Кәмелетке толмағаңдардың қылмыстық мотивациясының ерекшеліктері


Кәмелетке толмағаңдардың қылмыстық мотивациясының
ерекшеліктері
Біздің қоғамымызда жастардың адамгершілік келбетіне қоятын талаптардың өсуіне байланысты оларды жақсылыққа тәрбиелеу мәселесіне баса назар аударылуы шарт. Жасыратыны жоқ, ұзақ жылдар бойы бізде жастарымызды отаншылдық, заңдарды құрметтеу, қоғамдық тәртіп ережелерін бұзушылыққа төзбеушілік рухында баулу біраз орын алғанды. Ал қазіргі жаңа қоғамдық қатынастарды орнатудағы өткінші кезеңде құқықтық тәртіпке немқұрайлы қарайтын, ұрлық, зорлық, бұзақылық, т. б. қылмыстық әрекеттерімен қарапайым азаматтардың демалысы мен көңіл-күйіне көлеңке түсіретін жастар жиі кездесіп отыр. Мысалы, тек 1998 жылдың өзінде кәмелетке жасы толмағандардың жасаған қылмыс саны 20 мыңға жуық.
Сондықтан жастар арасында құқық бұзушылық көріністерінің алдын алу бағытында жүзеге асырылып жатқан қомақты жұмыстар, бір жағынан, өскелең жаңа буынды дұрыс тәрбиелеудің, екінші жағынан, жалпы қылмыстылықты жоюдың қажетті алғы шарттарының бірі болып табылады.
Әрбір кәмелетке жасы толмаған құқық бұзушының жеке басының ерекшеліктерін, оның құқыққа қайшы келетін мінез-құлықтарын, қоғамға жат әрекеттерін жан-жақты білуде белгілі бір нәтижеге жету ісі аталмыш проблеманың дұрыс бағытта зерттелуіне, сондай-ақ бірнеше түбірлес ғылым жетістіктерін пайдалануға байланысты. Бұл ретте жасөспірімдердің қоғамға жат іс-әрекеттерінің негізгі сәтін дөп басып, оның ішкі және сыртқы факторларын бір жерге шоғырландырып беретін нәрсе - мотивация болып табылады.
Мотивация проблемалары өте ерекше де күрделі құбылыс. Қылмыстық құқық теориясы және криминология ғылымы бұл құбылыс туралы психология ілімінің негізгі қағидаларына сүйенеді.
Адам - белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны "жеке адам" етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет, т. б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сенімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам - тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада (белгілі қоғамда, коллективте) ғана қалыптасады. К. Маркстің
айтуынша, жеке адам - "барлық қоғамдық қатынастардың
жиынтығы".
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың (экономиқалық, идеологиялықт. т. ) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психиқалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психиқалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекшеліктер өзгермейді деу де қате. Демек, адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықган, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі дәрежеде өсу, жетілу процесінде дамиды.
Адамның психиқалық өмірінің жан-жақты дамуы белгілі әрекетпен айналысуына байланысты болады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі жолмен жарыққа шығарады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын арқылы білдірсе, ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында көрсетеді. Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. "Әрекетіміз дұрыс болу үшін, - дейді Әл-Фараби, - біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін . . . анықтап алуға тиіспіз" . Адам іс-әрекеті - күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың, әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет (деятельность) ұғымынан әрекет (действие) ұғымын ажырату қажет. Өйткені, мұның біріншісінің ауқымы аса кең, ал фекеттің сипаты шағын. Әрекет іс-әрекеттің шағын бөлігі, единицасы. Ол жеке мақсатты орындауға бағытталады, әрекетті орындау тәсілдері операция деп аталады. Адам іс-әрекеттің ежелгі түрімен айналысу арқылы ғана сыртқы ортамен белсенді түрде байланыс жасап, оны шамасынша өзгертіп отырады.
Адам іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару - оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады. Адам психикасының дамуында іс-әрекеттің шешуші орнымен қатар, біз сананың да күрделене түсуіне ықпал жасайтынын еске алуымыз қажет. Сөйтіп, сана мен іс-әрекеттің бірлігі, исихиканың іс-әрекет үстінде дамитындығы жайлы мәселе исихологияның басты принциптері болып табылады. Адам әрекеті сан алуан. Оның негізгі түрлері: ойын, оқу, еңбек әр уақытта белгілі бір мақсат, міндеттерге бағытталып отырады. Әрбір жеке адамның өмір бағытын көрсететін компоненттер аз емес. Олардың ең бастыларын психология ғылымы мына түрге бөледі: қажеттілік (потребность), түрткі (мотив), бейімділік пен қызығу, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам. Адамды әрбір қимыл әрекетке бағыттайтын, қажетін етеуге талаптандыратын бір түрткі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қандай болмасын объектінің себебін білмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатына және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсінуі қиын болады.
Түрлі жағдайларда әсер етуіне қарай адам психологиясы әр түрлі өзгерістерге түсіп отырады. Осыған орай оның түрлері де, мақсатқа жету үшін қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің нәтижесіне әсер етеді. Мәселен қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.
Жеке адамды қаңдай болмасын әрекетке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив - оның түрлі қажеттері, яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптаскан. Сыртқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен ерекше маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбек құралдары т. б. ) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын - рухани қажеттерді (білім, көркемөнер т. б. ) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы - материалдық қажеттерінің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы - тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамның алдына әр түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер.
Адамды әрекетке итермелейтін негізгі мотив - оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс-амалдар қарастырады. Өйткені адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып, не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл-қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т. б. ), екіншісін ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады. Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуден көрінетін қимыл-қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп атайды. Сонымен ерік дегеніміз адамның өз мінез-құлқын меңгере алу қабілеті. "Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу" - деп көрсеткен белгілі қазақ зиялысы Ж. Аймауытов.
Қылмыстық мотивация жүйесі адам әрекетінің терең тамырларына еніп, сол әрекеттің себептерін анықтауға, сонымен қатар, оған адамгершілік және құқықтық өлшемдермен ықпал етуге мүмкіндік береді.
Алайда аталмыш проблеманың күрделілігі мен жетік зерттелмеуінен қылмыстық мінез-құлық мотивациясы ұғымы мен оның мәні төңірегінде әртүрлі, тіпті қарама-қарсы көзқарастар көбеюде. Мәселен, кейбір авторлардың пікірінше, "мотивация" келешекте мәнсіздіктен жойылып кетеді десе, психологтардың қайсыбірі оны психология ғылымының негізгі мәселесі деп қарап, оны адамның іс-әрекетін танудың басты кілті ретінде түсінеді. Біз осы соңғы көзқарасты қолдаймыз.
Өйткені, жоғарыда аталып кеткендей мотивация адам әрекетінің пайда болуына, оның дамып белгілі бір қалыпқа келуіне, соның арқасында қойылған мақсатқа жетуіне, оның динамикасының түпкі нәтижесінің жеке адам үшін маңыздылығына қатысы бар адам қызметіндегі детерминанттарды (детерминизм - себептілік, барлық құбылыстар бір-бірімен заңды түрде байланысты дейтін ілім) кеңінен қамтиды. "Мотивация" сөзін тар мағынада алып қарасақ, ол адам қызметінің нақты түрлері мен мінез-құлықгың сыртқы көрінісі ретіндегі субъективтік детерминация. Сондықтан психологиялық зерттеулерде мотивацияның негізгі екі аспектісі, атап айтқанда, оның динамиқалық және мазмұндық жақтары қарастырылады. Іс-әрекет мотивациясын кең мағынада алып қарасақ, ол адамның жалпы мінез-құлқын анықгайтын психологиялық сәттердің жиынтығы.
Мотивацияны "іс-әрекеттерді қозғаушы күштердің жүйесі" ретінде ұғыну да осы анықтамаға мағынасы жағынан жақындайды.
Қылмыс - қылмыстық заңның бұзылуына сәйкес жауапкершілік шараларын алдын-ала қарастыратын, әртүрлі мотавтер негізінде туындайтынжеке адамның іс-әрекеті. Мотив ұғымы бұл жерде қылмыс құрамына енетін элемент ретінде өзінің заңды мағынасын біддіріп тұр. Заң нормаларында мотив барлық жағдайда көрсетіле бермейтіні мәлім. Қылмыстың қоғам үшін аса қауіптілігі көрініс бергеңде, не болмаса жасалған
әрекеттің мотивтік ерекшелігі белгілі бағытпен байланысты болған жағдайда ғана заң тікелей мотивке жүгінеді.
Заң шығарушы тарапынан мотивке барлық кезде мән берілмесе де қылмыс құрамының белгілерін сипатгауда, әсіресе құрамның субъективтік жақгарын анықтауда мотивтің маңызы өтезор.
Негізінен әрбір қылмыс - адамның саналы қызметінің бір түрі, яғни әрекеттің мақсатын, құрамын, мотиві мен құңдылығын жобалайтын ерікті акт. Бұл ретте ол қылмыс субъектісінің санасына, жеке адам психикасына маңызды мінездеме береді. Мұнда субъекті мен оның қызметі арасындағы өзара байланыстың бір түрі өзіндік орын алады. Соңғы жылдары заңгер-криминалистер арасында қылмыстық әрекет мотавінің психикалық механизмін зерттеуге ерекше ынталылық байқалуда. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттің мотивациялық аясын әлеуметтік психология, криминология және қылмыстық құқық салаларының жетістіктерін кіріктіру арқылы ғылыми жұмыстар атқару қажеттілігі туындайды.
Мұндай жұмыстар қатарына әсіресе адамның қоғамға жат әрекетінің мотиві мен басқа әлеуметтік және психологиялық қасиеттерінің арасындағы байланыстарды, сондай-ақ мотив пен сезімді, жеке адам кінәсінің ерекшелігін, мотиві мен мақсатын сипаттауға арналған еңбектер жатады. Онда қылмыс жасаған кінәлінің жеке басының мотивациялық ерекшеліктері, бәсекелестік мотивтері және бағалау қарым-қатынасы, жеке адам мотиві мен бағыты, қоғамға қарсы бағдары анықталынған. Соның ішінде адам белсенділігі, жеке адам әрекетіндегі мотивтердің бастапқы ниеті жөнінде психологтар арасында белгілі көзқарастар қалыптасты. Олардың басым көпшілігі адам қызметіндегі әдепкі итергіш ниет адамның өмірлік қажетгілігінен туындайды деген пікірде. Көптеген психологтар адам белсенділігінің қайнар көзі ретінде сезімді, қызығушылықты, идеал мен сенімді, дүниеге көзқарасты мойындайды. Ал кейбір психологтар адам ниетін оның қажеттілігі мен сезімінде, еркінде, қоғамдық императивінде деп біледі. Олардың қайсыбіреулері мотивті қажеттілікпен немесе сезіммен ұштастырса, кейбіреулері оны ниет және мақсатпен немесе адамның жалпы психологиялық күйімен байланыстырады.
Алайда баса көрсететін жай мынада. Мотивациялық аяда қылмыстық әрекеттің қандай аспектісі қарастырылса да, барлық зерттеушілердің пікірінше, мотив қылмысқа итеретін қозғаушы күш және оның ішкі қайнар көзі ретінде танылады. Ал жасалған қылмыс фактісі қылмыс мотивінің объективті түрдегі көрінісі боп саналады. Сондықтан мотавациялық қылмыстық кұқық нормалар дәрежесінің көрсеткіші, сонымен катар мотив құқыққа қарсы қылмыстық әрекеттің шынайы себептерін түсінуге мүмкіндік беретін маңызды белгі болып табылады.
Қорыта айтқанда, мотивация ұғымы мотивтің өзіне қарағанда анағұрлым кең екендігі белгілі.
Мотивацияны В. Н. Кудрявцев мынадай етіп суреттейді.
Мотивация мазмұны адам белсеңділігінің алғашқы итергіш күші мен жеке адамның психологиялық жиынтығының нақты әрекеттерді орындауға дайындығын ғана емес, сонымен бірге қылмыстық әрекеттерді бағыттап, ретке келтіріп, қолдап немесе мінез-құлыққа ықпал ету арқылы олардың әдепкі бағытын өзгертіп отыратын факторлар.
Мотивация әртүрлі ниеттің, итергіш күштердің жиынтығын өзіне қамти отырып, адамның кұрылымдық қалыптасуына негіз болады, нәтижесінде жеке адамның әлеуметтік маңызы бар іс-әрекеті негізінде көрінеді.
Бұл ретте мотивацияны адам іс-әрекетінің субъективтік детерминациясы және рухани әлемі арқылы өтетін құбылыс деуге болады. Сондықтанда қазіргі қолданылып жүрген заңдық-құжаттарда әрбір қылмысты дәрежелеуде және кінәліге жаза тағайындауда маңызы бар мотивация мәселелеріне басты назар аударылған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің бірқатар баптарында қылмыс құрамына тікелей қатысты мотивацлялық элементтер көрсетілген. Оңда әсіресе бұзақылық мотиві, пайдакүнемдік, кек алу, қызығу мен құнығу т. б. көрсеткіштер аталған. Алдын ала айта кететін жағдай, жастарға тән әсіресе, қызығу, әуесқойлық, құрдастарының алдында мақтана масаттану, бұзақылық, кек алу т. б. мотивтері.
Осы арқылы мәселе тек мотив төңірегінде емес, сонымен қатар қылмыстық әрекетке себепші болатын бастапқы ниет, итергіш күштің мотивациялық элементтері жөнінде болуға тиіс. Әзірге кылмыстық кодекстің баптарына қылмыска қатысы жоқ нақты мотивтерді ендіру әлі ертерек болғандықтан бұл мәселе заң тәртібі негізінде шешілуді қажет етеді.
Мұндай жол басқа да көптеген мәселелерді ойдағыдай зерттеуге мүмкіндік берер еді. Мәселен, заңгерлер арасында мотивтің криминогендігі жөнінде осы кезге дейін бірыңғай пікір болмай отыр. В. Н. Кудрявцевтің пікірінше, мотив те қажеттілік сияқты әлеуметтілігі немесе ассоциалдығы тұрғысынан алып қарағанда көбіне бейтарап (нейтралды) болып табылады. В. В. Лунеев болса барлық қылмыс мотивтері қоғам үшін қауіпті деген пікірмен келіспейді. Қоғамға қарсы, әлеуметтік жағынан бейтарап және пайдалы мотивтердің болуына байланысты, қоғамдық қатынастардан тыс мотивтерді қоғамға пайдалы және зиянды деп бағалауға болмайды. Осы мағынада қарар болсақ, барлық мотивтер әлеуметтік тұрғыдан бейтарап болып табылуы керек.
Жасөспірімдер мен ересектер арасындағы қылмыстардың мотивін салыстырып қарағанда олардың ерекшеліктері әуелі кәмелетке толмағавдардың жасына, әлеуметтік жағдайына және қоғамдық институттардағы орнына байланысты екенін атау керек. Мысалы, 14-17 жас аралығындағы жасөспірім үшін бір жағынан қарқынды дамып, қалыптасу процесі жүретін кезең. Екінші жағынан, алдағы міндеттердің күрделілігінен (еңбек қызметінде дайындық) ол өзінің іс-әрекетіне жауапты адам ретінде жоғары дәрежеде қалыптастыратын маңызды қоғамдық қатынастар шеңберінен көбінесе шығып қалады.
Өмірде бір емес бірнеше мотивтерден өрбіген көптеген қылмысты әрекеттер баршылық. Олар да өзінің сапалық көрсеткіші мен мағынасы жағынан әрқалай болуы мүмкін. Бірақ байқап отырсақ, олардың бірі жетекші, басыңқы мотив, ал басқалары бағыныңқы, өзгермелі мотивтер болып келеді. Мұнда әрине, жетекші мотивке аса жоғары орын берген жөн. Мотивтерді криминологиялық зерттеулерде әртүрлі көрсеткіштерге бөледі. Мысалы В. В. Лунеев олардың ішінен саяси, пайдақорлық, күш пен эгоистік, анархия-өзімшілдік, жеңілтек-жауапсыздықжәне қорқақгық түрлерін ерекше атап көрсетеді.
Ресей криминологтарының 1997 жылы шыққан окулығында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономиқалық, күштеу-эгоистік және жеңілтек-жауапсыздық түрі айтылған.
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылар іс-әрекетінің мотивтерін зерттеу олардың үнемі дамып отыратындығынан, олардың өзгеріссіз қала алмайтындығынан күрделене береді. Алайда, бұл жағдайда да даму тенденциясына бағытталған анағұрлым тұрақты ниет, итергіш күштер пайда болады. Өйткені, жасөспірімнің көз алдында өмір шындығы кеңи түседі. Егер жастық кезеңнің алғашқы шағында жасөспірімнің мінез-құлық тәртібі, біріншіден, стихиялы түрде жинақталған ішкі әуестігіне, екіншіден, кездейсоқ сыртқы жағдайларға байланысты сипатталса, әрі қарай бұл жағдай өзгеріске ұшырайды.
Кәмелетке толмағандардың мотивациялық аясының құрылымдық өзгешелігі оның мотивінің икемделмегендігінде, иерархиялық құрылымында нақты бағыныңқы жүйенің болмауында. Әрине, кәмелетке толмағандар әрекетінің мотивтері тек белгілі шамада саналы түрде алға қойылған мақсаттар арқылы көрсетіледі. Алайда біздіңше, кәмелетке толмағанның құқық бұзу жағдайлары ешбір мотивсіз, ешбір себепсіз болады деген пікірмен келісу қиын.
С. А. Беличеваның пікірінше, жас субъект тарапынан мақсат қана мойындалып, мотив жоққа шығарылады. Зерттеуші А. Н. Леонтьевтің тұжырымы бойынша: «мотивті мойындау екінші кезекті құбылыс, ол жеке тұлға деңгейінде ғана пайда болып, даму барысында түрлі көріністер беріп отырады.
Демек, мотивті зерттеу үшін алдымен субъективтік мәліметтерге талдау жасау қажет. Кәмелет жасқа толмаған құқық бұзушылардың мінез-құлық тәртібін зерттеу, олардың мотивациясының қарапайым бағытта сипатталатынын көрсетеді. Қоғамға қарсылық көрсетудің ұзақ мерзімдегі жоспарды жүзеге асыру ретінде көріну құбылыстары жастар арасында сирек байқалады. Олардың қылмыстық әрекетінің жоспары ситуациялық түрде, басқа уақыттағы жағдайлармен алмаса отырып пайда болады. Бұл кәмелетке толмағандардың құқық бұзудағы мақсаты мен бағытының өзіндік айырмашылықгары бар деген сөз.
Олардың қылмыстықтәртібі мынадай мақсаттарды көздеуі мүмкін:
- Қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыру (бұл әсіресе көптеген мүліктік, жыныстықт. б. қылмыстық әрекеттерге тән) ;
- Біршама ұзақмерзімдегі өмірлік жоспарын жүзеге асыру үшін тек соңғы есебінде қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған;
3) Көкейкесті және потенциялды қажеттілігін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жоюмен келіспеушіліктерді шешу үшін (мысалы жеке адамға, қоғамдық тәртіпке қарсы және т. б. қылмыстық әрекеттер) .
Сонымен қатар жасөспірімдердің құқыққа қарсы әрекеттерінің мотивациясын талдауда қажеттілік механизмі мен сыртқы орта элементінің өзара әрекетсіздігін есепке алу маңызды.
Өйткені қылмыстық әрекет кәмелетке толмаған адамның жеке басының өмірдегі нақты жағдай элементтерінің өзара күрделі әрекеттестігіне және сыртқы-ішкі жағдайлардың ықпалына тәуелді. С. А. Рубинштейн детерминация процесіндегі сыртқы және ішкі жағдайлар жүйесінің диалектиқалық бірлігіне былайша анықтама берген: "Қалыптасып келе жатқан жеке тұлғаның психологиясы барлығы қалай болғанда да сырттай шартты, өзінің дамуында сыртқы факторлардың ықпалынан арыла алмайды. Бірақ сыртқы фактордың әсерінен қалыптасатын ішкі жағдайлар оның тікелей механиқалық проекциясы емес".
Қылмыс мотиві қалыптасу үшін өмірдегі жағдай элементтерінің
объективтік көріністері ғана емес, сонымен қатар жастардың оны субъективті түрде қабылдауының да маңызы зор. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 53-54 - баптарында қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын жағдайлардың тізбесі
берілген. Олардың ішінде өмірдің нақты жағдайларын алдын-ала қарастыратын мән-жайлар да бар. Осылайша қылмыс жасау фактісінің өзі бір жағдайларда жауапкершілікті жеңілдетсе, өзге жағдайларда оны ауырлатады.
Кәмелет жасқа толмағанның қылмыстық әрекетінің мотивациясына талдау жасау үшін адамның жеке басының ерекшелігін, тек ішкі ниеті мен сыртқы жағдайды қарастыру жеткіліксіз. Сонымен қатар қылмыстық әрекетте, мінез-құлықга ниет, итергіш күштер ме, әлде сыртқы жағдай басыңқы көріне ме, яғни жасөспірім үшін қылмыс зандылық па немесе оған тән емес кездейсоқтық па екенін анықтау қажет.
Тузов А. П. адам жеке басының бағдары мен жағдай элементтерінің өзара әрекетсіздігіне талдау жасай келіп, жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті мотивациясына тән типтерді былайша бөледі:
1) мотивация тұлғаның дұрыс бағытының криминогендік жағдайдың тегеуріңді (күшті) ықпалымен әлсіреуінің нәтижесі;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz