрінде берілген.

Формальдық құрамдарда интеллектуальдық және еріктілік момент-

тер тек қылмысты іс-әрекетке деген кінәлінің психикалық қатынаста-

рымен анықталады, яғни формальдық құрамдарда қылмыскер өз іс-

әрекеттінің қауіптілігін сезінеді және осындай іс-әрекеттердің жасалу-

ын тілейді немесе міндетті әрекеттің орындалуынан саналы түрде бас

тартады. Формальдық құрамдарға жататын қылмыстар тек ғана тікелей

қасақаналықпен жасалады деген пайымдау кездеседі. 1 Шынында да

моральдық зардаптар қарастырылған басқа формальдық құрамдарда

қылмыстың аяқталуы және қасақаналығы заң бойынша қылмысты деп

тиым салынған іс-әрекетті жасау немесе жасамау туралы шешімімен,

еркімен анықталады. Қасақаналықтың түрлері қылмысты квалификациялауға әсер етеме

деген сұрақ туындайды. Кейбір қылмыстардың кінә нысаны бойынша

тек тікелей қасақаналықпен жасалатындығы белгілі, мысалы ұрлық,

тонау, қарақшылық, алаяқтық, әйел зорлау т. б қылмыстар. Бұл жағы-

нан алғанда, яғни кейбір қылмыстардың тікелей қасақаналықпен қыл-

мыстық құқықта сипатталуы квалификация мәселесіне әсер етеді. Мы-

салы жоғарыда аталған қылмыстар жанама қасақаналықпен жасалуы

мүмкін емес. Екінші жағынан бұдан бұрынғы бөлімде айтқандай, заң-

ның ешбір бабы «тікелей қасақаналықпен жасалған . . . әрекеттер» деп

баптың атауында немесе диспозициясында қылмысқа түсіндірме бер-

мейді. Заң кең ұғымды пайдаланады. Мысалы 96 бап, « . . . құқыққа қар-

сы қасақана қаза келтіру». Демек заң жанама қасақаналықтың осы қыл-

мыста кездесу мүмкіндігін шектемейді.

Кінәнің тікелей қасақаналық түрі қылмыс қатысушылықпен жасал-

ғанда (онда да барлық қатысушылар қылмыстың орындалуына мүдделі

болғанда), қылмыс жасау туралы ой кінәліде алдын -ала пайда болған-

да, сондай-ақ қылмысқа оқталу немесе даярлану орын алғанда міндетті

түрде кездеседі.

Мысалы 2001 жылы 24 қаңтарда Ц. өзара ұрыс-керіс жағдайында

Н-ның кеудесіне екі рет пышақ ұрып, оның денсаулығына ауыр дәре-

желі зардап келтіреді.

Жамбыл облыстық соты Ц- ның әрекетін 96 баптың 1бөлімімен (кісі

өлтірудің жай түрі) және 24 баптың 3 бөліміне (қылмысқа оқталу) сілтеме

жасай отырып квалификациялайды.

Қазақстан Республикасы Жоғары Сотының қылмыстық істер туралы

алқасы бұл квалификацияны өзгертіп, ҚК 103 бабынның 1 бөлімімен

денсаулыққа ауыр дәрежелі зардап келтіру деп бағалайды және қайта

квалификация жүргізу себебін былай түсіндіреді. Ц бірінші рет пышақ

салғанда денсаулыққа ауыр, ал екінші рет салғанда жеңіл дәрежелі зар-

даптар келтірген және жарақат келтірілгенен кейін де таң атқанға дейін

бір пәтерде бірге болған. Осыған байланысты Ц-да кісі өлтіру қасақа-

налығы болса, оған оны аяғына дейін жеткізуге ешқандай кедергі бол-

ған жоқ, сондай-ақ ҚК 24 бабының 3 бөліміне сәйкес, қылмысқа оқта-

лу тек тікелей қасақаналықпен жасалады, ал пышақты жәбірленушіге

салу арқылы Ц. ешқандай арнайы мақсат көздемеген. Ол өз әрекет-

терінің салдарына мағынасыз қараған деп түсіндірме береді. 1 Бұл мы-салға сүйенсек, онда қылмыскердің қасақаналығының түрі қылмыс жасау

кезінде қандай түрде болғандығы қылмыс уақиғасынан кейін де анық-

талына алады. Бұл қасақаналықтың кісі өлтіруге оқталу немесе денсау-

лыққа қасақана ауыр зардап келтіру екендігі, ол қылмыс жасау әрекет-

терінен кейінде қылмысын аяғына дейін жеткізу мүмкіндігінің болуы-

на байланысты емес, іс-әрекет жасау кезіндегі зардапқа қатысты психи-

калық қатынасының түрімен шешілуі керек. Жоғарыдағы мысалда Ц.

кісі өлтіру қылмысын білдіретін әрекеттерді жасаған, бірақ ондай зар-

дап туындамай тұрып қылмысты аяғына дейін жеткізуден бас тартқан.

Бірақ әрекеттерінде басқа қылмыстың яғни, денсаулыққа зиян келті-

рудің құрамы болғандықтан 103 баптың 1 бөлімімен квалификацияла-

нуы дұрыс. Қылмыстық құқық теориясында қасақаналықты тікелей және

жанама деп бөлуден басқа, пайда болу уақытына қарай алдын-ала

пайда болған және кенеттен пайда болған қасақаналықтар, анық-

талу дәрежесіне қарай анықталған және анықталмаған қасақа-

налықтар деп бөлу кездеседі. Кенеттен пайда болған қасақаналықтың

бір түрі аффектілік қасақаналық болып табылады.

Қасақаналықты мұндай пайда болу уақытына және анықталуына қарай

келтіру қылмыстық құқықта заңды негізде қолданылмайды. Оның се-

бебі мұндай түрлердегі қасақаналықтардың кінәлінің іс-әрекетке және

оның зардабына деген психикалық әр түрлі қатынастарын, сондай-ақ

интеллектуальдық және еріктілік моменттерін қамти алмауына байла-

нысты болып табылады. Мұндай қасақаналық түрлерінің қылмыстық

құқықта өмір сүруінің себебі қарапайым, яғни қасақаналықтың пайда

болу кезеңіне және нақты анықталу дәрежесіне қарай осындай түрлер-

ге бөлуге де болады. Шындап келгенде бұл қасақаналықтар тікелей және

жанама түрдегі қасақаналықтардың басқа қырынан қарағандағы түрлері

деп түсіну керек. Мысалы алдын- ала пайда болған қасақаналық бар-

лық жағдайда тікелей қасақаналықты білдіреді. Қылмыс жасау туралы

ниет алдын-ала пайда болғаннан немесе күні бұрын жоспарланғаннан

кейін, қылмыскердің қандай әрекетті қалай жасайтындығы, не үшін осы

қылмысты істейтіндігі қандай зардапты келтіретіні белгілі болады. Бұл

тікелей қасақаналық. Алдын-ала пайда болған қасақаналық қылмысқа

даярлау болғанда немесе топ адамдар түрінде, ұйымдасқан топ немесе

қауымдастық нысандарында қылмыс жасағанда міндетті түрде болады.

Сондықтан тікелей қасақаналық түрінде бағаланатын алдын-ала қаса-

қаналықпен қылмыс жасалғанда, ол қылмыстық құқықта тікелей қаса-

қаналықпен жасалады деп танылатын қылмыстарды квалификациялау-да ескеріледі. Кенетен немесе аяқ астынан пайда болған қасақаналық тікелей және

жанама қасақаналық түрінде кездесе алады. Мұндай қасақаналықта

кінәліде тек қылмыс жасау туралы ой алдын- ала пайда болмайды, онда

қылмыс жасау туралы шешім аяқ астына пайда болады. Мысалы ұрлық

жасау туралы ой ұрыда ыңғайлы сәтті көруге байланысты кенеттен пай-

да болуы мүмкін. Бұл тікелей қасақаналық. Ал жанама қасақаналықта

кінәлінің зардапқа деген психикалық қатынасы саналы түде жол беру

немесе зардаптың болуына көз қарасы бәрібір деген сияқты сипатта бо-

лады, бұл көпшілік жағдайда аяқ астынан пайда болған қасақаналықта

болады.

Анықталған қасақаналықта қылмыскер қоғамға қауіпті әрекетті не

үшін, қандай мақсатқа жету үшін жасайтындығы белгілі болады және

зардаптың қандай түрі келетінін біледі. Сондықтан анықталған қасақа-

налықтың мазмұны тікелей қасақаналықты қамтиды. Анықталған қаса-

қаналықтың бір түрі балама қасақаналық болып табылады. Балама қаса-

қаналықта кінәлі жасаған іс-әрекетінің түріне, мағынасына және бағы-

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері
Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Оқулық
Қылмыс құрамының субъективтік жағын талдау
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Қылмысқа оқталуды саралау
Қылмысқа қатысушылардың әрекетін қатысу нысандары бойынша квалификациялау
Қылмыс құрамының обьективтік жағының түсінігі және маңызы
Құқықтық норманың түсінігі, мазмұны, құндылығы мен негізгі сипаттары
Қылмыстардың жиынтығы бойынша квалификациялау
Қылмыс құрамын қылмысты саралаудағы маңызы мен ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz