Қазақстан қорығы


Ақсу-Жабағылы қорығы

Ақсу-Жабағылы қорығы - Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстан тұңғыш қорық. Ол 1926 ж. құрылған. Құрамында Қаратаудағы «Қарабастау» (126 гектар) және «Әулие» (100 гектар), телімдері бар. Жерінің ауданы 128118 гектар (2007) . Қазір Ақсу - Жабағалы қорығы ЮНЕСКО жасаған дүниежүзілік қорықтар тізіміне енген.

Қорық бірнеше биіктік белдеуде жатыр. Тау өңірінде бидайық, түрлі шөптер, боз жусан, жоғарысында селдір арша орманы, субальпі және альпі шалғыны өседі. Одан жоғарысын мұздықтар мен көп жылдық қар жапқан. Ақсу - Жабағылы қорығының жерін Ақсу өзенінің аңғары (тереңдігі 500 м-дей) жарып өтеді. Өсімдіктер дүниесі әралуан. Онда мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400 (дәрі-дәрмектік өсімдіктерден: қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны), техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жемшөптік өсімдіктен жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені түрлері бар. Қорықтың жануарлар әлемі де өте бай: сүтқоректілердің 42 (арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т. б. ) ; құстардың 238 (гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т. б. ) ; бауырымен жорғалаушылардың 9 (алай жалаңкөзі, сары бауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т. б. ), қосмекенділердің 2 (жасыл құрбақа және көлбақа) және балықтың 2 түрі тіршілік етеді. Омыртқасыз жәндіктердің де алуан түрлері осы өңірде қоныстанған. Ақсу - Жабағылы қорығы - табиғаттың нағыз ғылыми лабораториясы, онда ғылыми-зерттеу жұмыстары үзбей жүргізіледі

Наурызым қорығы

Наурызым қорығы- Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық. 1931 жылы ұйымдастырылған (320 мың га), 1966 жылы ауданы ықшамдалып (87, 7 мың га), қайта құрылды. Оған Терсек (көлемі 4, 7 мың га), Сыпсың (көлемі 7 мың га) және Наурызым (көлемі 37, 2 мың га) орман алқаптары мен Жаркөл, Ақсуат, Сарымойын көлдері енеді. Олардың үлесіне бетегелі-жусанды 5 мың га тың жазық дала кіреді. Қорық орналасқан аумақтың климаты континенттік; қысы - суық, ызғарлы; жазы - ыстық. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200 - 250 мм. Топырағы құмайтты. Мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т. б. ) өседі. Қорық жан-жануарлар дүниесіне бай: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді. Сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т. б. мекендейді. Қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады. Бұл аймақта су көздерінің мол болуы көктемде жыл құстарының ұшып келуіне, ұя басуына мүмкіндік береді. Қорықта “Табиғат мұражайы” жұмыс істейді.

Алматы қорығы

Алматы мемлекеттік табиғи қорығы 1931 жылы Алматы облысында, Іле Алатауының орталық бөлігінде ашылды. Қорықтың ауданы 71, 7 мың га. жерді құрайды. Қорық теңіз деңгейінен 1200 - 5017 метр биіктік аралығында орналасқан. Шекарасы Оң Талғар және Сол Талғар өзендерімен шектеледі. Алматы қорығының 30% аумағы мұздықтардан тұрады.

Қорықтың мақсаты

Алматы қорығы Солтүстік Тянь-Шаньдағы табиғи кешендерді зерттеу мен сақтау мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, демалыс пен туризмді дамыту мақсатында да халыққа қызмет етіп келеді.

Қорық жайлы

Қорық таулы аумақта болғандықтан оның ерекшеліктері тауға байланысты болады. Алматы қорығында жапырақты ормандардан бастап, қылқан жапырақты, бұта тәріздес аршаларға дейін бар. Таудың 1600 м-ге дейінгі биіктігінде жапырақты орман, жабайы алма ағаштары және жабайы өрік ағаштары бар. 1600 м - 2800 м аралығындағы биіктікте шыршалардан тұратын қылқан жапырақты орман кездеседі. 3500 м-ге дейінгі биіктікте бұтақ тәріздес арша қылқанжапырақты орман болады. Ал одан ары қарайғы жоғарғы жақта құздар мен мұздықтар бар.

1964 жылы құрылған. Аумағы 71, 7 мың гектарға жуық, әр түрлі ландшафт зоналарында жатыр. Бұған мәңгі кар мен мұз жамылған, беткейлері шөптер мен ағашқа бай Іле Алатауы мен жағасында құмды шөлі бар Іле өзенінің атақты «әнші тауы» Аққұм-Қалқан (биіктігі 100 м-ден асатын құм тобе) жатады. Көктеректі нудан тұратын жапырақты ормандар, долана, жабайы алма және өрік ағаштары 1800-2000 м биіктікке дейін көтеріледі. 2500 м биіктіктен жоғарыда Тянь-Шань шыршасынан тұратын шыршалы орман белдеуі орналасқан. Одан да жоғары, қарлы-мұзды белдеуде, субальпі және альпі шалғындары болады. Қорықтың жануарлар дүниесі алуан түрлі, мұнда 39 түрге жуық сүтқоректілер мен 200-ден астам құстардың, 965 өсімдік түрі бар. Шыршалы орманда бұғы, елік, Тянь- Шань сілеусіні, барыс, борсық, түлкі, қасқырлар мекендейді. Орман шекараларындағы биік шыңдар мен құздарда арқар мен таутеке көп. Соңғы уақыттарда корықта тиін, сасық күзен өсірілетін болды. Қорықта құстардың ең көбі: ұлар, кекілік, бұлдырық, Іле өзенінің бойындағы тоғайларда қырғауылдар, тарғактақшар мекендейді.

Барсакелмес қорығы

Барсакелмес мемлекеттік табиғи қорығы 1939 жылы Қазақстанның Қызылорда облысы Арал ауданында 50 884 гектар жерде құрылған. Бүгінде қорықтың құрылымдық бөлімшелері «Барсакелмес» және «Қасқақұлан» атауы бар кластерлік учаскілер, сонымен қатар «Дельта» (Сырдарияның кіші атырауы) болып табылады. Аталмыш жерді сонау 1929 жылдан бастап қорғай бастаған, ол, Барса - келмес аралында аңшылық шаруашылық ұйымдастырылғаннан соң, сайғақ, ор қояндарын, сұр құрларды, сырдария қырғауылдарын әкелуден басталған. 1953 жылы қорықтың аумағында Бахыздан әкелінген түркмендік құландар, кейінірек, қабандар, құмды сарышұнақтар, құмқояндары, үй қояндары пайда бола бастады.

Барсакелмес - экологиялық апат аймағында орналасқан әлемдік қорық территориясына жатады (Арал теңізінің деңгейі бірте-бірте төмендеуде) .

Ғалымдар нақ осы жерде Арал теңізі-көлінің үдерістерін түсінуге тырысуда.

Бүгінде Барсакелмес Республикалық ҒЗИ, Жапония, Германия, Ресейдің зоологтары, орнитологтары және биологтары жыл сайын зерттеулер жүргізетін, өзгеше зертханалардың біріне айналды. Барлық зерттеулер қорықтағы барлық тірі жандарға аралдық экологиялық апатының салдары және зардаптары деген тақырыпқа байланысты.

Барсакелмес қорығының флора мен фаунасы ғажайып. Өсімдіктердің 256-дан астам түрлері және малдар, аңдар, сүтқоректілер және қос мекенділер өмір сүреді. Теңіздің құрғауына байланысты сирек кездесетін балықтардың түрлері жойылып, жаңа өсімдіктер мен малдар кездесіп жатыр.

Қазіргі таңда, қорықтың аумағында 40 астам сүтқоректілер өмір сүреді: құландар, қарақұйрық, ергежейлі қосаяқ Қызыл кітапқа енгізілген. шөлейт жануарларының ішінде қарсақ, орқояндары, Гептнера тышқаны, шөлейт - сарышұнағы, қалтауыз, қасқыр және түлкілердің саны көп.

Қорықта жылдың түрлі маусымына байланысты құстың 23 түрі кездеседі. Бұл, бұйра бірқазан, кіші ақ тырна, сары тырна, сұр құтан, қарабасты күлегеш, сұңқылдақ аққу, тарлан, дала бүркіті, ақ сұңқар, қара жемсаулы маймақ қаз, ақ жемсаулы маймақ қаз, қоқиқаз, қарақұс, шүрегей,

Аралдың сәні және көптеген аңдардың мекендейтін орны қара сексеуілден құрылған шөлейт ормандары.

Қорғалжың қорығы

1968 жылы құрылған. Қорык Ақмола облысының 259 мың гектар жерін алып жатыр. Оған тың даланың (38 мың гектар) қол тимеген, түрен түспеген жерлері, сондай-ақ Қорғалжың және Теңіз (199 мың гектар) көлдері кіреді. Бұл жерлер дүниежүзілік маңызы бар су қоймасы мен жайылымдар тізіміне енгізілген. Қорықтың жануарлар дүниесі дала зонасына тән. Сүткоректілердің 41 түрі, құстардың 299 түрі, балықтың 14 түрі, өсімдіктің 343 түрі кездеседі. Олар: суыр, дала алақоржыны, су егеуқұйрығы, қосаяқтар және басқалар. Қорғалжың көлінің қамыс нуларында қабандар мекендейді. Құстың 120 түрі үя салады. Көл жиегінің кара суларында үйрек, қаз және басқа суда жүзетін құстар сансыз көп. Теңіз көлінде мыңдаған қоқиқаз ұя салады. Бұл дүние жүзінде сирек кездесетін, ең солтүстікке ұя салатын құс. Қорғалжың көлдерінде үшкір тұмсықты сұқсыр мекендейді, ол балапандарын суда қалқып жүзіп жүрген ұяда басады. Содан кейін балапандарды ұзақ уақыт аркасына салып жүзеді, тіпті олармен бірге суға да сүңгиді. Теңіз-Қорғалжың көлдеріне көктем кезінде көптеген су құстары жиналады. Осының аркасында бұл қорық дүние жүзіне әйгілі болып отыр. Ол ЮНЕСКО-ның тізіміне ерекше корғалатын батпақты-шөлді ландшафт ретінде енген. Қорықта суда жүзетін құстардың тіршілігін зерттеу жөнінде үлкен ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіліп, мұражайлар, хайуанаттар бағына арналған материалдар жинастырылады.

Марқакөл қорығы

1976 жылы құрылған. Қорық солтүстігінде Қазақстан Алтайының Күршім жотасы мен оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1447 м биіктіктегі Азутау жотасы аралығындағы аса әсем Маркакөл шегінде орналасқан. Қорықтың жалпы ауданы 75 мың гектар, оның 44 мыңын көл айдыны құрайды. Өкінішке орай, шығысында 1, 5 мың гектар жер көлдің аса маңызды бөлігі бола тұрса да, қорыққа енбеген. Қорық ауданындағы климат қатаң континентті. Мұндағы Қазақстан аумағы үшін ең төмен қаңтардың орташа температурасы -26°-27°С, ал кейде аяз -55°С -қа дейін жетеді. Шілденің орташа температурасы 14°-17°С, ең жоғарғысы 30°С-қа жетеді. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 400 мм-ге жуық түседі. Көлге 27 кішігірім өзендер, жылғалар құяды, ал одан бір ғана өзен Ертістің оң саласы - Қалжыр ағып шығады. Дәрілік өсімдіктерден аралий мен «алтынтамыр» кездеседі. Қорықта сүтқоректілердің 39 түрі мекендейді, оның ішінде аю, сілеусін, бұғы, арқар, қасқыр және құстың 200-ге жуык түрі, оның ішінде қарақұтан, аққу, суқұзғындар, 5 түрлі балық кездеседі. Көлде балықтың бірнеше түрі: мөңке, майқан, талма, теңге бар. Бұлардың ішінде ең бағалысы мөңке, оның еті өте дәмді. Өсімдіктің 721 түрі кездеседі.

Үстірт қорығы

Үстірт қорығы - Қазақстанның оңтүстік-батысындағы табиғи кешенді қалпында сақтау мақсатымен 1984 жылы құрылған мемлекеттік шаруашылық.

Маңғыстау обласыңдағы Ералы ауданы жерінің аумағы 223, 3 мың га. Ол Үстірттегі Кендірлі сорын қоршаған таға пішіндес бірнеше ғажайып қыраттарда орналасқан. Мұндай қыраттар ғасырлар бойы жел, су эрозиясына ұшырап, қатты өзгерген. Сыртынан қарағанда, табиғаттың өзі салған керемет бір құрылысқа ұқсайды: мұнда пышақ кескендей тік, биіктігі 200 м-ден астам құлама жартастар, төбелері теп-тегіс не конус тәрізді мұнара сияқты төмпешіктер, ежелгі геологиялық дәуірлер куәсі - ақ, көк, қызыл қабаттардан тұратын, үстінде біздей қондырғылары бар ұлутас тәрізді “қамалдар” да жеткілікті.

Сондай-ақ қорықта ерекше бір қақпалар, аса үлкен емес қос тесікті үңгірлер, диаметр 5 м-дей домалақ тастары бар алаңдар да көп.

Бұрын теңіз түбі болған Үстіртет ежелгі заман жануарларының қалдықтары (мысалы, мүйіз сауыт, сүйек, тіс, олардың іздері), алғашқы адамдар пайдаланған қару-жарақтар табылған. Мұнда жануарлар мекендеген қоршаулар да кездеседі.

Қорықтағы жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі солтүстік шөлді аймақтарға тән.

Сүтқоректілердің 27, құстардың 111, бауырымен жорғалаушылардың 30 және өсімдіктердің 300-ден астам түрі мекендейді.

Мұнда Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген үстірт арқары, қабылан, қарақұйрық, қарақал, төртжолақты қарашұбар жылан;

құстардан: жорға дуадақ, қарабауыр бұлдырық, ителгі тіршілік етеді, суық түскенде қорықтан ақ бөкен үйірлерін де кездестіруге болады.

Батыс Алтай қорығы

Батыс - Алтай мемлекеттік табиғи қорығы Шығыс-Қазақстан облысының солтүстік-шығыс шекарасында орналасқан. Қорықтың алаңы 56078 га. Қорық Алтайдың қазақстандық бөлігіндегі тау жоталарының аумағында орналасқан. Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығының

ландшафтық кешеніне Иванов, Холзун, Көксін, Тигирецк, Линейск, Уба, Үлбі жоталарының таулы жер бедерлерінің бөлігі қосылады. Аумақтың ауа-райы континентальды жағдайда қалыптасады, бірақ тауда ауа температурасының төмендеуі мен жауын- шашынның, әсіресе, Атлантика мұхитынан келетін ауа массасы үшін ашық батыс және солтүстік- батыс беткейлерде көп болуына байланысты, бұл аудандар анағұрлым ылғалды болып келеді. Сондай- ақ таулы жер бедері атмосфералық ауа айналымы процесінің дамуына әсер етеді және теңіз деңгейінің биіктілігіне, жер қыртысының формасына, беткейлердің экспозициясына және жер беті жамылғысының сипатына қарай өзгеріп отыратын климат жағдайларының әртүрлілігін тудырады. Бұл Қазақстанда ғана емес орталық азия ішіндегі ең ылғалды жер болып саналады. Қорықтағы қар қабаты 170 күн қазан айынан сәуір айына дейін тұрақты сақталады.

Қорықтың аумағы жабайы табиғат болып саналады, онда, бірнеше өсімдік белдеулері бар;

Жапырақты орман: таулы- тайгалы; күңгіртқылқанды тайга; субальпілік, альпілік, егістік белдемдер қара топырақты. Қорықтағы кейбір өсімдіктер Қазақстанның Қызал Кітабына енгізілген: Сібір қандығы, сафлор тәрізді рапонтикум, ұсақ торлы жуа, ірі гүлді шолпанкебіс, нағыз шолпанкебіс, телпек сүйсін, алтай рауғашы, алтай гимноспермиумы, қызғылт семізот, алтай суықшөбі, алтай қасқыржидегі, қылтанды дәлен, еуропа орманоты, су қазанақ, ұсақ жемісті мүкжидек, таңдамалы плаун (сушырмауық) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркістан облысы және Жамбыл облысы
Ақсу-жабағылы қорығы
Қазақстан қорықтары жайында
Қазақстандағы қорықтар
Қорықтар
Қызыл кітап жайлы
Қорықтар - табиғат эталоны
Қазақстанның қорықтары мен бақтары туралы
Қорық ұйымдастыру ісінің болашағы
ҚОРЫҚТАР. ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР. ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz