Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы

2. ХҮІІ ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы.

3. 1980-1991 ж. ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы.

ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы

Ертедегі словяндар қауымдық құрылыс жағдайында өмір сүрген барлық басқа халықтар сияқты, қауымда балаларды өмірге даярлай отырып, өлкелеу ұрпақты тәрбиеледі. Оларға жер шаруашылығының, ал кейінірек қолөнер еңбегінің дағдыларын берді.

Балалардың бойына ержүректікті, шыдамдылықты сіңіре отырып, әкелері оларды әскери істің дағдыларына үйретті. Баланың жасы кәмелетке толғанда әкесінің садақ пен жебені баласына сыйлау дәстүрі кеңінен сақталды. Жанұяда және рулық қауымда балаларды адамгершілікке тәрбиелеумен айналысты, оларды салт-дәстүрлерді орындауға, құдайға құлшылық етуге, қаумының аға мүшелерін сыйлауға, бұрынғы өткендерді қастерлеуге үйретті.

Балаларға адамгершілікке тәрбиелеуде шығыссловяндардың оның бай ауыз әдебиеті ерекше роль атқарады: ертегілер, өлеңдер, батырлар жырлары. Тегінде ең берекелі, ең парасатты тәжірибе- әрине, халық түйген тұжырымдар, ғасырлар бойы зергерлік ұқыптылықпен сұрыпталған үрдістер, дамыған даналық дәстүрлер, ұстаздық ойлар болса керек-ті. Бұл - халықтың ауыз әдебиеті, халықтық педагогиканың үлгілері. Бұлар ғасырлар бойы қалыптасқан, ауызша ауыздан-ауызға, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан даналығы, олар балаларды өмірлік құбылыстармен таныстырады, оларға жанұялық және қоғамдық қатынастар туралы түсініктер береді.

Ертегілер, батырлар жырлары балаларды еңбекті сүюге, оларды ортасына деген сүйіспеншілікті, адамдар мен табиғатқа деген жақсы қатынастарды, қанаушыларға деген жеккөрушілікті тәрбиелейді.

Орыстың ұлы классик - педагогі К. Д. Ушинский ертегілер туралы былай деп жазды: “Ол халық-ауыз әдебиеті шығармаларынан” орыс халық педагогикасының алғашқы және ғажап талпыныстарын көрсетеді.

ХҮІІ ғасырда Ресейде ағарту ісінің дамуы.

ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында, әсіресе Москвада көтеріңкі білім беретін мектептердің саны артты. Жаңа грек-латын мектептері ашылды, сонымен қатар грамматикалық деп аталынатын мектептер де жұмыс істеді, онда сауат ашу, ескі словян және грек грамматика, риторикасы, математикасы пәндері оқытылды.

1686 жылы Москва славян-грек-латын академиясы ашылды. Академияның көптеген шәкірттері оқулықтың авторлары академияның және басқа мектептердің оқытушылары болды, сонымен қатар ХҮІІІ ғ. Петрдің ағартушылық реформаларының белсенді қатысушылары. Академияда білім алғандардың ішінен орыс мәдениетінің көрнекті қайраткерлері шықты. Олардың қатарында ХҮІІІ ғ. бірінші жартысында орыс мектептерінде кеңінен қолданылған арифметикадан тамаша басшылықтың құрастырушысы Леонтий Магницкий, ұлы орыс ғалымы М. В. Ломоносов, белгілі жазушы А. Д. Кантемир, архитектор Баженов және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері оқыды.

1755 жылы Москва университетінің ашылуымен жоғары оқу орны ретінде өз мәнін жойды және діни академияға айналды.

Ғылымның дамуы, білімді адамдардың санының өсуі, типографияларды ұйымдастыру оқу әдебиетін шығаруға қолайлы әсер етті. Ол көбее бастады, ол жан-жақты болды. Көп тиражбен әліппелер және т. б. мектептер үшін балалар кітаптары шыға бастады.

Бірнеше рет қайта басталып шыққан Василий Бурцевтің әліппесі кеңінен пайдаланылды.

ХҮІІ ғ. жартысында Епифаний Славинецкий “Балалар тәртібінің ережелері” атты белгілі педагогикалық кітапты құрастырған болатын-ды. Бұл еңбек қоғамдағы мінез-құлық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Ережелер негізінен балалар өздерін үйде, қонақта, басқа адамдармен қарым-қатынаста қалай ұстауы керектігі туралы ережелерге тоқталды.

1980-1991 ж. ж. Кеңес мектебі мен педагогикасы.

80-жылдардың бас кезінде жалпы алғанда халыққа білім берудің кеңестік жүйесінің және оның ішінде жалпы білім беретін мектептің дамуында басты оқиғалармен ерекшеленді. Партия "Жалпы білім беретін және кәсіби мектеп реформасының негізгі бағыттарын” (1984) дайындады. Бұл құжатта жастарды оқыту мен тәрбиелеудің ғылыми негізделген тұжырымдамасы жасалынды, қазіргі жағдайда оларды өмірге және еңбекке даярлау, бірыңғай, еңбек, политехникалық мектеп туралы идея одан әрі дамыды, білім беру саласындағы партияның стратегиялық бағыты белгіленді.

Реформаның қағидаларының дамуына партия бірнеше қаулылар қабылдады, онда рефроманы іске асырудың жолдары нақтылы талданылды және білім беру органдарының мектеп басшыларының, мұғалімдердің, шығармашылық одақтардың және ұйымдардың реформаны іске асырудағы міндеттері айқындалды.

70-80-жылдары мектептің жағдайы күрт төмендеді, кризис пен тақыраудың белгілері байқала бастады. Ондай жағдай оқушылардың сабаққа деген қызығуы болмады, балалардың тәртібі мен қойылатын талап түсіп кетті, жанұяның тәрбиелік жауапкершілігі әлсіреді, мектеп еңбектен қол үзді, тәрбие жұмысындағы формализм, процент қуушылық, бағдарламалардың ғылыми негізделгендігі, шамадан тыс ауырлығы, ескі әдістер мен тәсілдер кеңінен орын алды.

Елде қалыптасқан крезисалды жағдай қоғамдық өмірдің тереңдей және шиеленісе түскен тоқырау және қолайсыз құбылыстардың негізінде қалыптасқан екі негізгі қайшылықтардың себебіне байланычты болды.

Бірінші қайшылық ерекше өскелең қоғамдық өмірдің жалпы адамға және оның ішінде мектеп оқушыларына қойылған талаптармен мектептегі тәрбие мен оқытудың ескірген мазмұнымен, түрлері мен әдістерінің арасындағы қайшылық.

Екінші қайшылық мектептің барлық өмірін ұйымдастыру сипаты мен балалардың өздерінің арасында пайда болды. Өзгеріске ұшыраған өмір мектеп оқушыларына жаңа талаптар ғана қойған жоқ, оның өзін де өзгертті. Балалардың рухани және материалдық қажеттіліктері, қызғулары артты.

Көпшілік ақпарат құралдарының дамуы балаларды жан-жақты хабардар етті. Қоғамдық өмірді демократизациялау әлеуметтік белсенділік, өздерінің азаматтық құқтарын түсіну, қоғамдық оқиғаларға қаысу, қызығуы бойынша ерікті бірігу үшін жағдайлар жасалды.

Акселерация балалардың физиологиялық жағынан жетілуін тездетті. Мектепте, бір жағынан, өскелең талаптарымен, әлеуметік-психологиялық және дене мүмкіншіліктерімен өзгерген балалар қалыптасты, екінші жағынан, оқу-тәрбие жұмысының ескі мазмұны, формалды түрде қалыптасқан түрлерімен әдістер сол күйінде қалды. Мектептер өмірдің жаңа талаптарына даяр болмады.

Осындай негізгі қайшылықтардың шиеленіскен жағдайында мектеп реформасының қажеттігі идеясы күн тәртібіне қойылды. Оны іске асырудың тұрақтап қалуы, ілгері баспауының себебі, оны іске асыру қоғамдық өмірдің барлық саласын қайта құрудан бұрын жүргізілді, тек ғана бір ғана сала - білім беруде қолға алынды.

Реформаның эволюциялық сипаты қайта құрудың революциялық мәнімен қайшы келді. Рефора мектептің әлеуметтік сұранысын орындаудың экстенсивтік түріне бағытталды. Осындай жағдайдан келіп, мұғалімдер, ғалымдар, ата-аналар, журналистер баспа бетінде өздерінің революциялық ұсыныстары мен мектепті қайта өзгертудің қажеттігін және жобаларын ұсына бастады. Әсіресе, баспасөз бетінде М. М. Постниковтың және Ю. П. Азаровтың жобалары кеңінен насихатталды. Сонымен қатар "Учительская” газетінің бетінде білім беру жүйесін қайта құру туралы әртүрлі мақалалар жарияланды.

М. Постников кеңес мектебінің "құрылымын, оның тамырымен қатты сынға ала отырып”, оның бұқаралық сипаты және еңбекке бағытталғандығы екірген элитарлық-гимназиялық қағидасымен "пәндерді оқыту немесе ғылым негіздерін” оқытумен ұштаспайды деп көрсетті. Ол орта мектепте ғылымдардың негіздерін оқытуға қарсы болды, ғылым негіздерін оқытудың орнына жобаның авторы мектеп баланы өмірге дайындау қажет дейді. М. Постников жобасының кемшілігі күнделікті балаларды өмірге даярлау қажеттігі туралы утилитарлық-тәжірибелік, прагматикалық түсінікте жатыр. Бұл жобаның кемшілігі: орта мектепте ғылым негіздерін оқытуды жоққа шығаруы.

Ал екінші жобаның, Ю. Азаровтың ұсынған жобасының мәні М. Постников сияқты пәндік оқытуға ғылым негіздерін оқытуға қарсы болды. Ол "пәндік оқытуды” кешенді бағдарламамен өзгерту қажеттігін күн тәртібіне қойды. "Мәселен, оқу, жазу, ауызша сөйлеу бір пәнге бірікті - тіл өнері”. Ол оқу орындарында негізінен гуманитарлық және эстетикалық пәндер циклін оқытуға ерекше мән берді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Кеңес дәуіріндегі Ресей мектебі мен педагогикасы туралы
Қазіргі қазақ педагогика ғылымындағы әл-Фарабидің, Ж.Баласағұнидің, М.Қашқаридің тәлім-тәрбиелік идеялары
Фарабидің тәрбие тұжырымдамасының мәні
«Халық педагогикасы», «халықтық дәстүр» ұғымдарының психологиялық-педагогикалық мәні
Бастауыш білім беру сатысында қазақ халық дәстүрлерін рухани құндылықтарын пайдаланудың ғылыми-теориялық негіздері
Ресейде мектеп білімінің мемлекеттік жүйесінің құрылуы
Кеңес дәуіріндегі Қазақстан мектебі мен педагогикасы
Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделі
Педагогика тарихы: пәні мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz