Кәсіптік бағдар беру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Кәсіптік бағдар беруде пайдаланылатын ақпарат көздері мен әдістері
  2. Кәсіби бағдар беру бойынша оқушыларды кәсіптік мектепке тарту әдістемесі
  3. Кәсіптік мектеп оқушыларының кәсіби бейімделуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Кәсіптік білім беру жүйесінде жоспарды кәсіби бағдар беру ісін дұрыс ұйымдастырғанда ғана инженер-педагог жұмысын жеңілдетіп, көптеген тәрбие мәселелерін ұтымды шеше алуы.

Кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзіне үнаған тиісті мамандықгы саналы таңдап алуға дайындауға бағытталған мектеп мұғалімдерінің, технологтардың, дәрігерлердің, инженер-педагогтердің, жанұяның, еңбек ұжымдарының бірлескен іс -әрекеті. Кәсіби бағдар беру оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын оз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді. Кәсіби бағдар беру жүйесі қазіргі таңда жастарды өз бетінше кәсіп үйренуде ғылыми-теориялык және практикалық қабілеттерін, ел экономикасындағы қажеттілікпен ұштастыру болып отыр.

Кәсіби бағдар мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық; таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына нәрселер қажет:

  • Оқушылардың бойында ішкі психологиялық - әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу;
  • Түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
  • Кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріл, тәрбиелеу.

Кәсіби бағдар берудің негізгі компоненттері:

  1. Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру.
  2. Қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жас кезінен бастап үйрету
  3. Кәсіби бағдарға арналған кеңестер беру.
  4. Кәсіптік бейімделу.

Кәсіби бағдар беруді ақпараттандыру - оқушыларды түрлі еңбек қызметтерімен, кәсіп ерекшеліктері олардың нарық жағдайы мен әлемдік өркениетте даму бағыттарымен, ел, аймақ, экономикасына тигізетін әсері, рөлі туралы мәліметтер беру.

Қоғамдық пайдалы өнімді еңбек түрлеріне жас жеткіншектерді баулу. Түрлі жұмыстарды атқаруға баланың икемділігін байқау, жеке қасиеттерін тәрбиелеу арқылы, өнімді еңбекке үйрету. Оларға практикалық жұмыстар кезінде өз бетінші еркіндік беріп, шығармашылыққа баулу.

Кәсіби бағдар беруге арналған кеңестер. Мұндағы басты нәрсе - кәсіп таңдауды негізгі қоғамдық және идеялық сананы қалыптастыру. Оқушылардың жеке қасиеттерінің кәсіп талаптарына сай келуі қажет. Мұндай кеңестерге қазіргі оқып жүрген жастардың тең жартысы зәру:

  • Өз бетінше мамандық тандай алмаған оқушылар;
  • Мамандық таңдауда ата-аналармен келісе алмаған жастар;
  • Өзі таңдаған мамандықтың дұрыстығына көз жеткізгісі келген жасөспірімдер;
  • Тәртібі нашар, толқу үстінде жүрген жеткіншектер.

Кәсіби бағдарға ұсыныс беру түрі:

  • Ақпаратты-анықтамалы;
  • Психологиялық - педагогикалық;
  • Медициналық тұрғыдан;

Кәсіби бейімделу-өзі таңдап алған мамандыққа бейімділігін оку кезінде сақтап, дамытып өндірістік салада істеп жүргенде біліктілігін көтеру, шеберлігін арттыру.

Бұл касиеттер:

  • Кәсіпке қызығушылығына;
  • Еңбек мазмүнына;
  • Жанұя әсеріне;
  • Қызмет ортасына байланысты болады.

Кәсіби бағдар беру жұмыстары оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу арқылы жүргізіледі.

4-6 сыныптағы жеткіншектер өмірлік және кәсіби идеялары оянып адамгершілік сананың енді қалыптаса бастаған кезеңімен сипатталады. 7-9 сынып оқушыларында өз мүмкіндіктерін, кәсіби маңызды қасиеттерін өздігінше бағалай алатын, сол жолда білім алу мен іденуді жалғастыратын кезен.

10-11 сыныптағы оқушылар нақты мамандықты таңдап, икемділігі мен дағдыны калыптастыра бастауы қажет.

1. Кәсіптік бағдар беруде пайдаланылатын ақпарат көздері мен әдістері:

  • Сөз арқылы, ауызша;
  • Көрнекі құралдармен;
  • Практикалық;

Сабақтан тыс уакытта берілетін тәрбие жұмыстарында кәсіби бағдар берудің түрлері мен әдістері:

  • Әңгімелеу (таныстыру және бағыттау) .
  • Сол мамандық иелері мен ұстаздарымен кездесу.
  • Оқушылардың мамандық туралы жазған шығармалары мен

рефераттары.

  • Байқаулар, викториналар т. б.

Кәсіби бағдар беруде оқушылардың ата-аналарымен бірге істелетін жұмыстар маңызды орынға ие. Мұнда педагог екі нәрсеге мән беруі керек: біріншіден - кәсіп таңдаудағы отбасының дәстүр әрекет әсері,

екіншіден - кәсіпті саналы түрде таңдау үшін қажетті педагогикалық және психологиялық негізгі шарттар.

Барлық кәсіптер мына 5 түрге бөлінеді ( профессор Е. А. Климовтың зерттеуі бойынша) .

1. «Адам - Техника».

2. «Адам - Адам».

3. «Адам - Табиғат».

4. «Адам - Таңбалық жүйелер».

5. «Адам - Көркем бейне».

Осы 5 тәрбие түрі өз мақсаты, құрамы мен еңбек шарттарына сәйкес мына бөліктерге бөлінеді:

1. «Адам - Техника»

1. Техникалық құрылғыларды жинау, жинау және бөлшектеу (инженер - кұрастырушы, монтажшы) .

2. Техникалық құралдарды пайдаланушы (краншы, жонушы тігінші, жургізуші т. б. )

3. Техникалық құрылғыларды жөндеуші (слесарь элоктромонтер, жөндеуші т. б) .

Талап: Кеңістікті байқау техникалық ойлай білу, кешенді қимыл дағдылары болуы сезімталдық қабілет т. б.

2. «Адам - Адам».

1. Медициналық қызмет көрсету (дәрігер, фельдшер, медбике т. б) .

2. Тәрбиелеу мен оқыту (тәрбиеші, мұғалім, өндірістік оқыту шебері, жаттықтырушы, дефектолог т. б) .

3. Тұрмыстық қызмет көрсету (сатушы, даяшы, стюардесса т. б) .

4. Мемлекет пен қоғам қорғау қызметкері (заңгер, тергеуші, учаскелік инспекторы) .

5. Ақпараттық қызмет көрсету (кітапханашы, лектор, телефоншы, хатшы т. б) .

Талап: Адамдармен қарым-қатынасы жұмыс істеу қабілеттілігі, ұстамдылығы, инабаттылығы.

3. «Адам - Табиғат».

1. Өсімдіктер мен жануарлар өмірін зерттеу, салыстыру (микробиолог, гидробиолог, агрохимик т. б) .

2. Өсімдіктермен жануарларды күту (орманшы, көкенісші, зоотехник, бағбан т. б) .

3. Өсімдіктер мен жануарлар ауруының алдын алу, зиянкестермен ауру қоздырғыштармен күрес. (мал дәрігері, өсімдік қорғау агрономы, паразитолог т. б) .

Талап: қиын ауа райы жағдайында жұмыс істей білу. Ойлау қабілетінің динамикасы. Кәсіби біліктілігі қалыптасуының ұзақтығы.

4. «Адам - Танбалық жүйелер».

1. Ана тіліндегі және шетел тіліндегі мәтін (корректор, ітеруші, іс-жүргізуші, техникалық редактор т. б) .

2. Сандар, формулалар, кестелер (бағдарламашы, ЭЕМ операторы, экономист, қазынашы) .

3. Сызу, карта, сұлбалар (сызбалар, пішуші, көшірмеші, штурман) .

4. Дыбыс белгілері (радист, стенографист, телеграфист) .

Талап: зейін, көру қабілетінің жоғарылығы, қимылының дәлдігі мен жылдамдығы, жалғыз жұмыс істеуге үйрену әдеті.

5. «Адам - Көркем бейне».

1. Жасау, жобалау, модельдеу, сурет салу, көркем шығарма (суретші, мүсінші, журналист, модельші, әнші, композитор) .

2. Эскиз бойынша затты кескіндеу, жеке бұйымдар коллекциясы (зсргер, актер, әрлеуші, үста, гүл өсіруші) .

3. Көркем шығарманы қайта жаңғырту, көшіру, кебейту (фарфор суретшісі, тас, темір әрлеуші) .

Талап: көркемдік қабілеттілігі, өнер оны түсіне білу, бейнелеу, нығармашылық ой-қимыл желісі, ойлау шапшаңдығы т. б.

2. Кәсіби бағдар беру бойынша оқушыларды кәсіптік

мектепке тарту әдістемесі

Кәсіптік оқыту орындарында кәсіби бағдар беруге оқыту әдістемесін практика жүзінде инженер-педагог жүзеге асырып, ол мына төмендегі кезеңдерді қамтиды:

1. Болжау кезеңі. Нақты оқу орнының жағдайында, сол мамандық бойынша кәсіптік-техникалық білім берудің мемлекеттік және аймақтық даму жүйесінің болашағымен танысады, оқып үйренеді. Бұл кезеңнің жүзеге асуы мына нәрселермен белгіленеді:

  • Аталған оқу орнындағы білікті жұмысыны дайындау тізбесінде кәсіптің бар екендігін анықтау.
  • Базалық кәсіпорындардың, ұқсас мекемелердің сол мамандыққа сұранысын болжау.
  • Аталмыш оқу орнында жаңа кәсіптің даму болашағын нақтылау;
  • Кәсіби бағдар жүргізілетін мамандықтың біліктілік сипаттамасы мен профессиограммасын таңдау және онымен танысу.

2. Нысананы кездеү кезеңі . Бұл жұмыс жалпы орта мәдениеттің 1-ші сыныбынан басталады. Бірінші курсқа қабылданған, бұл оқушылармен өндірістік оқыту шебері, сынып жетекшісі немесе ииженер-педагог олармен байланыс орнатып, кәсіби бағдар бойынша кешенді жұмыстар атқарады. 7-8 9 сыныптарда 3 жыл қатарынан бір я бірнеше мектепте қатарынан атқарылған жұмыстарда инженер-педагог мына нәтижелерге қол жеткізуі керек:

Тиісті жалпы білім беретін мектеппен кәсіби бағдар бсру жөнінде келісім шартқа отыру.

  • Кәсіби бағдар жүргізілетін сыныптың жетекшісі туралы дәйектемелер (аты-жөні, оқытатын пәні, телефоны, мектепті болатын сағаты т. б. )
  • Мектептің еңбек пәні мұғалімі туралы мәлімет:(аты-жөні, байланыс телефоны, базалық жоғарғы білімі, мектепте болу мерзімдері т. б. )
  • Директордың тәрбие істері жөніндегі орынбасары туралы мәліметтер:(аты-жөні, оқытатын пәні, байланыс телефоны, мектепте болу уақыты т. б. )
  • 7-сынып оқушыларының жалпы тізімі.

3. Жоспарлау кезеңі. Мұны инженер-педагог жалпы білім беретін жетінші сынып оқушыларымен танысқан күннен бастауы қажет. Бұл жоспар келісім-шарт түрінде инженер-педагог пен мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары мен сынып жетекшісі арасында жүргізілуі тиіс. Кәсіби бағдар беру, жоспары мен тараулары кәсіби бағдар берудің негізгі компоненттерімен сай келуі керек.

1 . Кәсіп туралы ақпарат беру

2. Оқушыларды түрлі қоғамдық пайдалы өнімді еңбекке жету.

3. Кәсіби кеңес.

4. Кәсіпке бейімделу.

Әрбір тарау мына мәліметтерді есепке ала толықтырылуы тиіс:

  • оқу орнының кәсіби бағдар беру мүмкіндігі;
  • базалық кәсіпорын кәсіби бағдар беру мүмкіндігі;
  • аймақтық жұмыспен қамту орталығының кәсіби бағдар беру

мүмкіндігі;

  • инжеиер-педагогтің осы саладағы іс-тәжірибесі; сынып жетекшілерінің осы саладағы іс-тәжірибесі; кәсіби бағдар берудің қазіргі әдістемесін іріктеп алып, тиімді пайдалануы;
  • бүл жұмыста ата-аналармен тығыз байланыс орнатып, оларды пайдалану.

Бұл жұмыстар нәтижелі болуы үшін арнайы кәсіби бағдар беру

жоспарына сай жүзеге асуы тиіс.

4. Іске асыру кезені. Бұл кезеңде инженер-педагог жоспардың іске асуын бақылап, қажет болса жұмыс барысында түзетулер енгізіп, іске асырады. Мұның нәтижесінде мыналарға қол жетуі керек:

  • Оқушылардың кәсіпке дегенкызығушылығы. мектеп

қабырғасынан басталады;

  • Олардың бойында кәсіпке деген икемділік, ізденушіліктің

алғашкы ірге тасы қаланды;

  • Кәсіптік оқу орнына арналғантоп тізіміпайда болды, кейін арызы жазылды. Берік ұжым негізін құрады;
  • Оқушылар туралы кәсіптік оқу орнындатолық мәліметжасақталды. Кәсіптік оқу орнына қабылданып, өз мамандығына деген бейімділігін бірінші курста инженер-педагог пен кураторлар, оқытушылар жалғастыруына жол ашады.

3. Кәсіптік мектеп оқушыларының кәсіби бейімделуі

Отандық педагогика ғылымында бейімделу мәселесінің жүйелі түрде зерттелуі 60 - 70 жылдары басталды. Алғашқы нәтижелері шыға бастағанымеы бұл мәселеде әлі толық қалыптасқан, жалпылама, ұғымдама, тұжырымдама әлі анықталған жоқ. Бейімделу терминін орысша «адаптатция», (яғни латын тілінде adaptacio - ыңғайлану) деген мағынаны беріп, негізінен қоғамдык ғылымда (әлеуметтік, психология, педагогика) жаратылыстан, биология ғылымдарымен әлеуметтік мәнде «адам - орта» түрінді жақындасып, үндесіп келуін білдіреді. Бейімделу ұғымы шын мәнінде жаңа нәрсеге «ыңғайлану», «өз бетінше үйрену», «өздігінен оқу ұйымдастыру» түсінігін береді. Жеке тұлғалық өзінің түрлі ерекшеліктеріне сәйкес бейімделу п роцесі де түрлі деңгейде жүреді, әсіресе ол, адамның ойлау жүйесіне, қабылдау мүшелеріне, жеке мінез-құлық, қасиеттері, білім деңгейіне сөйкес жылдам не баяу, түрлі эмоциялық әрекеттердің аз я көп жұмсалуына байланысты, уақыт айырмасына қарай әртүрлі жүруі мүмкіи. Бейімделу процесі тек көсіп саласы емес, адамның тұрғылықты жерін я өмір сүру ортасы өзгергенде, әскер қатарына қызметке шақырылғанда, т. б. жағдайларда да жүреді. Ал жалпы педагогика мұны «Тіршілік ету жағдайына адамның өз тұлғасын қолайлау әрекеті. Тәрбиелену және оқу барысына байланысты қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіру болып табылады» деп түсіндіреді.

