Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.Тарау.Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
1.1. Экономикалық қызмет саласындағы заңсыз кәсіпкерлікің түсінігі маңызы, субьектісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Заңсыз кәсіпкерлік қылмыстық құқықтағы ерекшелігі және осы қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

2.Тарау.Экономикалық қызмет саласындағы нақты қылмыс түрлері.
2.1. Банкроттық саласындағы қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2.Валюталық реттеу саласындағы қылмыстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

Қорытынды: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23

Қолданылған әдебиеттер тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе
Заңсыз кәсіпкерлік қазіргі қоғамды өте жиі кездесетін қылмыстардың бір түрі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 7 тарауының 190-бабында орын алады.Заңсыз кәсіпкерлік негізінде ең алдымен мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді, себебі:
Біріншіден-әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгіленген адамдар мемлекеттік бюджетке түспейді;
Екіншіден-елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа шығаруға тыйым салынған тауарлар әкетіледі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабына сәйкес,әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне құқығы бар делінген.
Сол сияқты монополистік қызмет заңымен реттелінеді және шектеледі. Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. Қазақстан Республикасындағы экономиканы құқықтық реттеудің нормативтік негізі болып саналады.
Нарықтық қатынасқа көшумен себеп болған экономикадағы ең маңызды өзгерістер мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған қылмыстық құқықтық нормаларды реформалауға негіз туғызады.
Бұрынғы Қылмыстық заңнамалармен салыстарғанда Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мынадай әрекеттер: қылмыстық салықтық ; мемлекеттік мәліметтік есеп жүргізудегі қосып жазу мен басқа да бұрмалау; ауыл шаруашылық машиналарын бөлшектеу; өз бетімен шөп шабу; өз бетімен суды бұрып алу;сауда тәртібін бұзу; бензинді немесе басқа да жанар-жағар май материалдарын заңсыз босату;бағасы мен мөлшерін белгіленген шектен асырып тауар сату мен қызмет көрсету қамтамасыздандырылады.
1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қабылдануымен экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды қарастыратын тарауға жаңадан 24- қылмыстық құқықтық нормалар енгізген.
Заңсыз кәсіпкерлік бұл экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың бір түрі болып табылады.
Яғни-Ақша,бағалы қағаздар және өзге де төлем құжаттары саласындағы қылмыстардың бір түрі ретінде қорғалады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау»189бабы, - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің «Тұтынушыларды алдау»-223-бап.
Қарасытырып отырған қылмыстың обьективтік жағы экономикалық қызметтің белгіліеген тәртібін бұзудан тұратын қоғамға қауіпті іс-әрекетпен көрінеді. Экономикалық қызметті жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі.
Экономикалық қызмет саласындағы нақты қылмыстардың обьективтік жақтарының құрылысына қатысты айтатын болсақ,олар сан алуан сипатқа ие.Мәселен,кейбір қылмыстардың аяқталған құрамын белгілеу үшін белгілі бір қоғамқа қауіпті зардаптардың болуы талап етіледі.(мысалы;заңсыз кәсіпкерлікке-ҚР ҚК 190бабы, жалған кәсіпкерлікте- ҚР ҚК 192бабы,несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану- ҚР ҚК 194бабы,көрнеу жалған жарнама беру- ҚР ҚК 198бабы;)
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
I-Нормативтік құқықтық актілер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995жылғы;
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1997жылғы;
3. Қазақстан Республикасының «Валюталық реттеу туралы»заңы;
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының Пленумында қабылданғын «О практике припенения законодательства об уголовной ответственности за незаконное предпринимательства» 1997жылғы 18 шілдеде қабылданғын қаулысы;
II- Негізгі әдебиеттер:
1. Ларичев В.Д. Преступонсть в сфере внешнеэкономической деятельности-М-2000,206-207бет
2. Аванесов А.Г. Преступлнеия в сфере предпринимательства и налогообложения М-1992г
3. Кот А.г: Уголовная ответственность за переступления в сфере налогообложения М-1995г;
4. Белоусова С.С. Уголовная ответственность за уклонение от налогов : М-1995г;57 бет;
5. Курчеров И.Н. Налоговые преступления .-М.,1997г;
6. Коковкина Н.О. О банкротстве // Фемида 1997г-№9 7-бет;
7. Ағыбаев А. Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлімі. Алматы. "Жеті жарғы". 2001 ж.
8. Әбілзаев Е. Т. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлімі. Алматы. "Жеті жарғы". 2001 ж.
III-Қосымша әдебиеттер
9. Бапанов Т. Ә. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Жалпы бөлімі. (Альбом үлгі). Алматы. "Жеті жарғы". 2002 ж.
10. Құлжақбаева Р.Б. Қылмыстың құрамы. Қарағанды. "Болашақ-баспа". 2000 ж.
11. Наумов В. Н. Қылмыстық құқық. Астана. 2001 ж.
12. Орымбаев Р. Специальный субьект преступления. Алма-ата. 1972 ж.
13. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Төлеубекова Б. Х. 2002 ж.
14. Уголовное право РК. Общая часть. – Алматы, 2003 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Заңсыз кәсіпкерлік қазіргі қоғамды өте жиі кездесетін қылмыстардың бір түрі
болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің 7 тарауының 190-бабында орын алады.Заңсыз кәсіпкерлік негізінде
ең алдымен мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан келтіреді, себебі:
Біріншіден-әкелінетін және шығарылатын тауарларға белгіленген адамдар
мемлекеттік бюджетке түспейді;
Екіншіден-елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа
шығаруға тыйым салынған тауарлар әкетіледі. Қазақстан Республикасының
Конституциясының 26-бабына сәйкес,әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне
құқығы бар делінген.
Сол сияқты монополистік қызмет заңымен реттелінеді және шектеледі.
Жосықсыз бәсекеге тыйым салынады. Қазақстан Республикасындағы экономиканы
құқықтық реттеудің нормативтік негізі болып саналады.
Нарықтық қатынасқа көшумен себеп болған экономикадағы ең маңызды
өзгерістер мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғауға бағытталған
қылмыстық құқықтық нормаларды реформалауға негіз туғызады.
Бұрынғы Қылмыстық заңнамалармен салыстарғанда Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінде мынадай әрекеттер: қылмыстық салықтық
; мемлекеттік мәліметтік есеп жүргізудегі қосып жазу мен басқа да
бұрмалау; ауыл шаруашылық машиналарын бөлшектеу; өз бетімен шөп шабу; өз
бетімен суды бұрып алу;сауда тәртібін бұзу; бензинді немесе басқа да жанар-
жағар май материалдарын заңсыз босату;бағасы мен мөлшерін белгіленген
шектен асырып тауар сату мен қызмет көрсету қамтамасыздандырылады.
1997 жылғы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі қабылдануымен
экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды қарастыратын тарауға жаңадан 24-
қылмыстық құқықтық нормалар енгізген.
Заңсыз кәсіпкерлік бұл экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың бір
түрі болып табылады.
Яғни-Ақша,бағалы қағаздар және өзге де төлем құжаттары саласындағы
қылмыстардың бір түрі ретінде қорғалады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің Заңды кәсіпкерлік
қызметке кедергі жасау189бабы, - Қазақстан Республикасының Қылмыстық
кодексінің Тұтынушыларды алдау-223-бап.
Қарасытырып отырған қылмыстың обьективтік жағы экономикалық қызметтің
белгіліеген тәртібін бұзудан тұратын қоғамға қауіпті іс-әрекетпен көрінеді.
Экономикалық қызметті жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексімен реттеледі.
Экономикалық қызмет саласындағы нақты қылмыстардың обьективтік
жақтарының құрылысына қатысты айтатын болсақ,олар сан алуан сипатқа
ие.Мәселен,кейбір қылмыстардың аяқталған құрамын белгілеу үшін белгілі бір
қоғамқа қауіпті зардаптардың болуы талап етіледі.(мысалы;заңсыз
кәсіпкерлікке-ҚР ҚК 190бабы, жалған кәсіпкерлікте- ҚР ҚК 192бабы,несиені
заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану- ҚР ҚК 194бабы,көрнеу жалған жарнама
беру- ҚР ҚК 198бабы;)

I-Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
1.1. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түсінігі және маңызы
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі осындай
қол сұғушылық нәтижесінде экономикалық қызметпен байланысқан мемлекеттің
экономикалық мүдделері мен өзге де субьектілерге елеулі залал келтіріп қана
қоймай,сонымен бірге мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігіне қауіп
төндірумен көрінеді.
1997 жылғы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің қабылдануымен
экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды қарастыратын тарауға жаңадан 24
қылмыстық-құқықтық норма енгізілді сонымен бірге, Қазақстан
Республикасының 1998 жылғы 9-шілдедегі
Кейбір заңнамалық актілерге қымбат металлдармен байланысқан
қатынастарды реттеу мәселесі бойынша өзгертулер енгізу туралы №277-1
Заңымен ҚР Қылмыстық кодексінен 210-212-баптар алынып тасталды.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16-шілдедегі Кейбір заңнамалық
актілерге этил спирті және алкоголь өнімдерін өндіру мен айналысын
мемлекеттік реттеу мәселесі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу
туралы Заңымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің Заңсыз
кәсіпкерлік 190-бабының 1-бөлігі өзгертілді (ірі мөлшерде акцизделетін
тауарларды өндірумен, сақтаумен не өткізумен деген белгілер
енгізілді)сондай-ақ, Акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен
таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік алым маркасын қолдан
жасау және пайдалану 208-бабының 1-бөлігі жаңа редакциямен берілді.[5-234]
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5-мамырдағы Кейбір заңнамалық
актілерге қылмыстылықпен күрес мәселесі бойынша өзгертулер мен толықтырулар
енгізу туралы Заңымен ҚР ҚК Азаматтың салық төлеуден жалтаруы 221-
бабының 1 және 2-бөлігінің Ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару
222-бабының 1 және 2-бөлігінің санкциялары өсу жағына қарай өзгертілді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16-наурыздағы Кейбір заңнамалық
актілерге ұйымдасқан қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі
бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заңымен жоғарыда аталған
баптардың (ҚР ҚК 221 және 222-баптары) диспозицияларына өзгерту енгізіліп,
сондай-ақ осында аталған қылмыстардың жазалау мерзімі өсу жағына қарай тағы
да өзгертілді.
Бұл қылмыстық-құқықтық нормаларда заң шығарушы салық төлеуден
жалтарғаны үшін ғана емес, сонымен бірге ұйымдарға салынатын мемлекеттік
бюджетке өзге де міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін, не
мемлекеттік бюджетке салықтарды немесе өзге де міндетті төлемдерді төлеу
мен аударуға байланысты құжаттарды бермеген жағдайда, не салық салынатын
мүліктерді декларацияда көрсетпеген жағдайда жауаптылыққа тартылатын мән-
жайларды кеңейткен.[7-234]
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25-қыркүйектегі Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлықпен күрес
мәселесі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес,
алғаш рет заңда сыбайлас жемқорлық қылмыстардың тізімі заң жүзінде
бекңтңлдң. Содан бастап бұл тізім Қазақстан Республикасынң Қылмыстық
Кодексінің 41-бабына орналастырылған. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар деп 176-
бабының 3-бөлігінің г-тармағында, 193-бабының 3-бөлігінің а-тармағында,
209-бабының 3-бөлігініңа-тармағында, 307-бабында, 308-бабының 4-бөлігінің
в-тармағында, 310-315-баптарында, 380-бабында көзделген қылмыстар
танылады.
Осы тізімге қарайтын болсақ, сыбайлас жемқорлық қылмыстардың екі түрі
ғана (193-бабының з-бөлігінің а-тармағында, 209-бабының 3-бөлігінің а-
тармағында) ҚР ҚК Ерекше бөлімінің 7-тарауында қарастырылған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8-шілдедегі Қазақстан Республикасының
кейбір заңнамалық актілеріне бағалы қағаздар рыногы мен акционерлік
қоғамдар мәселесі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы
Заңымен, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 202-бабының
тақырыбы мен 1-бөлігі өзгертілді, Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексі жаңа нормамен – Бағалы қағаздар эмитентіне лауазымды адамдардың
ақпарат бермеуі немесе көрінеу жалған мәлімет беруі 202-1-бабымен
толықтырылды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 204-
бабының тақырыбы мен 1-бөлігінің диспозициясына осы сияқты өзгертулер
енгізілді.
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31-қаңтардағы Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік мәселесі бойынша
өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Заңымен Қазақстан
Республикасының Қылмыстық Колдексінің 208-бабының тақырыбы Акцизделетін
тауарларды акциздік маркасымен және (немесе) есепке алу-бақылау
маркаларымен таңбалаудың тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік маркаларды
және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын қолдан жасау және пайдалану
деп өзгертілді, сондай-ақ ҚР ҚК 208-бабының 1 жіне 2-бөлігінің
диспозицияларына осы сияқты өзгертулер енгізілді.[1]
Экономика саласындағы басымды бағыт ретінде мыналарды атауға болады:
нарық қатынастарының басты субъектілері ретінде :
❖ тұтынушылардың мүдделерін қорғау;
❖ кәсіпкеріл пен өзге де экономикалық қызметтердің еркіндігін
қамтамасыз ету;
❖ нарықтық бәсекелестік жағдайдағы оның қатысушыларының тең
құқылығы;
❖ азаматтық айналымның тұрақтылығы мен төлем тәртібін сақтау.
Экономика саласындағы қылмыстар болып, лауазымды және өзге де
адамдардың экономикалық қызметтің қалыпты тәртіппен жүргізілуін қасақана
бұзуымен көрінетін экономикалық мүдделерге қылмыстық заңмен көзделген қол
сұғушылығы.
Экономикалық қызмет саласындағы кез-келген қылмыс-заңды кәсіпкерлік
қызметке кедергі жасау және жалған ақша немесе бағалы қағаз жасау немесе
сату,контрабанда немесе салық төлеуден жалтару және басқалары-белгілі бір
дәрежеде экономикалық қызметпен байланысқан мемлекеттің және өзге де
субьектілердің экономикалық мүддесіне қол сұғумен көрінеді.
Нақ осындай қасаиеттермен Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексінің 7 тарауында көзделген қылмыстарды меншікке қарсы қылмыстардан
айыруға болады.
Ол тарауға кіретін қылмыстардың тектік обьектісі заңға негізделген
экономикалық қызметті жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастар болып
табылады.
Осы қылмыстардың тікелей обьектісі ретінде экономикалық қызмет барысында
қалыптасқан және осындай қызметтің нақты бір түрін реттейтін нақты қоғамдық
қатынастар көрінеді.(мысалы,кәсіпкерлік қызмет саласында экономикалық
қызмет субьектілерінің құқықтары мен мүдделері қорғалады.)
- ҚР ҚК Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау 189-бабы, не
тұтынушыларды – ҚР ҚК Тұтынушыларды алдау 223-бабы).
Қарастырып отырған қылымыстардың объективтік жағы экономикалық қызметтің
белгіленген тәртібін бұзудан тұратын қоғамға қауіпті іс-әрекетпен (әрекет
немесе әрекетсіздік) көрінеді. Экономикалық қызметті жүргізу тәртібі
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен реттеледі.[8-57]
Экономикалық қызмет саласындағы нақты қылмыстардың объективтік
жақтарының құрылысына қатысты айтатын болсақ, олар сан алуан сипатқа ие.
Мәселен, кейбір қылмыстардың аяқталған құрамын белгілеу үшін белгілі бір
қоғамға қауіпті зардаптардың болуы талап етіледі (мысалы заңсыз
кәсіпкерлікте – ҚР ҚК 190-бабы, жалған кәсіпкерлікте ҚР ҚК 192-бабы,
несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану – ҚР ҚК 194-бабы, көрінеу
жалған жарнама беру – ҚР ҚК 198-бабы). Өзге жағдайларда қылмыстың аяқталған
құрамының болуы үшін қоғамдық қауіпті-зардаптардың болуы талап етілмейді,
нақты қылмыстың объективтік жағын құратын әрекет немесе әрекетсіздік
фактісінің өзі жеткілікті (мысалы, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау
- ҚР ҚК 189-бабы, табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді тіркеу -
ҚР ҚК 225-бабы және басқалары).
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыс үшін жауаптылықты белгілейтін
бірқатар нормалардың диспозицияларды (мысалы, заңсыз жолмен алынған ақша
қаражатын немесе өзге мүлікті заңдастыру - ҚР ҚК 193-бабы, монополистік іс-
әрекеттер және бәсекені шектеу - ҚР ҚК 196-бабы) нақты бір қылмыс белгілері
жоқ, басқа нормативтік актілерге сілтеме жасайтын бланкетті болып табылады
(мысалы, азаматтық заңнамаға, Қазақстан Республикасының Президентінің
Жарлығына, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулыларына, нұсқауларға
және басқаларға). Мұндай қылмыстық құқықтық нормаларды қолдануда қылмыстық
заң нұсқауларында немесе Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
актілерінде бұзылымдардың болмауын анықтап алу керек.
Қазақстан Республикасының Конституциясы экономикалық қызметтің, оның
ішінде кәсіпкерлік қызметтің еркіндігіне кепілдік береді. Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде жария етілген және бекітілген еркін
экономикалық қызмет пен бірге, заң шығарушы экономикалық қатынас
қатысушыларының құрамын анықтайды. Олардың бәрі де осы қылмыс нәтижесінде
пайда болған зардаптарға байланысты дербес шешім қабылдап және тиісті
жауаптылыққа ие болуы тиіс.
Осы тарауда қарастырылып отырған барлық қылмыстардың субъективтік
жақтары кінәнің қасақаналық түрімен (тікелей және жанама ниет) көрінеді.
Экономика саласындағы қылмыстарды жасау кезіндегі себеп пен мақсат әртүрлі
болуы мүмкін, алайда олар жасаған әрекеттері үшін соттың жаза тағайындауы
кезінде ескерілуі тиіс.
Қылмыстың субъектісі қылмыстың жасалған кезңнде 16 -жасқа толған
лауазымды және өзге де (жеке) тұлға болуы мүмкін. Лауазымды адамдар
ұғымының мазмұны ҚР ҚК 307-бабындағы ескерту бөлігінің 3-тармағында
ашылған. ҚР ҚК 193-бабы 3-бөлігінің а-тармағында және 209-бабы 3-
бөлігінің атармағында көзделген сыбайлас жемқорлықта мемлекеттік қызмет
атқару өкілеттігі берілген немесе соған теңестірілген адамдар көрінеді.
Белгілісі, экономика саласындағы қылмыстар құрылысының негізіне қылмыстық
қол сұғұшылықтың тікелей объектісі алынған.
Экономикалық қызмет саласындағы барлық қылмыстар мынадай топтарға бөлінеді:
- кәсіпкерлік және банктік қызмет саласындағы қылмыстар: заңды
кәсіпкерік қызметке кедергі жасау - ҚР ҚК 189-бабы; заңсыз кәсіпкерлік
- ҚР ҚК 190-бабы; заңсыз банктік қызмет - ҚР ҚК 191-бабы; жалған
кәсіпкерлік ҚР ҚК 192-бабы; заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын
немесе өзге мүлікті заңдастыру - ҚР ҚК 193-бабы; несиелік берешекті
өтеуден әдейі жалтару - ҚР ҚК 195-бабы; коммерциялық немесе банктік
құпияны құрайтын мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету - ҚР ҚК 200-
бабы; акцизделетін тауарларды акциздік алым маркасымен таңбалаудың
тәртібі мен ережелерін бұзу, акциздік алым маркасын қолдан жасау және
пайдалану - ҚР ҚК 208-бабы; банк операциялары туралы көрінеу жалған
мәліметтер беру - ҚР ҚК 219-бабы; банктің ақша қаражатын заңсыз
пайдалану - ҚР ҚК 220-бабы;
- банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер - ҚР ҚК 215-бабы; әдейі
банкроттық - ҚР ҚК 216-бабы; жалған банкроттық - ҚР ҚК 217-бабы;
- несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану - ҚР ҚК 194-бабы; бағалы
қағаздарды шығару(эмисиия) тәртібін бұзу - ҚР ҚК 202-бабы; бағалы
қағаздарды ұстаушылар тізіліміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу - ҚР
ҚК 203-бабы; бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы
көрінеу жалған мәліметтер беру - ҚР ҚК 204-бабы; бағалы қағаздармен
операциялар жүргізу ережелерін бұзу - ҚР ҚК 205-бабы; жалған ақша
немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату - ҚР ҚК 206-бабы; жалған
төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау
немесе сату - ҚР ҚК 207-бабы;
- экономикалық контрабанда - ҚР ҚК 209-бабы; кеден төлемдері мен
алымдарын төлеуден жалтару - ҚР ҚК 214-бабы;
- шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау - ҚР ҚК 213-бабы;
- бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу - ҚР ҚК 218-бабы; азаматтың салық
төлеуден жалтаруы - ҚР ҚК 221-бабы; ұйымдарға салынатын салықты
төлеуден жалтару - ҚР ҚК 222-бабы;
- тұтынушыларды алдау - ҚР ҚК 223-бабы; заңсыз сыйақы алу - ҚР ҚК 224-
бабы; монополистік іс-әрекеттер және бәсекені шектеу - ҚР ҚК 196-бабы;
көрінеу жалған жарнама беру - ҚР ҚК 198-бабы; тауарлық белгіні заңсыз
пайдалану - ҚР ҚК 199-бабы; кәсіптік спорт жарыстарының және ойын-
сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен
ұйымдастырушыларын сатып алу - ҚР ҚК 201-бабы; мәміле жасауға немесе
оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету - ҚР ҚК 226-бабы; компьютерлік
ақпаратқа заңсыз кіру, ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау,
пайдалану және тарату - ҚР ҚК 227-бабы.

1.2 Заңсыз кәсіпкерліктің қылмыстық құқықтағы ерекшелігі және заңсыз
кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауаптылық.

Заңсыз кәсіпкерлік әкелетін және әкетілетін тауарлар үшін мемлекетпен
белгіленген мемлекет бюджетіне тиісті салықты түсірмейтін болғандықтан
мемлекеттің экономикалық мүддесінен зиян келтіреді. Сонымен бірге,
республикадан тыйым салынған тауарлар шығарылып жатады.
Өзінің 64-бабында тек қана кәсіпкерлік деген ұғымды қарастырған 1959
жылғы ҚазКСР Қылмыстық кодексімен салыстырғанда қазіргі қолданыстағы
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі өзінің 190-бабымен заңсыз
кәсіпкерлік деген ұғымды, ал 189-бабында айналыстан алынған кәсіпкерлік
қызмет туралы ұғымды қарастырады.
Заң әдебиеттерінде заңсыз кәсіпкерлік объектісіні анықтауға қатысты ғалым
заңгерлердің әртүрлі көзқарастары бар. Мәселен, кейбір авторлар, заңсыз
кәсіпкерлік тектік объектісі мемлекеттің экономикалық қызмет саласындағы
қоғамдық қатынастар болып табылады, деп атап өтеді.
М.М.Алиев қарастырып отырған қылмыстың тікелей объектісі кедендік
бақылау тәртібімен белгіленген кедендік шекарадан өткізу шарттары,
Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесі, егемендігі мен қауіпсіздігі
болып табылады деп ұйғарады. Г.Б.Саматова бұл қылмыстың тікелей объектісі
қазақстандық нарық деп санайды. [5-345]
Қосымша объектісі ретінде тиісті нормативтік актілермен белгіленген
тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік және мемлекеттік шекарасы
арқылы өткізуді ұсынады.осы сияқты ойларын И.И. Рогов пен С.М. Рахметов
редакциялауындағы Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы. Ерекше
бөлім оқулығындағы авторлардың тобы да заңсыз кәсіпкерліктің тікелей
объектісіне Қазақстанның нарығын, қосымша объектіге Қазақстан
Республикасының кедендік және мемлекеттік шекарасы арқылы өткізуді, ал
факультативтік объектісіне қылмыс заты мен субъектісіне қарай Қазақстан
Республикасының мемлекеттік органдарын, қаржы жүйесін, саяси мүддесін, ел
халқының денсаулығын, қоғамның моралдық тұрақтылығын, Қазақстан
халықтарының тарихи-мәдени мұраларын жатқызу арқылы білдіреді.
Осы айтылған ойларды қорытындылау негізінде заңсыз кәсіпкерліктің
тікелей объектісі деп заңға негізделген қалыпты экономикалық қызметті
жүзеге асыруға қатысты қоғамдық қатынастарды тануға болады.
Аталған қылмыстың заты тізімдері Қазақстан Республикасының 2003 жылғы
5-сәуірдегі Кден кодексінің 7-бабында көрсетілген тауарлар мен өзге де
заттар болып табылады. Қазақстан Республикасы кедендік заңына сәйкес, тауар
деп материалдық дүниенің кез келген жылжымалы мүліктері, соның ішінде
валюта, валюталық құндылықтар, электр, жылу және өзге де энергия көздері,
халықаралық тасымалдауда пайдаланатын көліктерден басқа көлік құралдары
танылады. Оларға сонымен бірге: халықтардың көркем, ғылыми, тарихи және
археологиялық маңызы бар мәдени құныдылқытар; тарихи құндылығы мен өзге де
маңызы бар көне мүліктер; интеллектуалды меншік объектілері; құрып кету
қауіп төніп тұрған жануарлар мен өсімдіктердің түрлері танылады.
Мысалы, Б. деген азамат тиісті кедендік құжатты толтырмастан кеден
бекетін айналып өтіп Ресейден Қазақстанға 1 млн. 114 мың 500 теңгенің
тауарын заңсыз өткізген. Соның үшін оған ҚР ҚК 209-бабының 1-бөлігі бойынша
9000 теңге айыппұл төлеуге кесілген, ал тамақ өнімдері соттың бірінші
сатысында-ақ өзіне қайтарылып берілген.
Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасының
пікірі бойынша, тамақ өнімдері контрабанда заты болып саналатындықтан,
оларды мемлекеттің кірісіне айналдыру керек еді.
Біздің ойымызша, облыстық соттың мұндай пікірмен келісе қою қиын. Осы
қылмыстық істі тергеу кезіндегі, яғни 2003 жылдың 25-қыркүйегіне дейін ҚР
ҚК 190-бабының 1-бөлігі мүлікті тәркілеуді көздемейді. Осыған орай
Е.Ж.Исмайлов, ҚР ҚІЖК 121-бабы бойынша дәлелдемелік айғақ заттар қылмыс
құралы деп танылғанда ғана тәркілеуге жатады деп, дұрыс көрсетеді.
Осыдан келіп, тиісті рұқсатсыз не контрабандалық жолмен әкелінген,
сақталған және сатып өткізген тауарлар мен тамақ өнімдерінің бәрін бірдей
қылмыс қаруы деп айту қисынға келе қоймас. Әсіресе, Б. әкелген тамақ
өнімдерінің өзін айғақ заттар деп танығанның өзңнде де, олар қылмыс қаруы
Заңсыз кәсіпкерлік заттарының құны егер ондай тауарлар бар болса,
мемлкетпен реттелетін бағаға байланысты, ал басқа жағдайларда қылмыс
жасалған кездегі кедендік бағамен анықталады. Мұндай тәртіппен бағаны
анықтау мүмкіндігі болмайтын болса мысалы, жасанды спирттік ішімдіктер,
басқада тауарлар контрабандасы олар кедендік заңнама бойынша белгіленген
тәртіп бойынша сараптама қорытындысы бойынша анықталады.
Қазақстан Республикасының Кеден кодексінің 34-тарауында жеке
тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын өткізу шарттары, ал осы кодекстің
48-тарауында тауарларды рәсімдеу шарттары келтірілген.
Есірткілік; жүйкеге әсер ететін; улы, күшті әсер ететін; уландырушы;
радиоактивті немесе жарылғыш заттарды қару-жарақ әскери техника, жарғыш
қондырғылары; оқ дәрімен атылатын қарулар мен оқ дәрілерді; ядролық;
химиялық; биологиялық және басқа да жаппай қырып жоятын қаруларды; жаппай
қырып жою қаруларын жасау үшін пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды
шекарадан өткізу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы
бойынша контрабандалық заттардың мөлшері мен санына байланысты қылмыстылық
жауаптылыққа әкеп соғады.
Заңсыз кәсіпкерлік дегеніміз Қазақстан Республикасының мемлекеттің
аумағында заңсыз тауарлар мен өзге де құндылықтарды өткіуін немесе сатуын
айтамыз.
Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 9-бабына сәйкес, өткізу
деп Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарлар мен өзге де
заттарды алып кіру немесе алып шығу танылады.
Заңсыз кәсіпкерліктің объективтік жағын Қазақстан Республикасының
кеден шекарасы арқылы жоғарыда айтылған заттарды келесідей жолдармен
өткізумен көрінеді:
- кеден бақылауын жанай өткізу;
- кеден бақылауынан жасырын өткізу;
- құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалану
арқылы өткізу;
- кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген,
кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген
тауарларды, заттар мен құндылықтарды декларацияламай өткізу;
- кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе өткізу шектелген,
кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері белгіленген
тауарларды, заттар мен құндылықтарды күдікті декларациялаумен өткізу
Осы баптың диспозициясына сәйкес мыналар заңсыз деп табылады:
а) тауарларды (заттарды) кеден бақылауын жанай өткізу
Қазақстан Республикасының белгілі бір заңдарымен және кеден органдарымен
белгіленген кеден бекеттері жоқ және өзге де жерлермен айналып кетумен
өткізуді білдіреді;
ә) тауарларды (заттарды) кеден бақылауынан жасыру көріп,
тауып алуды қиындатын кез келген амалдармен жасалады (мысалы, тасымалдау
кезінде жасыратын орындарды не басқа бір заттың орамы мен қорабын пайдалану
және т.б.);
б) құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап
пайдалану кеден органдарына, сондай-ақ шекаралық бақылау жүргізетін
адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, қолдан жасалған; сондай-ақ
жалған мәліметтері бар құжаттарды не басқа объектінің теңдестіру құралдарын
пайдалану деп қолдан жасалған пломб, мөр, бұрыштама, сандық және әріптік
немесе өзге де маркировкаларды. Теңдестіру белгілерін, фотосуреттерді және
басқаларды пайдалану танылады;
в) декларацияламау немесе күмәнді деклорациялау – бұл өткізуге
тыйым салынған немесе өткізу шектелген, тауарларды, заттар мен
құндылықтарды кедендік шекара арқылы өткізу тиісті заңмен арнайы ержелері
белгіленген кедендік декларация көрсету талабын мүлдем немесе тиісті мәнде
орындамау.
Соттардың тәжірибесінде заңсыз кәсіпкерлік белгілерін қате түсіндіру
жағдайлары байқалады. Мәселен, Маңғыстау облыстық соты С. дегеннің ісі
бойынша үкімде контрабанда үшін тұрмыстық-шаруашылыққа арналған заттар мен
ыдыстарды пайдалану жасыру белгісі бойынша қылмыстық жазалауға жататын
әрекет деп санауға негіз болмайды деп белгіленген.
Бұл белгіні анықтау үшін, тауарларды және өзге де құндылықтар мен
заттарды кедендік бақылаудан жасырумен көрінетін кедендік деклорацияда
контрабанда заттарын көрсетпеу ғана жеткілікті емес, сонымен бірге оны
анықтаушы себеп оларды декларацияламау болып табылады.
ҚР ҚК 190 баптарымен көзделген қылмыстарды жасады деп танылған
адамдардың көлік құралдарын пайдалану арқылы Қазақстан Республикасының
кедендік шекарасынан контрабандалық тауарларды немесе өзге де құндылықтар
мен заттарды алып кіруі мен алып шығуымен көрінетін заңсыз өткізу
фактілерін анықтау кезінде, контрабанда кезінде пайдаланылған көлік
құралдарының тағдырын шешу осы көлік құралдарының заңмен белгіленген
тәртіппен бұрын іс бойынша қылмыс қаруы ретінде заттай айғақ болған-
болмағандығы шешеді.
Көлік құраладарын қылмыс құралы болды деп, олардың кедендік шекарадан
контрабандалық затарды кедендік бақылаудан жанай өту үшін пайдаланған
жағдайда, сондай-ақ контрабандалық заттарды бақылаудан жасыру үшін
пайдаланған жағдайларда тануға болады (көбінесе, көлік құралдарының
техникалық параметрлерін, олардың жекелеген тараптары мен бөлшкетерін
ауыстыру жолымен, контрабанда заттарын жанармай бағына салып алу, машинаның
астына орналастыру, жабық ыдыстарға салып өткізу, бір сөзбен айтқанда,
көруге, тауып алуға қиындық тудыратын сауыттар мен орындар пайдаланылады).
Заңсыз кәсіпкерлік қызмет заттары деп танылған, не қылмыс қаруы
ретінде пайдаланылған тауарлардың, өзге де құндылықтар мен транспорт
құралдары иесінің ниетімен контрабандаға және контрабандалық жолмен
кедендік шекара арқылы мүліктерді өткізуге пайдалану үшін қамтылмаған
болса, не осылайша басқа адамның пайдалануымен қамтылмаған болса, онда
мұндай мүліктер тәркілеуге жатпайды.
ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық жауаптылықтың бастау шарттарының бірі
ірі зиян келтіру болып табылады. ҚР ҚК 190-бабының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
Қылмыстық құқық Ерекше бөлімінің жалпы ұғымы
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар туралы
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстардың криминалистикалық ерекшеліктері
Медицина қызметкерлерінің қылмыстық жауапкершілігі
Құрылысы жағынан қылмыс құрамы материалдық
Кәсіпкерлік аясындағы қылмыстар
Банктік несиені заңсыз алу
Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату қылмысының криминалисттік сипаттамасы
Пәндер