Кәсіпорынның бәсекеге қаблеттілігін бағалау


Кәсіпорынның бәсекеге қаблеттілігін бағалау
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір факторлардың ықпалымен қалыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:
- жаңалық;
- сапалық;
- пайдалану сенімділігі;
- көркемдеу, мәнерлеу;
- буып-түю;
- энергияның жұмсалуы.
Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тұтынушылар қабілеттеріне және тауар бағасына байланысты.
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі дегеніміз кәсіпорынның экономикалық, техникалық, ұйымдастыру мүмкіндіктері және оның өз бәсекелестері алдындағы артықшылықтары.
Кәсіпорынның әлеуетті мүмкіндіктері бәсеке кезінде айқын көрінеді. Ол кәсіпорында:
- өндіріс шығындарын азайтуға;
- өнім сапасын жоғарылатуға;
- жоғары табыс, пайда табуға ұмтылдырады. Машина және техниканың технологияльщ деңгейдегі белгілері:
- жаңа атқарымды қорлар;
•сенімділік;
- компактілік;
- аз қалдықты;
- энергияныңжұмсалуы.
Кәсіпорынның монополияға қарсы саясаты бірнеше бағыттарда жүргізіледі:
- Рентабельділіктің шекті мөлшерін белгілеу арқылы толық реттеу.
- Құрылған бірлестіктер, кәсіпорындар және холдингтік компанияларды бақылау арқылы жаңа монополиялық құрылғандарға ескерту жасау.
Нарықты экономика кезінде кез келген кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін төменде келтіріліп отырған кестелерден анықтауға, оларды өзара салыстырулар арқылы қалай және қандай жолдармен жүзеге асырылатындығын байқауға болады.
Бәсеке жөнінде жалпы мағлұмат
Бәсеке жөнінде нені білу керек.
(ақпарат)
Жалпы сату көлемі
Негізгі нарық буындарындағы сату
көлемі.
Негізгі нарық буындарындағы
үлестері.
Маркетинг кызметінің шығындары.
Бәсекенің күшті және әлсіз жақтары
Параметрлері, салыстыру бағыттары
Өзі кәсіпорынның кажеттілігімен салыстыра бағалау
1
1: Өнім
>көлемі және ассортименті
>сапасы
>көркемдеу, мәнерлеу
>сервис
>кепілді қамтамасыз ету
> кайтару мүмкіндігі
2. Баға
>баға саясаты
>жеңілдіктер
>төлем шарттары
>қаржыландыру шарттары
3. Жылжыту
>Жарнама
>сатудағы ынталандыру
>«Паблик рилейшнз"
>өткізу каналдары
>көлік кұралдары
Фирма бәсекеге қабілеттілігін көтеруде «жоғарғы гуманитарлық технологиялар» маңызды рөл атқарады. Бұл дегеніміз - гуманитарлық ғылымдар саласындағы ноу-хау жаңалықтары.
Оларға маркетинг технологиясын, маркетинг зерттеу әдістерінің жиынтығын, қоғаммен және мемлекеттік органдармен байланысты жатқызуға болады. Маркетингтік зерттеудің жаңа әдістерін қолдана отырып, компания тұтынушы, нарық, сұраныс және олардың параметрлері түсінігі ретінде айтарлықтай бәсекелік артықшылықтарға ие болады. Бәсекелік артықшылықтарды табуға және олармен қатамассыз етуге мүмкіндік беретін әдістер және мықты бәсекеге қабілеттілік тетігі бенчмаркинг болып табылады. Бенчмаркинг ағылшын тілінен аударғанда стандарт деген мағынаны көрсетеді, Ол бәсекеге қабілетті фирмалардың ең жақсы бизнес прцестерін зеттеп өзіне бейімдеу арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Кәсіпорындар мұны қолдана отырып, жақсы әдістер мен жаңа технологияларды өз өндірістеріне енгізе алады. Қазақстанда бенчмаркинг философиясы әлі танымал бола қойған жоқ. «Филип Моррис», «COCA - COLA» сондай-ақ PRG - Botllers «Әсем - Ай» компаниялары бенчмаркингті қолдануға талпыныс жасауда, олар өз көрсеткіштерін жақсарту мақсатында бизнес сипаттамасын басқа ірі компаниялармен салыстырып өзіндік бағалау жүргізуде. Жарнамаға кетекн шығындар және олардың тиімділігі де бәсекеге қабілеттіліктің параметрі болып табылыды. Дамыған елдердегі сату көлеміндегі жарнама бюджеті 1% - 30% ке дейін ауытқиды, ал отандық кәсіпорындардың көбінде бұл көрсеткіштер негізінде 1% тен- аспайды. Тиімді маркетингтің ақпарат жүйесінің болуы да және бәсекеге қабілеттілікті көтеру факторларына жатады. Қазақстандық көптеген кәсіпорындарда өндірушілер, бәсекелестер, баға және тағы басқа көрсеткіштер туралы нарықтық ақпараттар әлі де жетіспейді. Қолда бар ақпараттарға негізделген шешімдерді жылдам және дұрыс қабылдау бәсекелестер алдындағы баға жетпес ерекшелік болып табылады.
Қорыта айтқанда, біздің республикада өткізіліп жатқан нарыққа көшу сапа және өнімнің бәсекеге жарамдылығы жөніндегі мәселеге жаңадан қарауға мәжбүр етеді. Егер бүгін емес, ол ертең бәсекелестік нарығының дамуы өнімнің сапалық даму серпінін және деңгейін арттыруға еріксіз көндіретін болады. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігі тек нақты нарық жағдайында қарастырылады. Нарықтық экономиканың негізгі қозғаушы күші - бәсеке. Бәсекені жүргізу тәсілдері бойынша оның бағалық және бағалық емес болып бөлінетіндігі белгілі. Соңғы жылдары бағалық емес бәсекенің ролі өсіп отыр және бәсекелік күресте алдыңғы орынға өндірілетін өнімнің сапасы шығады. Бұл тұрғыдан жаңа индустриалды елдердің тәжірибесі ден қоярлық. Олардың қатарына Қытай, «төрт азиаттық барыс» елдерін (Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань) және кейбір басқа да шығыс азия елдерін жатқызуға болады. Өнім сапасының өсуі бұл елдерде 70-ші жылдардың ортасында басталды. Ұзақ уақыт бойы жалақыға төменгі ставкалармен және жоғарғы еңбек өнімділігімен түсіндірілді. Көптеген азия елдері өнім сапасын жоғарылату үшін «жапондық ақаусыз өндіріс принципін» қолданады. Ақаусыз өндіріс кәсіпорынға сапаны кешенді басқаруды енгізуді көздейді. Сапаны кешенді басқару кәсіпорынның барлық бөлімшелерін қамтиды. Сапаны басқару өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде жүзеге асырылады. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігі мен сапа мәселесі шетелдерде мемлекеттік деңгейге дейін көтерілген /8/.
Салалық ғылыми-техникалық ұйымдарды қайта құру ғылыми сыйымды және жоғарғы технологиялы өнім өндірісінде ғылым мен өндіріс интеграциясына негізделуі қажет. Мұнда ғылыми потенциалды қайта құрудың маңызды бағыты ғылыми-техникалық сферада кіші кәсіпкерлікті дамыту. Мысалы, прогрессивті ғылыми техникалық идеяларды меңгеріп, коммерциялық табысқа дейін жеткізетін кішігірім инновациялық венчурлық кәсіпорындарды құру олардың өз еңбегіне негізделеді. Осы жерден бизнес-инкубаторларды дамытуға болады. Венчурлық фирмаларсыз елдің бәсекелік қабілеттілігін құрудың негізін құрайтын экономиканың ғылыми сыйымды секторын қалыптастырудың тиімді жолын пайдалану мүмкін емес.
Өнімнің бәсекелік қабілеттілігін бағалау нәтижелері жөнінде шешім қабылданатын бәсекелік қабілеттіліктің кешенді критерийі. Мысал ретінде бәсекелік қабілеттілік деңгейі, тауар рейтингін айтуға болады. Бәсекелік қабілеттілік факторы - бәсекелік қабілеттіліктің бір немесе бірнеше критерийлерін өзгерту үшін қажетті және жеткілікті болатын тікелей себептер. Өнімнің бәсекелік қабелеттілігінің жекелеген критерийлерінің мәнінің төмендеу себептерін талдау және бәсекелік қабілеттілікті арттыратын факторларды белгілеу, яғни факторлық талдау кәсіпорын қызметіндегі маңызды сәт. Факторлық талдау жаңа өнімді игеруде жүргізілетін бәсекелік қабілеттілікті бағалаудың жалпы схемасының бір бөлігі болып табылады
Бәсекелік қабілеттілікті қалыптастыру - тауарды жасау мен оны тұтынушыға қозғалысының барлық кезеңдерінде оның қажетті деңгейін белгілеу, қамтамасыз ету және қолдау. Тауардың қажетті сапасын қамтамасыз ету үшін келесі факторларға ықпал етіледі:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz