Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Іс қағаздар



1 Қазақ тілі− мемлекеттік тіл
2 Өтініш
3 Арыз
4 Іс қағаздар пәнәнәң мақсаты мен міндеті
Тіл − адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымынан да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениетте, өнер де, материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіретті саяси тетік ретінде ертеден-ақ пайдаланған.
XIX ғасырдың аяғында жүргізілген санақ бойынша Қазақстанда жергілікті ұлт үлесі − 80,1 % болған. Яғни Қазақстанда ол кезде біртекті тілдік орта болған. Бұл тілдік ахуалмен Ресей билеушілері де санасуға мәжбүр болған. Қазақ даласында қызмет атқарған губернаторлар мен оның төңірегіндегілер тілмаш ұстаған. Қазақша білу қазақ даласында қызмет атқаратын патша чиновниктеріне қойылатын қатаң талаптар қатарына жатқызылған. XIX ғасырдың II жартысындағы тілдік ахуал, яғни жергілікті ұлт өкілдерінің 81,1 % болуы және біртекті тілдік ортаның болуы патша әкімшілігі үшін екі тілде (орысша, қазақша) газет шығару және сол газеттерді (“дала уәләятінің газеті” , “Түркістан уәләятінің газеті”) қаржыландырып тұру қажеттілігін туғызды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында қазақ тілі өзінің қоғамдық-әлуметтік қызметін толық атқарған. Сол жылдары қазақ даласында болған орыс ғалымы Г.Н.Потанин былай деп жазады: “Бар жерде қырғыз тілін ғана естисіз − жол шетінде жантайып, әңгіме соғып жатқан қазақтар да, стансада өткінші шенеуніктің ат-арбасының маңында әбігерге түскен ат айдаушылар да сол тілде сөйлейді. Кейде, тіпті сотта да солай. Мұндағы қазақтар арасында қырғыздармен орысша емес, қазақша сөйлесіп, тез тіл табысатын адамдар жеткілікті”.
Граф Толстой өзінің 1876 ж. 4 желтоқсанда патшаның атына жазған мәлімдемесінде патшадан біріншіден, әкімшілік орындарының қазақтарға қатысты іс қағаздарының баршасын орыс графикасымен қазақ тілінде жазуға, екіншіден, осымен байланысты қазақ даласындағы татар тілмаштарын бара-бара қазақтармен ауыстыруға жарлық етуін сұрайды.

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ тілі - мемлекеттік тіл
Тіл − адам баласының ғана емес, ұлттың, халықтың, қоғамның
болмысын көрсететін құбылыс. Адамзаттық құндылықтар қатарында тіл ғылымынан
да, мәдениет пен өнерден де бұрын аталады. Ғылым да, мәдениетте, өнер де,
материалдық игіліктер де, саясат та тілдің қатысуымен жасалады. Тілдің
адамның жан-дүниесіне өлшеусіз әсер ете алатын құдіретті саяси тетік
ретінде ертеден-ақ пайдаланған.
XIX ғасырдың аяғында жүргізілген санақ бойынша Қазақстанда
жергілікті ұлт үлесі − 80,1 % болған. Яғни Қазақстанда ол кезде біртекті
тілдік орта болған. Бұл тілдік ахуалмен Ресей билеушілері де санасуға
мәжбүр болған. Қазақ даласында қызмет атқарған губернаторлар мен оның
төңірегіндегілер тілмаш ұстаған. Қазақша білу қазақ даласында қызмет
атқаратын патша чиновниктеріне қойылатын қатаң талаптар қатарына
жатқызылған. XIX ғасырдың II жартысындағы тілдік ахуал, яғни жергілікті ұлт
өкілдерінің 81,1 % болуы және біртекті тілдік ортаның болуы патша
әкімшілігі үшін екі тілде (орысша, қазақша) газет шығару және сол
газеттерді (“дала уәләятінің газеті” , “Түркістан уәләятінің газеті”)
қаржыландырып тұру қажеттілігін туғызды. XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың
басында қазақ тілі өзінің қоғамдық-әлуметтік қызметін толық атқарған. Сол
жылдары қазақ даласында болған орыс ғалымы Г.Н.Потанин былай деп жазады:
“Бар жерде қырғыз тілін ғана естисіз − жол шетінде жантайып, әңгіме соғып
жатқан қазақтар да, стансада өткінші шенеуніктің ат-арбасының маңында
әбігерге түскен ат айдаушылар да сол тілде сөйлейді. Кейде, тіпті сотта да
солай. Мұндағы қазақтар арасында қырғыздармен орысша емес, қазақша
сөйлесіп, тез тіл табысатын адамдар жеткілікті”.
Граф Толстой өзінің 1876 ж. 4 желтоқсанда патшаның атына жазған
мәлімдемесінде патшадан біріншіден, әкімшілік орындарының қазақтарға
қатысты іс қағаздарының баршасын орыс графикасымен қазақ тілінде жазуға,
екіншіден, осымен байланысты қазақ даласындағы татар тілмаштарын бара-бара
қазақтармен ауыстыруға жарлық етуін сұрайды.
Ал әскери министр А.Ф.Редигерге жазылған хатта (1905 жыдғы 28
көкек) отарлау әкімшілігінің басшысы байырғы тұрғындар тілін оқып-үйренуге
мүмкіндік беретін нақты шаралар ұсынады: “әкімшіліктің барлық лауазымды
қызметкерлері, уезд басшылығына дейін жергілікті тілді білуі керек; тіл
білу деңгейі − аудармашыларды бақылай алатындай болуы керек; тілді білу
деңгейін одан әрі көтеріп, жетік үйрену үшін әкімшіліктің лауазымды
қызметкерлеріне тағы бір жыл қосып беріледі; бұл талап орындалмаған
жағдайда лауазым иелері далалық аймақта қызмет бабында көтеру тоқтатылсын,
тіпті оларды іске жарамсыз деп “қызметінен босатуға дейін бару керек”
делінген.
Бірақ 1920 жылдардан кейін қазақ тіліне деген көзқарас әр кезеңде
әр түрлі болды. Қазақ тіліне мемлекеттік дәреже беру туралы мәселе кеңес
өкіметі жылдарында бірнеше рет көтерілді. 1920 жылы ҚазақАССР-і
кеңестерінің бірінші құрылтай съезінде республикадағы әр ұлт барлық
мекемелер мен мектептерде ана тілін қолдануда тең құқылы деген шешім
қабылданды. 1924 жылы қабылданған Қазақстанның бірінші Конституциясы
бойынша қазақ және орыс тілдері республика мемлекеттік тіл болып танылды.
1938 және 1978 жылдары қабылданған Қазақстан Конституцияларында мемлекеттік
тіл жайында ашып еш нәрсе айтылмаған. 1989 жылы қабылданған ҚазақССР-інің
Тіл туралы заңында, одан кейін Қазақстан Республикасының 1993 және 1995
жылдарда қабылданған жаңа Конституциясында қазақ тілі − Қазақстан
Республикасының мемлекеттік тілі болып бекітілді. Тіл заңында қазақ тілі
мемлекеттік қамқорлыққа алынатынын атап көрсетілді.
1920 және одан кейінгі кезеңде қазақ тіліне деген көзқарас төменде
екі топқа топталып беріліп отырған әр кезеңде қабылданған құжаттардан да
анық байқалады. Құжаттардың бірінші тобы: 1919 жылы 26 желтоқсанда
В.И.Лениннің қолымен Халық комиссарлар советі еңбекші бұқараның
сауатсыздығын жою туралы шаралар белгіледі. Бұл қаулыда бұрынғы бұратана,
езілген ұлттар үшін олардың өз ана тілінде мектептер ашу, кеңсе жұмыстарын
өз ана тілінде жүргізу, газет-журнал, кітаптарды өз ана тілінде шығару
шараларына көңіл өлінген.
Қазақ АКСР Халық комиссарлар комитетінің 1921 жылы 2 ақпанда жарық
көрген “Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ және орыс тілдерін
қолдану туралы” декреті.

Іс қағаздар пәнінің мақсаты. Іс қағаздар пәнінің міндеті
Қазақ тілінің мемлекеттік тілретінде қызмет етуінің алғы
шарттарының бірі − оның қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет етуі
және соған орай іс қағаздарының қазақша жүргізілуі. Іс қағаздарының, ресми
құжаттардың тілі бір жүйеге түспей, стильдік жағынан қалыптаспай,
мемлекеттік ресми құжаттардың барлығы алдымен қазақ тілінде жазылмай,
барлық құрылымдағы іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілмей қазақ тілінің
қолданыс аясы, қызмет қарымы өрісін кеңейте алмайды.
Іс қағаздары қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарының
саяси, тарихи, құқықтық, эканомикалық маңызы өте зор. Мемлекет, республика,
қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттың
табылмас қайнар көзі бола алады. Құжаттар фактілері, оқиғаларды, қоғам
өмірінің құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.
Іс қағаздары − басқару қызметіндегі негізгі бір сала. Ұйымдар мен
мекемелердің, кәсіпорындардың қызмет етуі барысында шығарған түрлі
шешімдер, басқару істері, атқарған қызметі іс қағаздарының айқын көрінеді.
Сондықтар халық шаруашылығын басқаруды жетілдіру, оны ұйымдастыру деңгейін
көтеру онда құжаттармен жұмыс істеудің қаншалықты ғылыми негізделгеніне
тікелей байланысты. Іс қағаздарын жүргізу − басқару процесінің ажырамас
өлігінің бірі болып табылады. Мекемелер арасындағы ақпарат алмасу хат,
жеделхат, телефонхат сияқты құжаттар арқылы іске асады. Үкіметтің басқару
істері жарғы, қаулы, нұсқау, ереже, бұйрық сияқты құжаттар арқылы
жүргізіледі. Іс қағаздарын жүргізу − мекеме жұмысының нақты құжаттарымен,
деректермен реттелген, дәйектелген жүйесі.
Құжаттау дегеніміз кез келген мекеменің қызметін, әрекетін
көрсететін құжаттарды жасау, толтыру. Бұған дайын құжаттармен жұмыс та,
мекеме ішінде дайындалған құжаттармен жұмыс та, сырттан келген құжаттармен
жұмыс та, сондай-ақ қабылдау, тіркеу, ол бойынша жұмыс істеу, орындалуын
бақылау, құжаттарды қолдануға дайындау, архивке дайындау сияқты толып
жатқан жұмыстар кіреді.
Адам өмірі де құжаттармен тікелей байланысты. Адам дүниеге
келгенде оған алғашқы құжат − тууы туралы куәлік Жазылады. 16 жасқа
келгенде басын растайтын құжат − жеке куәлік болады. Мектепті бітіргендігі
− орта білімтуралы аттестатпен расталады. Жоғарғы оқу орнына түсу үшін
түрлі үлгідегі іс қағаздарын жазады. Жоғарғы оқу орнын бітірген шақта
диплом беріледі. Жұмысқа орналасу барысында да өтініш, түйіндеме, жеке іс
парағы т.б. іс қағаздарын жазады. Ал еңбек жолын бастағандығы еңбек
кітапшасына жазылады. Өмірдің түрлі жағдайында сенімхат, қолхат жазуға,
еңбек келісімін жасауға, өмірбаян мен мінездеме жасауға, жеделхат,
телефонхат, факс жіберуге тура келеді.
Іс қағаздарын қазақша жүргізу − пән ретінде жоғары және орта
дәрежелі арнаулы оқу орындарында оқытыла бастады. Бұл пәннің міндеті:
Іс қағаздарын қазақша жүргізудің мемлекеттік құндылығын, әлуметтік
маңыздылығын, оның қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің
алғы шарттарының бірі екендігін ұғындыру.
Іс қағаздарын жүргізудің дербес ғылым екендігін таныту.
Іс қағаздарын жүргізудің тарих, саясаттану, аръхив ісі, тіл
білімі, педагогика сияқты ғылым салаларымен байланысын көрсету.
Мемлекетіміздің арқа сүйер болашақ мамандық иелерін іс қағаздарын
толтырудың мемлекеттік стандарттары мен толтыру әдістері, жазылу стилі,
қызметі, мақсаты сияқты білім негіздерімен қаруландырып, қазақ тілінің
қоғам дамуындағы рөлінің күшеюіне олардың өз септігінің тигізуін қамтамасыз
ету.
Іс қағаздарының түрлері, оларға қойылатын талаптар, олардың
безендірілуі, лексикасы сияқты ерекшеліктерімен таныстыру.
Оқулық “Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы”, “Іс қағаздары” және “Іс
қағаздарының екі тілде жүргізу” деген үш өлімнен тұрады. Қазақ даласында
XX ғасырдан бұрын қазақша жазылған іс қағаздары болған ба, олардың тілдік
ерекшелігі, жазылу мақсаты, стилі қандай болған деген мәселелерге ткркңірек
үңілу бірінші өлімде XVIII ғасырдан бастап қазіргі кезеңге дейінгі іс
қағаздарына тоқталдық. Қазақдаласындағы қоғамдық, саяси-әлуметтік
жағдайларға, сол кездегі қазақ тілін, қазақ ресми іс қағаздар тілін
сипаттайтын нұсқаларға, ресми іс қағаздар стилінің ерекшеліктеріне
байланысты, тақырыптарды кезең-кезеңге өліп қарастырайық. Олар “XVIII
ғасырда қазақ даласында қолданылған ресми іс қағаздарының тілі” “XIX
ғасырдың бірінші жарытысындағы ресми іс қағаздар тілі”, “XIX ғасырдың
екінші жарытысындағы ресми іс қағаздар”, “XIX ғасырдың II жарытысындағы
әкімшілік орындарының бұйрық-жарлықтары”, “XIX ғасырдың II жарытысында
жазылған қазақша заң жинақтары мен ережелер”, “XIX ғасырдың II
жарытысындағы эпистолялық стиль материалдары”. XVIII және XIX ғасырларға
байланысты тақырыптарда студенттерді сол кезеңдегі ресми іс қағаздары
қандай нұсқада болған, оларды кімдер жазған, мақсаты қандай болған, тілдік
ерекшелігі қандай деген мәселелермен таныстыру мақсатында тарихи дерек,
тілдік материал ретінде сол кезеңдегі іс қағаздарының кейбірінің тізімі мен
оқулық көлемінің көтеруіне қарай “Қазақстан тарихының хрестоматиясынан”
алынған жекелеген құжаттар беріліп отырады. Құжат толық берілмеген жағдайда
текістің тасталып кеткен өлігі көп нүктемен белгіленеді. Құжатты жақсырақ
түсіну үшін қажет, бірақ түпнұсқада жоқ сөздер тік жақшаға алынған.
Құжаттар сол кезде қолданылған ерекше кеңсе тілімен жазылған. Құжат
түпнүсқасындағы шағатай, татар тілінің әсерінен болған тілдік ауытқулар,
грамматикалық ерекшеліктер т.б. қазіргі қазақ оқырманына түсініксіз тілдік
құбылыстар қазіргі қазақ тілінің нормасына икемделіп, тыныс белгілері
қойылып, түсінікті етіп берілген.

Арыз және өтініш
Фрыз немесе өтініш − ұйым басшысының, лауазымы жағынан жоғары
тұрған адамның атына белгілі бір ақпаратты, өтінішті, мәліметті жеткізу
мақсатында жазылатын іс қағазының бір түрі. Арыз көлемі жағынан шағын
болады 1-3бет немесе 500-5000 белгі аралығында.
Арыз көбінесе жеке адам атынан жазылады. Іс жүзінде қойылған
мәселе бірден бірнеше адамның немесе, үлкен ұжымның мүддесін көздейтін
ұжымдық (коллективтік) арыз түрлері де кездеседі. Арыз белгілі бір себеппен
ғана жазылады. Әдетте онда бір ғана мәселе көтеріледі. Арыз онда айтылған
мәселені шешуге құқы бар адам атына жазады.
Арыздың бірнеше түрі бар. Олар: өтініш түрінде жазылатын арыз,
шағым түрінде жазылатын арыз, түсініктеме түрінде жазылатын арыз,
констатация түрінде жазылатын арыз. Бұлардың әрқайсысы ондаған мотивте
жазылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілі - қазақ тілінің ұлттық тілі
XIX ғасырдағы іс-қағаздарының қалыптасуы
Қазақ филологиясы және әлем тілдері факультеті
Қазақ ресми-іс қағаздар стилінің тілі және дамуы
Ресми іс қағаздар тілі – қазақ әдеби тілінің бір тармағы
Іс қағаздарының қоғамда алатын орны
ХVІІІ ғасырлардағы қазақ далаларында қолданған ресми іс қағаздар тілі
Қазақ тілі – ресми іс қағаздар жүргізу ісінде
XVIII ғасырлардағы қазақ ресми
Құжаттарды мемлекеттік тілде ұйымдастыру және жүргізу ұйымдастыру
Пәндер