Қазақ халық дастандары және халқымыздың рухани мәдениетінің әлемге танылу мәселесі


УДК 398. 51
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ДАСТАНДАРЫ ЖӘНЕ ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІНІҢ ӘЛЕМГЕ ТАНЫЛУ МӘСЕЛЕСІ
Т. Қалдыбаев
М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Шымкент қ.
Резюме
В новой эпохе получения мирового признания духовной культуры казахского народа, основное внимание уделено к анализу казахских народных дастанов, которые стоят на равне с мировой сокровишницей.
Summаry
In the nen era of recognition of the spiritial culture of kazakh people the great attention is paid to the analysis of kazakh folk dastans which are wored - wide valuable.
Қазақ әдебиеті мұралары көп ғасырлар бойы қалыптасып, әлем өркениетіндегі өзіндік орыны айқындалған рухани құндылық болып саналады. Қазақ сөз өнерінің фольклор мен әдебиет арналары халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көркемдік ойлау дүниетанымын танытады. Ежелгі заманғы сақ, ғұн, түркі дәуірлерінен басталған, кейіннен Шығыс және Батыс өркениеттері жетістіктерін ұлттық көркемдік дәстүрлерімен сабақтастырған қазақ мәдениетінің құндылықтары адамзат тарихындағы адамгершілік-имандылық ұлағатын қалыптастырған ұлағатымен бағаланады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақтың рухани мәдениеті мұраларының жалпы адамзаттық тарихи маңыздылығын үнемі атап көрсетіп келеді:
«Менің көзім анық жеткен бір нәрсе: өзгелердің ұлттық мәдениетіне тиісті құрметтеу жоқ жерде шынайы азаматтық татулық та болмайды. Қазақтар орыс мәдениетін жете меңгерген. Ендеше, қазақ әдебиеті де Қазақстанда тұратын басқа ұлт адамдары үшін жеті қат жер астындағы нәрседей алыс құбылыс болмаса керек. Қазақ әдебиеті, тілі, ауыз әдебиеті, музыкасы - әрқайсымыздың да рухани дүниемізді орасан байыта алады. Еуразияның ең бір бай да бірегей мәдениеті - қазақ мәдениетінен нәр алу қиямет кезеңдерде өз ортасынан ойып баспана беріп, омырауын ашқан меймандос халыққа көрсетілген бірден-бір құрмет саналмақшы» [1, 35-б. ] .
Демек, қазақ әдебиеті - әлем өркениетіндегі ең бай рухани қазыналардың бірі. Қазіргі заманғы жаңаша бағалау көзқарастары «Мәдени мұра» сынды мемлекеттік бағдарламалар арқылы ұлттық және жалпы әлемдік рухани құндылықтар барлық халықтар ұрпақтарына мол қамтыла ұсынылуда. Бұл - қазақ халқы рухани мәдениетінің әлемге кеңінен танылу кезеңінің болашаққа ұласып жатқан жаңа бағыты.
Қазақ әдебиеті туысқан түркі халықтарының сөз өнері арналарымен тығыз байланысты қалыптасып, дамып келе жатқан болмысымен ерекшеленеді. Қазақ халқының фольклоры мен әдебиеті мұраларындағы поэтикалық үндестіктердің тарихи-мәдени даму жолы арқылы адамзатқа ортақ көркемдік-эстетикалық көзқарастар бірлігі де айқындалады. Қазақ және басқа түркі тұқымдас халықтардың төл туындылары да, әлем фольклоры мен әдебиеттерінен ауысқан үлгілері де ұрпақтан-ұрпаққа таралуда тарихи кезеңдерден өткендегі мәлім. Әсіресе поэзия мен әуез тұтастығымен адамдардың жан әлеміне әсер ететін киелі ықпал және орындаушылық өнер ұлағаты қазақ мәдениетіндегі айрықша болмысымен дараланады. Шоқан Уәлиханов «Қазақ халық поэзиясының түрлері жөнінде» деген зерттеуінде поэзияны сүйген көшпелілер ділінің психологиялық сипатын ұлттық-этнографиялық тарихи деректі сипатымен баяндайды. Түркі халықтарының (қазақ, қарақалпақ, түрікмен, т. б. ) эстетикалық көркемдік ойлау дүниетанымындағы Жыр - Қонақ ұғымының үнемі ұрпақтар жан әлемін баурап жүретінін, «Жыр - Қонақтың бұлбұлша сайраған мыңдаған өлеңдері мен әндерін, аңыздары мен жыр дастандарын» [2, 162-б. ] «бірге көшіпқонып» [2, 162-б. ] жүрген қазақтар да, қарақалпақтар да, түркімендер де «ақшамнан таң сәрісіне дейін құмарта» [2, 162-б. ] тыңдасатынын айтады Ғалым «Ер Көкше мен Ер Қосай», «Орақ батыр», «Едіге», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», т. б. жыр-дастандарының түркі-қазақ тарихының көрнекті тұлғаларына, елеулі оқиғаларына арналғандығын баяндай келе, эпикалық шығармаларды өлең поэтикасы заңдылығымен жырлап жүрген ақындар шығармашылығына баға берген:
«Өлеңнің жаңа түрін: Орынбай қарауыл ішіндегі атеке - . . . тармағынан, атығайдың жаңа қырғыз тармағынан шыққан Шөже ақындар насихаттап, салт-санаға дарытушылар болды. Шөже ақын үнемі Әбілқайыр Ғаббасов сұлтанның жанында болатын-ды. Осы өлеңдердің тақырыптарының көбісі діни сарында айтылады. Қазір олар Сейіт Баттал қожа (ғази) ерлігін, Зылиха мен Жүсіп махаббатын, Ибраһим өмірін, т. б. жырлап жүр» [2, 165-б. ] . Демек, түркі өркениеті рухани құндылықтарының қазақ топырағында ислам діні тарихымен сабақтасуында ұлттық дүниетанымның кеңейе, тереңдей түскені аңғарылады.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті көп ғасырлық тарихқа ие болып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келгендігі мәлім. Қазақ фольклортану ғылымында халық мұрасы жан-жақты терең зерттелуде. Қазақ фольклоры мен әдебиетінің көп ғасырлар бойы қалыптасқан, сақталған мұраларының мұрасын зерттеуге арналған еңбектерде қазақ халық ауыз әдебиеті туралы көп томдықтар болып жарыққа шығуы үздіксіз жалғасып келеді. Халық ғылымның даму тарихы жүйеленіп, фольклор жанрларына талдау жасалынған. Бұдан басқа да монографиялық зерттеулерде батырлар жыры, лиро-эпос, халық өлеңдері, ертегілер, айтыс, шешендік сөздер, қанатты сөздер, тарихи жырлар шығу тегі, стадиялық даму сатылары, типологиялық мәселелері тұрғысынан қарастырылды. Осы еңбектердің өзі-ақ қазақ фольклортануының өскелең дәуіріміздің талап дәрежесіне сай дамып келе жатқандығын танытады. Сонымен бірге оның алдында зерттелуге тиісті көптеген мәселелер бар. Қазіргі қазақ фольклортануының түпкі мақсаттарының бірі - қазақ халық дастандарын қазіргі заманғы озық методологияны теориялық негіз етіп Отандық және шетелдік ғылыми ізденістер жетістіктерін шығармашылықпен пайдалана отырып, халық мұрасын зерделеуге арналған ілімді жаңа ізденістермен тереңдету болмақ.
Халық поэзиясының дамып марқайған түрі - дастанның тарихи- әлеуметтік мәнімен бірге көркем әдебиеттің кемелденуі үдерісінде де үлкен маңызы бар. Ол - қазақ ауыз әдебиеті мен жазба поэмаларының арасындағы аралық жанр, саты, көпір іспеттес. Қазақ халық дастандарын халықтың өткендегі ұлттық тұрмыс ерекшеліктерінің, ой-арманының, сана-салтының, әлеуметтік болмысының көркем айнасы тұрғысынан қарастырып, туыстас халықтардың эпикалық үлгілерімен қазақ халық дастандарын салыстыра зерттеп, олардың арасындағы ортақ заңдылықтары мен ерекшеліктерін таныту - мәселенің өзектілігін белгілейді. Бұл мәселені шешуде тарихи-салыстырмалы және типологиялық зерттеу әдісін қолданамыз.
Ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» (1926) кітабында қазақ сөз өнеріндегі мұраларды «Ауыз әдебиет», «Жазу әдебиет» салаларына жүйелей келе, қисса-дастандарды « . . . өлең жазылған, көбінесе діндер әңгімелер. Бұл әңгімелер қазақ тұрмысынан сөздер емес, басқа жұрттардың ертектері» [3, 435-6. ], -деп бағалайды. Ғалым қиссалардың мазмұнына қарай екі түрлі (ислам діні тарихына және жеке тұлғалар тағылымына арналатынын) болатынын, кең тарағандарын (Зарқұм», «Сал сал», «Сейфул-Мәлік», «Мұса мен Қарынбай», «Жұм-Жұма»), ақын Жүсіпбек Шайхыісләмұлы туралы пікірлерін білдірген. Бұл арада қисса-дастандардың ауызша және жазбаша әдеби дәстүрлер тұтастығымен таралуына назар аударылған.
Қазақ фольклоры жанрларының ішіндегі кең тарағаны және ірі түрлерінің бірі - дастан. Ауыз әдебиетінің әрбір жанрының пайда болуында белгілі бір дәуірдің өзіндік өзгерісі - тарихи шындық өмірдің әсері болмай қоймайды. Дастанның тууы халқымыздың тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, әлеуметтік-саяси күресі, шаруашылығы мен кәсібі жайындағы идеялармен тығыз байланысты. Осындай халық әдебиетіндегі жасаған шығармалар ата-бабалар мен ұрпақтардың басынан кешкен қуанышы мен қайғысы дүниетанымының энциклопедиясы және философиялық кітабы болып саналады [4, 53-6. ] .
Дастан жанры халық тұрмысын кең көлемді эпикалық сипатпен суреттейді. Соның үшін де ол әр халықтың қымбат мұраларының бірінен саналады.
Біздің жыл санауымыздың ІҮ ғасырында құралған түркі тілдес тайпалардың жазуы ҮІ-ІХ ғасырлардан (Орхон-Енисей жазу ескерткіштері) пайда болса да, дастан жанрының келіп шығуы XI ғасырдғы Юсуф Хосхожибтің «Құтадғу білік» (1069 ж. ) атты даналық шығармасымен [5] байланысты.
«Дастан» термині қазақстың ауыз әдебиеті дәстүрінде көптен бері қолданылып келеді. Қазақ тілінде «дастан» сөзінің мағынасы кең. Алдымен шығыстың классикалық әдебиеті туындаларын («Ләйлі-Мәжнүн», «Фархат-Шырын») атайтын болса, одан соң халық поэзиясындағы батырлар жырын («Алпамыс», «Қобыланды», «Ер Тарғын») да осы атаумен атайды. Лиро эпостық-ғашықтық жырларды («Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Айман-Шолпан») да «дастан» деген сөзбен атау дәстүрге енген. Шығыс сюжеттеріне құрылған нұсқалар («Бозжігіт», «Жүсіп-Зылиха», «Сейфулмәлік», т. б. ) мен халық поэзиясының қазан төңкерісі алдындағы және одан кейінгі эпикалық түрлері («Амангелді батыр», «Бекболат», «Заман ағысы», «Ұлы құрылыс») де дастан деп аталады. Оның үстіне көркем әдебиеттегі ақындардың шығармаларын («Масғұт», «Әзім», «Медғат-Қасым») да дастан деп келеміз.
Қазақ дастандары жалпы түркі тілдес елдердің дастандық дәстүрінен оқшау дамымай, қайта олардағы жалпы жанрлық ерекшеліктердің қазақ дастандарына да тән екендігін байқаймыз Мәселен, батырлық эпостағы сюжеттердің түбірлестігі, қаһармандар эволюциясы, көркем кестелерінің ұқсастығы немесе ғашықтық дастандардағы драматизм мен басты кейіпкерлерінің тағдырластығы мәселелері, т. б.
Қазақ фольклортануында сараланбаған шығыс сюжеттері желісіне құрылған дастандарды (кітап болып шыққан нұсқалар) өз алдына жанр ретінде қарастырған жөн.
Қазақ дастанының түпкі тамыры тереңнен бастау алатындығын жоғарыда айттық. Содан бері дастан ауыз әдебиетінің басқа жанрларымен органикалық бірлікте дамып келеді. Қазақстанның әлем өркениетімен ықпалдасуының кеңейе бастауы кезінде, атап айтқанда, ХІХ ғасырда қазақ дастандары тақырыптық, ішкі жанрлық жағынан әрі қарай дамып, халық поэзиясының басты түрінің бірінен саналды. Мұның объективті себептері бар. Бұл дәуірде мәдени байланыстардың озық дәстүрлері де жаңашыл сипатымен қазақ қоғамына еніп, алуан түрлі кітаптардың, ауыз әдебиеті үлгілерінің, жекелеген авторлар шығармаларының басылып шығып, ел арасына тарауы-халықтың рухани өсуіне, жаңа бағытқа талпынуына, ой-санасының, өзіндік мәдени қорының байи толыға түсуіне игі әсер етті. Осындай игілікті бастамалардың бірі ретінде Қазан қаласында 1800 жылы Азия халқы баспаханасының ашылуын атауға болады. Бұл қазақ кітаптарын бастыруда тұңғыш баспа болса, сонымен қатар ХІХ ғасырда Петербург, Уфа, Ташкент, Орынбор, Семей, Омбы, Орал, Верный, Астрахань қалаларында да қазақ кітаптары баспадан шығарылды.
Қазақ дастандары негізінен халық арасында ауызша тараған болса, кейінірек баспа орындарының пайда болуына байланысты олардың ертеректе кітап болып басылып шыққандары да мол. Солардың қатарында: «Сейфүлмәлік», «Ер Тарғын», «Бозжігіт», «Қисса-и Қозы Көрпеш», «Қисса-и Таһир», «Хикаят Көрұғлы Сұлтан», «Қисса-и Қозы Көрпеш», «Қисса-и Қамбар», «Қисса-и Таһир-Зуһра», «Дастан Хатымтай», «Қисса-и Қыз Жібек», «Қисса-и Айман-Шолпан», «Жүсіп-Зылиха», «Қисса-и Алпамыс», «Мұңлық-Зарлық», т. б. көрсетуге болады. Осы сияқты алғаш ауызша айтылып жүрген үлгілерді халық ауыз әдебиеті мен Шығыстың классикалық поэзиясын жақсы білген талантты ақындар кітап етіп шығарды.
Кітаби ақындар қазақ әдебиетінің Шығыс елдерінің әдебиетімен байланысын дамытып, төл әдебиетіміздің тақырыптық, сюжеттік арнасын кеңітіп, жанрлық жағынан өрістетуге себін тигізді. Олардың бай фольклор материалдары мен шығыстық сюжеттерді пайдаланып жазған қисса-дастандары ел арасында кеңінен тарап, халықтың сүйікті шығармаларына айналды. Мұндай кітаптарды көпшілік жиналған жерде сауаттылар (қиссашылар) оқып берді. Ақын-жыршылар да бұл сынды дастандарды халық арасында академик Ә. Марғұлан пікірінше: «өзі де сүйсіне жырлайды, елді де сүйсіндіреді» [6, 80-б. ] . Бұл пікірді зеттеушілер М. Мағауин, Ә. Тәжібаев, О. Нұрмағамбетова [7, 8] да дамыта қарастырды. Біздіңше, бұл топтағы шығармалар қазақ арасында «халық романдары», «халық кітаптары» ролін атқарған. Халық кітаптары еңбекшілердің арманы мен мақсаттарын көрсетумен бірге оларға нәр беріп, бағыт-бағдар сілтеуші өмір оқулығы қызметін де атқарады. Өйткені халық кітаптары Отан сүйгіштік, адамды қадірлеу, оның құқығын жақтау, дұшпанына жиіркеніш сияқты идеяларға толы келеді.
Әрине, ертеден келе жатқан ауыз әдебиеті үлгілерінің барлығы халықтық сипатымен ерекшеленеді. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі кітаби ақындардың шығыстың классикалық әдеби үлгілері мен шығыстан келген сюжеттерді пайдалана отырып жазған дастандары да ежелгі замандардан бері қалыптасқан халықтың көркемдік ойлау әлеміне тән тұрмыстық-әлеуметтік, эстетикалық дүниетаным мәселелерін қамтиды. Тұрмыстық-әлеуметтік ортадағы қарама-қайшылықты қасиеттердің, құбылыстардың қамтылуында жақсылық пен жамандықтың қақтығыстары үнемі тақырып нысанында болып жырланды: ұлттық және жалпыадамзаттық ортақ өзекті мәселелердің жырлануы бұл эпикалық шығармалардың әлемдік әдеби үдеріске лайықты маңызын айқындады.
Бұл - кітаби ақындар қисса-дастандарының халықтық сипат көрсеткіші.
Сөз болып отырған кезеңде жазылған дастандардың таңдаулы үлгілерінде мөлдір махаббат, адамгершілік, бас бостандығын аңсаған жастар бейнесі суреттеліп кертартпа әдет-ғұрып, салт-санадан туған қайғы-қасіретті, теңсіздікті көрсету мотиві басты орын алды. Академик С. А. Қасқабасов пікірі бойынша: «Своей темой и проблематикой они были тогда по душе казахскому народу, соответствовали его стремлению воспеть любовь как чистое, высокое чувство» [9, 85-б. ] . Мұның өзі ақындардың қоғамдық өзгерістерге көзқарасын, әлеуметтік-саяси санасын айқын танытады.
Демек, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы баспадан шығып, ел арасына кеңінен тараған қазақ дастандарының тақырыбы мен идеялық мазмұнын, сюжеттік-композициялық құрылысын, көркемдік ерекшеліктерін қарастырып, қазақ әдебиеті тарихында алатын орнын белгілеу - көп ғасырлық тарихқа ие болған қазақтың халықтық поэзиясы дамуының жаңа бір кезеңін зерттеуге, оның идеялық-эстетикалық ерекшеліктерін анықтауға қызмет етеді. Сондай-ақ осы кезең ертеден келе жатқан қазақ халқының ауызекі мұрасының ғасырлар бойғы жинақталған
дәстүрін игерген қазақтың жаңа әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына негізгі арқау болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz