Еңбек қорғаудың түсінігі туралы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
1-2 тақырып: Еңбек қорғаудың түсінігі.
Жоспар:
1. Еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың түсінігі.
2. Еңбек қорғау пәннің мазмұны.
3. Еңбекті қорғау саласының мақсаты мен міндеті
4. Еңбекті қорғау саласының қағидалары.
5. Еңбекті қоғау саласының субьектілері
Лекция мақсаты: Студенттерге Еңбекті қорғау пәнін түсіндіру, еңбекті қорғау саласының міндеті мен қағидаларын оқыту және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын оқытып, үйрету.
Лекция мәтіні. Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына сай еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.
Еңбекті қорғау пәні - бұл қызметкерлердің еңбек процесі барысында еңбекпен қорғалуын, яғни олардың өмірі мен денсаулығының қорғалуын қамтамасыз ететін, өндірістегі қауіпті жағдайларды, кәсіптік зияндарды болдырмау және оқыс жағдайлардың алдын-алу шараларын жасайтын, оқытатын, зерттейтін пән. Яғни, Еңбек құқығының бір институты болып табылады.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 5-бөлімі, 33-тарауының 306-бабында тоқталып, еңбектi қорғауға былай анықтама берілген, еңбектi қорғау - құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, ұйымдық-техникалық, санитарлық-гигиеналық, емдеу-алдын алу, оңалту және өзге де іс-шаралары мен құралдарын қамтитын, еңбек қызметi процесiнде қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жүйе болып табылады. Қысқаша айтқанда, еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкердің еңбек қызметі барысында оның өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі.
Жалпы алып қарағанда еңбекті қорғау 1) құқықтық, 2) медициналық, 3) экономикалық, 4) техникалық құрамдас элементтерден тұрады. Бұл жерде ескеретін бір жайт, еңбекті қорғаудың кем дегенде бір құрамдас элементі бұзылса, онда бүкіл еңбекті қорғау бұзылды деп саналады.
Мысалы: еңбекті қорғаудың техникалық аспектісі машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т. б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігін білдіреді. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірісте қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз.
1) Егерде, қызметкердің еңбек қызметі барысында өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шаралар жүйесі бұзылса, яғни қызметкердің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілген жағдайларда, олардың еңбекті қорғаудағы құқықтары қорғалмаса еңбекті қорғаудың құқықтық құрамдас элементі бұзылған болып табылады.
2) Егер ластанумен байланысты жұмыстар өндірісінде жуыну, санитарлық-гигиеналық бөлмелер жабдықталмаса, ал ыстық цехтарда тиісті тұзды су болмаса, немесе бөлмелер ластанған, қоқыстанған, газданған болса, не оларда зиянды заттардың рұқсат етілген нормалары шамадан тыс асып кетсе - бұл еңбекті қорғаудың медициналық құрамдас элементінің бұзылғанын білдіреді, бұл дегеніміз бүкіл еңбекті қорғау бұзылды, яғни, сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұр деген сөз.
3) Егерде еңбекті қорғау қаржыландырылмаса, және осының нәтижесінде қызметкерлер қорғау құралдарымен, арнайы киіммен қамтамасыз етілмесе, ескірген жабдықтар, машиналар ауыстырылмаса, бұл жағдайлар қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті еңбек жағдайларын тудыратыны сөзсіз, бұл дегеніміз, еңбекті қорғаудың экономикалық құрамдас элементі бұзылды деген сөз.
4) Өндірісте машиналарды, жабдықтарды жасау, өндірістік, ғимараттарды салу және т. б. кезінде еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы тиіс екендігі міндетті. Егер жабдықтар, станоктар, машиналар және т. б. оларда жұмыс істейтін адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті етіп жасалса, онда өндірістегі қайғылы оқиғалар, өндірістік жарақаттар орын алатыны сөзсіз, ал, бұл еңбекті қорғаудың техникалық құрамдас элемент бұзылды деген сөз.
Кең мағынада еңбекті қорғау адам еңбек ететін кез келген жерде қажет. Еңбекті қорғау барлық меншік нысанындағы ұйымдардағы еңбекке, сонымен қатар, қызметкерлердің, жұмыс берушілердің, еңбек мүшелерінің, тәжірибеден өтіп жүрген студенттердің, соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрген азаматтардың еңбегіне де қатысты болып табылады.
