Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеутуралы



1.Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты.
2.Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы құзыретi
3.Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ережелері
4. Мемлекеттік бақылау
1.Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - кәсіпкерлікті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік мүдделері мен тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық реттеуге өтуге қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В. Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. «Іс жақсы жүру үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу». Швецияның тиімді экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша «реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік»-дейді. Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты реттеледі деген пікірде.
Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялық қортынды берген атақты ағылшын экономисі Дж М. Кейнс (1883-1946жж.). Оның теориялық қортындылары 1929-1939 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыстан шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дж М. Кейнс теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында ең алдымен фискалдық және ақша-кредит саясатын тиімді іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.
Кейнс теориясы практикалық тілге айналдырғанда: жұмыссыздық жойылса халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді, өндіріс инвестицияны көп талап етеді, ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді. Ал салық массасы бюджетке түседі, қортындысында мемлекет бойынша өндірілген жалпы ұлттық өнім фискалдық саясат арқылы оның 40-45% қайта бөлініп елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.
Жоғарыдағы көрсетілген ойлардан шығатын қортынды: мемлекет экономиканы реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл елдердің тәжірибесінен алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды түгел және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштердің дамытып өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.
Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан республикасының Кодексі "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы", 12.06.200ІЖ. (01.01.2005ж. дейінгі енгізілген өзгертулер мен толықтыруларды есепке ала отырып)
2. Закон Республика казахстан "О государственнной поддержке малого предпренимательства",19.07.1997 г.
3. Закон Республики Казахстан "Об индивидуальном предпринемтельстве", 19.0б.1997г.
4. Қазақстан Республикасы Президентінің "Шаруашылық серіктестік туралы" Заң күші бар Жарлығы, 2.05.1и Казахстан "О Государственной программе развития и поддержке малого предпринимательства в Республике Казахстан на 1999-2000 годы", 31.12.1998 г995ж.
5. Гражданский кодекс республики Казахстан, 27.12.1994г.
6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Өндірістік кооператив туралы" Заң күші бар Жарлығы, 5.10.1995ж.
7. Указ Президента Республик.
8. Қазақстан республикасының "салық және бюджетке төленетін басқа да міндеті толемдер туралы" Заңы, 24.04,1995 ж.
9. Указ Президента республики Казахстан, имеющий силу Закона "О государственной регистрации юредических лиц" от 17.04.1995 г.
10. Современный экономический словарь. Под.ред. Б.А. Райзберга // М., Инфра-М, 1999
11. Чипурин М.М., Киселева Е. А. Курс экономической теории // Киров, "АСА", 1997 г.
12. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег. // М. Экономика, 1993 г.
13. Налоги. Под ред. Д.Г. Черника // М. Финансы и статистика, 1999 ж.
14. Курс экономики. Под ред. Б,А- Райзбергд // М., Инфра-М, 2000 г.
15. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы // Алматы, К/аржы -қаражатДООЗ ж.'.
16. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. // М., 1962, т.2.
17. Құланбай Э. Шағын бизнес иелері текке шырылдамайды. // Егемен Қазақстан, 26.12.2002 ж.
18. Идрисова Э.К. Қазақстандағы салық және салық салу. Оқулық.// Алматы. 2003ж.
19. Ермекбаева Б. Ж. Салық салу негіздері. Оқу құралы // Алматы, 2003 г
20. Черник Д.Г. Налоги в рыночной эконоомике // М., ЮНИТИ, 1997 г.
21. Кенесов Б. Американский бизнес требует перемен // Деловая неделя, №3, 24.10.1997 г.
22. Юткина Т.Ф. Налоги и налогооблажение. // М., Инфра-М, 1999г.
23. Бухгалтерлік бюллетень №49 (258) желтоқсан 2003 ж.
24. Алипов А. Механизм налогооблажения малого и среднего бизнеса // Деловая неделя, №39, 24.Ю.1997Г.
25. Томпиев М.К."Малое предпринимательства и ее проблемы" Алматы, 2003г.
26. Ваксян И.М. "Эффективные методы и приемы налогового контроля в отношении малых предприятий". Налоговый эксперт, №1 2002 г.
27. Туржанов. С. О состоянии малого бизнеса г.Алматы и некоторых проблемах развития малого предпринимателства/ Вестник пердпринимателя, 2004г. №1 ст.5-10
28. Туржанов С.А. большие проблемы малого бизнеса// Налоговый эксперт №5(30), 2002г.
29. Дауранов И., Рудецких А. Роль и место малого бизнеса в решении проблем занятости. Қаржы-қаражат. 2004г. №5 ст.5-10 "В"
30. Байниетова М. Основные препятствия деятельности субъектов малого предпринимательства//Саясат. №8, 2004аг.
31. Байнеева Б. Современные состояние и тенденции развития малого бизнеса РК// Саясат. №7, 2004ж.
32. Алматы облыстық көсіпкерлік, шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдану жөніндегі комитеттің сандық мәліметтері.
33. Алматы облыстық СК 1-Н, 2-Н 2003-2004жж. есебі.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
3-тақырып.Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу.
Лекция жоспары
1.Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты.
2.Мемлекеттік органдардың жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау саласындағы
құзыретi
3.Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ережелері
4. Мемлекеттік бақылау
1.Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты - кәсіпкерлікті
дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік мүдделері мен
тұтынушылардың құқықтарын қорғау болып табылады.
Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық
реттеуге өтуге қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В. Леонтьевтің айтуы
бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. Іс жақсы жүру
үшін жел керек – ол мүдде. Руль – мемлекеттік реттеу. Швецияның тиімді
экономика моделінің авторы Клас Эклундтың пікірі бойынша реттелмейтін
экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында
экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік-дейді. Қазір
экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері
нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты реттеледі деген
пікірде.
Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялық қортынды берген
атақты ағылшын экономисі Дж М. Кейнс (1883-1946жж.). Оның теориялық
қортындылары 1929-1939 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыстан
шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті
реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді.
Дж М. Кейнс теориясы бойынша: тұтастай сұраныста ынталандыру және барлық
ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді
пайдалану мақсатында ең алдымен фискалдық және ақша-кредит саясатын тиімді
іске асыру басты мақсат деген пікірге келген.
Кейнс теориясы практикалық тілге айналдырғанда: жұмыссыздық жойылса
халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс
ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді, өндіріс инвестицияны көп талап
етеді, ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді. Ал салық
массасы бюджетке түседі, қортындысында мемлекет бойынша өндірілген жалпы
ұлттық өнім фискалдық саясат арқылы оның 40-45% қайта бөлініп елдің
әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.
Жоғарыдағы көрсетілген ойлардан шығатын қортынды: мемлекет экономиканы
реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жетілген Батыс
елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл
елдердің тәжірибесінен алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды түгел
және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштердің дамытып
өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.
Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процесстерді
бүкіл қоғам үшін және оның әрбір азаматы үшін автоматты реттей алмайды.
Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік
бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың
қорғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда
бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін,
қоғам үшін өте қажет болса да. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік
экономикалық мәні бар актуалды проблемаларды шешпейді. Ол мәселелер тек
қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы
бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы
керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел
төмендегенін инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т.б. қолайсыз
жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмеушілігінен, өзіне
жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.
2.Кәсіпкерлікті дамыту қоры халықтың кәсіпкерлік әлеуеті мен
бастамашылығын іске асыруға тырысқан түрлі топтары үшін қаржы ресурстары
мен сараптама жасаудың нақты қайнарына айналуға тиіс.
Кәсіпкерлікті қаржылай қолдау саясаты қызметтің басқа түрлерін ұзақ
мерзімді және орта мерзімді несиелеу үлесін ұлғайтуға, аймақтық деңгейінде
кепілдік қорлар мен несие серіктестерін құруға бағытталады. Бүгінгі күнге,
коммерциялық банктерден шағын бизнеске берілетін несиелер бойынша пайыздық
ставкалар мөлшері валютада 16-18% және теңгеде 20-24 %-ға дейін құрайды.
Алынған несие ресуртсарын игерудің орташа мерзімі шамамен 11-12 ай. Ұлттық
банк пен Үкіметке шағын бизнес секторын дамытудың арзан халықаралық
бағдарламалық заңдарына қызмет көрсету кезінде банк маржасының төмен
ставкаларын белгілейтін шараларды, екінші деңгейдегі банктерді басқа
көздерден несиелеу ставкаларын төмендетуге ынталандыру жөніндегі шаралар
қолданған.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарының бірі
қолайлы жағдай жасаудың, онда кеден бажын төлеудің жеңілдікті режимі де
қамтылады, құқықтық режимін белгілеу болып табылады.
Бұл саладағы негізгі шара сыртқы экономикалық операциялар бойынша
құжаттарды хаттау процедураларын оңайлату мен мерзімдерін қысқарту, шағын
кәсіпкерлік субъектілері үшін кеден тарифтерінің жеңілдікті жүйесі
жөніндегі ұсыныстарды талдап-жасау болып табылады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың инфрақұрылымдарын қалыптастыру
ыңғайында тану болашақта шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының жұмысын қайта
құру көзделген.
Қазір қор қажетті инфрақұрылымдар мен аймақтардағы өкімет органдарының
өзара ықпалдастығы болмауы себепті шағын кәсіпкерлердің қолы жетпес ұйымға
айналып отыр. Осыған байланысты мемлекеттік өкіметтің жергілікті орындарын
қор қызметіне кеңінен тарту жоспарланған.
Қор қарыз алушылар мен банктер арасындағы делдал қызметін өзіне алады.
Бұл тапсырылған жобаларды қарау мен мақұлдау тәртібін жеделдетеді,
берекесіздікті жолды, кәсіпкерлердің шығындарын едәуір азайтады.
Шағын бизнесті ойдағыдай дамыту үшін аймақтарда инфрақұрылымның барлық
элементтерін құруды жүзеге асыру белгіленген кейін олар біртұтас ұйымдық-
технологиялық жүйеге біріктіреді.
Бүгінгі таңда шағын кәсіпкерлікті дамыту саласында жедел және қаржы
лизингі операциялары іс-жүзінде дами алмай отыр.Мұндай жағдайға лизингтің
заңдық және нормативтік базасының жоқтығы себеп болып табылады.
Лизингтік қатынастарды тезірек енгізу мақсатында олардың дамуын
мемлекеттік қолдау жөнінде бірқатар шаралар қабылдау қажет.Франчайзинг
шағын кәсіпкерлік өнімдерінің ірі бизнеспен қарым- қатынасының мейлінше
тиімді үлгісі ретінде өз дамуының зор әлеуетті мүмкіндіктеріне ие.
Қазақстанда франчайзинг ассоциациясы-кеңестік орталығын құруға жәрдемдесу
қажет.
Шағын бизнестің ортақ мүдделерін және әр субъектінің мүдделерін қорғау,
мемлекеттік емес ұйымдардың ролін күшейту мақсатында Жемқорлықпен күрес
туралы заңды жүзеге асыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құқығын
заңды тұрғыда тиянақтау, тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы үлгісі бойынша
мамандандырылған ассоциацияларға бірігу көзделеді. ҚР Президенті, Үкіметі,
жергілікті атқарушы органдар жанынан шағын кәсіпкерлікті дамытудың қоғамдық-
сарапшы кеңестері құрылған.
Қазіргі уақытта республикада 390 мыңнан астам шағын бизнес нысандары
бар болса, оларда 1 млн-ға жуық адам еңбек етеді. Саланың ЖҰӨ өндірісіндегі
үлесі 1998 жылға қарағанда екі еседен астамға өсіп, 2006 жылы 47,2%
құраған.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 6 наурыздағы Шағын
кәсіпкерлікті дамытуды белсендету және мемлекеттік қолдауды күшейту
бойынша шаралар туралы жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы үкіметінің,
қазақстандық заңды тұлғалардың және кәсіпкерлердің, халықаралық қаржы
ұйымдарының, шетелдік, үкіметтік және үкіметтік емес құрылымдардың
қатысуымен дамыту қорын құру көзделген. Әртүрлі үкіметтік және үкіметтік
емес ұйымдарды және шетел ұйымдарын кеңінен тарту бұл қорды қалыптастыруда
бюджеттік шығындарды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Аталмыш қордың
қызметі шағын бизнес жобаларына несие беруге (5 млн теңгеге дейін)
бағытталуы керек және осы шартты түрде қордың ақша құралдарын конкурс
негізінде Қазақстан Республикасы банктеріне орналастыру жолымен жүзеге
асыру қажет.Қормен берілетін (5 млн теңгеге дейін) аздаған қатынастағы
қарыз жыл сайын жобалардың әжептеуір көп бөлігін қаржыландыруға мүмкіндік
береді.
Тағы да Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының
Ұлттық банкі бірлесе отырып, жеке кәсіпкерлерді қосқанда шағын кәсіпкерлік
кәсіпорында мемлекеттік банктер мен екінші деңгейлі банктерде мемлекеттің
қатысуымен ақысыз шоттардың ашылуын қамтамасыз ететін сәйкес шешімдер мен
шаралар қабылдауды көздеп отыр. Конкурстың негізінде қазақстандық банктерді
тарту, бірінші кезекте, берілген несиелердің қайтарымдылығын қамтамасыз
етеді.
МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ
МЕН ҚОЛДАУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТI
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың
негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) жеке кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік жүйесін қалыптастырады;
3) Үкімет жанынан жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік-
кеңесші органдар құрады және таратады;
4) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар әзірлейтін, жеке
кәсіпкерліктің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің
жобаларын сарапшылық кеңестердің қарауын ұйымдастырады;
5) мемлекеттік мұқтаждар үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып
алынатын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің)
номенклатурасын және олардың көлемін (проценттік көріністегі) бекітеді;
6) шағын кәсіпкерліктің дамуын ынталандырады, мемлекет тарапынан шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылық қолдау көрсету үшін арнайы қор құрады;
7) өнеркәсіп өндірісін ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын
дамыту үшін жалға немесе сенімгерлік басқаруға берілген объектілерді шағын
кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне өтеусіз беру тәртібін айқындайды;
8) бәсекеге қабілетті салаларды құру мен жетілдіруді, жеке кәсіпкерлік
субъектілерін дамытуды және олар шығаратын өнімнің сапасын арттыруды
ынталандыратын мемлекеттік саясатты айқындайды және іске асырады;
9) бәсекелестіктің дамуына және инновацияларға, материалдық активтерге,
сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестицияларға инвестициялар салуды ынталандыруға
септігін тигізетін нормативтік құқықтық актілер әзірлейді;
10) экономиканың жекелеген секторларында кластерлер құруды ынталандырады;
11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің дамуы үшін кедергілерді жою мақсатында
экономика салаларының жұмыс істеуіне талдау жүргізеді;
12) Қазақстан Республикасының экономикасына инвестицияларды ұлғайту және
инновациялар ендіруді жеделдету мақсатында ұлттық даму институттарын
құрады;
13) жекелеген салаларда жеке кәсіпкерлік субъектілері арасындағы
бәсекелестікті дамыту үшін жағдайлар жасай отырып, осы салаларды тарифтік
және тарифтік емес әдістермен уақытша қорғауды жүзеге асырады;
14) ұлттық экспорттаушыларға қатысты басқа елдер орнатқан кедергілерді
жоюға шаралар қабылдайды;
15) жеке кәсіпкерлік субъектілерін келісімді бірлескен экспорттық саясатты
жүргізуге ынталандырады;
16) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне ішкі және сыртқы нарықтардың жай-күйі
туралы экономикалық ақпарат беруді ұйымдастырады;
17) сапа менеджментінің жүйесін ендіруді ынталандыру жолымен ұлттық өнімнің
бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жағдайлар жасайды;
18) ұлттық экспорттаушылардың басқа елдердің аумағындағы мүдделерін қолдау
жолымен сыртқы сұранысқа жағдай жасайды;
19) жеке кәсіпкерлік субъектілердің персоналын көтермелейді, жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің және жұмыс берушілердің бірлестіктерімен өзара
әрекет етеді;
20) бәсекеге қабілетті салалар құру мақсатында жекелеген салаларды қолдау
бағдарламаларын бекітеді;
21) саланың немесе кластерлердің проблемаларын шешу үшін ғылыми-зерттеу
ұйымдарын құрады, іргелі және қолданбалы ғылыми-зерттеулерді
қаржыландырады;
22) республиканың экономикасы үшін білікті кадрлар даярлау жөнінде
мемлекеттік бағдарламалар әзірлейді;
23) халықтың әлеуметтік қорғалмаған жігін жеке кәсіпкерлікке тарту жөнінде
шаралар әзірлейді.
Уәкілетті органның құзыретi
Уәкілетті орган:
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын жүргізуді
жүзеге асырады;
2) жеке кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламаларын әзірлеп, іске асырады;
3) шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік шараларының
орындалуын ұйымдастырады және үйлестіреді;
4) жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру және оларға кредит беру
жөніндегі шараларды жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді;
5) кәсіпкерлік ортаға, инвестициялық ахуалға және жеке кәсіпкерлікті
дамытудың инфрақұрылымына талдау жүргізеді;
6) жеке кәсіпкерлік қызмет саласында зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады;
7) жеке кәсіпкерлікті қолдауды және дамытуды қамтамасыз ететін нормативтік
құқықтық актілерді әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынады;
8) республика өңірлерінде шағын кәсіпкерлік инфрақұрылымын қалыптастыру мен
дамытуға септігін тигізеді;
9) шағын кәсіпкерлік саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және олардың
біліктілігін арттыру жүйесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
10) Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын
қорғауға бағытталған заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
11) жеке кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі орталық мемлекеттік және жергілікті
атқарушы органдарды ведомствоаралық үйлестіруді жүзеге асырады;
12) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың жанындағы
сарапшылық кеңестердің қызметін үйлестіреді;
13) шағын кәсіпкерліктің инновациялық, инвестициялық және индустриялық
дамудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыруға қатысуы үшін жағдайлар
жасайды;
14) инвесторлар, грант беруші халықаралық ұйымдар үшін жеке кәсіпкерлікті
қолдау және дамыту мәселелерінде жағдайлар жасайды;
15) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне әдіснамалық көмек ұйымдастырады;
16) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің) халықаралық нарықтарына шығуы үшін жағдайлар жасайды;
17) жеке кәсіпкерлікті дамыту саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асырады;
18) жеке кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты
насихаттайды;
19) мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары жол беретін жеке
кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін регламенттейтін Қазақстан
Республикасының заңнамасын бұзушылықтар туралы Қазақстан Республикасының
Президенті мен Yкіметін хабардар етеді.
Жергілікті өкілетті органдардың құзыретi
Қазақстан Республикасының жергілікті өкілетті органдары:
1) шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың өңірлік бағдарламаларын
бекітеді;
2) жергілікті атқарушы органдар басшыларының Қазақстан Республикасындағы
шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері бойынша есептерін қарайды.
Жергілікті атқарушы органдардың құзыретi
Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдары:
1) жеке кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатының іске
асырылуын жүзеге асырады;
2) жеке кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайлар жасайды;
3) өңірлерде мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы мен орындалуын
қамтамасыз етеді және ол үшін жауапты болады;
4) шағын кәсіпкерлікті қолдаудың өңірлік бағдарламаларын әзірлеп, іске
асырады;
5) өңірде шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау
инфрақұрылымының объектілерін құру мен дамытуды қамтамасыз етеді;
6) жергілікті атқарушы органдардың жеке кәсіпкерлік субъектілерінің
бірлестіктерімен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара қарым-
қатынастарын дамыту стратегиясын айқындайды;
7) сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады;
8) шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін мамандар мен персоналды оқытуды,
даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды
ұйымдастырады.
Ел басшылығы белгілегеніндей, алдағы он жылда Қазақстан ел
экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру және оны жеделдете
әртараптандыру арқасында өрлеуді қамтамасыз етпек. Осы мақсатта Елбасы
бастамашылығымен Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы
әзірленді.
Біз анықтағанымыздай, оны іске асыру мақсатында арнайы бағдарламалар
әзірленіп, өмірге жолдама алмақ. Президенттің көмекшісі Бақыт Сұлтановтың
мәліметіне жүгінсек, олардың жұмыс атаулары Инвестор 2020, Экспорт
2020, Өнімділік 2020 деп келеді. Ал осылардың қатарындағы Бизнестің жол
картасы-2020 бағдарламасын ел Үкіметі ендігі әзір етті. Кеше Астанада,
Үкіметбасының қатысуымен осы бағдарлама аясында ынтымақтастық келісімдеріне
қол қою салтанаты өтті.
Елбасының Ђрлеу стратегиясын орындау мақсатында Мәсімов Үкіметі
экспортқа бағдарланған, жаһандық қатал бәсекелестікке шыдас бере алар деген
секторларды қосымша ынталандыру шараларын қабылдауды бастады. Осымен бір
уақытта Қазақ еліне бағытталған шетелдік инвестициялар тасқынының
толастамай, қайта арыны арта түсуі үшін қолайлы жағдайлар туғызу жұмысы
жалғастырылуда. Ел басшылығы ұлттық кәсіпкерлікті, соның ішінде шағын және
орта бизнесті дамытуды - 2010 жылдағы мемлекеттік саясаттың басымдықты
бағыттарының бірі ретінде жариялады. Н.Назарбаев өзінің биылғы Жолдауында
ел экономикасын әртараптандыру-диверсификациялау ісінің ендігі ұйытқысы,
өзегі кәсіпкерлік болуға тиістігін жариялады. Біз тәуекелдерді өз мойнына
алуға, сөйтіп, жаңа нарықтарды игеруге, инновацияларды ендіруге дайын,
қуатты да әлеуетті кәсіпкерлік класты көргіміз келеді. Дәл осы кәсіпкерлер
ел экономикасын жаңартудың қозғаушы күші болып табылады деді Президент.
Демек, шенділерге шағын және орта бизнеске салық жинаудың сауынды сиыры
ретінде қарауды қойып, оларды шын мәнінде ел экономикасының тұғырына
айналдыру жөніндегі ұстанымда нық бекуі қажет. Осы бағытта енді Үкімет
тұтастай экономикамызда да, сондай-ақ оның жекелеген маңызды нарықтарда
адал бәсекелестікке қорған болып, оның өркен жаюына жол ашпақ,
сыбайластықтың құруына күш салмақ. Бұған қоса мәсімовтер кәсіпкерлердің
алдынан алтықабат арқан болып керілген әкімшілік кедергілерді жою
бағытындағы іс-қимылды өрістетпек. Рұқсат беру жүйесі жетілдіріледі,
мемлекеттік бақылаушы органдардың қызметін түпкілікті ретке келтіріп,
ревизорлық негізсіз сапарларға тосқауыл қояды деп күтілуде.
Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы да аймақтарда кәсіпкерліктің
өркендеуіне үлес қосуға тиіс, ол мемлекеттік қолдауды жүйелі және нақты
жобалық шаралар арқылы көрсетуді көздейді. Мемлекет басшысының тікелей
тапсырмасымен даярланған бұл бағдарлама бизнес-қауымдастық арасында кеңінен
талқыланды. Ал 4 мамырда өткен Үкімет отырысында Министрлер Кабинеті бұл
бағдарламаны арнайы қаулымен бекітті. Экономикалық даму және сауда министрі
Ж.Айтжанованың айтуынша, осы қаулымен бағдарламаның үш бағыты - Жаңа
бизнес-бастамаларды қолдау, Кәсіпкерлік секторды сауықтыру және
Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау бойынша да банктер
кредиттерінің ставкаларын субсидиялау ережелері бекітілген. Бұл ережелерде
кәсіпкерлер ұсынатын өтінім мен есептіліктің үлгілік-типтік формалары,
субсидиялау мен кепіл беруге, сондай-ақ мемқолдаудың басқа шараларына қол
жеткізу үшін жиналатын құжаттар мен типтік келісімшарттар тізімі берілген.
Ал кеше Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтің қатысуымен, Экономикалық даму және
сауда министрлігінің, еліміздің барлық әкімдіктерінің, Даму кәсіпкерлікті
дамыту қорының, Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығының және банктердің
арасында Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің несиелерін субсидиялау бойынша
сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау келісіміне және Бизнестің жол картасы-
2020 бағдарламасын іске асыру аясында кепілдік беру жөніндегі келісімге
қол қою салтанаты өтті. Бұл рәсім Бизнестің жол картасы қаржыларының
кәсіпкерлерге қарай жол тартқанын білдіреді. Енді кәсіпкерлерге мемқолдау
шараларына қол жеткізу үшін банктермен бірлесе, өз өтінімдерін
қалыптастырып, қысқа мерзімде бағдарламаның жемісін тере бастауларына
болады. Ал қол қойылған келісімдерде жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін
мемлекеттік қолдау көрсету шараларының шарттары мен тетіктері бекітіліпті.
Министр ханым Жанар Айтжанова ел қазынасынан биылға деп, бағдарлама аясында
30 млрд теңге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орталық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы
Ветеринариялық кәсіпкерлік құқық
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің азаматтық құқықтық реттелуі
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік заңы туралы
Шағын кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамыту.Жеке кәсіпкерлік туралы заң жайлы
Жеке кәсіпкерлік қызмет
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру
Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің құқықтық негіздері
Кәсіпкерлік қызметтің негізі
Кәсіпкерлік - құқықтық заң бойынша
Пәндер