Қазақ салт-дәстүрлері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Бөлім Қазақ салт.дәстүрлерінің теориялық негіздері.
1.1. Салт.дәстүр туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Салт.дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты жіктеу ... ... ... ... ... ...
1.3. Қазақ салт.дәстүрлерінің тәрбиелік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... .


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе

Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі бүгіндері жылдан-жылға сандары асып, қазақтың елі мен жерінің және тілінің мерейін өсіріп, болашақ ұрпақтың ұлтжанды болуына бірден-бір себепкер, жол көрсетуші ана тіліміздің алтын қазығы болып табылатын қазақ мектептерінде бас көтерер басты тұлға – ұстаздар қауымы екендігі дау туғызбайды.
Түптеп келгенде ата-анадан кейінгі бала, яғни оқушы тағдырының арқауына айналатын да осы мұғалімдер.
Жалпы әр ұлттың өсіп, жетіліп келе жатқан жастардың, жауқазын ұл-қыздарының өз елінің тілін, дінін, әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын, мәдениетін жете меңгерулеріне де бірден-бір атсалысатындар да осы тәлімгерлер.
Жастар - қоғам дамуындағы зор күш. Бұл кезең адамның өмірінің албырт, әрі мөлдір, ізденгіш талапкер кезі. Жастар біздің білімімізді, ғылымымызды дамытушылар.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев: “21 ғасырда білімін дамыта алмаѓан елдіњ тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру” – деген өзінің жолдауында еліміздің дамыуна, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып өтеді.
Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.
Халық тәрбиесі – сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени мұрасы.
Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайындаұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек” деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде ерекше атап айтады (29.26). Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі” – деген ой түйген болатын.
Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдеп. –Алматы., “Рауан”, 1998.350б.
2. Ахметов Ш. Қазақ халқының бала тәрбиелеу дәстүрі , //Мектеп. N7, 2004.
3. Аңламасова Г. Жас ұрпақты рухани құндылықтар негізінде әлеуметтендіруде ұлттық мәдениеттің рөлі. //Ұлт тағылымы. N4, 2003.
4. Әбілова З.Ә. Этнопедагогика. -Алматы., 1987. 340б.
5. Әбілова З., Қалиев Қ. Этнопедагогика оқулығы. –Алматы., 2004.391б.
6. Әлімбекова Г. Салт-дәстүрмен байланыстыра. //Қазаќстан мектебі, N4, 2004. 50-56 бб.
7. Дүйісова Ә. Халықтық салт-дәстүрмен. // Бастауыш мектеп, N2, 2004. 24б.
8. Жұмабаев М. Педагогика. -Алматы.,1992. 154б.
9. Ералин Қ. Қазаќтың бейнелеу өнері арқылы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. –Алматы., «Мектеп», 1988. 60б.
10. Ералин Қ. Сәндік өнер және көркемдік танымның негіздері. //Бастауыш мектеп, N5, 1991. 38-40б.
11. Ералин Қ. Сынып сағаты мен тәрбие жұмыстары. –Шымкент., 1993. 72б.
12. Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. -Алматы., 1995. 349б.
13. Исмакова З. Болашақ ұстаздың қазақ салт-дәстүрлерін тәрбиелік-әлеуметтік оқу-тәрбие процесінде пайдалануға даярлау. Этнопсихология және этнопедагогика. –Алматы.,2003. 267б.
14. Исмакова З. Халық педагогикасының тағылымдары. //Ұлағат, N2, 2002. 17-19бб.
15. Ищанова Г.Ата-дәстүр салтымыз. Бастауыш мектеп. N11,2002. 15-17бб.
16. Кенжебаева Р. Халық педагогикасымен сабақтастыру. //Бастауыш мектеп, N8, 2004. 18б.
17. Кішібеков Д. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең. -Алматы, «Ғылым», 1999.210б.
18. Қалиұлы С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. -Алматы., «Білім», 2003. 325б.
19. Қалиұлы С., Оразаев М., Смайылов М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. –Алматы., 1994. 195б.
20. Қалиев С. Үлгілі үйдің ұл-қызық. –Алматы., 2002. 315б.
21. Қожабеков Б. Қазақы неке. –Алматы., 1994. 365б.
22. Қырықбаев М. Халық өнерінен. //Бастауыш мектеп, N5,1999. 26-29бб.
23. Қоқымбаев Т.И. Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудегі халық педагогикасының рөлі. Этнопсихология және этнопедагогика. –Алматы., 2000. 267б.
24. Қазақ халқының тәлім-тәрбие тарихынан. –Алматы., 1992. 225б.
25. Қазақ совет энциклопедиясы. –Алматы., 1976,1978. 9-3томдар, 626-622бб.
26. Рүстемов М. Дәстүріңді сақтай біл. –Алматы., 1 кітап, 1991. 24б.
27. Рүстемов М. Дәстүріңді сақтай біл. –Шымкент., 4-кітап, 1993. 50б.
28. Сәдуақасұлы Ә. Әдет және ғұрып. //Қазаќстан мектебі, N2, 2001.
29. Сәлімбеков Т. Дәстүр – кең мағыналы ұғым. //Ұлағат, N6, 2003. 42-43бб.
30. Тілеуова С., Әліпбек А. Этнопедагогика. –Шымкент., 2004. 187б.
31. Төлеубеков Р. Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика. –Алматы., 1994. 140б.
32. Табылдиев Ә. Тәрбие өрнектері. 143б.
33. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасындағы құқықтық тәрбие. –Алматы., 2003. 121б.
34. Табылдиев Ә. Қазақ этнопедагогикасының. -Алматы., 2001. 318б.
35. Шошақов Ә. Халық тәлім-тәрбиесі. –Алматы., «Рауан», 1994. 112б.
36. Шоғанбекова Д. Ұлттыќ салт-дәстүрлер. //Ұлаѓат, N1, 2004. 37-38б.
37. Шәкірова Ж. Халық педагогикасы – халық қазынасы. //Ұлаѓат,N2, 2002. 21-23б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1. Бөлім Қазақ салт-дәстүрлерінің теориялық негіздері.
1. Салт-дәстүр туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты жіктеу ... ... ... ... ... ...
3. Қазақ салт-дәстүрлерінің тәрбиелік негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... .

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Республикамыздың түкпір-түкпіріндегі бүгіндері жылдан-жылға сандары
асып, қазақтың елі мен жерінің және тілінің мерейін өсіріп, болашақ
ұрпақтың ұлтжанды болуына бірден-бір себепкер, жол көрсетуші ана тіліміздің
алтын қазығы болып табылатын қазақ мектептерінде бас көтерер басты тұлға –
ұстаздар қауымы екендігі дау туғызбайды.
Түптеп келгенде ата-анадан кейінгі бала, яғни оқушы тағдырының арқауына
айналатын да осы мұғалімдер.
Жалпы әр ұлттың өсіп, жетіліп келе жатқан жастардың, жауқазын ұл-
қыздарының өз елінің тілін, дінін, әдет-ғұрпын, дәстүрін, тарихын,
мәдениетін жете меңгерулеріне де бірден-бір атсалысатындар да осы
тәлімгерлер.
Жастар - қоғам дамуындағы зор күш. Бұл кезең адамның өмірінің албырт,
әрі мөлдір, ізденгіш талапкер кезі. Жастар біздің білімімізді, ғылымымызды
дамытушылар.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев: “21 ғасырда білімін дамыта алмаѓан
елдіњ тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік
стандарттар деңгейінде білім беру” – деген өзінің жолдауында еліміздің
дамыуна, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып
өтеді.
Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі
бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның
ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-
саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.
Халық тәрбиесі – сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен,
шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен
тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени
мұрасы.
Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту
жайындаұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский “әрбір халық пен ұлт өз ана тілі
мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып,
тәрбиелеу керек” деген өзінің ұлағатты ойын “Родная речь” атты еңбегінде
ерекше атап айтады (29.26). Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің
еңбектерін ана тілінде жазып, “бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен
халқының салт-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің
дамып жетілуі де ұлты
мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу,

салауатты азаматтар болып өседі” – деген ой түйген
болатын.
Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ
сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті
келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан,
даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің
басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған.
Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша,
татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-
тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.
Халқымыздың ғасырдан-ғасырға қастерлеп келген құнды дәстүрлері өте көп.
Оны бүгінгі ұрпақ қаншалықты біледі, қастерлейді, білмесе білуге ұмтыла ма,
“халқын сүйген салтын да сүйеді” демекші, олар ата-салтын мақтаныш тұта ма,
деген сұрақтар төңірегінде ойланғанымыз жөн..
“Қазақтар балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен
тәрбиеле”, - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе
жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді
көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймыз.
Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан
еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру
– біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектетегі тәрбие үрдісін ұлттық
қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы
мектептер балаларға жекеленген ғылыми әндерді терең оқытуға тырысса да,
адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның
салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің
не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық
жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Бүгінгі күні тіліміздің аясы кеңіп, мемлекеттік мәртебе алып отырған
шақта қазақ мектептерінің саны да артып келеді. Алайда ең керегі оқу
орнының сан емес – сапасы екенін естен шығармау керек.
Көбінесе тақырдан басталған халықтық тәрбиенің негізі – орыс
мектептеріне арналған оқулықтар мен оқу құралдарынан, әдістемелерден
аударып бағдарламаларға енгізілді. Ал, бұл тұста атап айтып тұрғандай,
біздің ұлтымызға ғана тән тіліндегі, дініндегі, өмір сүру үрдісіндегі,
тұрмыс салты мен әдет-ғұрпындағы басқа ешбір халықта қайталанбайтын
ерекшеліктер ескерілмеді. Басқасын былай қойғанда жетпіс жыл бойы солақай
саясаттың шырмауында, сол кездегі саясатқа байланысты қазақ мектептерінде,
ұлттық мектептерде тәрбие мүлдем жүргізілмегендігі ешкімге жасырын емес.
Бүгінгі таңда тәуелсіздігіміздің он жылдығын атап өтіп, егемендігіміздің
еркіндігінің есебі өмірдің – сан-саласында қанат жайып, шарықтаған тұста,
әлі де ауыз толтырып, ұртымыз ісіп, мақтанып айта алмайтын күрмеуі шешілмей
келе жатқан мәселелер аз емес.
Жоғарыдағы ойымызды тірілтер болсақ, қазақ тілінде дәріс беретін
көптеген мектептерде “Халық педагогикасы” өз дәрежесінде жүргізілмейді.
Осының салдарынан ұлттық дәстүр мен әдет-ғұрыпты аяқ асты ету, үлкенді
кішінің, ата-енені келіннің сыйламауы, ағаның ақылын інінің алмауы,
жастардың еңбекті сүймеуі, жатып ішер жалқаулық, нашақорлық пен
маскүнемдік, пайдакүнемдік т.б. сорақы қылықтар жастар арасында жиі көрініс
беруде.
Бала тәрбиесі баршаға ортақ іс. Оған көпшілік қоғам болып жұмылу,
парасаттылық пен байсалдылық керек. Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден
қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрі мен тағлымдарын, мәдениет тарихын,
бұрын-соңғы ұлы ойшыл педагогтардың еңбектерін оқып жетік білмей, оны жақсы
меңгермей тұрып келер буынға дұрыс тәрбие-тағлым беру мүмкін емес. Себебі,
өткенді жақсы білмейінше келешекке сапар шегу, Л.Толстой айтқандай , айсыз
қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп шатасумен пара-пар.
Қазақстан Республикасының 1999 жылы қабылданған “Білім туралы” заңының
8 бабында Білім беру жүйесінің міндеттерінде: “Азаматтық пен елжандылыққа,
өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конституцияға қайшы және
қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге

тәрбиелеп, қазақ халқының мәдениеті
мен дәстүр салтын

оқып-үйрену үшін
жағдай жасау” деп көрсетілген.
Сондықтан да ұлттық салт-дәстүрлерді бала бақшадан бастап жоғары оқу
орындарында дейін кең түрде насихаттау қажет.
Бұл мәселемен Республикаға есімі танымал ғалымдар мен педагогтар, атап
айтқанда, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, С.Ұзақбаев, М.Балтабаев, Ә.Табылдиев,
С.Тілеуова, Қ.Ералин, Б.Ортаев сынды зерттеушілер айналысқан.

1.Тарау Қазақ салт-дәстүрлерінің теориялық негіздері.

1. Салт-дәстүр туралы түсінік.
Әрбір халықтың өз ерекшелігі бар. Сондай ерекшеліктердің бірі – салт-
дәстүрі. Салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын ұмытқан халық тарихтан өз орынын таба
алмайды.
Ендеше сол тарихқа көз жіберсек, біздің қазақ халқы екі ғасырдан астам
уақыт отаршылдық саясаттың астында болыпты. Жүздеген жылдар отарлық езгіні
көп ұлттар басынан кешкенімен, тап біз сияқты тіл мен әдет-ғұрпына,
мәдениетіне орны толмас зиян келтірген ел жоқ шығар.
Халқымыз ежелден өз ұрпағын адамгершілікке, инабаттылыққа, ізгілікке,
имандылыққа тәрбиелеуді ең басты мақсаты санаған. Сондықтан ата-бабамыз
көшіп-қонып жүріп-ақ ұрпақ қамын жеп, оның болашағына жеткілікті мән
берген. Сонау “Жеті жарғыдан” бастап ата-салт, әдет-ғұрпымыз бұған дейінгі
талай ұрпақ үшін теңдесі жоқ, тәрбиелік маңызы зор адамгершілік кодексіміз
болды. Оған айғақ шетел оқымыстылары, ойшылдары біздің салт-дәстүрімізге
ерекше назар аударып, зерттеп тамсана жазғаны.
Әдет-ғұрып пен дәстүрді идеалды форма ретінде түсіндіру Маркстік
философияға дейін үстемдік еткен көзқарас болды.
Капитализмнің дамуына байланысты археология, антропология, этнография,
географиялық жорықтар мен жаңа ашылулар аймақтарында қарқынды зерттеулер
жүргізіліп, дәстүр мен әдет-ғұрып этнографияның, этиканың, лингвистиканың,
өнертану, әдебиеттанушы ғылымдарының зерттеу нысанына айналды.
А.Ампер өзінің “Философиялық ғылымдар тәжірибесі” еңбегінде адамзат
білімін табиғи классификациялауды бере отырып, ұлттың заңы мен әдет-ғұрпын
қарастыратын ғылымды этнодицей деп ұсынады.
1945 жылы Қазақстанда Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология,
этнографиялық институттың ашылуына байланысты қазақ ұлтының тарихын,
мәдениетін, тынысын зерттеу дұрыс жолға қойыла бастады. Ол кездегі ғалымдар
Х.Арғынбаев, И.Захаров, М.Мұқанов, Ө.Жәнібеов, С.Ақатаев т.б. қазақ ұлты
туралы этнографиялық білімді кеңейтуге атсалысты. Ал бүгінгі таңда қазақ
мәдениетінің этнографиялық, философиялық, мәдени аспектілері бойынша
Н.Масанов, Н.Шаханов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Ә.Табылдиев және т.б.
ғалымдардың еңбектерін атап көрсетуге болады. Бұл жинақталған білім
көздері, зерттеулер, саралаулар ұлт ұрпағын тәрбиелеуде қолдануды қажет
етеді.
Біздің қарастырып отырған тақырыбымыз салт-дәстүр болғандықтан, соның
әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, мағынасын ашайық.
Салт ұғымына Қазақ Совет энциклопедиясында “Салт – халықтар кәсібіне,
сеніміне, тіршілігіне байланысты қалыптасып ұрпақтан-ұрпаққа ауысып
отыратын әдет-ғұрып, дәстүр. Уақыт озған сайын оған жаңалық еніп, өзгеріп
қоғамдық болмыс принципіне бейімделіп отырады. Ал жаңа қоғамдық
қатынастарға қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері жаңа жағдайға
ілгері дамиды” деп анықтама берілген.
Ал, дәстүр ұғымына келетін болсақ, бұл көп мағыналы ұғым. Оған әр
түрлі сөздіктердегі анықтамалар дәлел. Сондай-ақ, ол – педагогикалық,
психологиялық, философиялық, этнографиялық зерттеулердің де өзегі.
Қазақ Совет Энциклопедиясында “Дәстүр – ұрпақтан-ұрпаққа көшетін,
тарихи қалыптасқан әлеуметтік нормалар мен принциптер. Дәстүр – қоғамдық
ұйымдар мен халықтың мінез-құлқы мен іс-әрекеттерінің негізі” делінсе,
философиялық сөздікте “Дәстүр – тарих барысыныда қалыптасып, ұрпақтан-
ұрпаққа жалғасып отыратын әдет-ғұрыптар, салт-сана, қоғамдық тәртіп, заң
мұрат пен игілік, мінез-құлық қалыптары және т.б. қоғамда, ұлтта немесе
жекелеген әлеуметтік топтарда ұзақ уақыт бойы сақталатын әлеуметтік –
мәдени мұра элементтері” делінген.
Кейбір зерттеушілер дәстүрге әр түрлі әрекет формасы арқылы анықтама
беруге тырысады. Е.Попов “дәстүрді сананың спецификалық жағдайы” деп
қарастырса, И.Петров “тарихи дамудың нәтижесінде пайда болған мінез-құлық
нормасын, ой мен әрекет бейнесін белгілеген үлкен қоғамдық құндылық және ол
өскелең ұрпаққа тапсырылуы қажет” дейді (30.43).
Дәстүр – адамзат есіндегілерді және әлеуметтік тарихи тәжірибені
ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші және жинақтаушы. Дәстүрде бірнеше ұрпақтың
мәдениеті мен мәдениеттілігінің көптүрлігі және бірлігі жинақталған. Дәстүр
қоғамдық өмірдің барлық саласын, тәжірибесін қамти отырып қоғамның әр
деңгейіндегі ақылды даналықты бейнелейді.
Дәстүр әр қырынан әр түрлі аспектіде қарастырылатындықтан және әр түрлі
ғылымның зерделеу нысаны болғандықтан дәстүр классификациясы да әр алуан.
Мәселен, Д.Зеленин дәстүрді аймақтық (территориялық), ұлттық, отбасылық деп
жүйелесе, Е.Белоусова дәстүрді жалпы әлеуметтік – саяси, діни экономикалық,
халықтық – ұлттық, отбасылық, ұжымдық, мемлекеттік – патриотизмдік,
еңбектік, ерліктік деп жүйелейді.
Сонымен, дәстүр ұғым ретінде мәдениеттің маңызды категориясының бірі
және ол дәстүр оқу-тәрбие үрдісінің құралы да.
Салт пен дәстүрдің айырмашылығы неде дегенге келсек, салт адам өмірінің
күнделікті тіршілігінде жиі қолданылатын мінез-құлық, қарым-қатынас
ережелері мен жол-жора, рәсім, заңдарының жиынтығы.
Ал дәстүрдердің өрісі салттан әлдеқайда кеңірек. Дәстүр қоғамдық
сананың барлық салаларымен байланыста дамыған, топтасқан қауымның
қалыптасқан біріңғай көзқарасын, әдет-заңын марапаттайтын ритуал. Дәстүр
идеологияға жақындау да, ал салт қоғамдық психологияға жақын.
Салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуымен бірге туып, бірге
дамып келе жатқан тарихи және көне процесс. Ол ұрпақ тәрибесінен, мәдени
тұрмысы мен шаруашылық тіршілігінен көрініс бере отырып, адамның дүниеге
келуімен бірге өрбіп, о дүниеге аттанып кеткенше құндақтайтын, тербететін
алтын бесігі іспеттес.
Енді, осы дәстүрлердің бөліктерін қарастырайық, оған жататындар:
А) дәстүрлердің мазмұндарында қоғамдық-экономикалық қарым-қатынастардың
белгілері болатындығында;
Ә) дәстүрлердің белгілі бір дәуірдің қоғамдық-экономикалық қарым-
қатынасын бейнелейтін идеялардан тұратындығы;
Б) арнайы адамдар тобына ғана тән даралық қасиеттерді (темперамент,
мінез-құлық т.б.) көрсететін дәстүрлердің айырмашылықтары.
Аталған дәстүрлердің элементтерінің мазмұны – салт пен ғұрыптар арқылы
беріледі. Яғни салттар мен ғұрыптар дәстүрлердің нақты іс-әрекеті ретінде
қабылданып, дәстүрлердің (структуралық) түрлерін анықтауға қол жеткізеді.
Дәстүрлердің құрылымдарына тоқталсақ, оларға:
1. Дәстүрлер бірлігін анықтайтын мазмұн;
2. Салттар мен ғұрыптар дәстүрлер элементтерінің түрлерін
жалғастыратындығы;
3. Ішкі сенімнен тұратын мотивке негізделген салт пен ғұрыптардың
қимыл, іс-әрекеті арқылы дәстүрлерден көрініс табуы.
Дәстүрлердің атқаратын жалпы және жеке қызметтерін талдай келе, жеке
қызметінен жалпы қызметтің ерекшелігі – дәстүрлер мәнінің белгілі бір нақты
тарихи жағдайлармен анықталатындығында. Дәстүрлердің жалпы қызметін атап
айтсақ:
А) өзгермелі және үнемі даму үстінде болатын қарым-қатынаста
тұрақтылықты қамтамасыз ететіндігі;
Ә) адамдар қарым-қатынасын ретке келтіру қызметі;
Б) адамдардың біріккен іс-әрекетін ұйымдастыру қызметі;
В) әлеуметтік тәжірибені сақтау және келесі ұрпаққа жеткізетін қызметі;
Г) адамдарды әлеуметтендіру қызметі;
Д) тәрбиелік қызметі.
Дәстүрлердің қызметін талдай келе олардың қоғам дамуындағы рухани және
материалдық өміріндегі алатын орны, адамның дүниетанымына тигізетін ықпалы
болатындығына көз жеткіземіз.
Бұдан шығатын пікір ұлттық салт-дәстүрлер белгілі бір халықтың
адамгершілік қасиеттерін, мінез-құлықтарын, рухани және материалдық
болмысын қалыптастыра алады.
Бүгінгі күнге дейін келіп жеткен қазақ салт-дәстүрлерінен өнегелік
қасиеттер, ғұрпы, әдет, жөн, жоралғы т.б. қазақ халқының асқан даналығы мен
ғажайып зердесі, ақыл-парасаты анық көрінеді.
Бұл жөнінде Ш.Уәлиханұлы былай деп жазады: “Далалық орданың тұрғыны –
қазақ өзінің моральдық қасиеті, ақыл-ой қабілеті жөнінен отырықшы татар
немесе түркі шаруаларына қарағанда әлдеқайда жоғары тұр...” (17.46.)
Олай болса, қазақтың ақыл-ой дамуының деңгейін көрсететін, болмысының
өзіндік бейнесі болатын рухани жеңіл материалдық мұраны өзіне біріктіре
алған қазақ салт-дәстүрлерінің ұлттық дүниетаным қалыптастыруда, ұрпақты
тәрбиелеуде атқаратын қызметі зор екендігі даусыз.
Қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлерін топтауға болады. Кейбір
авторлар, (С.Қалиев және т.б.) оларды үш үлкен топқа бөледі:
- бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
- тұрмыс салт-дәстүрлері;
- әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер.
Бала тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптарға баланың дүниеге келген
күнінен бері жүргізілетін тәлім-тәрбиелік дәстүрлерден (шілдехана, сүйінші,
балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тілін дамыту, тұсау кесу,
атқа мінгізу, сүндет тойы т.б.) бастап қыз бала мен ұл баланы келешек
отбасы-жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған
азаматтық жөн-жоралғылар кіреді.
Ал тұрмыс-салт дәстүрлеріне қазақтың киіз үйі, киіз үйдің жиһаздары,
ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылыққа
қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.
Сондай-ақ әлеуметтік мәдени салт-дәстүрлерге: қазақ ауылы, ауыл
адамдарының туыстық қарым-қатынасы, шешендік сөз өнері, қазақтың ұлттық
музыка аспаптары, қонақ күту, өлікті жөнелту рәсімдері, әдет-ғұрыптары
жатады. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталсақ.
Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлердің мынандай ерекшеліктері
бар. Жұбайлар отбасын құрған соң, олар баласы болуын арман етеді. Себебі,
бала өмірдің жалғасы.
Жас келіннің бойына бала біткенін сезген ене оны өз қамқорлығына алып,
пәле-жаладан, тіл-көзден сақтаудың шарасын істей бастайды. Абысын-ажын,
ауыл әйелдерін жинап, “құрсақ тойын” өткізеді. Оған жиналған әйелдер
шашуларын әкеп шашып, келінге бата-тілектерін білдіріседі.
Дүниеге жаңа келген жас нәрестенің құрметіне жасалатын ойын-той,
салтанатты жиындар мен рәсімдер көп. Соның ең алғашқысы – жарыс қазан.
Жарыс қазан атанатыны – мұндайда аяу, ірку деген болмайды. Бұл дәм –
перзент ас піскенге дейін немесе астың пісуімен қоса тусын деген ниетпен
жасалған.
Нәрестенің дүниеге келген құрметіне арналатын салт-дәстүрдің бірі –
шілдехана. Оны кей жерде “шілделік күзету” деп те атайды. Бұл жерде ана
аман-есен босанған соң сол күні-ақ ауыл жастарына берілетін той.
Сүйінші. Жас нәрестенің, әсіресе ұл баланың өмірге келуі отбасы
мүшелеріне үлкен қуаныш әкелген. Жас нәресте дүниеге келсе, қуанышты
хабарды тез жеткізу үшін сүйінші сұрайтын болған.
Балаға ат қою. Бала туғаннан кейін қырық күн өткен соң ел ішіндегі аузы
дуалы қарияға немесе баланың атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады.
Кейде “Қырықтың бірі қыдыр” деп құдайы қонаққа да баланың атын қойғызады.
Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі тілек мақсаттарға орайлас болып
келеді. Айталық: 1) бала бай,қуатты болсын деген тілекпен: Байбол, Дәулет;
2) күшті де батыл, ер жүрек болсын деп:Арыстан, Батырбек, Алпамыс; сұлу да,
көрікті, ажарлы да, әдемі болсын деп: Айсұлу, Нұрсұлу, Әсем, Раушан т.б.
есімдерді таңдап қойған.
Бесік. Қазақ баласын ағаш бесікке салып асырайды. Ағаш бесік көшпелі
өмірге өте қолайлы. Бала бөлеген бесіктің үстіне жеті нәрсе жабады. Бесікке
салғандарға бірнеше білезік, сақина, жүзік үлестіреді.
Бесік той. Бала қырқынан шыққан соң атасы мен әжесі немесе әке-шешесі
ауыл-аймақты жинап, баланың қарын шашын алып, бесікке салу тойын жасайды.
Бесікте бала емшектен шыққанша жатады. Ит көйлегі тозып, еңбектеп жүре
бастаған кезде баланы бесіктен мүлде шығарады.
Бесікті қазақтың құрмет тұтуы сонша, кейде атасы жатқан бесікке
немерелері жатады.
Енді тұсау кесерге келетін болсақ. “Қаз баса ғой қарағым
Құтты
болсын қадамың
Өмірге
аяқ баса бер
Асулардан
аса бер”- деп талай ұрпақтың тұсауы кесілген.
Тұсау кесетін адамды үй иесі өзі қалап алады. Тұсауға кезінде қойдың
тоқ ішегін пайдаланса, қазірде жіңішке ала жіпті байлап жүр. Тұсау кескен
адамға үй иесі көйлек кигізіп, сый-сияпат жасаған.
Атқа мінгізу тойы. Бала 4,5-5-ке толғанша әке-шешесі ұл балаға арнайы
ат, ертоқым даярлайды.
Ел жиналғаннан кейін баланың өзіне арналған құнанына ер салып, баланы
киіндіріп, атқа отырғызып жетектеген.
Қазақ баласы қарашадайынан атқа мініп шабуды, 5-6 жасынан бастап қозы,
лақ қайыруды үйренген.
Сүндет той. Сүндетке отырғызу ( ((-(((( ғасырларда араб елдерінен
шығып, бүкіл мұсылман жұртына тараған. Сүндетке отырғызу мұсылмандықтың
белгісі болып саналған. Баланы сүндетке 5,7 немесе 9 жасында отырғызған.
Балаға ата тегін үйрету. Балаға 7-9 жасында әкесінен бастап ағайын-
туысты, нағашы жұртын, алыс-жақынды таныстыру, ата-тегін, руын, ел жұртын
білдіруге ерекше көңіл бөлінген. “Жеті атасын білу” заң болған. Ер жігіттің
үш жұрты бар, оның шығу тарихын, тегін білу әр азаматқа парыз деп ұққан.
Әкесі, атасы балаға тек жеті атасына дейінгі бабаларының атын жаттатып қана
қоймай, олардың қандай адам болғанын, елі-жұрты үшін еткен еңбегі, өнегелі
істері жайын да әңгіме еткен. Сол арқылы бала ата дәстүрін жалғастырса екен
деген мақсат көзделген.
Тұрмыс салт-дәстүрлеріне мынадай іс-әрекет нормалары кіреді. Мал баққан
көшпелі халықтардың қысы-жазы отыратын баспанасы киіз үй болған. Ол тез
жығып, түйеге артып жүруге, шапшаң тігуге ыңғайлы.
Қазақтың киіз үйі сыртқы жабысына қарай: “үзікті”, “көтерме туырлықты”,
сүйегінің уақ-ірілігіне қарай: 4 қанат, 6 қанат, 8 қанат, 12 қанат, 18
қанат болып бөлінеді.
Киіз үйдің сүйегі дегеніміз, ол – кереге, сықырлауық, уық, шаңырақ.
Киіз үйдің сыртқы әбзелдері: туырлық, үзік, түңдік күн сәулесі мен тамшы
өткізбеу, жылу сақтау қызметін атқарады.
Қазақтың киіз үйіне лайықталынып жасалған үй жиһаздары болған. Олар:
кебеже, абдыра, кереует, жастық, ағаш, жүк аяқ, түс киіз, кілем, алаша,
текемет, сырмақ, бірсалар, тулақ, құрақ, көрпеше, жер жастық.
Қазақтың тұрмыс-салт дәстүрлеріне: зергерлік өнер, дастархан мәзірі,
төрт түлік малды бағу, аң аулау кіреді.
Әлеуметтік – мәдени салт-дәстүрлер мынандай іс-әрекет түрлерімен
ерекшеленеді. Әлеуметтік – мәдени салт-дәстүрлер қоғамдық сана, қоғамдық
болмыспен тығыз байланысты, бір-біріне зор әсерін тигізеді. Әлеуметтік
-–мәдени салт дәстүрлерге: шешендік өнер, қазақтың музыкалық аспаптары, үй
болуға байланысты салт-дәстүрлер, ұлттық ойындар, қонақ күту, мейрамдар,
жерлеу және ас беру рәсімдері жатады.
Философия ғылымының докторы, профессор Н.Сәрсенбаев өзінің “әдет-ғұрып,
дәстүр және қоғамдық өмір” атты еңбегінде әдет-ғұрып, дәстүрдің қоғамдық
өмірден алатын орнына, атқаратын қызметіне философиялық тұрғыдан талдау
жасап: “Дәстүрге әдет-ғұрыптың өткен қоғамнан қалған озық түрлері мен
тұрмыстық формалары, ырым-жоралары, рәсімдер жиынтығы кіреді ”, - дейді.
Дәстүр – тарихи тұрақтанған, қоғамдық қарым-қатынастың нормада бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа жалғасып жататын, көпшілік қоғам мүшелеріне ортақ
әдет-ғұрыптардың жинақталған түрі.
Әдет-ғұрып – рәсім арқылы көрсетілетін әрекет, қимыл. Ол да көпшілікке
ортақ іс-әрекеттен көрініс береді. Ал жол-жоралар, ырымдар - Әдет-ғұрыптың
бөлшектері, сонан келіп салт пен дәстүр тоғысып туындайды.
Біздің пікірімізше, ырым, рәсімдер, жол-жоралар салттың құрамдас
бөлшектері болып саналады да, дәстүр осылардың сұрыпталып, өмір өткелінен
өтіп, тұрмыста орын алған синтездік формасы демекпіз. Ал әдет-ғұрыпқа
салттың синонимі деп қарау керек.
Салт-дәстүрлер бір жағынан халықтың тұрмыс-тіршілігімен байланыста
туған этнографиялық құбылыс болып саналса, екінші жағынан ұрпақ тәрбиесінің
ритуалы болып саналады.
Қазақтың салт-дәстүрлерінің құрылымына келетін болсаќ. Салт пен дәстүр
ең негізгі басты бөлігі болып табылады. Соның ішінде, салтқа: ырым, жол-
жора, кәделер кіреді. Олардың өзі: баланы күтумен байланысты, құда түсу,
ќыз ұзату, келін түсіру, өлікті жөнелту, ұлттық тағамдар дайындаумен, қонақ
күтумен, көшіп-қонумен байланысты.
Осы құрылымдарын негізге ала отырып, біз қазақ салт-дәстүрлерінің
құрылымының схемасын ұсынамыз.

Қазақтың салт-дәстүрлерінің құрылымы

Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерді сараптау мынандай қорытынды жасауға
септігін тигізді:
1. Салт-дәстүр – көп қырлы қоғамдық құбылыс, ол әдетте жеке адам мен
халық адам мен адамзаттың рухани дамуын көрсететін әлеуметтік -
мәдени жетістік ретінде көрінеді. Салт-дәстүр өз дәуірінің айнасы.
Салт-дәстүрдің мәніне қарап, қоғамдық – экономикалық формацияның саяси,
тарихи және рухани өмірін анықтауға, бағалауға болады.
2. Салт-дәстүрлердің түрлері өте көп: бала тәрбиесіне байланысты салт-
дәстүрлер, тұрмыс салт-дәстүрлер, мәдени-әлеуметтік, жаңа салт-дәстүрлер
т.б. салт-дәстүр тіл мен сана секілді тек адамға ғана тән. Олардың
негізгілері көпшіліктің қатысуымен өткізіледі.
3.Салт-дәстүрлер жеке адамға қатысты немесе көпшілікке қатысты болып
келеді.
4. Салт-дәстүрлердің мынандай негізгі сипатына қарап ерекшеленеді.
1) олардың сонау көне заманнан күні бүгінге дейін эстафета түрінде
жалғасуы.
2) салт-дәстүрлердің өмірдің заңды ритмикалық құбылыстармен байланысты:
табиғат, уақыт, тарих көші, яғни салт-дәстүрлердің тұрақтылығы және
мазмұны мен түрінің өзгерісі.
3) Салт-дәстүрді өз игілігі деп түсінетін топтың қоғамдастықтың ұжымдық
сипаты.
4) Салт-дәстүрдің мәдени бағалылығын сақтап, қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізілуі.
Салт-дәстүр дегеніміз – ұжымдық символдық іс-қимыл, адамдардың көңіл
қошының көрінісі, оларды ұжымға тартудың бір түрі, белгілі идеялар мен ойын-
сауықтарды символдық түрде ұсыну.
Қорытындылай келе, қазақ салт-дәстүрлері бүгінгі күнде арнайы зерттеуді
қажет ететін мәселе екендігіне көз жеткіземіз. Ол үшін мынандай міндеттерді
шешу қажеттігі туып отыр.
1. Салт-дәстүрлердің тарихын зерттеу, олардың халық педагогикасындағы
алатын орнын анықтау.
2. Салт-дәстүрлердің тәрбиелік мән-мазмұнын зерттеу, ұлттық тәрбие
берудегі қазіргі мектептерде оқу-тәрбие процесіндегі пайдалану
жолдарын көрсету.
Сонымен бірге “дәстүрдің озығы бар, дәурені жеткен тозығы бар”
дегендей, “жылтырағанның бәрі алтын емес”. Қазіргі заман талабына тура
келмейтін, мән-мағынасы өзгерген, ескірген салт-дәстүрлердің кейбіреулеріне
сын көзімен қарап, тәлімдік мәнін жоймаған салт-дәстүрлерді бүгінгі талғамы
мен пікірі жоғары жастардың кәдесіне жарату қажет.

1.2. Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты жіктеу

Қазіргі кезде республикамыздағы жалпы білім беретін мектептердегі оқу-
тәрбие жұмысының арқауы халықтық педагогика.
Халықтық педагогика – халықтың өте ертедегі ата-бабаларымыздың өмір
сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан
рухани мұрасының бірі. Халықтық педагогиканың бірнеше түрлері мен бағыттары
бар.
Халықтық педагогикаға берілген анықтамалардан, оның факторлары мен
негізгі бағыттарын схема түрінде көрсетуге болады. Халыќтыќ педагогиканыњ
негізгі баѓыттары мен факторлары 2-схемада берілген.
Салт-дәстүрді тәрбие түрлеріне байланысты мынандай топтарға жіктеп
қарастыруға болады:
- отбасындағы салт-дәстүрлер;
- адамгершілік салт-дәстүрлері;
- еңбек салт-дәстүрлері;
- ойын-сауық салт-дәстүрлері;
- әсемдік салт-дәстүрлері;
- өнер салт-дәстүрлері;
- ақыл-ой тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
- дене тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер;
- ерлік тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер.
Халықтық педагогикадағы тәрбиенің осы түрлеріне жеке-жеке тоқталайық.
Себебі, оныњ єрќайсысыныњ µзіндік атќаратын рµлі бар.
Отбасындағы салт-дүстүрлер болсын, адамгершілік салт-дәстүрлері болсын,
еңбек салт-дәстүрлері болсын, өнер салт-дәстүрлері, дене тәрбиесіне
байланысты салт-дәстүрлер болсын барлығының да басты атқаратын қызметі жан-
жақты жетілген, өз ойын ашық айта алатын, дені сау, еліміздің болашағын
ойлайтын ойлы, іскер, еңбекқор, білімді азамат етіп тәрбиелеу.

Отбасындағы салт-дәстүрлерге келетін болсақ. Бірінші отбасы дегеніміз
не соған тоқталайық.
Отбасы дегеніміз – туысқандық байланыста болатын немерелер, ата-ана,
ата-әже, балалар. Отбасының екі тірегі - әлпештеген әке мен аялаған ана.
Отбасының қос шынары атасы және аналардың анасы - әже. Ата-береке,
мейірім, даналықтың қайнар көзі, ата салтын алға апарушыларға үлгі беретін
қадірлі қария. Сондықтан да отбасында әке мен ананы, ата менен әжені
сыйлауға, құрметтеуге көп көңіл бөлінеді.
Ата-ананы құрметтеу біздің халқымыздың қанында барлығын дінімізде,
салтымызда, ақынымызда, жырымызда қолдап бірін-бірі толықтырып дәлелдей
түседі деп тілге тиек ете аламыз.
Ендігі жерде отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі – бала.
Сондықтанда қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлері баланың дүниеге
келуімен байланысты туған. Олар: сүйінші, балаға ат қою, бесікке бөлеу,
бесік тойы, тұсау кесу, атқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Болашақ мұғалімдерді халық педагогикасының элементтерін мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалануға даярлаудың педагогикалық негіздері
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Қазақ халқының әдет-ғұрыптарынығы қазақ әдебиетіндегі орны
Қыз айту
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
«Абай жолы» эпопеясындағы кездесетін салт-дәстүрлердің қазақ әдебиетінде алатын орны
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Пәндер