Тар мағынада еңбекті қорғау дегеніміз - бұл қызметкерлердің өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуі тиіс құралдар мен шаралардың жүйесі.
Бұл шаралар мен құралдар мыналардан тұрады:
- еңбекті қорғау жөніндегі ережелер мен нұсқаулардан;
- ауыр, зиянды және қауіпті жұмыстарда істейтін тұлғалар үшін жеңілдіктер мен өтемақылар туралы арнайы нормалардан;
- әйелдердің, кәмелетке толмағандардың және еңбекке қабілеті төмен тұлғалардың еңбегін қорғау жөніндегі нормалардан;
- өндірістегі қайғылы оқиғаларды тергеу және есепке алу ережелерінен;
- қауіпсіздік техникасы және өндірістік санитария жөніндегі ережелерден тұрады.
Қазіргі таңда Елбасы Жолдауындағы басты бағыттардың бірі - еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласына ерекше көңіл бөлініп, оның орындалуы жөнінде Үкімет тарапынан нақты шаралар жасалынуда. 2007 жылы Қазақстан Республикасында тұңғыш рет Еңбек Кодексі қолданысқа енгізілді. Бұрынғы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау заңдарына біріктірілген заң жобасы жасалынды. Қазақстандағы еңбекті қорғау жүйесі көптеген онжылдықтар бойы қалыптасты. Егер осы жылдар ішінде ие болған бағалы тәжірибе жөнінде айтар болсақ, онда бұған қызметкерлерді оқытуды, жауапкершіліктің көп сатылы жүйесін, қорғану құралдарын пайдалануды, қызметкерлерге медициналық қызмет көрсетуді жатқызуға болады, сонымен қатар, еңбекті қорғау қызметін ретке салатын жаңа нормативтік актілер қабылданды. Қазақстан Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарлама іске асырылды. Еңбекті қорғау мәселелеріне қатысты ХЕҰ-ның бірқатар Конвенциялары күшіне енгізілді. Халықаралық еңбек ұйымы 1989 жылдың 28 сәуірінде Канадалық, Американдық жұмысшылардың бастауымен өндіріс орындарына қайғылы жағдайға душар болған, жарақаттанған жұмысшы өкілдерін еске алу, олардың әлеуметтік қорғалуын үкімет тарапынан қолдау жөнінде бастама көтерді. Бұл ұсынысты бүкіләлемдік ерікті кәсіподақ мақұлдап, қазіргі уақытта барлық елде осы күн айрықша маңызға ие болып келеді.
Қазіргі уақытта республиканың кәсіпорындары мен ұйымдарында еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша нормаларын сақтау үлкен мәнге ие болып отыр, себебі оған қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуы, олардың денсаулығы мен өмірлерінің сақталуы тікелей байланысты.
Еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауды жақсартуда ең негізгі міндеттердің бірі-қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған кәсіптік одақтардың қызметі елеулі рөл атқарады. Басқа да кез келген қоғамдық ұйым тәрізді кәсіподақ та ықпал етудің ең саналуан формаларын пайлаланады. Осы тектес ықпал етулердің неғұрлым қонымды және тиімді формаларының бірі - еңбек заңнамасының еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы талаптарын сақтауға қоғамдық бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
Еңбек жағдайларын жақсарту әлеуметтік жақсы нәтижелер береді - қызметкерлердің денсаулығы артады, жұмысы қанағаттандырады, еңбек тәртібі артады, өндірістік және қоғамдық белсенділік пен басқа да еңбекшілердің жоғары сатылы дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жоғарылайды. Азаматтардың еңбек еркінділігіне сай конституциялық құқығына байланысты туындайтын Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген еңбек қатынастарын Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Заңы реттейді, ол Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген және жекелеген қызметкерлер категорялары арасында еңбек қатынастарын реттейтін Заң мен басқа да нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
Еңбек қауіпсіздігін қорғау саласында басшылардың, сала мамандарының біліктілігін тексеру, оларды оқыту, арнайы сертификат алу шаралары, оған жұмсалатын қаржы көздері ұжымдық шартпен айқындалып, нақтылы орындалып отыруы тиіс. Бірінші кезекте әр сала бойынша нұсқамалық ержелер жасау, онымен таныстыру мекеменің тікелей басшысының міндеті болып саналады. Адам құқығы, оның қорғалуы жөнінде әрбір мекеме басшысы қатаң тәртіп орнатып, қауіпсіздік шараларының бұзылуына жол бермеуі тиіс.
2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары. Еңбекті қорғау саласының мінтеті - адамдарды жұмыстың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне үйрету және қызметкерлердің жұмыстарды атқару кезінде еңбекті қорғау ережелері мен нормаларын бұзушылықтарды болдырмау болып табылады.
Еңбекті қорғау саласының қағидалары мыналар болып табылады:
- өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірі мен денсаулығының басымдығы;
- қызметкердің өмірі мен денсаулығына өндірістік факторлардың зиянды әсерінің қайтымсыз салдарына жол бермеу;
- адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуіне жол бермеу;
- қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықтарын қорғауға мемлекеттің кепілдік беруі;
- еңбек бостандығы;
- кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
- нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау арқылы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында бірыңғай талаптарды белгілеу;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
- уәкілетті орган, оның аумақтық бөлімшелері және жұмыс берушілер мен қызметкерлер өкілдері арасында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы келісілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
- еңбек қауіпсiздiгiнің және еңбекті қорғаудың жай-күйi туралы ақпараттың жариялылығы, толымдылығы және дұрыстығы;
- мемлекеттiк бағдарламаларды қаржыландыруға, нормативтiк құқықтық актiлерді әзiрлеуге, еңбек қауiпсiздігі және еңбекті қорғау саласында ғылыми жұмыстар мен зерттеулер жүргiзуге мемлекеттiң қатысуы;
- кемсітушілікке, мәжбүрлі еңбекке және балалар еңбегінің ең нашар түрлеріне тыйым салу;
- қауіпсіздік және гигена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамассыз ету;
- өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты алғанда қызметкердің өмірімен денсаулығының басымдығы;
- еңбегі үшін жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес, әділетті сыйақыға құқығын қамтамассыз ету;
- тынығу құқығын қамтамассыз ету;
- қызметкерлердің құқықтары мен мүмкүндіктерінің теңдігі;
- қызметкерлер мен жұмыс берушілердің өздерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін бірігу құқығын қамтамассыз ету;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерін мемлекеттік реттеу;
- қызметкерлер өкілдерінің ҚР еңбек заңнемасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамассыз ету болып табылады;
- қызметкерлер өкiлдерiнiң еңбек қауiпсiздігі және еңбектi қорғау жөніндегi мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыруға, еңбек қауіпсiздігі және еңбектi қорғау нормаларынан тұратын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге, сондай-ақ еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау туралы Қазақстан Республикасы заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асыруға қатысуы.
Бақылау сұрақтары:
1. Еңбекті қорғауғаудың түсінігі және пәннің мазмұны.
2. Еңбекті қорғау саласының міндеті және қағидалары.
3. Еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары.
Пайдаланылған әдебиеттер мен
нормативтік құқықтық актілер тізімі:
- В. И Скала. -Алматы: LEM 2002 Охрана труда и техники безопасности в практической деятельности субьектов РК
- Абузярова Н. А. Обеспечение законности в трудовых отношениях. . Алматы. Жеті жарғы. 1997.
- Абузярова Н. А. Комментарий к закону «О труде в Республике Казахстан»-Алматы. :Жеті жарғы, 2001.
- Абузярова Н. А. Трудовое право:Учебник. -Алматы:ЮРИСТ, 2002. -264с.
- Айымханова Н. М. Қазақстан Републикасының еңбек құқығы:Оқу құралы-Алматы:Жеті жарғы, 2002. -240б.
- Нурбаев Д А Трудовое право Республики Казахстан-Бастау Алматы, 2004
Қосымша әдебиеттер:
- Денисенко Г. Ф. Охрана труда Москва: Высшая школа, 1985. - 346 с. 14.
- Приходько Н. Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций. - Алматы: ВШП «Адилет», 2000. - 366с.
- Нургалиева Е. Н. Механизм правового регулирования труда. Алматы: Жеті-Жарғы, - 1996
- Нурмагамбетов А. М. Рынок труда: правовые проблемы и перспективы. - Алматы. ТОО "Баспа". 1998. -192с.
- Безопасность жизнедеятельности: Учебник для вузов/С. В. Белов, А. В. Ильницкая, А. Ф. Козьяков и др. ; Под общ. ред. С. В. Белова. - М. : Высшая школа, 1999. -448с.
- Адбаева К. А., Спатаев Н. Д. Сборник нормативных актов Республики Казахстан по охране труда. Караганда, 2002. - 256 с
- Уваров В. Н. Казақстан Республикасының Еңбек құқығы: Оқулық. -Алматы: КазГЮА, 2002.
- Хамзин А. Ш., Хамзина Ж. А., Хамзина Л, А. Трудовое право Республики Казахстан: Учебник. - Алматы, 2004
Нормативтік құқықтық актілер:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 30. 08.
2. Қазақстан Республикасының 15. 05. 2007 жылғы N251 Еңбек кодексі.
2-тақырып: Еңбекті қорғаудың қайнар көзі
Жоспар:
1. ҚР-ның еңбекті қорғау саласындағы заңдары.
2. Еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілері, ережелер.
Лекция мәтіні.
Қазақстан Республикасының Конституциясында адамдардың еңбегі мен денсаулығы мемлекетпен қорғалатыны, әрбір азаматтың қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін жағдайда еңбек ету құқығы жарияланған. Мемлекет бұл талаптарды, ең алдымен, еңбекті қорғау және оларды орындауға қадағалау жүргізу туралы нормалар жүйесі арқылы орындайды.
Еңбекті қорғау саласындағы ұлттық саясаттың негізгі бағыттары ҚР «Еңбек кодексінің» 306-бабында көзделген.
Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару ҚР «Еңбек кодексінің» 307-бабына сәйкес, еңбекті қорғауға мемлекеттік басқаруды мыналар жүзеге асырады:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі;
- ҚР Үкіметі арнайы құратын мемлекеттік орган және оның жергілікті жерлердегі бөлімшелері.
Ал, еңбекті қорғауға мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын органдар болып мыналар табылады:
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, бұл орган еңбек, еңбекті қорғау, жұмыспен қамту туралы заңдардың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Ауыл шаруашылық министрлігі, бұл министрлік машина-тракторлық парктердің техникалық жағдайына, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
- Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлік, бұл орган орталық және жергілікті атқарушы органдардың табиғи және техникалық сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми мекемелердің жұмысын үйлестіреді, сонымен қатар, өнеркәсіпте жұмыс жүргізудің қауіпсіздігіне қадағалау жүргізеді;
- Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімі жанындағы тәртіптік кеңес, бұл орган мемлекеттік тәртіпті нығайту және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілігін қамтамасыз ету мәселелерін қарайды;
- Бас Прокуратура, бұл орган республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтық актілердің дәл және бірыңғай қолданылуына жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады;
- жергілікті өкілдік және атқарушы органдар, бұлар тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларын орындауды, жергілікті жерлерде ҚР Конституциясының, ҚР заңдарының, Жоғарғы Сот қаулыларының, ҚР Президентінің және
Үкіметінің актілерінің, мәслихаттардың және әкімшілік басшыларының актілерінің орындалуын, республикалық және жергілікті билік органдарының өзара байланысын, халықты жергілікті істерді басқаруға тартуды қамтамасыз етеді.
Әрбір азамат еңбекті қорғау құқығына, яғни қауіпсіздік пен еңбек тазалығы талаптарына жауап беретін еңбек жағдайлары құқығына ие. Бұл ҚР Конституциясында және ҚР «Еңбек кодексінде» белгіленген негізгі құқықтардың бірі.
Еңбекті қорғауға құқық дегеніміз бұл:
1. Зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғаулы тиіс қауіпсіз жұмыс орны; мұндай факторлар өндірістік жарақатқа, кәсіптік ауруға немесе жұмысқа қабілеттің төмендеуіне келмеуі тиіс;
2. Қайғылы оқиғалар мен кәсіптік ауруларды міндетті түрде тергеу және мұндай жағдайларда әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету;
3. Ұжымдық және жеке қорғану құралдарымен тегін қамтамасыз ету;
4. Жұмыстың және еңбек тәсілдерінің қауіпсіз әдістеріне үйрету;
5. Өзінің жұмыс орнындағы еңбекті қорғау жағдайы туралы, денсаулыққа келуі мүмкін зақымдарға қатысты тәуекелдер туралы және оларды қорғау жөнінде қабылданған шаралар туралы шынайы ақпарат алу;
·6. Өзінің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төнген жағдайда осы қауіпті жойғанға дейін жұмысты орындаудан бас тарту;
·7. Кәсіпорындарды жобалау, салу және қолданысқа беру кезінде еңбекті қорғау талаптарын қамтамасыз ету;
8. Еңбекті қорғау бойынша мамандарды дайындау;
·9. Еңбекті қорғауды қаржыландыру.
Қауіпсіз жұмыс орнына құқық кәсіпорындардағы, әрбір жұмыс орнындағы еңбек жағдайлары еңбекті қорғауға қатысты стандарттарға, ережелерге және нормаларға сәйкес болуы тиіс екендігін білдіреді.
Мемлекеттік стандарттарға, еңбекті қорғауға байланысты нормаларға, ережелерге жауап бермейтін өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды жобалауға, салуға және қолданысқа беруге, машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды және өзге де өнімдерді, соның ішінде, шетелден . келінген құралдарды шығаруға жол берілмейді. Олардың адамның ағзасына және денсаулығына әсері туралы токсикологиялық, санитарлық-гигиеналық, радиациялық, медициналық-биологиялық бағалаудан өтпеген заттарды, материалдарды, шикізаттарды қолдануға тыйым салынады. Еңбекті қорғауды қаржыландыру мемлекеттік және жергілікті бюджеттер, бюджеттен тыс қорлар, кәсіпорындар қаржысы және өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. Кәсіпорындардың қызметкерлері осы мақсаттарға қатысты шығындарды көтермейді.
Еңбекті қорғау туралы заңдарда қызметкерлер мен жұмыс берушілердің міндеттері де көзделген. Қызметкерлер өндірістік цехтардағы, құрылыс алаңдарындағы жүріс-тұрыс және жұмысты орындаудың белгілі бір ережелерін белгілейтін еңбекті қорғауға қатысты нормаларды, ережелерді және нұсқауларды сақтауға міндетті. Сонымен қатар, қызметкерлер ұжымдық және өзіндік қорғану құралдарын дұрыс пайдалануға және қолдануға міндетті. Егер жұмысқа кірісудің міндетті шарты болып қауіпсіздік техникасына қатысты арнайы білім алу, нұсқама алу немесе емтихан тапсыру болса, онда қызметкер бұл талаптарды орындауға міндетті. Бұл талаптарды орындаудан бас тарту еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырылады.
В. Н. Уваров атағандай, нормативтік құқықтық актілер екі түрге бөлінеді:
1. негізгі
2. туынды
Еңбек заңнамасы саласындағы негізгі нормативтік құқықтық актілерге ҚР Конституциясы, конституциялық заңдар, еңбек туралы жекелеген заңдар, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтары, ҚР Үкіметінің, Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Соттың қаулылары, министрліктердің және өзге де орталық мемлекеттік органдар басшыларының нормативтік бұйрықтары, еңбек мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеттердің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік қаулылары, мәслихаттар мен әкімдердің еңбекті ұйымдастырудың жергілкті мәселелері жөніндегі нормативтік шешімдері жатады. Еңбек заңнамасы саласындағы туынды нормативтік құқықтық актілерге әр түрлі ережелер, нұсқаулар, ұсыныстар және т. б. жатады. Туынды актілер негізгі нормативтік құқықтық актілердің негізінде қабылданады және олармен бірге біртұтас жүйені құрайды. ҚР 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» заңының 4-бабына сәйкес, Конституцияны қоспағанда, өзге нормативтік-құкықтық актілердің заң күшінің арақатынасы мынадай төмендей беретін деңгейлерге сәйкес болады: Қазақстандық құқықтың, соның ішінде, еңбек құқығының қайнар көздерінің арасында ерекше орынды Қазақстан Республикасының Конституциясы иеленген. Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады. Конституцияның жоғары заңды күші мынадан көрініс табады.
1) Конституция заңдар мен заңға сәйкес актілерге қарағанда артықшылық рөлге ие;
2) Конституция тиісті мемлекеттік органдардың заңдар мен заңға сәйкес актілерді қабылдау тәртібін белгілейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz