Қауіпсіздік туралы жалпы түсінік


Мазмұны
Кіріспе
I. Қауіпсіздік туралы жалпы түсінік.
1. 1. Қауіп- қауіпсіздіктің қайнар көзі.
1. 2. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің принциптері, әдістері және құралдары.
II. Солтүстік Еуропа елдеріндегі кәсіпкерлік істің қауіпсіздігі.
2. 1 Финляндия мемлекетінің қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ерекшеліктері.
2. 2. Швеция мен Дания елдерінің қауіпсіздікті жүзеге асыру ерекшеліктері.
2. 3. Норвегия мемлекетінің қауіпсіздікті сақтау шаралары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қазіргі нарықтық жағдайда кәсіпкерлік қызметтің қауіпсіздігіне көп көңіл бөлінуде. Өйткені кәсіпкерлік қызметтің экономиканы дамытудағы рөлі айтарлықтай ерекше. Сондықтан, кәсіпкерлік істегі бір құпия немесе қатаң сақталатын мәліметтің басқа шетелдік фирмалардың қолына түсті дегеніміз, ол елдің экономикасына қауіп төнді деген сөз. Мысалы, бір отандық кәсіпорынның бәсеке қаблеттілікті арттыруға байланысты жасалған стратегиялық жобасының басқа фирманың қолына түссе немесе ол жоба жүзеге асырылмай жатып жария болса, онда бұл сол кәсіпорынның арықарай дамуына кедергі келтірді дегенді білдіреді. Сол себептен қазіргі ірі кәсіпкерлер өздерінің жеке қауіпсіздік қызметін құруда.
Жалпы, бұл жұмыста қауіпсіздіктің экономикалық мәні, оның принциптері және Солтүстік Еуропа елдеріндегі қауіпсіздікті сақтау ерекшеліктері қарастырылуда.
I. Қауіпсіздік туралы жалпы түсінік.
1. 1. Қауіп- қауіпсіздіктің қайнар көзі.
Қауіп - бұл адам денсаулығына белгілі бір жағдайларда тікелей немесе жанама зиянын тигізетін объект, процесс, құбылыс т. б.
Қауіп өзінде энергиясы, химиялық қоспасы немесе биологиялық активті қоспалары бар барлық жүйені өзінде қамтиды.
Қауіптің бірнеше жіктеу түрлері бар:
- Табиғаттан пайда болуы бойынша:табиғи; техникалық; антропогендік; экологиялық; аралас;
- Локализация бойынша:литосферамен байланысты; гидросферамен байланысты; атмосферамен байланысты; космоспен байланысты;
- Пайда болатын нәтижелері бойынша:аурудың жұғуы; жарақат;
Ресми стандартқа сәйкес қауіп физикалық, химиялық, биологиялық және психофизикалық болып бөлінеді.
Физикалық қауіп - бұл жұмыс күшінің алаңындағы ауаның ластануынан, дыбыс деңгейінің жоғарлауы, дыбыстық толқулар және т. б.
Химиялық қауіп - егер кәсіпкер химиялық химиялық заттармен жұмыс істеген жағдайда, оған жалпы токсикалық, тітіркендіргіш, мутагендік және т. б. қауіп түсуі мүмкін.
Биологиялық қауіп - потогенді микроорганизмдер (вирус) және кез-келген адамның тамағындағы микроорганизмдер.
Психофизикалық қауіп - кәсіпкер немесе кез-келген жұмысшы өзінің жұмыс уақытысында физикалық және нервті-психикалық ауыртпалыққа келсе, онда ол осы қауіпке ұшырауы мүмкін.
Бұл көрсетілген жіктеулер жеке сипатқа ие, өйткені ол тек бір белгі бойынша ғана жіктеледі. Сондықтан, жалпылама түрде келесі жіктеулер ұсынылады.
Әсер ету объектісі, уақыты мен кеңістігі бойынша барлық қауіптерді (қауіптің пайдаболуына септігін тигізетін факторлар) үш топқа бөлуге болады:
1-фактор, операторға тікелей әсер етеді, оның әсер ету деңгейі уақыт бойынша жиналуы немесе релаксиралануы мүмкін.
2-фактор, кездейсоқ сипатты иеленетін көп әсерлі қауіп, оның әсері оператор немесе локамизді ноксосферамен таралуы мүмкін.
3-фактор, экологиялық зиян, ол оператордан, өндірістен тыс пайда болады, бірақ сол өндірістегі нақты технологиялық процестерді өткізуден пайда болатын қауіп.
Мұндай жіктеу нақты өндірісті талдау кезінде ыңғайлы болып табылады, яғни ол өндірістің техникалық дайындығының алғашқы немесе бастапқы кезеңінің өзінде-ақ қауіптің жобалауға және оның мүмкіндігін бағалауға көмектеседі.
Енді осындай қауіптерден қорғанудың шаралары, яғни қауіпсіздікті қамтамасыз етудің принциптеріне және оның жалпы түсінігіне тоқталайық.
1. 2. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің принциптері, әдістері және құралдары.
Қауіпсіздіктің жалпы теориялық құрылымында принциптер мен әдістер маңызды рөлді ойнайды қарастырылып отырылған білім шеңберімен байланысты толық көріністі береді.
Принциптер, әдістер, құралдар - бұл қауіпсіздікті қамтамасыз етудің логикалық кезеңі. Оларды таңдау қызметтің, қауіп деңгейінің, оның құнының және басқа да критерийлердің нақты жағдайына байланысты.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің көптеген принциптер бар. Оларды бірнеше белгілері бойынша жіктеуге болады. Мысалы, олар әзірленушілік, техникалық, ұйымдық, басқарушылық болып табылады.
Әзірленушілік оператордың белсенділігі, қызметтің гуманизациясы, оператордың ауысуы, жіктелуі, қауіпті жою, жүйелік, қауіпті төмендету болып табылады.
Техникалыққа келесілер жатады: жабу немесе тосқауыл қою, вакуумдау, герметизациялау, қашықтықта қорғау, компрессиялау, беріктік, әлсіз звено, флегматизация, экронирлеу.
Ұйымдыққа жататындар: уақытты ақпарат қорғау, резервтеу, мөлшерлеу, кадрларды дайындау және т. б.
Басқарушылыққа адекваттық, бақылау, кері байланыс, жауапкершілік, жоспаршылық, ынталандыру, басқару, тиімділік жатады.
Енді кейбір принциптерді толығырақ қарастырайық. Мөлшерлеу принципі негізінен адамды сәйкес келетін қауіптен қорғауды қамтамасыз ететін параметрлерді бекітуге негізделеді. Мысалы, ауырды көтеру мен тасымалдау мөлшері, еңбек қызметінің ұзақтығы және тағы басқалар.
Әлсіз звено принципі қарастырылатын жүйенің немесе объектінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сәйкес параметрлердің өзгерісіне әсер ету арқылы қаіуп құбылысын жоюға бағытталған элементтер тізбесін енгізуге негізделеді. Осы принципті өткізу мысалы: алдын-ала қорғаушы (предохранительные) клапандар, жарылғыш мембраналар, алдын-ала қорғау құралдары және т. б.
Ақпарат принципі негізінен персоналдық мәліметті ұғынудан және оны алмастыруға негізделеді, яғни оны орындау арқылы олар қауіпсіздіктің сәйкес деңгейін қамтамасыз етеді.
Жіктеу принципі объектіні қауіппен байланысты белгілері бойынша кластарға және категорияларға бөлуден тұрады. Мысалы, санитарлы қорғалған аймақтар (5 класс), жарылғыш-өрт қаупі бойынша өндіріс категориясы (А. Б. В. Т) және т. б.
Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің әдістерін анықтау үшін келесі сөздерге анықтама беріп өтейік:
Ноксосфера - әрдайым немесе кезеңге байланысты қауіптің пайда болатын кеңістігі.
Гомосфера - қарастырылып жатқан қызмет процесі барысында адамның болған кеңістігі (жұмыс аймағы) .
Қауіп мүмкіндігін талдау және оның нәтижесіне негізделе отырып жалпы заңнаманы шығаруға болады. Осының шеңберінде қауіптен қорғалатын жалпы үш әдіс құрастырылған:
- Гомосфераның және ноксосфераның кеңістік немесе уақытша бөлінуі. Бұған дистанционды басқару құралы, арнайы ұйымдар, автоматтандыру және т. б. арқылы жетеді.
- Қауіптің сандық сипатын төмендету немесе жою арқылы ноксосфераны қалпына келтіру. Бұл адамды дыбыстан, газдан, шаң-тозаңнан және басқа да ұжымдық қорғаныш құралдарының жиынтығы.
- Адамның ноксосфера жағдайына бейімделуі және оның қорғаныштығының жоғарлауы. Бұл әдіс іскелі таңдау, үйрету, психологиялық әсер ету, жеке қорғаныс заттарын қолдану мүмкіндіктерімен өткізіледі.
Нақты жағдайда барлық үш фактордың комбинациясы да өткізіледі.
Қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы ұжымдық (ҰҚҚ) және жеке қорғаныш (ЖҚҚ) құралы болып бөлінеді. Ал бұл ұжымдық және жеке қорғаныш құралдары өз алдарына қауіп сипатына, оны атқару, қолдану шеңберіне және т. б. байланысты арнайы топтарға бөлінеді.
II. Солтүстік Еуропа елдеріндегі кәсіпкерлік істің қауіпсіздігі.
2. 1 Финляндия мемлекетінің қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ерекшеліктері.
Өзінің географиялық жағдайына, дәстүріне, өзара жақын тілдік қатынастың болуына және заң нормаларының жақындығына қарамастан, Солтүстік Еуропа мемлекеттерінің арасында кәсіпкерлік істің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша біршама айырмашылықтар бар екен. Енді осы айырмашылықтарды қарап, талдау жүргізу үшін, біз мұнда Финляндия, Швеция мен Данияны және Норвегия мемлекеттерін мысал ретінде қарастырамыз.
Финляндия мемлекеті:
Жеке күзет және іздеу бюросы.
Нормативтік база. Финляндияда заң органдарының билігі жеке күзет және іздеу бюросының қызметі үшін нақты құқықтық шекарамен анықталған. Бұл келесі екі негізгі заңнамалық актілерде сипатталды: Жеке іздеу туралы заң және жеке оққағарлар туралы заң.
Жеке іздеу-күзет бюросын ашу үшін арнайы атқарушы билік органдарының рұқсаты қажет. Егерде бюро қызметін бір губернияның (облыс) әкімшілік шекарасы төңірегінде жүргізу мәселесі қарастырылса, онда оған губернатор (облыс әкімі) рұқсат береді.
Егер бюроның ашылған сәтінен бастап ол күзет-іздеу жиынын бір уақытта бірнеше әкімшілік орталықтарда (облыстарда) жүргізу жоспарланса, онда бюроның ашылуына мемлекеттің орталық атқарушы органы - Финляндия Үкіметі рұқсат береді.
. Кадрларды, маманды дайындау. Жүргізіліп жатқан Финляндияның заңнамасында жеке күзет-іздеу бюросының қызметкерлеріне жалпы талаптарда белгіленген, онда олар келесілерге иеленулері керек:
- Полициялық немесе заң білімі;
- Жергілікті спецслужбаларда немесе полицияда жұмыс істеу тәжірибесі;
- Жоғары моральдік сапасы;
Осы барлық талаптар денсаулық сақтау және білім бойынша құжат кандидатымен, мемлекеттік құқық қорғау органына соңғы жұмыс орны туралы анықтама секілді құжаттамалармен дәлелденуі керек.
Сонымен қатар, жоғарыда аталып өткендей, кадрлар бөлімі барлық қажетті құжаттарды алғаннан және оларды жақсылап тексергеннен кейін ғана жұмысына кірісе алады.
Қауіпсіздіктің коммерциялық және өнеркәсіптік қызметі. Банктер мен жеке фирмадағы ғылыми-техникалық және коммерциялық құпияның сақталу қауіпсіздігі бойынша шараларды Финляндияда жеке қауіпсіздік қызметі қамтамасыз етеді, олар соңғы жылдары полицияның және елдің контрбақылаудың алғашқы қызметкерлерінен тұратын жоғары маманды кадрлармен бекітілген.
Қызмет тактикасы . Финляндия үшін полиция мен контр бақылау органдарының жеке қауіпсіздік қызметімен жоғары деңгейдегі байланысы сай келеді. Мысалы, жеке кәсіпкерлердің шеңбері үшін полиция мен контр бақылау органдарының дайындаған сілтемесіне сәйкес, Финляндияның іскер адамдары немесе кәсіпкерлері шетелдік коммерциялық және басқа да өкілдермен бірінші рет кездескеннен кейін-ақ келесілерге міндетті болды:
- Әңгіменің сипаты туралы хабар етуге;
- Әңгіменің, кездесудің немесе жазбаша сұраудың негізі (инициаторы) кім болғанын көрсетуге;
- Шетел өкілдігінің жүріс-тұрысын сипаттауға;
- Ұйымдасқан кездесу кезінде шетел өкілдігінің міндеті туралы өз ойын білдіруге;
- Өз басшысына немесе кадрлық сұрақтар бойынша фирманың орынбасарына шетелдік өкілмен болған байланыстың нақты орнын және уақытын көрсетуге;
- Соңғысы, бір тәулік ішінде полиция немесе контр бақылау органдарымен байланысуы тиіс.
Жағдайды талдаудың нәтижесінде Финляндияның контр бақылау қызметкерлері байланысты тоқтату туралы не болмаса, оны жалғастыру туралы бұйрық береді, бірақ та контр бақылау органының басшылығымен жүргізіледі.
Кадрларды дайындау . «Шығыс» әкімшіліктерінде және қауіпсіздік бөлімдерінде жұмыс істейтін Финляндия кәсіпкерлері АҚШ-та сәйкес стажировканы өтуге тиісті, яғни жеке құқық қорғау секторларындағы ағылшын серіктестерінің тәжірибесімен, сонымен бірге экономикалық және техникалық секторларды қамтитын объектілердің контр бақылаушылығын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік арнайы басқармалармен, әсіресе ФБР қызметімен танысуы керек.
Соңғы жылдары Финляндияның кейбір фирмалары, кәсіпкерлері өздерінің өкілдігі немесе Ресейдің сыртқы экономикалық ұйымдарымен келісімдерді жүргізу үшін делдалдар ретінде кеңес азаматтарын жиі қолданады.
Қоғамда шетелдік серіктестермен бірлесіп жұмыс істейтін қауіпсіздік жөніндегі қызметкерлердің қызметі.
Финляндияның белсенді сай келетін мамандары қауіпсіздікті Ресей-Финляндиялық қоғаммен бірлесіп жүзеге асырады.
«Тебойл» қоғамдастықта қауіпсіздік жөніндегі сұрақтарды маманды жергілікті қызметкерлер жүргізеді, яғни олар полиция мен контр бақылау органдарымен байланысты. Бұл қызметкер Финляндиядағы ресейлік өкілдермен кез-келген байланысты өз бақылауына алуға ұмтылады. Сонымен бірге, ол Финляндия азаматтарының Ресей Федерациясымен, басқа да ТМД және Балтық жағалау елдеріне коммерциялық және басқа да келісімдерді жүргізуге шыққанда, келісімдердің мүмкіндіктеріне де ұмтылады.
Оперативті материалдарды және сәйкес мамандардың сұрауларын зерттеу негізінде біз қазіргі қауымдастықта (кәсіпкерлік қызметте) коммерциялық және өндірістік құпияны сақталуын қамтамасыз етудің әдістемесін жасадық.
Сонымен, қызметкердің жоғарыда аталған қызметіне келесідей міндеттер қосылады:
- Жергілікті фирмалар қатынасындағы кез-келген ақпаратты қауымдастықтың қызметкерлеріне беруді немесе тапсыруды бақылау;
- Сол сұраулардың себебін анықтау;
- Қауымдастықтың жергілікті қызметкерлерін кезеңдік (периодичность) туралы және шетелдік өкілдіктердің байланыстарының ерекшеліктері мен сипаттарын, сонымен қатар басқа елдердің іскер адамдарының жергілікті кәсіпкерлермен байланысын сұрақ және бақылау.
Компьютерлік бағдарламаларды құқықтық қорғаудың сұрақтары мен мәселелері.
Финляндияда 1990 жылдары компьютерлік қызметтің тез, әрі қарқынды дамығандықтан, бұл ел енді компьютерлік бағдарламаға деген авторлық құқықты қорғау мәселесін шешуге тырысты.
Компьютерлерді бағдарламалық қамтамасыз етілуін қорғау туралы заңды жетілдіруде кәсіпкерлік ұйымдардың рөлі.
Финляндияның мемлкеттік өндірістік палатасы Үкіметтің алдына компьютерлік бағдарламаларды қамтамасыз етуде авторлық құқық туралы заңның жетілдірілмей қалғаны туралы бір түрлі сұрақ қойды. Компьютерлік заңнаманың негізгі аспектілері қалыптастырылды, яғни оны бағдарлама авторы мен оны қолданушының арасындағы байланысты зерттейтін жаңа нормативтік актіні енгізу қажет. Қазіргі таңда бағдарламалық қамтамасыз етуіне иелену құқығын - өңдеуші ме, әлде қолданушы ала ма деген сұрақ, ашық, әрі шешімсіз қалуда.
2. 2. Швеция мен Дания елдерінің қауіпсіздікті жүзеге асыру ерекшеліктері.
Қауіпсіздіктің коммерциялық және өнеркәсіптік қызметі.
Солтүстік Еуропа елдерінде жергілікті құқық қорғау органдары мүддесі бар кәсіпкерлердің ұлттық бірлестігі, сонымен бірге ірі фирмалар арқылы белсенді жұмыс жасайды. Арнайы қызметтің атқарушы қызметкерлері кәсіпорында кадрлық аппаратпен және өнеркәсіп қауіпсіздігінің қызметімен бірлесіп келесілерге міндетті:
- Құпиялы құжаттар мен материалдармен жұмыс істеуге жіберілетін тұлғаларды мамандандырылған арнайы тексеруден өткізу, яғни бұл кәсіпкерлік құпияның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
- Өнеркәсіп қауіпсіздігі қызметінің қызметкерлері арасына оларға тіркелген объектінің контр бақылаушылық қамтамасыз ету тәжірибесін тарату.
Швеция мен Норвегия жеке қауіпсіздік қызметі жергілікті фирмалардың шетелдік мамандарға беретін құжатының техникалық және коммерциялық қатаң бақылау жүргізеді. Шведтік фирмалардың бірқатар қызметкерлеріне шетелдік азаматтармен кез-келген байланыстардан кейін әкімшілікке әңгіменің сипаты туралы жазбаша есеп беру міндеті мінеттемеге енгізілді. Шетелдегі жеке кәсіпкерлік ұйымдардың коммерциялық қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік және ведомстволық арнайы қызметтің функциясына кеңейтуге тенденция шығарылды, оған өздерінің жеке топтарын және қауіпсіздік қызметтің адамдарын қосу туралы нұсқау қаралды. 1990 жылдары Солтүстік Еуропа елдерінің кейбір мемлекеттік спецслужбаларына шетелде ұлттық корпорация мен кәсіпкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қызығушылығын (интерес) қорғау бойынша белгілі бір міндеттер жүктелді.
СЕПО-ның шетелдегі шведтік фирмалармен байланыс және агентуралық жедел қызмет туралы нұсқауының бірінде Ресейге, ТМД елдеріне және Балтық жағалау елдеріне жиі шығатын «Шығыс» бөлімдердің өкілдерімен агентуралық қатынас құру бекітілген. Жеке жедел (оперативті) жұмыстарды орындау ірі фирмалардың кәсіпкерлік қауіпсіздік қызметінің қызметкерлеріне барлық операцияны айтпай-ақ немесе мәлімсіз орындалады.
Экономикалық қылмыстың жалпы профилактикалық шаралары, СЕПО-ның қызметкерлерімен жеке секторда жалпы профилактикалық жиындарды өткізу мақсатымен ол 1990 жылдардың басында дайындалды және елдің кәсіпкерлері шеңберінде «Өнеркәсіптік шпионаж - Швецияның ұлттық қауіпсіздігіне қаупі» атты тақырыпта жедел тарай бастады.
Режимді шаралар әлемдегі әскери-стратегияның айтарлықтай деңгейге жақсаруына қарамастан, Солтүстік Еуропа елдерінің спецслужбаларына ақпараттың қолдан кетпеуіне әлі де көңіл бөлуде. Мемлекеттік мекемелерде, жеке фирмаларда және банктерде барлық маңызды келісім-шарттардың құпиялығын қамтамасыз ету бойынша жиындар көп қаражатты қажет етеді, яғни криминалды құрылымда тыңдау құралдарын және шетелдік бақылауды табуға көп ақша жұмсалады.
Бұған қарамастан, мемлекеттік спецслужбалар және жеке сектордағы қауіпсіздік қызмет органдары «таза аймақ» атты концепцияға ұстанымды жүргізеді, яғни құпия келісім шарттарды жүргізу үшін апарылатын орын электромагниттік сәулені ұстап қалатын арнайы құралдармен бекітіледі.
Құпия кеңес жүргізілетін бөлменің әрбір интерьерлік бұйымына немесе затына тыңдау құрылғысын табуға қабілетті және сәйкес дыбысты бақылау пунктісіне хабарлайтын қиын алынатын датчик («күзет сақинасы» деп аталатын) орнатылады.
Сарапшылардың қорытындысы бойынша мұндай аппарат техникалық себептерге байланысты шығу, яғни сыртта жүргізілетін кеңестердің құпиялығын қамтамасыз ете алмайды. Осыған байланысты жеке фирмалардың мамандары күзет құралдарының барлық кешенінің және сондай кеңес жүргізетін шаралардың модификациясы бойынша жұмыстар жүргізеді. Мұндай қауіпсіздік шараларын жүргізу шығындары шамамен 270 мың долларды құрайды.
Құпия сақтаушылардың шетелдік азаматтармен байланыс жүргізуін шектеу және оның құпиялығын қамтамасыз етуде СЕПО соңғы жылдары қауіпсіздіктің өнеркәсіптік қызметкерлерімен жұмысты тез нығайтты.
Шведтік кәсіпкерлердің шетелдік өкілдіктермен байланысын бағалау және оларды тексерудің кешендік және көп баспалдақты шаралары жасалуы және енгізілуі.
Өнеркәсіптік фирмалардағы қауіпсіздікті жүргізетін офицерлердің функциясы. Мемлекеттік тапсырыстарды атқаратын көптеген шведтік фирмаларда, кәсіпорындарда, мекемелерде қауіпсіздікті жүргізетін офицерлердің қызметі ресми түрде енгізілген. Мұнда көп көңіл мемлекеттік қызметкерлердің және жеке кәсіпкерлік құрылымының байланысының тәртіптілігіне бөлінеді, яғни құпия жұмыстармен байланысты, шетелдік өкілдіктермен;
- Қозғалыста, сонымен бірге шетелге шығу кезінде қосымша шектеулерді енгізу;
- Құжаттармен жұмыс істеу кезінде режимдік шаралар күшейтілген;
- Олар туралы есептемелердің және байланыстарды қолдаудың жаңа ережелері мен нұсқаулары жасалған және енгізілген.
Елден ғылыми-техникалық құпияның кетуін хабардар етуде кәсіпкерлік одақтың және қоғамдық ұйымдардың рөлі .
Елдің экономикасы үшін маңызды ғылыми-техникалық мәліметтердің таралуын хабарлауға бағытталған тәрбиелік-профилактикалық жұмыстарда маңызды орынды кейбір кәсіпкерліктің шведтік ұйымдары алады. Мысалы, 1990 жылдардың басында швкдтік кәсәпкерлер одағының мамандары мен ұлттық ғылыми-техникалық құпиялардың және олардың Шығыс Еуропа елдерімен іскерлік байланыстарының тез кеңеюімен байланысты шведтік кәсіпкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бағдарламалар құрылған болатын.
Шведтік контр бақылаушы және НАТО-ның кейбір әскери контр бақылаушы органдарымен бірлесіп дайындалған одақтың нұсқамаларында «Шығыс Еуропа елдерінде ғылым, техника және экономиканы бақылау қызметі «орталықтандырылған түрде» жүргізілетіні байқалған, дегенмен де онша батыл және агрессивті түрде емес» деген сөз байқалған.
Бұл бойынша шведтік сарапшылардың пікірі, біріншіден айтарлықтай бәсекелес өндірісті құрауда бұл елдердің қажеттілігі батыстың жаңа техникасы мен технологиясына қол жетпей қиынырақ, екіншіден, жеке кәсіпкерлік секторларда бақылау және контр бақылау офицерлерінің кадрларының жаппайлығы.
Нәтижесінде шведтік саудагерлерге, кәсіпкерлерге Шығыс Еуропа елдеріндегі кәсіпкерлер жағынан бақылау мақсатындағы жақындасу тұрақталды.
Шетелдік мемлекеттік спецслужбалардың және жеке бақылау ақпараттық органдардың жұмыстарының ең сапалы әдістері ретінде шведтік сарапшылар келесілерді қарастырды:
- Зерттеу бөліміне шведтік фирмаларды қазіргі көп формалы кәсіпорындар арқылы енгізу;
- Аңду, сұрау, интервью арқылы анкета, әңгімелесу, бақылау әдісі арқылы ақпарат алу;
- Материалдық негізде бірлесіп жұмыс істеу туралы тікелей әңгіме жүргізу;
Нұсқауларда ерекше белгіленетіні, Шығыс Еуропа елдерінің нарықтық экономикаға әрі қарай дамуы үшін осы елдерде өндірілетін өнімнің барлық түрлерінің бәсекелік қабілеттілігін жоғарлатуға арналған жағадайлар жасау қажет. Бұл әрине жалпы нарықтың және Батыс Еуропа елдері үшін толығымен «Шығыстан өнеркәсіптік шпионажға» айналады.
Қауіпсіздік жөніндегі сарапшылардың қорғаныс шаралары ретінде ұсынатыны келесілер:
- Шведтік компаниялардың қызметкерлерімен профилактикалық жұмыстарды нығайту;
- Талдау шетелде ақпараттың маңыздылығын куәландырады.
Мұндай профилактикалық жиынның өңделген немесе жасалған бағдарламасы, біріншіден, сескендіреді немесе қорғайды, екіншіден, бірден оның қайнар көзіне - арнайы қызмет органдарына (специальные службы) сілтейді. Мұндай бағдарламаны жасаушыларға іскерлік бірлестікке тоқталғым келеді, өйткені өзімнің алдымдағы өндірушілермен тауар мен қызмет көрсетудің әлемдік нарығының көп сегментін сақтағым келеді.
Швецияда компьютерлік қылмыспен күресу проблемалары.
Компьютерлік желілердің қауіпсіздігін бағалау. Шведтік экспертшілер соңғы жылдары компьютерлік қылмыспен күресуге көп көңіл бөлуде.
1990 жылдардың басында ведтік мамандар мемлекеттік ақпараттың желідегі мәліметтердің қауіпсіздігі туралы есептік материалы басылды. «Швецияның компьютерлік қауіпсіздігі» атты тақырыптағы есептемеде көрсетілгендей, ұлттық компьютерлік желілері әлсіз қорғалған.
Шведтік зерттеушілер ақпараттық жүйенің жұмысына тікелей және жанама әсер етудің немесе оларды жұмыс істеуден шығарған жағдайдағы нәтижелер мүмкіндігі туралы мәселені шеше келе, мемлекеттік тапсырманы орындайтын көптеген министрліктердің, ведомстволардың, фирмалардың басшылықтары компьютерлік желілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ережелері туралы түсінікті білмейді деген қорытындыға келді.
2. 3. Норвегия мемлекетінің қауіпсіздікті сақтау шаралары.
1990 жылдардың бас кезінде Норвегияда мемлекеттік комиссия елдің контр бақылау қызметінің қызметін (ПОТ) қарастырды және оның міндеттері мен жұмыс әдістерін, құрылымын қайта ұйымдастыру ұсынысы жасалды. Ослодағы орталық басқарманың қызметін кеңейту қарастырылды.
Қауіпсіздіктің коммерциялық және өнеркәсіптік қызметі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz