Қазақстан Республикасының конституция лық құқығы туралы түсінік және оның мәні


КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯ ЛЫҚ ҚҰҚЫҒЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ МӘНІ
Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының жетекші саласы, еліміздің қоғамдық және мемлекеттік құрылысының негіздерін, жеке адамның құқтық жағдайын, мемлекеттік және жергішкті өзін-өзі басқару органдарының құқтық мәртебесін баянды ететін маңызды құқтық нормалар жиынтығы.
Конституциялық. Құқық, ең алдымен, қоғам мен мемлекет құрылысының айқындайтын негізгі қағидаттары баянда етеді . Бұл қағидаттарда біздің мемлекетіміздің сапалық сипаттамасы - басқару мен мемлекеттік кұрылым түрі, егемендік, биліктің халыққа қатыстылығы, қоғамның саяси, экономикалық және әлеуметтік саласы қызметінің жалпы негіздері көрініс тапқан.
Конституциялық құқтың мәні сонымен бірге адамның қоғам мен мемлекеттегі жағдайын, оның Қазақстан Республикасы азаматтығына қатыстылығын, негізгі құқықтарын, еркіндігі мен міндеттерін айқындайтын қатынастарды да қамтуында.
Конституциялық құкықтың мәніне мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық мәртебесі, оларды ұйымдастыру мен қызмет қағидаларын айқындайтын қоғамдық қатынастарды реттеу де жатады. Конституциялық реттеу арқылы мемлекетті тиімді басқару қам-тамасыз етіледі және мемлекет пен оның органдарының едәуір маңызды функциялары айқындалады.
Осылайша Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының мәні қоғам мен мемлекет құрылысын, жеке адамның кұқықтық мәртебесінің негіздерің және мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтық жардайын айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастарды құрайды.
Констиуциялық құқық тәсілдерін дегеніміз - ол конституциялық құқықтық нормалардың қоғамдың қатынастарға және оған қатысушыларға кұқықтық әсер ету тәсілдері мен кұралдарының жиынтығы. Конституциялық құқыққа мына тәсілдер тән: 1) құқық беру әдісі , яғни конституциялық-құқықтық қатынастарға қатысушыларға құқықтар беру; 2) рұқсат ету әдісі, яғни субъектіге құқтық норма шегінде қалауы бойынша әрекет етуге рұқсат ету; 3) міндеттеу әдісі , яғни құқық субъектісіне міндеттер бекіту; 4) тыйым салу әдісі, яғни құкық субъектілеріне қандай да бір заңсыз әрекет етуге тыйым салу. Конституциялық құқық әдісінің маңыздылығы сол, ол арқылы қоғам мен мемлекеттің қалыпты тірішлігі қамтамасыз етіледі, халық билігіне, жеке адамнын құқықтары мен бостандығына кепілдік беріледі.
Конституциялық құқықтың нормалар - мемлекет белгілейтіи маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін жалпыға бірдей міндетті тәртіп ережелері. Құқықтың басқа салаларының нормаларымен салыстырғанда, конституциялық-құқықтық нормалар:
- реттеуге бағытталған қоғамдық қатынастардың мәнімен байланысты өзінің мазмұнымен;
- баяндалған деректерінен. Олардың ең маңыздылары Конституцияда - мемлекеттің Негізгі заңында көрініс тапқанымен;
- құрылымының ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Конституциялық-құқықтық нормаларға тән емес дәстүрлі түрде бөлініп алынатын үш сатылы құрылым: гипотеза, диспозиция және санкция. Әдетте, конституциялық құқық нормасының құрылымында гипотеза (норма қандай жағдайларда өз күшіне енетінін көрсететін норма бөлігі) және диспозиция (құқық субъектілерінің тәртіп ережелерін қалыптастыратын норма бөлігі) болады. Санкция оның бұзылғаны үшін ықпал ету шаралары белгіленетін норма бө-лігі ретінде конституциялық-құқықтың нормалар құрылымында тек жекелеген жағдайларда ғана кездеседі.
Конституциялық-құқықтың нормаларда тиянақталатын нұсқаулардан сипаты бойышпа құқық беру, міндеттеу және тыйым салу нормаларын бөліп көрсетеді:
- құқық беру нормалары субъектілердің оларда көзделген әрекеттерді жүзеге асыру құқығын баянды етеді;
- міндеттейтін нормалар құқық субъектілерінің өз іс-әрекетін осы нормалар талаптарымен үйлестіретін міндеттерін баянды етеді;
- тыйым салатын нормалар ұйғарымдарында белгілі бір әрекеттерге тыйым салуларды қамтиды.
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының қайнар көзі дегеніміз - конституциялық-кұқықтық нормаларды қамтитын қолданымдағы нормативтік-құқықтық актілердің жиынтығы. Осындай актілердід түріне байланысты олар мынадай түрлерге жіктеледі:
- 1995жылы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылдаған Қазақстан Республикасының Конституциясы. Мемлекеттің барлық нормативтік-құқықтық актілері осының негізінде және соған сәйкес қабылданатын конституциялық құқтың басты қайнар көзі. Конституция нормалары Негізгі заң ретінде еліміздің барлық құқықтың жүйесі үшін негізгісі болып табылады, басқа құқықтық нормалармен салыстырғанда басымдыққа және жоғары заңдық күшке ие. Заңдар мен басқа да құқықтың актілер Конституцияға қайшы келмеуге тиіс;
-Конститудияда көзделген мәселелер бойынша қабылданатын конституциялық заңдар. Атап айтқанда, "Қазақстан Республикасының Президенті туралы", "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" және т. б. заңдар;
- Заңдар - конституциялық құқық нормалары бейнеленетін нормативтік актінің едәуір қен тараған түрі. Оларға "Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы", "Қазақстан Республикасының еңбек туралы", т. б. зандары жатады;
- Конститутциялық-құқықтық нормалар қамтылған Парламент пен оның палаталарынын қаулылары;
- Қазақстан Президентінің конституциялық-қүқықтық мәселелерге арналған Жарлықтары;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің Конституциялық Кеңесінің. Жоғарғы сотының және Орталық сайлау комиссиясының конституциялық-құқтық нормалары қамтылған қаулылары;
- Жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың, аумақтық сайлау комиссияларының және т. б. шешімдері.
Бұдан, көріп отырғанымыздай, конституциялық құқықтың қайнар көздерінің саны өте ауқымды, бірақ олардың жоғарыда көрсетілген түрлері тұрақты болып табылады.
Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық жүйесі - олардың нормаларының арасында болатын байланыстардан туындаған конституциялық құқық саласынның ішкі құрылысы, олардың дифференциациясы мен белгілі бір конституциялық-құқықтық институттарға ықпал етуін айқындайды.
Конституциялық-құқықтық институт - бірыңғай қоғамдық қатынастарды реттейтін біртекті конституциялық-құқықтық нормалар жиынтығы. Осыған байланысты конституциялық құқық жүйесінде, ең алдымен, конституциялық құрылыс, жеке адамның құқықтық жағдайы, мемлекет пен өзін-өзі басқару органдарының құкықтың мәртебесіннің негізгі институттарын бөліп көрсетеді. Осы негізгі конституциялық-құқықтың институттар күрделілігі едәуір төмен институттарды қамтиды. Мысалы, жеке адамның кұқықтық жағдайы негіздерінің институттары: азаматтық құкықтар мен бостандықтар; жеке адамның міндеттері; құқықтар мен бостандықтар кепілдіктері, т. б. институттарды қамтиды. Тұтастай алғанда, барлық конституциялық-құқықтық институттар бір-бірімен органикалық байланыста және Қазақстан Республикасы конституциялық құқығын реттеу мәніне кіретін қоғамдық қатынастардың құқықтық сүйемелденуін кешенді түрде қамтамасыз етеді.
Осылайша констнтуциялық құқық Қазақстан Республикасының қолданымдағы ұғымының жетекші саласы болып табылады. Оның мәніне конституциялық құрылыстың негіздерін, жеке адамның мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару органының құқықтық мәртебесін айқындайтын маңызды қоғамдық қатынастар жатады. Конституциялық құқық мәні - маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекет белгілеген жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерін білдіретін коиституциялық-құқықтық нормалар ерекшелігін айғақтайды.
Конституииялық-құқықтық нормалар коиституциялық құқықтың қайнар көздерінде - қолданымдағы нормативтік құқықтық актідерде - Конституцияда, заңдарда, жарлықтарда, т. б. көрініс табады. Конс-титуциялық құқықтың барлық нормалары конституциялық-құкықтық институттарға біріге отырып, біртұтас жүйе құрайды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМ ЖӘНЕ АЗАМАТ ЖАҒДАЙЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. Қазақстан Республикасындағы адам және азаматтың құқықтық мәртебесі. Жеке адамның құқықтық жағдайы негіздерінің институтына Қазақстан Республикасы Конституциясындағы Адам және азамат" деген II бөлімнде іргелі сипаттама берілген. Мемлекетіміздің конституциялық кұрылысының маңызды негіздерінің бірі-адамның мемлекетімізің; баға жетпес құндылығы сайалуында.
Жеке адамдық құқықтық мәртебесі негіздерін баянды еткен Конституция қоғамдағы адам мен азаматтың және мемлекеттің жағдайын, жеке адамның негізгі кұкықтарын, бостандықтары мен мендеттерін сақтауды, оның құқықтары мен бостандықтарына кепілдігін және Қазақстан Республикасы азаматтығы қағидаттарын айқындайтын едеуір маңызды бастауларды көрсетеді.
Жеке адамның құқытық мәртебесі құрылымына мыңадай элементтер: жеке адамнық құқықтық мәртебесінің қағидаттары; Қазақстан Республикасының азаматтығы институты; жеке адамның құқықтары; бостандықтары мен міндеттері кіреді.
Жеке тұлғаның құқытық мәртебесінің қағидаттары - ол мемлекет пен жеке адам қарым-қатынасының негізінде тұжырымдалған және қоғамдағы жеке адам мен мемлекет жағдайының мәні мен сипатын білдіретін жетекші идеялар. Жеке адамның құқықтық мәртебесі негізделетін конституциялық қағидаттарды: адам мен азаматтың тең құқықтың қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының абсолюттігі мен оқшауланбайтындық қағидаттарын; гуманизм қағидатын; жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілділігі кағидаттарын бөліп көрсетуге болады.
- Қазақстан Республикасының азаматтығы; Қазақстан Республикасы азаматтығының түсініктері мен қағидаттары - азаматтың мемлекетпен тұрақты саяси-құқықтық байланысы, олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын білдіреді. Азаматтық институт нормалары Конституцияда, қазақстандық азаматтық қағидаттары: әркімнің Қазақстан Республикасы азаматтығына қүқығын; оның алыну негізіне қарамастан, Қазақстан Республикасының біртұтас және тең құқылы азаматтығын;
Қазақстан азаматының басқа мемлекет азаматы болуын мойындамау; Қазақстан Республикасы азаматтығынан айыруға тыйым салу және т. б. белгіленген. Бұл 1991 жылғы 20 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының азаматтығы" туралы заныңда жарияланған.
Азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан республикасының азаматтығы мынадай негіздер бойынша алынады:
- туылуы бойынша. Азаматтық туралы заңның 11-бабына сәйкес ата-анасының екеуі де бала туылған сәтте Қазакстан Республикасының азаматтығында болса, туған жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Бала туылған сәтте ата-аналардың біреуі ғана Қазақстан азаматтығында тұрып, азаматтықтары әр түрлі болғанда, егер ол Қазақстан Республикасы аумағында немесе оның шегінен тыс жерде туып, бірақ ата-аналары немесе олардың біреуі сол кезде Қазақстан Республикасы аумағында тұрақты мекен-жайға ие болса, бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz