Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау



Кіріспе 4
1. Халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері
1.1 Қазақ халық музыкасының мектепалды даярлық тобы балаларына
патриоттық тәрбие берудегі мүмкіндіктері 8
1.2 Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына
патриоттық тәрбие берудің бүгінгі жағдайы 31
2. Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие беру әдістемесі
2.1 Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие беруді эксперименттік тұрғыда меңгеру
тәжірибесі 44
2.2 Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие беру тиімділігінің педагогикалық шарттары 59
Қорытынды 73
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 74
Зерттеудің көкейкестілігі. Жеткіншектердің патриоттық тәрбиесі педагогикадағы аса бір күрделі де көпжақты проблема. Ол интернационалдық тәрбиенің, ұлттық сана-сезім мен құндылық бағдарды, арман-тілекті қалыптастырудағы ерекше проблемалармен диалектикалық бірлікте болады.
Тарихи дамудың объективті ерекшеліктері әртүрлі кезеңдердегі педагогикалық процесте өзгеріске түсе отырып патриоттық тәрбиенің мазмұнын, оның оқу-тәрбие процесіндегі рөлі мен орнын анықтады, міндеттерін нақтылады.
Оқушыларды Отан туралы біліммен қаруландыру, патриоттық сезімін, азаматтық, адамгершілік-құқығын тәрбиелеу, мектеп ұжымдарында, сабақтарда және сабақтан тыс мерзімде мінез-құлық дағдысын саяси мәдениетін қалыптастыру мәселелерін өздерінің еңбектерінде Г.А.Уманов, К.К.Құнантаева, Қ.К.Жанпеисова, Е.З.Батталханов, Ж.Мақатова, С.Б.Омарова, В.В.Трифонов, Л.К.Керімов.
Музыка өнері арқылы оқушыларға оқу-тәрбие процесінде адамгершілік-эстетикалық, патриоттық тәрбие беру процесін ұйымдастыру мәселесіне де біраз назар аударылып жүр (Л.И.Алимова, С.Ұзақбаева, Р.Төлеубекова, Ш.Құлманова, Е.Қозыбаев, М.Оразалиева.
Дегенмен, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге және озық педагогикалық тәжірибеге жасаған талдау, қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие беру проблемасы бүгінгі таңға дейін тәрбие теориясында да практикасында да өз деңгейінде зерттелмегендігін, нақтырақ айтқанда қазақ халық музыкасының оқушылардың патриотизмін қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталмағанын, бірегей жүйесінің жасалмағанын, тиімді әдіс-тәсілдерінің, амал-жолдарының айқындалмағанын, ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жасалмаған көрсетеді. Демек, балалардың патриотизмін қалыптастыруға деген қоғамның сұранысы мен мектепте, балалар бақшасындағы патриоттық тәрбиенің жағдайы арасында; қазақ халық музыкасының патриоттық тәрбиедегі жоғары мүмкіндіктері мен оларды мектепте жеткіліксіз пайдалану арасында; оларды мектеп практикасында кең көлемде пайдалану қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Осы міндеттердің тиімді педагогикалық жолдарын іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие беру» деп таңдауымызға негіз болды.
1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан, 28 қаңтар 2012
2 «Қазақстан Републикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» // Егемен Қазақстан, 14 желтоқсан 2010
3. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Қазақстан мектебі. - Алматы, 2004. № 2.- 8 б.
4. Шацкий С.Т. Избранные педагогические сочинения: В 2т.// Сост.
Л.Н.Скаткин и др., под.ред. Н.П.Кузина и др. -М.: Педагогика, 1980. -т.1.- 304 с.
5. Гизатов Б. Музыкальное образование в Казахстане. - Алма-Ата:
Мектеп, 1975,-80 с.
6. Жұбанов А.Қ. Музыка әліппесі. - Қызылорда: Қазақстан, 1933. -
596.
7. Ветлугина Н.А. Возраст и музыкальная восприимчивость // В кн.:
Восприятие музыки / Ред сост. В.Н.Максимов. - М., 1980. - С. 229-243.
8.Сухомлинский В. А. Воспитание советского патриотизма у школьников. -М.: Учпедиз, 1959. - 147с.
9. Белгібаева Г.Қ. Болашақ мамандарды мектеп жасына дейінгі балаларға халық ауыз әдебиеті арқылы патриоттық тәрбие беруге даярлау. Пед. ғыл. канд. дәрежесін алу үшін дайынд. дисс. – Қарағанды, 2006. - 188 б.
10. Болдырев Н.И. Нравственное воспитание школьников. - М.,
Педагогика, 1979. - 224 с.
11.Марьенко И. С. Основы процесса нравственного воспитания
школьников. -М.: Просвещение, 1980. - 183 с.
12. Моносзон Э.И. Проблемы теории и методики коммунистического воспитания школьников. -М.: Педагогика, 1978. - 200 с.
13. И Фарфоровский В.Ф. Патриотическое и интернациональное воспитание школьников. - Киев: Рад. Школа, 1978. - 244 с.
14. Коидзе Ж.Г. Народные традиции как средство героико-
патриотического воспитания школьников. Автореф. Дисс.канд.пед. наук.
13.00.01.-М., 1982,-16 с.
15. Нурмукашова С. Развитие военно-патриотическое воситание
старшклассников в школах Казахстана (1960-1985): Автореф. 13.00.01.Канд.пед.наук. - Алматы. 1992. - 28 с.
16. Қалиев С. Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. Алматы, «Білім», 2003. -280 б.
17. Выготский Л.С.Психология искусства.-М.: Искусство,1968.-576 с.
18. Рубинштейн С.А.Основы общей психологии. Санкт-Петербург,1999.-04
19. Жарықбаев Қ.Б. Антология педагогических мыслей казахского
народа. Алма-Ата, 1994. - 98 с.
20. Алиев Ю.Б. Формирование духовного мира школьника-подростка средствами музыки. // Проблемы теории и методики эстетического
воспитания школьников: Материалы Всесоюз.симпоз. Под.общ. ред.
М.Д.Табородзе. - Тбилиси, 1980. - С. 212-224
21. Кабалевский Д.Б. Идейные основы музыкального воспитания в
Советской Союзе. // Совет.музыка. -1970. № 9. - С. 14-21.
22. Стриго Т.В. Воспитание советского патриотизма у школьниов -
подростков в процессе музыкальной деятельности (на базе молдавской
образов, школы). Автореф. дисс.... канд.пед.наук 13.00.01. -М., 1981. - 19 с
23. Кенжебаева Р.Н. Оқыту үрдісінде халық педагогикасы арқылы
оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру. пед.ғыл.канд.дисс.
13.00.01. Автореф. Шымкент, 2005, - 26 б.
24. Коидзе Ж.Г. Народные традиции как средство героико-
патриотического воспитания школьников. Автореф. Дисс.канд.пед. наук. 13.00.01.-М., 1982,-16 с.
25. Нурмукашова С. Развитие военно-патриотическое воситание
старшклассников в школах Казахстана (1960-1985): Автореф. 13.00.01.
Канд.пед.наук. - Алматы. 1992. - 28 с.
27. Сейдахметова Л.С. Қазақстан мектептерінде оқушыларды
патриозмге тәрбиелеудің дамуы (1970-2000 жылдар). Пед.гыл.канд. 13.00.01. 28.Сейдахметова Л.С. Қазақстан мектептерінде оқушыларды
патриозмге тәрбиелеудің дамуы (1970-2000 жылдар). Пед.гыл.канд. 13.00.01.
Автореф. - Алматы, 2001. - 25 б.
29. Иманбаева С.Т. Оқушыларды үлттық жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулыдың педагогика және білім тарихы, этнопедагоика. Пед.гыл.канд... 13.00.01. дисс.- Алматы, 1999. - 122 б.
30. Ешімханов С. Патриотическое воспитание школьников во внеурочной работе в годы Великой Отечественной войны (на материалах Каз.ССР): Автореф. дисс. Канд.пед.наук. 13.00.01. 1978, - 22 с.
31. Жұматаева Е. Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Автореф. дисс. пед. ғылымдарының канд. 13.00.01. -Алматы, 1993. - 28 б.
32.Бейсембаева А.А. Патриотическое воспитание старшеклассников
средствами казахского пероического эпосса: Автореф. канд. пед.наук. 13.00.01. - Алматы, 2004. - 28 с. ВАК
33.Джанабаева Р.А. Қазақ халық педагогикасындагы патриоттық-ерлік тәрбиесінің гылыми негздері. Пед.гылымдарының док. 13.00.01. Авторефераты. - Алматы, 2007. - 45 б.
34. Қалиев Ж. Халық педагогикасы құндылықтары негізінде
оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Пед.ғыл.канд.дисс. 13.00.01. Автореф.
Астана, 2005.-27 б.
35. Құсайынова Д. Әлия мен Мәншүк ерлігінде жоғары сынып
оқушыларын патриотыққа тәрбиелеу: Пед.ғыл.канд.дисс. 13.00.01. - Алматы,
1999.-135 б.
Макаров В.В. Патриотизм как философская проблема.-М.,1990.-21с.
Автореф. - Алматы, 2001. - 25 б.
36. Иманбаева С.Т. Оқушыларды үлттық жауынгерлік дәстүр арқылы ерлікке баулыдың педагогика және білім тарихы, этнопедагоика. Пед.гыл.канд... 13.00.01. дисс.- Алматы, 1999. - 122 б.
37. Жұматаева Е. Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Автореф. дисс. пед. ғылымдарының канд. 13.00.01. -Алматы, 1993. - 28 б.
38. Бейсембаева А.А. Патриотическое воспитание старшеклассников
средствами казахского пероического эпосса: Автореф. канд. пед.наук.
13.00.01. - Алматы, 2004. - 28 с. ВАК
39.Джанабаева Р.А. Қазақ халық педагогикасындагы патриоттық-ерлік тәрбиесінің гылыми негздері. Пед.гылымдарының док. 13.00.01. Авторефераты. - Алматы, 2007. - 45 б.
40.Қалиев Ж. Халық педагогикасы құндылықтары негізінде
оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Пед.ғыл.канд.дисс. 13.00.01. Автореф.
Астана, 2005.-27 б.
41. Жарықбаев Қ.Б. Антология педагогических мыслей казахского
народа. Алма-Ата, 1994. - 98 с.
42. Жарықбаев Қ. Антология педагогических мыслей казахского
народа. Алма-Ата, 1994. - 98 с.
43. Щербаков А.О патриотическом воспитании школьников. -Алматы:
Мектеп, 1972.-105 с.
44. Стриго Т.В. Воспитание советского патриотизма на уроках музыки.
- Кишинев: Нарасвета, 1981. - 124 с.
45. Русецкий А.В. Искусство и патриотическое воспитание. В кн.:
Художественная культура и развитие личности. - М.: Мысль, 1978. - 61 с.
46. Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық
дәстүрі. - Алматы, 1990. - 30 б.
47. Гизатов Б. Музыкальное образование в Казахстане. - Алма-Ата:
Мектеп, 1975,-80 с.
48. Жұбанов А.Қ. Музыка әліппесі. - Қызылорда: Қазақстан, 1933. -
596.
49. Ветлугина Н.А. Возраст и музыкальная восприимчивость // В кн.:
Восприятие музыки / Ред сост. В.Н.Максимов. - М., 1980. - С. 229-243.
50. Апраксина О.А. Задачи музыкального воспитания в свете реформы
школы //Музыкальное воспитание в школе / Сост. О.А.Апраксина. - М.,
1986.-вып. 17.-С. 5-15.
51. Найзинский В. О психологии музыкального восприятия. - М.:
Музыка, 1972.-383 с.
52. Козлова Э.В. Эстетическое воспитание учащихся (5-8 классов) в
процессе изучения произведений советской музыки. Автореф. дисс канд.пед.наук. -М., 1970..
53. Сүлейменова Б. Қазақ батырлар жыры мен ертегілерін оқу-тәрбие
процесінде пайдалану (әдістемелік нүсқаулар). - Алматы, 2003. - 28 б.
54. Құрсабаев М.Қ. «Атамекен» тәрбие бағдарламасы // Егемен
Қазақстан. 1991, 27 тамыз.
55. Гродзенская Н.Л. Воспитательная работа на уроках пения. - М.:
Изд. АПН РСФСР, 1953. - 155 с.
56. Дустов С. Патриотическое воспитание учащихся 5-7 классов
общеобразовательных школ средствами: (на материалах Уз.ССР)
Дис...канд.пед.наук. 13.00.01. -Ташкент: 1991,- 148 с.
57. Кенжебаева Р.Н. Оқыту үрдісінде халық педагогикасы арқылы
оқушылардың атамекенге сүйіспеншілігін қалыптастыру. пед.ғыл.канд.дисс.
13.00.01. Автореф. Шымкент, 2005, - 26 б. 12.
58. Терентий М.А. Теория и практика патриотического и интернационального воспитания подрастающего поколения/Под ред. И.С.Марьенко,-Кишинев: 1978.-276 с.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 4

1. Халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына
патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері
1. Қазақ халық музыкасының мектепалды даярлық тобы балаларына

патриоттық тәрбие берудегі мүмкіндіктері 8
2. Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына
патриоттық тәрбие берудің бүгінгі жағдайы 31

2. Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына
патриоттық тәрбие беру әдістемесі

2.1 Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына
патриоттық тәрбие беруді эксперименттік тұрғыда меңгеру
тәжірибесі 44
2.2 Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына
патриоттық тәрбие беру тиімділігінің педагогикалық шарттары 59

Қорытынды 73

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 74
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Жеткіншектердің патриоттық тәрбиесі
педагогикадағы аса бір күрделі де көпжақты проблема. Ол интернационалдық
тәрбиенің, ұлттық сана-сезім мен құндылық бағдарды, арман-тілекті
қалыптастырудағы ерекше проблемалармен диалектикалық бірлікте болады.
Тарихи дамудың объективті ерекшеліктері әртүрлі кезеңдердегі
педагогикалық процесте өзгеріске түсе отырып патриоттық тәрбиенің мазмұнын,
оның оқу-тәрбие процесіндегі рөлі мен орнын анықтады, міндеттерін
нақтылады.
Оқушыларды Отан туралы біліммен қаруландыру, патриоттық сезімін,
азаматтық, адамгершілік-құқығын тәрбиелеу, мектеп ұжымдарында, сабақтарда
және сабақтан тыс мерзімде мінез-құлық дағдысын саяси мәдениетін
қалыптастыру мәселелерін өздерінің еңбектерінде Г.А.Уманов, К.К.Құнантаева,
Қ.К.Жанпеисова, Е.З.Батталханов, Ж.Мақатова, С.Б.Омарова, В.В.Трифонов,
Л.К.Керімов.
Музыка өнері арқылы оқушыларға оқу-тәрбие процесінде адамгершілік-
эстетикалық, патриоттық тәрбие беру процесін ұйымдастыру мәселесіне де
біраз назар аударылып жүр (Л.И.Алимова, С.Ұзақбаева, Р.Төлеубекова,
Ш.Құлманова, Е.Қозыбаев, М.Оразалиева.
Дегенмен, психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге және озық
педагогикалық тәжірибеге жасаған талдау, қазақ халық музыкасы арқылы
мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие беру проблемасы
бүгінгі таңға дейін тәрбие теориясында да практикасында да өз деңгейінде
зерттелмегендігін, нақтырақ айтқанда қазақ халық музыкасының оқушылардың
патриотизмін қалыптастырудағы мүмкіндіктері анықталмағанын, бірегей
жүйесінің жасалмағанын, тиімді әдіс-тәсілдерінің, амал-жолдарының
айқындалмағанын, ғылыми-әдістемелік нұсқаулардың жасалмаған көрсетеді.
Демек, балалардың патриотизмін қалыптастыруға деген қоғамның сұранысы мен
мектепте, балалар бақшасындағы патриоттық тәрбиенің жағдайы арасында; қазақ
халық музыкасының патриоттық тәрбиедегі жоғары мүмкіндіктері мен оларды
мектепте жеткіліксіз пайдалану арасында; оларды мектеп практикасында кең
көлемде пайдалану қажеттігі мен арнайы жасалған ғылыми-әдістемелік
нұсқаулардың жоқтығы арасында қарама-қайшылық анық байқалады. Осы
міндеттердің тиімді педагогикалық жолдарын іздестіру біздің зерттеу
проблемамызды айқындауға және тақырыпты Қазақ халық музыкасы арқылы
мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие беру деп таңдауымызға
негіз болды.
Зерттеу объектісі: оқушылардың патриоттық тәрбиесі.
Зерттеу пәні: қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы
балаларына патриоттық тәрбие беру процесі.
Зерттеудің мақсаты: қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы
балаларына патриоттық тәрбие берудің әдістемесін жасау.
Зерттеудің болжамы: патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасы арқылы
мектепалды даярлық тобы балаларына патриоттық тәрбие берудің тиімділігі
артады, егерде: патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасы окушыларға
сабақтан тыс іс-әрекеттерде жүйелі бірізділікте меңгертілсе; музыкалық
материалдар нақты өлшемдер арқылы арнайы сұрыптаудан өткізілсе; оқушыларға
қазақ халық музыкасын белсенді шығармашылықпен қабылдату және эмоционалдық
әсермен орындату қамтамасыздандырылса. Өйткені бұның бәрі, біріншіден,
оқушылардың патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасына аялы көзқарасы мен
қызығушылығын арттырады, екіншіден, оларды эмоционалдық салада жетілдіріп,
бейнелі ойлауға дағдыландырады, ұлттық сана-сезімін, адами қасиеттерін
қалыптастырады.
Зерттеудің міндеттері:
1. Мектепалды даярлық топ балаларының патриоттық тәрбиесінің мәні
мен мазмұнын ашып корсету.
2. Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды тобы балаларына
патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау.
Жетекші идея: қазақ халық музыкасы - ұлттық патриотизмді, ұлттық сана-
сезімді қалыптастырудың жетекші құралы.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздерін тұлға және оның
дамуындағы әрекеттің рөлі туралы білімнің мәнін ашып көрсететін
философиялық, психологиялық, педагогикалық, тұжырымдамалар, қазақ халық
педагогикасы материалдарын, соның ішінде халық музыкасын мектепалды даярлық
тобы балаларының патриоттық тәрбиесінің құралы ретінде пайдалану
проблемасын зерттеуге деген тұлғалық-әрекеттік тәсіл құрайды
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша оқу-тәрбие процесі
құжаттарына талдау жасау; бақылау, әңгімелесу, сауалнамалар жүргізу; озық
тәжірибелерді зерделеу, ашық тәрбие сағатын өткізу, және өмірде пайдалану.
Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:
3. Қазақ халық музыкасы негізінде үйірме жұмысының бағдарламасы
үшін патриоттық мазмұндағы шығармалар сұрыпталды;
4. Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы
балаларына патриотизмінің қалыптасуы моделі жасалды және оны жүзеге
асырудың педагогикалық шарттары анықталды;
5. Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларының
патриотизмін қалыптастырудың мазмұны және әдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің негізгі қағидалары, қазақ
халық музыкасы бойынша сұрыпталған патриоттық мазмұндағы шығармалар, үйірме
жұмысының бағдарламасы, сыныптан тыс патриоттық тәрбие жұмыстары бойынша
мектеп практикасына ендірілді. Ұсынылған әдістемелік нұсқаулар балабақша
тәрбиешілер мен топ жетекшілеріне мектепалды даярлық топ балаларына қазақ
халық музыкасы арқылы патриоттық тәрбие беруде көмек болады. Зерттеу
материалдарын сонымен бірге, тәрбиешілер даярлайтын арнайы орта және жоғары
оқу орны практикасында, нақтырақ айтқанда музыка тәрбиесі әдістемесі
пәнінде, тәрбие жұмыстары бойынша ұйымдастырылған арнайы курстарда
пайдалануға болады.
Қорғауда ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Қазақ халық музыкасы жеткіншектердің жалпы тәрбие жүйесінде
мектепалды даярлық тобы балаларын музыкалық-эстетикалық тұрғыда дамытуда
негіз болумен ғана шектелмейді, ол патриотизмді қалыптастырудың
ұтымды факторы болып табылады, өйткені ол музыкалық бейнелер арқылы
оқушыларды өз Отанының мүддесі үшін, үлгі боларлықтай жоғары деңгейде
қызмет етуге баулиды, туған жерін, елін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін сүйе
білуге, оларды келешек ұрпаққа жеткізе білуге үйретеді.
2. Патриоттық мазмұндағы шығармаларды сұрыптау қазақ халық
музыкасы жіктемесінің (тұрмыс-салт, тарихи, лирикалық,
эпикалық,
әлеуметтік-наразылық) және анықталған өлшемдердің
негізінде
(баланың жасына қарай шығарманың түсінікті болуы; көркемдік құндылығы
(өмірмен байланысы, музыкадағы бейнелердің тартымдылығы, музыкалық
көріністің әсерлілігі); музыкадағы бейнелердің патриоттық мазмұнда болуы;
қызығушылығын арттыру және саналы түсінігін белсендендіру; музыкалық
әрекеттердің түрлеріне қарай элементтердің бар болуы) жүзеге асырылады.
Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балалары
патриотизмінің қалыптасуы моделі эмоционалдық-мотивациялық,
мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттері бірлігінде байқалады және нақты
көрсеткіштер, өлшемдер мен деңгейлер арқылы сипатталады.
3. Қазақ халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларының
патриотизмін тиімді қалыптастыру мынадай шарттарды ескерумен
қамтамасыздандырылады: мектепалды тобы балаларына қазақ халық
музыкасын меңгертуде жүйелі түрде мақсаттылықпен педагогикалық ықпал
жасау; патриоттық мазмұндағы қазақ халық музыкасымен танысу процесінде
оқушылардың идеялық-адамгершілік білімі мен музыкалық-эстетикалық
дамуы бірлігін ескеру; қазақ халық музыкасын қабылдау барысында алған
әсерлі сезімін дамыту; мектепалды тобы балаларына сыныптан тыс
тәрбие жұмысына қажетті патриоттық бағыттағы қазақ халық музыкасын
сұрыптау; оқушылардың бейнелі ойлау қабілетін қалыптастыруда белсенді-
шығармашылықты қабылдау мен эмоционалдық-бағыттық саланың бірлігін
қамтамасыздандыру.
4. Ғылыми тұрғыда негізделген және тәжірибелі-эксперимент жүзінде
тексерістен өткен қазақ халық музыкасы арқылы патриоттық тәрбие берудегі
сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны мен формалары идеялық тәрбие
процесін жетілдіруге ықпал етеді және оқушылардың
патриоттық
тәрбиелілік деңгейін көтеруді қамтамасыздандырады.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі талапқа сай
әдіснамалық және теориялық қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдіс-
тәсілдерді қолданумен, эксперимент бағдарламасының мақсатқа
сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштер нәтижелерін
қорытындылаумен, жалпы білім беретін мектептің мектепалды даярлық тарында
олардың тиімділігін тексерумен қамтамасыздандырылады.
Диплом жұмысының құрылымы. кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды мен
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Халық музыкасы арқылы мектепалды даярлық тобы балаларына
патриоттық тәрбие берудің теориялық негіздері

1.1 Қазақ халық музыкасының мектепалды даярлық тобы балаларына

патриоттық тәрбие берудегі мүмкіндіктері

Қазіргі жаңа қоғам жағдайында адамгершілік бастамасының рөлі күннен-
күнге артуда, әрбір адамның моральдық, адамгершілік бейнесіне, мінез-
құлқына қойылатын талап та өсуде .
Мектеп ең алдымен, жан-жақты дамыған саналы азаматты дайындауды өзіне
мақсат ете отырып, жас ұрпақтын ғылыми көзқарасы мен адамгершілігін
қалыптастыру міндеттерін қояды. Жас ұрпаққа тәрбие берудің негізгі жолдары
көптеген ғалымдардың еңбектерінде сараланады. Олар жастарға берілетін білім
мен тәрбие жұмыстарының бәрі моральдық тәрбие беруді көздеуі керек деген
пікірді ұстанады. Мораль туралы ілім, жеткіншектердің тәрбие теориясының
әдіснамалық негізі болып табылады. Мемлекет ісіне деген берілгендік,
Отанға, басқа мемлекеттерге деген сүйіспеншілік, қоғам игілігі үшін адал
еңбек ету, мектепте жеткіншектердің адамгершілік тұрғыда қалыптасу
процесінің негізгі бір саласы - патриоттық тәрбиенің жүзеге асырылуының
басты бағытын айқындауға ықпал етеді [1].
Мораль бүкіл тәрбие процесінің негізі болып табылады және оның барлық
құрамды бөліктерін қамтиды. Ол, ең алдымен, халықтың сана-сезімінде және
істерінде көрініс алады. Адамдарды белсенді еңбек пен қоғамдық іс-
әрекеттерге талаптандыратын адамгершілік сезімдерінің ішіндегі аса бір
әсерлі де тереңі патриотизм сезімі болып табылады. Ол идеялық сеніммен
байланыста бола отырып қазақстан халқының еңбекке деген көзқарасынан,
саналы тәртібінен, еңбектегі және жауынгерлік ерліктерінен, өмірі мен іс-
әрекеттерінің басқа да саласынан көрініс алады. Бұл, өз кезегінде, бүгінгі
таңда жеткіншектерде патриотизм сезімін тәрбиелеуде жалпы білім беретін
мектептің алдында тұрған жетекші міндетті айқындайды, қоғамдық идеяларды
оқушылардың жеке басының сеніміне айналдыруға, жаңа қоғамдық құрылыс
мүддесіне сай әрбір тұлғаның тіршілік әрекетін одан әрі қамтамасыз етуге
итермелейді.
Нағыз азамат - патриот өзінің Отан алдындағы борышын сезінеді. Әртүрлі
мәдени-материалдық құндылықтарды жасауда оның қоғам үшін, өзінің жеке басы
үшін маңызын жақсы түсінеді. Ол нағыз патриотизмнің халыққа қызмет етуде
көрініс алатынын біледі. Өткен ұрпақтың тәжірибесін танып білуге, құнды
дегеннің бәрін сақтауға, сонымен қатар қоғамды қайта құруда өз үлесін
қосуға, озық тәжірибесін келешек ұрпаққа жеткізуге талпынады [2].
Бугінгі таңда жастарды патриотыққа тәрбиелеудің мазмұны көптеген
ғалымдардың зерттеу пәні болып табылады. Олар патриотизм ұғымының пайда
болуы мен дамуын, адамның патриоттық санасын және патриотизмге тәрбиелеудің
формалары мен әдістерін қарастырады. Жалпы білім беретін мектепте
патриотизмге тәрбиелеу әртүрлі құралдар арқылы, соның ішінде музыка өнері
арқылы жүзеге асырылады, сондықтан да ол күрделі қоғамдық қатынастарды
түсінуді жеңілдетеді, моральдық қатынастарды қабылдауға негіз болады [3].
Музыка - алып ұлы күш. Ол адамды сүюге және жек көруге, жазалауға және
кешіруге мәжбүр етеді, - деп, пайымдаған .
Музыка өнерінің функциясы көпжақты. Бұл функциялардың бәрі өзара тығыз
байланысты, музыка тіпті тек таза қолданбалы немесе көңіл көтерушілік рөль
атқарған жағдайда да, ол тыңдаушыларын тәрбиелейді, яғни олардың рухани
дүниесін қалыптастырады және өзгертеді, - деп атап көрсетеді А.Н.Сохор.
Айтылып өткендей, патриотизм - адам тұлғасының, оның рухани дүниесі мен
тіршілік әрекетінің барлық жақтарымен байланыстағы маңызды, түпкілікті
қасиеттерінің бірі. Патриотизмде тұлғаның дүниетанымдық жетілуі,
адамгершілік сенімділігі, құндылық бағыт-бағдары, оның өмірлік көзқарасы,
тәжірибелік мінез-құлқы көрсетіледі. Сондай-ақ, өнер адамға жан-жақты әсер
ете алатын қасиеті болғандықтан, ол оған барлық осы аспектілерді,
патриоттық сана, сезім және әрекетті қалыптастыруға қабілетті [4].
Музыка патриотизм идеясын ерекше айқындылықпен, жарқындылықпен
білдіруге қабілетті. Адамның сезіміне әсер ететін нәрсенің бәрі: туған
табиғат көрінісі, халық әндері мен үйлері, тарихи және қазіргі заман
көріністері музыкалық шығармаларда өзінің көрінісін табады, музыкада
жоғары әсемділікпен жанданады, сезімнің бастауына жылылық төгіледі.
Музыка өнерінің табиғаты әсер беретін, музыка арқылы патриоттық тәрбие
берудің өзіндік ерекшеліктерін атап өту қажет. Музыка қоғамдық сананың бір
түрі бола тұра, шынайы өмірді көрсете отырып, адамның ішкі жан-дүниесіне
эмоционалдық тұрғыда әсер етуде мүмкіндігі бар.
Музыка ең алдымен, тыңдаушылардың эмоционалдық сезім өрісіне ықпалын
тигізеді. Адамгершілік жағынан жетілдірілген тұлғанын эстетикалық негізін
қалауда ерекше роль атқарады.
Музыканың адамның сезімдік дүниесіне терең эмоционалдық ықпалынан
басқа, рухани көзқарастарының, сенімінің қалыптасуына әсер ететіндей
идеялық-көркемдік мазмұны бар. Бұл жағдай музыканың тәрбиелік ролін
анықтауда біз үшін өте маңызды, себебі мектеп балаларының тек патриоттық
сезімін ғана емес, сондай-ақ, патриоттық санасын тәрбиелеу қажет. Музыка
адамның қоршаған ортаға деген түрлі сезімдерін білдіре алады.
Музыкадағы тақырыптылық әуеннің реңкінен, мәнерінен, көрінеді.
Музыканың мәнерлі құралдарының ерекше жүйесінде, мазмұны жалпылама
музыкалық бейнелерді құрайтын, әртүрлі оқиға, құбылыстар белгілі бір
сезімді білдіру арқылы көрсетіледі.
Музыка өнерінің Бұл ерекшелігі біріншіден эстетикалық тәрбиенің
мазмұнын анықтайды. Патриоттық тәрбиенің ерекшелігі де, нақты заттық,
патриоттық мазмұнды мақсаттылықпен қабылдауы болып, табылады. Сонымен қатар
оларда, олардың өзара әрекеттестігін анықтайтьш көп ортақтық бар. Бұл
мәселені эстетикалық тұрғыда қабылдау, әдемілікті сезініп, бірге түйсіне
білу болып табылады [5].
Эстетикалық саланың өзекті мәселесі сұлулықты сезіп, бірге түйсіну
болып табылады, және осыны жете түсінуге эмоционалдық жағдай көмектеседі.
Екінші жағдайда ең бастысы патриоттық мазмұнды жете түсіну болып
қабылданған сезімдік - образды бекітуге эмоционалдық жай-күй көмектеседі.
Бірақ екі жақтың тәрбиелік ықпалына да сезім мен ойдың өзара
әрекеттестігі себепші болады және осы процесті бағалай білетін танымның
ерекше түрі пайда болады. Музыка өнері арқылы эстетикалық және патриоттық
тәрбие берудің бірлігі де, айырмашылығы да, осында болып табылады,
Психологтар сезімді адамның біреуге немесе бір затқа қарым-қатынасы
(көзқарасы) ретінде анықтайды. С.Л.Рубинштейн: адам сезімдерінің жиынтығы
- ол негізінен адамның дүниеге және басқа адамдарға қарым -қатынасының
жиынтығы,- деп дәлелдейді [ 6].
Қоршаған ортаның әсер-ықпалынан пайда болатын, нақтылы әсерленушілік,
қайғы-қасірет, эмоцияның қорытындысы нәтижесінде адамның сезімі
қалыптасады. Эмоция ситуативтік сипатта болады, яғни олар тұлғаның болып
жатқан немесе болатын жағдайларға әсерленушілік қарым-қатынасын білдіреді.
Сезім - тұлғаның тұрақты қасиеті; болмыстық заттар мен құбылыстарға адамның
эмоционалдық қарым-қатынасының құрамы ретінде көрінеді. Ол қалыптасып келе
жатқан тұлға бойында әртүрлі жағдайларға байланысты пайда болған қуаныш,
реніш, қайғы-қасірет және т.б. көрінеді. Әрқашан сүйіспеншілік немесе жек
көрушілік, ашулану немесе ұнату сияқты белгілі бір объектіге бағытталады.
Адамдардың әрекеттері мен бір-бірімен өзара қарым-қатынастары, мәдениет
құралдары, адамгершілік ережелері - міне осының бәрі эмоционалдық қолдау
туғызады.
Ол көптеген жылдар бойы музыка-педагогикалық жұмыстарында жаңа
педагогикалық концепция жасауға тырысты, музыкадан бастау алатын, және
музыкаға сүйенетін, музыканы өнер ретінде, музыкамен мектеп пәні ретінде,
табиғи және оргникалық байланыста болуын қарастырды.
Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау музыканың жеткіншектерге патриоттық
тәрбие берудегі ықпалының зор екендігін көрсетеді.
Музыкасыз жер бетінде бірде-бір халық өмір сүре алмайды. Музыка адам
өміріне өте ерте бала кезден енеді, өмір бойы бірге жүреді. Адам сезімі,
оның ойы, арманы және іс-әрекеті музыка арқылы беріледі. Музыкада бүкіл
адамзат өмірі, айнадағыдай бейнеленеді.
Музыка өнері дүниеге көзқарасты қалыптастырудың ықпалды құралы ретінде,
жастардың адамгершілік қасиеттерін, моральдық интеллектуалдық ортасын,
оқушылардың тұлғалық сезімдерін байытады. Өз елінің патриоттық мазмұндағы
музыкалық шығармаларын үйрену жеткіншектерге патриоттық тәрбие берудің
құрамдас бір бөлігіне айналды. Оны қазақ халық музыкасының мүмкіндіктері де
дәлелдейді.
Қазақ халық музыкасы жеткіншектерге жан-жақты тәрбие берудің, соның
ішінде патриоттық тәрбие берудің тапсырмас құралы болып табылады. Қазақ
халық музыкасының ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жетіп отыруына халық
ақындарының әнші-күйшілерінің, жыршыларының ролі ерекше болды. Олар қазақ
халық музыкасын үлкен мереке-тойларда дәріптеген, өздерінің әншілік-
күйшілік шеберліктерін шыңдаған [6].
Ол көптеген жылдар бойы музыка-педагогикалық жұмыстарында жаңа
педагогикалық концепция жасауға тырысты, музыкадан бастау алатын, және
музыкаға сүйенетін, музыканы өнер ретінде, музыкамен мектеп пәні ретінде,
табиғи және оргникалық байланыста болуын қарастырды.
Ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау музыканың жеткіншектерге патриоттық
тәрбие берудегі ықпалының зор екендігін көрсетеді.
Музыкасыз жер бетінде бірде-бір халық өмір сүре алмайды. Музыка адам
өміріне өте ерте бала кезден енеді, өмір бойы бірге жүреді. Адам сезімі,
оның ойы, арманы және іс-әрекеті музыка арқылы беріледі. Музыкада бүкіл
адамзат өмірі, айнадағыдай бейнеленеді.
Музыка өнері дүниеге көзқарасты қалыптастырудың ықпалды құралы ретінде,
жастардың адамгершілік қасиеттерін, моральдық интеллектуалдық ортасын,
оқушылардың тұлғалық сезімдерін байытады. Өз елінің патриоттық мазмұндағы
музыкалық шығармаларын үйрену жеткіншектерғе патриоттық тәрбие берудің
құрамдас бір бөлігіне айналды. Оны қазақ халық музыкасының мүмкіндіктері де
дәлелдейді.
Қазақ халық музыкасы жеткіншектерге жан-жақты тәрбие берудің, соның
ішінде патриоттық тәрбие берудің тапсырмас құралы болып табылады. Қазақ
халық музыкасының ұрпақтан ұрпаққа мирас ретінде жетіп отыруына халық
ақындарының әнші-күйшілерінің, жыршыларының ролі ерекше болды. Олар қазақ
халық музыкасын үлкен мереке-тойларда дәріптеген, өздерінің әншілік-
күйшілік шеберліктерін шыңдаған [7].
Музыкалық шығармаларды таратуда, өз өнерлерін танытуда, сал серілердің
де өзіндік орны болған. Кезінде А.Жұбанов: ...салдар мен серілер ол
заманғы өнердің өкілдері. Бұл күндегі әртістерше сахнаға киетін киімін
чемоданға салып алып келіп, әдейі оларға арналған бөлмеде қайта киінетін
жағдай сал мен серіде болған жоқ. Олар ат үстінде де, ауыл сыртында да,
базарда да, жөрмеңкелерде де өнерлерін көрсетті. Сондықтан басқа кісіге
алабажақ, өсіре қызыл көрінетін олардың киімдері сол сахнаға киетін
киімдер. Ал олар өмірде де солай киініп жүреді. Өйткені өмір мен өнердің
екеуі бірі мен бірі қосылып, ұласып кеткен - деп жазған [24]. Оларды халық
күні-түні тыңцаудан жалықпаған. Мұндай кездесулер көрерменнің музыкалық -
эстетикалық талғамын, адами көзқарасын дамытып, ұлттық патриотизмін
қалыптастыруда айтарлықтай роль атқарған. Балалар мен жастардың патриоттық
сезімін қалыптастыруда отбасының (ата-аналардың, қарттардың), әртүрлі
ұлттық мерекелердің, ойын-сауықтардың, бәйге жарыстардың қосқан үлесі мол.
Музыкалық шығармалар балалар мен жастардың ақыл-ойы мен патриоттық
сезіміне әсер етіп, музыкалық-эстетикалық талғамын жетілдірген.
Қазақ халқының экономикалық және қоғамдық құрылысы, сондай-ақ оның
тұрмыс-тіршілігі мен эстетикалық көзқарастары ауыз әдебиеті шығармаларында
өз бейнесін тапты. Сондықтан, Қазақстанда жиналған аса бай ауыз
әдебиетінің оңдаған томдары құралы оқыған кезінде басыңа: егер бүкіл осы
байлықты қазақ халқының санына бөлетін болсақ, онда сірә, әрбір қазақ
әндердің, мақал-мәтелдердің, аңыз-әңгімелердің авторы болып шығар еді, -
деген ой келеді [7].
Ән-күй, өлең-жыр, әрқашан да халық өмірінің ажырамас бөлігі болған.
Қазақта әнсіз өмір жоқ. Тойбастар айтқан жігіт, кешкі ауыл сыртында
алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілдехана күзеткен жас-көрі, Жар-жар айтқан
екі топ, елінен еріксіз алысқа ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын
жоқтаған жесір, түйеге мініп, әр үйдің сыртында қақсаған жарапазаншы, ақ
киім киіп, өгізге мініп ауыл аралаған дуана, жынын шақырып, зікір салған
бақсы - бәрі де әндетеді. Бөрі де жай сөзбен айтқанда жетпейтін сезім
тасқынын өн арқылы шығарады [36]. Музыканың халық өмірімен осылайша тығыз
сабақтастықта болуы музыкалық-эстетикалық тәрбиемен бірге патриоттық
тәрбиенің міндеттерін шешуді жеңілдетті. Музыкада қазақ халқының өмірі,
тыныс-тіршілігі, эстетикалық, этикалық және педагогикалық идеялары өз
көрінісін тапты.
Қазақ әндері құдіретті де күшті, өктем, сонымен бірге жатық, құлаққа
жағымды естіледі, - деп жазды өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында
А.Эйхгорн. - ...Жапан түзде немесе ауылда, болмаса мал арасында, айдала мен
жазық өңірлерде, таулар мен көсілген алқаптарды аралаған кезінде, жым-жырт
аспан астында жалғыз келе жатып оның салған әні тіпті әдемі естіледі.
Қазақ халық музыкасының аясына халық және халық композиторларының
әндері, халық және халық композиторларының күйлері енеді. Қазақ халқының ән
шығармашылығының жанрлары сан алуан. Бұл -отбасылық-тұрмыстық, әдет-
ғұрыптық, еңбек, лирикалық, тарихи әндер, әлеуметтік наразылық әндері,
эпикалық дастандар мен аңыз-әңгімелердің музыкалық сабақтастыққа берілуі
[7].
Отбасылық-тұрмыстық әндерде Отанға, туған жерге, елге деген
сүйіспеншілікті көзқарас, ойын-сауықтар, мораль, күнделікті тұрмыс
қарекеті, отбасылық өзара қарым-қатынастар сипатталады, өнеге түтар нақыл
сөздер көп пайдаланылады. Мысалы, Мақтаншақ әнінде шектен тыс даңғаза
кербездік тәлкек етілсе, Көксау шал әнінде теңсіз неке айыпталады және
т.б.
Оларда ата-аналардың балаға деген сүйіспеншілігі, оның тағдырына
деген жауапкершілігі, бала болашағы туралы терең ой толғаныстары ашып
көрсетіліп, адал, мейірімді, ақылды азамат болуға, өз халқының лайықты
қорғаны, батыры, ең бастысы - бала кім болсын, мейлі шебер, мейлі малшы
болсын, адам болып қалуға деген үлкен үміті, тілегі айтылады. Бұған дәлел
Бесік жыры өлеңі . Онда:

Бармақтарың майысып, Таңдайларың тақылдап,
Түрлі ою ойысып, Сөйлегенде сөз бермей,
Ұста болар ма екенсің? Шешен болар ма екенсің?

немесе:

Құрығыңды майырып, Айыр қалпақ киісіп,
Түнде жылқы қайырып, Ақырып жауға тиісіп,
Жаудан жылқы айырып, Батыр болар ма екенсің? -
Жігіт болар ма екенсің?

дейді [9].
Әдет-ғұрыптық әндерге үйлену әдет-ғұрпы Тойбастар, Жар-жар,
Беташар, Сыңсу немесе Қыз қоштасу сияқты дәстүрлі әндерді жатқызуға
болады. Егер, Той бастар әнінде үйлену тойының басталғаны жарияланса,
Жар-жар, Беташар күйеу жігітті, қалыңдықты, ата-аналар мен туған-
туысқандарды мадақтай отырып, жас жүбайларға игі тілектер тілеп, ақыл-
кеңестер берген. Сыңсу, Қыз қоштасу әндерінде қалыңдык ата-ана, туған-
туыстарымен, ел-жұртымен, дос-жарандарымен, туып-өскен жерімен жастық-
балалық өмірімен қоштасқан. Сыңсу мен Қыз қоштасудың өлеңдерін көп
жағдайда ақындар шығарып беріп отырған. Жоқтау әндерінің де тұлғалық
қасиеттерді қалыптастыруда рөлі ерекше болған.
Қазақтардың осындай алғыр қасиетін кезінде көптеген зерттеушілер
ұйқастырып айтуға, туа біткен қабілеттілігін атап көрсеткен. Оны
П.Тиховтың: Қырғыздар (қазақтар - С.Ү.) ән шығарудың үлкен шеберлері әрі
өз әншілерін құрметтейді... Қырғыздарға әнге деген сүйіспеншілік ана
сүтімен енген тәрізді, әйгілі өнерпаздардың мейілінше сүйікті әуендерін
әдеттегідей тез үйреніп алады. Бұл әндер ұрпақтан ұрпаққа аса қымбат сияқты
сақталып, рудан руға аса қастерлі нәрсе ретінде беріліп отырады - деген
сөздері, және А.Янушкевичтің: ...мереке кезінде мен ең алғаш рет
өлеңшілерді тыңдауға мүмкіндік алдым. Бұлар қазақтың трубадурлары, даланың
бардтары - ұлы ақындары. Қазақтардың өлең шығаруы мен орындау дарыны осы
халықтың ақыл-ой қабілетін тамаша айқындайды. Бұдан бірнеше күн бұрын
өзара жауласқан екі партияның арасындағы қақтығыстың куәсі болған едім.
Сонда Демосфен мен Цицерон туралы ғұмыры естімеген шешендердің сөз сайысына
таң қалып қол соққанмын. Ал бүгін оқи да, жаза да білмейтін ақындар менің
алдымда өнерлерін жайып салды. Олардың жыры жаныма жылы тиіп, жүрегімнің
қылын қозғады. Сонымен өзімді тәнті етті - деген сөзі дәлелдейді [9].
Балалар мен жастардың тәрбиесі патриотизмін қалыптастыруда еңбек
әндерінің мәні ерекше болды. Олардың мазмұны балаларды еңбектің түрлерімен,
әрекеттерімен таныстырды, халықтың ауыр тұрмысын суреттеді, Еңбек түбі
зейнет - деп оның адам өміріндегі қажеттілігін ашып көрсете білді. Қазақ
халқының еңбегі мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, еңбектің
пайдалы жақтары да көп болды. Біріншіден бала мал бағып жүріп көптеген
уақтысы табиғат аясында өткізеді, оның өсемдігінен ләззат алады, екіншіден,
аң-құстардың сан қилы дыбысын бір-бірінен айыра білуге, табиғат
құбылыстарын бақылауға үйренді, үшіншіден, эстетикалық сезімі мен талғамын
қалыптастырды, төртіншіден Отанын, туған жерін қадірлеуге, батылдыққа,
төзімділікке баулыды.
Қазақ халқы балалар мен жастарды патриотыққа тәрбиелеуде лирикалық
әндерді де, орынды пайдаланды. Оларда ғашық жандардың толқыныс сезімдері,
сүйген жардың сұлулығы, экономикалық және әлеуметтік теңсіздік салдарынан
бір-біріне қосыла алмаған екі жастың қайғы-мұңы, жеке бастың күйініш-
сүйініші, туған жердің табиғаты терең сезіммен бейнеленеді. Мұнда қайтып
оралмаитын жастық шақ туралы мүнды ой-толғаулары да, адамның өкініш-наласы
көрініс алады. Осындай мазмұны жағынан алуан түрлі лирикалық әндерге,
мысалы, Қорлан, Шилі өзен, Ақбөпе, Япырай, Гауһартас, Жиырма
бес, Маңмаңгер жене т.б. көптеген әндер жатады.
Мысалы, Япырай әнінің мәнерлі музыкалық және поэтикалық бейнесінде
табиғаттың сұлу көрінісі мен адамның рухани көңіл күйі бейнеленсе,
Гауһартаста сүйген жардың ажары атқан таңға, шолпан жұлдызға теңеледі,
үстіндегі киген киімі, әсерлі жүріс-түрысы, бойындағы асыл бұйымдары,
өсемдігі салыстырмалы түрде суреттеледі. Бұның бәрі жеткіншектердің
эстетикалық талғамын эстетикалық көзқарасын жетілдіруді, өсемдікті түсіне,
сезіне, тебірене білуге үйретті, туған жерге, елге, дәстүр-мәдениетке
мақтаныш сезімін оятты[10].
Қазақ халқының әлеуметтік-наразылық әндерінде әлеуметтік теңсіздік,
адамды адамның қанауына деген кедеилікке жоқшылыққа деген наразылық,
феодалдық өмір салтына, экономикалық және әлеуметтік езгіге қарсы күрес
тақырыбы жетекші орын алады. Мысалы, Гүлдерай!, Әупілдек, Қойшы, Көк
шолақ, Жанбота, Ақ Сиса және т.б. әндері әділет, жарқын болашақ,
теңдік, өз тағдырын өзі шешу құқығы жолындағы күреске шақырады.
Тарихи әндер балалар мен жастарды қазақ халқының басынан өткен сан қилы
тарихи оқиғалармен таныстырды, елін жерін жаудан қорғаған батырлардың ерлік
істерімен таныстырды, оларды қадір тұтуға үйретті.
В.В.Радловтың: сезімен айтқанда, қазақ ...өз әндерінде ертегіде
айтылатын қайдағы бір ғайыптан пайда болған қорқынышты дүниені
дәріптемейді, қайта ол өз өмірін, өз сезімдері мен мұраттарын, қоғамның
әрбір жеке мүшесі жүрегінде жүрген идеяларды әнге қосады, тыңдаушылары
жаратылыстан тысқары қайдағы бір кереметтерден емес, пакты шындықтан ләззат
алады [11].
Әрине, әннің мазмұнын тыңдаушысына дұрыс жеткізу әншінің көркемдік ой-
өрісіне, оны бейнелі түрде жеткізе білуіне, орындаушылық шеберлігі мен
дауыс құбылысының сүйкімділігіне де байланысты. Мұндай талабы бар әншілерді
халық өте құрметтеген, олардан мақтау сөзін аямаған, күміс көмей әнші,
жез таңдай әнші деп қошеметтеп отырған. Бұдан әншінің орындаушылық
өнерінің қалыптасып, дамуына қоғам ортасының әсері мол болды деген пікір
туады. Тағы бір ескеретін жай, ән өнері халықтың өзіндік әншілік мектебіне
байланысты, дәлірек айтқанда, тәжірибелі әншілердің жас талаптарды өз
қамқорлығына алып тәрбиелеуіне байланысты дамыды. Яғни тәжірибелі әншілер
өз ізбасарларын өздері тәрбиеледі, оларға өздерінің әншілік өнерінің қыр-
сырын үйретті, өздері сияқты айтуга баулыды, сөйтіп өздерінің әншілік
дәстүрін жалғастыруга ықпал етті[12].
Мұндай әншілердің қатарына Біржан, Ақан сері, Мұхит, Жаяу Мүса сынды
майталмандарды атауға болады.
Сонымен халық әндері халықтың адами-эстетикалық көзқарасын, өсемдік
жәніндегі түсінігін білдірумен бірге, ұлттық патриотизмнің жоғары болғанын
көрсетеді және балалар мен жастарды да осындай сезімге, ұлттық намысқа
тәрбиелегенін дәлелдейді. Олар өзінің қарапайымдылығымен, әуездігігімен,
көркемдігімен, шынайылығымен, поэтикалық әсерлілігімен терең мазмұндығымен
үлкен-кішінің жүрегінен орын алды. Оған деген қызығушылық бүгінде
толастаған емес, керісінше көптеген халық әндері кәсіпқой еншілер мен
көркемәнерпаздардың, мектеп балаларының репертуарынан берік орын алып
отыр.
Балалар мен жастардың ұлттық патриотизмін қалыптастыруда күй
шығармаларының орны ерекше болды. Күйлерде қазақ халқының басынан кешірген
тарихи оқиғалары, туған өлкеге, табиғатқа, елге деген сүйіспеншілік сезімі,
халықтың күнделікті өмір тіршілігі әлеуметтік өмірге, өнерге деген
көзқарасы, сондай-ақ сол өнердің адамның эстетикалық сезіміне,
патриотизміне, талғамына ықпалы бейнеленеді. Халықтың басынан кешірген
қасірет-тауқыметі мен әділетсіздікке қарсы күресі азат өмірді аңсаған асыл
арманы мен қуаныш сезімі суреттеледі.
Қазақ халқының күйшілік өнері өзінің дәстүрлік ерекшелігіне, орындау
мәнеріне, қағыс тәсілдері мен түрлеріне қарай төкпе күй және шертпе күй деп
қарастырылады. Бұлардың атынан-ақ аңғарылып тұрғанындай бірі қос тиекті
жалпылама қағыспен төгіп тартылса, екіншісі ішек бойлай саусақпен шертіп
орындалады.
Төкпе күйлерге Құрманғазы, Сейтек, Қазанқап, Дина және т.б.
шығармаларын атауға болады.
Шертпе күйлер қатарына Байжігіт, Тәттімбет, Тоқа, Саймақ, Дайрабай,
Баубек, Қыздарбек, Әбді, Сүгір, Әлшекей, Бапыш, Байсерке, Раздық сияқты
халық композиторларының шығармаларын атауға болады.
Төкпе күйдің де, шертпе күйдің де өзіне тән ерекшелігі, әуезділігі,
сарыны, сипаты бар.
Төкпе күйлерді тыңдап отырып ерлік пен елдік, жастық жігер, кең
даланың белін қайыстырар арғымақтар дүбірі, жарқ-жұрқ еткен алмас қылыштар
жарқылы көз алдыңа елестесе, шертпе-күйлерде - бейбіт өмір, биязы табиғат,
тәтті қиял, қол жетпес арман, күйініш-сүйініш сезімдері жан-жүрегіңді
баурайды. Төкпе күйлер негізінен күрескерлік, ерлік рухты бейнелесе, шертпе
күйлер романтикалық, лирикалық, философиялық ой түйіндерімен ерекшеленеді
- деп У.Бекенов әр күйдің өзіне тән сипатын атап көрсетеді [9].
Әрине, күй жанрын екі топқа ғана бөліп қарастыру дұрыс емес. Өйткені
бір ойында төкпе күйдің де, шертпе күйдің де элементтері алмакезек
үшырасатын күйлер де аз емес екендігін, кейбір зерттеушілердің еспе
күйлер, тармақты күйлер деген атауларды да қолданып жүргенін ұмытпаған
жөн.
Мысалы, А.Сейдімбеков: Қазақ халқының күйшілік дәстүрінде, күй
өнерінде тармақты (циклды) күйлер де айрықша орын алады. Тармақты күйлер
деп бір тақырып төңрегінде топтасып, бір атаумен аталатын күйлер тізбегін
айтып жүрміз... Тармақты күйлердің тақырыбы ғана аттас емес, ең алдымен
күйдің сарын-сазындағы, тартылу мәнеріндегі ерекшелік Бұл дәстүрдің
кездейсоқ құрылыс емес екенін аңғартады. Мәселен, Тоғыз тарау атауымен
белгілі тармақты күйлер бірыңғай теріс тартылса, Қосбасар атауымен
белгілі тармақты күйлер көбіне домбыраның белінен қос ішекті кезек шерту
арқылы тартылатын қоңыр күйлер болып келеді. Ал Ақжелең атауымен белгілі
тармақты күйлер болса, өзінің қайталап тартылатын буынды үлгісімен, сұлу
суреттерге толы тартымды саздарымен ерекшеленеді - деп негіздейді .
Күй шығармалары домбыра, қобыз, сыбызғы және т.б. аспаптарда орындалған.
Қобыз аспабы қазақ халқы үшін киелі, құдіретті аспап болып саналады. Қобыз
шаман дінінің және осы дін өкілдері-бақсылардың пайда болу процесі мен
тығыз байланысты, ол бақсының зікір салу кезінде демеуші аруақтармен
тілдесіп отыратын негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Қобызды жыраулар да
өз шығармашылығында кең көлемде пайдаланды. Қобыз күйлерінде жан-жануар мен
құстардың дауысы, қасқырдың үлуы аққудың сүңқылы адамның көңіл - күйі,
аттың шабысы көрініс алады (Жезкиік, Шыңырау, Аққу, Абыз толғауы
және т.б.) [13].
Қобыз күйлері қоршаған ортаның, болмыстың бүкіл құбылыстарын музыка
тілімен, әрі жеңіл бейнелеп берді. Мәселен, Ақсақ құлан, Тепеңкөк,
Наридірген (халық күйлері), Қорқыт, Шыңырау (Ықылас) аңыз-күйлері
домбыра және қобыз тілімен қазақтың кең салада даласын тарихи оқиғаларды,
оған қатысқан батырларды, олардың ерлік істерін, өнердің құдіретті күшін,
өміршеңдігін жырлайды. Оған Ақсақ құлан күйінің мазмұны, дәлел болады:
Қаһарлы Шьщғыс ханға оның сүйікті ұлы Жошының қайғылы өлімін ешбір адам
хабарлауға батылы бармайды. Өйткені қаралы хабарды жеткізүшіні қатыгез өлім
тосып тұрды. Тек қана атақты жырау Кет-Бұғаның тамаша музыкасы ғана ханға
ұлының қазасы туралы шындықты жеткізеді. Қатты қапаланған Шыңғыс хан,
өзінің қаралы хабарды жеткізүшінің көмейіне қорғасын қүямын, деген сертін
есінде ұстап, домбыраны жазалауға бүйрық берді. Міне, содан бері домбыраның
шанағьшда тесік қалган деседі.
Халық арасында ұлттық аспаптардың шығуына байланысты басқа да аңыздар
кездеседі. Соның бірІ - Жетіген аспабы туралы,
...Ертеде өмір сүрген бір шалдың жеті ұлы болыпты. Бір жылғы жұтта әлгі
шалдың қолындағы бар малы қырылады. Суық үйдің берекесі кетеді. Киіз үйдің
шаңырағына бақытсыздық орнап, жеті ұлы бірінен соң бірі өледі. Өлгеннің
артынан жоқтау айтып ас беруге еш қаражаты жоқ шал кепкен ағаштан ойып
Жетіген жасапты. Үлкен ұлы өлгенде оған бір ішек тағып, тиек орнатады.
Қарағым деп атап, жоқтау күйін тартады. Екінші ұлы өлгенде ішек тағып,
Қанат сынар күйін орындайды. Жүт жеті ағайынды дегендей ұлдары бірінен
соң бірі өлген шал бір-бір ішектен таға отырып, От сөнер, Бақыт көшті,
Күн түтылды, Жеті баламнан айырылып, құса болдым деген жаңа күйлер
шығарыпты - мыс. Сөйтіп Жетігенге жеті ішек тагылатын болыпты дейді.
Құрманғазы шығармашылығындағы музыкалық образдардың өзіндік ерекшелігі
жан-жақтылығында, ауқымдылығында. Мәселен, Сарыарқа, Алатау, БұлБұлдың
қүрғыры күйлерінде туған жер, табиғат сұлулығы суреттелсе, Төремұрат,
Адай, Кішкентай күйлері белгілі бір адамның образын суреттеуге
арналған. Қайран шешем, Қызыл қайын, Кісен ашқан, Түрмеден қашқан
күйлерінің шығуына күйшінің өзінің өмірбаяны басынан кешкен оқиғалары негіз
болған.
Жалпы алғанда, күй- шығармаларының қайсы болмасын жеткіншектерге өмір
мен өнердегі өсемділікті, жарасымдылықты дұрыс бағалай білуге үйретті[14].
Қазақ халқы осы жоғарыда аталған өнерге балаларды ерте жастан үйретті,
оны меңгеруде өзіндік әдістемесі болды, Мәселен, оларды сәби жастан
музыкалық домбырада ойнауға үйрете бастаған. Олардың үлгі түтар ұстазы ата-
аналары мен музыкалық қабілеті бар адамдар болды.
Аспапта ойнауға үйрету-көрсету, жаттығу, естігенін еліктеп қайталау
әдістерімен жүзеге асырылып отырды. Соның ішінде әсіресе, естігенін еліктеп
қайталау әдісі баланың музыкалық есту қабілетінің дамуына, естіген әуенді
тез арада қағып алып, қолма-қол аспапқа түсіріп ойнауына, ұзақ уақыт есте
сақтауына септігін тигізеді. Мысалы, ұстаз аспапты қалай ұстауды, қалай
күйін дұрыс келтіруді, оң қолмен қалай шертуді және сол қолмен пернелерді
қалай басу керектігін көрсеткеннен кейін, бір әуенді немесе шағын музыкалық
шығарманы ойнайды, ал үйренуші сол естіген әуенін, көргенін өз аспабында
қатарласа отырып қайталайды. Музыканы осылай жүйелі түрде, дәйекті
жаттықтыру, ырғақты есте сақтау қабілетін дамытып, сол аспапты еркін,
меңгеруге көмектеседі. Айта кету керек, бұрын қазақтар баланың жасын немесе
бойын есепке ала отырып, аспаптарды өздері жасаған немесе сатып алып
отырған. Жас мөлшерінің өсуіне карай домбыраға үйрету әдістемесі де
күрделене түсетін. Өзінің жеке басының үлгісімен шәкіртін таңдандырып,
оның әрбір ойынын талдай отырып, қарапайымнан күрделіге қарай біртіндеп
үйрете келе, ұстаз өз шәкіртінің шығармашылық жағынан өсуін мұқият
қадағалап, шеберлігі мен ойнау дағдыларын жетілдіріп отырған. Мысалы,
А.Жұбановтың айтуынша халық композиторы, тамаша күйші Дина Нүрпейісова 9
жасынан бастап күй шертті, алғашқы күйлерді ол өз өкесінен естіп, үйренеді.
Ал өкесі домбырада жақсы ойнайтын. 1870 жылы Дина атақты домбырашы,
қазақтың аспаптық музыкасының негізін салушы Құрманғазымен кездеседі, ол
оған орындаушылық әнердің алғашқы сабақтарын береді. Содан кейін ол әйгілі
домбырашы Салауаткерейге жолығады. Ол Динаны өзінің әкесі, халық
композиторы Дәулеткерейден үйреніп алған күйлерді орындауға үйретеді.
Осылайша өзінің алғашқы ұстазы Құрманғазыдан және басқа да белгілі
домбырашылардан Д.Нүрпейісова көптеген күйлерді үйренген. Дина халық
композиторының күйлерін де, өзінің шығарған күйлерін де шеберлікпен ойнады.
Осы айтылғандардың бәрі қазақ музыкасының мүмкіндіктерінің жоғары болғанын,
әсіресе ұлттық патриотизмді, жетілдіруде үлкен роль атқарғанын дәлелдейді.
Р.К.Дүйсенбінова болса музыка зерттеушілерінің жасаған жіктемелері
негізінде мектеп балаларының жас ерекшеліктерін, қабылдау мүмкіндіктерін
ескере отырып, өзінің педагогикалық жіктемесін ұсынады:
- тұрмыс-салт әндері (бесік жыры, еңбек туралы, ұлыс әндері, діни
нанымға байланысты туған әндер, үйлену жырлары, жоқтау,
қоштасу
әндері);
өсиет әндер;
тарихи әндер;
әлеуметтік теңсіздік әндер;
эпикалық әндер (дастан, қисса, толғау, терме);
айтыс;
лирикалық әндер және т.б, [13].
Б.Г.Ғизатовтың еңбегіне сүйене отырып, халық аспаптық музыкасының
мынадай классификациясын ұсынады: эпикалық; тарихи-батырлық (тарихи-
патриоттық); лирикалық; тұрмыс-салт; әдет-ғүрыптық күйлер [12-6.].
Оразалиева М. Алдын ала белгіленген өлшемдердің негізінде аспаптық
музыканы былайша жіктемелейді:
төрт түлік малға арналған күйлер;
табиғатқа арналған күйлер;
арнау күйлер;
аңыз күйлер;
тұрмыс-салт күйлері (жоқтау, қоштасу);
тарихи күйлер;
әлеуметтік теңсіздік күйлер;
тартыс күйлер [15].
Мысалы, Е.Брусиловскийдің қазақ эпосының негізінде жазылған Қыз
Жібек, Ер Тарғын операларында, М.Төлебаевтың Біржан-Сара, Қозы Көрпеш
- Баян сұлу операларында қазақ халық әндері, күйлері, жыр-термелері жаңа
өңдемеде беріледі. Операда ауызекі шығармашылығының көптеген көріністері,
халық билері орын алады.
Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінің әр қыры Е.Брусиловскийдің халық
музыкасының әртүрлі жанрларын пайдалану негізінде құрылған Сары-Арқа
симфониялық сюитасында көрініс табады: бірінші бөлімінде Ақсақ құлан күйі
қолданылады, екінші бөлімде - Құрманғазының халық мерекесін суреттейтін
Балбырауын күйі, үшінші лирикалық бөлімде дала табиғатын суреттейтін Ақ
толғай әні пайдаланылады, соңғы бөлімінде аттың шабысын суреттейтін Қара
жорға күйі мен Әсет әні пайдаланылады. Қазақ халқының әндері (Ахау
Семей, Құдаша, Кербез сұлу және т.б.) мен күйлері, халық композиторларының
күйлері (Ақсақ киік, Келіншек, Ақбай, Шалқыма) Б.Байқадамовтың хор
шығармаларында көрініс алды.
М.Төлебаевтың сөзімізді дәлелдей түсу үшін Біржан-Сара операсына
сипаттама бере кетейік.
Қазақ халқының айтыс өнеріне кезінде көптеген зерттеуші этнограф,
фольклористер тамсанып, таңдай қаққан. Мысалы, А.И.Левшин: ...қырғыз
(қазақ және т.б.) әндері өрдайым дерлік табан астында шығарылады. Бұл
жағдай оларды ерекше қызықтырумен бірге, ән айтушылардың сауығын

Сурет 2 - Жіктеме бойынша жүйеленген қазақ халық музыкасы
шығармалары мен қазақ халық музыкасы негізінде жазылған кәсіптік музыка
шығармаларының сұрыптамасы түрлендіре түседі. Олар әйелдер, еркектер болып
екі топқа бөлінеді немесе екеу болып айту үшін жүн құрайды. Екі жақтағылар
кейде бір-біріне қағытпа әзілдер айтып, өте тапқыр жауаптар қайтарады, оны
тыңдаушылар сол мезетте-ақ қолпаштап отырады - десе [14], В.И.Даль:
ақындар домбыраны шерте отырып топты жарған шабандоздар мен жауырыны жерге
тимеген палуандардың даңқын асырьш, думанды дәріптейді, домбыра үні қоңыр,
жанға жайлы естіледі. Екі шек саусақтардың астында біресе шаттана күліп,
біресе қүйқылжытып БұлБұлдай сайрап, біресе күңірене қүрсінеді. Әсем үнді
самал жел далаға іліп әкетіп, ауаға алау түтіндей сіңіп жоғалып жатады -
деп ақындардың даус нақышына, әннің мазмұнына оны тыңдарманға жеткізе
білгеніне ерекше тоқталған [20].
Демек, Мұқан халықтың айтыс өнерінің ерекшелігін, маңызын, тәрбиелік
мүмкіндіктерін көре білген. Оның тыңдаушыларының, әсіресе балалар мен
жастардың эстетикалық көзқарасына, талғамына, патриоттық сезіміне әсер
ететін атамұра дәстүрін сыйлап, құрметтеуге үйрететін жоғары рухани-
адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал ететінін жақсы түсінген.
Өзінің осы айтыс өнері саласындағы түсініғін, көзқарасын, рухани
сезімін, эмоционалдық қатынасын Біржан-Сара операсында музыка тілімен
әсерлі де, мазмұнды бере білген.
С.Ұзақбаеваның сөзімен айтқанда операның басты құндылығы - онда қазақ
халқының ежелден қалыптасқан, тәрбиелік мәні зор, өнегелі салт-дәстүрлері
өнердің бірнеше түрлері арқылы (музыка, драма, хореография (би), бейнелеу
өнер (костюмдер, декорациялар) жан-жақты ашылған. Атап айтсақ:
1. Қазақ халқының музыка дәстүріне (ән, күй, терме, желдірме) мейілінше
орын берілген.
а) күйдің ұлттық ерекшелігі терең сезімталдықпен түсініліп,
домбыраға
төн сипаты сақталған, оның үніндеғі реңк оркестр арқылы әсерлендіріле
түскен. Халық күйлерімен бірге халық композиторлары - Ұзақ, Мүсірәлі,
Құрманғазы, Дәулеткерейдің күйлері кең көлемде пайдаланылған;
ә) Халық әндерінің көне түрлері, мәселен, Беташар, Жар-жар,
Жоқтау, Сыңсу және т.б. жаңашыл үнге ұласқан, гармониялық, полифониялық
тәсілдермен нәрлендірілген. Біржанның да Сарамен айтысуға келгенді алғашқы
ариясынан бастап, соңғы әндерінің бөрі де халық әндерінің әуеніне құрылған;
б) Операда халық хоры сахнасы маңызды орын алған. Хорлар негізінен
жағымды бейнелерге арналған әуендерді, музыкалық суреттемелерді
толықтырады. Композитор хор партитурасында қазақ халқының аспапты
музыкасына тән кварта-квинталық, терциялық музыка үндестігін асқан
шеберлікпен пайдаланған.
Халықтың поэтикалық шығармашылығының бірі айтыс жаңаша өңделіп, опера
тілінде әсерлі берілген. Яки, Мұқан шығыс пен европаның мәдени дәстүрін
біртұтас мазмұндылықта және байланыста көрсете білген. Оны қазақ халқының
тұрмыс-қарекетін, тыныс-тіршілігін, дүниетанымдық, психологиялық, рухани
көзқарасын суреттейтін Қоянды жөрмеңкесі, айтыс, үйлену тойы жастардың
Біржанға келгені және т.б. сахналық көріністер дәлелдейді [9].
Терме, желдірмелер ән өнерінің жаңа түрлері - ария, ариоза, ансамбль,
речитативтермен қатар жетекші орынға ие болған. Мысалы, Біржанның асқақ,
көтеріңкі әндерін Мұқан тыңдарман қауымға жаңаша өңдеп, ондағы еуендік,
ырғақтық, интонациялық құбылыстарға өзгеше көңіл бөліп, әсерлі мәнермен
жеткізген.
Демек, оның шығармаларының тартымды, әсерлі, өрнекті, сиқырлы сырға
толы болуы қазақтың музыкалық және поэтикалық шығармашылығымен
байланыстылығында десек артық болмайды.
Әуезді, сазды көркем сөзге жақын, ән айтудың өзіндік әдісі -речитативке
аса көңіл бөлінген. Бұл әдіс либреттоның текісінде еркін пайдаланылған. Ол
кейде еркін ритмдегі қара сөзбенен, кейде оркестрдің сүйемелдеуінде, нақты
бір ритмдегі екі адамның диалогінде кездеседі. Мысалы, Аналық пен Біржан,
Алтынай мен Біржан, Жиенқұл мен Сара, Жиенқұл әні және сот, Сара мен Біржан
сияқты сахналық көріністерде.
Бір сөзбен айтқанда талантты композитор қазақтың ежелден қалыптасқан
әншілік, ақындық, орындаушылық дәстүрлерін асқан шеберлікпен, өзіне тән
профессионалдық әдістермен көрсеткен.
Операда халықтың моральдық-әдептік қасиеттері (жігері, күш-қуаты,
рухани байлығы) би арқылы бейнелі суреттелген. Онда фольклорлық ырғаққа
қанық халықтық бидің сипатын, халықтың музыкалық қабілет-дарынын жан-жақты
ашуға талпыныс жасайды. Композитордың бидІ хор көріністерімен, күймен өзара
шеберлікпен байланыстыруы ұтымды шыққан. Мәселен, Соқыр Есжан күйін би
мен хор көріністеріне асқан шеберлікпен үштастыруы операны биік шыңға
көтеріп, бұрынғысынан да өсерлендіре түскен.
Қазақ халқының терең үйлесімділікпен, нағыз әсемдікпен және көркемдік
талғаммен ерекше көзге түсетін сәндік-қолданбалы өнері опера
декорациясында, ұлттық киім-кешектерде, әшекейлерде ұтымды пайдаланылған.
Яки, көрермендерге сол кездегі қоршаған ортаның сұлулығын, болмыстағы нәзік
және түрлі-түсті байлықты сезіне білуге әрбір бейненің рухани өлемін
түсінуге мүмкіндік жасалған.
Бақытжан Байқадамов болса ежелден жалғыз дауыспен айтылып келген халық
әуендеріне айрықша реңк беріп, гармония, жүйесін, полифония әдісін, өзіндік
үндестіктегі құрылысын тауып, көп дауысты хор шығармаларының деңгейіне
көтеріп, профессионал дәрежеге жеткізуге ат салысты. Композитор халық
әндерін өңдеп хорға түсіреді негізгі әуенді сақтай отырып, өн мәдениетін
шыңына жеткізеді. Сөйтіп, творчестволық сәтті сапар басталып, жеке дауысты
халық әндері көп дауысты хорға ұласты. Тойбазар, Майра, 16 қыз,
Кербез сұлу, Ахау-Семей, Айт келін, Жариям-айдай, Құдаша, Жар-
жар біздің жаңаша өн-хорлары осылай шықты.
Бұл ендер формасы мен құрылысы, мазмұны мен стилі жағынан өр түрлі.
Бірі байсалды да терең сезімді, лирикалы. Екіншісі - жайдары көңілді де,
үшіншісі - жеңіл екпінді, қызықты, әрі күлдіргі ән және т.б.
Жар-жар біздің жаңаша атты әнін алатын болсақ, халықтыр дәстүрлі
үйлену тойында айтылатын Жар-жар әніне жаңаша үндестік тауып, идеялық
мазмұнын өзгертіп алған.
Мұндай көріністі Бақытжанның қазақ күйлерін коп дауысты хорға өңдеп
түсіруінен де көруге болады.
Оны композитордың Ақбай, Шалқыма, Келіншек, Ақсақ құлан, Айжан
қыз, Құдаша секілді күй хорларынан айқын байқаймыз. Осының ішіндегі
акапелла хорына арнап өңдеген Шалқыма, Айжан қыз, Құдаша, Ақбай,
Би күйлері-нің ұлттық ерекшелігі сезімталдықпен қабылданып, көркемдік
қсиеттері айқындай, оркестр арқылы ажарландырыла түскен. Дауыста айтылатын
мотиві аспапта ойнайтын әуеннен әндеқайда мәнерлі, әрі өуезді келеді.
Бақытжан Домалатпай, Саранжап, Қос алқаны өңдеп сюиталарының
желісін құруы және пайдалануы да ұлттық өнеріміздің бай қазнасын ашып
берді.
Бақытжан бойындағы осындай табиғи дарындылығын күй хорларының мазмұн-
мақамдарынан, оларға және композитордың жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру әдістемесін жасау
«Қазақ халық музыкасы арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру»
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Мектепалды топ балаларын музыкалық шығармалармен таныстыру
Мектептегі музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛЫҚ ТОП БАЛАЛАРЫН ХАЛЫҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ АРҚЫЛЫ ҰЛТЖАНДЫЛЫҚҚА ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балабақшадағы балалардың музыкасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың музыкалық аспаптарда ойнауы
Қоршаған ортамен таныстыруда мектепалды даярлық топ балаларына экологиялық тәрбие беру
Мектепке дейінгі педагогика ғылымының ерекшелігі
Пәндер