Кенесары Қасымұлы өмірі



1 Балалық шағы
2 Кенесары туралы ақын.жазушылар шығармалары
3 Көтеріліс
4 Ақ киізге көтерлуі
5 Хандықтың құлдырауы
6 Пайдаланған әдебиет
Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың қалмақ қоңтайшысы Қалдан Сереннің қызынан дүниеге келген баласы Қасым сұлтанның бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек, Ағатай, Бопай), екінші әйелінен Наурызбай туған. Кенесары өзге бауырлары секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді болып тәрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік қабілетін айналасына ерте мойындатқан.
Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында Петр І билігі кезеңінен басталған Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қатынастар сипатымен тығыз байланыста болды. Ресей империясы өзіне шекаралас жатқан Қазақ хандығын, күллі Азия елдері мен жерлеріне бастар қақпа деп есептегендіктен, оны Ресейге қосып алу қажеттігіне ерекше мән берген-ді. Қазақ хандығы аумағын империяға күштеп қосу оның отарлануымен қатар жүрді. Ресей отаршылдығының ерекшелігі – «орыс солдатының соңынан орыс мұжығы ілесіп отыратындығында, сөйтіп, жаулап алған жерін орыс жеріне айналдырып жіберуге тырысатынында» (М.Шоқай) еді. Атасы Абылай хан заманынан бері үдей түскен бұл процесс жас сұлтан К. санасына ұлт тәуелсіздігіне төнген қауіпті терең түйсінтті. Патша үкіметінің 1822 жылғы «Сібір қазақтары туралы Жарғысы» қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жойып, қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеді. Сол мақсатта қазақ даласына орыс шаруалары ағылып келіп қоныстана бастады. Абылай ханнан кейін орнына билікке келген Уәли хан (1781 – 1821) патша әкімшілігінің Көкшетау алқабында қала құрылысын бастауына келісім берді.
1 Тарихи тұлғалар. Танымдық – көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN: 978-601-01-0268-2

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Кенесары Қасымұлы (1802, Көкшетау өңірі – 1847, Қырғызстан, Жетіжал
жотасының оңтүстік алабындағы Кекілік-Сеңгір аңғары) – мемлекет қайраткері,
әскери қолбасшы, қазақ халқының 1837 – 1947 жылдардағы ұлт-азаттық
қозғалысының көсемі, Қазақ хандығының соңғы ханы (1841 – 1947). Кенесары
Шыңғыс ханның 27-ұрпағы, Абылай ханның немересі.
Жоспар
1 Балалық шағы
2 Кенесары туралы ақын-жазушылар шығармалары
3 Көтеріліс
4 Ақ киізге көтерлуі
5 Хандықтың құлдырауы
6 Пайдаланған әдебиет
7 Сілтемелер

Балалық шағы

Ордасын Көкшетауға тіккен Абылай ханның отыз ұлы болған. Абылайдың қалмақ
қоңтайшысы Қалдан Сереннің қызынан дүниеге келген баласы Қасым сұлтанның
бәйбішесі Айкүмістен Кенесары (алты ағайынды – Саржан, Есенгелді, Көшек,
Ағатай, Бопай), екінші әйелінен Наурызбай туған. Кенесары өзге бауырлары
секілді көшпелі әскери ақсүйектер қауымының дәстүріне сай жастайынан
шабандоз, ұшы-қиырсыз даланың қатал табиғатына шыныққан, қиындыққа төзімді
болып тәрбиеленеді. Жеке басының ерлік қасиеттері, бірбеттігі, алға қойған
мақсатына жету жолындағы қайсарлығы мен дүлей күш-жігері оның жетекшілік
қабілетін айналасына ерте мойындатқан.

Кенесарының саяси көзқарасының қалыптасуы Ресей империясында Петр І
билігі кезеңінен басталған Ресей мен Қазақ хандығы арасындағы қатынастар
сипатымен тығыз байланыста болды. Ресей империясы өзіне шекаралас жатқан
Қазақ хандығын, күллі Азия елдері мен жерлеріне бастар қақпа деп
есептегендіктен, оны Ресейге қосып алу қажеттігіне ерекше мән берген-ді.
Қазақ хандығы аумағын империяға күштеп қосу оның отарлануымен қатар жүрді.
Ресей отаршылдығының ерекшелігі – орыс солдатының соңынан орыс мұжығы
ілесіп отыратындығында, сөйтіп, жаулап алған жерін орыс жеріне айналдырып
жіберуге тырысатынында (М.Шоқай) еді. Атасы Абылай хан заманынан бері үдей
түскен бұл процесс жас сұлтан К. санасына ұлт тәуелсіздігіне төнген қауіпті
терең түйсінтті. Патша үкіметінің 1822 жылғы Сібір қазақтары туралы
Жарғысы қалыптасқан хандық құрылымды, дәстүрлі билік үлгілерін жойып,
қазақ елін жалпыресейлік басқару жүйесіне сіңістіріп жіберуді көздеді. Сол
мақсатта қазақ даласына орыс шаруалары ағылып келіп қоныстана бастады.
Абылай ханнан кейін орнына билікке келген Уәли хан (1781 – 1821) патша
әкімшілігінің Көкшетау алқабында қала құрылысын бастауына келісім берді.
Уәли өлгеннен кейін хан сайланған баласы Ғұбайдолланы Ресей үкіметі
бекітпей тастады және орта жүзде хандық билікті жойды. Қарсылық көрсеткен
Ғұбайдолланы тұтқындап, Сібірге жер аударды. Осыған байланысты К. Ресей мен
Абылай хан арасында жасалған жазбаша келісімшарттың бұзылғанына наразылық
білдірді. Оның: Алла қостаса, қазақтардың басын біріктіреміз де, қайтадан
Абылай хан тұсындағыдай дәрежеге жетеміз деген пікірі әкесі Қасым
сұлтанның, бауырларының, көптеген қазақ батырларының тарапынан қолдау
тапты. Олар Ресейге қарсы Қоқан ханымен одақтаса отырып күреспек болған
еді, бірақ үміттері ақталмады. Керісінше, 1836 ж. Қоқан билеушісінің
нұсқауымен К-ның бауыры Саржан өлтіріледі. 1840 ж. әкесі Қасым төре қаза
тапты. К. Абылай хан тұсындағы Қазақ хандығының аумақтық тұтастығын қалпына
келтіруді, Ресей құрамына кірмеген аймақтардың тәуелсіздігін сақтауды
көздеді. Отаршылдарға қарсы соғысты бастамас бұрын К. бірнеше рет
дипломатиялық қадамдар жасап: Николай І патшаға, Орынбор ген.-
губернаторлары В.А. Перовскийге, В.А. Обручевке, Сібір ген.-губернаторы
П.Д. Горчаковқа хат жолдады. Ақылды саясатшы және әскери қолбасшы ретінде
К. жаудың мықты қарулы күші бар екендігін жақсы түсінді, сол себепті
соғысқа мұқият даярланды. Бұл оның қазақтың үш жүзін бір мақсат жолына
біріктіру саясатынан, қару-жарақ соғуды, соның ішінде зеңбірек құюды жүзеге
асыру үшін орыс және өзге ел шеберлерін тартуынан көрінеді. К-ның қол
астына 20 мыңға жуық сарбаз жиналды. Оның ішінде Орта жүз руларынан басқа,
Кіші жүздің шекті, тама, табын, алшын, шөмекей, жаппас, жағалбайлы, т.б.
руларының, Ұлы жүздің үйсін, дулат, т.б. руларының сарбаздары болды. К-ның
жауға қарсы жорығында Ағыбай, Иман, Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке,
Сұраншы, Байсейіт, Жоламан, Бұқарбай, Мыңжасар, т.б. батырлар аянбай
шайқасты. Әскери қимылдар 1838 ж. Ақмола, Ақтау қамалдарына шабуыл жасаудан
басталды. Көтерілісшілер қамалдарды өртеп жіберді. К. соғыс ауқымын Торғай
арқылы Кіші жүз жеріне қарай кеңейтті. 1841 ж. қыркүйекте К. үш жүздің
өкілдері жиынында қазақ хал¬қының ханы болып сайланды. Осы жылы К-ның
әскері Қоқан хандығының иелігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт қамалдарын
алды. 1843 ж. Ресей үкіметі К-ға қарсы кең көлемді әскери жорық
ұйымдастырды. К-ның әскері Ресей армиясы мен Ресей жағында күресуші қазақ
сұлтандарын бірнеше рет ойсырата жеңді. Алайда әскери қуаты әлдеқайда басым
жау К. сарбаздарын Жетісуға шегінуге мәжбүр етті. Азаттық үшін шайқаста К.
қырғыз манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Алайда патша әкімдерімен
құпия байланыста болған манаптар оған мойынсұнбады. К. бағынудан бас
тартқан қырғыздарға шабуыл жасады. Өз жақтастары ішіндегі опасыздық
салдарынан К. мен інісі Наурызбай дұшпандарының қолына түседі. К.
айуандықпен өлтіріледі. Жау¬лары оның басын кесіп алып, орыс әкімшілігіне
жібереді. Князь Горчаков К-ның басын Батыс Сібір бас басқармасындағы
Кенесары бүлігі туралы іске қосып сақтауға бұйрық береді.
Кенесары туралы ақын-жазушылар шығармалары
Астана қаласындағы Кенесарының ескерткіші

К. қазақ халқының дербес мемлекеттілігін қалпына келтіру, халқын
бодандықтан құтқарып, басын біріктіру, азаттық пен бостандыққа қол
жеткізіп, тәуелсіз ел ету мұратын көздеген сұңғыла саясатшы, қайраткер, ірі
мәмілегер, дарынды әскери қолбасшы ретінде ел есінде қалды. К-ның өмірі мен
азаттық жолындағы күресі көптеген ақын-жазушылардың шығармаларына арқау
болды. Нысанбай ақынның Кенесары – Наурызбай дастаны (19 ғ.) 1875 ж.
сұлтан Жантөриннің тәржімасымен Орыс географиялық қоғамы Орынбор
бөлімшесінің жазбаларында орыс тілінде жарияланды. 20 ғ-дың 30-жылдары
М.Әуезов Хан Кене пьесасын (сахнаға бірер қойылуынан кейін тыйым
салынған), 60-жылдары И.Есенберлин Қаһар романын жазды. Алғашқы
зерттеулер ішінде Қазақ сұлтаны Кенесары Қасымовтың бүлігі деген
тақырыппен Н.Середаның 1870 ж. Вестник Европы журналының бірнеше нөміріне
бастырған кітабының дерек көзі ретіндегі маңызы зор. 1888 ж. Ташкентте
Кенесары мен Садық деген атпен шыққан К-ның баласы сұлтан Ахмет
Кенесариннің естеліктер жинағы да құнды еңбек болып табылады. Кеңес өкіметі
тұсында К-ның күрес жолына іргелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ шаруалары
Қазақстан тарихын оқытудың ерекшеліктері, сабақтар типтері
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс
Кенесары Қасымұлы - Қазақ хандығының соңғы ханы
Кенесары Қасымұлы — ұлт-азаттық қозғалысының қолбасшысы
Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Бекмаханов ісі
Азаттық қозғалыс идеологиясының қалыптасуы мен ұлт зиялылардың қызметі
Кенесары көтерілісінің қозғаушы күштері
Кенесары Қасымұлының көтерілісі
Пәндер