Меншікке жалпы сипаттама



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I бөлім. Меншікке жалпы сипаттама

1.1. Меншікке жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Меншіктің қалыптасу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

II бөлім. Меншіктің түрлері мен түсінігі

2.1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұн ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
2.2. Меншіктің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
және маңызды сұрағы болып табылады. Сондықтан оны қорғау, сақтау және иелену құқығы әр тараптың басты мәселесі. Қай елді алып қарасақ та, меншік сұрағын шешу барысында, оның пайда болу, әрекет ету, қорғалуы және иеленуі өз құқық салаларында көрініс тапқан. Сол сияқты Қазақстан Республикасында өз тәуелсіздігін алғаннан бастап тиісінше осы мәселеге көңіл аудара бастады. Әрине бізге белгілі бірінші тиісті аумақта әрекет етіп отырған заңдарға өзгерістер енгізілуі (Кес кезіндегі социалистік тәртіпте әрекет еткен заңдарға).
Қазіргі таңда елімізде меншік құқығы туралы көптеген ғалымдар өз пікірін білдіріп, осы сұрақты республика төңірегінде әрекет ету жөнінде ат салысуда. Әрине бұл меншік ен шешуде жақсы жағының көрінісі. Алайда бұнымен шектеліп қоюға болмайды. Себебі, меншік мәселесі Қазақстан Республикасының ғана емес, жер бетіндегі барлық мемлекеттердің маңызды , сондықтан меншік құқығын қарастыру барысында елімізде, жақын және алыс шетелдерде әрекет етіп отырған меншік институтын қарастырып, оның бізге келетін пайдасы немесе өзара байланысы мен айырмашылығын ашып қарастыруымыз қажет. Осыны ескере отырып курстық жұмысымызды меншік институты оның ішінде жеке меншік құқығының құқықтық реттеу тәртібі туралы екенін басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасы төңірегінде және алыс, жақын шетелдердегі меншік институтының ара байланысы, айырмашылықтары және оның (шетелдегі меншік институты) біздің елімізге келетін пайдасы бар ма, әлде жоқ па сияқты әртүрлі өзекті сұрақтарды қарастырмақпыз.
Курстық жұмысымыздың қысқаша мазмұнына келетін болсақ. Жұмысымыз екі тараудан, әр тарау екі бөлімнен тұрады. Осы тарауларға көңіл аударатын болсақ. Бірінші тарауда меншік құқығының жалпы сипаттамасын қарастырамыз. Әрине меншік түсінігін экономикалық және заңды тұрғыда түсіндірілген. Меншік құқығының институты жеке құқықтың бір институты болып табылады. Оның нормалары: жанұя, мұрагерлік, міндеттеме құқыққа әсерін тигізеді. Сондықтан олар бір-бірімен тығыз байланысты. Ал меншік экономикалық категория ретінде және оның құқықтық көрінісі адамдардың өмір сүруіне қажетті барлық материалдық игіліктерді жалғыз қайнар көзі болып қоғамдық өндіріс процесі табылады. Бірақ барлығын адамзат тәжірибесі көрсеткендей мұндай өндірісті жалғыз адам жүзеге асыра алмайды. Адамдар әрқашан қарым-қатынасқа түсіп отырады, сол себептен меншік тиісті қоғамдық ортада әрекет етеді. Бұл туралы К.Маркс өз бегінде меншік туралы экономикалық категория ретінде қарастырып, өз пікірін білдірген. Екінші бөлімде меншік түсінігі және түрлері қарастырылмақ. Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы. Бұл анықтама жан-жақты қарастырылып дұрыс көрсетілген анықтама. Ал меншік түріне келетін болсақ Ата заңымызда (Конституция) және Азаматтық кодексте көрініс тапқандай мемлекеттік меншік және жеке меншік болып бөлінген. Кес дәуірінде жеке меншік өте тар ауқымда қарастырылған. Қазіргі таңда жеке меншік өз құқықтық жағдайы өсіп, тиісті заңдылықтарда көрініс тапқаны жөнінде және осы бөлімде мемлекеттік меншік түсінігі және оның түрлері қарастырылып, құқықтық әрекет ету жағдайын талқыламақпыз. Екінші тарауда жеке меншік құқықтық жағдайы оның ішінде шетелдегі меншік құқық институты реттелу тәртібі, яғни Герман Федеративті Республикасының, Франция, Швецария және АҚШ, Англия сияқты шетел азаматтық заңдарында көрініс тапқан меншік институтын қарастыра отырып Қазақстан Республикасының заңдылығымен өзара байланысы мен айырмашылығы және бізге келетін пайдасы, сондай-ақ оның кемшіліктері қарастырылса, екінші бөлімде Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етіп жатқан меншік құқығын реттейтін заңдар айтылмақ, яғни оның түрлері, мазмұны, құқықтық тәртібі және жойылуы мен тоқтатылу тәртіптері қарастырылмақ.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Нормативтік құқықтық актілер:
1. ҚР Конститутциясы 1995 ж Алматы (соңғы өзгерістер 2007жыл 21 мамыр ҚР заңымен негізделген )
2. ҚР Азаматтық кодексі Алматы 1994 жыл (соңғы өзгерістермен толықтырулар 2007жыл 12 қаңтар ҚР заңымен енгізілді )
3. ҚР «жеке нотариустардың азаматтақ – құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңы. 11.06.2003ж
4. ҚР жер кодексі 20.06.2003ж
5. ҚР Нотариат туралы заңға өзгерістер енгізу туралы заңы 05.05.2003
6. ҚР Азаматтық іс - жүргіз кодексі 13.07.1999ж Алматы 2003ж
7. Н.Назарбаев «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» 2.03.06ж
8. Н.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Астана 2006 ж 1наурыз

Арнайы әдебиеттер:

1. Гражданское законодательство : статьи, коментарий, практика 1996-2005г.
2. Гражданское право М.К Сулейменов 2005 Жетіжарғы Алматы
3. Ғ.А.Жайлин Азаматтық құқық ерекше бөлім Алматы 2004ж
4. Ғ.И.Төлеуғалиев Азаматтық құқық ерекше бөлім Алматы 2006ж
5. Панамарев В.П Азаматтық құқық ерекше бөлім Қарағанды 2005 ж
6. Хамзин У.М Азаматтық құқық Қарағанды 2005 ж
7. Ынтымақов С.А. Азаматтақ құқық Алматы 2004ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I бөлім. Меншікке жалпы сипаттама

1.1. Меншікке жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .5
1.2. Меншіктің қалыптасу
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

II бөлім. Меншіктің түрлері мен түсінігі

2.1. Меншік құқығының анықтамасы мен
мазмұн ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .16
2.2. Меншіктің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29

Кіріспе

Меншік әр қоғамның негізгі және маңызды сұрағы болып табылады.
Сондықтан оны қорғау, сақтау және иелену құқығы әр тараптың басты мәселесі.
Қай елді алып қарасақ та, меншік сұрағын шешу барысында, оның пайда болу,
әрекет ету, қорғалуы және иеленуі өз құқық салаларында көрініс тапқан. Сол
сияқты Қазақстан Республикасында өз тәуелсіздігін алғаннан бастап тиісінше
осы мәселеге көңіл аудара бастады. Әрине бізге белгілі бірінші тиісті
аумақта әрекет етіп отырған заңдарға өзгерістер енгізілуі (Кес кезіндегі
социалистік тәртіпте әрекет еткен заңдарға).
Қазіргі таңда елімізде меншік құқығы туралы көптеген ғалымдар өз
пікірін білдіріп, осы сұрақты республика төңірегінде әрекет ету жөнінде ат
салысуда. Әрине бұл меншік ен шешуде жақсы жағының көрінісі. Алайда бұнымен
шектеліп қоюға болмайды. Себебі, меншік мәселесі Қазақстан Республикасының
ғана емес, жер бетіндегі барлық мемлекеттердің маңызды , сондықтан меншік
құқығын қарастыру барысында елімізде, жақын және алыс шетелдерде әрекет
етіп отырған меншік институтын қарастырып, оның бізге келетін пайдасы
немесе өзара байланысы мен айырмашылығын ашып қарастыруымыз қажет. Осыны
ескере отырып курстық жұмысымызды меншік институты оның ішінде жеке меншік
құқығының құқықтық реттеу тәртібі туралы екенін басшылыққа ала отырып
Қазақстан Республикасы төңірегінде және алыс, жақын шетелдердегі меншік
институтының ара байланысы, айырмашылықтары және оның (шетелдегі меншік
институты) біздің елімізге келетін пайдасы бар ма, әлде жоқ па сияқты
әртүрлі өзекті сұрақтарды қарастырмақпыз.
Курстық жұмысымыздың қысқаша мазмұнына келетін болсақ. Жұмысымыз екі
тараудан, әр тарау екі бөлімнен тұрады. Осы тарауларға көңіл аударатын
болсақ. Бірінші тарауда меншік құқығының жалпы сипаттамасын қарастырамыз.
Әрине меншік түсінігін экономикалық және заңды тұрғыда түсіндірілген.
Меншік құқығының институты жеке құқықтың бір институты болып табылады. Оның
нормалары: жанұя, мұрагерлік, міндеттеме құқыққа әсерін тигізеді. Сондықтан
олар бір-бірімен тығыз байланысты. Ал меншік экономикалық категория ретінде
және оның құқықтық көрінісі адамдардың өмір сүруіне қажетті барлық
материалдық игіліктерді жалғыз қайнар көзі болып қоғамдық өндіріс процесі
табылады. Бірақ барлығын адамзат тәжірибесі көрсеткендей мұндай өндірісті
жалғыз адам жүзеге асыра алмайды. Адамдар әрқашан қарым-қатынасқа түсіп
отырады, сол себептен меншік тиісті қоғамдық ортада әрекет етеді. Бұл
туралы К.Маркс өз бегінде меншік туралы экономикалық категория ретінде
қарастырып, өз пікірін білдірген. Екінші бөлімде меншік түсінігі және
түрлері қарастырылмақ. Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары
арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену,
пайдалану және билік ету құқығы. Бұл анықтама жан-жақты қарастырылып дұрыс
көрсетілген анықтама. Ал меншік түріне келетін болсақ Ата заңымызда
(Конституция) және Азаматтық кодексте көрініс тапқандай мемлекеттік меншік
және жеке меншік болып бөлінген. Кес дәуірінде жеке меншік өте тар ауқымда
қарастырылған. Қазіргі таңда жеке меншік өз құқықтық жағдайы өсіп, тиісті
заңдылықтарда көрініс тапқаны жөнінде және осы бөлімде мемлекеттік меншік
түсінігі және оның түрлері қарастырылып, құқықтық әрекет ету жағдайын
талқыламақпыз. Екінші тарауда жеке меншік құқықтық жағдайы оның ішінде
шетелдегі меншік құқық институты реттелу тәртібі, яғни Герман Федеративті
Республикасының, Франция, Швецария және АҚШ, Англия сияқты шетел азаматтық
заңдарында көрініс тапқан меншік институтын қарастыра отырып Қазақстан
Республикасының заңдылығымен өзара байланысы мен айырмашылығы және бізге
келетін пайдасы, сондай-ақ оның кемшіліктері қарастырылса, екінші бөлімде
Қазақстан Республикасының аумағында әрекет етіп жатқан меншік құқығын
реттейтін заңдар айтылмақ, яғни оның түрлері, мазмұны, құқықтық тәртібі
және жойылуы мен тоқтатылу тәртіптері қарастырылмақ.
I бөлім. Меншікке жалпы сипаттама.
1.1. Меншікке жалпы сипаттама.

Меншік әр қоғам өмірінің негізгі болып табылады. Сондықтан меншік
құқығын зерттегенде құқық инисттитутты оны экономикалық категория меншіктен
шығады. Меншікті түсіну қоғамдық қатынаста иелену және ие болу, материалды
құндылықтарды - табиғи өнім және еңбек, қоғамының ішкі ісінде белгіленген
(анықталған). Осыны ескере отырып, меншікті статискалық тұрғыда түсіндіруге
болады, бізге белгілі хал-жағдайы, динамикалық және өндірістік жағдайы
(затқа билік ету), заттан пайда шығару және оны иелік ету (пайдалану,
иелену, яғни өндірістік процесс негізінде).
Меншік экономикалық қатынаста құқық нормаларымен реттеледі меншік
құқық формасының жетістігі.
Континентальды құқық доктрина және отандық заң ғылыми былай бөледі.
І.Меншік құқығы объективті мағынада.
2.Меншік құқығы субъективті тұрғыда.
Азаматтық құқық норма туралы мәселе қозғалғанда (кодекс, заң және
басқада нормативтік актілер) қоғамдық қарым-қатынаста билік ету, пайдалану
және иелену жөніндегі материалды құндылықтарда реттеу. Бұл меншік құқықтың
объективті мағынада, бұл меншік құқық институтының норма жиынтығы (мыс. 188-
267 АҚ б.б.).
Бұл жердегі нақты мәселе тұлғаның құқығы белгілі бір заңда факт
туындағанда (сатып алу - сату, аренда және т.б.) меншік құқығын объекивті
норма сәніне өзінше билік ету, пайдалану және иелену бойынша затқа, құқық
не болады (188 бап), ойымыз бойынша меншік құқық субъективті. Бұл көз
қарастар Тулеуғалиевтің бегінде (Гражданский права А. 1999). Ал Ресей
цевилисі Калпина оның пікірі бойынша онда белгілі бір шекарада, яғни меншік
құқығы объективті мағынада – белгілі бір құқық нормада қалыптасып
көрсетілген шекарада тұлғаның билік ету, пайдалану және иелену және
азаматтық айналымынан алынып тасталған заттарды қоспағандағы әрекеті.
Меншік құқық институтының нормалары жиынтығындағы ерекше әрекет етіп,
толық қалыптасады. Оның негізгі ерекшеліктері конституция қағидаларында
ерекше көрсетіліп, тұлғаның меншікке құқығы және оны қорғау, сондай-ақ
меншікті табиғи ресурстарда жүзеге асыру көрсетілген.
Меншік құқығының институты жеке құқықтың бір институты болып
табылады. Оның нормалары жан-ұя, мұрагерлік, міндеттеме құқыққа әсерін
тигізеді. Меншік құқығы азаматтық құқық институты шберінде міндеттеме[?]
құқық институтымен тығыз байланысты. Субъективті меншік құқықты сипаттау
үшін іс-әрекет белгілерінің маңыздылығына қелесі дерек көрсетіледі, яғни
заңдылықтар мен меншік өкілеттілігінің бөлінген тұлғаның іс-әрекетеңсіздігі
үшін оның меншік құқығы тоқтатуға бірқатар санкция көзделеді. Бұндай
санкцияларға мысалы алты ай өткеннен кейін жоғалған үй жануары егер бұрын
үй иесі іздемесе меншік құқығы тоқтатылады1 (246 АК ҚР).
Меншік құқының субъективті мағынасы объективті жақтан ерекшелігі ол
белгілі бір тұлғаға жеке бір затқа ие болады немесе иемденеді. Заңды дерек
туындағанда, яғни меншік құқығын субъективті тұрғыда әртүрлі құқық пайда
болады (мысалы сатып алу - сату, мұрагерлік алу), жаңа заттар пайда болу,
меншікке билік ету мерзімі.
Меншік экономика категориясы ретінде және оның құқықтағы көрінісі
адамдардың өмір сұруіне қажетті барлық материалдық иеліктердің жалғыз
қайнар көзі болып қоғамдық өндіріс процесі табылады (егер де жерді және
тағы басқа табиғи ресурстарды адамға өзімен беруі деп есептесек) барлық
адамзат тәжірибесі көрсеткендей мұндай өндірісті жалғыз адам жүзеге асыра
алмайды. Адамдар әрқашан-да қарым-қатынасқа түсіп отырады, алдымен
сипаттағы К.Маркстің айтуы бойынша не пайда болмасын өндіріс - жеке
пендемен белгілі бір қоғамдық нысандар шегінде және соның көмегімен табиғат
заттарды иелену т.б. Осыған қарап отырсақ өндірістік мән иеленуде, яғни
өндіріс нәтижесінде алынған материалдық иеліктерді меншіктену. Иелену
нәтижесінде белгілі бір заттың бір адамның меншігіне өтуі нақ осы заттың
басқа бір адамдар тобынан оқшауландыруымен тығыз байланысты.
"Меншік" термині әралуан мағынада қолданылады. Бір жағдайда бұны
"мүлік" және "зат" түсінігінің эквивалентті, синонимі ретінде қолданылады.
Мысалы "меншікті беру" немесе "меншікке алу" туралы айтқанда. Басқа
жағдайларда сөз тек қана экономикалық қатынас жайында деп санайды, ал
кейбір жағдайда бұл түсінікті таза категория ретінде ұғады. Меншік құқығы
т.с.с. Осыған қарап отырсақ "меншік" терминін өзара ұқсас емес екі тұрғыда
түсінуге болады. а).Меншік экономикалық мағынада немесе меншік de facto
(лат. - іс жүзінде деректі); б).Меншік заңды мағынада немесе de jure (лат.
заңды құқық бойынша). Осы екі ұғым өзара несімен ерекшеленеді? Бұл сұраққа
алдымен меншіктің экономикалық мазмұнын аша отырып қарастырайық.
Егерде біз меншікті экономикалық қатынасын бөлшектейтін болсақ, онда
біз оның екі элементін аңғарамыз: субъект (меншік иесі) және қандай да б;р
мүлік. Бізге бұл жерде меншік бір субъектінің белгілі бір затқа қатысы
ретінде көрінуі мүмкін. Өйткені меншік иесі мысалы: "бұл автомашина менікі"
деп айтады. Бірақта бұл жағдайда осы зат кімдікі екенін тікелей нақтылап
қана қоймай, сонымен қоса жанама түрде бұл зат басқа тұлғалардың меншігінде
оқшауландырылады (яғни бұл затты басқа ешкім иелене алмайды). Сондықтанда
меншіктің экономикалық қатынасын дүрыс түрде мына формулада көрсетуі керек:
субъект (меншік иесі) – мүлік - басқа субъектілер (меншік иелері болып
табылмайтын тұлғалар және мүлікті уақытша иеленушілер).
Меншік ұғымын жақындатылған түрде жеке тұлғаның немесе коллективтің
өзіне тиесілі затына, өзінікі секілді қатынасы ретінде түсіндіруге
байланысты. Меншік "менікі" мен "сенікінің" айырмашылығының түбінде жатыр.
Қандайда болмасын меншіктің нысаны және типі оның нақты бір жағдайда
қоғамдық жоғарғы дәрежесіне қарамастан, егерде бір адам өндіріс өнімдеріне,
өзінің заттарына секілді, ал басқалары бөтен зат секілді қараған жағдайда
ғана бұл меншік өмір сұра алады. Онсыз меншік мүлде жоқ болады. Бұл
көзқарас тұрғысынан қарағанда кез-келген меншік нысаны - жеке болып
табылады.
Осы берілген қарапайым анықтамадан келесіні көруге болады, меншік -
бұл адамның затқа қатынасы. Бірақта осымен меншік мазмұны шектелмейді. Бұл
сонымен қатар осы заттың иесі болып табылмайтын тұлғалардың осы затқа
бөтеннің затына секілді қарауы тиіс, яғни меншік бұл заттарға қатысты
адамдардың арасындағы қарым-қатынасты білдіреді. Бір жағынан заттың
иесі, затты өзінің меншігі ретінде
қарайтын - және екінші жағынан заттың иелері болып табылмайтын адамдар.
Яғни барлық үшінші тұлғалар, затқа бөтеннің мүлкі ретінде қарауға тиісті.
Иелену жөніндегі қатынастар алдымен шаруашылық қызметке байланысты
мүлікке тарайды оның құрамына өндірістік факторлар кіреді (материалдық
игіліктер және интеллектуалдық қызмет нәтижелері).
Меншікті жан-жақты зерттеу басты үш әлеуметтік-экономикалық
сұрақтарды қарастыруымыз керек. Олар:
1. Кім (қандай шаруашы-лық субъектілер) экономикалық билікпен
иеленеді - өндіріс нәтижелері мен факторларын меншіктенеді.
2. Қандай экономикалық байланыстар өндірістік жағдайларды пайдалануын
жақсартады.
З.Кімге шаруашылық қызметпен кірістер тиеді.
Осыған сәйкес меншіктің экономикалық қатынасын біртұтас жүйе келесі
элементтерден құралады:
а).Өндірістік нәтижелері мен факторларын иелену.
б).Материалдық және басқа да мүліктерді шаруашылықты пайдалану.

в).Меншікті экономикалық тұтынуды жүзеге асыру.
Енді бұл жүйені егжей – тегжей қарастырайық. Иелену - бұл заттарға
өзінікі секілді қатынасын орнататын адамдар арасындағы экономикалық
байланыс. Мұндай байланыс өзінің тер тамырымен өндірістік процеске кетеді.
Өйткені кез-келген материалдық иеліктерді өндіру өз негізі бойынша адамдар
өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін табиғат заттарын және энергиясын
иелену болып табылады. Осыдан бір қорытынды жасауға болады, егерде иелену
өндіріссіз мүмкін болмаса, онда өндіріс үнемі белгілі бір меншіктің
нысанынан шегінде өтеді.
Мұндай түрдегі меншіктің түсіні ақша тауар айырбасы қатынасына
негізделге нарықтық шаруашылық салдарынан қалыптасқан натуралдық
шаруашылыққа өндірісшіге өзі өндірген өнімді иелену қажет емес еді, ал
онсыз да тек қана өзіне тиесілі еді. Өндірілген өнімді айырбастау
қажеттілігі туған кезден бастап (өнім экономикалық тауар қалпына ауысқанда)
оны алдын-ала иеленбей айырбастауға мүмкін емес болады, яғни өнімді
оқшауландыруды (айырбастауды) оны кез-келген адам ғана жүзеге асыра алады.
Бұл қолайсыз зардаптардың алдын-алу мақсаттарына тиісті еді. Сондықтан
да иелену қатынастарын тауар айналымының қажетті алғы шарты болып
табылады.
Иелену өзіне тікелей қарама-қарсы қатынас оқшауландыруымен
байланыстыра алады. Ол мысалы қоғамның бір бөлігі барлық өндіріс құралдарын
басып алып, ал басқа өлігі күн көріссіз қалған жағдайда пайда болады немесе
бір адамдармен өндірген өнімдер ешқандай құны өтелмей басқа адамдармен
иеленіп алған жағдайда. Бұндай қатынастар, мысалы феодалдар мен крепостной
шаруалар арасындағы орын алған. Тауар өндірісі міндетті түрде мүліктік
теңсіздікті тудырады, және де материалдық игіліктерді тек қана оны өндірген
адамдардың біріктіруімен шоғырланбауы мүмкін. Бұнда өндірілген өнім тауарға
айналып өндірушіден бөлініп шығып оны өндіруге қатыспаған адамның меншігіне
өтуі мүмкін, яғни бөлу және айырбастау қатынасының қатысушысының меншігіне.
Өндіріс құралдарының иелері үнемі өздері өндірушілік қызметімен айналыса
бермейді. Олар басқа іскер адамдарға белгілі бір талаптар қоя отырып өз
мүлкін шаруашылық мақсаттарға пайдалануға беруі мүмкін. Мұндай жағдайда
меншік иесі мен кәсіпкер арасындағы мүлікті шаруашылық пайдалану
қатынастары туындайды. Соңында шынайы түрде бөтеннің мүлкімен уақытша
иелену және пайдалану мүмкінділігін алады.
Бөтеннің меншігін шаруашылық пайдалану қатынасына мысал ретінде
аренда бола алады – яғни бір тұлғаның мүлкін белгілі бір ақы үшін 1басқа
тұлғаға уақытша пайдалануға береді. Нақты сондай жағдайда консенсия
шартында көруге болады, бұл шарт бойынша мемлекет – белгілі бір өндірістік
қызмет үшін жеке тұлғаларға және шетел фирмаларына өндірістік
кәсіпорындарды немесе жер учаскелерін жалға береді
Меншік экономикалық жүзеге асырады егерде оның иесі кіріс әкелсе.
Мұндай кіріс өндіріс құралдарын және бек жұмсау нәтижесінде алынған қайта
жаңадан жасалған өнім немесе бір бөлігі ретінде болуы мүмкін. Бұл мысалы,
түсім, салық, әр түрлі салымдар болуы мүмкін. Аренда кезінде арендалық
төлем белгіленеді. Бұл төлемнің ішінде меншік иесінің меншікке салған
капиталға пайыздар, сондай-ақ мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған
кірістің жартысы енеді. Консессия жасасқан кезде алдын – ала төлемдерді
немесе тапқан пайдадан үлесін белгілеп алады, бұны уақытша мүлік иелері
меншік иелеріне төлеуге міндеттеледі. Бұл меншіктің экономикалық қатынас
жүйесінің барлық шаруашылық процесін басынан аяғына дейін қатынастар
көрсетеді. Ол адамдардың иеліктер мен қызметтерді өндіру, бөлу, айырбастау
және тұтыну қатынастарының нақ ортасы болып табылады.
Сонымен меншіктің экономикалық ына келетін болсақ. Олар:
І.Тұлға белгілі бір материалдық құндылыққа ие болады, және сол арқылы
осы игіліктерді басқа тұлғалардан оқшауландырады;
2.Мүлікті иелену онымен мүліктің ауыртпашылығын атқару және оның
жойылу тәуекелін атқару және оның жойылу тәуекелін атқармау оның ешуақытта
шынайы меншік иесі қылмайды.
Әрине меншік қатынастарының барлық жүйесі адамдарда экономикалық -
материалдық мүліктік мүдделер тудырады. Оның бастысы болып, өз қажеттерін
одан да жақсы қанағаттандыру үшін өз меншігіндегі игіліктерді көбейтіп
отыру шығар. Осылайша мүдделер арқылы меншік адамдардың шаруашылық мінез-
құлық, ын және бағытын анықтайды.
Бірақта, адам өз мүдделерін қуа отырып жалпы қоғамдық мүдделермен
қақтығысуы мүмкін. Кім және қандай жағдайларда меншікпен тудырған қарама-
қайшылықтардың алдын-алуға және тоқтатуға сондай-ақ өндіріс агенттерінің
мінез - құлықтарын реттеп отыруға қабілетті. Бұл қоғамдық мәселені мемлекет
және құқық атқарады.1
Қоғамның экономикалық және басқа да қажеттер саны арқылы өтіп, заңды
мотивтер қалпына өтіп, соңында құқық нормаларында көрініс табады. Осындай
түрмен бір жағынан мүдделермен және қажеттермен, екінші жағынан құқықпен
ара қатынасы құқықтық санамен негізделеді.
Құқық, тауар өндірісі жағдайларында меншік қатынастарын дамытуға
ерекше қызмет атқарады. Ол, яғни өндірілген өнім тауар сипатына айналып өз
өндірушіден бөлініп шығып құқық көмегімен басқа адамның яғни өндіріс
процесіне қатыспаған тек қана саудагер ретінде болу және айырбастау
процесіне қатысқан адамның меншігінде өтеу қабілетін алады. Мұндай жағдайда
меншік өндірістік процесіне қатысу нәтижесіңен емес, өндірістік иелену
нәтижесінен де емес, ал өндірілген тауарды бөлу процесіне қатысу
нәтижесінен пайда болады.
Бұл жағдайды тұрақтылығын анықтау құқықсыз мүмкін емес. Осындай
түрмен құқық тауар өндірістік жағдайларындағы меншік қатынастардың міндетті
сирегі болып табылады.
Қалай болмаса да, бірақта меншіктің экономикалық қатынастардың
құқықтық нысаны кез - келген тауарлық шаруашылықта объективті қажетті
болады. Меншікті мүліктік (ерікті) қатынастар мемлекет жағынан құқықтық
қорғаусыз мәжбүрлеу күшісіз қалыпты дамытып қызмет ете алмайды.
Меншік қатынастардың құқықтық реттеу мінез-құлық ерекшеліктерінен
(нормаларынан) құралады. Олар:
1.Белгілі бір адамдарға (коллективте) материалдық иеліктерді иелену
мүмкіндігін (немесе мүмкін еместігі) бекітеді, сол арқылы осы иеліктерді
иелену жағдайы заңды фактіде бекітілді;
2.Бұл - мүлік иелерінің мінез-құлқының мазмұнын және шегін бекітетін
ережелер, яғни мүлікке шаруашылық басшылығын жүзеге асыру нақты мүмкіндігін
сипаттайтын, заңмен қорғалатын олардың өкілеттері;
З.Бұған, материалдық иеліктерді және оларға басшылықты жүзеге асыруға
мүмкіндігіне басқа адамдардың қол сұғулардан қорғайтын құқықтық әдістер
кіреді.
Осы аталып өткен ережелер өз заңды табиғаты бойынша әртектес, әр
салалы болып келеді. Іс жүзінде бірінші топтағы нормаларға конституциялық
ережелер, яғни мемлекетпен мойындалатын және қорғалатын меншік түрлері
туралы ережелер, сондай-ақ меншікке құқықтардың пайда болу және тоқтатылу
әдістерін бекітетін әкімшілік-құқықтық және азаматтық-құқықтық әдістер
жатады. Екінші топқа алдымен мүлікке қатыст мүлік иелерінің және басқа да
иеленушілердің өкілеттігін белгілейтін азаматтық-құқықтық нормалар, сондай-
ақ тиісті мүліктік-құқықтық режимін белгілейтін басқа құқықтық салалардың
нормалары жатады. Мысалы, белгілі бір мүлік түрлеріне қатысты азаматтарға
қандай да бір мәмлелер жасауға әкімшілік тиым салу (Үшінші топтағы ережелер
меншік қатынастарын қорғайтын азаматтық, әкімшілік қылмыстық құқық
нормаларын қамтиды).
Осы жоғарыда айтылғаннан меншік қатынастары заңды әртүрлі құқықтық
салалары нормаларымен реттелетінін көруғе болады. Одан әрі, меншік
қатынастарын реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы кешенді, салааралыққа ие
екенін көруге болады, бірақта оның өзегін сөзсіз азаматтық-құқықтық
нормалар құрайды.
Ол белгілі бір мағынада оны біртұтас құқықтық институт - меншік
құқығы ретінде қарауға болады. Бірақта бұдан меншік құқығын, материалдық
игіліктерді иелену жөніндегі меншік қатынастарын реттейтін жалғыз институт
деп тұжырым шығаруға болмайды. Бұл қатынастар азаматтық құқықта да тек қана
меншік құқығы көмегімен ғана реттелмей мүлікке басқа да заттық құқықтар
арқылы реттеледі. Осы заттың құқықтар материалдық игіліктерді басшылықты
жүзеге асыруды тек қана олардың иелеріне ғана емес, сондай-ақ басқа да
тұлғаларға билік ету мүмкіндігін береді.

1.2. Меншіктің қалыптасу ерекшеліктері.

Меншік құқығы азаматтық құқық субъектілерінде әртүрлі негіз бойынша
пайда болады. АК 256 бабында меншік құқығының пайда болу негіздерін
көрсеткен. Меншік құқығы заңынан пайда болуымен байланыстыратын заңды
деректер негізінде пайда болады. Бұл заңды деректер негіздері деп аталады
(АК 7 бап). Деректер негізінде:
1.Әрекеттер.
2.Құбылыстар болып табылады.
Әрекеттерге мысалы, мүлікті оқшауландыруға байланысты әртүрлі
мәмлелерді жатқызамыз. Ал құбылыстарға мысалы мұрагерлік қатынас туғызатын
азаматтың өлімі.
Меншік құқығының пайда болу негізін әдетте екі түрге бөледі.
І.Бастапқы.
2.Өндірістік.
Бөлудің категориясы болып, бірінші жағдайда ерік, ал құқық
қабылдаушының екінші жағдайы қалауы. Меншік құқығының пайда болуының
бастапқы түрі бұл заттың алғашқы иесінің құқықтарына байланысты емес
туындайды (Мұнда меншік иесі болмауы да мүмкін), ал өндірістік дегеніміз
меншік құқығы заттың алғашқы иесінің еркі бойынша пайда болуы (шарт
бойынша).
Меншік құқығының пайда болуының бастапқы негіздеріне азаматтық
кодексте көрсетілгендей жаңадан жасалып шығарған меншік құқығы (АК 235 б.
1т., 236 б.); өңдеу (АК 327 б.) иелену мерзімі (АК 242 б.); жинауға не
аулауға көпшілік заттарды меншікке айналдыру (АК 241 б.); өз бетімен
салынған құрылыс (АК 244 б.); олжа (АК 245 б.); қараусыз жануарлар (АК 246
б.); көмбе (АК 247 б.); меншік иесінен айырылған затты иелену (АК 248 б.).
Меншік құқығының пайда болуының өндірістік әдістеріне: мүлікті
оқшауландыруға байланысты азаматтың құқық шарттар және басқа да мәмлелер,
мұраны алу, заңды тұлғаны қайта құру кезінде құқық қабылдаушының тәртіппен
(АК 46 б.) сондай-ақ жекешелендіру (АК 249 б. Зт.) және заңда көзделген т.б
жағдайлар.
Меншік құқығының пайда болуының басқа да арнайы әдістері бар, олар
тек қана қатаң анықталған субъектілер мен ғана қолданыла алады. Мысалы,
тәркілеу, ұлттандыру, реквизициялау, тек қана мемлекеттік меншік пайда
болуын туғызады, ал салықтарды және төлемдерді жинау сондай-ақ коммуналды
меншік құқығын пайда болуды туғызады. Осыдан шыға келе алғашқы аталған
иелену әдістері жалпы азаматтық әдістер деп, ал екінші арнайы әдістер деп
аталады. 1
Меншік құқығының пайда болуының бастапқы негіздерінің ішінде заң
жаңадан дайындалған немесе жасалған затқа меншік құқығын атап айтады (АК
235 б. 1т.).
Тұлға өзі үшін өзі дайындалған немесе жасалған қозғалатын немесе
қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы тек қана заң немесе басқа да құқықтық
актілердің талаптарын сақтаған ретте ғана пайда болады. Қозғалмайтын
мүлікке меншік құқығы мемлекеттік тіркелуден өткеннен кейін пайда болады.
Материалдарды өңдеген кезде меншік құқығы тек қана қозғалмайтын мүлікке
ғана пайда болады. Жалпы ереже бойынша өзіне тиесілі емес материалдарды
өңдеу арқылы алынған қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы материалдардың
иесіне тиесілі болады.
Егерде меншік иесі өзі материалдардың, оны өңдеу арқылы басқа зат
жасатып шығарылған тұлғаның адал емес әрекеттері нәтижесінде жоғалтса, онда
ол осы затты өзіне беруге және осындай әрекеттермен келтірілген залалдың
орнын толтыруға талап етуіне құқылы. Бірақта жұмыстың құны материалдардың
құнынан асып түсетін болса меншік иесі ол жұмыстың құнын төлеу тиісті. Ал
егер зат өңдеу жүргізген тұлғаның иелігіне өтетін болса, онда ол
материалдар құнын өтеуге тиісті.
Жалпы ереже бойынша өз ерікті құрылыс жүргізге субъекті меншік
құқығын'иеленбейді, ал құрылыстың өз қозғалмайтын мүлікке жатпайды, өйткені
ол оны салған кезде жіберген қателіктер салдарынан мемлекеттік тіркеуге
жатпайды. Бұл жерде сөз құрылыс материалдарының жиынтығы жайында, оның
меншік иесі құрылысты өз есебінен бұзу арқылы алып кете алады. Азаматтық
кодек қозғалмайтын объектіні өз еріктік құрылыс деп келесі бұзушылықтар
болған ретте таниды (АК 244 б. 1т.).
1. Құрылысқа қажетті рұқсатты алынбай салынған;
2. Құрылыс нормалары мен ережелерін елеулі бұзу.
Егерде аталған жағдайлардың біреуі болатын болса құрылыс өз бетімен
салынған деп танылады.
Бірақта заң шығарушы құрылыс жүргізілген тұлғаның меншік құқығын тану
мүмкіндігін көздейді. Егер ол тиісті түрде сәйкес жер учаскесіне құқықтарын
тіркесе, сондай-ақ басқа адамдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен
мүдделерін бұзбаса және азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп
төндірмесе. Егерде сол құрылысқа меншік құқығын жер уческесін иесіне
бекітсе, онда учаскс иесі құрылысшыға шығындарды өтеуге міндетті.
Меншік құқының пайда болуының бастапқы әдісі қатарына иесіз заттарға
меншік құқығының пайда болуы жатады. Иесіз заттар тобына: иесі тастап
кеткен заттар, олжа, қараусыз жануарлар және көмбелер жатады.
Қалдырылып кеткен заттар деп меншік құқығынан бас тарту мақсатымен
меншік иесі тастап кеткен не қалдырылып кеткен заттарды танимыз (АК 242-243
б.б.). Қалдырып кеткен заттар заңдарда белгіленген тәртіп бойынша басқа
тұлғалардың иелігіне өте алады. Бірақта иесіз затқа меншік құқығының пайда
болғанға дейін алғашқы иесінің құқықтары мен міндеттері тоқтамайды, ол осы
затты алғашқы иесіне қайтару және осы затпен келтірілген зиянның орнын
толтыру ауыртпалығын жүктетілетінін білдіреді.
ҚР АК қозғалатын және қозғалмайтын иесіз заттардың құқықтық режимі
бөлек анықталады. Иесіз қозғалатын заттар, оларды нақты иеленушілердің
меншігіне заңда тікелей көрсетілген жағдайларда (қалдырған заттар, қараусыз
жануарлар, олжа, көмбе) немесе иелену жөніндегі бойынша сәйкес ережелер
негізінде өтеді. Қозғалмайтын иесіз заттар, барлық қозғалмайтын заттар
секілді мемлекеттік есепке алынуға және тіркелуге тиісті. Олар табылған
аумақтағы жергілікті атқарушы органның мәлімдеуі бойынша тіркелуге алынуға
тиісті. Есепке алынған күннен бастап бір жыл ішінде ешкім ол затқа өз
құқықтарын мәлімдемесе, онда коммуналды меншікті басқаруға уәкілдік берген
орган бір жыл өткенне'н соң бұл затты коммуналды меншікті иесі деп табу
туралы талап қойып, сотқа жүгіне алады. Егерде сот бұл талапты
қанағаттандырмаса зат қалдырып кеткен иесіне қайта алынады немесе
иеленушінің меншігіне қайта өтеді.
Олжаның құқықтық режимі (АК 245 б.) анықталған жоғалған затты тауып
алған автоматты түрде оның иесі болып табылады. Бұл затты жоғалтқан тұлғаға
немесе иесіне немесе оған билігі болып табылатын заңды иемденушіге хабарлау
керек, немесе затты милицияға, жергілікті өзін-өзі басқару органға немесе
жоғалғанда табылған бөлме транспорт құрылысының иесіне тапсырылуы керек.
Затты тауып алу мен затты өзіне сақтауға құқылы. Затты тауып алушы оның
жоғалтқан не бұлдірген үшін өзінің жасыру ниеті болған немесе өрескел
абайсыздық жасалған ретте ғана және сол заттан құны шегінде жауапты болады.
Егер олжа туралы милицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеген
кезден бастап 6 ай өткенше жоғалтқан затты алуға заңды құқығы бар адам
анықталмаса және заңды затқа өзіндік құқығы туралы оны тапқан адамға не
милицияға немесе жергілікті органға мәлімдемесе затты тауып алушы оған
меншік құқығын алады. Егер затты тауып алушы тапқан затты меншігіне алудан
бас тартса, ол коммуналдық меншікке өтеді. Затты тауып алушы затты
сақтауға, өткізуге, сатуға байланысты қажетті шығындарды және затты алуға
заңды құқығы бар адамды табуға кеткен шығындарды өтетуге алуға құқылы.
Сондай-ақ затты алуға құқығы бар тұлға зат құнының 30% мөлшерде сый ақы
алуға құқылы.
Осы текте құқықтық режимге қараусыз жануарлар да ие болады (АК 246
б.). Егер тұлға ірі қараны ұстап алған туралы мәлімдеген кезден бастап алты
ай ішінде және басқа үй жануарлары жөнінде екі ай ішінде олардың меншік
иесі табылмаса және оларға өзінің құқығы туралы мәлімдемесе бұл жануарларға
меншік құқығы жануарларлы баққан және пайдаланған адамға өтеді, ол бас
тартқан жағдайда жануарлар коммуналдық меншікке өтеді. Жануарларды иесіне
қайтарған кезде жануарлар құнынан 30% мөлшерінде сый ақы алуға құқылы.
Иесіз заттардың ішінен заң көмбені бөліп шығарады (АК 247 б.). Көмбе,
яғни жерге көмілген немесе басқа әдіспен жасырылған меншік иесін анықтау
мүмкін болмаған не заңдарға сәйкес оларға құқығынан айырылған ақша немесе
өзгеде бағалы заттарды айтамыз.
Көмбе жасырылған жер учаскесі иесінің немесе қозғалмайтын заттың
меншіктенушінің немесе көмбені тапқан адамның, егер олардың арасындағы
шартта өзгеше белгіленбесе, меншікке т мөлшерде түседі.
Көмбе жасырылған жер учаскесіне пайдаланушының немесе қозғалмайтын
мүлікті меншіктенушінің келісімсіз қазған немесе бағалы заттар іздестірген
адам көмбені тауып алған жағдайда көмбен сол меншік иесіне беруге тиісті.
Тарихи және мәдени ескерткіштеріне жататын заттардан көмбе табылған
ретте олар мемлекет меншігіне берілуге тиісті. Бұл орайла ондай көмбе
табылған мүлік иесі және көмбені табушы көмбе құнынан 50% мөлшерінде сый
ақы алуға құқылы.
Меншік құқығының иеленудің бастапқы түрі ретінде иелену туралы
ережелерге мүлікті АК 242 бап 2-тармақ; 245 бап - 247 бап көзделген
ережелер бойынша меншікке алу мүмкіндігіне байланысты АК 240 бап меншік
құқығы иелену тек қана мүлікпен нақты пайдаланү жағдайларда ғана мүмкін.
Егер иелену құқықтың негізіне сүйенсе. Мысал ретінде аренда сақтау онда
мүлікті иелену қанша ұзаққа созылса да иеленуге байланысты мүлікті
меншіктену жөнінде сұрақты қоюға болмайды. Мүліктің иесі болып табылмайтын,
бірақта онымен нақты иеленетін тұлға. (Азамат, заң, тұлға) заңда көзделген
жағдайларды ұсақтай отырып оны өз меншігіне иеленуге құқылы мүлікпен адал,
ашық иелену қажетті иеленуші затқа өзінің меншік заты секілді қарауы керек.
Ондай иелену үздіксіз болуы керек. Қозғалатын мүлік үшін 5 жыл,
қозғалмайтын мүлік үшін - 15 жыл. АК 240 бап 3-тармағына сәйкес иелену
көнелігі жүгінетін тұлға өздері құқықты мирасқоры болып табылатын тұлғаның
осы затқа иелік ететін уақтылығының бәрін, өз иелігіне қосып алуға болады.
Келесі меншік құқығындағы пайда болу әдісінің бірі өндірістік болып
табылады. Меншік құқығының пайда болуының өндірістік әдіс құқық
қабылдаушылыққа негізделеді. Олар сатып алу - сату шарты, сыйға тарту,
айырбастау, тауар жеткізу, контрактация, рента, кейіннен сатып алушымей
мүлікті жалдау шарттары. Осы шарттар меншік құқығынан пайда болуынан
негіздері болып келеді. Шарттық әдіс негізінде меншік құқығынан пайда
болуының нақты сәтін белгілеү маңызды болып келеді, өйткені осы сәттен
бастап мүліктің жойылу немесе бүліну тәуекелін ауысады АК 238 бап 1-
тармағына сәйкес мүлікті алушыда меншік құқығы затты берген сәттен бастап
пайда болады, егерде заңды немесе шарттарды өзгеше көзделмесе. Егерде
оқшауланып жатқан мүлік мемлекеттік тіркеуден өту тиісті болса, онда меншік
құқығы мемлекеттік тіркеу сәтінде пайда болады.
АК 224 бапқа сәйкес заттың берілуі деп заттарды алушыға тапсыруы, сол
сияқты алушыға жөнелту үшін көлек ұйымына өткізу және иеліктен айырылған
заттарды жеткізіп беру міндеттемесіз алушыға сатып жіберу үшін поштаға
өткізуді айтамыз.
Меншік құқығының пайда болуының өндірістік әдістеріне мұрагерлердің
мұраны қабылдауына байланысты меншік құқығының пайда болуын, жатқызады.
Сондай-ақ меншік құқығының пайда болуының қайта құруына байланысты құқықтық
қабылдаушылықты жатқызуға болады.

II бөлім. Меншіктің түрлері мен түсінігі

2.1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны

Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын
және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік белгілері
Жердің кадастрлық құнын бағалау
Меншікке қарсы қылмыстар және талан-тараж
Меншікке қарсы қылмыстар түрі
Жер учаскелерін кадастрлық құнын анықтау
Меншікке салынатын салықтар: мүлік салығы
Қылмыскерлікті әлеуметтік контексте зерделеу
Заңды тұлға туралы ақпарат
Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны
Пәндер