Кәсіпкерлікті ұйымдастыру туралы


Кіріспе
Нарықтық қатынастар көптеген адамдардың «өз ісіне» деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің мешіктерін арттыра түседі. Ең соңында бұл қызметтің ерекше түрі - кәсіпкерлік қайраткерліктің пайда болуына әкеп соғады.
Кәсіпкерлік дегеніміз - адамдар мен олар құрган бірлестіктердің белсенді, дербес шаруашылық қызметі. Оның көмегімен адамдар тәуекелге бел буып, мүліктік жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісінде тапқырлыққа, жаңашылдыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел бушылық пен дербестікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, көздескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалық прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтің қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық көрсетілетін консультациялық қызметтер және т. б. коммерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялары.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:
• Қазақстанның азаматтары;
• шетел мемлекетінің азаматтары;
• адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы) . Кәсіпкердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазаңстан Республикасының заңдарымен реттелетіндер:
• кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
• барлық субьектідердің рыноктағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиға ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
• меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтың формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
•. кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
• кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
• нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары
Кәсіпкерлік әр түрлі формада болады. Оларды топтастыру негізінде екі белгі жатыр: меншік формасы және фирма көлемі. Меншік формасына байланысты кәсіпкерлік мемлекеттік және жеке болып бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпкерлік - әдетте түрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, үкіметгің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында болатын кәсіпкерліктің түрі. Жеке кәсіпкерлік - бір ғана адам айналысатын бизнес. Жеке сектор мемлекетікке қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие:
- қызмет сферасын таңдау еркіндігі;
- бизнес көлемінің шектелмеуі;
- қатаң бағамен шектелмеуі.
Әр меншік иесі өз пайдасына өзі ие, кез келген өндірісті өзі жасай алады. Ол тек табыс салығын төлейді және корпорация үшін бекітілген салықтан босатылған. Бірақ кемшілігі капиталдың аздығы мен жауапкершіліктің шектелмеуінде жатыр.
Экономиканың жеке меншік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын иелері бір немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жұмысы үшін жауапкершіліктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу тәсіліне байланысты бөлінеді.
Серіктестік - екі немесе одан да көп адам бірлесіп айналысатын бизнес. Серіктестіктің бірнеше түрлері бар. Енді олардың әрқайсысына тоқталайық.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік - кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана жауапкершілік көтереді.
Жауапкершілігі шектеусіз серіктестік - кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады.
Толық серіктестік - мүшелердің үлестік (пай) меншіктігіне негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша өздерінің жеке мүліктерімен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылы жылдың қорытындысы бойынша серіктестік тапкан таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.
Артықшылыгы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы түрде қысқа мерзім ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады, экономиканың әр түрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.
Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.
Командитті серіктестік - үлестік меншікке негізделген. Командитті серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауапкершілік көтеретін, салымшы мүшелерді (коммандистер) және міндеттеме бойынша толық ортақ жауап беретін толық жолдастарды (өзінің мүлкімен жауап беретін жауапты серіктестерді) қамтиды.
Артықшылығы: баскаруға қатысы жоқ, бірақ өз капиталы болғанды қалайтындарды серіктестікке тартуға болады.
Өндірістік кооператив - өндіріс, қайта өңдеу, өткізу, сауда, түрмыстық қызмет көрсету саласында бірігіп шаруашылық жүргізу үшін азаматтардың ерікті бірлестігі.
Акционерлік қоғамдар - бірге кәсіпкерлік қызмет істеу үшін бірлескен тұлғалар жиынтығы. Корпорация меншігіне құқық акциялар бойынша бөлінген, сондықтан корпорация иелері акция ұстаушылар, ал корпорация акционерлік қоғам деп аталады. Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып бөлінеді.
Ашық акционерлік қоғам - бұл акция шығарып және оны сату арқылы көптеген қатысушылардың қаражаттарын біріктіру жолымен ақшалай қаржысы құралған кәсіпорын.
Жабық акционерлік қоғам - акцияларды тек оның құрылтайшылары арасында немесе алдын ала белгіленген адамдар арасывда ғана бөледі.
Корпорацияның артықшылықтарына мыналар жатады:
- акциялар және облигациялар сату арқасында ақша капиталын тартуда шектелмейтін мүмкіндіктер;
- басқару функцияларын орындау үшін кәсіби мамандарды тарту;
- корпорация қызметінің тұрақтылығы, өйткені акционерлердің біреуінің қоғамнан шығып кетуі фирманың жабылуына ықпал етпейді.
Кемшіліктері: корпорация табысының акция ұстаушыларға дивидент түрінде төленетін бөлігіне екі жақты салық салу: бірінші рет корпорация пайдасының бір бөлігі ретінде, ал екінші рет акция иесінің жеке табысының болігі ретінде. Кіші корпорациялардың иелері үшін екі жақты салық салудың ауыртпалығы елеулі. Сондықтан АҚШ-та бүндай фирмаларға 8 корпорациялары статусын алуға болады. Бұл кезде корпорация табысы олардың иелерінің табысы болып саналады және тек табыс салығы алынады.
Кәсіпкерлік көлеміне қарай шағын, орта, ірі болып бөлінеді. Шетелдік тәжірибені ескере отырып, Қазақстан жағдайында шағын бизнеске мынадай анықтама беруге болады: шағын бизнес бір немесе бірнеше инвестормен құрылатын географиялық шектеулі аймақта қызмет ететін нарықтың шектеулі үлесіне ие, басқару сипаты икемділікпен ерекшеленетін кәсіпорындар. Шағын бизнестің ерекшеліктеріне оның икемділігін, өндірілетін өнім мен қызмет түрін тез өзгертуге қабілетті, технология және басқа да қызмет сфераларында жаңалықты ендіруге икемділігін жатқызуға болады. Сонымен қатар жұмысшылардың басқару, табысты бөлуге қатысуға тікелей мүмкіндігі бар. Ірі фирмаларда құрылтайшылар кәсіпорынды басқаруға кәсіпқой менеджерлерді тартады, бұл өз кезегінде екі жақ мүдделерінің келіспеушілігін туғызады, нәтижесінде басқару тиімділігі төмендейді. Шағын және орта кәсіпорындарда мұндай келіспеушілік жоқ, өйткені кәсіпорынның негізін қалаушы мен менеджер бір адам болып табылады. Шағын кәсіпорынды құрудың бірнеше формасы бар: жаңа кәсіпорынды бастау, бизнесті сатып алу, франчайзинг және жанұялық бизнес. Батыс елдерінде шағын бизнес шаруашылықтың елеулі бөлігін құрайды. Мұнда бизнестің франчайзингтік және венчурлық формалары кең тараған. Біздің республика үшін шағын бизнес формаларына франчайзинг пен жанұялық бизнесті жатқызуға болады.
Франчайзинг - ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқық алу үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасау үшін келісім шарт жасайтын үсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны төмендетуге, тауарды жеткізуге, құрал-жабдықтар сатып алуға, несие алуға көмек түрінде жеңілдіктері бар. Франчайзингтік қатынастардьщ 3 типі бар:
1. Франчайзер - өнім шығарушы немесе қызмет көрсетуші фирма өзінің өнімін өндіру немесе қызмет көрсетуге франчайзи қүқығын береді.
2. Франчайзер - өнімді негізгі өндіруші өзінің өнімін көтерме саудамен сату бойынша франчайзи құқығын береді.
3. Франчайзер - көтерме саудагер, фрачайзи фирмаға бөлшек сауда бойынша күқық береді.
Артықшылығы: оқыту мен дайындау, қаржылық көмек, маркетингтік көмек, басқару көмегі, бизнесті тез бастау, қауіп-қатер деңгейінің төмендігі.
Кемшілігі: франчайзингтік төлем, өсу шектеулілігі, тәуелсіздіктің шектеулілігі, келісім-шарт мерзімі мен іс-қимылдың шектеулілігі, тек бір ғана франчайзермен жұмыс жасау мүмкіндігі.
Шағын бизнестің қалыптасуының келесі жолы - бір жанүя мүшелерінің күшімен қүрылған және қызмет істейтін жанұялық бизнес. Жанүялық бизнестің басты артықшылығы бизнесті жүргізуге көмектесетін туысқандық байланыстардың болуы. Тағы бір артықшылығы ірі корпорациялармен салыстырғанда жұмысшылардың жағдайына жоғарғы дәрежеде көңіл бөлінеді. Жанүялық бизнес кәсіпорындары кәсіпорын мөлшері, өнім мен қызмет түрі бойынша әр түрлі ерекшеленеді.
Венчурлық фирма - ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын коммерциялық ұйымдар. Олар жаңалықтармен бизнес жасайды. Қазақстанда кәсіпкерлік қызмет формалары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған. Соған сәйкес барлық ұйымдар (заңды түлғалар) коммерциялық және коммерциялық емес болып бөлінеді. Коммерциялық фирмалар шаруашылық серіктестіктер, өндірістік кооперативтер, акционерлік қоғамдар, мемлекеттік және жергілікті унитарлық кәсіпорындар формасында құрыла алады. Коммерциялық емес фирмалар тұтыну кооперативтері, қоғамдық және діни ұйымдар, қайырымдылық қорлар формасында құрылады.
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік: қалыптасуы және даму проблемалары
Нарықтық қатынастарға өту кезінде экономикалық реформаны сәтті жүзеге асыру кәсіпкерлікті жан-жақты дамытуды ұйғарады, ол Қазақстанның 2030 стратегиясынан шығатын әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуде басты роль ойнайды. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік алғашқы рет шағын кәсіпорындар түрінде 1992 жылы пайда болды. Ол кезде олар 34506 бірлікті құрады. Олардың үлесіне республикадағы жұмыспен қамтылған жалпы жұмысшылар санының 6%-і және ЖҰӨ-нің 7%-і тиді. 1992 жылы шілде айында "Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" жаңа Заң қабылданды. Осы заңда жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдаудың негізгі түрлері мен әдістері бекітіліп, мемлекеттің жеке кәсіпкерлікке тікелей араласуына тыйым салатын құқықтық нормалар қамтылды. 1994 жылы жеке кәсіпорындардың саны 15, 7 мыңға жетіп, осы кәсіпорындарда жалпы 164 мың адам жұмыс істеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлықтары шығады, оларда негізгі құқықтық, экономикалық және әлеуметтік жағдайлар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысушыларға қызметтерінде еркіндікті қамтамасыз ететін кепілдемелер көрсетілген. Жеке кәсіпкерлікті, оның ішінде бизнесті қолдау және дамыту саясатын жүзеге асыру үшін бірқатар қаулылар қабылданды. 1997 жылы шағын кәсіпорындар саны 123 мың бірлікті құрады. Заңды және шағын кәсіпкерлік тұлғаларының тез көбеюіне 1997 жылы шыққан ҚР Президентінің Жарлығы үлкен ықпал жасады: "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен дамуын белсендіру шаралары туралы", "ҚР-да аймақтық шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету мен дамыту бағдарламалары және басымдықтар туралы" және шағын бизнестің өзекті мәселелерін іс жүзінде шешу үшін қабылданған бірқатар заң және нормативті актілер. Осылайша Қазақстанда елдегі калыптасушы нарықтық экономикаға қажетті деңгейде кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және оның пайда болуы мен сәтті дамуын қамтамасыз ететін шағын бизнестің берік құқықтық базасы қүрылды. Қазіргі кезде кәсіпкерлердің саны жылдан-жылға есш отыр.
Кәсіпкерлік қызметтің табысты болуының критерийі бұл кәсіпорынның тек өз шығындарын жауып қана қоймай, сондай-ақ рндірісті кеңейтуге мүмкіндік беретіндей жеткілікті түрде пайда мен табысқа қол жеткізу қабілеттілігі болып табылады. Қарама-қарсы жағдайда ол банкротқа ұшырауы мүмкін. Фирма қызметінің тиімділігін бағалаудың басты критерийлерінің бірі - оның нарықтағы орнының болуы. Нарықта тұтынушылардың қажеттіліктері сапалы деңгейде қанағаттандырылатын кәсіпорын ғана тиімді болып саналады. Нарық қүрылымы нарықтағы фирмалардың саны, өнім өндіру мен қызмет көрсету көлемі, жұмыстар мен қызметтердің әр түрлі деңгейі, нарыққа кіру шарты, тұтынушылардың саны, еңбек ақы төлеу шарты, өнімге сұраныстың ауытқуы және оның бағаға ықпалы сияқты элементтерден тұрады. Жаңадан ашылып келе жатқан нарықтар үлкен артықшылыққа ие, өйткені мұнда бәсеке деңгейі жоғары дәрежеге жетпейді. Өсу стадиясында болатын салалар да тартымды, өйткені мұнда да нарықта кәсіпорын өз орнын таба алады. Екінші жағынан бизнес сферасына енгенде өнімдер мен қызмет көрсету үшін қатаң бәсекелік күрес жүріп жатқан кәсіпорындар жоғарғы шоғырланған аймақтарды, сондай-ақ дағдарыс стадиясында тұрған салалар бар аймақтарды тартудың қажеті жоқ. Бизнесті ұйымдастыру үшін ең дұрысы сыйымды және тез өсіп келе жатқан нарықтарды іздеу керек. Мұндай нарықтарды иемдену өндіріс келемінің жыл сайынғы өсімін қамтамасыз етеді. Екінші маңызды мәселе - нарық потенциалы, яғни саладағы фирмалардың, тұтынушылардың өспелі қажеттіліктерін канағаттандыру. Бұл жағдайда бастысы уақыт факторы болып табылады. Егер фирмалар толық қуаттылықпен жұмыс істейтін болса, онда мұндай нарық тартымды болып келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz