Кейінгі орта ғасырдағы қазақтардың жанұялық құқығы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Кейінгі орта ғасырдағы

қазақтардың жанұялық құқығы

Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістерден заңдық ережелер жинағы - "Жеті Жарғы" өмірге келді. Ол XVIII ғасырдың бас кезінде Тәуке ханның тапсыруы бойынша сол тұстағы белгілі Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке және басқа билердің қатысуымен жазылды. Ереже қазақ қоғамында сол уакытқа дейін мәлім болған заңдық ережелердің табиғи жалғасы, сондай-ақ заман талабына бейімделген нұсқасы еді. "Жеті Жарғы" - қазақ қоғамындағы қоғамдық қатынастарды белгілі бір жүйеге түсірген жеті тараудан тұратын ережелер жинағы. Яғни, ол қоғамдық өмірдің мынадай жеті саласындағы даулы мәселелерді заңдық тұрғыдан шешіп отыруды көздеді:жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ұрпақ тәрбиесі және отбасы қатынасы, қылмыс үшін жауапкершілік (ұрлық, барымта, адам қорлау, т. б. ), ру-тайпа аралық дay және елді жаудан қорғау. Қасым хан, Есім хан заманында адам өлтірген айыпкер өте ауыр жазаланды, яғни оның өзі ғана өлім жазасына кесіліп қоймастан, отбасы да ойрандалды. "Жеті Жарғы" енді айыпкерге жеті түрлі жаза белгілейді. Олардың арасында "қара қазан" (айыпкерге өлім жазасы), "қара нap" (айыпкерге өлтірілген аса беделді кісіні Түркістанға апарып жерлетіп, құнын төлету), "қара мылтық", "қара кілемт" т. б. жазалар болды. Мұндай өзгерістер, белгілі дәрежеде, қоғам өмірінде жеке адам рөлінің арта түскендігін, өмірлік құндылықтарға байланысты көзқарастың өзгеріске ұшырағандығын білдірсе керек. Мәселен, "әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса, арсыздығы үшін айып салынады" деп көрсетілген бап та осы мазмұндағы өзгерістер қатарына жатады.

Меншікті қорғау - ереженің негізгі міндеттерінің бірі. Жайылым мен егістік - ру, ал мал - отбасы меншігінде. Ереже ақсүйектердің құнын қарашанікінен жеті есе жоғары қойды.

"Жеті Жарғы" - ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ моральдық азғындау сияқты жат қылықтарға байланысты өте қатал шараларды қарастырды. Мәселен, "Әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі", т. б.

"Жеті Жарғыда" сондай-ақ шариғат жолдары да қарастырылды. Онда: "Құдайға тіл тигізген кісі (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі, көпір болған адам мал-мүлкімен айдалады", - деп көрсетілді.

Ережеге "Құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде" деген бап енгізілді. Тәуке ханның Ережелер жинағы қазақ коғамында Ресейдің Уақытша Ережесі енгізілгенге дейін, 1867-1868 жылдары, негізгі заңдық ереже міндетін атқарды.

Отбасы - бірлесіп күн көретін туыстық қатынаста тұратын адамдар тобы. Балалар тәрбиесін жүзеге асырып, басқа да қоғамдық тұрғыдан мәнді кажеттіліқтерді қанағаттандыратын некелік немесе туыстық қатынастармен байланысқан адамдар тобы.

Отбасының маңызды сипаты - оның қызметі, құрылымы және динамикасы болып табылады. Отбасы құрылымы Отбасы құрылымы отбасының құрамы мен санынан, сонымен қатар оның мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарының жиынтығынан тұрады. Отбасы құрылымын талдау отбасы қызметінің қандай жағдайда жүзеге асуы жөніндегі сұрақтарына жауап беруге мүмкіндік туғызады: отбасында кім басшылық етеді және кім - орындаушы, отбасы мүшелерінің арасындағы құқықтары мен міндеттері қалай бөлінген деген сияқты.

Отбасы құрылымының бұзылуы - бұл оның қызметінің отбасымен орындалуына қиындық тудыратын және кедергі келтіретін құрылымдарының ерекшеліктері болып табылады. Мысалы, ері мен зайыбының арасындағы шаруашылық-тұрмыстық міндеттерінің тең бөлінбеуі өзара қарым-қатынас құрылымының бұзылу негізінде ілгері басады, яғни маңызды міндеткерлікті алған сол ерлі-зайыптылардың қажеттілік қатарының қанағаттануына кедергі жасайды: жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру, рухани қажеттілікпен қанағаттандыру. Осы себептен, отбасындағы қарым-қатынас құрылымының бұзылуы оның түрлі қызметінің отбасымен орындалуына кедергі келтіретін отбасылық қақтығыстар екенін мойындау керек. Отбасының қызметі Отбасының тәрбиелік қызметі Отбасының тәрбиелік қызметі ана және әке болуда, балалармен қатым-қатынаста, оларды тәрбиелеуде, балалардың өз бетімен өсуі кезіндегі жеке қажеттіліктің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасы қоғаммен байланысы бойынша өсіп келе жатқан ұрпақтардың әлеуметтенуін, қоғамның жаңа мүшелерін дайындауды қамтамасыз етеді.

Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі Отбасының шаруашылық-тұрмыстық қызметі - отбасы мүшелерінің материалды қажеттіліктерінің (азық-түлік, қан және т. б. ), олардың денсаулығының сақталуына әсер етуінің қанағаттанарлығынан тұрады. Отбасының осы қызметінің орындалу барысында еңбек ету кезінде жұмсалған жеке күшті бұрынғы қалпына келтіру қамтамасыз етіледі. Отбасының эмоциональдық қызметі Отбасының эмоциональдық қызметі - оның мүшелерін ұнатушылық, сыйлаушылық, мойындаушылық, эмоционалды қолдаушылық, психологиялық қорғаушылық қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Осы қызмет қоғам мүшелерінің эмоционалды тұрақтануын, олардың психикалық денсаулығының сақталуына әсер етуді қамтамасыз етеді. Рухани қарым-қатынас қызметі Рухани қарым-қатынас қызметі - бос уақытты бірлесе өткізу, екі жақты рухани байыту қажеттіліктерімен қанағаттандыру. Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі Бастапқы әлеуметтік бақылау қызметі - отбасы мүшелерінің әлеуметтік мөлшерінің орындалуын, оның ерекшелігі, егер кімнің түрлі жағдайда күші бар (жасы, науқастану және т. б. ) болып, әлеуметтік мөлшермен толық сәйкес өзінің мінез-құлқын өз бетімен тәрбиелей алатын қабілетін жеткілікті деңгейінде меңгере алмаған жағдайда қамтамасыз етеді Жетім Жетім - ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала болып табылады. Сондай - ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала. Жетімдік - баланың психикалық дамуына қатты әсер етеді. Ата-анадан айрылған және интернат жағдайына түскен балалардың жалпы психикалық жағдайы төмендейді, өзін-өзі реттеп-бағыттауы бұзылады, көңіл күйі жабырқау болады. Балалардың басым көпшілігінің өмірге құштарлығы жоға-лады, өзіне-өзінің сенімсіздігі күшейіп, бойын үрей билей бастайды. Эмоционалдық-танымдық тал-пынысы төмендейді де, интеллектуалдық дамуы тежеледі.

Жалпы мәлімет

Жетім атауының өзі кезінде соғыс заманында ата-аналары қайтыс болған кезде баланың қараусыз қалып отырған. Міне осындай соғыс, қиын-қыстау, ашаршылық кезеңдерде пайда болған болатын. Оның өзінде Тәуке ханның - Жеті Жарғы, Есім ханның - Ескі жолы сияқты заңдарында жетімдерді бай қауқарлы адамдарға асырап алуға беріп отырған. Х - ХХ ғасыр аралығындағы «жетім» ұғымының анықтамасы - толық жанұялық тәрбие көрмеген. Оларға тән қасиеттер: агрессия, алаңдаушылық, мінездегі жат қылықтар. Кейінгі жылдары әлеуметтік-экономикалық себептерге байланысты және әртүрлі себептер тұрғысынан әлеуметтік жетім балалар саны артуда. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес жалпы педагогика, психология, әлеуметтік педагогика және тағы басқа ғылымдардың ғылыми білім саласында көкейтеті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.

Туыстық есеп өзегі атадан бастау алып, қарым - қатынастың барлық саласын баурайды. Қоғамдық және қауымдық тіршіліктің әр саласында түрлі туыстық ұғымдар қолданылады: ұру (ру), сүйек, ұрым-бұтақ (ұрқы), жұрағат, ағайын ел-жамағайын, жеті ата, ата баласы, аталас, топ, тармақ, арыс, төбе, тайпа т. б.

Осылардыц ішінде қандас туыстың жеті атаға дейін ерекше сақталады: «жеті атасын білген ер-жеті жұрттың қамын жер», «жеті атасын білмеген - жетесіз» т. б.

Қандас туыстықтың деңгейлерін көрсету үшін төмендегі ұғымдар қолданылады:

  1. ата
  2. әже
  3. бала
  4. немере жеті ата
  5. шөбере
  1. шөпшек
  2. немене
  3. туажат
  4. жекжат
  5. жүрежат
  6. жұрагат
  7. ұрпақ

Қазақ ішінде „үш жұрт" ұгымы қолданылады. Біріншісі-ер адамның әкесі жағынан туысатын өз жұрты, әйелдің -төркін жұрты деп аталады. Екіншісі - шешесі жағынан туысатын нағашы жұрты. Үшіншісі - әйелі немесе күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты. Қазақ ата намысына қанша тартса да «ердің жақсы болмағы нағашыдан» деп нағашы жұртына аса үлкен маңыз береді.

Нағашы- жиен арасы:

2. Нағашы жиеніне „40 серкеш" беруі керек. Жиені нағашысына, қырық серкешімді алуға келдім ", - деп арнайы нағашылап барғанда, оны құр қайтармай, өзінің қалағанын алып қайтады.

  1. Жиені көңілі түскен нәрсесін, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық болсын қалаған бұйымтайын нағашысы қолынан бермесе, жиені жолынан алуына хақы бар.
  2. Жиен нағашысынан үш ретке дейін қалағанын ала алады және мұндай жиендік ету үш ретке дейін айыпталмайды.
  3. Төркіндеген шешесіне еріп келген кішкентай жиендеріне нағашылары бәсіре мал атап, жас төлдерге ен салдыртып, кейін жиені ер жеткенде енші қылып береді.
  4. Нағашыларының алдында бөлелердің хақы бірдей. Екі қыздан туған жиендердің нағашыларына бірдей барып, жиендік етулеріне тиым жоқ.
  5. Бөлелер арасында неке қарым-қатынастарына рұқсат етіледі.

Ата-ана мен б ала:

  1. Әке отбасына тиесілі мал мен мүліктің, жер мен судың, құл мен күңнің негізгі иесі болып табылады.
  2. Әйел өз жасауына өзі иелік етеді.

3. Ері қайтыс болған күнде, бүкіл дүниеге әйелі ұлы кәмелетке жеткенше ғана иелік етеді.

  1. Әкелері қайтыс болған от басының тіршілігіне кәмелетке толған үлкен ұлы жауап береді. Іні-қарындастарына қамқордың жасау үлкеннің міндеті.
  2. Егер ері әйелін кінәсіз өлтірсе, әйелінің туыстарына құн төлеп және жасауын қайтарады.
  3. Егер ері әйелін ашынасымен ойнас үстінде ұстап алса, әйелін өлтіруге хақы бар. Мәселе билердің алдына түссе төрт кісі не ақтап, не қарамал жан беруі керек.
  1. Егер әйелі күйеуін өлтірсе, онда ол өлім жазасына кесіледі; Егер күйеуінің туысқандары кешірсе, әйел бұл жазадан құтыла алады.
  2. Егер ерлер арасындағы жанжал, төбелес болып жатқан жерге әйел кірісіп кетіп қайтыс болса, онда оған ешқандай құн төленбейді.
  3. Балаларының әкесіне қарсы шығуға хақылары жоқ. Әке енші алмаған балаларына, дүние - мүлкіне ие болып, шектеусіз билік жүргізеді.
  1. Әкесі баласын өлтірсе, жазаға тартылмайды.
  2. Егер өзінің әкесін немесе шешесін балалары балағаттаса, онда сиырға теріс қаратып отырғызып, мойнына ескі құрым іліп, ауыл аралатады, немесе қамшымен дүрелейді. Ал қызды байлап, шешесінің жазалауына береді.
  3. Әкесі балаларынан сұрамай олардың еншісіндегі малын пайдалануға (атын мініп кету) хақылы.
  4. Баласы әкесінің, не жақын туысының мал-дүниесін үш ретке дейін сұрамай пайданала береді.

Енші бер у

1. Отбасындағы балалар ер жетіп, үйленгенде оның еншісін беріп, бөлек шығарады.

2. Кей кездері үйленген ұл ата қонысынан бір-екі жыл шықпай отырып, өзіне тиісті еншісін кеш алса ерікті.

  1. Ұлын бөлек шығарарда әкесі бүкіл ағайын-туыстарын жинап, мал сойып, той жасайды.
  2. Туысқандары өз әлінше бөлек шығаруға көмектесіп, мал мүлік қосуға, беруге ерікті. Нағашылары тарапынан да немеурін көрсетіледі.
  3. Бөлек шығып жатқан келін өзінің жасауынан бір жақсы затын, киімін атасына беріп, оның орнына атасы қойды қосақтап байлайтын арқанды береді (қосақ басы), бата жасатады. Бөлек шыққан отаудың белгісі ұсақ малға ен салу.
  4. Енші алып бөлек шыққан ұл өз шаруашылығын өзі жүргізуге хақы бар.
  5. Алғашқы кездерде, мысалы қыстау алып, әбден орныққанға дейін әкесінің ұлына көмектесуі шарт. Ал кейіннен ұлы әкесіне көмектесуге тиісті.
  6. Егер от басында бірнеше ұл болса, онда бөлек шыққысы келген балаларына еншісін бөліп беріп, бөлек отауларға шығарады. Әкесімен тек кенже ұлы қалып, өлі-тірісіне, ата орнына ие болатын шаңырақ иесі болып есептеледі.

9. Енші алған ұл, әкесі өлген соң қалған малынан ештеңе талап етпейді және оның мал-жанын сақтауға қайрат қылып «үлкен үйден қор кетпесе бәрімізге жетер» деген қағиданы ұстайды.

10. Қазақ халцының әдет-гүрпы бойынша үлга енші берумен қатар ата мүлкінен үлес сыбаға алуға ұзатылған қыздың да хақыбар.

«Төркіндеу» өзінің жол-жоралғысымен жүреді. Мәселен бір адамның екі ұлы, екі қызы болса, үлкен қызы ұзатылған, одан кейінгі ұлы үйленген де, қалған бір ұлы, бір қызы қолында. Бар малын есептеп, бөлек шығаратын үлкен ұлына енші бермес бұрын ұзатылған қызы әлі төркіндеп келмесе, оған берілетін сыбағасы бөлінеді, ал бұдан бұрын төркіндеп келіп, өз сыбағасын алып кетсе, оған ешбір үлес тимейді. Кіші қызының жасауына, кіші баласының қалың малына деп белгілі мөлшерде мал қалдырады да, қалған малды төртке бөледі. Бір бөлегін үлкен ұлына еншіге береді, ал қалған үш бөлек ата-анаға және кенже баланың үлесі болып қара шаңырақта калады.

Мұрагерлік

1. Әр адам меншігіндегі мал-мүлікті өз туысынан басқа адамға қалдыруға хақы жоқ.

2. Кейбір жағдайда қимас досына мұра есебінде бергісі келген малын, затын өз мұрагерлеріне тапсырып кетуге ерікті.

З. Өлген адамның артында мұра есебінде мал, жер-су, үй-жәй, мүлік, акша қалады, оған жесірімен бірге құлдары мен күңдері кіреді.

4. Өлген адамның соңында жас балалары қалса, әрі олардың туған шешесі болса онда өлген әкесінен қалған мал-мүлікті мирасқа бөлшектеуге ешкімнің хақы жоқ.

5. Егер өлген кісінің енші алып кеткен ұлдары мен ұзатылып кеткен қыздарынан басқа қолында бала болмаса, немесе бірге тұрған кіші әйелінен бала тумаған болса, онда өлген кісінің жылы толғаннан кейін асын береді де, ағайын-туғандары жиналып, қалған мал-мүлікті енші алып кеткен ұлдары мен қыздарына, оң жақта қалған олардың өгей шешесіне бөледі. Ол мынандай мөлшерде: туған ұлдарына - екі еседен, есігіндегі еншілес болып жүрген құлы мен күңі болса оларға ширек еседен сый тиісті.

6. Егер тіршілігінде көп әйел алып, олардың еншісін әуелден бөлек ұстаған болса, әр әйелдің бөлінбеген кенже баласы иемденеді.

7. Әке жастай өліп, артында жас балалары мен жас әйелі қалса, әменгерлік бойынша өлген адамның бірге туған ағасы не інісі, ондай туысы болмаса немере, шөбере туысқандары, қала берді аталас жақындарының бірі жесірге үйленіп, балаларын өз қамқорлығына алып, мал-мүлікке заңды түрде иелік етеді.

Асырап алу

Асырап алу қазақ ғұрпында өте жиі кездеседі. Оған негізгі себеп елдің басындағы жауапкершілік, қоғамды толық игеріп отырған туысқандық байланыстар жүйесі, ру ішіндегі ер адамдар көп болсын деген мүдде.

Қазақ шежіресінің ұзын ырғасы осындай асырап алу оқиғаларын жиі баяндайды. Соған қарап қазіргі қазақ руларының көпшілігі белгілі бір тарихи кезеңде бір-бірімен саяси және шаруашылық мүдденің о ортақтығы жақындастырған қауым деп есептеуге болады. Бала асырап алған кезде қазақ ешкімді де бөтенсінбейді-ағайын туыстың баласы, алыс жамагайын, қолға түскен тұтқын, ат арқасына мінгесіп келген олжа-бәрі де қазақ ішінде егер пысық, еті тірі болса өз орнын, яғни әкесі мен шешесін тауып кетеді.

Бала асырап алатын адам алдымен ел ақсақалдарына, ру басы көсем-биге осы шешімін хабарлайды. Елді жиып, қазан көтереді, ақсақалдардың батасын алады. Баланың қолына қойдың, не жылқының ортан жілігін ұстатып үйге кереге астынан кіргізеді. Ол үшін бірнеше қарулы жігіт кигіз үйді аздап көтереді, сол саңылаудан бала үйге еңбектеп кіреді. «Ортан жілік ұстады ма екен?» деген соз осыған байланысты қалған, ол жілікті ұстаган бала әкеден қалған жан мен малға мұрагер есепті.

Кигіз үйдің ішіне енген соң екінші бір ғұрып бар. Сол ауылдың кәрі әйелдерінің отыз-қырығы тізіліп тұра қалып, асырап алынатын бала аяқтарының арасынан жорғалап өтеді. Ол да болса осы елдің баласы, ешкім бөтенсімейді деген ишара.

Үшінші бір ғұрып бала асырап алушының әйелі, осы шаңырақтың бәйбішесі, бір үлкен көйлегін кигіз үйдің оң жағына төсейді. Бала сол көйлектің жағасынан кіріп етегінен шығады. Бұл ишара бала сол бәйбішенің ішінен шықты деген мен бірдей (киімдібала) .

1. Егер жесір әйел әменгерлікке мойынұсынбай, басқа біреуге өз еркімен тұрмысқа шыққысы келсе, немесе төркініне кетпек болса, оган озінің киім-кешек, тәсек-орыны мен мінер атынан басқа ештеңе берілмейді.

  1. Жесірдің тиетін күйеуінен айып ретінде үш тоғыз немесе бір қызга берілетін қалың мал алынады. Шешесі басқа күйеуге шыққанда жас балалар әкесінің туыстарында қалып, әкеден қалган мал-мүлікке мұрагер болады.
  2. Бір некеден туған балалардың мал-мүлкіне екінші, не үшінші некеден туған балалардың қол сұғуына хақылары жоқ.
  3. Егер бір некеден ешбір мұрагер қалмаған болса ғана әке мұрасын басқа некеден туған балалар бөліседі.
  4. Асырап алынған бала өгей әкесі өлген соң, оның заңды мұрагері болуға хақы бар. Мұра болған мал-мүлікке марқұмның туыстары қол сұғуға еріктері жоқ.
  1. Егер әке асырап алған баланы өзінің мұрагері еткісі келсе, көзінің тірісінде оның мұрагерлік хақын жариялап кетеді.
  2. Егер әке козі тірісінде арнайы мұрагер етпесе немесе кенеттен өліп кетсе, осиет айтылмаса әкенің жақын туыстары әке мұрасын асырап алган ұлға билетпеуге ерікті. Оған ұлға берілетін енші мөлшерін толығымен беріп, үйленбеген болса қалың мал беріп, қалган мал-мүлікті туыстары өзара бөліседі.
  3. Егер қайтыс болған ұлының баласы болмаса, оның дүние - мүлкіне иелік әкесіне қалдырылады.

Қыз алып қашу

1. Өзінің айттырылған қалыңдығын алып қашқаны үшін, жігіттің туыстары ат-шапан айып төлейді және бұл ауыр қылмыс болып есептелмейді.

2. Айттырылып қойған қыз, өз сүйгенімен қашып кетсе, бұрынғы айттырған күйеуіне қыздың туыстары қалыңмалын қайтарумен бірге, бір қызды айып ретінде береді немесе қыз орнына қалың мөлшерін төлейді.

Қыз әкесі айыпты болмаған жағдайда, қызды алып қашушы төлейді.

З. Егер қыз әкесі алып қашушымен үндес, жымдас бояса, бұрынғы құдасына қалыңын қайтарып, өз тарапынан айыбын төлейді немесе басқа қызын береді.

4. Қызды айттырып қойған жақ, қызды алып қашушының тарапынан кешірім сұрау, немесе қалыңмалын айыбымен қоса қайтару кешіктірілсе өлім жазасын талап етуге, не барымтаға шығуына рұқсат.

5. Егер айттырылмаған басы бос қызды алып қашса, онда алып қашқан адам қыздың ата-анасына қалыңмал, түйе бастатқан тоғыз немесе қалың мал ретінде бір қыз беріп, алып қашқан қызға үйленеді.

б. Біреудің әйелін келісімінсіз алып қашу өлім жазасына кесіледі, не құн төлейді. Егер келісімімен алып қашса қалың малын қайтарып, үстіне қыз қосады.

7. Қызды, не әйелді зорлау өлім жазасына кесіледі, не құн төлейді, егер туыстары соған келіссе. Егер зорлықшы қызға үйленетін болса құн орнына қалың мал төлейді.

Құда тарту

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Кузеевтің шежіретануға қосқан үлесі
Қазақ халқындағы жүзге кірмейтін субэтникалық топтар: тарихи-этнографиялық зерттеу
Халықаралық тәжірибеде және Қазақстандағы әйелдердің тендік құқығы
Қазақ мемлекеттігінің құрылуы
Саяси философия
Құқықтың түрлері
Қазақ халқының отбасы тұрмысындағы діни дәстүрлер
Тәуекел хан тұсындағы қазақ хандығы
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz