Кекілбайұлы Әбіш


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған.

1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекеннен баз кешіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Макачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады.

Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді.

Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды.

Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.

1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі. «Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді.

1965-68 жылдары ҚазССР Мәдениет министрлігінде,

1968-70 жылдары Кеңес армиясының қатарында,

1970-75 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор,

1975-84 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі,

1984-86 жылдары ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары,

1986-88 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы,

1989-90 жылдары ҚазССР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы,

1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі.

1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы,

1992-93 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы,

1993-95 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.

1994-95 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы,

1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді.

2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты. Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады.

Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.

Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ»,

1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды.

2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді.

2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.

Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды.

ТУҒАН ЖЕР

Өстім қырда, қиырда,

Естімей орман шуылын.

Жүзімді қақтап құйынға,

Селеудің тыңдап суылын.

Теңізден шетпін бұрқақты,

Тәнімді толқын көмбеді.

Сусай қалсам, су тарттым

Шыңыраудан шөлдегі.

Тақырға асық иірдім,

Құмақта қудым қозыны.

Күн жеп қойған киімнің

Иықта кеткен тозығы.

Қиып та кеткем қиясын,

Шағылын, тауын, обасын,

Шағынып тамған көз жасым

Бабамның қара моласын.

Сол кеткеннен мол кеттім,

Бармаған жерім қалмапты.

Ай сайын алыс жол шектім,

Шар тарапты шарлаппын.

Қырымнан көріп қиянды,

Ұрымнан танып ұяңды,

Бұлағыңды ойлап мұхитта,

Құрағыңды ойлап хан бақта,

Самғатқам сансыз қиялды.

Құландар жортқан құба дөң,

Қиырында әбден талықтым,

Өзіңе берген уәдем -

Өзекті өртеп, қамықтым.

Жүресің, ылғи есімде

Өзіңнен жүрек босамай.

Құлын боп ойнап төсіңде,

Боздармын шетте ботадай.

Өзгенің мұнда ісі не?

Өзің, сірә, ұғарсың.

Пейіште де түсіме

Сен кіретін шығарсың.

1959.

Қайран дүние-ай, қалай ғана дәт табам,

Гүл райханды иіскемей аңқыған.

Тәнім құрсын сүңгімеген, батпаған

Кәусарына айдын көлдің шалқыған.

Алқорыдай албыратып ажарын,

Шырын сорсам, асай қауып, анарын.

Тарс жауып тас қақпадай жанарын,

Тапамасам, қалай тарқар базарым?!

Қақым бар ғой бақ мәуесін жұлуға, --

Жаратқанның өзі ұсынған ырысын.

Тап-тап беріп тал шыбықтай сұлуға

Талықсытпайтын тақуа дәурен қүрысын.

Онсыз жастық - өшкен күн ғой жылусыз,

Бұл мін емес, о жарандар, өзге мін:

Тамсанғанды айып көрме, сұлу қыз,

Тәтті болып жаралғасын өздерің.

1959.

Жайқала өскен жауқазынның ажарын,

Көрмей бірден, не бітірдің, жанарым?

Көкіректің думан тойлы базарын

Көрмей бірден, не бітірдің, жанарым?

Шәрбат судың шапшып атқан бұлағын

Сезбей бірден, не бітірдің, құлағым?

Махабаттың атойлаған ұранын

Сезбей бірден не бітірдің, құлағым?

Шарпығанын жас жүректің оты кеп,

Түймей бірден, не бітірдің, көкірек?

Жазаларын өкініштің соты кеп,

Түймей бірден, не бітірдің, көкірек?

. . . Дүниеде арманымдай жан барын

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғам және мемлекет қайраткері, қаламгер, драматург, философ, сыншы Әбіш Кекілбайұлының өмірі және қызметімен танысу
Әбіш Кекілбаевтың шығармашылығы
Әбіш Кекілбаев мемлекет қайраткері
Шандоз шығармасының жаңа танымдарын зерттеу
«Әбіш Кекілбаев – жазушы, қоғам қайраткері»
Ұлттық публицистика дәстүрі
Әбіш Кекілбайұлы
Қазақ әдебиеті
Ағасың елге аяулы!
Сыр десте - сырлы дүние
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz