Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

3-лекция тақырыбы: 3. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу.

1. Лекция сабағының жоспары:

1. Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты.

2. Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi

3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ережелері

4. Мемлекеттік бақылау

2. Лекция мақсаты:

3. Лекция мәтіні:

1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Мемлекет экономиканы реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл елдердің тәжірибесінен алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды түгел және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштердің дамытып өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.

Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процесстерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды. Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін, қоғам үшін өте қажет болса да. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік экономикалық мәні бар актуалды проблемаларды шешпейді. Ол мәселелер тек қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел төмендегенін инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т. б. қолайсыз жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмеушілігінен, өзіне жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.

2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады;

3) Үкімет жанынан жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар құрады және таратады;

4) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін, жеке кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларын сарапшылық кеңестердің қарауын ұйымдастырады;

5) мемлекеттік мұқтаждар үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасын және олардың көлемін (проценттік көріністегі) бекітеді;

6) шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандырады, мемлекет тарапынан шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсету үшін арнайы қор құрады;

7) өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін жалға немесе сенімгерлік басқаруға берілген объектілерді шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз беру тәртібін айқындайды;

8) бәсекеге қабілетті салаларды құру мен жетілдіруді, жеке кәсіпкерлік субъектілерін дамытуды және олар шығаратын өнімнің сапасын арттыруды ынталандыратын мемлекеттік саясатты айқындайды және іске асырады;

9) бәсекелестіктің дамуына және инновацияларға, материалдық активтерге, сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестицияларға инвестициялар салуды ынталандыруға септігін тигізетін нормативтік құқықтық актілер әзірлейді; т. б

Уәкілетті органның құзыретi

Уәкілетті орган:

1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді жүзеге асырады;

2) жеке кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады;

3) шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының орындалуын ұйымдастырады және үйлестіреді;

4) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді;

5) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті дамытудың инфрақұрылымына талдау жүргізеді;

6) жеке кәсіпкерлік қызмет саласында зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;

7) жеке кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;

8) республика өңірлерінде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыру мен дамытуға септігін тигізеді; т. б

Жергілікті атқарушы органдардың құзыретi

Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары:

1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске асырылуын жүзеге асырады;

2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;

3) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын қамтамасыз етеді және ол үшін жауапты болады;

4) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады;

5) өңірде шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;

6) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;

7) сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;

8) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар мен персоналды оқытуды, даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастырады.

3. Ел басшылығы белгілегеніндей, алдағы он жылда Қазақстан ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны жеделдете әртараптандыру арқасында өрлеуді қамтамасыз етпек. Осы мақсатта Елбасы бастамашылығымен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы әзірленді.

Ел басшылығы ұлттық кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және орта бизнесті дамытуды - 2010 жылдағы мемлекеттік саясаттың басымдықты бағыттарының бірі ретінде жариялады. Н. Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында ел экономикасын әртараптандыру-диверсификациялау ісінің ендігі ұйытқысы, өзегі кәсіпкерлік болуға тиістігін жариялады. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы да аймақтарда кәсіпкерліктің өркендеуіне үлес қосуға тиіс, ол мемлекеттік қолдауды жүйелі және нақты жобалық шаралар арқылы көрсетуді көздейді.

4. ҚР кәсіпкерлік қызметті және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдардың қызметін реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің көптеген саны қабылданған. Оларға ҚР 2006 жылғы 31 қаңтардағы “Жеке меншік кәсіпкерлік туралы” заңдары, 2003 жылғы 22 желтоқсандағы «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есеп жүргізу туралы".

Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылаудың негізгі принциптері мен міндеттерi

1. Қазақстан Республикасындағы жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау:

1) заңдылық;

2) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің адалдық презумпциясы;

3) жариялылық;

4) бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігі;

5) тексеру жүргізу кезеңінде жеке кәсіпкерлік субъектісі жұмыс режимінің бұзылуына жол бермеу;

6) мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының кәсіби біліктілігі мен құзыреттілігі;

7) лауазымды міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және олардың өз өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының жауаптылығы принциптеріне негізделеді.

4. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер:

1. И. В. Амирханова. Гражданско-правовое обеспечение развития предпринимательства

в РК. Алматы, 2003г.

2. С. И. Климкин. Правовые формы предпринимательства в Республике Казахстан. Алматы. Баспа. 1997г.

3. Предпринимательское право. Курс лекций. Под ред. Н. И. Клейн. М. 1993г.

4. ҚР Жеке кәсіпкерлік туралы Заңы, 31. 01. 2006ж.

5. ҚР Лицензиялау туралы Заңы, 11. 01. 2007ж.

6. ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңы, 2010ж

5. Бақылау сұрақтары:

1. Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты.

2. ҚР Үкіметінің жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi

3. Жергілікті органдарының кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыреті

3. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау дегенімсіз не?

4. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ережелері.

5. Мемлекеттік бақылаудың түсінігі

6. Мемлекеттік бақылау өткізу ережелері.

4-лекция сабағының тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктің түрлері және нысандары.

1. Лекция сабағының жоспары:

1. Кәсіпкерлік қатынас субъектілері.

2. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерийлері.

3. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері, жалпы сипаттамасы, құқықтық айырмашылықтары.

4. Кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны.

2. Лекция мақсаты: Кәсіпкерлік қатынас субъектілерінің түсінігі, түрлері, сонымен оларды құру мәселелерді қарастыру.

3. Лекция мәтіні:

1. Кәсіпкерліктің субъектісі - жеке адамдар, сонымен бірге, заңды тұлғалар, біріккен серіктестер: арендалық ұжым, ашық және жабық акционерлік қоғамдар, шаруашылық ассоциациялыры, әртүрлі бірлестіктер.

Кәсіпкерліктің барлық субъектілеріне - жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне, микробизнес субъектілеріне, шағын, орта кәсіпкерліктің және ірі бизнестің субъектілеріне бөлінеді.

Жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлға құрылмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеек тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.

Заңдық тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.

2. Заңдық тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар, жұмыскерлердің жылдық орташа саны 10 адамға дейінгі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді және тиісінше шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін көзделген жеңілдіктерді пайдаланады.

Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны 60 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.

Орта кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамға дейінгі, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы құны 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды тұлғалар жатады.

Кәсіпкерліктің ерекшеліктері:

-дербестік және тәуелсіздік;

-экономикалық ынталылық;

-шаруашылық тәуекел және жеке жауапкершілік;

-жаңашылдық.

Кәсіпкерлік бірнеше түрлері бар. Атқаратын қызметіне қарай былай бөлінедә: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.

Меншік түрлері бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік қызмет жеек адамның немесе коллективтің құрамы болуы керек.

Кәсіпкерлік формасы бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық

3. Кәсіпкерліктің екі түрі бар: мемлекеттік кәсіпкерлік және жеке кәсіпкерлік. Жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі.

Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы қысқаша сөз.

Жеке кәсіпкерліктің төрт маңызды артықшылықтары бар:

Ол белгілі бір істе жақсы кәсіби сапасы бар адамға өзіне қажетті жалақымен қамтамасыз етуіне, еңбекке орналасу проблемвсын шешуіне мүмкіндік береді.

  1. Ол оңай әрі арзан реттеледі.
  2. Ол мемелекеттік реттеуге аз ұшырайды.
  3. Ол құжаттардың көп мөлшерін, бухгалтерияны талап етпейді.
  4. ЖК икемділік, шұғыл және басқа да шешімді қабылдау мүмкіндігі тән.
  5. жеке кәсіпкерліктің осы түрінің кемшіліктері:
  1. Шаруашылық жүргізуші субъектінің уақыты оны құрған жеке тұлғаның өмірімен шектелген (мұрагерлері туралы ойлаңыз) .
  2. Бизнес ауқымы шектелгендіктен бастапқы капиталды жинау қиын.
  3. Берешектерге ұсынса, онда жеке меншікке қауіп-қатер төнеді.
  4. Кәсіпкерліктің барлық функцияларын (демалыс күндерінің, ауруханалық парақтар т. б. ) орындау қиын.

Яғни бір адамның (меншік иесінің) қызметі ретіндегі жеке кәсіпкерлік бизнестегі алғашқы кезең. Бір адам тауарларды қайта сатумен айналысса да, «қалтқыда» ұсталып тұруға болады, бірақ сенімді бизнесті құру қиын. Бастапқы капиталды жинақтаған кезде әр кәсіпкер өз уақытында заңды тұлғаның құқықтарымен ірірек істі құру туралы шешім қабылдайды.

Жеке кәсіпкерлер әдетте жуық арада пайда беретін және сұранымы бар тауарлар өндірісіне капитал құяды. Ал қоғамның қалыпты өмір сүруіне көптеген басқа игіліктер қажет. Олардың қатарына капиталдың көп мөлшерін талдап өтетін, қайтарымы өте ұзақ мерзімді қамтитын, біразын халық тегін тұтынатын тауарлар мен қызметтердің өндірісі жатады. (күрделі және іргелі ғылыми ізденіс жұмыстары, авто-темір жолдар, аэропорттар, ірі ирригациялық құрылыстар және тағы басқа) . Олар «қоғамдық тауарлар» деп аталып кетті. Сол «қоғамдық тауарларды» өндіру мемлекетке жүктеледі.

Мемелкеттік кәсіпкерліктің артықшылығы мемелкеттік бюджеттің үлкен қаржымен әркет жасауында. Мемлекеттік кәсіпорындар әрқашан ерекше ішкі және сыртқы экономикалық жағдайда болады.

Мемлекеттік кәсіпкерліктің біршама кемшіліктері бар. Кемшіліктері мемелкеттік кәсіпорындардың нақты қожаларының болмауымен. Кәсіпкерлік қызметті сипаты бойынша келесі түрлерге бөлуге болады:

А) Өндірістік кәсіпкерлік-экономиканың әртүрлі саллаларындағы кәсіпорындарда тауарлар мен қызметтерді өндіріп, табыс табуға көзделген кәсіпкерліктің күрделі түрі, өндірістік кәсіпкерлікке тікелей материалдық өндіріс, құрылыс жұмыстарын, тасымалдау көлігі, байланыс жүйелері және тағы басқа. Өндіріске тікелей қатысы бар салалардағы кәсіпкерлік жатады.

Б) Коммерциялық кәсіпкерлік негізінде айырбас операцияларымен бизнесмен, саудагер мен коммерсант шұғылданатын кәсіпкерліктің түрі. Коммерциялық қызметке немесе бизнеске табыс алып келетін істің бәрін жатқызуға болады.

Коммерциялық қызметтің құрамы әртүрлі. Оның ішіне сауда бизнесі, өндірістік емес бизнесі, қызмет көрсету бизнесі.

4. Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер - адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серктіестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.

Ұжымдар (қоғамдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.

Кәсіпкерліктің ұжымдық-экономикалық формалары.

Концерн - көпсалалы акционерлік қоғам, әртүрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

Ассоциация - экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

Консорциум - бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

Сидикат - бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

Картель - тауар, қызмет көрсту бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.

Қаржы - өнеркәсіп тобы - банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

Қазір Қазақстанда мынадай ұжымдық-құқықтық формалары кәсіпкерліктер құрылуда.

  1. Шаруашылық серіктестік - толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зиян пайға қарай бөлінеді. әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
  2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлщерінде жауапкершілікке алады.
  3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің заттарымен жауап береді.
  4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
  5. Акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның акционері - оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
  6. Өндірістік кооперативтер - ерікті түрде біріккен қоғамдар.
  7. Унитарлы кәсіпорын - коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

4. Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер:

1. Дойников И. В. «Предпринимательское право». Москва, 1998.

2. Круглова Н. Ю. Хозяйственное право. Москва, 1999.

3. Мартемьянов B. C. «Хозяйственное право» том 1, Москва, 1994.

4. Предпринимательское право. Курс лекций/ Под ред. Н. И. Клейн. М, 1993 г.

5. Лаптев В. В. «Предпринимательское право: понятие и субъекты». Москва, 1997

6. ҚР Президентінің 1995 жылғы 2 мамырдағы "Шаруашылық серіктестіктер туралы" N 2255 заң күші бар Жарлығы.

7. ҚР "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" 1998 жылғы 22 сәуірдегі N 220-I Заңы.

8. ҚР Әділет министрінің 1997 жылы 28 шілдеде №539 бұйрығымен бекітілген «ҚР нотариустарының нотариалдық әрекеттерді жүзеге асыру туралы» Нұсқаулық.

9. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясы .

10. ҚР "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу жəне филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сəуiрдегі N 2198 Заңы.

23. ҚР-ның «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 223 Заңы

11. ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы 2006 жылғы 5 маусымдағы N 145 Заңы.

12. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының кодексі, 01. 01. 2009ж.

13. ҚР 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының №214-ІІІ "Лицензиялау туралы" Заңы.

14. ҚР "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы

5. Бақылау сұрақтары:

1. Кәсіпкерлік қатынас субъектілерінің түсінігі.

2. Кәсіпкерлік қатынас субъектілерінің түрлері.

2. Кәсіпкерліктің түрлерін анықтау критерийлері.

3. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері. жалпы сипаттамасы.

4. Шаруашылық серіктестіктердің түрлері және олардың ұйымдастыру құқықтық-yscfylfhs

5. Өндірістік кооперативтің ерекшеліктері

6. Акционерлік қоғамды құру тәртіптері

5-лекция тақырыбы: Жеке кәсіпкерлік.

1. Лекция сабағының жоспары:

1. Жеке кәсіпкерліктің түсінігі және түрлері.

2. Дара кәсіпкерліктің құқықтық мазмұны.

3. Біріккен кәсіпкерлік нысанның құқықтық сипаты.

2. Лекция мақсаты: ҚР жеке кәсіпкерлік түрлерін анықтап, кәсіпкерлік нарықта қалыптасуы, түрлеріне ерекше тоқтатыллып, олардың құқық қабілеттілігін анықтау.

3. Лекция мәтіні:

1. Жеке кәсіпкерлік - жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кіріс алуға бағытталған, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің өздерінің меншігіне негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі. Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Азаматтық кодекстен, осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы Ратификацияланған халықаралық шартта осы Заңда негізделгендерден өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады. Жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленеді.

Жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін. Жеке кәсіпкерлікті шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттің айрықша құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкін. Мемлекеттік органдардың жекелеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылық жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауын тыйым салынады.

Жеке кәсіпкерлікті құқықтық реттеу шектері.

1. Жеке кәсіпкерлік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгіленген негіздер бойынша ғана шектелуі мүмкін.

2. Жеке кәсіпкерлікті шектеу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттің айрықша құзіретіне жатқызылған мәселелер бойынша ғана орын алуы мүмкін.

3. Мемлекеттік органдардың жекелеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің артықшылық жағдайын белгілейтін нормативтік құқықтық актілер қабылдауына тыйым салынады.

Жеке кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлға Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген ұйымдық-құқықтық нысанда ғана құрыла алады. Жеке кәсіпкерлік субъектілері: шағын кәсіпкерлік субъектілеріне; орта кәсіпкерлік субъектілеріне; ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жатқызылуы мүмкін.

Жеке кәсіпкерлік субъектілері:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасын, жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сақтауға;

2) өндірілетін өнімнің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге;

3) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңына сәйкес лицензиялануға жататын жеке кәсіпкерлік түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алуға;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға міндетті.

2. Дара кәсіпкерлік - жеке тұлғалардың кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне негізделген және жеке тұлғалардың атынан олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын бастамашылық қызметі; Дара кәсіпкерлік өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады.

Өзіндік кәсіпкерлікті бір жеке тұлға өзіне меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай дербес жүзеге асырады. Некеде тұратын жеке тұлға жұбайын кәсіпкер ретінде көрсетпей өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін пайдаланған жағдайларда, егер заңдарда немесе неке шартында не ерлі-зайыптылардың арасындағы өзге келісімде өзгеше көзделмесе, мұндай пайдалануға жұбайының келісімі қажет.

Бірлескен кәсіпкерлікті жеке тұлғалар (дара кәсіпкерлер) тобы өздеріне ортақ меншік құқығымен тиесілі мүлік негізінде, сондай-ақ мүлікті бірлесіп пайдалануға және (немесе) оған билік етуге жол беретін өзге де құқыққа орай жүзеге асырады.

Дара кәсіпкерлер өз міндеттемелері бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріп алынбайтын мүлікті қоспағанда, өздерінің барлық мүлкімен жауапты болады.

Дара кәсіпкер өз қызметін жүзеге асыру кезінде іскерлік құжаттаманың дербес бланкілерін, мөрді, мөртабандарды пайдалануға құқылы.

Дара кәсіпкер мемлекеттік тіркеу үшін:

1) тіркеу органы белгілеген нысан бойынша өтінішін;

2) дара кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым сомасын бюджетке төлегенін растайтын құжатын тіркеу органына ұсынады. Өзге құжаттарды талап етуге тыйым салынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқықтың пәні, әдісі, қағидалары
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі туралы
Кәсіпкерлік құқықтың принциптері
Кәсіпкерлік қызметтің негізі
Кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің жауапкершілігі. Кәсіпкерліктің өсу стратегиясы. Кәсіпкерлік қызмет тиімділігі ретінде. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу және оның инфрақұрылымы
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері
Кәсіпкерлік қатынастардың субъектілері
Кәсіпкерлік қызметтің құқықтық реттелуі
Кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың азаматтық- құқықтық формалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz