Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы жайында


МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1. Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы

1. 1 Криминология ғылымының пәні, мақсаты және әдістері . . . 8

1. 2 Қазақстан криминология ғылымының даму тарихы және оның заң ғылымдарындағы орны . . . 18

1. 3 Қылмыс және қылмыстылықтың криминологиялық сипаттамасы . . . 19

2. Қазақстан ғалымдарының қылмыс пен қылмыстылықты криминологиялық зерделеу оның алдын алу жөніндегі ой-пікірлері

2. 1 Қылмыстың алдын алу түсінігі . . . 28

2. 2 Қылмыстың алдын алу оның түрлері және оны зерделеу . . .

2. 2. 1. Қылмыстың алдын алу жүйесі мен оның обьектісі мен субьектісі жайлы . . . 15

2. 2. 2. Қылмыстың болу себептері мен жағдайларын зерделеу . . . 97

2. 2. 3. Қылмыскердің жеке басын зерделеу . . .

2. 3 Қылмыс пен қылмыстылықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру мен жүзеге асырудың Қазақстан ғалымдарының ғылыми еңбектері мен ой-тұжырымдары . . . 42

Қорытынды . . . 60

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 62

КІРІСПЕ

Диплом жұмысының өзекті мәселелері. Зерттеудің барысында жинақтау, талдау, салыстыру, контекстік талдау, семантикалық (мағыналық) талдау, лингвостатистикалық талдау, конгнитивтік (танымдық) талдау әдістері пайдаланылды.

оспектілеріне талдау жасаған З.

Ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы. Қазіргі Қазақ баспасөзінің, оның ішінде газеттердің тілінде өзіндік сөз тығыз байланысты болып есептеледі.

  • Газет тілінің лингвистикалық сипаттарын зерттеу тіліміздің оның ішінде газет түрлері лексикалық қабатында болып жатқан өзгерістерді байқауға, сөз жасамдық
  • Газет тілінің мәтіндердегі қолданыстары лингвостикалық зерттеулер арқылы «Үлкен корпустың» көлемінде анықталып жиілік қолданыстары анықталады.

Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалау. Диплом жұмысына Баспасөз тіліне, оның ішінде, газет тіліне қатысты пікір айтқан, зерттеу жүргізген шетелдік қауымдар еңбегі, Қазақ тіл білімі мен журналистика саласында газет тілен, стиліне қатысты айтылған ғалымдардың салмақты ойлары мен тұжырымдарыф диплом жұмысының әдіснамалық негізі болады.

  • Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ тіліндегі газеттердің тілінің қалыптасуы мен жасалу жүйесі, олардың стиль түрлеріне қарай қолданыстары, сөздік қоры мен құрамы, әмбебаптығы мен бағалау шкалаларына байланысты лингвистикалық сипаты мен стандартына байланысты

Зерттелу нысаны. Қазіргі қазақ газеттерінің мәтіндеріндегі сөз формалары мен сөз бірліктерінің қадыптасу жолдары мен дамуын, сөз құрамын қолданылу сипаты.

Теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша, баспасөздің тілі оның стилистикалық ерекшеліктеріне, түрлеріне, сөздік құрылымына, Практикалық базасы. Зерттеудің практикалық базасы дипломшының 2010-2011 оқу жылындағы диплом алды тәжірибесінде алған білімі болды.

Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан және пайдаланылған дәбиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАНДА КРИМИНОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ПӘНІ, МАҚСАТЫ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ

  1. Криминология ғылымының пәні, мақсаты және әдістемесі

Егер сөзбе-сөз ұғынсақ, криминология дегеніміз қылмыскерлік» жайындағы ілім: Сrіmеn - қылмыс, 1оgоs - ілім. Бірақ криминология ғылымының нақты мазмұны едәуір күрделі әрі көп аспектілі. Ол жекелеген қылмыстардын ғана емес, жаппай қылмыстық әрекет ретіндегі қылмыскерліктің де зандылығын зерттейді, адам неге кылмыс жасайды? Өз проблемаларын шешу үшін көптеген адамдар неге қылмыс жолына түседі ? Ондайға жол бермеу үшін не істеу керек?-деген сұрактарға жауап береді.

Кез келген басқа ғылым сияқты криминология да заңды мықты зерттейді. Криминологияның айрықша пәні - зандылықтар: а) қылмыскерліктің барлық көріністері; ә) қылмыскерліктің детерминациялары мен себептілігі; б) қылмыскерліктің әртүрлі ықпалға ұшырайтындығы.

Қылмыскерліктің әр турлі көрініс табуы мыналарды қамтиды: қылмыс немесе жеке қылмыстық әрекет; қылмыскерліктің әр турлі негіздер бойынша бөлініп алынатын жекелеген түрлері (экономикалық, мемлекеттік, кәмелетке толмағандардың, әйелдердің және т. б. ) ; мемлекеттің белгілі бір аймағындағы, мемлекеттегі адамзат қоғамының әр түрлі кезеңіндегі қылмыскерлік.

Осы айтылғандардан мынадай тұжырым жасауға болады: қылмыскерлік - адамзат тарихында бұрын болған және қазіргі бар қоғамдардын барлығының да ажырамас бөлігі 1 .

Криминология қылмыскерлікті орын мен уақыттың нақты жағдайында зерттейді. Криминолог қоғамға, адамға, бір жағынан, «қылмыскерлік арқылы», қылмыстық әрекет арқылы қарайды. Тек қылмыскерлік, оның себептері және онымен курес - криминологияға негізгі керектілер осылар. Қылмыскерліктен бастау алып ол онын себептерінің, онымен күресті ұйымдастырудың, оның алдын алудың талдамасына терендеген сайын қоғам мен табиғатта бар баска да кең әрі күрделі проблемаларға шығады. Философ, керісінше, қылмыскерлікті көптеген кұбылыстардың бірі ретінде, барлық баскалардың өзара байланысы, өзара әрекеттестігі контексінде карайды. Философтар қылмыскерлікке табиғат пен қоғамның жалпы заңдылықтарын зерттеуге байланысты талдама жасайды.

Нақты өмірде қылмыскерлік пен басқа келеңсіз әлеуметтік ауытқулар (алкоголизм, маскүнемдік, наркомания, көлеңкелі экономия жәнет. б. ) арасындағы шекараны дәл анықтау қиын. Оларды оқшаулап қарау салыстырмалы, жасанды болып шығады.

Қолданыстағы заң қылмыскерліктің шекарасын көрсетеді, бірақ криминологиялық зерттеулердің шекарасы одан біршама кең. Қоғам мен заң өзгергенде кылмыс және қылмыс емес деген ұғымдар да өзгереді. Криминолог белгілі бір іс-әрекеттерді криминалға жатқызу (оларды заң бойынша қылмыс деп тану) және криминалға жатқызбау (тиісті іс-әрекеттерді заң бойынша қылмыстар қатарынан, яғни қылмыстық жазаланатындар қатарынан алып тастау) туралы мәселеге өз үлесін қосады. Қылмыс жасайтын адамдарды зерттей келе криминологтер мынаны байқады: ұдайы құбылып отыратын жағдайда олардың қоғамға кауіпті әрекеттері өз нысанын өзгертеді екен, ал бұл нысанның өзгеруінен сол әрекет өзінің коғамға қауіптілік сипатын жоғалтудың орнына, кейде бұрынғыдан да бетер кауіпті болады екен. Мұндай жағдайда қылмыстық заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу керек. Заңның криминологиялық келісімділігін, оның коғамға аса қауіптілік келтіретін жаңа шындыққа сәйкестігін осы криминологтар қамтамасыз етеді. Қылмыстық құқық саласындағы мамандарда құбылмалы кезде қоғамға қауіпті әрекет нысанының өзгеретіндігі жайында толықтай деректер болмайды.

Сонымен криминолог қылмыскерлік пен келеңсіз әлеуметтік ауытқулардың өзге нысандарының өзара байланысындагы, олардың қоғамга қауіпті әрекетке айналуындағы заңдылықты зерттейді.

Қылмыскерлік детерминациясы және себептілігі - бұл, жалпы алғанда, қылмыскерліктің қоғамда туындау процесі (әлеуметтік детерминация) және сол процесті тудыратындарды, себептік байланыстарды беліп алу (себептілік) .

Қылмыскерлік детерминациясымен себептілігі, жалпы, коғамдағы мемлекеттегі, аймақтағы қылмыскерліктің, белгілі бір әлеуметті топ өкілдерінің қылмыскерлігінің, қылмыскерліктің кейбір түрлерінін, жеке әрекеттің қандай да бір кезеңде дамуын зерттейді.

Бұл ретте тек қоғамның қылмыскерлікке ғана емес, сонымен катар қылмыскерліктің қоғам өмірінің әр түрлі жақтарына ықпал ету процесі де талданады.

Қылмыскерліктің әр түрлі ықпалға ұшырау зандылығын талдағанда алдыда қылмыскерлікпен күрестің неғұрлым тиімді жолдарын іздестіру мақсаты тұрады.

«Қылмыскерлікпен күрес» - күрделі, көп аспектілі қызмет, ол қылмыскерліктің өзіне және оның себептеріне, жағдайға ықпал етуді камтиды. Бұл қызмет қылмыскерлікпен күресті жалпы ұйымдастыруды да, қылмыскерліктің алдын алуды да, кұқық қорғау қызметін де қамтиды. Егер алғашкы екі мәселе, негізінен, криминологтердің назарын аударатын басты объектілер болып келсе, ал кұқық корғау қызметі - оның жүйелілігін қамтамасыз ету және криминологиялық келісім тұрғысынан алынады. Құқық қорғау қызметінің кейбір бағыттарын қылмыстык процесс, жедел-іздестіру қызметі бойынша мамандар және басқалар аныктайды.

Криминолог - жан-жақты экономикалық, саяси, әлеуметтік, кұқықтық және басқа да ұсыныстар бере алатын әмбебап маман емес. Қоғам өмірінің экономикалық, саяси және басқа да салаладын, құқықтың әр түрлі салаларындағы мәселелерді тереңірек талдаған сайын ол алғашында басқа мамандармен ынтымактастықта болады, кейіннен «эстафета таяғын» олардың қолына ұстатады, содан кейін барып олар қылмыскерлікті тудыратын себептер мен жағдайларды жоюдың нақты жолдарын анықтайды.

Бұл ретте криминологте оның өзіне ғана тән зерттеу саласы болады: тікелей қылмыскерлік туындайтын әр түрлі әлеуметтік құбылыстар мен процестердегі (әлеуметтік, саяси және басқа) өзара байланыстылықты бөліп алу. Сонымен қатар криминолог қылмыскерлікті азайтуға ықпалын тигізетін құбылыстарды назарға алады - ол тек криминогендік қана емес (қылмыскерлікті туындататын), сонымен катар антикриминогендік (туындауға тосқауыл болатын) мән-жайларға да баса кеніл аударады.

Оның антикриминогендік процестер жайындағы ақпараты қылмыскерлікпен күресте батымды шара кабылдауға комектеседі 2 .

Сонымен, біріншіден, криминология өмірдегі барлық жағдайға жан-жақты ұсыныс беретін әмбебап ғылым емес, екіншіден, қылмыскерлікпен күрес проблемасын орын мен уақыттың нақты жағдайларында шеше отырып ол өз бағытын ұстанады.

Криминологиялық тұжырымдар әлеуметтік қайта өзгеру процесінде қолданысқа алынады, солай болуға тиіс те, бірақ криминолог пен революционерді, криминолог пен билік басындағылардың жауын ажырата білу керек.

Криминолог іс жүзінде әрқашан қоғамға оның денесіндегі сыздауықты, әлеуметтік басқарудағы қателіктерді көрсететін сыншы рөлін аткарады, себебі қылмыскерлік оң жетістіктерден, жаксы өмірден туындамайды. Ал, оның ұсынысы болмаса қылмыскерліктің тасасында тұрған, кейде коғамға «қылмыскерлік арқылы» карағанда ғана көрінетін теріс құбылыстардан арылу мүмкін емес.

Криминологиялық қүбылыстарды ескеру - коғамдық қатынастарды кұрбансыз және астан-кестен төңкеріссіз, ғылымға сүйеніп кайта күру жолындағы маңызды кадам.

Әлеуметтік жетістіктерді емес, кателіктерді ғана керсеткені үшін криминологті айыптау пациенттің келісті түр-түсін, инабаттылығын, жаксы қасиеттерін сөз етпей, оның ауруы жайында, оны емдеудің жолын айткан дәрігерді айыптағанмен бірдей.

КСРО құрамында болған мемлекеттердегі социализмнің ыдырауы қылмыскерліктің себептеріне, әсіресе, наркобизнес, жезөкшелік, валюталық операциялармен жасалатын кылмыстардың себептеріне жаңаша көзқарасты талап етті 3 .

ТМД елдерінде алғашқы Криминологиялық ассоциация 1991 жылы құрылды. Казақстан Республикасында да Криминологиялық Ассоциация 2000 жылы құрылып, аталған ұйымның "Кылмыстылыктың алдын алу" (Предупреждение преступности) журналы 2001 жылдан бастап жылына екі рет жарық кере бастады. алғашқы Казақстанның Криминологиялық ассоциациясынын төрағасы болып заңғылымдарының докторы, профессор И. И. Рогов сайланды.

Криминалогияның гылым ретіндегі мазмүны - бұл дегеніміз: қылмыскерлікті, оның өзгерістерін, аймақтық және әлеуметтік-топтық ерекшеліктерін зерттеу жөне бағалау; тиісті қылмыскерліктің детерминация және себептілік процестерін, оның өзгерістері мен айырмашылытарын зерттеу және бағалау; қылмыскерлікпен күрес жөнінде, сондай-ақ крминологиялық зерттеулердің методологиясы мен әдістемесіне қатысты ұсыныстар дайындау.

Криминология пәнінің анықтамасымен салыстырып қарасақ, мұнда, біріншіден, қылмыскерлікті, оның детерминация және себептілік процестерін, екіншіден, қылмыскерлікпен күрес

жөнінде криминологиялық зерттеулердің методологиясы әдіснамасы мен әдістемесі бойынша ұсыныс дайындауды көрсету өзінше жаңалық болып табылады.

Кез келген ғылымның методологиясы мен әдістемесі маңызды рөл атқарады, себебі олар әрқашанда зерттеу объектісіне «байланыстырылады» және оның нәтижелерінің сенімділігін, растығын анықтайды. Зерттеу әдістемелері мен әдістерінің өзіндік ерекшеліктері осы әдістерді игерген мамандардың, сондай-ақ арнаулы зерттеу мекемелерін ұйымдастырудың қажет екендігін талап етеді.

Криминология бойынша 60 жылдары шыққан алғашкы оқулықтарда оның пәні мен мазмұнын қарастырғанда қылмыскердің жеке басы сөз болмайды. "Қылмыскердің тұлғасын жалпы анықтаудан теория жүзінде бас тарту дегеніміз жеке дараны әлеуметтік айналдырудан бас тарту деген сөз, ол ойлап қарасаңыз криминологиялық теорияны әдістемелік негізден айырады"-деп У. С. Жекебаев дұрыс айтқан болатын 4 . Кейін қылмыскерлікпен, оның себептері мен, қылмыскерліктің алдын алу шараларымен қатар ол жайында сөз қозғала бастады. Ондағы мақсат - криминологтердің оған өзінше бөлек назар аударуы керек екендігін, қоғамдық қатынастарды зерттеу қылмыскердің жеке басын зерттеуді алмастыра алмайтындығын, ал қылмыскерлікке және оның себептеріне ыкпал ету - адамның омір салтын сауықтыру және белгілі бір жеке мінез-құлықты түзету екендігін көрсету еді. Криминология пәнін, оның мазмұнын анықтаудағы мұндай көзқарас өзін ақтады, себебі ол, мысалы, қылмыскердің жеке басын криминологиялық зерттеудін дамуына септігін тигізді. Осы күні зерттеулер нәтижелерінің маңыздылығы даусыз, енді криминологияның пәні мен мазмұнын анықтауда қылмыскердің жеке басын қылмыскерліктен бөлек, оның себептері мен алдын алу шараларынан бөлек сөз етуге болмайды. Қылмыскердің жеке басын криминология пәнінде бөліп алуды жасандылық сипаты бар, ол жайында алда сөз болады. заң білімі криминолгтерге, қажетті жағдайларда, нақты құқықтық шешім ұсынуға, құқықтық құзыретін ескере отырып өз ұсыныстарын адресаттанын дәл таңдауға мүмкіндік береді. Қазақстан криминалистік тән қасиет- қылмыскерлікті шетелдік және халықаралық зерттеуге қатты ықпал қою. Киминология жөніндегі көптеген еңбектер орыс тілінде шет мемлекеттерде басылып шығуда.

1. 2. Қазақстан криминология ғылымының даму тарихы және оның заң ғылымдарының орны

Кылмыстардың себептері, олар үшін жауапкершілік принциптері туралы көптеген негізге алынатын идеялар адамзат тарихының бастапқы кездерінде-ақ пайда болған [ 1 ] .

Криминология тарихы, өзінше дербес ғылым ретінде 19 ғасырдан басталды, жаратылыстық ғылыми әдістерді қолдану аясы кеңіді. Олар қоғамдық. ғылымдарға да ене бастады.

19 ғасырдың 1-жартысында криминологияның дербес ғылым ретінде қалыптасуына зерттеулердің мына төрт түрі айқын әсерін тигізді: 1) антропологиялык; 2) статистикалық; 3) әлеуметтік-экономикалық, социологиялық және т. б., олар арқылы қылмыскерлік факторларына және оларға ықпал ету тетіктеріне талдау жасалды; 4) әлеуметтік-құкықтық.

Антропологиялық зерттеулердің негізін қалаушы френолог Галль болатын. Ол қылмыс жасайтын адамдарды үш категорияға бөлді, қылмыскерлерді биологиялық топтастырудың басын бастады. Кейін туа қылмыскер деген идеяны бұрынғы түрме дәрігері, сот-медицинасының итальяндық профессоры Цезарь (немесе Чезаре) Ломброзо тамаша негіздеді. «Қылмыскер болып туады» - деді ол өзінің алғашқы еңбегінде. Кейін ол туа қылмыскер болу типтердің біреуі ғана, ал өсе келе өмір ықпалымен қылмыскер болатын басқалар да бар екенін мойындады. Ламброзоның бұл жұмысы күшті дау туғызды: бір авторлар оны қолдады, басқалары оның идеясын қолдамады, өздерінше зерттеулер жүргізді. 19 ғасырдың соңы - 20 ғасырдың басында қылмыстық антропология жөнінде бірқатар халықаралық конгрестер өтті, оларға қатысқандардың көбісі Ломброзо теориясын сынады 6 .

Ломброзо болса қылмыскерлерді және қылмыс жасау себептерін зерттеу ауқымын кеңейтіп, айтысты жалғастырды. Ол өзінің кейінгі жұмыстарында сырткы ортаның қылмыскерлікке ықпал ететін әр түрлі факторларына назар аударды, туа қылмыскер болатындық туралы теориясынан бас тартпаса да біртіндеп әлеуметтік факторларға көңіл бөле бастады .

Ломброзоның идеясын оның шәкірттері - белгілі итальян ғалымдары Рафаэль Гарофало мен Энрико Ферри дамытты, олар қылмыскерліктің әлеуметтік факторларына баса назар аударды. Ферридің пікірінше, антропологиялық мектептің айрықшылығы сонда, ол органикалық және психикалық келбеттері, мұралаған және жүре біткен қасиеттері арқылы қылмыскердің жай адамнан өзгеше екендігін мойындады (раг Des аnогmlitus et psychuiguesа ), қьлмыскерлерді адамзат тұкымының ерекше бір түрі деп санады (иnе сlasse speciale une variutu de lespuce humaine ) . Тиісінше, жазаны, қоғамның осы «адамзат тұқымынын бір түрінен» қорғанысы ретінде карады.

Айтулы криминологиялык жүмыстардың бірі - «Кылмыскерліктің экономикалық факторының» авторы Ван-Кан кейіндері былай деп жазды: «Ламброзоның еңбегі сонда, ол криминология саласындағы ойды оятты, жүйе құрды, тапқыр және батыл гипотеза жасады, ал нәзік талдамалар мен түйінді тұжырымдарды ол өз шәкірттеріне калдырды».

Мұндай зерттеулерді басқа авторлар да жалғастырды, олардың көмегімен, біріншіден, кылмысты немесе қылмыстарды зерттеуден статистикалык заңдылығы бар жаппай әлеуметтік құбылыс болып табылатын қылмыскерлікті зерттеуге қадам жасалды, екіншіден, қылмыскерлік туралы статистикалық мәліметтердегі өзгерістер мен коғамдағы өзгерістер арасындағы өзара байланыс көрсетілген.

Ал, әлеуметтік-экономикалық, социологиялық зерттеулерді алатын болсақ, көптеген авторлар (Ферри, Гарофало, Марро, кейінірек Ашшафенбург және басқалар) қылмыскерліктің әр түрлі әлеуметтік факторлармен статистикалық байланысын көрсетті.

1844-1845 жылдары жас Фридрих Энгельс «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» атты кітап жазды, онда «Өз байқауым және шын көздер бойынша» деген тарау бар. Бұл іс жүзінде коғамдық жағдайлардың қылмыскерлікке ықпал ету факторын ғана емес, ондай ыкпалдың тетігін, қылмыскерліктің әлеуметтік мәнін алғаш рет тереңірек зерттеу болды. «Әлеуметтік тәртіпті сыйламау өзінің ең ақырғы сатысында - қылмыскерлікте айкын көрініс табады. Жұмысшыны моральдық азғындауға алып келген себептер әдеттегіден гөрі күштірек, жиналып әрекет ететін болса, онда, Реомюр бойынша 80 градуста су сұйық күйден газға өтетіні сияқты жұмысшы да калайда қылмыскерге айналады» 7 - деп жазды Ф. Энгельс. Қылмыскерлік дегеніміз әлеуметтік соғыстын көрініс табуы, Энгельс айтқандай, «әркім өзін ойлайды, өзі үшін басқалардың бәріне қарсы тұрады, ал езінің қас жауы болып табылатын сол басқаларға зиян келтіру керек пе деген мәселені тек өз қамына байланыстырып шешеді. Қылмыскерлік кестесі керсетіп отырғандай, бұл шайқас жылдан жылға ушығып, етек алып барады; жауласушы тараптар біртіндеп өліспей беріспейтін екі лагерге бөліне бастады: мұнда - буржуазия, анда - пролетариат. Бұл барлығының барлығына қарсы және буржуазиянын пролетариатқа қарсы соғысы бізді тандандырмау керек, себебі ол жеке бәсекелестік принципініңбіртіндеп жүзеге асуы болып табылады». Фридрих Энгельс, біріншіден, адамдар мінез-құлқындағы жалпы келеңсіз әлеуметтік ауытқулардың себептерін емес, тек қылмыскерліктің себептерін негіздеді; екіншіден, жеке мүдденің, еркін бәсекелестіктің толық үстемдігі, жеке меншігі жоқ, жалданбалы еңбек адамдарының мүдделері мен құқықтарын ешбір елемеушілігі орын алып отырған жағдайдағы қылмыскерлік заңдылығын көрсетті. Осыдан барып қоғамдық және саяси мекемелерді, коғамның қоғамдық-әлеуметтік қалпын өзгерту қылмыскерлікпен күрес шараларының ең бастысына айналады.

Әлеуметтік-құкықтық зерттеулердің, құқық социологиясының дамуы қылмыстардың әлеуметтік негізіне, кұкық нормаларының бұзылу себептеріне, қылмыс үшін жаза колданғанда оларды ескеру қажеттігіне назар аударды, талап етті. Қылмыстық саясат туралы ілім пайда болды 8 .

Кылмыстардың себептерімен және олардың алдын алу шараларымен криминалистер айналыса бастады. Жапония профессоры Кан Уэда өз еліндегі криминологиялык зерттеулердің пайда болуын қылмыстық саясат пен түрме ісіне жасалған реформамен байланыстырады 9 .

Осының бәрі қылмыскерлік жөніндегі арнаулы зерттеушілердің, оның зандылықтары мен себептерін зерттеудің, яғни криминологияның пайда болуына әкелді.

Римдегі кассациялық соттың прокуроры барон Р. Гарофало өзінің 1890 жылы жарық көрген кітабын «Криминология» деп

Бірқатар авторлар криминологияны пәнаралық ғылым деп санайды, криминалист зангер де, қоғамтанушы да болуы тиіс дейді. Бұл криминалист үшін мақтанарлық жай. Бұндай көзқарас бірқатар тактикалық мәселелерді шешерде қиындық тудырады. Мысалы, криминологтерді қай мамандық шеңберінде дайындау керек? «Пәнаралық» ғылым деген не? Ол қай пәндер арасында?

Сонымен қатар, пәнаралық зерттеулер мен пәнаралық ғылымды айыра білу керек. Мұндай зерттеулерге әр түрлі мамандар катысады, ал маман-криминолог деген кім, оған не үйрету керек, оны базалық даярлау кандай болуы тиіс?

Бұл мәселелер әр түрлі шешілді және шешіліп келеді. Бұған негізі төрт көзқарас бар:

1. Криминология - қылмыскерлік социологиясы және зерттеушіні социологиялық даярлау базалық болуы тиіс. Осыған байланысты бірқатар мемлекеттерде криминологияны заңгерлер емес, болашақ социологтер өтеді (АКШ, Ұлыбритания және т. б. ) .

2. Криминология - заң ғылымы және мамандарды зандық даярлау базалық болуы тиіс. Оған мынадай аргументтер келтірілген: қылмыстың шекарасын заң белгілейді, қылмыскерлікпен оның барлық аспектісінде күресуді заң құкық бұзушылықтың басқа түрлерімен және өзге де келеңсіз әлеуметтік ауыткулармен са-лыстырғанда өте мұқият реттейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминологияның даму тарихы мен қалыптасуы
Қазақстанда криминология ғылымының қалыптасуы және дамуы
Криминология ғылымының түсінігі, мәні және әдістері
Қазақстан Республикасындағы криминология ғылымының негізгі даму бағыттары
Криминологияны ғылым ретінде қарау
Криминологияның айрықша пәні - заңдылықтар
Жас адамдардың құқық бұзуға бейім мінез-құлқы және оның алдын алудың проблемалары
Жеке қылмыстардың себептері мен жағдайлары
Жұмыссыз қылмыскердің типологиясы
Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz