Кіші мектеп жасындағы оқушылардың үрей деңгейін зерттеу



Қорқыныш -адамның санасында оның өміріне және аман-саулығына төнген қауіптің аффективтік (эмоционалдық ушыққан) бейнеленуі; үрейлену - алда тұрған қауіпті өткір эмоционалдық сезіну. Үрейлену қорқынышқа қарағанда үнемі кері қабылданатын сезім емес, себебі ол қуанышты күту, қобалжу ретінде болуы мүмкін. Эмоционалдық өзін жайсыз сезінетін бала тұлғасының психикалық құрылымына, өмірлік тәжірибесіне, ата-анасымен жұне кұрбыларымен өзара қарым-қатынасына қарай үрейді де, қорқынышты да сезінуі мүмкін.
Қорқыныш пен урейді біріктіретін негізгі бастау - мазасыздану сезімі. Ол мынадан көрінеді: баладан бірдеңе сұраса абыржиды, сұрақка жауап беретін тиісті сөздерді таба алмайды, сөйлегенде дауысы дірілдейді және кейде мүлдем үндемей қалады. Ол көптеген артық қимылдар жасауы мүмкін, немесе керісінше мүлдем қозғалмай қатып қалады. Мұндай белгілер ағза жұмысының психофизиологиялық артық кысымға түскенін көрсетеді.
Жас ерекшелік жэне невротикалық қорқыныш турлері болады.
Жас ерекшелік қорқынышы эмоционалдық сезімтал балаларда олардың психикалық және тұлғалық даму ерекшеліктерінің көрінісі ретінде байқалады. Олар мына факторлардың негізінде пайда болады: ата-аналарда қорқыныштың болуы; баламен қарым-қатынаста мазасыздану, оны қауіптерден шектен тыс қорғау және құрбыларымен араласуын шектеу; сол жыныстағы ата-анасының тарапынан көп тыйым салыну немесе басқа жыныстағы ата-анасының балаға толық еркіндік беруі, сонымен бірге отбасындағы үлкендердің көптеген іске аспаған қоқан-лоққылары; сол жыныстағы ата-анамен рөлдік идентификация мүмкіндігі көбінесе ұл балаларда болмайды; ата-аналардың арасындағы қақтығыстық қарым-қатынас; шошыну тәрізді психикалық жарақаттану; үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау үрдісінде қорқынышқа психологиялык бой алдыру.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Кіші мектеп жасындағы оқушылардың үрей деңгейін зерттеу
Қорқыныш -адамның санасында оның өміріне және аман-саулығына төнген
қауіптің аффективтік (эмоционалдық ушыққан) бейнеленуі; үрейлену - алда
тұрған қауіпті өткір эмоционалдық сезіну. Үрейлену қорқынышқа қарағанда
үнемі кері қабылданатын сезім емес, себебі ол қуанышты күту, қобалжу
ретінде болуы мүмкін. Эмоционалдық өзін жайсыз сезінетін бала тұлғасының
психикалық құрылымына, өмірлік тәжірибесіне, ата-анасымен жұне кұрбыларымен
өзара қарым-қатынасына қарай үрейді де, қорқынышты да сезінуі мүмкін.
Қорқыныш пен урейді біріктіретін негізгі бастау - мазасыздану сезімі.
Ол мынадан көрінеді: баладан бірдеңе сұраса абыржиды, сұрақка жауап беретін
тиісті сөздерді таба алмайды, сөйлегенде дауысы дірілдейді және кейде
мүлдем үндемей қалады. Ол көптеген артық қимылдар жасауы мүмкін, немесе
керісінше мүлдем қозғалмай қатып қалады. Мұндай белгілер ағза жұмысының
психофизиологиялық артық кысымға түскенін көрсетеді.
Жас ерекшелік жэне невротикалық қорқыныш турлері болады.
Жас ерекшелік қорқынышы эмоционалдық сезімтал балаларда олардың психикалық
және тұлғалық даму ерекшеліктерінің көрінісі ретінде байқалады. Олар мына
факторлардың негізінде пайда болады: ата-аналарда қорқыныштың болуы;
баламен қарым-қатынаста мазасыздану, оны қауіптерден шектен тыс қорғау және
құрбыларымен араласуын шектеу; сол жыныстағы ата-анасының тарапынан көп
тыйым салыну немесе басқа жыныстағы ата-анасының балаға толық еркіндік
беруі, сонымен бірге отбасындағы үлкендердің көптеген іске аспаған қоқан-
лоққылары; сол жыныстағы ата-анамен рөлдік идентификация мүмкіндігі
көбінесе ұл балаларда болмайды; ата-аналардың арасындағы қақтығыстық қарым-
қатынас; шошыну тәрізді психикалық жарақаттану; үлкендермен және
құрбыларымен қарым-қатынас жасау үрдісінде қорқынышқа психологиялык бой
алдыру.
Невротикалық қорқыныштар эмоционалдық интенсивтілікпен, қысымдылықпен; ұзақ
ағыммен немесе тұрақтылықпен, мінез-құлықтың және тұлғаның қалыптасуына
кері әсер етумен, басқа да невротикалық бұзылулармен және күйзелістермен
өзара байланыстылығымен, қорқыныш нысанынан, сондай-ақ барлық жаңа және
беймәлім нысандардан қашуымен, қорқынышты жоюдың салыстырмалы қиындығымен
сипатталады.
Невротикалық қорқыныштар ұзаққа созылған және шешілмейтін күйзелістерден
туындауы мүмкін. Көбіне бұлайша ата-аналарымен карым-қатынасында
эмоционалдық қиыншылықтар сезінетін, отбасындағы немесе қақтығыстық
сәттердегі эмоционалдық күйзелістерінің әсерінен өзі туралы пікірі
бұрмаланған сезімтал балалар қорқады. Бұл балалар үлкендерге
қауіпсіздіктің, беделдің және махаббаттың көзі ретінде карай алмайды.
Жауапкершілік, парыз, міндеттер сезімін тудыратын оқушының әлеуметтік
ұстанымы, "ондай бола алмау" қорқынышының пайда болуына алып келеді. Бала
үлгермей қалуға, кешігуге, дұрыс жасамай қоюға, айыпталуға және жазалануға
қорқады. Бастауыш сынып жасынада "ондай бола алмау" қорқынышы шарықтау
шегіне жетеді, себебі балалар жаңа білімді игеруге тырысады, өзінің
оқушылық міндеттеріне салмақпен карайды және баға алу жөнінде уайымдайды.
Оқу жуктемесін әртүрлі себептермен игере алмай жүрген бірінші сынып
оқушылары, уақыт өте келе үлгермеушілер қатарына ілігеді, ол өз кезегінде,
невроздарға, мектептен қорқушылыққа алып келеді. Мектепке дейін үлкендермен
және құрбыларымен карым-катынас жасаудың тиісті тәжірибесін алмаған, өзіне-
өзі сенімсіз оқушылар, үлкендердің күткен нәтижелерін ақтай алмай қалуға
қорқады, мектеп ұжымына бейімделу қиындықтары мен қорқыныш сезінеді. Бұл
қорқыныштың негізінде қателік жасауға, ақымақтық қылуға және сол үшін
күлкіге ұшырауға деген қорқыныш жатыр. Мұндай балалар көбінесе тақтаның
алдында жауап беруге қорқады. Әсіресе осы тақтаның алдында олардың
қорғансыздығы толық көрінеді.
Кейбір балалар үй тапсырмасын орындағанда қателік жіберсе, зәре-құты қашып
қорқады. Бұл ата-анасы оларды шұқшия тексеріп және қателікке драмалық мән
берген жағдайда болады. Ата-анасы баланы жазаламаса да, психологиялық
жазалау бәрібір сезіліп тұрады. Бастауыш мектеп жасындағы бағалау іс-
әрекеттің нақты нәтижесін ғана бағалау емес. Оны бала өзінің тұлғасын
бағалау деп түсінеді. "Сен жамансың, өйткені сен жаман оқисың",- деген
сөздер айтылады балаға. Ол онымен келіседі, соның негізінде беймәлімдік,
сенімсіздік сезімдерімен және әртүрлі қорқыныштармен жалғасқан шешілмейтін
ішкі қайшылық пайда болады.
Бірқатар жағдайларда мектептен қорқу, құрбыларымен қақтығыстан, олар
жағынан шығатын дене қара күштен қорқудан туындап отыр. Әсіресе бұл
эмоционалды сезімтал, әлеуметтік-мәдени және педагогикалық олқылығы бар
балаларға тән.
Жас өсе келе осы тәрізді қорқыныштар өзінің сипатын өзгертеді, кейде мүлдем
жоғалып кетеді. Бірақ ұзаққа созылу сипатына қарай олар балада әлсіздік,
өзінің сезімдерін игеруге, бақылауға қабілет-сіздікті тудырады.
Мектептік қорқыныш баланың психологиялық жайлылығын ғана емес, сонымен қоса
балалар неврозының дамуына да ықпал етеді.
Бастауыш сынып оқушыларының қорқыныштарын аяқталмаған сөйлемдер мен бала
суреттерін зерттеу әдістерімен анықтауға болады.
Аяқталмаған сөйлемдер әдісі оқушы қарым-қатынасының және іс-әрекетінің
әртүрлі аймағындағы қорқыныштарды зерттеу үшін колданылады:
Мен мектеп туралы ойласам...
Мен мектепке келе жатқанда...
Қоңырау соғылған сәтте...
Мен мұғалімді көрсем...
Бізде бақылау болғанда...
Сабақ аяқталғанда...
Тақтада жауап бергенде мен...

Мен екі алғанда...
Мұғалім сұрақ қойғанда, мен...
Берілген сөйлемдердің аяқталуында баланың, мұғалім білугетиісті өте маңызды
эмоционалдық көңіл-күйі көрініс береді.
Суреттерді зерттеу баланың қызығу-шылықтарын, әуестіктерін,
темпераменттерінің ерекшеліктерін, көңіл-күйін және ішкі әлемін жақсы
тусінуге мүмкіндік береді. Мысалы, суреттегі сұр түстердің көптігі және
қара түстің басымдығы өмірге құштарлықтың жоқтығын, көңіл-күйдің
темендігін, баланың өзінің шамасы келмейтін қорқыныштардың көптігін
білдіреді. Керісінше ашық, қанық, көзге жағымды түстер белсенді өмір
тонусын және оптимизмді көрсетеді. Бояумен салғандағы кең кұлаш,
көлемділік, алғашқы сюжетті өзгертетін алдын-ала және соңынан кескіндеуі
жоқ сурет сенімділікті және нық шешімділікті білдіреді. Жоғары қозушылық
және әсіресе шектен тыс белсенділік суреттің тұрақсыздығынан,
көмескілігінен немесе сызықтардың нақты, бірақ бір-бірімен қиылысып
жатқандығынан байқалады. Тежелуі және мазасыздығы бар балалар суретті аз
салады, оған қарағанда басқа іс-әрекет түрлерін қалайды. Әрбір сабаққа
тақырыбы кезекпен ұсынылатын топта сурет салу ерекше бағалы: "Мектепте",
"Аулада, көшеде", "Отбасы", "Маған қорқынышты не кіреді түсіме немесе мен
күндіз неден қорқамын?", "Менде қандай жақсылық немесе жамандық болды?",
"Менің кім болғым келеді?".
Сурет сала бастағанда түрлі-түсті қарындаштармен салған ләзім. Сурет
салардан бір ай бұрын балаларға үйде сурет салуға тапсырма беруге болады,
ол кейіннен үйде белсенді сурет салуға қызығушылықты тудыру үшін қажет.
Оның болмауы психикалық дамуды жүдетеді және қандайда бір қиыншылықтың
барлығын білдіреді.
Алғашқы екі сабақта балалар суреттің тақырыбын өздері таңдайды. Ол үй,
көлік, ағаш, қонжык, ит, кұс, адам және т.б. болуы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балалардың қорқыныш проблемаларын зерттеу
Кіші мектеп жасындағы балалардың тұлғалық қалыптасуы
Кішкентай мектеп жасындағы балалар қорқынышының пайда болуы және одан құтылудың жолдары
6-7 жастағы балалар - психологиялық көмектің объектісі ретінде
Мюнстенберг әдістемесі
Бастауыш сынып жасындағы балалардың эмоционалдық қиыншылықтары және көріну жағдайы
Бастауыш сыныптағы оқушының психикалық дамуының ерекшеліктері
Эмоционалды - ерік сферасы бұзылған балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Оқушылардың оқу топтарына бейімделуінің психологиялық - педагогикалық шарттары
Мектеп жасына дейінгі бала бойындағы қорқыныш және оны түзету
Пәндер