Кәсіптік білім беретін оқу орындарында өзінше ерекшелігі бар, әсіресе кейбір кедергілерді жоюда, олар:

  • Тек теориялық білім беру ғана емес практикалық (өндірістік) оқытудың да бар екендігі;
  • өндіріс дайьш өнім шығару мүмкіндігіне ие болатындығында;
  • белгілі бір топ мүшелерінің жатақханада орналасуы;
  • оқушы топтар мен инженер-педагог, кураторлардың оқу орны ұжымы емес, кәсіпорын, өндірістік цех ұжымдарына да бейімделуі қажет. Соңғы айтарымыз, мектеп кабырғасынан көптеген оқушылар оқу материалдарын толық игермей келеді, мамандыққа баулумен катар кейде кәсіптік мектеп ұжымдары сол оқулықтар орнын толтыруына тура келеді.

1. Кәсіби бейімделуге мына компонеттердің қайсысы кіреді:

  • кәсіби ақпарат;
  • алғашқы «күш сынау»;
  • күнделікті оқу жұмысы;
  • сыныптан тыс жұмыстар;
  • кәсіби кеңес беру;
  • ата-аналармен әңгіме;

2. Кәсіби бейімделу мыналарға байланысты (дұрыс жауабын таңда) .

  • Кәсіпке қызығушылық;
  • Оқыту мазмұны;
  • Еңбек мазмұны;
  • Жанұя есері;
  • Өндірістік орта;
  • Ата- анасының жас мөлшері.
  1. Мына топтар қандай кәсіп түріне жатады:Мұғалім, оқытушы, кітапханашы; Дәрігер, заңгер, агрохимик, орманшы; Суретші, дизайнер, ғалым; Радист, бейне инженер, журналист;

Кәсіптік мектеп оқушыларының техникалық

шығармашылығының мәні, міндеттері және түрі

Шығармашылық жұмыс - адам қызметінің жемісі, ол материалдық және рухани игіліктердің саналы жаңа көрінісі.

Адам шығармашылық жұмыспен шұғылданған кезде оның бойындағы барлық рухани күштер іске қосылады, таным, түйсік, найымдау, оқу мен практика кезінде жинақталған шеберліктері, әсіресе, қиял арқылы ойлау процесі шығармашылық жұмыста өз нәтижесін береді.

Техникалық шығармашылық - бұл тиімді әрі жаңашыл техникалық нысандарды жасау, сол арқылы оқушылардың шығармапылық қабілетін дамытып, оқу мен тәрбиелеудін белгілі бір мақсатты көздеген құралы.

Кәсіптік мектеп оқушыларының техникалық шығармашылығының нәтижелері - жеке тұлғаның саналы шығармашылық жұмыстарының кешенді сипаты болып, оны дамытудың негізгі жолдары:

  • ойлау белсеңділігі;
  • практикалық жұмыстарды орындауда білім мен икемділікті шыңдауға апаратын жол;
  • міндеттерді өздігінен шеше алуға;
  • еңбек сүйгіштік қабілетін дамытуға;
  • өнер тапқыштық қасиетін қалыптастырады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмыстары: мазмұны және белсенді әдістемелері
Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты
Жалпы білім беретін мектептерде стандартты емес кәсіптік бағдар беру сабақтарын өткізу әдістемесі
Кәсіптік бағдар
Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары
Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі жайлы мәлімет
Мектепте кәсіби бағдар беруді жүзеге асырудың формалары
Оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар беру жұмыстарының әдістемесі
Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің әдістемесі
Жаңа типтегі мектептердегі кәсіптік бағдар берудің мазмұнын теориялық тұрғыда негіздеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz