ҚР-ның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін көрсету


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

2. Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің жетекші саласы

3. ҚР-ның конституциялық құқығының қайнар көздері

4. Қазақстан Республикасы конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және әдістемесі

5. Конституцияға тарихи, саяси-әлеуметтік және құқықтық сипаттама

6. Қазақстан Республикасының 1995 ж. Конституциясына жалпы сипаттама

7. ҚР-ғы тұлғаның құқықтық мәртебесі

8. Адам және азамат: конституциялық дәрежесінің негізі

9. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымы

10. Қазақстан Республикасының сайлау құқығы мен сайлау жүйесі

11. Қазақстан Республикасының Президенті және оның конституциялық дәрежесі

12. Қазақстан Республикасының Парламенті және заң шығару билігінің конституциялық негізі

13. Үкіметтің және ҚР атқару билік органдарының конституциялық дәрежесі

14. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі

15. Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық дәрежесі

16. Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқарудың конституциялық негізі

Қолданылған әдебиеттер тізімі

К І Р І С П Е

Курстың міндеті: ҚР-ның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктерін көрсету; студенттерді ҚР-ң мемлекеттік билік құрылымымен және құқықтың қайнар көздерімен таныстыру; ҚР-ның билік тармақтарымен яғни заң шығарушы, атрқарушы және сот билігін ажырату үшін таныстыру; студенттерді конституциялық құқықтары мен міндеттерімен және сайлау процесін құқықтық реттеу ерекшеліктерін білуге бағыт-бағдар беру; студенттерге Президент және Парламент және өзге де мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы қатынасты реттейтін ҚР-ның заң шығарушылық ерекшелігіне түсінік беру.

Курстың мазмұны: Қазақстан тәуелсіз мемлекет болу жолында, аса маңызды және қолайлы құрал ретінде заңдылық орын алады. Қазіргі кезде республиканың түбегейлі заңдылық процессінің құқықтық-конституциялық біліктілікпен сәйкес келуі республиканың дамуына аса қажет етіледі. Заңның басты көздеуі - қоғамда заң үстемдігін орнату, құқықтық тәртіпті орнату, саяси өмірде және экономикалық өмірде қатал тәртіппен тұрақтылықты орнату. Бұл курс, конституция ұғымы, конституциялық заңдар және өзге де нормативті құқықтық актілерді меңгеруге мүмкіншілік береді. Осы курста келесі тақырыптар қарастырылған: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы, мемлекетте биліктің бөлінуі, Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәртебесі, Қазақстан Республикасының Парламенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары.

Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасы ұлттық құқық жүйесінің жетекші саласы

Конституциялық құқық - құқықтық реттеудің жеке пәні болып табылатын, біркелкі қоғамдық қатынастарды реттейтін және ішкі бірлігімен сипатталатын құқық нормалар жиынтығын көрсететін ҚР құқық жүйесінің саласы.

Конституциялық құқықтың пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар мемлекеттік билікті жүзеге асырумен тікелей байланысты және мемлекеттік құрлыс, оның ұйымдарымен қатынасы, сондай-ақ адам мен мемлекет арасындағы қатынастар болып табылады. Сондықтан конституциялық құқықтың құқықтық реттеу пәні болып мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени сферасындағы тек негізгі қоғамдық қатынастар болады. Конституциялық құқықтық қатынастар келесі әдістермен реттелінеді: міндеттеу әдісі; тыйым салу әдісі; рұқсат ету әдісі; тану әдісі.

Конституциялық құқықтық реттеу әдісі саяси-құқықтық сипатта болады, өйткені Конституцияда қоғамдық идеялар, әлеуметтік құндылықтар, моральдық принциптер категориясы бекітілген.

Осылайша, Конституциялық құқық - бұл ҚР конституциялық құрлыс негізін, адам мен азаматтың, мемлекеттік құрлыстың, мемлекеттік билік органдарының жүйесін, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару негізін реттейтін құқық нормаларының жиынтығын көрсететін ҚР жетекші құқық саласы.

Конституциялық - құқықтық қатынастар дегеніміз - конституциялық құқық нормаларымен реттелінетін және өзара құқықтар мен міндеттер формасындағы субъектілердің арасындағы заңдық байланысты қамтитын қоғамдық қатынастар.

Конституциялық құқықтық субъектілері - бұл конституциялық - құқықтық қатынасқа қатысушылар. Субъектілердің шеңбері өте кең : бұл саланың құқықтық нормалары кімге міндет жүктеп және кімге құқық берсе сол субъект бола алады. Олардың ішінде мынандай субъектілер: мемлекет, халық, депутат, мемлекеттік билік органдары, сайлау комиссиялары, азаматтар, азаматтығы жоқ азаматтар, шет ел азаматтары және тағы басқалары болады.

Конституциялық - құқықтық нормаларға басқа құқұқ саласы нормаларының барлық белгілері тән. Олар сондай-ақ қоғамдық қатынастарды тәртіпке салу құралы болып табылады және мемлекетпен қабылданып реттеушілік және қорғаушылық функцияларды атқарады. Реттеуші нормаларға, құқықтық қатынас мүшелеріне субъективтік құқық беру және оларға заңдық міндеттеме жүктеу жолымен тәртіптің белгілі бір нұсқасын белгілейтін конституциялық-құқықтық нормалар жатады. Құқық қорғаушы нормаларға субъектілер тәртібін, олар тәртіпті бұзған жағдайда, мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілеу жолымен анықтайтын конституциялық-құқықтық нормалар жатады.

Конституциялық - құқықтық нормалар бұл мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілетін және нақты құқықтар мен міндеттермен жүзеге асырылатын белгілі бір қоғамдық қатынастарды реттеу және қорғау мақсатында мемлектпен бекітілген және санкцияланған жалпыға міндетті тәртіб ережелері.

Конституциялық - құқықтық институттар дегеніміз қоғамдық қатынастың бір жақты және өзара байланысын реттейтін және біршама өзіндік топтар құрайтын конституциялық құқық нормаларының жиынтығы.

Мысалы, азаматтық институты, президенттік институты, сайлау құқығының институты және тағы басқалар. Құқықтық нормалардың институты реттелетін сфераның барлық жақтарын қамтиды. Оларда өздеріне тән түсініктер, терминдер, жағдайлар болады. Мысалы, азаматтық институтының мазмұны «азамат», «азаматтық», «азаматтықтан шығу», «азаматтардың құқығы, еркіндігі мен міндеттері» сияқты тусініктерде көрсетіледі. Құқықтық институттың құрамына кіретін нормалар ортақ құқықтық принциптер мен идеялармен біріктіріледі. Яғни, азаматық институты азаматардың бірлігі мен теңдігі принципіне негізделінеді.

ҚР-ның конституциялық құқығының қайнар көздері

Конституциялық - құқықтық нормалар бекітіледі және заңдық күшке ие болады.

Конституциялық құқықтың сала ретіндегі тура және тікелей деректемесі болады. . Конституцияның құқықтық нормаларының сипаттамасы:

а) ҚР-ның Конституциясында бүкіл конституциялық заңның негізі болып табылатын құқықтық нормалар бекітілген. Яғни, конституцияның құқықтық нормалары конституциялық - құқықтық қатынастарды реттейтін барлық нормативтік құқықтық актілердің қалыптасуы мен даму базасы.

ә) ҚР Конституциялық құқық нормалары мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын қамтиды: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени.

б) ҚР Конституциясы конституциялық құқықтың басқа дерек көздерімен салыстырғанда оның жоғарғы заңдық күші бар және Қазақстанның бүкіл аумағында қолданылады. Қазақстан Республикасында қабылданған заңдар мен басқа да нормативтік құқтық актілер Конституциядан негіз алуы қажет және оған қайшы келмеуі қажет.

в) Негізгі заңның тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Конституцияға толықтырулар енгізу мен өзгертудің ерекше тәртібі бар.

г) Конституцияда тікелей халықтың мемлекттік еркі жинақталған.

д) Конституцияның басқа дерек көздерінен ерекшелігінің тағы да бір себебі, ол тек мемлекттің ғана емес бүкіл қоғамның негізгі заңы. Басқа нормативтік құқықтық актілер қоғамдық өмірдің жеке жақтарын ғана қамтиды

е) Конституцияда: конституциялық, жай заңдар, Президенттің нормативтік жарлықтары мен қаулылары, Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулылары, сондай-ақ заңдық күшінің деңгейі, қабылдау, жариялау және күшін жою тәртібі бекітіледі.

Конституциялық құқық деректемелерінің қатарына мемлекеттік мағынадағы нормаларды бекітетін конституциялық заңдар кіреді. Конституциялық заңдардың өзіндік ерекшелігі - олар Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізбейді, тек Конституцияның құқықтық нормаларын нақтылайды.

Конституциялық құқықтың деректемелері ҚР Парламентімен қабылданған әдеттегі заңдар да болады.

ҚР Конституциялық құқығының деректемелеріне ҚР Президентінің нормативтік қаулылары да жатады: конституциялық заңдық күші бар қаулылар; әдеттегі заң күші бар қаулылар; заңға сәйкес нормативтік актілер. Егер Парламент өзінің заң шығару өкілеттілігін Президентке берген жағдайда онда заңдық күші бар заңдардың күші Парламент қабылдаған заңдардың заңдық күшімен тең. Республикада заң шығаратын орган жұмыс істемеген кезеңде ҚР президенті қабылдаған конституциялық және әдеттегі заңдық күші бар жарлықтар қабылдады. Олар әлі де күшінде және ҚР-сы конституциялық құқықғының деректемесі болады. Оларға Президенттің Парламент туралы, референдум туралы, Конституциялық Кеңес туралы, соттардың дәрежесі туралы және басқа жарлықтары жатады.

Конституциялық құқық деректемелерінің ішінде ерекше орынды 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация алады. Онда егемендік принципі жарияланып, ол кейіннен ҚР Конституциялық Заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» және 1993, 1995 ж. ж. Қазақстан Республикасының Конституцияларында бекітілген.

ҚР-сы таныған халықаралық-құқықтық актілердің нормалары да конституциялық құқықтың деректемесі болады. Олар адам құқы, қоғамдық құрылымдар және басқалар туралы конституциялық мәні бар құқықтық нормалардан тұруы мүмкін.

Саланың деректемесі конституциялық - құқық нормаларды қамтитын жергілікті өкілетті органдардың, сондай-ақ жергілікті өзін басқару органдардың нормативтік құқықтық актілері де жатады (шешімдер, қаулылар, ережелер) . Олардың заңдық сипаты кеңістікте шектеледі және олар жергілікті сипатта болады.

Ғылым конституциялық деп аталғандықтан, оның қайнар көзі Конституция болып табылады. Ол Конституцияның негізінде өзінің басты теорилық ережелерін қалыптастырады. Сонымен бірге жинақталып келіп конституциялық заңдылықты құрайтын: конституциялық заңдар, жәй заңдар, Президенттің нормативтік жарлықтары, үкіметтің қаулылары, жергілікті өкілетті органдардың шешімдері де конституциялық құқық ғылымының қайнар көздері болып табылады.

Конституциялық құқық ғылымының басқа бір бастауы - конституциялық-құқықтық нормаларды іс жүзінде жүзеге асыру. Нақ іс жүзінде зерттеу ғана конституциялық-құқықтық нормалардың сыртқы табиғатын ғана емес, сондай-ақ ішкі мәнін, қолданылу ақиқаттығын түсінуге де мүмкіндік береді.

Конституциялық - құқық ғылымының келесі қайнар көзі бұл салаға тікелей және жанама қатысты, конституциялық құрлыстың философиялық, әлеуметтік және т. б мәселелеріне арналған шет ел ғылымдары отандық ғалымдардың еңбектері болады. Конституциялық - құқық ғылымы КСРО кезінде жеке құқық саласы емес, «кеңестік мемлекеттік құқық» ғылымының құрамына кірген. Бұрынғы КСРО орнына тәуелсіз мемлекеттердің қалыптасуы мемлекттік-құқық ғылымының дамуында жеке құқық жүйесін құрды. Қазақстанда конституциялық құқық ғылымының атауы бекітілді. Қазақстанда бұл ғылымның теориялық деректемесі жеке конституциялық даму мәселелерін зерттеуші республика ғалымдарының еңбектері.

Қазақстан Республикасы конституциялық құқық ғылымының түсінігі, пәні және әдістемесі

Конституциялық құқық ғылымы барлық құқықтық, заң ғылымдарының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол өз кезегінде қоғамдық ғылымдар жүйесіне кіреді. Конституциялық құқыққа ғылым ретінде өзінің пәні, деректемесі, оны зерттеудің өзіндік жолы тән. Конституциялық құқық ғылымы салалық ғылымдардың қатарына жатады. Конституциялық құқық ғылымы конституциялық құқықтың қалыптасу, даму, қызмет ету заңдылығын зерттеуге бағытталған, конституциялық заңдылыққа сүйенетін негізгі ұғымдар мен санаттарды қалыптастырады және конституциялық құқықтың құқықтық ғылым жүйесідегі орны мен рөлін анықтайды. Конституциялық құқық ғылымы мемлекеттік басқару және мемлекеттік құрылыс нысандарын, ҚР мемлекеті механизмін, мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасының, нысандарын, әдістері мен тәсілдерін зерттейді. Ол конституциялық құқықтың мәнін, нормалары мен институттарының бағыттарын және оны жүзеге асыруға байланысты процестерді зерттейді. Осындай жұмыстарды жүзеге асырудың нәтижесінде конституциялық-құқықтық қатынастар туралы, өзгертіледі және тоқтатылады. Сондықтан конституциялық құқық ғылымы конституциялық-құқықтық қатынастардың сипатын және табиғатын, олардың басқа салалық құқықтық қатынастармен салыстырғандағы ерекшеліктерін зерттейді. Конституциялық құқық ғылымы реттелетін қоғамдық қатынастардың конституциялық құқықтық нормалар әрекетінің тиімділігін зерттейді, ондай тиімділік әлсіреген жағдайда оны күшейту үшін ұсыныстар жасайды.

Аталған гылым мәртебесі конституциялық заң арқылы белгіленетін мемлекеттік органдардың қызметін реттейді. Сөйтіп, бұл мемлекеттік органдар, оқшауланған күйде емес, олардың өзара байланысы деңгейінде зерттеледі. Мұнда, сондай-ақ конституциялық-құқықтық нормалардың тиімділігі де қарастырылады. Конституциялық құқық ғылымы құқықтық нормалардың тиімділігін ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың құқықтық реттелу шегін объективті түрде зерттейді. Былайша конституциялық-құқықтық нормалармен реттелуі мүмкін қоғамдық қатынастарды жалпылама анықтауға болғанмен, іс-жүзінде олар реттейтін қоғамдық қатынастар шегін белгілеу оңай емес. Нәтижесінде конституциялық-құқықтық нормалар өз табиғатында құқықтың басқа салаларының нормаларымен реттелуі тиіс қатынастарды қоса барынша кең көлемдегі қатынастарды реттеуі мүмкін немесе, керісінше өзінің әлеуметтік мәніне орай солар арқылы реттелуі тиіс қоғамдқ қатынастар конституциялық-құқықтық нормалардың назарынан тыс қалдырмауы мүмкін. Ғылым мұндай мәселелердің жауабын іздеп, табуы тиіс.

Конституциялық құқық ғылымы халық өкілдігі, ұлттық, халықтық және мемлекеттік егемендік, мемлекеттік басқару мен құрылым, әкімшілік-аймақтық бөлініс нысандары сияқты кешенді проблемалардың тұжырымдамасын жасайды. Жергілікті өкілетті және жергілікті өзін-өзі басқару органдары жүйесі де осы ғылым зерттейтін пән. Ғылым сайлау жүйесіне демократияның қайнар көзі ретінде айрықша назар аударады. Аса маңыздылардың қатарына мемлекеттік органдардың ұйымдастырылуы мен қызметінің конституциялық қағидаларын зерттеу жатады.

Конституциялық құқық ғылымы адам мен азаматтың құқығы, шетел азаматтары, конституциялық нормалардың адам құқығының халықаралық құқық нормаларымен өзара байланысы проблемаларын зерттеуге айрықша назар аударуы тиіс. Конституциялық құқық ғылымы оның пәні болып табылатын аталған объектілерді зерттейді. Ол оларды социологиялық, тарихи, логикалық және басқа әр түрлі әдістерді қолдана отырып, ғылыми методологиялық қағидаларға сүйене отырып зерттеледі. Конституциялық заңдылықты оқып-үйрену, оның әлеуметтік табиғатын, бағтын ашып көрсету, іс-жүзінде қолданылуын қарау негізінде ғылым теориялық ережелерді, тұжырымдарды, тұжырымдамаларды қалыптастырады. Бұл ережелер тек ғылымның дамуы үшін ғана емес, сонымен бірге заңдылықты жетілдіру, мемлекеттік органдардың қызметін жақсарту үшін де маңызды.

Конституциялық құқық ғылымы тұтас құбылыс болғандықтан оның тұжырымдамалары, теориялық ережелері өзара байланыста болып қана қоймайды, сондай-ақ біртұтастығымен ерекшеленуі тиіс. Конституциялық құқық ғылымының бірлігі мен тұтастығы теориялық кешендердің шартты түрдегі дербестігін жоққа шығармайды. Ол дербес зерттелелін мынадай айтарлықтай кешендерден тұрады. Олардың қатарына, мысалы, биліктің бөлінуі, парламентаризм, президенттік басқару нысандары, сайлау жүйесі, азаматтық, егемендік, мемлекеттің сипаты мен мәні, халық билігі, азаматтық қоғам тұжырымдамасы, саяси плюрализм және басқа теориялар жатады. Осы теориялар мен тұжырымдамалардың қай-қайсысы болсын дербес қалыптасады, бірақ сонымен бірге олар бір-біріне ықпал етеді.

Конституцияға тарихи, саяси-әлеуметтік және құқықтық сипаттама

«Конституция» термині (лат. соnstitutio - бекіту) Ежелгі Римде белгілі болған және императордың әр түрлі бекітулері мен қаулыларын көрсетуде қолданған. Бірақ құл иеленушілік, феодалдық мемлекетте де оның құрылымын бекітетін мемлекеттің негізгі заңы ретіндегі конституциясы болған жоқ.

Заң ғылымында конституция деп жоғарғы заңдық күшке ие және қоғамдық құрлыс пен мемлекеттік құрылым, мемлекет пен тұлға арасындағы өзара байланыс, мемлекеттік орган жүйесінің қызметі мен ұйымдастырылу негізін бекітетін негізгі заң түсіндіріледі.

Қазақстанның жаңа конституциялық заңының қалыптасу тарихы өзінің бастауын 1990 жылы 24 сәуірдегі «Президенттің қызмет орнын белгілеу туралы» Қазақ КСР-ның заңымен Қазақ ССР Конституциясына өзгеріс енгізу кезеңінен басталады. Бұл заң Конституцияға бұрын талай енгізілген өзгерістердің қатарына жатпайды. Атанған заң мемлекеттің басқару жүйесіне айтарлықтай өзгеріс әкелді. Президенттң қызмет орны республикада жүргізіліп жатқан терең саяси және экономикалық қайта құруларды қамтамасыз ету, конституциялық құрлысты нығайту мақсатында белгіленеді.

1990 жылы 25 қазандағы Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясы осы кезеңнің конституциялық сипаттағы маңызды актісі болып табылады. Онда республиканың жаңа Конституциясын дайындау үшін негіз ретінде маңызы жарияланды. Декларацияда Қазақ КСР-ның басқа республикалармен бірге КСРО-ға ерікті түрде бірігетін және олармен шарт негізінде өзара қарым-қатынас құратын егеменді мемлекет болып табылатындығы бірінші рет жарияланды.

Сонымен бірге Декларацияда: «Қазақ КСР-ы ұлттық мемлекетті қорғау, сақтау және нығайту жөнінде шаралар қолданады» деп алғаш рет ұлттық мемлекеттік туралы жария етілді, онда қазақ ұлтының және Қазақстанда тұратын басқа ұлттардың Қазақ КСР-ның мемлекеттілігініңең маңызды міндеттерінің бірі екендігі белгіленді.

Декларация - Қазақ КСР-ның бұрын буржазиялық саяси институт ретінде үзілді-кесілді теріске шығаратын билік бөлісу принципін бірінші реет жарияланған акт.

Заң шағару билігі жоғарғы кеңеске беріледі, ал Президент республика басшысы болады және жоғарғы атқарушы билікті иеленді. Сот билігі жоғарғы сотта болды.

Декларация Қазақстан аумағындағы бүкіл экономикалық және ғылыми-техникалық, барлық табиғи ресурстары тек Қазақ КСР-ның меншігінде болатынын жариялады.

Декларацияда мемлекеттің әлеуметтік негізінің анықтамасы таптық көзқарас жоқ. Қазақ КСР конституциясының 1 бабындағы «жұмысшылар», «шаруалар», «интеллигенция» түсініктері заң нормаларынан алынды. Халық егемендік пен мемлекеттік билікті ұстаушы деп жарияланды.

Қазақ КСР-і халықаралық қатынасқа тәуелсіз субъект ретінде қатысу құқығын алды. 1978 жылы Конституция бойынша Қазақ КСР-нің сыртқы істер министрлігі болса да жеке халықаралық аренаға шыға алмады. Конституцияның 28 бабына сәйкес Қазақ КСР өзінің ішкі саяси қызметінде КСРО Конституциясымен белгіленген ішкі саясаттың міндеттеріне, мақсаттарына және принциптеріне сүйенуі қажет болды.

Осылайша, Қазақстанда тәуелсіздікті жариялағанға дейін 1 жылдан көп уақыт ішінде Конституциялық сипаттағы актілер қабылданды. Олар КСРО Конституциясының негізгі нормаларының әрекетін тоқтатты және жеке, тәуелсіз дамудың бастауына жол салды. Қазақ КСР 1978 жылғы Конституциясына қабылданған әр түрлі заңдар мағналы өзгерістер енгізді. Бұл 1990 жылы 20 қарашадағы «Мемлекетік билік пен басқару құрылымын жетілдіру туралы» Заң. Конституцияға Президент атқару биліктің басшысы болады, Министрлер кеңесі Министрлер кабинеті болып ауыстырылып, оны жоғарғы кеңес бекітеді деген жағдайлар енгізілді. Конституция Қазақ КСР өзінің барлық жоғарғы билік органдарындағы сұрақтарды шешуге қатысады. Оларды бұрын КСРО шешкен болатын.

Маңызды конституциялық мағналы 1991 жылы 15 ақпандағы «Жергілікті өзін басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті Кеңесі туралы» Заңы да иеленді. Осы заңға сәйкес Қазақ КСР-нің 1978 жылғы Конституциясына қосымша өзгертулер енгізілді. Заң жергілікті өзін басқару жүйесіне халық депутаттарының жергілікті кеңесін, аумақтық қоғамдық өзін басқару органдарын, жергілікті референдумдар, жиналыстар, азаматтардың конференцияларын енгізді және олар Кеңес тарағанға дейін әрекет етті.

Конституциялық заңдардың қалыптасуының екінші кезеңі 1991 жылы 10 желтоқсанда «Қазақ Советтік Социалистік Республикасы атауын өзгерту туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдаумен басталады. Заң конституциялық деп аталмаса да, ол шындығында сондай болды, өйткені Қазақ КСР конституциясына және мемлекеттік егемендік туралы Декларацияға өзгерістер енгізді. Мұнымен бірге мемлекеттік ұйымдастырудың идеологиялық негізі алынды. 1991 жылы 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заң қабылданды, онда Республиканың тәуелсіздігі жарияланып, «Қазақ халқының еркін көрсетіп, қазақ ұлтының өзін айқындау құқығы бекітілді».

Бұл Конституциялық заңда алғаш рет тәуелсіздік жарияланып, онда тәуелсіз мемлекеттерге тән элементтер бекітілді: ортақ азаматтық, территориялық мемлекеттік органдардың өзіндік жүйесі, өзіндік экономикалық жүйе, өзінің қарулы күштерінің болуы.

Бұл кезеңде бұл конституциялық заңмен бірге Қазақ КСР Конституциясы нормалары және КСРО мен Қазақ КСР заңдары әрекететті, өйткені олар мемлекеттік тәуелсіздік туралы заңға қайшы келмеді.

Сонымен қатар бұл кезеңде 1978 жылы Конституцияға мағналы өзгерістер енгізген бірнеше конституциялық заңдар қабылданды. 1991 жылы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заң КСРО азаматтығын және қос азаматтық институтын жойды. Бұл заңмен Қазақстан Республикасының азаматтығын алудың жаңа негізі бекітілді.

Осы енгізілген өзгерістер мен қосымшалардың ешқайсысы одақтың республика Конституциясының егеменді мемлекет конституциясының талаптарына сай келмейтінін көрсетті. Осыған байланысты 1991 жылы маусымда Конституциялық комиссия мен жаңа Конституцияның жобасын дайындауға жұмыс тобы құрылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның банктік жүйесіндегі ипотекалық несиелеудің қазіргі жағдайы
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеудің қазіргі жағдайы және даму үрдісі
Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ – ҰЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖЕТЕКШI САЛАСЫ
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу жүйесін жетілдіру бойынша ғылыми-теориялық және тәжірибелік ұсыныстар дайындау
Тұрғын үйді ипотекалық несиелеу механизмінің тұжырымын жасау
Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары
Қазақстан Республикасының тұрғын үй құрылысы жүйесін дамытудағы аналитикалық талдау (ОҚО мысалында)
Конституциялық құқық саласы ретінде
Қазақстан Республикасындағы жылжымайтын мүлік рыногының даму мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz