Криминалистік құжаттарды тану Оқу-әдістемелік құрал
Алғы сөз ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Криминалистикаға кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Криминалистиканың ұғымы, пәні, объектілері және
мақсаттары мен міндеттері, қайнар көздері
және қағидалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Кримналистиканың дамуының қысқаша тарихы ... ... ...11
2 Криминалистік құжаттарды тану ұғымы,
мазмұны, міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.1 Құжаттар, криминалистік маңызды ақпараттардың
түпнұсқалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Тергеу барысында құжаттарды қарау ... ... ... ... ... ... ... ...15
3 Құжаттарды және жазуды криминалистикалық
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
3.1 Құжаттарды өзгерту фактісін анықтау және құжат
мазмұнының өзгеру түрі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
3.2 Қойылған қолдың жалғандылығын анықтау ... ... ..30
4 Жалған таңбалар, мөрлер, мөртабандар жасау
фактілерін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
4.1 Зақымдалған жазбақұжат мазмұнын
қалпына келтіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
4.2 Полиграфиялық тәсілмен жасалынған жалған
құжаттарды зертеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
5 Криминалистік фотографияның қысқаша
даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
5.1 Криминалистік объектілерді фотоға түсіру
ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
5.2 Тергеу әрекетін жүргізуде бейне жазуды қолдану
және фото.кино.бейне құжаттарды крииналистік
зерттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
Әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..63

Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты объективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жиынтықтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады. Бұл заңдылықтардың қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен байланысына және материалдық әлемдегі заттардың, жағдайлар мен іс-әрекеттердің өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы диалектика заңына сәйкес. Осы заң негізінде міндетті түрде қоршаған ортада іздер мен көріністер қалады да әрбір қылмыс объективтік болмыста әр түрлі: идеалдық немесе заттың, құбылыстың ойда қалған түрінде және материалдық немесе материалдық іздер түрінде бейнеленеді.
Қылмысты оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан болатындықтан қоршаған ортада, әсіресе қылмыс орнында көптеген іздер қалады да, қылмыскер туралы мәлімет көзіне айналады. Ал, осы іздердің пайда болу үрдісі объектінің қасиеті, белгілері және бейне түсіру ерекшеліктері негізінде қажетті бір заңдылықтарға бағынады. Іздерді, басқа да айғақ заттарды оқиға болған жерден тауып, оларды салыстыру, талдау, тексеру нәтижесінде қылмыстың тетігін анықтаймыз.
Криминалистика пәні іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бекіту, зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік құралдары пайдалану жолдарын оқытып үйретеді.
Криминалистика зерттейтін қылмыс тетігі деген ұғым бар-ол күрделі динамикалық жүйе болып саналады. Бұл жүйе қылмыстық әрекет затынан; қылмыс субъектісінен және оның өз іс-қимылымен, өзге қатысушы субъектілерімен қатынасынан; қылмыс жасауға дайындалу, оны іске асыру және жасыру жолдарынан; қылмыстық нәтижеден; қылмыс жағдайларынан (уақыты, орны, жағдайы және с.с.) және басқалардан тұрады.
Қылмыс іздері тергеу жүргізіп отырған қылмыстық іс бойынша дәлелдеме тұрғысында көрінуі үшін олар құдіретті тұлғалармен заңды түрде жинақталуы, сарапталуы, бағалануы және пайдаланылуы қажет. Бұл жұмыстар да өз кезегінде криминалистика зерттеп оқытатын белгілі заңдылықтарға бағынады.
Криминалистиканың практикалық маңызы да аталған заңдылықтар негізінде қылмысты ашу, тергеу және алдын алу мақсатына қажетті техникалы-криминалистік құралдарды, әдістермен тәсілдерді өңдеумен, жетілдірумен және дамытумен байланысты.

1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі. − Алматы: Баспа, 2001.
2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. − Алматы, 2001. − 693 б.
3 Белкин Р.С. Криминалистическая энциклопедия. − М. : Издательство БЕК, 1997. − 250 с.
4 Жәкішев Е. Криминалистік тактика. − Алматы: Жеті жарғы, 1997. − 250 б.
5 Мәжитов.Ш., Мұқашев.Б. Криминалистикалық техника. − Алматы, 1959. − 100 б.
6 Жәкішев.Е. Криминалистиканың пәндік сипаттамасы және
методологиялық негізі. Алматы, Қазақ университеті, 1991. − 120 б.
7 Порубов.Н.И. Курс криминалистики. − Минск: Выш.шк.,2000. − 130 с.
8 Энциклопедия судебной экспертизы / под. ред. Аверьяновой. Т.В., Россинской. Е.Р. − М. : Юрист, 1999. − 700 с.
9 Крылов И.Ф. Криминалистика. − Ленинград, 1976. − 300 с.
10 Исаев А.А. Теоретические и правовые проблемы применения специальных познаний для квалификации преступлений. − Алматы: «Жеті Жарғы», 1999. − 200 с.
11 Криминалистика / под ред. д-ра юрид. наук, проф. Образцова.В.А. − М. : Юрист, 1997. − 270 с.
12 Возгрин И.А. О структуре методик расследования отдельных видов преступлений (Вопросы теории и практики борьбы с преступностью. − Л., 1974. − 120 с.
13 Колесниченко А.Н. Общие положения методики расследования отдельных видов преступлений. − Харьков, 1976. − 220 с.
14 Тілеубергенов. Е. Криминалистика. − Алматы: «Дәнекер», 2002. − 146 б.
15 Абуов А.Ғ. Криминалистика негіздері. – Алматы: «Жеті Жарғы», 2004. − 256 б.
16 Яблоков Н.П. Криминалистика: учебник. − М. : «Лекс Эст», 2003. − 376 с.
17 Васильев А.Н. Следственная тактика. − М., 1976. −160 с.
18 Белкин Р.С. Курс криминалистики. − М., 1997. − Т.2. − 180 с.
19 Саханова Т.В. Судебная экспертиза. − М. : Городец, 2000. − 230 с.
20 Образцов В.А. Криминалистика: курс лекций. − М., 1996. −
208 с.
21 Буринский.Е.Ф. Құжаттардың сот сараптамасы, онқолдану мен жүзеге асыру. − СПб., 1903. − 2005 б.
22 Трегубов С.Н. Қылмыстық техниканың негізі. − СПб., 1915. − 260 б.
23 Бразоль Б.Л. Тергеу бөлімі бойынша очерктер. Тарих. Тәжірибе. − СПб., 1916. − 354 б.
24 Потапов С. М. Сот фотографиясы: оқу құралы. − Ресей, 1926. − 200 б.
25 Якимов. И.Н. Қылмыстық құралдармен тәсілдерді қолдану:
Оқулық. − Ресей, 1925. − 300 б.
26 Арыстанбеков М.А., Шакенов А.О. Криминалистика: оқу-
әдістемелік құрал. − Қарағанды, 2003. − 228 б.
27 Гинзбург А.Я., Белкин Р.С. Криминалистическая тактика.
− Алматы, 1998. − 170 с.
28 Дулова А.В. Судебная фотография. − Минск, 1978. − 108 с.

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
С.Т. ИКСАТОВА
КРИМИНАЛИСТІК ҚҰЖАТТАРДЫ ТАНУ
Оқу-әдістемелік құрал
Павлодар
УДК 343.9 (075.8)
ББК 67.52 я 73
И 38
Баспаға С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің
ғылыми кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің Қылмыстық
құқық және криминология кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының
докторы, профессор А.Н.Ағыбаев

іс жүргізу және криминалистика кафедрасының меңгерушісі, заң
ғылымдарының докторы, профессор А.А. Исаев.
И 38 Иксатова С.Т.
Криминалистік құжаттарды тану: оқу-әдістемелік құрал. ─
Павлодар, 2008. ─ 61 б.
ISBN 9965-583-51-X
Бұл оқулықта криминалистік құжаттарды тану ұғымы, мазмұны,
міндеттері қарастырылған. Бұл жұмыста тергеу барысында құжаттарды қарау,
өзгерту,жазуды, фото-кино-бейне құжаттарды, полиграфиялық тәсілмен
жасалынған жалған құжаттарды криминалистік зерттеу, зақымданған жазбақұжат
мазмұнын қалпына келтіру ерекшеліктері қамтылған.
Оқу әдістемесі тергеушілерге, сарапшы-криминалистерге, жоғарғы
заң оқу орындарында мемлекеттік тілде дайындалатын студенттерге,
магистранттарға, аспиранттарға, сондай-ақ оқытушылар мен құқық қорғау
органдары қызметкерлеріне арналған. Оқу әдістемесі Криминалистика
пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы шеңберіндегі негізгі тақырыптарды
қамтиды.
УДК 343.9(075.8)
ISBN 9965-583-51-X ББК
67.52я73
© Иксатова С.Т., 2008
© С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, 2008
Алғы сөз
Елімізде әлеуметтік және экономикалық қатынастарға өзгерістер
еніп, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктері іздестіріліп, оларды іс
жүзінде толық пайдалануға қызу кірісіп жатқан қазіргі мезгілде,
құқық қорғау жүйесі қызметкерлерінен криминалистика жетістіктерін
қылмыспен күресте кеңінен қолдануын талап етеді.
Қылмысты ашу, тергеу және алдые алу үшін криминалистік
техника, тактика және тергеу әдістемесін жеткілікті меңгерген, кәсіби
білікті заңгер мамандары дайындау жауапты іс. Олар материалдық
бейнеленген іздерді, заттар іздерін, құралдар іздерін анықтауды,
бекітуді, алуды және сақтауды қамтамасыз етіп, тергеу мүмкіндігін
анағұрлым кеңейтеді. Қазіргі тергеуші қылмыспен күресті табысты
жүргізу үшін қылмыстың сөзсіз куәларын тез тауып сөйлете білуі
керек. Бұл іспен айналысатын бірден-бір ғылым ол-криминалистика. Сондықтан,
жоғары заң оқу орындарында криминалистика пәні негізгі кәсіби пәндердің
бірі болып саналады.
Егемендік алған елімізде ана тілінде дайындалатын болашақ
заңгкерлердің саны көбейіп, тергеуде мемлекеттік тілде жүргізілетін
қылмыстық істер саны да өсуде.
Аталмыш оқу-әдістемелік құралына М.А. Арыстанбеков,
А.Ф.Аубакиров, Р.С. Белкин, А.Я.Гинзбург, С.Е. Еркенов, Е.Ғ.Жәкішев,
Ә.А.Исаев, М.Ч.Когамов, Б.М. Нұрғалиев, А.Г.Филиппов, К.Н. Шакиров, А.О.
Шакенов тәрізді әйгілі ғалым-криминалистердің көзқарастары орын
тепкен оқулықтар мен оқу құралдарындағы бүгінгі күннің талабына
сай ақпараттары, сондай-ақ криминалистика ғылымының негізін қалаушы
мағлұматтары сұлбалық нысанда енгізілген. Білім алу барысында
ақпараттарды көрнекі түрде беру-криминалистиканың қылмыспен күрестегі
мағынасы мен алатын орнын нақтырақ көрсету үшін қажет.
1 Криминалистикаға кіріспе
Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты объективтік құбылыстар
заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген
жиынтықтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай
ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады. Бұл
заңдылықтардың қалыптасуы әрбір қылмыстың қоршаған ортамен
байланысына және материалдық әлемдегі заттардың, жағдайлар мен іс-
әрекеттердің өзара байланысы мен өзара қатынастылығы туралы
диалектика заңына сәйкес. Осы заң негізінде міндетті түрде қоршаған
ортада іздер мен көріністер қалады да әрбір қылмыс объективтік
болмыста әр түрлі: идеалдық немесе заттың, құбылыстың ойда қалған
түрінде және материалдық немесе материалдық іздер түрінде
бейнеленеді.
Қылмысты оқиға адамдардың әрекет-қимылдарынан болатындықтан
қоршаған ортада, әсіресе қылмыс орнында көптеген іздер қалады да,
қылмыскер туралы мәлімет көзіне айналады. Ал, осы іздердің пайда
болу үрдісі объектінің қасиеті, белгілері және бейне түсіру
ерекшеліктері негізінде қажетті бір заңдылықтарға бағынады. Іздерді,
басқа да айғақ заттарды оқиға болған жерден тауып, оларды салыстыру,
талдау, тексеру нәтижесінде қылмыстың тетігін анықтаймыз.
Криминалистика пәні іздерді, айғақ заттарды іздеу, табу, бекіту,
зерттеу әдістерінің және сол үшін қажетті техникалық криминалистік
құралдары пайдалану жолдарын оқытып үйретеді.
Криминалистика зерттейтін қылмыс тетігі деген ұғым бар-ол
күрделі динамикалық жүйе болып саналады. Бұл жүйе қылмыстық әрекет
затынан; қылмыс субъектісінен және оның өз іс-қимылымен, өзге қатысушы
субъектілерімен қатынасынан; қылмыс жасауға дайындалу, оны іске асыру
және жасыру жолдарынан; қылмыстық нәтижеден; қылмыс жағдайларынан
(уақыты, орны, жағдайы және с.с.) және басқалардан тұрады.
Қылмыс іздері тергеу жүргізіп отырған қылмыстық іс бойынша
дәлелдеме тұрғысында көрінуі үшін олар құдіретті тұлғалармен заңды
түрде жинақталуы, сарапталуы, бағалануы және пайдаланылуы қажет. Бұл
жұмыстар да өз кезегінде криминалистика зерттеп оқытатын белгілі
заңдылықтарға бағынады.
Криминалистиканың практикалық маңызы да аталған заңдылықтар
негізінде қылмысты ашу, тергеу және алдын алу мақсатына қажетті
техникалы-криминалистік құралдарды, әдістермен тәсілдерді өңдеумен,
жетілдірумен және дамытумен байланысты.
Осы кезге дейінгі жарық көрген заң әдебиетінде
криминалистикаға пәндік сипаттама беру мәселесіне үлкен назар
аударылып, көп пікір таластар болғандығы байқалады. Ол орынды
құбылыс, себебі әр пәннің мағынасын терең түсіну арқылы ғана оның
маңызын біліп, негізгі қағидаларын дұрыс та тиімді пайдалануға
болады. Берілген түрлі пәндік сипаттамаларды қорыта келгенде, олар
негізінен криминалистиканың қылмысты ашуға және тергеуге қажетті
ақпаратты, заттай дәлелдемелерді іздеп тауып, бекіту, зерттеу үшін
қолданылатын әдістер мен тәсілдер, сол үшін қылмысты-іс жүргізу
заңға сәйкес пайдаланылатын техникалық құралдары, әдістер мен
тәсілдерді оқытатын ғылым екені айтылады. Сонымен қатар, криминалистік
тәсілдер мен әдістер тек қылмысты тергеу мен ашуда ғана емес,
қылмыстың алдын алуға бағытталған және олар алдын ала тергеуде, сот
мәжілісінде, кейбір сот іс-әрекетін жүргізуде қолданылады.
Жоғарыда айтылған заңдылық элементтерін толығымен қамтып, жан-
жақты тұжырымдай келіп, заманымыздың белгілі де беделді
криминалист ғалымы, заң ғылымдарының докторы, профессор, академик
Р.С.Белкин криминалистика пәніне төмендегідей пәндік сипаттама
берген.
1.1 Криминалистиканың ұғымы, пәні, объектілері және мақсаттары
мен міндеттері, қайнар көздері және қағидалары
Криминалистика – бұл қылмыс тетігінің заңдылықтары, қылмыс
және оның қатысушылары жөніндегі ақпараттың пайда болуы, сонымен
бірге дәлелдемелерді жинақтау, бағалау мен қолдану туралы және
қылмысты ашу, тергеу және алдын алуға бағытталған әдіс-тәсілдерінің
танымдылық заңдылықтары туралы ғылым.
Криминалистикада қолданылатын тәсілдер мен әдістер
дәлелдемелерді жинақтауға бағытталған. Дәлелдемелерді жинақтау төрт
кезеңнен тұрады, олар:
- дәлелдемелерді немесе іздерді іздеп табу;
- оларды бекіту;
- оларды алу;
- алынған заттай дәлелдемелерді немесе іздерді алу барысы мен
қорытындысын рәсімдеу.
Заттай дәлелдемелерді немесе іздерді табу дегеніміз-ол
тергеу органдарының қылмысты ашуға, керекті дәлелдерді іздеуге
байланысты жүргізілетін жұмыс әрекеті. Айғақ заттарды іздеуге
арнаулы әдіс-тәсілдер және техника-криминалистік құралдар
қолданылмаса, арнайы дайындықтан өткен маман болмаса, қылмысты
дәлелдеуге қажетті іздерді, микрообъектілерді жай көзбен қарап тез
арада тауып алу оңайлықпен келетін жұмыс емес. (Мәселен, қолдың
майлы тер іздері).
Дәлелдемелерді зерттеу-деп қылмыстық іс бойынша
жинақталған заттай дәлелдемелерді немесе іздерді құзырлы тұлғалар
заңды түрде қабылдап, олардың пайда болу тегін және қаралып
отырған қылмыстың басқа да материалдарымен қарым-қатынасын тексеруін
айтамыз. Іс бойынша заңды түрде жиналған және бекітілген заттай
дәлелдемелер криминалистік тұрғыдан жан-жақты зерттеліп, қайдан
қалайша пайда болғандығы тергеудегі қылмысты оқиғаға қандай дәрежеде
қатысы бар екендігі анықталады. Сонымен қатар жеке іздерді, кейбір
заттай дәлелдемелерді тексеруге арнаулы білімділік қажет болған
кезде, күрделі криминалистік техниканы қолданып сарапшы зерттеуінен
өткізеді. Сарапшылық зерттеуде дәстүрлі басқа да күрделі физикалық,
химиялық әдістер спектрографиялық талдау,, газды, сұйық
хроматографиялық зерттеулер және басқа да көптеген ғылыми-техникалық
арнайы әдістер мен құралдар бар.
Криминалистиканың пәні қылмысты сапалы тергеу мен болдырмау
үшін қажетті білім және объективті заңдылықтар жиынтығы болып
табылады. Криминалистиканың пәнімен, заңдылықтардың негізгі үш тобы
қамтылады:
- қылмыстың ішкі механизміндегі байланыс пен қатынастың пайда
болу және даму заңдылықтары: іс-әрекетпен оның салдары арасындағы
байланыс, әрекеттің ұқсас жағдайларда қайталануы қылмыстық субъект
тәртібінің көріністері және т.б. с.с;
- қылмыс заңдылықтары, қылмысты жасау мен жасыру әдістерінің
қалыптасуы және жүзеге асуы, қылмыскер тұлғасы мен әдіс-тәсілдің
байланыстары, қылмыс істеу тәсілінің қылмыс жасаудағы нақты
жағдайларға тәуелділігі және т.б;
- тергеуде маңызы бар қылмыспен байланысты пайда болу және
өтпелі жағдай заңдылықтары; қылмысты жасауға жасырын дайындық,
құралдарды таңдау, жағдайды тексеру, қылмыстық қол сұғушылық пәнін
зерттеу және т.б. с.с.
Көрсетілген заңдылықтардағы әрекеттер, байқалған деректер,
құбылыстар, процестер криминалистикалық ғылым объектісі болып
табылады: қылмыстық әрекет, қылмыстың пайда болуы, ашу және тергеу
бойынша жасалынатын әрекет қылмыстық іс бойынша заттық дәлел
ретінде көрсетілген материалдық объектілер, куәгерлердің,
сезіктілердің, айыпкерлердің көрсетпелерін қалыптастыру және беру
процесі, осы көрсетпелерді алу әдіс-тәсілдері т.б. Құқық қорғау
органдарының қылмыспен күестегі ықпалы криминалистиканың жалпы
мақсаты болып табылады.
Криминалистиканың негізгі мақсаттары:
а) криминалистика пәнінің негізін құрайтын объективті
заңдылықтарды жалғастырып зерттеу оның жалпы және жеке теориясын,
қылмысты ашу, тергеу және болғызбау бойынша құралдарды, әдістер мен
ұсыныстарды қайталап қарау базасы ретінде дамыту;
ә) техникалық, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдарды
пайдалану арқылы қылмыстық тергеуді техника-криминалистикалық
қамсыздандыру мақсатында қарастырып, дамыту;
б) алдын ала және соттық тергеудің ұйымдастырылуы, тактикалық
және әдістемелік негіздерін қарастыру және қатыстыру;
в) қылмысты алдын-алудың криминалистикалық тәсілдері мен
әдістерін қарастыру, осы мақсаттарда тергеу және сот практикасын
зерттеу және қалыптастыру;
г) шетелдік криминалист ғалымдардың жетістіктерін оқыту және
оларды қылмысты тергеуде, ғылыми зерттеулер жүргізуде пайдалану.
Криминалистиканың міндеттері жалпы, арнаулы және нақты болып үш
топқа бөлінеді.
Криминалистиканың жалпы немесе басты міндетті құқық қорғау
органдарына қылмыспен күресуде қылмыстық құқық, криминология,
қылмыстық іс жүргізу құқығы және басқа да ғылымдар саласы сияқты
өз тұрғысынан көмектесу.
Әрбір ғылымның пәндік сипаттамасы, мазмұны ол ғылымның
міндеттерімен тығыз байланысты, сондықтан жоғарыда талдаған
криминалистиканың пәндік сипаттамасы оның арнаулы міндеттерін
анықтауға мүмкіндік береді.
Криминалистиканың арнаулы міндеттері мыналар:
- криминалистика пәнінің негізін құрайтын объективтік
заңдылықтарды одан әрі кеңейтіп оқып зерттеу, осы ғылымның жалпы
және жеке теорияларын дамыту, олардың жалпы әдістемелік негіздерін
жасау.
- Заттай дәлелдемелерді, іздерді тауып алу, бекіту, зерттеу
үшін керекті жаңа криминалистік әдістер мен тәсілдерді одан әрі
өңдеп жетілдіру және осы әдістерді пайдалануға лайықты жаңа
техникалық құралдар жасап шығару;
- алдын ала тергеу, сот тергеуінің және криминалистік
сараптаманың ұйымдастырушылық, тактикалық және әдістемелік негіздерін
жетілдіру. Әрбір тергеу әрекеттерінің тактикалық әдістерін өңдеу
арқылы олардың нәтижелігін арттыру;
- қылмыстардың жекелеген түрлерін тергеудің әдістемесін өңдеп
жетілдіру үшін жаңа ұсыныстар енгізу.
- қылмысты азайту үшін криминалистік сақтық шараларын құқық
қорғау органдарына ұсыну.
- шет елдердегі криминалистика ғылымы жетістіктері мен
тәжірибелерін қылмысты ашу, тергеу және алдын алу үшін пайдалану.
Криминалистиканың нақты міндеттері тез уақыт аралығында
орындалатын сипатта болып келеді; мәселен, осы ғылым алдында өзінің
кейбір кезеңінде қылмыстың жаңа түрлерін немесе топтарын
(тапсырыспен адам өлтіру, компьютерлік ақпаратқа байланысты қылмыстар)
тергеу әдістемесін шығару міндеті қойылады. Сонымен қатар, нақты
міндет саласында соңғы кезде көтеріліп жүрген мәселеге,
криминалистика жүйесіндегі бөлімдер санын төрттен беске дейін
көбейту де жатады.
Осы жерде криминалистика пәнінің міндеттерімен қатар оның
негізгі қызметтерін (функцияларын) қарастыра кету төмендегідей болып
келеді:
- танымдық қызметі, яғни криминалистикамен жалпы таныстыру;
- әдістемелік қызметі, бұл криминалистика ғылымы мен пәні
арасындағы қарым-қатынасты, ғылыми және тәжірибелік мазмұндарын дұрыс
тұжырымдау;
- түсіндірмелік қызметі, криминалистика пәнінің ғылыми бейнесін,
оның болмысын және элементтерін ашып көрсету;
- жүйелендіру қызметі, бұл осы кезге дейінгі жиналған ғылыми
және тәжірибелік материалдарды бір жүйеге келтіру;
- құрастырмалық қызметі, яғни практикалық із танудағы құрал-
жабдықтарды дамыту және жетілдіру;
- криминалистік зерттеу қорытындыларын практикаға енгізу
қызметі;
- болжау қызметі, бұл қылмыспен күресте криминалистикаға
ғылымында жинақталған деректерге, ақпараттарға қарап, болашақта қылмыс
жасаудың қандай жолдары мен тәсілдері көбейетіндігін алдын ала болжап
көрсету болып табылады.
Криминалистикалық зерттеу ақпаратының негізгі қайнар көзі
мыналар болып табылады:
а) құқық бұзушылықпен күресті қалыптастыратын заңдар мен
басқа да нормативтік актілер, қылмыстық іс жүргізуде тергелетін
әрекеттер мен қатынастардың басқа да өрісі;
ә) қылмыстық, моральдық және статистикалық жағдайлары;
б) қылмысты ашу, алдын алу және қылмыскерлерді табу бойынша
жүзеге асырылатын іс-шаралар, қылмыстық және басқа істердің, құқық
қорғау органдарымен жүргізілетін әр түрлі тексерістердің
материалдары, тергеу, сараптамалық, жедел іздестіруші-сот
практикасының басқа құжаттары, сонымен бірге қадағалаушы органдардың
құжаттары мен берілген анықтамалары;
в) заңды және заңды емес салалардағы теориялық, әдістемелік,
анықтама әдебиеттері, ғылыми-техникалық жетістіктер, басқа да ғылыми
шығармашылық өнімдері, сонымен бірге оларды практика жүзінде
қолдану тәжірибесі мен қорытындысын мінездейтін белгілері;
г) тергеушілердің, прокурорлардың, сарапшылардың, соттардың,
анықтау органдары жұмысшыларының қылмыспен күресуден алынған
қорытындыларын енгізу мен ғылыми зерттеу шаралары бойынша қылмыс
пен күреске пайдасы бар көзқарастары, қорытындылары, ойлары,
ұсыныстары және т.б.
Криминалистика қағидаларының қатарына
келесі мәселелер кіреді:
- құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті қылмыстар мен күресті жүзеге
асырушы құқық қорғау органдарының талаптары бойынша криминалистикалық
зерттеулердің қорытынды жағдайлары;
-бұрын болған немесе қазіргі кезде және пайда болған
криминалистикалық тұжырымдамалардың арасындағы байланыс және қатынас
қағидасы;
- заңды және заңды емес көріністегі басқа ғылымдардың
жетістіктерін криминалистермен белсенді, белгілі бір кезеңге
бағытталған, шығармашылық зерттеу қағидалары және оларды жеке
өзіндік ғылыми мақсат үшін қалыптастыру;
- жедел іздестіру, сараптамалық, тергеу, сот практикасының
жетістіктерін тәжірибелерін зертеу қағидасы және осы бағыттағы
ғылыми жұмыстарды пайдалану;
- криминалистикалық зерттеу еліміздегі және одан тыс жерлердегі
қоғамға қауіпті әрекеттердің даму жағдайы, құрамы, өзгерісі,
тенденциясы және басқа да зерттелуші әлеуметтік процестер туралы
көрсеткіштерді пайдалану мен тіркеу қағидасы;
- қылмыспен және басқа да оған ұқсас құбылыстармен күресті
бағыттаушы заңдар мен басқа да нормативтік материал ережелерін
ғылыми реттеуде, сонымен бірге оны практика жүзінде ұтымды қолдану
жайлы қағидасы.
1.2 Криминалистика дамуының қысқаша тарихы
Қандай да болмасын ғылыммен танысқанда, білген оның тарихы,
пайда болу мен даму сатыларын білген жөн.
XIX ғасырда Еуропа мен Америка елдерінде ғылым мен техниканың
айқын дамуы кәсіби ұйымдасқан қылмыстардың көбеюіне, ал ол өз
кезегінде техника мен байланыстың жаңа құралдарының пайда болуына
ықпал жасады. Мемлекеттердің жазалау органдарының бұрынғы пайдаланып
келген құралдары мен әдістері енді қылмыстардың күрделі түрімен
күресте дәрменсіз болып қалды. Бұл XIX ғасырдың соңына қарай жаңа
ғылым саласы-криминалистиканың қалыптасуына себепші болды
Жаңа ғылымның іргетасын қалаған бірнеше ғалымдар ішінде
алғашқысы Франция ғалымы Альфонос Бертильон болды. Ол криминалистік
тіркеудің, антропометриялық әдісін, сигналетикалық фотосурет негізін,
оқиға болған жердегі метрикалық фотосуретке түсіруді, сөзбен
айтқан бейнені шығаруды қалыптастырды.
1882 жылы австрия сот тергеушісі Ганс Гросстың Криминалистика
жүйе ретінде сот тергеушілеріне жетекші құрал атты жұмысы жарық
көрді. Бұл еңбегінде автор сол кездегі қылмысты тергеудің жаңа
әдістері мен тәсілдерін көрсетіп, олардың жаңа өңделу жолдарын
көрсетті. Бұл кітапта Г.Гросс жаңа ғылым саласын криминалистика
терминімен атауды тарихта бірінші болып ұсынды. Осы кезең,
криминалистика-ғылымының жаңа саласы ретінде қалыптасуының басталуы
болып саналады да, Ганс Гросс криминалистиканың негізін қалаушы деп
танылады.
Ағылшындар Вильям Гершель, Генри Фольдс, Френсис Гальтон, Эдвард Генри
қазіргі трасология бөлімі ретінде дактилоскопияның негізін қалаған.
Ал, Францияда Эдмон Локар өзінің Қылмысты тергеудегі ғылыми әдістер
және Криминалистикадан басшылық және т.б. жұмыстарында заттай
айғақтарды зерттеу әдістемелерін шығарды.
Швейцария ғалымы Рудольф Арчибальд Рейс Қылмысты тергеудің
ғылыми техникасы еңбегін жазып, дүние жүзінде ең бірінші болып
сараптама-қриминалистік лабораториясын құрып, полиция қызметкерлерін
заттай дәлелдемелерді зерттеудің ғылыми әдістеріне үйрететін оқыту
курстарын ұйымдастырды.
Криминалистиканың дамуына Ресей криминалистері де үлкен үлес
қосты. Құжаттардың сот сараптамасы, оны қолдану мен жүзеге асыру
кітабының авторы Е.Ф.Буринский 1903 жылы Петербургте бірінші сот-
фотосурет лабораториясын іске қосты. С.Н.Трегубов өзінің (1915)
Қылмыстық техниканың негізі атты практикалық жұмысында қылмысты
ашуда, тергеуде ғылыми-техникалық құралдарды қолдану жолдарын ашып
көрсетті. Ал, Б.Л.Бразоль Тергеу бөлімі бойынша очерктер. Тарих.
Тәжірибе (1916) шығармасында тергеу қарауы тактикасын қарастырды.
XIX ғ. Аяғы мен XX ғ. Басында ресейлік сот-сараптама
мекемелерінің жүйесі пайда болды. 1892 жылы Петербургтің сот
палатасы прокурорының сот фотографиялық лабораториясы, 1812 жылы
Петербургте ғылыми-сот сараптама кабинеті құрылып, кейін (1913-1914)
осындай мемекемелер Мәскеуде, Киевте, Одессада ашылды.
Ресей криминалистері 1917 жылғы Қазан революциясынан кейін де
криминалистиканың дамуына үлкен үлестер қосты.
Өткен ғасырдың 20 жылдарында қылмысты ашу мен тергеуге, тергеу
әрекеттерін жүргізу мәселелеріне байланысты көптеген жұмыстар жарық
көрген. Солардың ішінде П.С.Семеновскийдің Дактилоскопия-тіркеу әдісі
ретінде атты монографиясы (1923), С.М.Потаповтың Сот фотографиясы
атты оқулық құралы (1926), И.Н.Якимовтың Қылмыстық құралдар мен
тәсілдерді қолдану атты жұмысы (1925), кітабы Ресейде шыққан бірінші
оқулықтар болды.
Совет үкіметінің даму кезінде криминалистиканың көптеген
мәселелерін дамытқан белгілі ғалым-криминалистер ішінде В.И. Громов,
С.А. Голунский, А.И. Винберг, Е.И. Зицер, Б.М.Шавер, Н.В.Терзиев, Б.И.
Шевченко, Б.М. Комаринец, Л.Е.Ароцкер, А.А. Эйсман, А.Р.Ратинов, Р.С.
Белкин, Н.П.Яблоков, И.М. Лузгин, Гинзбург және тағы басқаларды айтуға
болады.
2 Кримналистік құжаттарды тану ұғымы, мазмұны, міндеттері
2.1 Құжаттар, криминалистік маңызды ақпараттардың түпнұсқалары
Криминалистік құжаттар жазу табиғаты, құжаттарды жасау
тәсілдері және жазбалар ерекшеліктері бойынша, нақты тұлғаның жалған
құжаттар жасауын және оны анықтау тәсілдерін зерттейтін,
қылмыстарды тергеу және ашу мақсатында құжаттардағы ақпараттарды
пайдаланудың ғылыми негіздерін құратын саласы болып табылады.
Криминалистік құжаттану жаратылыс, техникалық ғылымдар жетістіктеріне,
тергеу және сот тәжірибелері қорытындыларына негізделеді.
Криминалистік құжаттану атқаратын міндеттерді үш топқа бөлуге
болады.
Бірінші топ-құжатты жасайтын автордың белгілері мен
қасиеттерін: жынысын, жасын, психикалық және физикалық жай-күйін,
кәсіптік және басқа да дағдыларын анықтау.
Екінші топ- құжат материалдарының (қағаз, бояғыш зат, сургуч,
желім және т.б.) табиғатын, сапалық құрамын, қай топқа жататындығын,
кейде материалдардың жасалу орнын және уақытын анықтау, құжатты,
жалған құжатты немесе оның жеке реквизиттерін (қолдар, таңбалар,
мөрлер, мөртаңбалар) дайындау құралдарын, шарттары мен тәсілдерін
анықтау, өртенген құжаттардың мәтіндерін көрінбейтін және шамалы
көрінетін мәтіндерді айқындау және т.б.
Үшінші топ- сәйкестендіру міндеттерін орындау: құжатты жасаушыны
жазу тілі мен қол жазуы бойынша; жазу техникасын-басылған мәтін
бойынша; көбейткіш техникасын-онда дайындалған мәтіннің таңбалары
бойынша және т.б. ұқсастыру.
Бұл міндеттер құжаттарды зерттеудің екі түрін-жазуды
криминалистік зерттеу және құжаттарды техникалық-криминалистік
зерттеуден өткізу барысында нақтыланды және орындалады. Құжаттардың
көптігіне (саласы, табиғаты, тегі бойынша), оларды жасау, көшіру,
жалған жасау тәсілдерінің әр түрлілігіне қарамастан, жасандылар, ол
үшін пайдаланылған материалдар мен құралдарға, сондай-ақ құжаттарды
зерттеу әдістеріне және осы әдістер көмегімен орындалатын
міндеттерге қарамастан құжаттар криминалиистік маңызы бар ақпараттар
көзі ретінде, ал белгілі бір заңдылық шеңберіндегі бейнелеу және
кейін қылмыстарды тергеу барысында осындай ақпараттарды зерделеудің
объектісі болып қала береді.
Криминалистикада құжаттармен жасалған немесе дайындалып жатқан
қылмыстардың мән-жайы туралы ақпаратты қамтитын әр түрлі материалдық
обектілер жатады. Бұл ақпараттың нақты мағыналық мазмұны болады
және ол басылған немесе қолмен жазылған әріптермен, сандармен,
белгілермен, кодтармен бейнеленуі мүмкін.
Ақпараттарды бекіту тәсілдеріне байланысты жазу актілерін, сызба
бейнелерін фото-кино-бейнематериалдарын, кодталған ақпаратты тасушы
объектілерін (ЭВМ магнитті таспалары, магнитофон таспалары,
компьютердің магнитті дискілері, перфотаспалар, перфокарталар және
т.б.) ажыратады.
2. Тергеу барысында құжаттарды қарау
Қылмыстарды ашу мен тергеудегі құжаттармен жұмыс, жетістігі
бірқатар ережелерді сақтаумен қамтамасыз етілетін тергеудегі қараудан
басталады. Табылған құжаттар тек қолға қолғап киіп, не пинцет
қолданып орындаған жөн, себебі құжатта қандай іздер бар және олар
қайда орналасқаны белгісіз.
Құжатты су қолмен ұстауға, дымқыл немесе кірленген затқа қоюға
болмайды. Жазбаша құжаттардың бетіне не сыртына жазуға болмайды.
Қағаздарды бұрын бүктелген жеріне сәйкес келмейтін жерінен бүктеуге
болмайды, себебі бүктесіндердің саны мен орналасуы жазудың сипатын,
орындалу жағдайларын анықтау үшін маңызды және құжаттың ерекше
белгілерінің бірі болып табылады.
Ылғалданған құжаттар жайылған күйде бөлме температурасында
кептіріледі. Іске тіркелетін құжатты шеткі жағынан тігуге
болмайды. Оны жазылған күйінде немесе бұрынғы бүктелген жерінен
бүктеп, таза қалың қағаз не картон арасына салып, конвертте
сақтаған жөн. Конвертке қажетті жазбаларды құжаттарды оған салмастан
бұрын жазады.
ЭВМ магнитті таспаларын, компьтерлердің магнитті дискілерін,
аудио-бейне-кассеталарын магниттердің тұрақты не ауыспалы толқын
ықпалдарынан, сонымен қатар магниттік толқындар тарататын
генераторлардан, радиоқабылдағыштардан, теледидарлардан және т.б.
құралдардан сақтау қажет.
Құжатты зерделеуді оның міндетін, негшізгі мәтінін және
ондағы басқа жазбаларды (қарарларды, белгілерді) анықтаудан, яғни
құжаттың мазмұны мен міндетінің сәйкестігін анықтаудан бастаған жөн.
Егер құжаттың түпнұсқаға сәйкестігіне күдік туса, құжаттың
үлгісімен танысу керек. Сондай-ақ, құжаттың оң және теріс жағының,
парақ шеттерінің жағдайы тексеріледі. Құжат заңды тұлға атынан
толтырылса, жасанды белгілерді анықтау үшін бланк нысандарының баспа
таңбаларының, фотосуреттердің, қорғау белгілерінің түпқұжаттағы ұқсас
реквизиттерге сәйкестігіне назар аударылады.
Атап айтқанда, мұндай белгілерге:
- нысандардың, түсі және реквизиттерінің сәйкес келмеуі;
- мазмұнының қарама-қайшылығы, емлелік қателер, стандарттан тыс
шрифт, пайдаланудан шыққан бланктерді, мөрлерді және т.б. қолдану.
- механикалық әсер ету іздері (жазуды тазарту кезінде химиялық
рекактивтермен мәтінді өңдеу не шаю кезінде қағаздың жұқаруы, дақ
түсуі);
- қосып жазу немесе мәтінді өшіріп, орнына жазу (сөз, жол
аралығының қалыптан тыс үлкейуі немесе кішірейуі, олардың ерекше
орналасуы);
- қорғау кестелері жолдарының, мөр элементтерінің сәйкессіздігі
түріндегі құрастыру жолымен жасалған (сан жапсыру, суреттерді не
бөлшектерін және т.б. қайта жапсыру) жасанды іздер;
- сызықтардың түзу еместігі, әріптердің түрі, олардың әркелкі
көлемі, әріптің біліктік сызықтарының дөңгелек мөрдегі радиус
бағытына қатысты әр түрлі орналасуы бойынша және әріптердің
білікті сызықтарының мөрдегі жолдар сызықтарының перпендикулярына
сәйкессіздігі бойынша анықталатын баспа таңбалары мен
мөртабандардың жасанды іздері;
- жалған қол қою іздері (қолдың қозғалысын ақырындату нәтижесінде
пайда болатын сызықтардың айналмалығы, штрихтарда үзілістердің
болуы, көшіру кезінде және т.б. пайда болған көмескілік пен
нүктелер);
- аудио және бейнемагниттік таспаларды біріктіру барысында пайда
болған іздер.
Құжаттарды қарау және алдын ала зерттеу кезінде құжаттарға
зиян келтірмейтін техникалық құралдар мен әдістер қолданылады. Бұл
үшін белгілі тәсілдер мен ғылыми техникалық құралдарды, сондай-ақ
құжаттарды жарыққа қарау әдістерін жиі пайдаланады. Жарық көздері
ретінде үстелге қоятын шамдар, электршамдар, (ОИ-19 түріндегі) арнайы
жарық түсіргіштер немесе табиғи жарық пайдаланылады. Қажеттігіне
қарай жарық сүзгілерді, тергеу чемоданында болатын лупаларды
пайдалануға болады. Ерекше белгілерге (тазартулар, өңдеулер, қосып
жазулар және т.б.), іздестіру жұмысы мен дәлелдеу процесінде
пайдалануға болатын ақпараттарды айқындауға ерекше назар аударылады.
3 Құжаттарды және жазуды криминалистикалық тұрғыда зерттеу
Құжаттарды криминалистикалық зерттеу- бұл хаттың, осыдан
шыққан кейбір тұлға құралын, құжатты жасау әдістерінің табиғи
заңдылықтарын, сонымен бірге қылмысты ашу мен тергеу
мақсатындағы тану әдістері мен тәсілдерін қарастыратын
криминалистикалық техника саласы.
Құжаттар- қылмыстық әрекеттер, қылмыс жасау құралдары
немесе қылмыс іздерін жабушы құрал ретінде заттық дәлел болып
табылады.
Құжаттарды криминалистикалық зерттеудің 2 түрі бар:
- хатты криминалистикалық зерттеу;
- техника криминалистикалық зерттеу.
- хатты криминалистикалық зерттеу;
- техика криминалистикалық зерттеу.
Хатты криминалистикалық зерттеу объектілері жазбаша сөйлем мен
қолжазба болып табылады. Сонымен бірге орындаушы авторлар мен
олардың құрамы, жынысы, жасы, физиологиялық және профессионалды
ерекшеліктері анықталады.
Құжаттарды техника криминалистикалық зерттеуде оның мазмұны,
жасалу материалы, оның мағынасын өзгерту мақсатындағы тиген
іздері тексеріледі. Сонымен қатар, идентификациялық және
диагностикалық мәселелер шешіледі. Осындай мәселелерді шешу үшін
әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады:
- химиялық-құжаттың материалдық құрамын анықтау;
- фототехникалық-сурет бойынша фотоаппараттарды салыстыру;
- фотоскопиялық –магнитті баспаның шифрлерін алу және т.б.
Қылмысты тергеуде заттық дәлел ретінджегі құжаттармен
жұмыс істеудің ережелерін сақтау нұсқалынады.
а) құжаттармен бес саусақты қолғап немесе пинцеттерді
қолдану арқылы жұмыс істеу;
ә) құжаттарды сулы немесе дым қолмен ұстауға тыйым
салынады;
б) сулы немесе кір орындарға құжаттарды қоюға болмайды;
в) құжаттардың теріс немесе артқы жақтарына жазулар
жазылмауы тиіс;
г) іске қатысты құжаттың шетінен тіреп тігуге болмайды,
оларды конверттерге салып, конверт тігіледі;
д) құжатқа зияны тиетін әрекеттер қолданылмайды.
Хатты криминалистикалық зерттеу.
Жазуды үйрену ұзақ оқу мен жаттығу салдарынан қалыптасады.
Осыдан қолжазба құралады, бұл адамның ортақ жүйке әрекетінің
қалыптасқан ауыр жүйесі. Хат жазу қалыптасуының топталуы:
-техникалық қалыптасу-адамның жазу барысындағы отырысы немесе
тұрысы, қағаздың жатуы, жазу құралын ұстау және т.б;
- графикалық қалыптасу - хат заңдылықтары мен олардың
ұйқастығын қалыптастыру;
-хат сөйлемінің қалыптасуы-сөздің құрамы және мәтін мен
тақырыптардың орнығуы.
Хат сөйлемінің қалыптасуы әр адамның белгілерін сипаттап,
екі топқа жіктейді:
- хаттағы сөйлем белгілері;
- қолжазба белгілері.
Хаттық сөйлем белгілері-бұл адамның сауаттылығын
анықтайтын мәтін мазмұнын құрау, сөздің даярлығы, кәсіби
әрекет сипаты мен басқа да жағдайларды ұғындыру қасиеті.
Хаттық сөйлем грамматика, лексика және құрау стилі
жағынан бағаланады:
а) граммматикалық белгілер орындаушының хат грамматика
ережелерінен сауаттылығын немесе керісінше жағдайын көрсетеді. Осы
ережелерді сақтау орфографиялық, синтаксистік немесе
пунктуациялық қателерге әкеліп соқтырады. Бұл қателер
салыстырушы белгі ретінде қарастырылады.
Жазбадағы кездесетін грамматикалық қателіктердің сипатына
қарай орындаушының білім деңгейі төмен, орташа немесе
жоғары болып анықталады;
ә) лексикалық белгілер жазушының жалпы сөздік даярлығын
және оның жалпы білім алу мен кәсіби даму деңгейін
сипаттайды. Хат бойынша адамды салыстыру оның хатты пайдалану
ынтасын көрсетеді:
- кәсіпқойлық -белгілі бір мамандыққа арналған сөздер;
- архаизм-ескірген сөздер мен сөйлемдер;
- диалектизм-жергілікті жерлер диалектілерімен байланысты
сөздер мен сөйлем оралмалары;
- жаргонды сөздер және олардың айтылуы белгілі бір
топтағы адамдарға тән.
б) стилистикалық белгілер мазмұндаманың жазу тілін,
қолжазбаның қалыптасуын түсіндіреді.
Ол әдеби тіл (көркем, іскерлік, ғылыми, бұқаралық) және жай
сөйлем тілі деп 2-ге бөлінеді.
Кеңістіктегі түсінік пен мазмұндаманың мәні қысқа және
көп сөзді болады.
Композициялық құрылыс нақты бөлшекті жазбалардың болуы
(кіріспе, негіз, қорытынды) сөйлем түрлерін қолданушы ойдың
мазмұн құрылысы бойынша анықталады (жай, күрделі, хабарлаушы,
сұраушы және т.б.).
Қолжазба белгілері нақты және жеке болып келеді.
а) Жалпы қолжазбаны қозғалыс ретінде сипаттайды. Оған:
- қолжазбаның қалыптасуы-жазушының жылдам жазу жүйесі мен
қолдану әдісі жоғары, орташа және аз қалыптасқан қолжазбалар;
- қолжазбаның иілуі жазбаша белгінің ұзартылған өсіндегі
сызық жолымен анықталады. Тіке, көлденең, оңға иілген және солға
иілген қолжазбалардың түрлері болады. Иілу тұрақты белгі болып
саналмайды және қолжазбаның өзгерту мақсатында жиі өзгеріп
тұрады;
- қолжазбаның жылдамдық қарқыны жол белгілерінің биіктігі
мен олардың аралық ендерінің немесе жол белгілерінің биіктігі
мен енінің сай болуы. Жылдамдық үлкен, орта және кіші болады.
- қолжазба мөлшері жолақ әріптерінің орташа биіктігі бойынша
анықталады. Ірі жолақ әріптерінің биіктігі 5мм., орта 2 мм-5 мм
дейін, майда 2 мм көп емес;
- қолжазбаның байланысы белгілі бірнеше әріптердің бір
сөзде үзіліссіз қозғалыс арқылы жазумен сипатталады. Байланысына
қарай жоғары байланысты қолжазба-5-6 әріптермен, орта байланысты
-3-4 әріптермен, үзілісті 2-ден кем емес әріптермен байланысты
орындалады. Бұл белгі тұрақты, себебі қолжазба байланысын ұзақ
тәжірибесіз өзгерту мүмкін емес.
ә) қолжазбаның жеке белгілері бөлек әріптерді олардың
элементтері мен әріа аралық қосындыны жазудағы әрекеттің
ерекшелігін көрсетеді. Қолжазбаның жеке белгілеріне мыналар
жатады:
- әріптер мен олардың элементтерін қосуда және орындаудағы
қозғалыс формасы-тік сызықты, доға тәрізді, ілмек тәрізді, бұрыш
тәрізді, иректі;
- қозғалыс бағыты-төменнен жоғары қарай, жоғарыдан төмен
қарай, сол оралымды және оң оралымды;
- қозғалыстың сызылуы-әріп элементтері штрихтарының әр түрлі
өлшемдеріне негізделумен сипатталады;
- қозғалыстың байланысы, яғни әріптердегі элементтердің
бірігуі, сонымен бірге әріптердің өзара байланысы;
- нүктелердің басында, соңында, қиылысында және қозғалыстарының
бірігуінде әріптердің шартты орналасуы;
- қозғалыстың жалғасуы онымен әр түрлі әріп элементтері мен
олардың бірігуі орындалады;
- әріптерді орындағандағы қозғалыс күрделілігі-жай күрделенген
және қысқартылған әрекеттер.
Құжаттарды техника криминалистикалық зерттеу- бұл жазбаша
құжаттарды жасайтын, өзгертетін және олардың белгілерін
сипаттайтын әдістерді тексеруші болып табылатын пән, сонымен
қатар тергеу мен соттық іс қарауға маңызы бар, салыстыру және
басқа деректерді білу мақсатындағы құжаттарды қарау мен
зерттеу әдістерін, құралдарын жақсартушы құжаттарды зерттеу бөлімі.
Құжаттарды зерттеу мақсаттары:
- құжаттарды немесе оның бөлімдерін дайындау жағдайын анықтау
(әдіс, шарт, уақыт);
- құжаттағы өзгеріс пен оның ену әдістерін анықтау (тазалау,
өшіру,қосымша жазу және т.б.);
- жай көрінетін көрінбейтін, сонымен қатар құйылған,
жапсырылған, сызылған жазулар мен құжаттағы бұзылған мәтіндерді
табу;
- құжатты жасауда қолданылған материалдың топтық құрамын
анықтау (қағаз, бояу, желім);
- құжаттарды немесе олардың бөлімдерін жасау уақытын анықтау;
- құжаттарды дайындау немесе оларға енгізілетін өзгерістер үшін
қолданылған құралдарды салыстыру;
- құжат жасаушыны идентификациялау.
Құжаттар түпнұсқалы және жасанды болады.
Түпнұсқалы құжаттар жарамды немесе жарамсыз болып жіктеледі.
Көрініп дайындалған, бірақ мәтіні өтірік маңызды құжаттар
жасанды деп аталады. Жасанды құжаттардың екі түрі болады:
а) интелектуалды-берілген үлгідегі бланкта шындыққа сай
келмейтін барлық белгілері бар құжат;
б) материалды –түпнұсқа құжатты тазалау, өшіру немесе барлық
реквизиттері бар толық жасау жолымен өзгертілетін құжат.
Құжаттардың түпнұсқа бланктары сурет салу немесе бастыру
арқылы жасалынады.
Қолжазбаларды зерттеу криминалистік сараптаманың кең түріне
жатады. Оның негізгі мақсаты-орындаушыны анықтау. Негізінен сараптама
көмегімен авторлыққа, қолжазба жазу шартына, жазушының мақсатына
(жалған құжат жасау немесе жазуды бұрмалау), оның жеке қасиетіне
және сыртқы белгілеріне (мысалы, жасы, мас екендігі және т.б.)
қатысты көптеген мәселелер шешіледі. Аталған зерттеу объектілері
ретінде жазудың тұрақты жеке ерекшеліктер көрінген көлемді
қолжазбалар (күнделіктер, хаттар) және қысқа жазулар (қол қою, сандар,
суреттер, белгілер) болуы мүмкін.
Жазуды криминалистік зерттеу бірдейлендіру (идентификациялау)
теориясының жалпы ережелеріне, адамның жоғары жүйке қызметінің
психологиялық деректеріне, лингвистика мәліметтеріне негізделеді. Соңғы
уақытта осы мақсатта кибернетика, математика тағы басқа ғылымдар
мүмкіндіктері кең қолданылуда.
Жаза білу ұзақ оқу мен жаттығу нәтижесінде қалыптасады.
Қолжазудың жеке сәйкестік белгілері балалар 3-4 сыныпта оқып жүрген
кезінде-ақ қалыптаса бастайды. Дегенмен олардың қолжазуы бойынша
сәйкестендіруге жеткілікті жиынтығы, әдетте 5-6 сыныпта, яғни
адамның орталық жүйке жүйесінің қызметімен байланысты күрделі
қозғалу дағдыларының жиынтығы жазудың тұрақты сәйкестендіру
белгілеріне қатысты байқалып, қалыптасады.
Адамның:
- техникалық дағдыларын (жазу кезіндегі отырысы, қағаздарды
орналастыруы, жазу құралын ұстауы және т.б.)
- графикалық дағдыларын (жазу белгілерін және олардың тіркестерін
жазу);
- жазбаша тілі дағдыларын (сөздік қоры мен мәтін, сөйлемдер
құруы және т.б.) ажыратады.
Қолжазбада көрініс табатын техникалық және графикалық дағдылар
жиынтығы адамның қолжазуын сипаттайды. Адамның жазу еркіндігінің
ұқсас ерекшеліктері, күш салып жазуында, сыртқы ортаның, басқа да
субъективті және объективті факторлар әсерінен қол басқанда
қайталанбайтын көп ерекшеліктер жиынтығы пайда болады. Әр түрлі
тұлғалардың жазуында жеке ұқсас белгілер кездесуі мүмкін, бірақ
олардың жиынтығы әр адамда жеке болады.
Жазудың өзгеруіне әкелетін әр түрлі себептерге қарамастан, ұзақ
уақыт бойы қалыптасқан адамның жалпы қимылдау жүйесі (динамикалық
стереотип) тұрақты болады. Яғни, адамды жазу бойынша сәйкестендіру
мүмкіндігі жазуын әдейі бұрмаласа да немесе жасы ұлғайғанда жазуы
өзгерсе де сақталып қалады.
Адамның қолжазуы ерекше жағдайларда жазғанда өзгеруі мүмкін,
олар адамның жазу құралы мен заттарының әдеттен тыс қалыпты,
жазушының көңіл күйі (мас болуы, толқуы және т.б.) адамның қозғалу
аппаратының немесе жүйке жүйесінің бұзылуы (жарақаттар, жүйке
аурулары және т.б.), жазуын әдейі бұрмалауы (басқа адамның қолына
ұқсастырып жазу). Алайда көлемді қолжазба мәтінінде, қолдың өзіндік
белгілерінің жиынтығы жиі сақталып отырады.
Жазба тіл белгілері-мәтінді мазмұндау әдісі, сауаттылығының
жалпы деңгейі, тілінің стилистикалық және грамматикалық ерекшеліктері,
сөздік қоры.
Жазбаша тілдің келесі негізгі белгілері болады:
Стилистикалық белгілер-мәтіннің тілін, ойын, архитектоникасын, ойын
жазу мәнерін сипаттайды. Тергеу тәжірибесінде кездесетін мәтіндегі
мазмұндау стилі туралы сөз құрамы мен сөйлемдер құрылысы бойынша
талдауға болады. Сондай-ақ ресми-іс, ғылыми, өндірістік-техникалық,
публицистикалық, ауызекі сөйлеу стилі туралы айтуға болады.
Лексикалық белгілер-жеке кәсіп иелеріне, мекенге және т.б. тән
жалпы сөздік қорды, терминдерді қолдануды сипаттайды. Олардың
ішінде: профессионализмдерді (белгілі бір кәсіппен айналысушы адамдарға
тән сөздер); архаизмдерді (көнерген сөздер мен сөз тіркестері);
диалектизмдерді (белгілі бір жергілікті жерде қолданылатын тілдер
мен сөз тіркестері); варваризмдерді (бөтен тілдің сөздерін қолдану);
жаргондарды (тұрақты жеке әлеуметтік топтың ауызекі қолданыстағы
сөйлеу түрі) атауға болады.
Грамматикалық белгілер- жазушының жазудың грамматикалық
ережелері туралы білімін көрсетеді. Соған сәйкес, жазушының жалпы
сауаттылық деңгейі төмен, орта және жоғары болып белгіленеді.
Жазу белгілері екі топқа бөлінеді:
- жазуды қол қимылы жүйесі ретінде сипаттайтын жалпы
белгілер;
- ж еке әріптерді, олардың бөлшектерін және әріптерді қосып жазу
кезіндегі қимыл ерекшеліктерін көрсететін жеке белгілер. Жалпы
белгілерді шартты түрде үлкен үш топқа бөлуге болады:
а) жазу-қозғалу дағдысының қалыптасу деңгейі мен сипатын
көрсететін белгілер. Бұл қолдың дағдылануы және жалпы қабылданған
жылдам жазу жүйесіне сәйкес болуы, чғни аса дағдыланған, орташа
дағдыланған, аз дағдыланған жазу техникасын меңгеру; қимылдарды
қадағалау-әріптерді жазу кезіндегі қимылдың нақтылығы мен
жүйелілігі; олардың мөлшері, иілісін (жоғары, орта, төмен) сақтау;
жазу жылдамдылығы (тез, жай, орта); жазу құрылымы-қимыл ауырлығы
(қарапайым, жеңілдетілген, күрделіленген);
ә) қозғалыстың құрылымдық сипатын көрсететін белгілер: қимылдың
басымды түрі (түзу сызықты-доғалау; домалақ; аралас), қозғалыс бағыты (оң
айналмалы, сол айналмалы, аралас); кіші әріптердің орташа биіктігі
бойынша анықталатын жазу мөлшері (шағын-әріптердің биіктігі 2
миллиметрге дейін, үлкен-5 миллиметрге дейін болғанда); көлденең
бойынша қозғалыстың созылуы-қолдың екпін алуы, қысқа (кіші екпін),
көсілмелі (үлкен екпін), орташа (кіші әріптердің биіктігі оның
көлденеңіне тең); қолдың орамдылығы, яғни жазушының жазу құралын
қағаздан айырмай бірнеше белгілерді жазу қабілеті-үлкен (6 және одан
көп әріптерді бірге жазу), орташа (4-тен 6-ға дейін) және шағын (3
әріптен аспайтын); қолды басып жазу; күшпен (негізгі штрихтардың ені
қосу штрихтарының енінен асып кетуі), орташа, баспай жазу және
аралас жазу;
б) қол қозғалысының (топографиялық) және қолжазба фрагменттерінің
кеңістікте орналасуын көрсететін белгілер. Олар құжаттың дербес
фрагменттерін, тақырыбын, автордың қолын орналастыру ерекшелігінде
пайда болады. Олардың сәйкестендірушілік маңызын бағалаған кезде
мәтін фрагменттерін үйлестірудің жалпы ережелерін, қол қою орнын
(бұрышта, ортада, төменгі қатарда), мәтіннің қағаз бетінің шетіне
қатысты орналасуын, яғни: мәтін жолдарының қашықтығы, өлшемі, т.б.
ескереді.
Қолжазудың жеке белгілері:
- әріптерді және олардың элементтерін жазу мен қосу кезіндегі
қимыл түрлері (тіксызықты, доғалдау, ілгекті, бұрышты, иірімділі);
- жазу кезіндегі қозғалыс бағыты (төменнен жоғарыға, жоғарыдан
төменге, сол айналмалы, оң айналмалы);
- қозғалыстың созылуы (ол әріптердің әр түрлі элементтерінің
штрихтары көлеміне қатысты сипатталады);
- қозғалыстың байланыстылығы, яғни әріп элементтерінің қосылу
түрі және әріптердің өзара қосылу түрлері (бірге не арақашықтықпен);
- қозғалыстың басталу, аяқталу, қиылысу және қосылу нүктелерінің
бір-біріне қатысты орналасуы;
- әріптердің әр түрлі элементтерін жазудағы және оларды қосу
қозғалысының жүйелілігі;
- әріптерді жазудағы қимыл күрделілігі (әдеттегі, күрделіленген,
қарапайым) қимылдарды ажыратады.
Қолжазу авторын іздестіріп, сәйкестендіруде қолжазуды пайдалану
іздестіру және идентификациялық міндеттерді атқару мақсатында
қолданылады. Белгісіз тұлға жазған қолжазба мәтіні (қорқыту хаты,
жалған медициналық рецептер және т.б.) табылған жағдайда, ол бойынша
тексерудегі тұлғалардың жазуын салыстырып зерттейтін іздестіру
кестесі жасалады. Іздестіру кестесін жасау үшін ең алдымен
қолжазбаны мазмұны зерттеледі, жазу тілі мен қолжазудың белгілері
талданады. Олардың ішінен ерекшеліктерін (көзге түсетін), сирек
кездесетін және тұрақты белгілерін, негізінен-6-8-ін таңдап алады.
Кестенің негізгі бөлімі осы белгілер сипаттамасы мен олардың
графикалық суреттемелерінен тұрады. Одан кейін зерттеудегі құжатты
жасауы мүмкін тұлғалар шеңбері анықталады және олардың жазуын
тікелей тексеру, яғни құжатты жасаушы тұлғаны іздестіру
ұйымдастырылады.
Сараптамаға материалдарды әзірлеу.
Қол жазу сараптамасын тағайындау үшін сарапшыларға зерттелуші
құжат және қолжазудың авторы болуы мүмкін тұлғаның сапалы
қолжазбалық үлгілері табыс етіледі. Құжаттың не фотосуреттің
көшірмесі сарапшыға ерекше жағдайда ғана беріледі. Қолжазбаның еркін
және эксперименттік үлгілерін ажыратады.
Еркін үлгілер-жасалған қылмысқа, қылмыстық істің қозғалуына
қатыссыз орындалған қолжазбалар, қолдар. Оларға жеке и және қызметтік
хат алысу құжаттары, өмірбаяндар, арыздар, конспектілер және т.б.
жатады. Қолдың, қолжазудың еркін үлгілері шартты түрде зерттеудегі
мәтінге (қолға) жазылу уақыты, жазу жылдамдылығы, қолжазбаны орындау
жағдайы бойынша және жазушының күйіне сәйкес келуі қажет.
Әдетте қолжазудың еркін үлгілері ретінде, әр уақытта жазылған
5-6 бет қолжазба мәтіні және 10 (әр парақта 5-6 қол бар) қолдың
еркін үлгілері талап етіледі.
Эсперименттік үлгілер-тергеуші, анықтаушы, жедел қызметкер
тапсырмасы бойынша салыстырмалы зерттеу үшін арнайы орындалған
қолжазбалар (қолдар). Олар зерттеудегі мәтінге мазмұны бойынша жақын
болып, ұқсас жағдайда орындалуы қажет. Эксперименттік үлгілерді
тергеушінің оқуымен жазып немесе кез келген мәтінді тұлғаның өзінің
жазуымен алуға болады. Бұл жағдайда зерттеліп жатқан құжатта бар
сөздер қайталанатын арнайы мәтін құрастырылады. Егер, қолжазу
үлгілері алынып жатқан тұлға жазуын өзгертуге тырысса, онда оқып
жаздыруды жеделдету, мәтін көлемін үлкейту немесе тұлға өз жазуына
қандай өзгерту жасағанын ұмытып қалуы үшін үзіліс жариялау қажет.
Эксперименттік үлгілер сапасы зерттеудегі құжат жазылған қағаздай
және (жалпақтығы, түсі, көлемі, сызығы бойынша) сондай жазу
құралымен орындалуы қажет, мәтіннің көлемі 10-15 парақтан кем
болмауы керек және зерттеудегі құжаттың толық мәтінін немесе жеке
сөздерін (сөз тіркестерін) қамтуы тиіс. Эксперименттік қол қою
әрқайсысы 10-15 қолды қамтитын 5-6 парақта орындалады.
Қолжазу сараптамасын тағайындау туралы қаулыда қолжазу зерттеуін
жүргізу үшін маңызы бар мән-жайлар көрсетілуі тиіс. Сарапшы
сұрақтарын нақты құрастыру қажет, мәселен, мәтінді, жеке жазуларды
кім жазғанын, қолды кім қойғанын (нақты тұлғалар ішінен); бірнеше
құжаттағы қолдарды немесе құжаттың үзінділерін бір немесе бірнеше
тұлға орындағанын көрсетуі керек.
Қолжазбаны жазған тұлғаның жеке қасиеттеріне, оның
психофизиологиялық күйіне, кәсіби қызметіне, құжатты жазу уақытына
қатысты сұрақтар да жоғарыда аталғандай құрастырылуы тиіс. Мұндай
зерттеу нәтижелерінің, әдетте, бағыт беруші (іздестіру) маңызы
болады.
Қолжазбалардың қолжазу зерттеуін жүргізу әдістемесі туралы жалпы
мәліметтерді:
- алдын ала зертттеу;
- жеке зерттеу;
- салыстырмалы зерттеу;
- нәтижелерді бағалау және қорытындыны тұжырымдау деп бөлуге
болады.
Алдын ала зерттеу барысында сарапшы ұсынылған материалдың
қолда барын олардың сараптама жүргізу үшін жеткіліктілігін
бағалайды, қойылған сұрақтарды анықтайды, құжатпен толық түрде,
содан кейін нақты объектімен (мәтінмен, оның бөлігімен немесе
қолмен) танысады.
Екінші сатыда зерттеудегі құжат пен үлгідегі жазу белгілері
анықталып, талданады.
Үшінші сатыда анықталған белгілерін жалпы және жеке, дәл
келетін және айырмашылығы бар белгілерді салыстыру жүзеге
асырылады. Сарапшы зерттеудегі қолжазбадағы және орындаушысы болуы
мүмкін тұлғаның қол қою үлгілеріндегі бірдей әріптерді жазу
барысындағы қол қимылының қайталану жиілілігіне назар аударады.
3.1 Құжаттарды өзгерту фактісін анықтау және құжат мазмұнының
өзгеру түрі
Құжаттың жалған бланкілері көп жағдайда сурет салу немесе
клишеден басу арқылы дайындалады. Клишені баспаханалық шрифтті теру
жолымен, фотоцинкографиялық тәсілмен, қолмен ойып жасау және басқа
да тәсілдермен дайындайды. Бұл тәсілдердің әрқайсысының өзіндік
белгілері бар.
Сурет салу арқылы жасалған жалған бланктер штрихтарының,
аттас әріптер мөлшерінің біркелкі есептігімен, суретінің стандартқа
сай еместігімен мәтінде грамматикалық қателер мен қисындық
(логикалық) қарама-қайшылық болуымен, қарындашпен жазылған және қара
қағаз арқылы көшіру іздерімен ерекшеленеді. Қолмен ойып жасалған
клишеге стандартсыз шрифт, белгілердің ұзынша элементтеріндегі
түзуліктің бұзылуы, сөз жолының иірімділігі және т.б. тән.
Фотоцинкографиялық тәсілмен дайындалған клишеге штрихтардың
шетіндегі бояу қабатының қалыңдығы және әріп штрихтарының қатты
басылуы; суретке түсіру масштабын сақтамау себебінен таңба
көлемінің түпнұсқадан өзгешеленуі; ұсақ штрихтар мен бөлшектердің
анық болмауы; штрих шеттерінің тегіс болмауы және үзілуі,
қышқылмен (кислота) өңдеу нәтижесінде әріп бұрыштарының дөңгеленуі
тән.
Құжаттың алғашқы мазмұнын өзгерту фактісін анықтау бұрынғы
жазуды тазарту, өңдеу немесе шаю белгілерінің болуына байланысты.
Жазуды тазартып өзгерту оның алғашқы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz