Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстар



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Тарау Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
1.1Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың ұғымы және мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2 Тарау Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен байланысты қылмыстар.
2.1 Есірткі заттарды немесе жүйкегег әсер ететін заттарды талан.таражға салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
2.2 Санитарлық.эпидемиологиялық ережелерді бұзу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Кіріспе

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар жеке тарау болып бірге беріліп отыр. Өйткені қоғамның дұрыс дамуы, оның мүшелерінің бірқалыпты қызмет атқаруы үшін халықтың денсаулығының, адамгершілік қасиеттерінің құқықтық нормалар (оның ішінде қылмыстық құқық) арқылы қорғалуы аса қажет. Осыған орай Қазақстан республикасы Конституциясында азаматтардың өмірін, денсаулығын, оларды қоршаған ортаны, тарихи және мәдени мұраларды, адамгершілік нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мән берілген. Осы көрсетілген принциптерді қатаң сақтау - әркімнің қасиетті борышы. Кейбір жағдайларда осы принциптер бұзылып қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға белгілі бір зиян келтіріледі. Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымға айналдыру, адамгершілікке жат іс-әрекетттермен шұғылдану сияқты қылмыстардың етек алуы алаңдатушылық түғызады. Осыған орай халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстармен күрес жүргізу үшін Қылмыстық кодекстің 10-тарауында осы тұрғыдағы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгіленген.
Тікелей обьектісіне байланысты бұл тарауда көрсетілген қылмыстар негізінен екі түрлі топқа: 1) халықтың денсаулығына және 2) адамгершілікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді.
Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстарға : есірткі затттарды немесе жүйкеге әсер ететін затттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұралу не қорқытып алу (260-бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (261-бап). Құрамында есрткі затттар бар, өсіруге тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы )263-бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап). Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу (265-бап). Жекеше медециналық практикамен немесе жекеше медециналық фарсмацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу (266-бап). Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу (267-бап). Адамның өміріне немесе денсакулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру (268-бап). Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету (269-бап) жатады.
Адамгершілікке қарсы қылмыстар : Жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-бап). Жезөкшелікпен айналысуға арналған притоондар ұйымдастыру немесе ұстау нжәне жеңгетайлық (271-бап). Дәрілік немесе басқа құралдарды пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (272-бап). Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (273-бап). Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсызө тарату (274-бап). өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді қорлау (275-бап). Жануарларға қатыгездік жасау (276-бап) жатады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
I-Нормативтік құқықтық- актілер.
1.1 Қазақстан Республикасының Конституциясы-Алматы-1995ж(өзгерістер мен толықтырулар енгізілген)
1.2 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі-16.06.1997ж
II-Негізгі әдебиеттер
2.1 Ағыбаев А.Н. /Қылмыстық құқық, Ерекше бөлім/ Алматы – 2001 ж.
2.2 Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
2.3 Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.
2.4 Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва - 1995 г.
2.5 Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж
2.6 Лейкина Н.С. // Личность преступника и уголоная ответственность
М. 1995 г
2.7 Наумов А.В. //Осы заманғы қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж.
2.8.Наумов А.В.Қылмыстық құқық: лекция курсы. Астана: «Фалиант», 2001ж.
2.9 Борчашвили И.Ш. Уголовное право, особенная часть. Алматы 2006г. 2.10 Жунусов Б.Ж. Проблемы уголовной политики. Алматы 1999г.
2.12 Рогова И.И. Уголовное право, особенная часть. Алматы 2005г.
2.13 Ветрова Ю, Ляпунова И. Уголовное право, особенная часть. Москва: «Юрист» 1997г.
III-Қосымша әдебиеттер
3.1 Анашкин.Г Ответственность за измену Родине и шпионаж.М-1964 г.
3.2 Бойцов.А.Қылмыстық құқықтағы адам өлтіру құрамына заңдық талдау негідемесі –М, 1989 ж.
3.3 Смағұлов.А.С.,Оңғарбаев.Т.И.ҚР Қылмыстық құқығы,Ерекше бөлім-К, 2002ж.
3.4 Кайржанов.Е.И.ҚР Қылмыстық құқығы,Алматы.Жеті Жарғы-1998ж.
3.5 ҚР Қылмыстық құқығы, Ерекше бөлім, Алматы,Жеті Жарғы-1998ж
3.6 Алауханов.Е.ҚР Қылмыстық құқығы, Ерекше бөлім,Алматы,Жеті Жарғы-2001ж.
3.7.Турецкий.М.Особо опасыные государственные преступления.М-1981г.
3.8.Корпушин.М Ответственность за государственные преступления.Москва.Юр.изд.-1988 г.
3.9 Тельнов.П.Иные государственные преступления.Москва.Юрист-1970

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1 Тарау Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
1.1Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың ұғымы және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2 Тарау Есірткі және жүйкеге әсер ететін заттармен байланысты қылмыстар.
2.1 Есірткі заттарды немесе жүйкегег әсер ететін заттарды талан-таражға
салу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді
бұзу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..24

Кіріспе

Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінде халықтың
денсаулығына және адамгершілігіне қарсы қылмыстар жеке тарау болып бірге
беріліп отыр. Өйткені қоғамның дұрыс дамуы, оның мүшелерінің бірқалыпты
қызмет атқаруы үшін халықтың денсаулығының, адамгершілік қасиеттерінің
құқықтық нормалар (оның ішінде қылмыстық құқық) арқылы қорғалуы аса қажет.
Осыған орай Қазақстан республикасы Конституциясында азаматтардың өмірін,
денсаулығын, оларды қоршаған ортаны, тарихи және мәдени мұраларды,
адамгершілік нормаларын қорғау принциптеріне ерекше мән берілген. Осы
көрсетілген принциптерді қатаң сақтау - әркімнің қасиетті борышы. Кейбір
жағдайларда осы принциптер бұзылып қылмыстық заң қорғайтын қоғамдық
қатынастарға белгілі бір зиян келтіріледі. Есірткі заттарды, жүйкеге әсер
ететін заттарды заңсыз айналымға айналдыру, адамгершілікке жат іс-
әрекетттермен шұғылдану сияқты қылмыстардың етек алуы алаңдатушылық
түғызады. Осыған орай халықтың денсаулығына және адамгершілігіне қарсы
қылмыстармен күрес жүргізу үшін Қылмыстық кодекстің 10-тарауында осы
тұрғыдағы қоғамға қауіпті іс-әрекеттер үшін арнайы жауаптылық белгіленген.
Тікелей обьектісіне байланысты бұл тарауда көрсетілген қылмыстар
негізінен екі түрлі топқа: 1) халықтың денсаулығына және 2) адамгершілікке
қарсы қылмыстар болып бөлінеді.
Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстарға : есірткі затттарды немесе
жүйкеге әсер ететін затттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау,
тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге
әсер ететін заттарды ұралу не қорқытып алу (260-бап). Есірткі заттарды
немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (261-бап). Құрамында
есрткі затттар бар, өсіруге тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-
бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін
пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы
)263-бап). Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну
үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап). Есірткі заттарды,
жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін
бұзу (265-бап). Жекеше медециналық практикамен немесе жекеше медециналық
фарсмацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу (266-бап). Санитарлық-
эпидемиологиялық ережелерді бұзу (267-бап). Адамның өміріне немесе
денсакулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру (268-
бап). Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату,
жұмыс орындау не қызмет көрсету (269-бап) жатады.
Адамгершілікке қарсы қылмыстар : Жезөкшелікпен айналысуға тарту
(270-бап). Жезөкшелікпен айналысуға арналған притоондар ұйымдастыру немесе
ұстау нжәне жеңгетайлық (271-бап). Дәрілік немесе басқа құралдарды
пайдаланып есеңгірету үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (272-бап).
Порнографиялық материалдарды немесе заттарды заңсыз тарату (273-бап).
Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсызө
тарату (274-бап). өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген жерлерді
қорлау (275-бап). Жануарларға қатыгездік жасау (276-бап) жатады.
1 Тарау. Халықтың денсаулығына қарсы жалпы сипаттама.
1.1 Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың ұғымы және мазмұны.

Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын
алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы – оның негізгі
байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы
мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Осы конституциялық
ережені жүзеге асырудың бір нысаны – денсаулыққа қарсы жасалған қылмыс үшін
жауаптылық белгілеу.
Халықтың Денсаулығына келген зиян үш дәрежеге – ауыр, орташа
ауырлықтағы және жеңіл болып бөлінеді. Денсаулыққа келген зиянның бұл үш
түрін ажыратудағы негізгі критерий - өмірге қауіптіліктің, зиянның
зардабының бар-жоғында.
Халықтың Денсаулығына қарсы қылмыстар құрамының элементтері объект,
объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы болып табылады [1.34].
Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі,
психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға
түсірумен байланысты іс-әрекеттер болып табылады. Осыған байланысты
Қылмыстық кодекстің 259-265-баптарында осы тұрғыдағы қылмыстардың
жекеленген түрлері үшін жауаптылық көзделген. Есірткі, психотроптық заттар,
прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге
байланысты қылмыстардың тікелей объетісі – халықтың денсаулығы болып
табылады.
Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына – есірткі,
психотроптық затттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттар және
Қылмыстық кодекстің 263-бабына сәйкес есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер
ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикі зат, аспаптар немесе
жабдықтар жатады.
Есірткі, психотроптық затттар, сол текетестер, прекурсорлар
айналымын мемлекеттік ретттеудің және олардың заңсыз айналымы мен теріс
пайдаланылуы қарсы іс-қимыл шаралары Қазақстан Республикасының 1998 жылғы
10 шілдедегі арнаулы Заңмен, Бақылауға жататын есірткілік заттар,
психотроптық құралдар және прекурсорлар туралы Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізім бойынша
(бұдан былай – тізім деп аталады) жүзеге асырылады. Бұл нормативтік актілер
1961 жылғы психотроптық заттар туралы конвенцияға, ББҰ-ның есірткі
заттардың және психотроптық заттардың заңсыз айналымға қарсы күрес туралы
1998 жылғы конвенциясына негізделіп қабылданған.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін затттарды заңсыз
дайындау, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу (259-
бап).
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-тармағында есірткі заттарды
немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз ірі мөлшерде
иемденіп алу тасымалдағаны немесе сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық
белгіленген [2.92].
Қылмыстың заты есірткі заттар – адамның психикасына әсер ететін,
одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалық немесе табиғи текетес заттардың
жиынтығы.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186
қаулысымен бекітілген тізіміне медециналық мақсатқа пайдалануға тыйым
салынған есрірткі затттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, наша,
героин, кокаин, каннабис, апиын және т.б. заттар жатады.
Жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттар – адамның психикалық
функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38
атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин т.б.
жатады.
Қылмыс объективтік жағынан көрсетілген заттарды заңсыз алғаны
немесе заңсыз дайындағаны арқылы сипатталады. Көрсетліген іс-әрекеттерге
Қазақстан рЕспубликасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы Есірткі,
психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру
жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы №3 қаулысында тиісінше
түсінік берілген .
Жоғарғы Соттың осы қаулысының 3 тармағына сәйкес жоғарыда
көрсетілген заттарды сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастап алу,
қарыздың орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, тауып алғанды иелену,
құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау,
осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы
біткеннен кейінгі қалдығын (масағын) жинап алуды т.б. заңсыз иемденіп алу
деп түсіну керек.
Кінәлінің арнайы рұқсатсыз көрсетліген заттарды өзінен жасырын
жерден, үй-жайдан, көлік құралынан, басқа да орындардан тауып алумен
байланысты кез келген қасақана әрекет, заңсыз сақтау болып табылады.
Есірткі, психотроптық заттарды оларды дайындауға пайдаланылатын
аспаптар немесе құралдарды, сонымен қатар прекурсорларды көлік құралдарын
пайдалану арқылы немесе басқа да әр түрлі тәсілдермен арнайы рұқсатсыз
орнынан ауыстыру үшін жасалған кез келген қасақана әрекетттерді, осы
затттарды заңсыз тасымалдау деп түсіну керек. Бұл әрекеттерді есірткі,
психотроптық затты, аспаптарды, құралдарды, прекурсорларды заңсыз иесі ғана
емес, оның тапсырмасы бойынша басқа адамда тасымалдауы мүмкін. Мұндай
реттте көрсетілген заттарды заңсыз тасымалдауды басқаларға тапсырған тұлға
осы қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады. Егер есірткі, психотроптыө
затттың, аспаптардың, құралдардың, прекурсорлардың заңсыз иесі - өзіне
тапсырылған жүктің сипатын анық білмейтін адамдар арқылы көрсетілген
затттарды, асапаптарды, құралдарды тасымалдауды жүзеге асырса, онда ол
қылмыстың ұйымдастырушысы емес, тікелей орындаушысы ретінде жауапқа
тартылады.
Осы көрсетілген әрекеттер (иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау)
заңсыз болу қажет. Яғни мұндай әрекеттер құзыретті органдардың немесе
лауазымды адамдардың тиісті рұқсатынсыз жасалуы тиіс. Осы қылмыстың ) 259-
баптың 1-тармағы) объективтік жағының міндеттті белгісі заңда көрсетілген
затттар мен нәрселерді ірі мөлшерде өткізу мақсатының орын алмауы болып
табылады.
Заңсыз сақталуға немесе айналымға шығарылған есірткі құралдарын,
психотроптық заттарды шағын, ірі және өте ірі мөлшерлерге жатқызу үшін
жиынтық кестеге жүгіну қажет.
Жиынтық кестеге сәйкес көрсетілген заттар ірі мөлшерге жатпаса,
онда заңда көрсетліген қылмыс құрамы болмайды.
Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады. Сол себепті ол
заңда көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған
болып табылады.
Субъективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен
істеледі. Адам есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу
мақсатынсыз заңсыз алғанын және сақтағанын сезеді және сондай әрекет
істеуді тілейді.
Қылмыстың субъектісі 16-ға толған, есі дұрыс кез келген адам.
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағында бұл қылмыстың
ауырырақтүрі: есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз
дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде
көзделген, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу
мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін
затттарды өткізу мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе
жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты жасалған әрекеттер үшін жауаптылық
көзделген.
Көрсетілген заттарды заңсыз иемденіп алудың, тасымалдаудың және
сақтаудың түсініктеріне осы баптың бірінші бөлігін талдағанда тоқтатылып
өттік. Кез келген әдейі жасалған әрекет нәтижесінде белгілі бір есірткі
немесе жүйкеге әсер ететін зат тізімінде көрсетілген затқа айналдырылса
онда оларды дайындау болып табылады.
Ал сол заттардың пішінін өзгерту (ұстау, таблеткаға қалыптау,
пиллюлалар, пасталар жасау т.б.) заңсыз дайында болып табылмайды.
Белгілі бір есірткі немесе психотроптық (жүйкеге әсер ететін)
заттың күшін көтеру үшін арнайы рұқсатсыз тазарту (жат қоспалардан тазарту)
заңсыз ұқсату болып табылады. Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді
кептіру, ұстау, кейбір бөлшектерден ажырату және басқа да түрлендіру (сол
заттан басқа бір есірткі зат алынбаса) заңсыз қайта өңдеу деп есептелмейді.
Мұндай әрекеттер жеке қылмыс болып табылады [3.294].
Есірткі немесе психотроптық заттарды, оларды дайындайтын құрал-
саймандарды, прекурсорларды бір жаққа заңсыз жөнелту деп оларды кез келген
байланыс құралымен, арнайы адам арқылы, сонымен қатар құстар мен
жануарларды пайдалану арқылы жіберуді айтамыз. Жоғарыда көрсетілген
заттарды, құрал-саймандарды, прекурсорларды бір тұлғаның билігінен басқа
тұлғаларға кез келген тәсілмен заңсыз беру (сату, сыйлау, қарызын өтеу,
айырбастау, қарызға беру, басқа адамға укол салу т.б.) осы заттарды заңсыз
өткізу болып табылады. Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағындағы
қылмыстың объективтік жағының қажетті белгілерінің бірі – заңда көрсетілген
заттарды өткізу мақсатында иемденіп алу немесе сақтау болып табылады.
өткізу мақсатныда заңсыз иемденіп алу немесе сақтау пиғылымен жасалғандығы
жөнінде мәселені шешу үшін бұл затттарды шын мәнінде өткізуге
дайындалғанын дәлелдейтін айғақтар жинағын арқау ету керек (Мысалы,
жоғарыда көрсетілген заттар көп мөлшерде табылсады өзі ғана пайдаланатынын
жоққа шығармайтын фактіңлердің болуы – заттардың бөлшектенуі, құралдар мен
жабдықтардың бөлініп қойылуы, кінәлының басқалармен есірткіні қолданатын
фактілердің орын алуы т.б.).
Ал осы заттарды өткізу мақсатынысыз алғаны немесе сақатағаны
анықталса, онда кінәлының әрекетінде Қылмыстық кодекстің 259-бабының 1-
тармағындағы қылмыс құрамының бар жоғына мән беру қажет [4.129].
Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, есірткі заттарды немесе
жүйкеге әмер ететін заттарды өткізу мақсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі
заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты әрекеттер үшін де
жауаптылық көрсетіліп отыр. Яғни есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін
заттарды даусыз иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау, өткізу мақсатын
көздесе кінәлыны әрекеті Қылмыстық кодекстің 259-бабының 2-тармағымен
сараланады. Сондай-ақ өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер
ететін заттарға қатысты заңсыз әрекеттер істегені үшін де жауаптылық осы
баптың 2-тармағы бойынша белгіленеді.
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 3-тармағында осы қылмысты аса
ауырлатаны түрлері: Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды
өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденіп алуды,
тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді.
а) алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаса (Қылмыстық кодекстің
31-бабын қараңыз);
б) әлденеше рет )қылмыстық кодекстің 11-бабын қараңыз);
в) есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты
ірі мөлшерде жасағаны үшін жауаптылық көзделген.
Есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттардың ірі немесе аса ірі
мөлшерге жастатыны немесе жатпайтыны жиынтық кесте арқылы анықталады.
Қылмыстық кодекстің 259-бабының 4-тармағында: Есірткі заттарды
немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу, дайындау, ұқсату, жөнелту
мақсатында заңсыз иемденіп алуды, тасымалдауды немесе сақтауды не өткізуді;
а) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым)
жасаса (Қылмыстық кодекстің 31-бабын қараңыз);
б) олар өте ірі мөлшердегі есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер
ететін заттарға қатысты жасалған қылмыстар үшін жауаптылық белгіленген.
Қылмыстық кодекстің 25-бабының ескертуіне сәйкес есірткі заттарды,
жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттарды өз еркімен тапсырған адам
немесе есірткі заттарды медициналық емес мақсатта тұтынуныа байланысты
медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған
және есірткі заттарды заңсыз айналымына байланысты қылмыстарджы ашуға
немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге,
қылмыстық жолмен алынған мүлікті табуғабелсенділік көрсеткен адам осы бап
бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы
Сот Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы №3 қаулысының 18-тармағына сәйкес
жоғарыда көрсетілген заттарды нақты қолдану мүмкіндігі бола тұра ол
жергілікті билік өкіліне тапсырса, бұл өз еркімен тапсырған болып табылады
[5.301].
Халықтың Денсаулығына қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі – бұл
қылмыстарды жасаған кезде, бір адам екінші бір адамның денсаулығына
қасақана немесе абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-
әрекеттерді жасай отырып, адам өмірі үшін ең қымбатты болып табылатын адам
денсаулығына заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру
көбінесе оның мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару,
яғни сол міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады.
Халықтың Денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін
болсақ, ол былай делінген: Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден,
естуден, қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметін
жоғплтуға немесе бет әлпетінің қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан
денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе
еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан
немесе кінәліге мәлім кәсіби еңбек қабілетін немесе түсік тастауға
психикасын бұзуға ,есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен,
денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа өзге зиян келтірген қасақана
ауыр зиян келтіру

1.2 Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың түрлері.

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату
мақсатынсыз көп мөлшерде заңсыз иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау – он
мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не алпыс
сағаттан екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға
тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына,
не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы бап бойынша есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттардың
ірі және өте ірі мөлшері есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар және
олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары
туралы Қазақстан Республикасының Заңымен бекітілген Заңсыз айналымда
жүргені анықталған есірткі, психотроптық заттарды және прекурсорларды
шағын, ірі және өте ірі мөлшерге жатқызу туралы жиынтық кестеде белгіленеді
[6.299].
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін затттарды заңсыз
дайындау, ұқсату, жөнелту, өткізу, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде
көзделген, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу
маөсатымен не өте ірі мөлшерде есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін
заттарға қатысты жасалған әрекеттер – мүлкін тәркілеп немесе онсыз үш
жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Еісрткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу,
дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденіп алуды, тасымалдауды
немесе сақтауды не өткізуді:
а) алдын ла сөз байласқан адамдар тобы жасаса;
б) әлденеше рет;
в) есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер ететін заттарға қатысты ірі
мөлшерде жасаса, - мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі
мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу,
дайындау, ұқсату, жөнелту мақсатында заңсыз иемденіп алуды,
тасымалдаудынемесе сақтауды не өткізуді:
а) ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық жасаса;
б) олар өте ірі мөлшердегі есірткі заттарға немесе жүйкеге әсер
ететін заттарға қатысты жасаса – мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Есрткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау не
қорқытып алу – үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
Нақ осы әрекеттерді:
а) адамдар тобы алдан ала сөз байласып жасаса;
б) әлденеше рет;
в) адам өз қызмет бабын пайдалану арқылы;
г) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану не осындай
кшү қолданумен қорқыту арқылы жасалса – мүлкін тәркілеп немесе онсыз алты
жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген әрекеттер,
оларды:
а) ұйымдасқан топ;
б) ірі мөлшерде еірткі заттар немесе жүйкеге әсер ететін затттар
жөнінде;
в) өмірге немесе денсаулыққа қауіпті күш қолдану не осындай күш
қолданумен қорқыту арқылы жасалса – мүлкін тәркілеп, сегіз жылдан он бес
жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Есірткі затттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға
көндіру.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға
көндіру – үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не алты айға
дейінгі мерзімге қамауға, не төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады.
Нақ сол әрекет:
а) адамдар тобы алдын ала сөз байласып;
б) әлденеше рет;
в) кәмелетке толмағаны көрінеу белгілі не екі немесе одан да көп
адамдар жөнінде;
г) күш қолдану немесе оны қолданумен қорқыту арқылы жасалса – үш
жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Құрамында есірткі заттар бар өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді
заңсыз өсіру.
өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді егі немесе сораның, көкнәрдің
немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктердің сорттарын өсіру
– бес жүзден жеті жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе
сотталған адамның бес айдан жеті айға жейінгі кезеңдегі жалақысының немесе
өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не екі жылға дейінгі мерзімге
бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін
притондар ұйымдастыру немесе ұстау.
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін
притондар ұйымдастыру немесе ұстау – төрт жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады [7.364].
Адам өзінің қызмет бабын пайдаланып жасаған, немесе әлденеше рет
жасалған, немесе ұйымдасқан топпен жасалған дәл сол әрекеттер – үш жылдан
жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды ұстау
ережелерін бұзу.
Есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттарды өндіру,
жасау, ұқсату, сатып алу, сақтау, есепке алу, босату, тасымалдау, әкелу,
әкету, жөнелті не жою ережелерін бұзу, егер бұл әрекеттті аталған
ережелерді сақтау міндетіне кіретін адам жасаса - екі жүзден бес жүз айлық
есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде немесе сотттал,ан адамның екі айдан
бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының немесе өзге де табысының мөлшерінде
айыппұл салуға, не бір жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына , не үш
жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымда болу немесе белгілі бір
қыщметпен айналысу құқығынан айырып немесе онсыз бір жылға дейінгі мерзімге
бас бостандығынан айруға жазаланады.
Есірткі заттардың, жүйкеге әсер ететін немесе улы заттардың
ұрлануына не өзге елеулі зиян келтірілуіне әкеп соққан дәл сол әрекет – екі
жылға дейінгі мерзімге түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығын шектеуге , не үш жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымда
болу немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырып, үш жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Жекеше медициналық практикамен немесе жекеше фармацевтикалық
қызметпен заңсыз айналысу, есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін
заттарды алуға құқық беретін рецепттерді немесе өзге де құжаттарды заңсыз
беру не қолдан жасау.
Қызметттің таңдап алныған түріне лицензиясы жоқ адамның жекеше
медициналық практикамен немесе жекеше фармацевтикалық қызметпен заңсыз
айналысуы, егер бұл абайсызда адамның денсаулығына зиян келтіруге әкеп
соқса – екі жүзден бес жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде
немесе соттал,ан адамның екі айдан бес айға дейінгі кезеңдегі жалақысының
немесе өзге де табысының мөлшерінде айыппұл салуға, не үш айдан алты
дейінгі мерзімге қамауға, не үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан
айыруға жазаланады [8.299].
Абайсызда кісі өліміне немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қылмыстардың ұғымы және мәні
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар
Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі
Диверсияның қылмыстық құқықтық сипаттамасы
Экологиялық қылмыстардың түсінігі
Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық құқық бұзушылықтар
Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар
Экологиялық қылмыстардың түрлеі
Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру
Пәндер