Азаматтық құқық субъектілерінің азаматтық құқықпен өзара байланысы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ 5
1.1 Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама 5
1.2 Азаматтық құқық қағидалары түсінігі 8
1.3 Азаматтық.құқықтық нормаларды талқылау 14
2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ 17
2.1 Азаматтық құқықтың негізгі элементтері 17
2.2 Азаматтық құқық субъектілері 20
2.3 Азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы 22
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32

h4>КІРІСПЕ
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар, мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.
Отбасылық еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген жағдайларда қолданылады. Азаматтардың құқық қабілеттіліктері мен әрекет қабілеттіктері қазіргі заманғы қоғамда жан-жақты қарастырылады және оның азаматтардың құқықтық қатынастарын реттеудегі маңызы үлкен. Осыған орай таңдалып алынған курстық жұмыстың тақырыбы, қазіргі кезде өзекті болып табылады.
Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін, меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға негізделеді.
Тәжірибемен айналысатын заңгерлер өзінің күнделікті қызметте өзінің өрісін ұлттық құқықтың шеңберімен шектелуі мүмкін. Өзінің ой өрісі өзінің ұлттық құқығына бейімделген тәжірибелік-заңгері аталған сұраққа жауап ретінде әртүрлі мемлекеттерде әртүрлі нормалар қабылданады және қолданылады деп айтады.
Аталған мәселеге біз прагматиялық жағынан және маңызды белгілерін қысқаша тоқтатылуы арқылы қазіргі әлемде үш негізгі құқықтық жүйелердің топтарына: романо-германдық құқықтық жүйесіне, жалпы құқық жүйесіне және кеңестік құқықтық жүйесіне тоқаталамыз.
Шетел мемлекеттерінің азаматтық және сауда құқығы – деп қоғамда қалыптасқан мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуші нормалар жүйесі. Осыған байланысты азаматтық сауда құқығы жеке меншікті қорғай отырып онымен байланысты экономикалық қатынастарды реттейді.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты – азаматтық құқық қабілеттілік пен азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын аша отырып, азаматтық құықтық қатынастардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсатына орай оның алдына келесі міндеттер қойылады:
- азаматтық құқыққа жалпы сипаттама
- азаматтық құқық қағидалары түсінігі.
- азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау.
- азаматтық құқықтың негізгі элеметтері
- азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы.
- азаматтық құқықтың әрекет қабілеттілігіне байлагысты субъектілерін анықтау мен оалраға сипаттама беру
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетел авторларының ғылыми еңбектері, басылымдары, Қазақстан Республикасының нормативтік әдебиеттері мен заңдылықтары қолданылды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Нормативтік әдебиеттер:
1. 30 тамыз 1995 жылы Республикалық Референдуммен қабылданған Қазақстан Республикасы Конститутуциясы, (7 қазан 1998 жылғы өзгерістер және толықтыруларымен).- Алматы: Қазахстан, 1998. - 96 б.
2. Қазастан Республикасының Азаматтық Кодесі.- Алматы: ЖШС «Баспа», 2001.- 400 б.
1. “Қазақстан Республикасы Азаматтық құқықғы” Төлеуғалиев Ғ.И., Алматы 2001 жыл
2. “Азаматтық құқық” Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2003 жыл
3. “Субекты гражданского право” М.К. Сулейменов., Алматы, 2004 год.
4. “Субекты гражданского право” Грешников ., Алматы 2003 год
5. Советское гражданское право: в 2 ч. Учебник. /Отв. Ред. В. А. Рясенцев. –3-е изд., перераб. и доп.-М.: Юридическая литература. Ч. 1, 1986.- 559с.
6. Советское гражданское право: в 2 ч. Учебник. /Отв. Ред. О. А. Красавчикова. –3-е изд., перераб. и доп.-М.: Высшая школа, 1985.- 544с.
7. Гражданское право. Учебник. В 2 т. /Отв. Ред. Е.А. Суханов. - М.: Изд-во БЕК. Т.1, 1994.-431 с.
8. Гражданское право: Курс лекций. Учебное пособие. /Отв. Ред. О.Н. Садиков. - М.: Изд-во БЕК. Ч. 2:Обязательственное право. - 1997. –687с.
9. Гражданское право. Учебник. В 2 т. /Отв. Ред. Е.А. Суханов. - М.: Изд-во БЕК. Т.1, 1993.-383 с.
10. Советское гражданское право. Учебное пособие: в 2 ч. /Отв. Ред. О. А. Красавчикова. –М.: Высшая школа, 1968.- 519с.
11. Советское гражданское право. Учебник. /Отв. Ред. О. Н. Садиков. - М.: Юридическая литература, 1983.- 464с.
12. Советское гражданское право: в 2 ч. Учебник. /Отв. Ред. В. Т. Смирнов. –2-е изд., перераб. и доп. - Л.: Изд-во ЛГУ. Ч. 1, 1982.- 414с.
13. Советское гражданское право. В 2 т. Учебник. /Отв. Ред. В. П. Грибанов. –М.: Юридическая литература. Т.1, 1979.- 552 с.
14. Гражданское право Республики Казахстан: (Общая часть). Учебное пособие. /Отв. ред. Г. И. Тулеугалиев, К. С. Мауленов.- Алматы: Гылым. Т.1, 1998. –227 с.
15. Гражданское право Республики Казахстан: (Общая часть). Учебное пособие. /Отв. ред. Г. И. Тулеугалиев, К. С. Мауленов. –2-е изд., перераб. и доп. - Алматы: Гылым. Т.1, 1999. –227 с.
16. Гражданское право. Учебник. /Под ред. А. П. Сергеева, Ю. К. Толстого. –3-е изд., перераб. и доп.-М.: ПРОСПЕКТ. Ч.1, 1998.- 631с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Букшина С. Эмансипация:проблемы и перспективы.-С.49-57 //Хозяйство и право.-1999.-N7.-ISSN 0134-2398.
2. Сулейменова С. А. О частной правоспособности несовершеннолетних граждан (физических лиц) //Вестник Моск.ун-та.Сер.11.Право.-1999.-N6.- C.72-80.
3. Диордиева О.Н. Жилищные права лиц,признанных безвестно отсутствующими //Российский судья.-2000.-N3.-С.39-41..-ЕЛ
4. Нечаев А.М. О правоспособности и дееспособности физических лиц /Государство и право.-2001.-N2.-С.29-34.-ISSN 0321-5075.
Таужанова Р. Личность,ее права-главные богатства общества.-С.24-28 //Фемида.-№12.-Алматы,1998.
h1 Азаматтық құқық h1
h1Курстық жұмысh1
h133h1
h2Азаматтық құқық субъектілерінің азаматтық құқықпен өзара
байланысыh2
h3МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ 5
1.1 Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама 5
1.2 Азаматтық құқық қағидалары түсінігі 8
1.3 Азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау 14
2 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
17
2.1 Азаматтық құқықтың негізгі элементтері 17
2.2 Азаматтық құқық субъектілері 20
2.3 Азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы 22
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 32
h3
h4КІРІСПЕ
Азаматтық заңдармен тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың
теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік
қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар реттеледі. Азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастардың қатысушылары азаматтар, заңды тұлғалар,
мемлекет, сондай-ақ әкімшілік аумақтық бөліністер болып табылады.
Отбасылық еңбек қатынастары мен табиғи ресурстарды пайдалану және
айналадағы ортаны қорғау жөніндегі қатынастарға азаматтық заңдар бұл
қатынастар тиісінше отбасылық, еңбек заңдармен, табиғи ресурстарды
пайдалану және айналадағы ортаны қорғау туралы заңдармен реттелмеген
жағдайларда қолданылады. Азаматтардың құқық қабілеттіліктері мен әрекет
қабілеттіктері қазіргі заманғы қоғамда жан-жақты қарастырылады және оның
азаматтардың құқықтық қатынастарын реттеудегі маңызы үлкен. Осыған орай
таңдалып алынған курстық жұмыстың тақырыбы, қазіргі кезде өзекті болып
табылады. h4
Азаматтық заңдар өздері реттейтін қатынастарға қатысушылардың теңдігін,
меншікке қол сұқпаушылықты, шарт еркіндігін, жеке істерге кімнің болса да
озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығын, азаматтық құқықтарды
кедергісіз жүзеге асыру, нұқсан келтірілген құқықтардың қалпына
келтірілуіне, оларды соттың қорғауын қамтамасыз ету қажеттігін тануға
негізделеді.
Тәжірибемен айналысатын заңгерлер өзінің күнделікті қызметте өзінің
өрісін ұлттық құқықтың шеңберімен шектелуі мүмкін. Өзінің ой өрісі өзінің
ұлттық құқығына бейімделген тәжірибелік-заңгері аталған сұраққа жауап
ретінде әртүрлі мемлекеттерде әртүрлі нормалар қабылданады және қолданылады
деп айтады.
Аталған мәселеге біз прагматиялық жағынан және маңызды белгілерін
қысқаша тоқтатылуы арқылы қазіргі әлемде үш негізгі құқықтық жүйелердің
топтарына: романо-германдық құқықтық жүйесіне, жалпы құқық жүйесіне және
кеңестік құқықтық жүйесіне тоқаталамыз.
Шетел мемлекеттерінің азаматтық және сауда құқығы – деп қоғамда
қалыптасқан мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуші нормалар
жүйесі. Осыған байланысты азаматтық сауда құқығы жеке меншікті қорғай
отырып онымен байланысты экономикалық қатынастарды реттейді.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты – азаматтық құқық қабілеттілік пен
азаматтық әрекет қабілеттіліктің мәні мен мағынасын аша отырып, азаматтық
құықтық қатынастардың қажеттіліктері мен ерекшеліктерін анықтау болып
табылады.
Курстық жұмыстың мақсатына орай оның алдына келесі міндеттер қойылады:
- азаматтық құқыққа жалпы сипаттама
- азаматтық құқық қағидалары түсінігі.
- азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау.
- азаматтық құқықтың негізгі элеметтері
- азаматтардың әрекет қабілеттілік пен құқық ұғымы.
- азаматтық құқықтың әрекет қабілеттілігіне байлагысты субъектілерін
анықтау мен оалраға сипаттама беру
h4 Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерінің азаматтық құқықтарына өз
еркімен және өз мүддесін көздей отырып ие болады және жүзеге асырады. Олар
шарт негізінде өздерінің құқықтары мен міндеттерін анықтауда және шарттың
заңдарға қайшы келмейтін кез келген жағдайларын белгілеуде ерікті.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетел авторларының ғылыми
еңбектері, басылымдары, Қазақстан Республикасының нормативтік әдебиеттері
мен заңдылықтары қолданылды. h4
h41 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ ТЕОРИЯЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ
1.1 Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама
Құқық теориясы курсынан белгілі болғандай, құқық нақты жүйе құрады,
оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. Құқық салаларын
шектеу белгілері ретінде әдетте құқықтық реттеу пәні мен әдісін қолданады.
Пән мен әдіс көмегімен азаматтық құқықты қазақстандық құқықтың жүйесінен
бөліп алып оқырмандардың азаматтық құқық туралы көзқарасының қалыптасуына
әкелетін ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік береді.h4
Кез келген сала сияқты азаматтық құқықта қоғамдық қатынастарды
реттейтін және қалыптастын құқықтық нормалардан тұрады.
Бірақ та азаматтар қатысатын қатынастардың барлығы да азаматтық
құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, азаматтар мүлде
қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да әсер ете алады.
Азаматтық құқық нормалары өндірілген өнімді сатып алу, оны теміржол,
теңіз, өзен немесе әуе жолдары арқылы тасымалдау, осы жүкті сақтандыру,
тасымалданған жүк үшін төлемдер алу және т.б. қоғамда кездесетін тараптар
арасындағы қатынастарды реттейді.
Азаматтық құқық реттейтін қоғамдық қатынастар шеңбері өте кең және
әртүрлі, сондықтан оларды толықтай атап өту мүмкін емес. Бұны істеудің
қажетіде жоқ, өйткені азаматтық-құқықтық ғылымының пәніне азаматтық құқық
реттейтін қоғамдық қатынастардың барлығын нақтылықпен атап өту кірмейді,
оған азаматтық құқық деп аталатын саланың бір пәнінде олардың барлығын
біріктіруге мүмкіндік беретін жалпы қасиеттерін анықтау жатады.
Азаматтық құқықтың пәні болып мүліктік және мүліктік емес қатынастар
табылады.
Азаматтық құқықтың мүліктік қатынастармен айналысатыны бірден көзге
түседі. Мүліктік қатынастар деп әдетте түрлі материалдық қажеттіліктер,
яғни заттар, жұмыстар, қызметтер және басқа мүліктер жайында туындаған
қоғамдық қатынастарды айтады.
Бірақ азаматтық құқық біздің қоғамда пайда болатын барлық мүліктік
қатынастарды реттемейді, ол тек қана мүліктік-бағалы қатынастар деп
аталатын нақты бөлігін ғана реттейді.
Дамыған ақша жүйесі шарттарында мүліктік-құнды қатынастардың негізгі
көлемін тоуарлық-ақшалы қатынастары құрады. Біздің қоғамда бар товарлық-
ақшалы қатынастардың өте тез дамуы оларға адекватты құқықтық нысан
қолданған кезде ғана мүмкін бола алады.
Азаматтық заңдылыққа сәйкес азаматтық құқық пәнінің екінші бір құрамдас
бөлігі жеке мүліктік емес қатынастар қарастырады. Өзіне тән белгілеріне
сәйкес жеке мүліктік емес қатынастар ең аз дегенде екі қасиетке сүйене
отырып келесі түрлерде сипатталады.
Біріншісі, көрсетілген қатынастар мүліктік емес қажеттіліктер негізінде
көрініс табады, мысалы ар, намыс, іскерлік бедел, азамат аты, авторлық
шығарма, өндірістік үлгі, т.б. жайында туындайды.
Екіншіден, жеке мүліктік емес мүлікпен байланысты қатынастар (мәселен
бұған белгілі бір құқықтар жатқызылады). Бұл қатынастарда азаматтардың
немесе ұйымдардың даралығы көрініп, олардың әлеуметтік қасиеттерін бағалау
жүргізіледі.
Пәннің осы екі құрамдас бөліктерінің сыртқы қарама-қайшылығына
қарамастан, мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық
құқық деп аталатын салада біріктіретін жалпы қасиеттін анықтау керек.
Мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған
материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара
бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде
осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара
бағалай алады деп есептейді.
Азаматтық құқық пәнінің түсінігі азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық
қатынастар туралы мәселелермен байланысты болса, әдіс түсінігі осы қоғамдық
қатынастардың азаматтық құқық нормаларымен қалай реттелетіні туралы
мәселелермен байланысты. Сондықтан құқықтық реттеу пәні мен әдісі арасында
қатты байланыс бар. Әдіс құқықтық реттеу пәнінің ерекшеліктерімен қайта
анықталады.
Азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзара бағалау
сипатына ие. Қоғамдық қатынастарға қатысушылардың өзара бағалауы тек қана
бағалаушы тараптар тең болғанда ғана қалыптаса алады. Сондықтан мүліктік-
құнды және жеке мүліктік емес қатынастар тараптардың теңдік негізінде
реттелсе ғана толық дами алады. Қорытындылай келсек, азаматтық құқықтарда
тараптардың заңдық теңдігі әдісі қолданылады. Азаматтық құқықта бұны
диспозитивтік қағида деп қарастырады.
Азаматтық құқықта тараптардың теңдігі дегеніміз – екі қатынасқа түсуші
тараптың ешқайсы да азаматтық құқықтық қатынастарда өзінің осы құқықтық
қатынастарда алатын орнын жоғары қоя алмаушылығымен айрықшаланады.
Тараптардың заңдық теңдік әдісін қолдану азаматтық құқықтық қатынастарға
қатысушыларға тәуелсіздік қамтамасыз етеді, заңмен рұқсат етілген кез
келген әрекеттер орындауға мүмкіндік береді. Бұл нарықтық экономика
шарттарында азаматтық айналымның дамуы үшін өте маңызды.
Сондықтан азаматтық заңдылықтардың нормаларын түсіну және қолдану
азаматтық құқықтың жалпы қағидалары ескергенде ғана жүзеге асырылуы мүмкін
Осылайша, азаматтық құқық деп тараптардың заңдық теңдігі бастауларында
мүліктік-құнды және жеке мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалар жиынтығын қарастырамыз.
Азаматтық құқық қатынас объектісі түрінде оның субъектілерінің
материалдық және жеке материалдық емес игіліктерге бағытталған әрекеттері
мен нақты азаматтық құқықты қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз.
Азаматтық мүліктік құқықтық қатынастың спецификасы оның мүшелері өз
әрекеттері мен тек бір-біріне ғана емес, белгілі бір материалдық
игіліктерге әсер ете алатындығында. Жалпы азаматтық құқықтың объектілерін
мынандай түрлерге жіктеу арқылы зерттеуге болады: мүлік – зат сипатындағы,
мүліктік емес қатынастар, жұмыс және қызымет, ақпатар, интелектуалдық
меншік нәтижелері. Мүліктік қатынас деп мүліктік-құнды қатынастарға
қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып
табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке
мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын
азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын
қарастырған.
h41.2 Азаматтық құқық қағидалары түсінігі
Азаматтық құқық қағидалары деп қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық
реттеудің негізгі бастауларын айтады. Азаматтық құқық қағидалары бүкіл
азаматтық заңдылықтарды қамтиды, оның ең маңызды қасиеттерін сипаттайды.
Азаматтық құқық қағидалары бүкіл азаматтық заңдылықтарды қамтып қана
қоймай, азаматтық заңдылықтардың толық көлемін қамти отырып, АК 2 бабында
көрініс тапқан.h4
Азаматтық құқық қағидалары, азаматтық қатынастарды заңдылық
қарастырмаған жағдайларда, құқық аналогияны негізінде қолдануданылады,
яғни, азаматтық құқықтың нақты нормасымен реттелмеген қоғамдық қатынастарды
реттеу үшін азаматтық заңдылықтардың негізгі бастаулары азаматтық құқық
қағидалары қолданылады. Азаматтық құқықтың мынандай қағидалары бар:
• Азаматтық құқықтар құқық қатынасқа түсуші тараптардың теңдігілігін;
• Меншікке қол сұқпаушылық;
• Жеке істерге рұқсатсыз кіріспеушілік;
• Келісімнің, шарттың еріктілік қағидасы және т.б.
Тараптардың заңдық теңдігі негізінде мүліктік-бағалы және жеке мүліктік
емес қатынастарды реттейтін азаматтық құқықтық нормалары ретсіз есем, олар
нақты жүйеде орналасқан. Азаматтық құқық жүйесі объективті тұрғыда құрылған
және азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың өзіндік
ерекшелігіне негізделген.
Көптеген азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жалпы
қасиеттері оларды құқықтық реттелуінің бірегейлігін, ал осы қатынастардың
нақты түрлерінің кейбір сипаттамалары олардың құқықтық реттелуінің
дифференциациясын қайта анықтайды. Азаматтық құқық жүйесі бойынша екі
бөлімге бөлінеді, олар жалпы және ерекше бөлім.
Азаматтық құқық бөлімінің пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың бір
сипаттылығы кез келген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастарды
реттеу кезінде қолданылатын азаматтық құқық нормаларын бөліп алуға
мүмкіндік береді.
Бұл құқықтық нормалардың жиынтығы азаматтық құқықтың жалпы бөлігін
құрайды. Ол салалық реттеу пәнінің бір түрін көрсетіп, барлық салалық
нормалар үшін біріктіруші бастау ретінде қызмет етеді, олардың заңды
мазмұнының жалпылығын анықтайды.
Жалпы бөлік табиғаты бірдей қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде
қарама-қайшылықтарды болдырмауға және азаматтар мен ұйымдардың
әрекеттерінің жеке салаларында пайда болатын қоғамдық қатынастарды
азаматтық-құқықтық реттеудің қажетті бірегейлігін қамтамасыз етеді.
Жалпы бөлім азаматтық құқықтың жалпы ережелерін, меншік және өзгеде
заттық құқытарды, міндеттемелік құқытарды, шарт жөніндегі жалпы ережелерді
қарастырса, ерекше бөлім міндеттемелердің жекелеген түрлерін,
интелектуалдық меншік құқығын, мұралық құқық және халқаралық жеке құқық
қатынастарын зерделейді.
Азаматтық құқықтың қайнар көздері. Азаматтық заңдылық бірегейлігі мен
дифференциациясын ескере отырып орналасқан азаматтық құқық нормалары түрлі
құқықтық нормативті актілердің баптар түрінде (әрі қарай – нормативті
актілер немесе құқықтық актілер) көрініс табады, оларды азаматтық құқықтың
қайнар көздері деп аталады. Аталған нормативтік актілердің жиынтығы
азаматтық заңдылықты құрайды.
АК 3 бабында азаматтық заңдылық түсінігіне тек АК және оған сәйкес
қабылданған өзге заңдар кіреді көрсетілген. Азаматтық құқықтың қайнар
көздерінің негізгі үш түрін жіктеуге болады, олар мыналар: нормативтік
құқықтық актілер, салт – дәстүрлер, шарт.
Азаматтық құқық нормалары заңдарда және нормативті актілерде бекітілуі
мүмкін. Барлық осы нормативті актілер заңды күшіне байланысты қатаң
иерархиялық жүйеде орналасқан, нормативті актінің мәні оның заңды күшімен
анықталады. Нормативті актінің заңды күші неғұрлым үлкен болса, соғұрлым
оның азаматтық заңдылық жүйесіндегі алатын орны басым болады. Азаматтық
заңдылықтың нормативті актілерін осылайша құрылуының тек қана теориялық
емес, тәжірибелік маңызы да бар.
Азаматтық заңдылық, нормативті актілерінің көптігі және заң шығарушы
техниканың әлсіздігінен, түрлі нормативті актілердің бір мәселені әртүрлі
шешетін жағдайлары жиі кездесіп отырады. Бұндай жағдайда басым заңды күші
бар нормативті акт қолданылады.
Барлық заңдар заңды күшіне қарай заңдар және заңға бағынышты
нормативті актілер болып бөлінеді. Заңдар мемлекеттік өкілетті жоғарғы
органдарының шығарған нормативті актілері, олар заңға бағынышты нормативті
актілерге қарағанда басым заңды күшке ие.
Конституциялық заңдар ішінен ең үлкен заңды күшке Қазақстан
Республикасының Конституциясы ие. Өйткені ол елдің ең негізгі Заңы болып
табылады. ҚР Конституциясында құқықтың түрлі салаларының нормалары бар.
Олардың ішінде азаматтық құқық нормалары да бар.
Азаматтық заңдылықта Азаматтық кодекс түріндегі салалық
кодификацияланған нормативті актілер ерекше орын алады. Салалық
кодификацияланған нормативті актілер азаматтық құқық пәніне кіретін барлық
қоғамдық қатынастарды реттеуге арналған және Қазақстан Республикасы
территориясында азаматтық заңдылықтың дамуына негіз болып табылады.
АК салалық кодифицикацияланған нормативті акті ретінде Қазақстан
Республикасының бүкіл территориясында мүліктік-бағалы және жеке мүліктік
емес қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етуге арналған. Осыған
сәйкес АК азаматтық құқық пәніне кіретін барлық дерлік қоғамдық
қатынастарды реттеуге бағытталған азаматтық заңдылықтың ең маңызды
қалыптарын бекітеді.
Кодифицикацияланған нормативті актілермен қатар азаматтық заңдылық
жүйесін азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынастардың жеке түрлерін
реттейтін арнайы заңдар құрайды.
Мысалы, Қазақстан Республикасының Сақтандыру туралы Заңы, сақтандыру
ұйымдары мен азаматтар, кәсіпорындар, мекемелер арасындағы, сонымен қатар
сақтандыру ұйымдарының өз арасындағы сақтандыру саласындағы қатынастарды
реттейді; “Қазақстан Республикасының Патенттік Заңы” мүліктік және
құрастырмаларды, пайдалы модельдерді және өндірістік үлгілерді құру,
құқықтық қорғау және қолдануға байланысты туындаған олармен байланысты жеке
мүліктік емес қатынастарды реттейді; ҚазССР Тұтынушылар құқықтарын қорғау
Заңы тұтынушылар мен кәсіпкерлер арасында туындайтын қатынастарды реттейді
Заңға бағынышты актілер нормативті актілер ішінен азаматтық заңдылық
жүйесінде Қазақстан Республикасының Президенті мен үкіметі шығаратын
құқықтық актілер түрінде белсенді роль атқарады.
Азаматтық құқық және халықаралық құқық нормалары. Қазақстан
Республикасы әлемдік бірлестіктің бөлігі болып табылады, сондықтан
Қазақстан Республикасының азаматтық заңдылығы халықаралық құқықтардың жалпы
қолдаған қағидалары мен нормалары, Қазақстан Республикасы қатысатын
халықаралық келісімдермен есептесуі керек. Осыған сәйкес Қазақстан
Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған
қағидалары мен нормаларына қосыла отырып Қазақстан Республикасының
халықаралық келісімдері негізінде Конституциялық құқықтық жүйенің құрамдас
бөлігі ретінде қарастырады. Бұл дегеніміз, азаматтық құқық пәніне кіретін
қоғамдық қатынастарды реттеу кезінде халықаралық құқықтардың жалпы қолдаған
принциптері мен нормалары және Қазақстан Республикасының халықаралық
келісімдері қолданылуына мүмкіндік береді деген мағынаны береді.
Азаматтық заңдылық, іскерлік ғұрыптар, іскер айналым дәстүрлері, мораль
және адамгершілік ережелері. Іскер ғұрыптар деп азаматтық айналымда
орнатылған тәртіп ережелерін айтады. Өздігінен іскер ғұрыптар азаматтық
құқық қайнар көздері болып табылмайды. Бірақ та мемлекет құқықтық акт
арқылы іскер ғұрыпты санкцияған кезде ол заңды күшке ие болып азаматтық
заңдылық жүйесіне кіреді.
Қазіргі кезде барлық іскер ғұрыптар арасынан тек қана кәсіпкерлік
салада қолданылатын іскер айналым дәстүрлерін бөледі. АК күшімен
кәсіпкерлік әрекет нәтижесінде туындаған дауды шешу кезінде сот қолдана
алатын іскер айналым дәстүрлері деп заңдылықпен немесе келісіммен
қарастырылмаған, бірақ өз мазмұнында жетерліктей анықталған, кәсіпкерлік
әрекеттің қандай да бір саласында кеңінен қолданылатын тәртіп ережелері,
мысалы қандай да бір міндеттемелерді орындау дәстүрі және т.б. Іскер
айналым дәстүрі қанай да бір құжатта тіркелгендігіне не тіркелмегендігіне
қарамастан қолданыла алады).
Азаматтық заңдылық, сот пленумдарының шешімдері, шешімдер, соттық
практика және сот прецеденті. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумы
жалпыланған материалдарды қарастырып, заңдылықты қолдану жөнінде бастаушы
талқылаулар береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының
талқылаулары Қазақстан Республикасының жалпы юрисдикциясындағы барлық
соттар үшін міндетті. Аталған талқылаулар нормативті актілер болып
табылмайды, олар құқықты қолдану актілері болып табылады.
Сот пленумдарының қаулылары азаматтық заңдылықтың мәнін талқылап,
түсіндіруі ғана тиіс, азаматтық құқықтың жаңа нормаларын құрмайды.
Сондықтан сот пленумдарының қаулылары азаматтық құқықтың қайнаркөзі болып
табылмайды.
Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне сот практикасы да жатпайды. Сот
тәжірибесі деп бір категориялы істерді соттардың бірнеше рет бір түрлі
шешімдер шығару жағдайын айтады. Азаматтық құқықтың қайнар көздеріне
сонымен қатар сот прецеденті де жатпайды. Сот прецеденті деп соттың нақты
іс бойынша шығарған шешімін келесі бір ұқсас жағдайға қолдауын айтады.
Азаматтық заңдылық әрекеті. Азаматтық заңдылық уақыта, кеңістікте және
қатынасқа түсуші тұлғалар арасында әрекет етеді. Азаматтық құқық нормалары
азаматтық құқық пәнін құрайтын қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған.
АК заңдарының құқықтық актілерінің кері күштері болмайды. Азаматтық
құқықтың уақыт аралығындағы әрекетін деп заңның әрекет ету мерзімін
қарастырамыз. Жалпы заңның әрекет ету мерзімі мынандай түрлерде
сипатталады, заңды күшіне ену мерзімі, заңды күшін жою мерзімі және әрекет
ету мерзіміне байланысты.
Заңды күшіне енуі бойынша мерзімдер ресми басылымға шыққан кезден
бастап 10 күн өтісімен немесе нақты сол басылымда көрсетілген мерзім. Ал
заңды күшін жою мерзімдері мынадай жағдайлармен сәйкестенуі мүмкін, тура
сондай жаңа заңның қабылдануы немесе заңның әрекет ету мерзімінің аяқталуы.
Кеңістіктегі әрекеті деп нормативтік құқық актінің барлық Қазақстан
Республикасы аумағына толығыменен даруын айтамыз, сонымен қатар кейбір
актілер тек белгілі органдардың немесе ұйымдардың шегінде ғана әрекет ете
алады оларды локальді нормалар деп атаймыз. Ал азаматтық заңның тұлғалар
арасындағы әрекеті деп азаматтық қатынасқа түсуші кез-келген тараптарға
даруын айтамыз, мысалы жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, шетел азаматтары мен
заңды тұлғалары.
Азаматтық қатынастарды қарастыру барысында олардың қолданудағы
императивтік және диспозетивтік жағдайларға зейін салу керек.
h41.3 Азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау
Азаматтық-құқықтық нормаларды талқылау деп онда кездескен
түсініспеушіліктерді жою арқылы оның мазмұнын түсінуді айтады. Қандай да
бір азаматтық-құқықтық нормалардың мазмұнында түсініспеушіліктер түрлі
себептерден туындауы мүмкін. Бұл жағдай мысалы нормативті актінің қысқаша
жазылуынан немесе өзгеде себептерден пайда болады. Сол себепті азаматтық-
құқықтық нормалардың түрлі талқылаулары қолданылады.h4
Талқылау субъектісіне байланысты: аутентикалық, легальды, соттық және
ғылыми талқылаулар болып бөлінеді. Аутентикалық талқылау құқықтық акт мәнін
оны шығарған органмен берген талқылауды қарастырамыз. Легальды талқылау
құқықтық норманы шығарған органмен емес, осындай талқылаулар жүргізуге
толық құқығы бар органмен береген талқылауды айтамыз.
Соттық талқылау құқықтық норма мәні соттық органмен қабылданған шешім
ретінде немесе іс бойынша анықталған кезде қолданылады. Соттық талқылау
шешім немесе анықтама қабылданған іске қатысы бар тұлғаларға ғана
міндеттеуші күшке ие.
Ғылыми талқылау (доктринальды) құқықтық норма мәні ғалыммен қандай да
бір әдебиетте, азаматтық заңдарға түсініктеме ретінде, ғылыми
конференцияларда, т.б. талқыланған кезде қолданылады. Ғылыми талқылаудың
міндеттеуші күші жоқ. Бірақ оның мәні өте зор, өйткені ғылыми талқылаулар
талқылауларының міндеттеуші күші бар органдармен қолданылады.
Талқылау әдісіне қарай грамматикалық, логикалық, жүйелік және тарихи
талқылаулар болып бөлінеді. Грамматикалық талқылау азаматтық құқық
нормаларының мәні грамматика ережелерінің көмегімен анықталатындығымен
сипатталады.
Логикалық талқылау азаматтық құқық нормаларының мәні формальды логика
ережелерінің көмегімен анықталатындығымен сипатталады.
Жүйелік талқылау азаматтық құқық нормаларының мәні осы норманың
азаматтық заңдылықтағы орны мен құқықтың сабақтас нормаларымен қатынасын
анықтау жолымен анықталатындығымен сипатталады.
Тарихи талқылау азаматтық құқық нормаларының мәні оны өзі қабылданған
кездегі шарттарды салыстыра отырып анықталатындығымен сипатталады.
Талқылау көлеміне байланысты тура, шектеулі және кеңейген талқылаулар
болып бөлінеді.
Азаматтық заңды тура талқылау заңның мазмұны оның мәтініне тура сәйкес
келген жағдайда қолданылады. Заң шығарушы азаматтық-құқықтық норманың нақты
мәні оның тура мәтініне сәйкестендіруге тырысқандықтан, көп жағдайда осы
тура талқылау қолданылады.
Құқықтық норманың мәні оның мәтінінен тарлау болған жағдайлар да
кездеседі. Бұндай жағдайларда шектеулі талқылаулар қолданылады.
Азаматтық-құқықтық норманың мәні оның мәтінінен кең болған жағдайда
кеңейген талқылаулар қолданылады.
Азаматтық заңдылықта заң ұқсастығын қолдану. Заң шығарушы өмірдің
барлық жағдайлары үшін құқықтық нормаларды қарастыра алмайды. Азаматтық заң
шығарылған кезде болмаған не осындай заң қабылданып, заң шығарушымен
ескерілмеген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес қатынастар жиі
кездеседі. Бұл жағдайда азаматтық заңдылықтағы ақауларды жою әдісінің бірі
болып осы құқытағы аналогия қарастырылады. Азаматтық заң аналогиясын
қолдану үшін келесі шарттар қажет:
сипаты жағынан азаматтық құқық пәніне кіретін қоғамдық қатынас
болғанда, яғни кез келген мүліктік-бағалы және жеке мүліктік емес
қатынастар; бұл қоғамдық қатынас азаматтық құқық нормасымен, екі жақтың
келісімімен немесе іскер айналым дәстүрімен реттелмеген.
Бұл жағдайда қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу қандай да бір азаматтық
заңның түр мәтінімен ғана емес, оның нақты мәніне де қарастырылмаған, яғни
бұл қоғамдық қатынасты азаматтық құқықтың қандай да бір нормасын кеңейген
талқылау жолымен реттеу мүмкін емес;
Құқық заңының аналогиясын қолдану мүмкін емес болған жағдайда, екі
жақтың құқықтары мен міндеттері жалпы бастаулар мен азаматтық заңдылықтың
(құқық аналогиясы) мәнімен анықталады.
Құқық аналогиясын қолдану үшін заң аналогиясы туралы айтылған
шарттардың алғашқы екеуінен басқа сонымен қатар келесі үшінші шарт қажет:
ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормасы жоқ.
h42 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ
2.1 Азаматтық құқықтың негізгі элементтері
Азаматтық құқықтың элементтерін талқылайтын болса алдымен қатынасқа
түсуші тараптары, яғни азаматтық құқықтық қатынас субъектілерінің құқықтық
жағдайына зейін салу керек. Азаматтық құқық қатынас субъектілері деп
қатынасты қалыптастырушы таранды қарастырамыз. Негізінен оларды басты үш
түрге жіктеуге болады жеке тұлғалар, заңды тұлғалар және мемлекет деп.
Азаматтық құқық қатынас адамдар арасында қалыптасады. Сондықтан
субъект түрінде жеке индивидтер, әйтпесе белгілі бір адамдар ұйымы
көрінеді. Біздің елде субъект түрінде тек Қазақстан Республикасының
азаматтары ғана емес, шет ел азаматтары жеке азаматтығы жоқ тұлғалар бола
алады.
Сонымен, азаматтық құқық қатынас субъектілері мыналар:h4
1. Қазақстан азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар
2. Қазақстандық және шет елдік заңды тұлғалар
3. Қазақстан республикасы, әкімшілік-территориялық бірлестер
Азаматтық құқық қатынас объектілері. Азаматтық құқық қатынас объектісі
түрінде оның субъектілерінің материалдық және жеке материалдық емес
игіліктерге бағытталған әрекеттері мен нақты азаматтық құқықты
қалыптастырушы жағдайларды жатқызамыз.

меншік нәтижелері.
Мүліктік қатынас деп мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы
қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны
мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес
қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның
дара қасиеттерін өзара бағалау жағдайларын қарастырған.
Азаматтық құқықтың тағы бір қажетті элеметтінің бірі ретінде мазмұны
қарастырылады, мазмұны деп осы азаматтық қатынасты қалыптастырушы
тараптардың арасындағы негізгі құқықтары мен міндеттерін айтамыз. Ал
азаматтық құқықтың нысаны деп осы жоғарыдағы жағдайларды рәсімдеу тәртібін
айтамыз, мысалы азаматтық қатынасты ауызша немесе жазбаша нысанда
рәсімдеуге болады.
Азаматтық құқықтық катынастарының жіктелуі.
Азаматтық қатынастар тақырыбын қарастыруда тағы бір зейін сала кететін
жағдай ол азаматтық қатынастарды жіктеу болып табылады. Азаматтық
қатынастарды мынандай түрлерге жіктеуге болады:
• Азаматтық құқық көлеміне байланысты: мүліктік және жеке мүліктік
емес;
• Реттеу тәсіліне байланысты: заттық және міндеттемелік;
• Тұлғаның құқықтық жағдайына байланысты: абсолютті және
салыстырмалы;
• Қатысушылардың арасындағы құқықтық жағдай бойынша: күрделі және
қарапайым болып бөлінеді.
Азаматтық құқықтық қатынастардың пайда болу негіздері. Азаматтық
заңдағы құқықтық нормалар өз бетімен азаматтық құқықтық қатынастарды
тудырмайды, өзгертпейді және жоймайды. Ол үшін құқықтық нормалармен
қарастырылған жағдайлар туындауы қажет, оларды азаматтық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz