Қазақ жеріндегі шаһардардың ірге көтеру тарихы



1 Түркістан шаһары
2 Солтүстік Жібек жолының үстінде жатқан сауда қаласы
Қазақ жеріндегі шаһардардың ірге көтеру тарихы ықылым замандар тереңінде жатыр. Түркістан шаһары — солардың бірі. Ал, осы Түркістанның көне тағдыры жайындағы тарихи мағлұматтар не дейді, оны біздің біліп-түйген болмысымыз қандай?
Шаһар... Қазақ жерін Шыңғысхан жаулап алған-XII ғасырда, Отырар қырғыны кезінде Ясы (Жаса) немесе Түркістан қаласының аты аталмайды. Демек ол шақта бұл қала ірге көтергенме», тым шағын болса керек.
Осы шағьш қаланың өсіп, "келе-келе даңқының жайылуына себепкер болған тарихи тұлға барын ескеру лазым. Ол — Қожа Ахмед Ясауи. Осы біздің ғасырдың 1093 жылдары Испиджаб қаласында (осы күнгі Шымкент облысының Сайрам жерінде болған қала) дүниеге келіп, сол қалада балалық, жастық шағын өткізген. Әкесінің аты Ибраһим, шешесі Қарашаш. Олар еті тірі, пысық баласына бастауыш білім берген. Оның одан әрі білім алуына жағдай жасап, оны Бұқардағы медресеге оқуға жіберген. Оқу, білім, дүниетану жолына ол осында түскен. Көп жыл оқып, көп ізденіп, араб тіліндегі оқулықтарды еркін меңгереді. Сол заманның қалың да көлемді кітаптарының бірі құранды бастан-аяқ жатқа айтатын болған. Аспан мен жер, табиғат жайындағы ғылыми кітаптарды да көп оқып, көп үйренген шәкірт оқуды озық бітіреді. Сөйтіп ол Мербі қаласындағы медресеге ұстаз болып барады. Осында біраз боп, Бұқарға қайта оралады. Енді өзі оқыған медреседе сабақ беріп, ұстаздық етеді. Келе-келе білімді, алғыр ұстаз осы медресеге басшы болады.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ жеріндегі шаһардардың ірге көтеру тарихы ықылым замандар тереңінде
жатыр. Түркістан шаһары — солардың бірі. Ал, осы Түркістанның көне тағдыры
жайындағы тарихи мағлұматтар не дейді, оны біздің біліп-түйген болмысымыз
қандай?
Шаһар... Қазақ жерін Шыңғысхан жаулап алған-XII ғасырда, Отырар
қырғыны кезінде Ясы (Жаса) немесе Түркістан қаласының аты аталмайды. Демек
ол шақта бұл қала ірге көтергенме, тым шағын болса керек.
Осы шағьш қаланың өсіп, "келе-келе даңқының жайылуына себепкер болған
тарихи тұлға барын ескеру лазым. Ол — Қожа Ахмед Ясауи. Осы біздің ғасырдың
1093 жылдары Испиджаб қаласында (осы күнгі Шымкент облысының Сайрам жерінде
болған қала) дүниеге келіп, сол қалада балалық, жастық шағын өткізген.
Әкесінің аты Ибраһим, шешесі Қарашаш. Олар еті тірі, пысық баласына
бастауыш білім берген. Оның одан әрі білім алуына жағдай жасап, оны
Бұқардағы медресеге оқуға жіберген. Оқу, білім, дүниетану жолына ол осында
түскен. Көп жыл оқып, көп ізденіп, араб тіліндегі оқулықтарды еркін
меңгереді. Сол заманның қалың да көлемді кітаптарының бірі құранды бастан-
аяқ жатқа айтатын болған. Аспан мен жер, табиғат жайындағы ғылыми
кітаптарды да көп оқып, көп үйренген шәкірт оқуды озық бітіреді. Сөйтіп ол
Мербі қаласындағы медресеге ұстаз болып барады. Осында біраз боп, Бұқарға
қайта оралады. Енді өзі оқыған медреседе сабақ беріп, ұстаздық етеді. Келе-
келе білімді, алғыр ұстаз осы медресеге басшы болады.
Артықша дүние-мүлік жинамай, білім-ғылым жинаған жас ұстаз Мербіде
де, Бұқарда да тым жұпыны тұрса керек. Мұның үстіне өсіп жетіле, тоқтаса
келе шәкірттеріне де ешбір ерекше, тым артық тұрмауды уағыздай бастайды.
Осы кезде оның артық дүние-мүлік, ақша, алтын-күміс жинау, ерен байлыққа
талпыну, бөтен еңбекті пайдалапу, сөйтіп өзгеден өтен тұру жараспайды,
адамдарға бір-бірінен ерекшелене беру, артық ішіп, артық киіну күнә болады
деген, сол кездегіше, мистикалық-софылық ойы — төңірегіне, әсіресе, өзі
жүрген Бұқарға, Мербіге шәкірттері арқылы тарай бастайды. Қалың көпті ашса
— алақанында, жұмса — жұдырығында ұстап отырған ел билеушілер, қыруар
қазына иеленіп отырған саудагерлер, биік сарайлар салып, сонда сән-
салтанатпен өмір кешкен дәулеттілер мен байлардың құлағы мұны естігенде
өлең ете қалып: Бұл қайдан шыққан ой, кімнен шыққан сөз,— деп секем
алады. Бұл сөз қасиетті құранда бар ма? Жоқ. Басқа қасиетті кітаптарда
айтылған ба? Жоқ. Ондай болса, мұны айтушыны аластау қажет деген
қорытындыға келеді. Ахмед Ибраһим баласы, Бұқар медресесінің ұстазы,
басшысы жан-жақты қуғынға түседі. Ең алдымен медресе басшылығынан, артынша
ұстаздығынан айрылады.
Ол шындық іздеп, өзінің ойына дәлел таппақ боп Мекке барады. Ерекше
ештеңеге көзі жеткен жоқ. Ахмед өз ойына дәлел де, айғақ та таба алмады.
Бірақ ол Ахмед деген жай атына Қажы деген жамау жалғап: алдымен Қажы
Ахмед, келе-келе Қожа Ахмед атанып кетті (негізінде, дұрысы алғашқысы).
Міне, көп нәрседен көңші суып, шындыққа көзі жете бастаған Қожа Ахмед
қойын дәптеріне үңіліп, енді өзінің атақты Хикматын жаза бастады, Бәрі-
бәрі өзінің софылық көзқарасын уағыздайтын бәйіт-өлеңдер шығарды. Жолай
Бұқарға қайта соғып, ескі достар арасында өзінің бұрынғы ойынан, софылық
идеясынан қайтпағандығын танытатын, бәйіт-өлеңдерін оқиды, оның елге
таралуын көздеді, Бұл кезде бұрынғы ұстаз, енді құдайдың үйін көзімен
көріп қайтқан Қожа Ахмед қуғынға қайта түсті. Көздің жасымен, жүректің
қанымен жаңа жырлар жазылды. Жыла, Ахмед, жылай бер, жасыңды төк, шығар
биік, жетер шың, мен баспаған жер қайда бар? Бара алмадым, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан - мәдени мұра
Қазақстан тарихы пәні бойынша оқулықты пайдалану
Андрон мәдениеті
Ислам дінінің таралу ерекшеліктері
Қазақстан қалаларының тарихы
Менің туған қалам - Түркістан
Түркістан шаһары
Ерте ортағасырлық топонимдер
Тараздың қысқаша тарихы
Топонимдер сөздігі немесе топонимдер тізбегі
Пәндер