Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары жайында


1. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік: қалыптасуы және даму проблемалары
3. Пайдаланған әдебиеттер
Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі. Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпкерлік - әдетте түрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, үкіметгің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында болатын кәсіпкерліктің түрі. Жеке кәсіпкерлік -бір ғана адам айналысатын бизнес. Жеке сектор мемлекетікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:
- қызмет сферасын таңдау еркіндігі;
- бизнес көлемінің шектелмеуі;
- қатаң бағамен шектелмеуі.
Әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өндірісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бірақ кемшілігі капиталдың аздығы мен жауапкершіліктің шектелмеуінде жатыр.
Экономиканың жеке меншік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын иелері бір немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жұмысы үшін жауапкершіліктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу тәсіліне байланысты бөлінеді.
Серіктестік - екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнес. Серіктестіктің бірнеше түрлері бар. Енді олардың әрқайсысына тоқталайық.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана жауапкершілік көтереді.
Жауапкершілігі шектеусіз серіктестік - кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады.
Толық серіктестік - мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша өздерінің жеке мүліктерімен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылы жылдың қорытындысы бойынша серіктестік тапкан таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.
Артықшылыгы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады, экономиканың әр түрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.
Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.
Командитті серіктестік - үлестік меншікке негізделген. Командитті серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауапкершілік көтеретін, салымшы мүшелерді (коммандистер) және міндеттеме бойынша толық ортақ жауап беретін толық жолдастарды (өзінің мүлкімен жауап беретін жауапты серіктестерді) қамтиды.
1. Мырзалиев Б.С. және бас. Экономикалық теория.-Түркістан, 2006.
2. Мейрбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы.-Алматы. 2003.
3. Бусыгин А.В. Предпринимательство.-М., 2000.
4. Малые предприятия в Казахстане.-Алматы. 1999.
5. Предпринимательство.-М., 1999.
6. Экономика предприятия.-М.,2000.
7. Экономический анализ.-М.,2000.
8. Сәбден О. ХХІ ғасырға қандай экономикамен кіреміз.-Алматы, 1997.

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бұл жұмыстың бағасы: 500 теңге
Кепілдік барма?

бот арқылы тегін алу, ауыстыру

Қандай қате таптыңыз?

Рақмет!






Жоспар

1. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
2. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік: қалыптасуы және даму
проблемалары
3. Пайдаланған әдебиеттер

Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары

Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі
белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі. Меншік формасына байланысты
кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпкерлік - әдетте түрақты және капитал сыйымдылығы
жоғары, үкіметгің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында
болатын кәсіпкерліктің түрі. Жеке кәсіпкерлік -бір ғана адам айналысатын
бизнес. Жеке сектор мемлекетікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:
- қызмет сферасын таңдау еркіндігі;
- бизнес көлемінің шектелмеуі;
- қатаң бағамен шектелмеуі.
Әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өндірісті өзі жасай
алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген
салықтан босатылған. Бірақ кемшілігі капиталдың аздығы мен жауапкершіліктің
шектелмеуінде жатыр.
Экономиканың жеке меншік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын иелері
бір немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жұмысы үшін
жауапкершіліктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу
тәсіліне байланысты бөлінеді.
Серіктестік - екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнес.
Серіктестіктің бірнеше түрлері бар. Енді олардың әрқайсысына тоқталайық.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - кәсіпорынға өз қаражатын қосқан
адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана
жауапкершілік көтереді.
Жауапкершілігі шектеусіз серіктестік - кәсіпорынға өз қаражатын қосқан
адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ
жауапкершілікте болады.
Толық серіктестік - мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне негізделген.
Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша
өздерінің жеке мүліктерімен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылы жылдың
қорытындысы бойынша серіктестік тапкан таза табыс қатысушылар арасында
олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.
Артықшылыгы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы түрде қысқа мерзім
ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады,
экономиканың әр түрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.
Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар
арасында қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.
Командитті серіктестік - үлестік меншікке негізделген. Командитті
серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауапкершілік көтеретін, салымшы
мүшелерді (коммандистер) және міндеттеме бойынша толық ортақ жауап беретін
толық жолдастарды (өзінің мүлкімен жауап беретін жауапты серіктестерді)
қамтиды.
Артықшылығы: баскаруға қатысы жоқ, бірақ өз капиталы болғанды
қалайтындарды серіктестікке тартуға болады.
Өндірістік кооператив - өндіріс, қайта өңдеу, өткізу, сауда, түрмыстық
қызмет көрсету саласында бірігіп шаруашылық жүргізу үшін азаматтардың
ерікті бірлестігі.
Акционерлік қоғамдар - бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен
тұлғалар жиынтығы. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөлінген,
сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік
қоғам деп аталады. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып бөлінеді.
Ашық акционерлік қоғам - бұл акция шығарып және оны сату арқылы
көптеген қатысушылардың қаражаттарын біріктіру жолымен ақшалай қаржысы
құралған кәсіпорын.
Жабық акционерлік қоғам - акцияларды тек оның құрылтайшылары арасында
немесе алдын ала белгіленген адамдар арасывда ғана бөледі.
Корпорацияның артықшылықтарына мыналар жатады:
- акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда
шектелмейтін мүмкіндіктер;
- басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
- корпорация қызметінің тұрақтылығы, өйткені акционерлердің
біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Кемшіліктері: корпорация табысының акция ұстаушыларға дивидент түрінде
төленетін бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының
бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының болігі
ретінде. Кіші корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың
ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бүндай фирмаларға 8 корпорациялары
статусын алуға болады. Бұл кезде корпорация табысы олардың иелерінің табысы
болып саналады және тек табыс салығы алынады.
Кәсіпкерлік көлеміне қарай шағын, орта, ірі болып бөлінеді. Шетелдік
тәжірибені ескере отырып, Қазақстан жағдайында шағын бизнеске мынадай
анықтама беруге болады: шағын бизнес бір немесе бірнеше инвестормен
құрылатын географиялық шектеулі аймақта қызмет ететін нарықтың шектеулі
үлесіне ие, басқару сипаты икемділікпен ерекшеленетін кәсіпорындар. Шағын
бизнестің ерекшеліктеріне оның икемділігін, өндірілетін өнім мен қызмет
түрін тез өзгертуге қабілетті, технология және басқа да қызмет сфераларында
жаңалықты ендіруге икемділігін жатқызуға болады. Сонымен қатар
жұмысшылардың басқару, табысты бөлуге қатысуға тікелей мүмкіндігі бар. Ірі
фирмаларда құрылтайшылар кәсіпорынды басқаруға кәсіпқой менеджерлерді
тартады, бұл өз кезегінде екі жақ мүдделерінің келіспеушілігін туғызады,
нәтижесінде басқару тиімділігі төмендейді. Шағын және орта кәсіпорындарда
мұндай келіспеушілік жоқ, өйткені кәсіпорынның негізін қалаушы мен менеджер
бір адам болып табылады. Шағын кәсіпорынды құрудың бірнеше формасы бар:
жаңа кәсіпорынды бастау, бизнесті сатып алу, франчайзинг және жанұялық
бизнес. Батыс елдерінде шағын бизнес шаруашылықтың елеулі бөлігін құрайды.
Мұнда бизнестің франчайзингтік және венчурлық формалары кең тараған. Біздің
республика үшін шағын бизнес формаларына франчайзинг пен жанұялық бизнесті
жатқызуға болады.
Франчайзинг - ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқық алу
үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау
үшін келісім шарт жасайтын үсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны
төмендетуге, тауарды жеткізуге, құрал-жабдықтар сатып алуға, несие алуға
көмек түрінде жеңілдіктері бар. Франчайзингтік қатынастардьщ 3 типі бар:
1. Франчайзер - өнім шығарушы немесе қызмет көрсетуші фирма өзінің өнімін
өндіру немесе қызмет көрсетуге франчайзи қүқығын береді.
2. Франчайзер - өнімді негізгі өндіруші өзінің өнімін көтерме саудамен
сату бойынша франчайзи құқығын береді.
3. Франчайзер - көтерме саудагер, фрачайзи фирмаға бөлшек сауда бойынша
күқық береді.
Артықшылығы: оқыту мен дайындау, қаржылық көмек, маркетингтік көмек,
басқару көмегі, бизнесті тез бастау, қауіп-қатер деңгейінің төмендігі.
Кемшілігі: франчайзингтік төлем, өсу шектеулілігі, тәуелсіздіктің
шектеулілігі, келісім-шарт мерзімі мен іс-қимылдың шектеулілігі, тек бір
ғана франчайзермен жұмыс жасау мүмкіндігі.
Шағын бизнестің қалыптасуының келесі жолы - бір жанүя мүшелерінің
күшімен қүрылған және қызмет істейтін жанұялық бизнес. Жанүялық бизнестің
басты артықшылығы бизнесті жүргізуге көмектесетін туысқандық ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасуы
Қазақстанда кәсіпкерліктің қалыптасу және даму жолдары
Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық-құқықтық және институционалды қамтамасыз етілуі
Кәсіпкерліктің негізгі формалары мен түрлері
Қазақстан Республикасында кәсіпкерік жүргізу
Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік капитал
Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік қызметтің теориялық негіздері
Кәсіпкерлік [ дәрістер ]
Пәндер