Қазақстан Республикасы бағалы қағаздары



Кіріспе 2
ІІ. 1. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздары 3
II.2. Бағалы қағаздар портфелін басқарудағы инвестициялық портфель 10
II. 3. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы жағжайы 12
II. 4. Алматы аймақтық қаржылық орталық ретінде даму маңызы 15
II. 5. IPO Қазақстан бағалы қағаздар нарығы дамуының кезекті маңызды сатысы 19
Қорытынды 23
Пайдаланған әдебиеттер 24
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар. Олар біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұл тауардың өз құны аз болса да, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны (номиналы) өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс кәсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан (номиналынан) жоғары болады (керісінше де болуы мүмкін). Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың «жалған капитал» екенін көрсетеді.
Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі (сауда, несие капиталдары).
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін «символы» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар бағалы қағаздар «қордың инструментінемесе құралы» болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ Заңына сәйкес ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы - мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс саласы, ал ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы – бұл бағалы қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарында белгiленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын саласы болып табылады.
1. «Бағалы қағаздар нарығы» Оқу құралы, Б.А. Көшенова, Алматы 1999.
2. «Алматының аймақтық қаржылық орталық ретінде дамуы» Сугурова А.Ж. зерттеу жұмысы
3. «Портфельный инвестор» журналы, 2006 қазан.
4. Қазақстан Республикасының «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» Заңы. ҚР Президенті Н.Назарбаев, Астана, Ақорда, 2006 жылғы маусымның 5-і. № 145-III ҚРЗ
5. Бағалы қағаздар рыногы туралы 2003 жылғы 2 шілдедегі № 461-ІІ
Қазақстан Республикасының Заңы
6. www.kase.kz
7. «ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН» ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2007 жыл.
8. РЦБК, №14 (142), июль/2006
9. РЦБК, №1 (153), январь/2007

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
ІІ. 1. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздары 3
II.2. Бағалы қағаздар портфелін басқарудағы инвестициялық портфель 10
II. 3. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы жағжайы 12
II. 4. Алматы аймақтық қаржылық орталық ретінде даму маңызы 15
II. 5. IPO Қазақстан бағалы қағаздар нарығы дамуының кезекті маңызды сатысы
19
Қорытынды 23
Пайдаланған әдебиеттер 24

Кіріспе

Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен
өзгешеленеді. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар. Олар біріншіден, меншік
белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы
және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұл тауардың өз құны аз болса
да, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады. Бағалы қағаздардың
көрсетілген құны (номиналы) өте төмен болғанымен, мысалы, өндіріс
кәсіпорнына жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді. Егер
бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның
бағасы көрсетілген құннан (номиналынан) жоғары болады (керісінше де болуы
мүмкін). Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың
жалған капитал екенін көрсетеді.
Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік
капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі (сауда, несие капиталдары).
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды
құндылықтардың орнына жүретін символы болғандықтан оны қордың
құндылықтары деп те атайды. Сонымен қатар бағалы қағаздар қордың
инструментінемесе құралы болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды
пайдаланып нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір
субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы
капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты
қызметін көрсетеді.
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы 2003 жылғы 2
шілдедегі № 461-ІІ Заңына сәйкес ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы -
мәмiлелер сауда-саттықты ұйымдастырушының iшкi құжаттарына сәйкес жүзеге
асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының
айналыс саласы, ал ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы – бұл бағалы
қағаздар айналысының бағалы қағаздармен жасалатын мәмiлелер  сауда-саттықты
ұйымдастырушының iшкi құжаттарында  белгiленген талаптар сақталмай жүзеге
асырылатын саласы болып табылады.
ЖАҢА ӘЛЕМДЕГІ ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН деп аталған ҚР Президенті
Н.Назарбаевтың жыл сайын арналатын Қазақстан халқына Жолдауында 2007 жылы
Республиканың жедел дамудағы қаржы нарығына байланысты айтылған негізгі ой
төмендегідей: ...Ырықтандыру жағдайында біз қаржы жүйесінің тұрлаулылығы
мен бәсекеге қабілеттілігін арттырудың жаңа деңгейіне көтерілуге
міндеттіміз. ...Біздің тиімді жұмыс істейтін қор рыногын құруымыз керек.
Оның дамуы халықты өз салымдарын бағалы қағаздарға белсенді инвестициялауға
тартпайынша мүмкін емес. ...Үкіметтің халықты инвестициялық сауаттылық
әліппесіне тиісінше үйрету жөнінде кең ауқымды жұмыс жүргізуі керек.

ІІ. 1. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздары

Бағалы қағаз – бұл мүліктік құқықты және эмитенттің құжат иесіне
байланысты куәландырады. Бағалы қағаздың экономикалық мәнін ашу үшін
олардың бағалы қағаз мәртебесін алуға көмектесетін қосымша қасиеттерін
қарастыру керек:
1. Өтімділік – бұл бағалы қағаздың сатылу жолымен ақшалай
қаражатқа айналу қабілеттілігі. Бұл үшін бағалы қағаздар
нарықта айналыса түсе алу керек.
2. Айналымдылық – бұл бағалы қағаздың сатып алу-сату заты
ретінде нарықта айналысқа түсуін және төлеу құралы ретінде
жүру қабілеттілігі.
3. Нарықтық мінез-құлық – бұл бағалы қағаздың өзінің белгілі бір
жұмыс істейтін тәртібі бойынша қызмет атқаратын өз нарығы бар
ерекше тауар сияқты өмір сүруі. Бұл нарықта бағалы қағаздар
нарықтық баған бойынша айналысқа түседі.
4. Сериялылық – бұл бағалы қағаздың біркелкі топтарымен шығуын
білдіреді.
5. Стандарттылық – бұл бір түрлі бағалы қағаздардың нысандары,
өтеу мерзімдері стандартты боу керек.
6. Азаматтық айналысқа түсуі – бұл бағалы қағаздардың сату-сатып
алу заты ретінде болу қабілетттілігі ғана емес, сонымен қатар
басқа да мүліктік қатынастың объектісі ретінде болуы
(кепілдік, мұрагерлік, т.б.).
Бағалы қағаздардың түрлерін көптеген белгілер бойынша сыныптауға
болады:
▪ бағалы қағазға құқығын тапсыру тәсілі бойынша:
1. атаулы бағалы қағаз – бұл белгілі бір тұлғаның атына шығарылатын
құнды қағаз.
2. ордерлі бағалы қағаз – бұл бағалы қағаздың келесі бетіндегі
табыстама жазбаның аяқталуынан кейін құқықтың басқаға өтуін
білдіреді.
3. ұсынылмалы бағалы қағаз – бұл бағалы қағазды жай табыстау арқылы
құқығы басқаға өтеді.
▪ экономикалық мәні бойынша:
1. үлестік бағалы қағаз – бұл меншік қатынасын білдіретін немесе меншік
иесінің корпорация капиталында үлесі бар екенін дәлелдейтін бағалы
қағаз (акциялар).
2. борыштық бағалы қағаз – бұл төленуі қажет болатын қағаз ретінде
шығарылатын бағалы қағаз.
▪ бағалы қағаздың айналыс мерзімі бойынша:
1. мерзімсіз бағалы қағаз (акция).
2. қысқа мерзімді бағалы қағаз (бір жылға дейін).
3. орта мерзімді бағалы қағаз (1-5 жыл аралығында).
4. ұзақ мерзімді бағалы қағаз (бес жылдан артық).
▪ айналыс аумағы бойынша:
1. өңірлік – бұл облыс, қала өңір шеңінде айналысқа түсетін бағалы
қағаздар.
2. ұлттық – бұл республика шегінде айналысқа түсетін бағалы қағаздар.
3. халықаралық – бұл халықаралық нарықтарда айналысқа түсетін бағалы
қағаздар.
▪ эмитенттер бойынша:
1. мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл мемлекет шығаратын бағалы қағаздар
(Ұлттық Банк және Қаржы Министрлігі).
2. муниципалдық бағалы қағаздар – бұд жергілікті органдар шығаратын
борыштық міндеттемелер.
3. корпоративтік – бұл мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бағалы
қағаздары.
4. шетелдік бағалы қағаздар – бұл шет ел эмитенттерінің бағалы
қағаздары.
▪ эмиссиялық нысаны бойынша:
1. эмиссиялық бағалы қағаздар – бұл үлкен жиынтықтармен жүзеге асатын
және міндетті түрде тіркеуге жатқызылатын бағалы қағаздар (акция,
облигация).
2. эмиссиялық емес – бұлар бір жолғы ртте шығарылатын және тіркеуге
жатпайтын бағалы қағаздар (чек, вексель).
▪ жасалатын мәмілеге байланысты:
1. қор бағалы қағаздары – бұлар үлкен эмиссиямен және қор биржаларында
айналысқа түсетін бағалы қағаздар.
2. саудалық бағалы қағаздар – бұл коммерциялық баыты бар немесе
тауардың сауда процесс қызметін көрсету үшін арналған бағалы
қағаздар (вексель, чек, коносамент).
▪ бағалы қағаздың роліне қарай:
1. негізгі бағалы қағаздар.
2. қосалқы бағалы қағаздар.
3. туынды бағалы қағаздар.
▪ табысты төлеу тәсілі бойынша:
1. тұрақты табысы бар бағалы қағаздар.
2. бір жолғы табысы бар бағалы қағаздар.
▪ нарықтағы айналымдылығы бойынша:
1. нарықтық бағалы қағаздар – бұл қайталама нарықта оңай айналысқа
түсетін бағалы қағаздар.
2. нарықтық емес бағалы қағаздар – бұл қайталама нарықта айналысқа
түсетін алмайтын бағалы қағаздар.
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы 2003 жылғы
2 шілдедегі № 461-ІІ Заңына сәйкес бағалы қағаз - мүлiктiк құқықты
куәландыратын белгiлi бiр жазбалар мен басқа да белгiлеулердiң жиынтығы;
Корпоративтік бағалы қағаздар – бұл эмитенттері мемлекеттік емес заңды
тұлғалар болып табылатын бағалы қағаздар. Корпоративтік бағалы қағаздар
келесі жағдайларда шығарылады:
- Акционерлік қоғам ашылғанда.
- Қоғамның жарғылық капиталының мөлшерін көбейткенде.
- Қарыз капиталын тартуда.
Акция дегеніміз – бұл эмиссиялық бағалы қағаздар, акционерлік қоғам
пайдасының жартысын алуға, акционерлік қоғамның басқаруына қатысуға және ол
жойылғаннан кейін қалған мүлкінің бір бөлігіне құқығын білдіреді.
Акцияның атаулы құны = Жарғылық капиталАкционерлердің саны.
Акция бірнеше түрге жіктеледі:
✓ Жай немесе қарапайым - корпорацияның тапқан пайдасының
мөлшеріне байланысты дивидендтер алу құқығы, жиналыстарда
дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқығы және
корпорацияның мүлігінің бір бөлігін алуға құқығы бар бағалы
қағаз. Жай ация бойынша дивиденд корпорацияның қаржылық
нәтижесіне байланысты беріледі. Бір акцияға төленетін
дивиденд келесі формула бойынша анықталады:
1 акцияға төленетін дивиденд = Таза пайдаАкциялар
саны.
Дивидендтердің бірнеше түрлері бар:
- қолма-қол төленетін дивидендтер (ақшалай)
- мүліктік төленетін дивидендтер
- акция түрінде төленетін дивидендтер
Егер Акционерлік қоғам банкротқа ұшыраған жағдайда акция сатып
алуға шығарған акционерлердің ақшасын қайтаруға ешкім кепілдік бермейді.
✓ Артықшылығы бар акциялар. Олар корпорация пайдасының
деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде нақты, тұрақты
дивиденд төлеуін қамтамасыз етеді. Артықшылығы бар акция
бойынша дивидендтер әрқашан жай акциялардан бұрын төленеді.
Егер артықшылығы бар акция бойынша дивидендтер кейбір
себептер бойынша мезгілінде төленбесе олар қарыз түрінде
жиналады. Артықшылығы бар акциялар иесіне дауыс беруге құқық
бермейді. Артықшылығы бар акциялардың келесі түрлері бар:
- Айырбасталымды - өз иесіне осы корпорацияның жай
акцияларының белгілі бір мөлшеріне айырбастауға мүмкіндік
береді.
- Кумулятивтік – бұл акциялар бойынша дивидендтерін жинап,
үлкен көлемде алуға мүмкіндік береді.
- Кепілді – бұл бір компания шығарған, ал дивиденд төлеуін
басқа компания кепілдікке алған акция.
Егер акционер басқа акционерге қарағанда акцияның 51%-ын немесе
одан көбін иеленсе, онда ол акцияның бақылау пакетінің иесі болып табылады.
Мажориторлы акционер - акционерлік қоғамның акциясының ең көп
бөлігін иеленді.
Минориторлы акционер - акционерлік қоғамның акциясының аз бөлігін
иеленді.
Облигация – бұл эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған
ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттейтін қарыз
құжаты.
Облигациялардың бастапқы орналастыруы атаулы бағасынан айырмашылығ
бар баға бойынша сатылуы мүмкін:
Атаулы бағасынан төмен (дисконтпен) сатылу мүмкін. Бұл жеңілдікті
дизажио деп атайды. Атаулы бағасынан жоғары бағамен сатылу мүмкін. Бұл
жеңілдікті ажио деп атайды.
Облигайия бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы купонда
көрсетіледі. Купон деп – облигациядан қиылып алынатын талонды айтады.
Облигациялардың түрлері:
o Қамтамасыз етілген облигациялар – бұл корпорацияның негізгі активтерін
талап етуге құқық беріп, сонымен бірге оның негізгі меншігінің
облигацияға салынғанын көрсетеді.
o Қамтамасыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, эмитенттің
жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі.
o Купондық төлем мөлшері нақты бекітілген облигациялар – яғни
облигацияның атаулы құнының жартысы ретінде есептелген, алдын-ала
бекітілген пайызы бар облигация.
o Купондық төлем мөлшері өзгермелі облигациялар – купондық төлеу мөлшері
ақша нарығындағы өзгерітерге сәйкес өзгереді.
o Нөль купонды облигациялар – бірінші орналасқанда атаулы құнынан төмен
бағамен, ал өтелгенде атаулы құнымен сатылады.
o Ипотекалық облигация – қарызды өтей алмаған жағдайда белгілі бір
мүлікті ұстап қалуға құқық беретін міндеттемесі.
o Қайтарылмалы облигация – мерзімінен бұрын өтелуі мүмкін облигация.
o Қайтарымсыз облигация – тек қана мерзімінде өтелуі тиіс облигация.
Қаржы нарығында сонымен қатар бағалы қағаздардан туынды қаржы
құралдары қолданылады.
Туынды қаржы құралдары нақты тауарды, құнды қағазды, валютаны және
басқа да құнды қағаздарды сатып алуға құқықтарын көрсетеді.
Туында қаражат құралдарының дамуы мамандандырылған биржалардың
пайда болуымен байланысты.
Форвардтық өзара шарт – екі жақтың қандай да бір активтің
келісілген санын келешекте белгіленген мерзімде және анықталған бағамен
сатып алу-сату туралы шарттары. Форвард бойынша қойылатын актив бағасы
форвардтық баға деп аталады. Форвардтық өзара шарттың орындалуы міндетті.
Өзара шартқа отырғандардың біреуі мұны орындаудан бас тартса, айыппұлдық
санкциялық жауапқа тартылады.
Форвардтық өзара шарттың түрлері:
❖ Валютаға форвардтық өзара шарт – шет ел валютасының белгіленген
санын мәміле жасалынған кезінде айтылған айырбас бағамы бойынша
сатып алу-сату шарты болып табылады.
❖ Форвардтық пайыздық шарт – бұл ақша массасының белгіленген санын
келешекте өзара шарт жасаған кезінде белгіленген пайыз мөлшерлемесі
бойынша несие туралы келісім.
Фьючерстік өзара шарт – екі жақ арасында келешекте қандай да бір
активті шарт жасаған кезінде белгіленген баға бойынша сатып алу-сату
туралы шарт.
Опциондық өзара шарт – бір активті келешекте белгіленген бағамен
сатып алуға құқық беретін, бірақ міндеттемейтін өзара шарт. Опцион бойынша
бекітілген баға атқару бағасы немесе страйк бағасы деп аталады.
Мемлекттік бағалы қағаздар. Қор нарығының маңызды бөлігі ретінде
мемлекеттік бағалы қағаздар, яғни үкіметтің борыштық міндеттемелері
секторы жүреді. Бағалы қағаздардың бұл түрінің пайда болуы мемлекеттің
экономикалық қызметтерінің дамуына байланысты.
Мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жоб үшін келесі әдістерді
қолданады:
- несие алу
- ақша эмиссиясы
- мемлекеттік борыштық міндеттемелерді шығару
Аталғандардың ішіндегі соңғы әдіс дүние жүзінің көптеген елдерінде
өсуге беталыс алған және мемлекеттік борыштың қалыптасуына әкеледі.
Мемлекеттік борыш – бұл мемлекеттің өтелмеген займдары және олардың
төленбеген пайыздары бойынша қарызының жалпы сомасы.
Займдарды орналастыру саласы бойынша мемлекеттік борыш екі түрге
бөлінеді:
1. Сыртқы
2. Ішкі
Өтеу мерзіміне қарай мемлекеттік борыш:
1. Ағымдық – төлеу мерзімі ағымдағы немесе таяу бюджеттік
жылы келетін қарыз.
2. Күрделі - өтеу мерзімі әлі жақындамаған қарыз.
Мемлекеттік бағалы қағаздың эмиссиясын жүзеге асыру тәртібін және
эмиссияның көлемін Қазақстан Республикасының заңы реттейді.
Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару себептері:
a. ағымдағы бюджет тапшылығын қаржыландыру;
b. бұрын орналасқан займдарды өтеу үшін;
c. бюджеттің кассалық орындалуын қамтамасыз ету үшін;
d. жергілікті органдар жүзеге асыратын мақсаттық
бағдарламаларды қаржыландыру үшін және т.б.
Мемлекеттік бағалы қағаздар бойынша табысты төлеу мерзімі әр түрлі:
▪ тоқсандық
▪ жарты жылдық
▪ жылдық
Мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруға қатысушылар:
1. Қаржы Министрлігі – эмитент;
2. Ұлттық Банк – эмитент және бас қаржы агенті;
3. Қаржы агенттері;
4. Инвесторлар – бағалы қағаз иелері (жеке тұлғаоар, екінші деңгейлі
банктер, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, инвестициялық
қорлар, т.б.).

Қазақстан Республикасында еврооблигациялардың келесі шығарылымдары
жүргізілді:
Кесте 1.
Параметрлері Қазақстан 99 Қазақстан 02 Қазақстан 04 Қазақстан 07
Шығару көлемі 200 млн. 350 млн. 200 млн. 350 млн.
Айналысқа түсу 20.12.1996 02.10.1997 18.10.1999 11.05.2000
мерзімі
Өтелу мерзімі 20.12.1999 02.10.2002 18.10.2004 11.05.2007
Купондық 9,25% 8,38% 13,63% 11,13%
ставкасы
(жылдық)
Купондық түрі Жарты жылдық Жарты жылдық Жарты жылдық Жарты жылдық
Атаулы құны 100 100 100 100
(АҚШ долл.)
Орналастырған 99,88 99,779 98,87 98,347
бағасы (АҚШ
долл.)
Табыстылығы (%)9,4 8,5 15 13
Листинг Люксембург Люксембург, Люксембург, Люксембург
Амстердам Амстердам

Мемлекеттік бағалы қағазды табыс алу бағытына қарай келесі түрлерге
бөлуге болады:
1) купондық, яғни купон түрінде табыс әкелетін бағалы қағаздар.
2) дисконттық, яғни атаулы құнынан төмен бағамен сатылып,
өтелгенде атаулы құнымен өтелетін бағалы қағаздар.
3) аралас, яғни купон және дисконт түрінде қатар табыс әкелетін
бағалы қағаздар.
4) индекстік – табысы инфляцияның қарқынына қарай өзгеріп
отырады.

Кесте 2.
Аталуы Эмитенті Орналастыру Айналыс Атаулы Түрі
тәсілі мерзімі құны
1. ҰБ-тің қысқа ҰБ аукцион 7-90күн 100 теңгеиндекстік
мерзімді нотасы
2. ҰБ-тің арнайы ҰБ Ноталар 35 күн 100$ дисконттық
валюталық нотасы портфелін
зейнетақы
қорларымен
айырбастау
3. Арнайы валюталық Қаржы Зейнетақы 5 жыл 100$ купондық-инде
мемлекеттік Министрлігқорларымен кстік
облигациялар і (ҚМ) айырбастау
(АВМЕКАМ)
4. Мемлекеттік ҚМ аукцион 10 жыл 1000 индекстік
арнайы қазыналық теңге
міндеттемелер
(МЕАКАМ)
5. Мемлекеттік қысқаҚМ аукцион 3,6,9,12 100$ дисконттық
мерзімді валюталық ай
міндеттемелер
(МЕКАВМ)
6. Мемлекеттік ҚМ аукцион 3 ай және 1000 индекстік
индексацияланатын одан теңге
қазыналық жоғары
міндеттемелері
(МЕИКАМ)
7. Мемлекеттік орта ҚМ аукцион 2 және 3 1000 купондық
мерзімді қазыналық жыл теңге
міндеттемелері
(МЕОКАМ)
8. Мемлекеттік қысқаҚМ аукцион 3,6,9,12 1000 дисконттық
мерзімді қазыналық ай теңге
міндеттемелері
(МЕККАМ)
9. Мемлекеттік ішкі ҚМ аукцион 1 жыл 1000 купондық-инде
займдық ұлттық жинақ теңге кстік
облигациялары (ҰЖО
немесе НСО)

II.2. Бағалы қағаздар портфелін басқарудағы инвестициялық портфель

Инвесторға тиесілі қаржы активтерінің әр түрлі жиынтығын
инвестициялық портфель деп атайды.
Портфельдік инвестициялау объектілері ретінде түрлі бағалы қағаздар
немесе портфельдің бір бөлігі ақшалай түрде ұсынылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар рыногы туралы 2003 жылғы
2 шілдедегі № 461-ІІ Заңына сәйкес келесідей анықтамалар берілегн:
инвестициялық портфель - бағалы қағаздар рыногы субъектiсiнiң
меншiгiндегi немесе басқаруындағы әр түрлi қаржы құралдарының жиынтығы не
инвестициялық қорлар туралы Қазақстан Республикасының заңдарында
белгiленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың мүлкi;
инвестор - Қазақстан Республикасында инвестицияны жүзеге асыратын жеке
немесе заңды тұлғалар;
жеке инвестор - институционалдық инвестор болып табылмайтын инвестор;
институционалдық инвестор - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
инвестицияны жүзеге асыру мақсатымен қаражат тартушы заңды тұлға;
Барлық инвесторлар информациялау мақсатының немесе олармен
байланысты тәуекелге қатынастары бойынша үш типін ажыратады:
A. Инвестор өз қаражатын информациялаудан қорғауға тырысады. Осы
мақсатқа жету үшін ол табыстылығы аз, қауіпі де аз салым көздерін
көздейді. Инвесторлардың бұл типін консервативтік деп атайды.
B. Инвестор өсуін қамтамасыз ететін капиталдың ұзақ салымын жүргізуге
тырысады. Бұл мақсатқа жету үшін ол салымның кез келген түріне
қаражатын құюға барады. Инвестордың бұл типін байыпты-басқыншы
инвестор деп атайды.
C. Инвестор салынған қаражатының тез өсуіне ұмтылады. Бұл үшін ол
қауіпті бағалы қағздар салымдар салуға немесе өзінің портфелінің
құрылымын жай өзгертуге барады. Инвестордың бұл типін басқыншы
инвестор деп атайды.
Портфельдің түрлері:
I. Өсу портфелі – мұның мақсаты капиталдың дивидендтер мен пайыздар
есебінен өсу емес, көбінесе бағалы қағаздың бағамының өсу есебінен
табыс алу.
Бұл портфель өз кезегінде үшке бөлінеді:
a. басқыншылық өсу портфелі – бұл портфель тез өсетін жас
компаниялардың акцияларынан құралады.
b. консервативтік өсу портфелі – бұл отраша және үлкен
компанияның акцияларынан құралады.
c. орташа өсу портфелі – құрамына сенімді және жас
компанияның акциялары кіреді.
II. Табыс портфелі – мұның мақсаты табысты дивидендтер мен пайыздар
есебінен алу болып табылады. Бұл портфельді басқаша дивидендтік
портфель деп атайды.
Мерзіміне байланысты портфельді екі түрі:
▪ Мерзімді – бұның иесі табысты алдын ала белгіленген уақыт
кезінде алуға тырысады. Бұл портфель облигациялардан тұрады.
▪ Мерзімсіз – бұл жерде уақыты белгіленбейді.

Инвестициялық портфель құрылымы.
Жалпы түрде инвестициялық портфель құрылымын екі негізгі тпқа
бөлуге болады:
1. Тәуекелсіз қаржылық салымдар (сауда құралдары).
2. Тәуекелді қаржылық салымдар (сауда құралдары).
Тәуекелсіз қаржылық салымдарға келесілер жатады:
- мемлекеттік облигациялар;
- жоғары сенімді корпоративтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногына айналысқа жіберілген эмиссиялық бағалы қағаздары
Банктердің инвестициялық портфелін қалыптастыру және басқару әдістерін зерттеп, оның жетілдіру жолдарын іздеу
ҚР бағалы қағаздар нарығы
Зейнетақы нарығы бойынша көрсеткіштерді 3 жылға талдау
Жинақтаушы зейнетақы қорларында қаржылық басқару мәселелері
Бағалы қағаздар құқығы
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Бағалы қағаздар және биржа
Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар
Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі
Пәндер