Ежелгі түркі тілді ру-ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнерін түсіндіру
1.1. ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
1.2 ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ
1.3 ХАНДЫҚ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ
1.4. ХІХ.ХХ Ғ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
ӨНЕР ТҰТАСТЫҒЫ МАЗМҰНЫНДАҒЫ АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫ
1.5 ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ӘДЕБИЕТІ
1.5 ҚАЗІРГІ ДӘУІР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ ТЕОРИЯСЫ

Қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі бір сала - жыраулар поэзиясы. Қазақ атымен аталатын дербес мемлекет - Қазақ хандығының негізі қаланумен байланысты өз алдына жеке әдебиетте қалыптасты.
«XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиет тарихы» атты бұл пән ұлттық әдебиетіміздің алғашқы өкілдері - Асан қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет, Шалкиіз, ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Жиембет, Марғасқа, ХҮІІІ ғасырдағы қазақ поэзиясының соқталы өкілдері Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау және ақындық поэзияның көрнекті өкілдері - Көтеш, Шал ақындар шығармашылығын қамтып, ежелгі түркілік поэзия мен жыраулық поэзияның сабақтастығы идеялық-көркемдік жалғастығы мәселелері, жыраудың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы, жыраулар поэзиясының көркемдік негіздері, жыраулық мұралардың тарихилық мәселелері ғылыми-теориялык тұрғыдан түсіндіріледі.
Пәнді оқыту барысында пәнаралық байланыстар да басты назарда болады. Бұл кезең әдебиетінің тарихи оқиғалармен, саяси-әлеуметтік жағдайлармен байланысты дамуы ерекшеліктеріне де назар аударылады.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын ХХ ғасырдың 1900және1920 жылдар аралығындағы әдеби процесс пен әдебиет тарихы туралы хронологиялық ұстанымды сақтай отырып студенттерғе барынша толық, тиянақты білім беру.
Бұл пәннің міндетіне – ХХ ғасырда жазылып, жарық көрген, әдебиеттің тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі зерттеулер мен еңбектерді барынша толық қамту болып табылады. Сондай-ақ аталған кезеңдегі әдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесімінің қаншалықты дәрежеде болғандығына назар аударылады.
20-ғасыр 1900-1920жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің тарихы, проза, поэзия, драма жанрларының дамуы, әдебиет теориясы мәселелері қарастырылады. Пәнді оқытуда алға қойған басты мақсат – қазіргі қазақ әдебиетінің көркемдік даму арналарын айқындау, көркем шығармаларды теориялық тұрғыдан талдау, әдебиетті қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу, студенттердің рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарасын қалыптастыруға әсерін пайымдау.

ТҮСІНІК ХАТ
Қазақ әдебиеті тарихындағы елеулі бір сала - жыраулар поэзиясы. Қазақ
атымен аталатын дербес мемлекет - Қазақ хандығының негізі қаланумен
байланысты өз алдына жеке әдебиетте қалыптасты.
XV-XVIII ғасырлардағы қазақ әдебиет тарихы атты бұл пән ұлттық
әдебиетіміздің алғашқы өкілдері - Асан қайғы, Қазтуғаннан бастап Доспамбет,
Шалкиіз, ХҮІІ ғасырда өмір сүрген Жиембет, Марғасқа, ХҮІІІ ғасырдағы қазақ
поэзиясының соқталы өкілдері Ақтамберді, Үмбетей, Бұқар жырау және ақындық
поэзияның көрнекті өкілдері - Көтеш, Шал ақындар шығармашылығын қамтып,
ежелгі түркілік поэзия мен жыраулық поэзияның сабақтастығы идеялық-
көркемдік жалғастығы мәселелері, жыраудың қоғамдық-әлеуметтік тұлғасы,
жыраулар поэзиясының көркемдік негіздері, жыраулық мұралардың тарихилық
мәселелері ғылыми-теориялык тұрғыдан түсіндіріледі.
Пәнді оқыту барысында пәнаралық байланыстар да басты назарда болады.
Бұл кезең әдебиетінің тарихи оқиғалармен, саяси-әлеуметтік жағдайлармен
байланысты дамуы ерекшеліктеріне де назар аударылады.
Қазақ әдебиетінің тарихындағы маңызды да күрделі кезең болып табылатын
ХХ ғасырдың 1900және1920 жылдар аралығындағы әдеби процесс пен әдебиет
тарихы туралы хронологиялық ұстанымды сақтай отырып студенттерғе барынша
толық, тиянақты білім беру.
Бұл пәннің міндетіне – ХХ ғасырда жазылып, жарық көрген, әдебиеттің
тарихы мен процесінде айрықша орны бар көркем шығармалар мен көрнекті
қаламгерлердің өмірбаянын, шығармашылық ізденістерін, олар туралы іргелі
зерттеулер мен еңбектерді барынша толық қамту болып табылады. Сондай-ақ
аталған кезеңдегі әдеби даму мен дәстүрдің диалектикалық үйлесімінің
қаншалықты дәрежеде болғандығына назар аударылады.
20-ғасыр 1900-1920жылдар аралығындағы қазақ әдебиетінің тарихы, проза,
поэзия, драма жанрларының дамуы, әдебиет теориясы мәселелері қарастырылады.
Пәнді оқытуда алға қойған басты мақсат – қазіргі қазақ әдебиетінің
көркемдік даму арналарын айқындау, көркем шығармаларды теориялық тұрғыдан
талдау, әдебиетті қоғамдық ой-санамен қабаттастыра зерделеу, студенттердің
рухани жетілуіне және оның қоғамдық-саяси, әлеуметтік көзқарасын
қалыптастыруға әсерін пайымдау.
Әдеби процесс әдебиеттің даму заңдылықтарының көрінісі. Қазіргі
кезеңде әдебиетте болып жатқан құбылыстарды зертеп, зерделеу үлкен міндетті
жүктейді. Пәннің міндеті:
1.Білім алушылардың өз пәндері бойынша алған теориялық
білімдерін нығайта отырып, өз мамандығы бойынша ұғым-түсінігін жан-жақты
қалыптастыру;
2. Қазақ әдебиетінің көркемдік деңгейін, шеберлік аясын айқындау,
жалпы қазіргі қазақ прозасының даму бағытына баға беру;
3. Әдеби процестің даму бағытын айқандау, әдебиеттегі ағым
бағыттар, көркемдік әдістер туралы білу;
1.1. ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ
ҚАЗАҚ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығын болашақта терең де жан-жақты
меңгеру мәселесi күннен-күнге талап күшейiп келедi. Әр бiр азаматтың таңдап
алған қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығын меңгеруде теориялы және
практикалық бiлiмiн тереңдете түсу қажет. Қазақ фольклоры бүкiл әдебиет
мәселесiн меңгеру үшiн негiзгi тiрек болып табылады.
Оқу-әдiстемелiк бағдарламаны амалға асыру үшiн мына мәселелерге назар
аударылсын:
а)қазақ халық ауыз әдебиетiн меңгерiп, үйрену үшiн ауыз әдебиетi
үлгiлерiнiң нұсқаларымен оқып сюжетiн меңгеру;
ә)баспада жарияланған оқулық, хрестоматиялық, көмекшi-құралдарды оқып,
үйрену;
б) Қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн жинау, зерттеу әдiстерiн меңгеру
талап етiледi.
Қазақ халық ауыз әдебиетіне кіріспе. Ежелгі дәуір қазақ фольклоры.
Қазақ фольклористикасы мәселелері. Қазақ ауыз әдеб.жиналуы.Фольклор
үлгілерінің баспада жариялануы.Тұрмыс-салт өлеңдерін жинаған ғалымдар және
ғылыми еңбектері.Наурыз салт-дәстүрі ұлттың ұлы мерекесін екенін.Көңіл-күй
шығармаларының жиналуы, зерттелуі.Мақал-мәтелдердің баспада жариялануы
Қазақ жұмбақтары. Ертегілердің жианлуы мен зерртелуі Күлдіргі әңгімелер,
жинағының баспадан шығаруы.Эпик туындылар.
Қазақ халық ауыз әдебиетiнiң жанрлық құрылысы мен оның ерекшелiктерiн,
мәтiннiң сюжет желiсiн меңгерудi мiндеттейдi, мәтiндi сюжет және
композициялық құрылысына қарай талдау; мотив пен сюжет текстерiн
қорытындылап шығарма жазуға дайындау.
Курстың мазмұны мен мәнi. Қазақ тiлi мен әдебиетi мамандығына қазақ ауыз
әдебиетi пәнi ең алғаш пән ретiнде бiр семестр бойынша лекциялық,
практикалық-семинар сабағы жүргiзiледi. Студент толық мәтiн нұсқаларын,
версияларын оқып, сюжет желiсiн салыстыра баяндап, реферат, курс жұмыстарын
жазуға дағдыланады.Фольклорлық жанрлардың тақырыбына тиiстi мәтiндерiн
оқып, талдау жасауға жаттығады; студент конспект арқылы теориялық ой-
түйiндерiн жасап, композициясын өзбетiнше салыстырып пiкiр айтуға үйренедi;
теориялық әдебиеттер тiзiмiне оқытушы-профессорлардың еңбектерiн де тiзiмге
енгiзiп пайдалануға болады
Қазақ ауыз әдебиетінің зерттелуі. Фольклор туралы жалпы түсiнiк. Басқа
пәндер мен байланысы. ауыз әдеб. жанрлары. ауыз әдеб. жазба әдебиетi
айырмашылығы. Қазақ ауыз әдеб. жиналуы. Ч.Валиханов, В.В.Радлов.Ә.Диваев
жинаушы және зерттеушi. Қазақ ауыз әдебиетiнiң зерттелуi. Қазақ және Орыс
ғалымдарының зерттеу еңбектерi. Тұрмыс-салтқа байланысты шығармалар: Төрт
түлiк мал жайындағы шығармалар: Аңшылық жайындағы өлең-жырлар.Наурыз туралы
өлеңдер: Бесiк жыры, iйлену салтына байланысты өлеңдер. Той бастар. Жар-
жар, сыңсу т.б.Көңiл-күйдi бiлдiретiн шығармалар-қрштасу, естiрту, жоқтау,
көңiл айту т.б.Мақал-мәтелдер жиналу, жариялану, зерттелу тарихыЖұмбақтар.
Жүмбақтың айтылу тарихынан.Ертегiлер. Жиналуы, зерттелуi, түрлерi, қиял-
ғайып ертегiлер.Аңыз-әңгiме, әпсаналар мен мифтер. Күлдiргi әңгiмелер:
Қожанасыр, Алдар Көсе, Асан Қайғы.Батырлар жыры. Батырлар жырының тарихпен
байланыстылығы.
1.2 ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ
Пәнді оқытудың мақсаты. Қазақ елінің тарихы қазіргі түркі тілдес
халықтардың қоғамдық, әлеуметтік және рухани өмірімен, тұрмыс-тіршілігімен
бағзы замаандардан бері өзара тығыз байланысты болған. Ежелгі түркі тілді
әдебиет – бертін келе қазақ халқының этникалық құрамына енген тайпалардың
көне дәуірдегі әдебиеті екенін ұғындырып, олардың ежелгі түркі ру-
ұлыстарымен бірге жасаған көркем сөз өнері екенін түсіндіру.
Пәнді үйретудің негізгі міндеттері. Түркі тілді халықтарға ортақ
әдебиеттің көп ғасырдық тарихын негізінен үш кезеңге бөліп қарастыру.
Бірінші, VI-IX ғасырлардағы көне түркі әдебиетінің ескерткіштерін таныту;
Екінші, Х-ХІІ ғасырлардағы әдебиеттің өзіндік ерекшеліктері мен
құндылықтарын айқындау.
Үшінші, ХІІІ-ХV ғасырлардағы, яғни Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет, Қазақ
хандағының құрылуы, қазақтың төл әдебиетінің тууы туралы түсінік беру.
Ежелгі дәуір әдебиеті курсын меңгеру үшін студенттерге қажетті
пәндер тізімі: халық ауыз әдебиеті, тарих, философия, тіл білімі, тіл
мәдениеті т.б.
Ежелгі дәуір әдебиеті пәніне кіріспе. Ежелгі дәуір әдебиетіне шолу
Көне түркі әдебиеті. ҮІ-ІХ ғ.ғ. Ежелгі жазу-сызулар, Орхон немесе руна
жазулары. Күлтегін, Тоныкөк, Білге қаған жырлары туралы мәлімет және
олардың көркемдік ерекшеліктері. Қорқыт ата кітабы. Қорқыт ата кітабы
- оғыз-қыпшақ дәуірінің әдеби ескерткіші. Оғыз-наме (Оғыз - қаған
эпосы). Оғыз – қаған эпосы мен Қобыланды батыр жырындағы ұқсас
көріністер.Орта ғасырлық ғұламалардың ой-түйіндері. Әбу Насыр әл-Фарабидің
өмірі және шығармашылығы. Х-ХІІ ғасырдағы әдебиет. Махмұт ҚашқариХІғ -
ұлы филолог Диуани лұғат ат-түрк сөздігі.
1.3 ХАНДЫҚ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ
Хандық дәуір әдебиетінің құрылуы қарсаңындағы қоғамдық-
әлеуметтік, саяси жағдай
Қазақ хандығы түріндегі Қазақ мемлекеттігінің пайда болуына негіз
болған объективті себептер: Дешті Қыпшақтың, Жетісу мен Оңтүстік
Қазақстанның қазақ рулары мен тайпаларының этникалық және саяси топтасуының
күшейе түсуі, казақ халқыньщ қалыптасу процесінің аяқталуы, феодалдық
қатынастардың дамуы.
Хандықтың негізін салушылар - Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары
Керей мен Жәнібек.
ХҮІ ғасырдағы қазақ хандығы. ХҮІ ғасырда қазақ хандығының нығайып,
территориялық жағынан ұлғая түсуі. Қасым ханның тұсында казақ хандығында
ішкі қайшылықтардың жойылып, саяси және экономикалық жағынан нығаюы,
шекараның ұлғаюы.
Алғашқы қазақ заңы - Қасым ханның қасқа жолының жасалуы.
ХҮІ ғасырдың екінші жартысында әлсіреген хандықты біріктіруде Ақназар
ханның үлесі. Тәуекел хан тұсында қазақ хандығы мен Ресей арасындағы
дипломатиялық қарым-қатынастардың нығаюы және Орта Азияның сауда
орталықтарына шығуы.
ХҮІІ ғасырдағы қазақ хандығы. Есім ханның орталықтандырылған мемлекет
құру әрекеті. Қазақ хандығының Есім хан тұсында Оңтүстік шекараларының
кеңеюі. Есім ханның ескі жолы деп аталатын заңның сипаты.
ХҮІІ ғ. екінші жартысындағы Қазақ хандығының саяси, әлеуметтік
жағдайы. Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1717) халықтың бірлік,
ынтымағының арта түсуі.
Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайды
реттеуге бағытталған реформалары.
Қазақ халқының тарихына ірі кұқықтық өзгерістер жасаған Жеті жарғы
заңының жасалуы.
ХҮІІ ғ. алғашқы жартысында Жоңғар хандығының құрылуы. Қазақ-жоңғар
қатынастары.
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде қазақ хандығының әлсіреуі.
Қалмақтардың қазақ жеріне шапқыншылық жорығы.
1710-1711, 1717, 1723-1725, I 740-1742 жылдарда қазақ жеріне жасалған
жоңғарлардың жорықтары.
Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі. Жоңғар мемлекетінің
күйреуі. Жоңғар қалмақтарына күйрете соққы берген қазақ батырларының
жеңісті жорықтары.
Жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырудағы Абылайдың рөлі.
Қазақ хандығының мемлекеттілігін, тәуелсіздігін сақтап қалудағы
Абылайдың батырлығы, ұйымдастыру, дипломатиялық шеберлігі.
Абылай ханға, жоңғарларға қарсы күресте ерлігімен танылған қазақ
батырларына арналған поэзиялык туындылар. Осы шығармалардағы Абылай
бейнесі.
Ежелгі түркі поэзиясының жаңа коғамдық саяси жағдайлардағы дәстүрлі
жалғасы болып табылатын қазақ жырауларының тарих сахнасына шығуы.
Қазақ әдебиеті тарихынан жыраулар поэзиясының алатын орны.
Жырау, жыршы, ақын сынды халық әдебиетін жасаушылардың өзіндік
ерекшеліктері. Жыраулар поэзиясының дара табиғаты, тақырыптық
ерекшеліктері. Жыраулардың қоғамдык-әлеуметтік тұлғасы.
Хандық жүйе кезеңінде жыраулардың ханға, мемлекет билеушілеріне
кеңесші көмекші болуы, оның мемлекет істеріне араласуы, қоғамдағы рөлі.
Жырау - хан мен халық арасындағы дәнекер тұлға.
Жыраулардың қазақ хандығы қалыптасып, нығаюы процесінде хандардың бір
орталыққа бағынған мемлекет құру саясатын іске асыруда ұраншы, үгітші
қызметін атқаруы.
Жыраулардың саяси және қоғамдық өмірдегі езгерістерге орай жорықшы,
батыр жауынгер болуы.
Жыраулардың келесі бір функциясы – сәуегейлігі, көріпкелдігі,
болашақты болжауы. Жыраулар шығармаларындағы болжал өлеңдер.
Хандық дәуір әдебиеті тарихының даму бағыттары
және көркемдік-идеялық ерекшеліктері
Жыраулар поэзиясындағы дара әдебиетке тән белгілер және фольклорлық
сипаттар. Жыраулар поэзиясының калыптасу, даму кезеңдері. Жыраулар
поэзиясыньщ даму кезеңдерін үш кезеңге бөліп қарастыру:
I кезең. (ХІ-ХІҮ ғасырлар) жыраулық дәстүрдің негізі қаланған ілкі
кезеңі. Кетбұға, Сыпыра жыраулардың, Қодан тайшының бізге жеткен
мұралары.
II кезең. (ХҮ-ХҮІ ғасырлар) жыраулық поэзияның қалыптасу кезеңі.
Қазтуған, Асан қайғы, Доспамбет, Шалкиіз жыраулардың шығармашылығы.
III кезең. (ХҮІІ-ХҮШ ғасырлар) жыраулық поэзияның неғұрлым
кемелденген кезеңі. Жиембет, Тәтіқара, Үмбетей, Ақтамберді, Бұқар жыраулар
шығармашылығы.
Жыраулар поэзиясының жариялану, зерттелу жайы.
Хандық дәуір әдебиетінің жиналуы, жариялануы XIX ғасырдың екінші
жартысынан басталады. Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиеттің жиналып,
жариялану, зерттелуін үш кезеңге бөліп қарастыру.Бірінші кезең. XIX
ғасырдын екінші жартысынан бастап Кеңес үкіметі орнағанға дейінгі кезең
аралығындағы жиналу, жариялану жұмыстары. Ш.Уәлихановтың, В.В.Радловтың
жыраулар шығармашылығына қатысты пікірлері, жинап бастыруы. Жыраулар
мұрасының Ноғай уа құмық шығырлары. М.Османов, Жақсы үгіт
М.Бекмұхамедов, Шайыр, Көксілдер, Ғ.Мұштақ Тауарих хамса,Қ.Халидұғлы
Ақын А. Берқалиұғлы құрастырған жинақтарға енуі.
Екінші кезең. 1917 жылдан - 1959 жылдар аралығындағы жиналып
жариялануы, зерттелуі.
Үшінші кезең. 1959 жылғы әдеби мұра жайлы мәселе көтерілген
конференциядан кейінгі және осы күнге дейінгі зерттелуі. XX ғасырдың 60-90
жылдар аралығында жыраулар поэзиясының тиянақты зерттелуі: Б.Кенжебаев,
Ә.Марғұлан, Х.Сүйіншәлиев, М.Мағауин зерттеулерінің маңызы.
Жыраулар поэзиясының көркемдік-идеялық ерекшеліктері. Жыраулар
поэзиясында туған жер, қоныс, сыртқы жаулармен болған, азаттық күрес,
жаугершілік заман көрінісі, өз дәуірінің шындығы, моральдық, этикалық
қағидалар, ерлік, ел бірлігі тақырыптарының жырлануы.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясы - сол дәуірдің түрлі
көріністерін қазақ тілінде көркем жырланған төл мұрасы. Жыраулар
поэзиясында қолданылған көркемдік кестелер, суреттеу тәсілдері, образдар
жүйесі.
Толғау жанрының өзіндік ерекшеліктері. Толғаудың сипаттамасы. Жанрлық
белгілері. Толғау – импровизациялық дәстүрдегі дара шығармашылық үлгісі.
Толғаудың мазмұнына, тақырыбына қарай жіктелуі. А.Байтұрсынов, Е.Исмайлов,
С.Мұқанов, М.Мағауин, Б.Әбілқасымов сынды ғалым-зерттеушілердің толғауды
классификациялау үлгісі. Толғаулардағы, арнау-толғаулардағы көркем шындық,
тарихилық мәселесі. Толғаулардың тирадаларға белінуі, дидактикалық сипаты.
Қазтуған жырау
Қазтуған Сүйінішұлы - ұлттық әдебиетіміздің төл басыларының бірі. Қазақ
әдебиеті тарихында шығармалары өз атымен жеткен алғашқы автор. Қазтуған -
жорықшы, жауынгер жыраудың өзіне арналған мадақ жыры -Бұдырайған екі
шекелі толғауындағы Қазтуғанның өз бейнесі. Қазтуған жыраудың ақындық
қуатын танытатын толғауы - туған жерімен, ата қонысымен қоштасу
жыры.Жыраудың толғауларындағы суреттеулер мен образдар. Мұрат ақын жырлаған
Қазтуған жырындағы Қазтуған бейнесі жауынгер - жыраудың көшпенділер
тұрмысы тудырған ерекше қасиеттерге баламалануы.
Асан кайғы
Асан қайғы (Хасан Сәбитұлы ХІҮ-ХҮ ғ.ғ.) өмірі туралы мәлімет. Тарихи
тұлға, ұлы ойшыл. Асан қайғы - Ұлығмұхамед, Жәнібек хандардың қасында
болып, мемлекет ісіне араласқан, ықпалды бектерінің бірі.
Асан қайғы - аңыз кейіпкері. Аңызға айналған данышпан Асан қайғы мен
тарихи Асан арасындагы қарым-катынас. Асан туралы аңыздардың тақырыбы мен
мазмұнына қарай: қайғы аталуыма байланысты туган аңыз-әңгімелер; Асанның
өміріне қатысты аңыздар жане Асанның ұлы Абат пен қызы Жұпардың тапқырлық
істеріне байланысты аңыздар болып топтастырылуы. Асан туралы аңыздардағы
қиял мен тарихи шындықтың көрінісі. Асан қайғы шығармашылығында Жерұйық
идеясының көрініс табуы. Асан қайғының утопиялық таным тұсінігі мен
ортағасырлық Буропадағы утопияның ерекшелігі.Асан қайғы - ХҮ ғасырдағы
бүкіл Дешті қыпшақтың ірі жырауы.
Асан толғауларының тақырыптық ерекшеліктері. Асан қайғы
толғауларындағы дидактикалық сарын: толғауларында насихат, өнеге сөз,
гибрат айтылуы (Еділ бол да, Жайық бол).
Асан қайғының Әз-Жәнібек ханға айтқан арнау толғаулары. Арнау-
толғауларының әлеуметтік мәні. Арнау-толғауда ханға кеңес айта отырып, ел
басқару ісіне де араласуы, сын айтуы.
Жырау толғауларында өз заманындағы тарихи өзгерістердің мәні
түсіндірілуі.
Асан қайғы толғауларындағы - болжалдық сарын (Ай, хан, мен айтпасам,
білмейсің толғауы Қилы, қилы заман болмай ма тирадасы).
Асан қайғы шығармаларының жииалып жариялану және зерттелу жайы.
Доспамбет жырау
Қазақ хандығының құрылу кезеңінде емір сүрген, ұлттық әдебиеттің
қалыптасуында көрнекті рөл атқарған - Доспамбет жырау.
Доспамбет жырау өмірінен мәлімет. Доспамбет - ерлік пен еркіндікті
аңсаған жорықшы жырау. Жырау толғауларының басты идеясы - ерлікті,
батырлықты дәріптеу. Доспамбет жырау толғауларында елді, жерді қорғау
міндеті, майданда шаһит кешу, соғысып өлу арманының көрініс табуы. (Қоғалы
көлдер, қом сулар, Айналайын Ақ Жайық, Сере, сере, сере қар т.б.
толғаулары)
Доспамбет жырау толғауларында ерлік, елдік мәселелерінің көтерілуімен
қатар, билеуші қауымның салтанатты өмір-тұрмысының да жырлануы, өз
заманының белді өкілі болған Доспамбеттің өмір салты көрініс табуы.
(Тоғай, тоғай, тоғай су ). Доспамбет жырау толғауларында дүниенің
өткіншілігі, адам өмірі туралы ой-толғаныстарының жырлануы.
Шалкиіз жырау
Шалкиіз Тіленшіұлы (1456-1560) - қазақ поэзиясында философиялық
бағыттың негізін салушы, жаңашыл жырау.
Жыраудың өмірбаяны. Шалкиіздің ноғайлы-қазақ дәуірінде Орақ, Мамай, Би
Темірдің тұсында өмір сүргені.
Импровизатор Шалкиіздің жазбаша сауаттылығын да танытатын
толғауларындағы терең ойлылық, суреткерлік шеберлік.
Шалкиіз толғауларындағы қоғам, адам өмірі жайындағы толғаныстар,
дүниенің өткіншілігі, өмірдіц өзгеруі, өсу процесінде болатындыгы туралы
пайымдаулары.
Шалкиіз жыраудың философиялық ой- толғаныстарынан туғаң терең мағыналы
афористік сөздері.
Шалкиіз - әскербасы, батыр.
Шалкиіз поэзиясы - белгілі дәрежеде жаугершілік поэзия. Шалкиіз
поэзиясының рухы-ерлік. Шалкиіз толғауларында ұрыс даласындағы батырдың
қимыл, қозғалысын жанды суреттер арқылы жеткізу, батыр бейнесінің
статикалық күйде сомдалу үлгілері.
Жыраудың толғауларында бұқарашылдық тенденциясының көрініс табуы.
Жалғыздықтың мансұқталып, бірліктің, туыстықтың дәріптелуі (Артыңда
туысқанның көбі игі, Қамалаған қалың туғанның арқасы).
Шалкиіздің Би Темірге арналған толғаулары. (Аспанды бұл құрсайды,
Қара бас күспен шалдырып ).
Арнау-толғауларындағы заман тынысы, хан мен жырау қарым-қатынасы.
Ханды ұлықтай жырлауы немесе ханға мін айтуы.
Шалкиіздің ақындық шеберлігім танытатын көркемдік тәсілдер.
Шалкиіз - сахара эпосын жасаушылардың бірі.
Шалкиіз тудырған нақыл- афоризмдерді Бұқардың үлгі етуі.
Шалкиіз толғауларындағы жауынгерлік, ерлік рухы Махамбет поэзиясында
қайталануы.
Шалкиіз жырау шығармашылығының зерттелуі. Шалкиіз толғауларының Кеңес
өкіметі орнағанға дейін-ақ жиі басылып жарық көруі. Шалкиіз
шығармашылығының қазақ, сонымен бірге, қарақалпақ, құмық халықтары
әдебиетінде зерттелуі жайы.
Жиембет жырау
Жиембет Бортоғашұлы (ХҮІІ ғ.) - Есім ханның әскербасы батырларының
бірі, әрі жорықшы жырауы, қабырғалы биі. Жырау өмірінен мәлімет берер аңыз
әңгімелер.
Жиембеттен қалған елеулі мұра - Есім ханға арналған толғаулары. Арнау-
толғауларындағы Жиембеттің хан мен халық алдындагы үлкен еңбегі, жоғары
беделі көрініс табуы.
Жиембеттің арнау-толғауында билеуші мен жырау арасында қайшылықтардың
суреттелуі және хан дәрменсіздігінің әшкереленуі, толғаудың сыншылдық
сипаты.
Марғасқа жырау
Марғасқа жырау (ХҮІІ ғ.) - Есім ханның батырларының бірі жырау.
Өткір тілді, суырып салма өнердің шебері Марғасқа жырау - ерлікті,
антқа беріктікті жырлаушы. Ей, Қатағаның хан Тұрсын толғауының шығу
тарихы.
Ақтамберді жырау
Ақтамберді Сарыұлы (1675-1768)-жоңғарларға қарсы күрес дәуірінде қол
бастаған батыр, жортуыл жыршысы, әлеуетті жырау.
Ақтамберді жыраудың өмірінен мәлімет.
Қазақ тарихындағы ең қиын кезеңде өмір сүрген Ақтамбердінің
жоңғарларға қарсы күресті ұйымдастырушы болғаны.
Ақтамберді толғауларындағы басты сарын - ерлікке, батырлыққа шақыру.
Ақтамберді шығармашылығында қазақ халқының ой-арманы, мақсат-мүддесі,
көшпенді халықтың өмір-тұрмысы жайлы түсінігі, мінез-құлық ерекшеліктері
жырлануы.
Жыраудың Жағалбай деген ел болар, Жағаға қолдың тигенін, Жел, жел
есер, жел есер толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің жырлануы.
Жырау поэзиясында нақыл, афористік толғаныстардың берілуі.
Тәтіқара ақын
Тәтіқара ақын - қазақ халқының тарихында сырт жауларға қарсы күрестің
ұраншысы, жауынгер ақын.
Тәтіқара ақынның Абылай ханның жортуыл жыршысы болуы.
Ақын өмірінен деректер.
Қамыстың басы майда, түбі сайда толғауы ерлердің рухын көтеру,
жігерлендіру үшін айтылғаны.
Абылайға арналған Кебеже қарын, кең құрсақ өлеңіндегі ақынның
турашылдығы.
Үмбетей жырау
Үмбетей (1706-1775) - өз дәуірінің аса маңызды мәселелерін жырлаған
үлкен тынысты жырау.
Үмбетей жырау толғауларында ел тұрмысындағы маңызды мәселелер,
батырлардың ерлігі мадақталып, жырлануы.
Үмбетей - Абылай және ХҮШ ғасыр батырлары жайындағы жырларды
туғызушылардың бірі.
Жырау толғауларында ел, жер тарихы туралы деректердің берілуі.
Үмбетейдің даңқын шығарған Бөгембай өліміне, Бөгембай өлімін Абылай
ханға естірту толғаулары.
Жырау шығармашылығында жоңғарға қарсы күрестің каһарманы, атақты
қолбасшы Бөгембай образының жасалуы.
Бұқар жырау
Бұқар жырау Қалқаманұлы (1668-1781) - қазақ жыраулар поэзиясының
алыбы.
Бұқар жырау - өз дәуірінің данышпаны, қазақ хандығының нығаюы,
орталықтандырылған мемлекетке айналдыру жолындағы Абылай ханның кеңесшісі,
ақылгөй биі, көрнекті мемлекет қайраткері.
Бұқар жырау - қазақ халқының ынтымағын, бірлігін ту етіп көтерген ұлы
тұлға, кемеңгер жырау.
Бұқар жыраудың өмірі туралы мәлімет.
Бұқар жыраудың шығармаларымың жиналуы, зерттелуі. М.Әуезов,
Қ.Жұмалиев, Ә.Марғұлан, Е.Исмаилов, Б.Кенжебаев, Р.Бердібай т.б. ғалымдар
еңбектеріндегі Бұқар жырау туралы ғылыми тұжырымдар, пікірлер. Жырау
толғауларының текстологиясы.
Бұқар жыраудың болжағыштық қасиеті. Болжал өлеңдері. Бұқар жыраудың
мұсылманша жазба сауатының болғандығы.
Бұқар жырлары жыраулық поэзиямың дәстұрлі жалғасындай болғанымен,
әлеуметтік- саяси мазмұны мен тақырыбы, көркемдігі жағынан өзіндік
ерекшеліктерімен дараланады. Жырау шығармашылығын тақырыптық
ерекшеліктеріне қарай: адамгершілік-имандылық тәрбиесін жырлайтын насихат
толғаулар, ел бірлігі тақырыбындағы толғаулар, Абылай ханға арналған
толғаулар, отаршылдыққа байланысты туған болжал толғаулар деп топтастырып
қарастыру. Бұқар жыраудың жас ерекшеліктеріне байланысты және өмір туралы
толғаулары.
Бұқар жырау толғауларындағы Абылай хан бейнесі.
Абылай туралы тарихи жыр, толғаулардың арасында Бұқардың арнау
толғауларының орны.
Бұқар поэзиясы көркемдік, бейнелік тұрғысынан өзіне ғана тән
белгілермен сипатталуы.
Бұқардың өзіндік шеберлігі. Көркемдік ізденістерінің әралуандылығы.
Шығармашылығындағы тақырып кеңдігінің поэзия тіліне әсер етуі, образдардың
жаңа түрлері, көркемдік әдіс, тәсілдердің молдығы.
Қожабергеп жырау
Қожаберген Толыбайұлы (1663-1762) - қазақ елі тарихындағы жырау-ақын,
жауынгер, қолбасшы ретінде танымал тұлға.
Қожаберген жырау өмірінен мәлімет.Қожаберген жыраудың қазақ хандығының
саяси, қоғамдық, ішкі және сыртқы мәселелерге араласуы.
Оның қосымша өнерпаздық касиеттері: күйші, ұста, емші (сынықшы,
жауырыншы), аңшы (мерген, құсбегі, ат сейілі т.б.).
Шығармаларының жанрлық ерекшеліктері: толғаулары (Ғасыр жас,
Жастық); тарихи өлең-жырлары (Ата тек, Қызылжар, Балта керей соқыр
Абыз, Қойлыбай көреген, Төрт жігіт) ; ән-өлеңдері (Дүние, Аң
сауығы, Жігіттік, Шилі өзен, Сылаң сыр, Балқан, Балқан, Балқан
тау); төл және қайта жырлаған дастандары (Баба тіл, Елім-ай, Ер
Көкше, Еңсегей бойлы ер Есім, Ер Сырым, Ер Едіге, Орақ батыр.
Елім-ай дастанының идеялық-композициялық, көркемдік
ерекшеліктері. Баба тіл дастанының ұлттық-этнографиялық ұлағаты.
Көтеш ақын
Көтеш ақын (1745-1818)- жоңғарларға қарсы күресті жырлаған жауынгер
жырау.
Жырау өмірінен деректер.
Ақынның тұрмыс, кедейлік мәселелерін жырлаған толғау жырлары.
Абылай, Ботақанды сен өлтірдің, Күркелінің бауыры күнде дауыл,
Арқа ойылдың құба жон түсер қақтар т.б. өлеңдері.
Шал ақын
Шал (Тілеуке) Құлекеұлы - жыраулық поэзия үлгісінен өзгешелеу, жаңа
типтегі ақын.
Шал ақынның өмірінен мәлімет.
Шал ақынның жазбаша сауаты болғандығы.
Шал ақын өлеңдерінің тақырыптық ерекшеліктері: этика, мораль
мәселелері, кедейлік, адам өмірінің кәрілік, жастық кезеңдері.
Әйел тақырыбының Шал ақын поэзиясывда ерекше жырлануы.
Шал ақын шығармаларының сатиралық сипаты.
Шал өлеңдеріндегі лирикалық поэзия үлгілерінің кездесуі.
4. ХІХ-ХХ ғ. қазақ әдебиеті
XIX ғасырдағы ұлтығ сөз өнері дамуының ерекшеліктері. Ақындық
поэзиядағы фольклор мен әдебиет дәстүрі сабақтастығы мұрасындағы түркі
өркениеті және ислам мәдениеті көріністері.
Қазақстан жерін отарлау жұмыстары: барлық аймақтарда әскери қамалдар
мен бекіністердің салынуы, ресми қазақ хадықтарының жойылуы, аға
сұлтандық(округтық), болыстық, старшындық, ауылдық отарлық басқару
жүйесінің енгізілуі. Ресей империясяның қазақ елін отарлау саясатына
бағытталған ресми құжаттары: Сібір қазақтарының Уставы(1822), Орынбор
қазақстанның Уставы(1824).
Сырым Датұлы бастаған халық қозғалысы 1787-1797 және оның XVIII – XIX
ғ.ғ. әдеби, фольклорлық шығармашылық мұралардығы көріністері.
XIX ғасырдың бірінші жартысында отарлық езгіге қарсы Қазақстанда
болған қарулы көтерілістер: Қаратай сұлтан1797-1814, Арынғазы сұлтан1816-
1821,Исатай-Махамбет1936-1838 бастаған көтерілістер, олардың әдебиет
шығармаларында бейнеленуі.
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлттық-азаттық қозғалысы 1824-1847 және
оның қазақ әдебиеті жанрларындағы үлгелері. Кеңуесары, Наурызбай және олар
бастаған қозғалысқа қатысқан батырлар туралы тарихи жырлар: Нысанбай
жыраудың Кеңесары-Наурызбай, Доскен Әлімбаевтің Кеңесары, Жүсіпбекқожа
Шайхисламұлының Қиса Наурызбай төре дастандары, Досқожа ақынның Кеңесары
қоныстан ауғанда айтқаны өлеңі, Кенесарының өлені, Кенесары жырының
бірнеше ауызы атты халық өлендері, т.б.
Қазақстан жеріндегі Ресей патшалығы отаршылдығының (XIX ғ. Екінші
жартысы) күшейе түсуі. Ресейдің отарлық саясатына және Хиуа, Қоқан
хандылықтың басқыншылық соғыстарына қарсы көтерілістер: Есет батыр1853-
1859, Жаңқожа батыр Нұрмұхамедұлы бастаған Сырдария бойындағы,
1867,1868,1870 жылдары Орал, Торғай, Маңғыстау облыстары халқынын
көтерілістері туралы тарихи жырлар.
Зар заман ақындарының поэзиясы және оның әдеби дамудағы реалистік
маңызы.
Ресейдегі капиталистік қарым-қатынастар дамуының Қазақстандағы табиғи
байлық шикізаттарының көздерін игеруге ықпалы. Сауданың дамуы. Ақмола,
Атбасар, Қарқаралы, Талды-Қоянды, т.б. жәрмеңкелері және олардың қазақ
өнерінің кең танылуындағы маңызы.
Қазақстандағы халық ағарту ісінің жағдайы. XIX ғасырдың бас кезіндегі
оқыту түрлері. Бұқара, Самарқан, Хиуа, Ташкент, Қазан Өфе, Түркістан,
Ақмешіт қалаларындағы медреселерден білім алған қазақ оқығандарының
ағартушылық қызметі.
Отарлау саясатының мақсаттары үшін әртүрлі басқышты оқу орындарының 4-5
кластық қалалық училищелер, орыс-қазақ мектептері, гимназиялар Омбыда,
Семейде, Өскеменде, Верныйда, Торғайда, Қостанайда, Ырғызда және т.б.
жерлерде ашылуы. Манғол, манчьжур, қытай, парсы және т.б. Азия халықтары
тілдерін оқытатын Азиаттық училищенің 1889 ашылуы. Орынбор қаласындағы
Сібір кадет корпусының 1847, Неплюев кадет корпусының ашылуы. Бөкей
Ордасында орысша және татарша сауат ашу мектебінің ашылуы. Омбыда 1872,
Ташкентте 1979 мұғалімдік семинарлардың ашылуы.
XIX ғасырдың 90-шы жылдарында Жетісу өлкесі бойынша Пішкекте, Қапалда,
Жаркентте, Верныйда ауыл шаруашылығы мектептерінің ашылуы.
Орыс зиялыларының қазақ халқының тарихын, тілін, фольклорын,
этнографиясын зерттеу жұмыстарының екі жақты сипаты: ең бастысы – патшалық
өкіметтің отарлау саясатының мақсатын орындау, екіншісі – ғылымдық ізгі
ниет.
Қазақ халқының рухани мәдениетін, этнографиясын, фольклорын патшалық
империяның отарлау пиғылына орай игеруді негізгі мақсат еткендер:
А.И.Левшин, П.П.Семенов-Тянь-Шаньский, В.В.Григорьев, А.П.Рычков,
П.С.Паллас, Н.И.Ильминский, А.И.Алекторов, т.б. Бұлардың еңбектернің
отаршылық ниетке негізделгенімен, қазақтың ұлттық мұраларын әлемдік
өркениетке таныстырудағы ғылыми маңызы.
Ғылымдық ізгі мақсатта, адал ниетпен халық мұрасын жинап зерттегендер:
В.В.Радлов, А.И.Березин, Г.Н.Потанин, Ә.Диваев, т.б.
Қазақ-орыс әдебиеті байланыстарының ұлттық өзін-өзі тану мен қоғамдық
ой-пікірдің дамуына қазақ даласында XIX ғасырдағы әртүрлі себептермен
болған орыс жазушыларының, ғалымдар мен ағартушыларының А.С.Пушкин,
Л.Н.Толстой, Ф.М.Достоевский, Е.И.Даль, А.Н.Плещеев, С.Ф.Дуров, т.б. игі
ықпалы. Көптеген орыс жазушыларының С.Т.Аксаков, М.Л.Михаилов, М.С.Лесков,
Г.И.Успенский, В.Г.Короленко, т.б. шығармаларында қазақ халқы тұрмысының
суреттелуі.
А.С.Пушкиннің Е.И.Пугачев көтерілісіне байланысты материалдар жинау
мақсатымен Орынборға келгені. Пугачев бүлігі туралы кітабында қазақ,
башқұрт және т.б. азиялық халықтар туралы жазуы. Оралда болғанда Қозы
Көрпеш – Баян сұлу дастанының мазмұнын жаздыртып алғаны.
Украин ақыны Т.Г.Шевченконың шығармашылығындағы қазақ халқа тақырыбы,
оның Қазақстанда, арал теңізінде айдауда (1847-1857 ж.) болуы. Ақынның
Қазақ шаңырағы, Атқа мінген қыз, Байғұстар және т.б. суреттеріндегі
қазақ ауылы тұлмысының реалистікпен бейнеленуі. Менің ойларым атты
өлеңіндегі қазақ-украин халықтары тағдырының салыстырыла бейнеленуі.
Шетелдік ізгі ойлы зиялылырдың қазақ халқы, оның әдет-ғұрпы, өнері
туралы этнографиялық-публицистикалық жазбалары. Мысалы, американ журналисі
Джордж Кеннанның Сібір және жер аударылғандар, поляк революционері Адольф
Янушкевичтің Қазақ даласы бойынша саяхаттан күнделіктер мен хаттар, поляк
суретшісі Борислав Залисскийдің Қазақ сахарасына саяхат атты кітаптары,
қазақ тұрмысынан алынып жазылған ағылшын Клер Клермонттың Владимир мен
Зара поэмасы, т.б.
XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы реализм, романтизм,
тәрізді көркемдік әдістердің көріністері. Ауызша және жазбаша ақындық
дәстүр табиғаты, жыраулық поэзия сілемдерінің сақталуы. Ежелгі түркілік,
шығыстық жазба әдеби дәстүрлермен сабақтастық. Фольклордағы синкретизмнің
әнші-ақындар шығармашылығы арқылы жаңғыра көрінуі. Жаңа реалистік жазба
әдеби мазмұндағы лирикалық, сатиралық өлең, поэма, проза (әңгіме, очерк,
ғылыми-көсемсөздік мақала) жанрларының, философиялық трактат, аудармалық
және назиралық шығармалардың қалыптасуы, дамуы.
ДӘСТҮРЛІ АҚЫНДЫҚ ПОЭЗИЯ
Дулат Бабатайұлы 1802-1874
Ақын өмірі туралы мәлімет. Шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
Патшалық отарлау саясатының басқару жүйесін сынаған өлеңдеріндегі туған
жерді, атамекенді құрметтеу әуендері: Ақжайлау мен Сандықтас,
О,Сарыарқа, Сарыарқа, Тауды екіге жарасың, Ата қоныс Арқадан, Әуеле
қазақ деген жұрт.
Арнау, толғау өлеңдерінде өз ұлтының рухани әлеміндегі жағымсыз мінез-
құлықты сынауы: Сусағанда сулатып, Бараққа, Кеңесбайға, Ешенге,
Сендер түгіл құмырсқа, Туралыққа көшпеген, Қылжың, қылжың туысқан,
Атаны бала алдады, т.б.
Дулат өлеңдеріндегі адамгершілік, еңбек тәрбиесі туралы ойлар: Тегімді
менің сұрасаң, Ұста соққан темірдей, т.б.
Сатиралық тілмен, мысал мазмұнда бернелеу аллегориялық тәсілмен
жырлаған шығармалары: Айтпасымды айтқыздың, Сары шымшық, т.б.
Еспембет дастаныың әдеби-фольклорлық сипаттары. Дастанның
композициялық құрылысы. Еспембет бейнесінің сомдалу ерекшелігі. Дастандағы
жанама кейіпкерлер: Ер Қосай, Қабанбай, Ақтанберді. Дастан тілінің
бейнелілігі.
Шаштараз дастаны. Халық аңызына сүйене құрылған дастан оқиғасының
негізгі түйінінің сыр сағаттай білушілікті уағыздау екендігі.
Дулат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері. Өлеңдерінің
өлшем-өріміндегі жаңашылдығы.
Махамбет Өтемісұлы 1803-1846
Өмірі туралы мәлімет. Махамбет шығармаларын жариялау, зерттеу жұмыстары
туралы мәлімет (Х.Досмұхаммедұлы, Қ.Жұмалиев, Б.Аманшин, т.б.)
Махамбет – қазақ әдебиетіндегі сыншыл реалистік, романтикалық толғаудың
ақыны. Ақынның жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, азаматтық әуендер
Ереуіл атқа ер салмай, Беркініп садақ асынбай, Атадан туған аруақты
ер, Ұл туса, Мен ақсұңқардан туған құмаймын, Арқаның қызыл изені,
Желден де желгір ақбөкен, Күн қайда?, Бағаналы терек жарылса, т.б.
Махамбет өлеңдерінің философиялық-дүниетанымдық тереңдігі Орай да
борай қар жауса, Арғымақ сені сақтадым, Арғымақтың баласы, Жалған
дүние, Еменнің түбі сары бал, Аспандағы бозторғай, Пыр-пырлай ұшқан
қасқалдақ, Жалғыздық, Қарағай шаптым шандоздан.
Шығармаларында халық тұлғасы мен Исатай батыр бейнесінің жырлануы
Исатай деген ағам бар, Кел, кетелік, Жақия, Әй, Махамбет
жолдасымИсатай атынан, Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай!, Соғыс,
Тарланым, Мұнар күн, Тайманның ұлы Исатай, Есіл ер, Толарсақтан
саз көшіп, Мұңайма, Айныман, Біз ер едік, Қызғыш құс, т.б.
өлеңдері.
Лирикалық өлеңдеріндегі ақынның өз бейнесінің сомдалуы Менің атым
Махамбет, Махамбеттің Баймағамбетке айтқан сөзі, Қылыштай қиғыр алмас
ем, Мен – тауда ойнаған қарт марал.
Махамбет өлеңдеріндегі жыраулық-ақындық дәстүр жалғастығының белгілері,
сондай-ақ ақынның өзіндік төлтума ерекшеліктері. Ақынның шығармаларындағы
өлшем-өрім, тіл бейнелілігінің мәселелері.
Шернияз Жарылғасұлы 1807-1967
Өмірі туралы мәлімет. Шығармашылығының негізі – суырып салма ақындақ.
Ол – Исатай, Махамбет бастаған халық көтерілісінің жаршысы.
Ақынның толғау-термелеріндегі өмірдің қайшылықтары достық пен қастық,
қайырымдылық пен зұлымдық, жомарттық пен сараңдық, ерлік пен ездік, т.б.
туралы философиялық толғаныстар, ақындық бағалаулар ( А, Қазы би, Қазы
би, Көл қылып құйдым талай судай ағын, Сөз сөйлеймін бөлмелеп,
Тостағанды қолға алып, т.б.).
Шернияз шығармаларындағы Исатай, Махамбет көтерілісіне байланысты
өлеңдер: Баймағамбет сұлтанның үйінде айтылған топтама жырлары, Исатай
мен Науша батыр, т.б.
Шернияздың Махамбетпен, Абылмен, Қашағанмен дидарласқандағы өлеңдері.
Шернияздың шешендік өнері. Шернияздың батасы, Махамбет батырдың Шернияз
шешенге айтқан жұмбағы атты өлеңдерінің мәні.
Шернияз шығармаларының көркемдік, бейнелілік мәселелері.
Шортанбай Қанайұлы 1818-1881
Өмірі туралы мәлімет. Шортанбай мұрасының жариялануы, зерттелуі.
Шортанбай шығармаларын бағалаудағы бұрынғы сыңаржақ пікірлер. Ақынның
шығармашылық тұлғасының қалыптасуындағы кезеңдер: Түркістанды, Арқаны
(Қарқаралыны) мекендеген өмір кезеңдері.
Шортанбайдың ежелгі түркілік-мұсылмандық, сопылық әдебиет дәстүрі Қожа
Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. тағылымында қалыптасқан ақын
екендігі. Ақынның шығармашылығындағы негізгі сарын – имандылықты уағыздау:
Атамыз Адам пайғамбар, Адамның жалған дүниесі, Қалықтаған сұңқар ем,
т.б.
Шортанбай – патшалық отарлау саясатын әшкерелеуде реалистікпен жырлаған
сыншыл, ойлы суреткер ақын. Шортанбайдың Зар заман толғауы – ... ілгері,
соңғы ірі ақындардың барлық күй сарынын бір арнаға тұтастырғандай жиынды
өлең... (М.Әуезов). заман зарын жырлаған толғауларындағы адамның да,
табиғаттың да азып-тозатыны туралы мұңды-шерлі толғаныстары ( Келер
заман, Заман ақыр).
Адамгершілік тәрбие қағидаларын уағыздаған толғаулары: Бір насихат
айтайын, Сөз айтайын Асанға, Бала зары, т.б.
Айтыстарындағы сыншыл өткірлік, бейнелі тіл нақыштары: Шортанбай мен
Орынбай айтысы, Шортанбай мен Шөженің айтысы, Шортанбай мен Асан бұғы
айтысы.
Шортанбай шығармаларының көркемдік ерекшеліктері.
Сүйінбай Аронұлы 1822-1895
Өмірі туралы мәлімет. Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі.
Толғауларының тақырыптық-идеялық мазмұны:
- елдің тарихи, ел қорғаған батырлар туралы: Бөрілі менің байрағым,
Қарасай батыр, Өтеген батыр, Ту алып жауға шықсаң сен, Сұраншы
батыр, Жабай батыр, Жақсының тұқымына, т.б;
- адамгершілік тәрбиесі туралы толғаныстары: Құсмұрын тастың үстінде,
Жақсы менен жаманның айырмасы, Нақылдар, Біз сонаршы түлкі қуған,
Жақсы болса ағайын, т.б;
- халыққа жәбір-жапа шектірген озбырлық жасаушыларды, сараңдарды, екі
жүзді опасыздарды сынаған толғаулары, өлеңдері: Зар жылатып ... ..,
Датқаларға, Үмбетәліге, Әділеттік орнаса, Момын малын алып беріп,
Ноғайбайға, Әтекеге, Қайыпназарға, т.б;
- адамның жастық, кәрілік, жас кезеңдеріне арналған өлеңдері:
Өлеңдердің нұр сипаты, Жиырма беспен қоштасу, Жиырма бестің айтқаны,
Өмір ағысы, Әуелі кәрілік келіп түрімді алды, т.б.
Сүйінбайдың айтыстары – қазақтың сүре және түре айтыстарының үлгілері:
Сүйінбай мен Қарғаның айтысы мысал айтыс, Сүйінбай мен Қаңтарбай,
Сүйінбай мен Уәзипа, Сүйінбай мен Бақтыбай, Сүйінбай мен Тезек төре,
Сүйінбай мен Қатаған айтыстары.
Сүйінбайдың ақындық шығармашылығы – қазақ поэзиясындағы дәстүрлі өнерлі
мектеп.
Ақын шығармаларының өлеңдік өлшемі-өрімі, бейнелігі.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы 1835-1884
Өмірі туралы мәлімет.
Майлықожа – араб, парсы, ежелгі түркі классикалық әдебиетімен қазақтың
фольклорымен, жыраулық поэзиясымен жете таныс, білімдар ақын.
Шығармаларының жанрлық түрлері: толғау-термелер, арнау өлеңдер, мысал
өлеңдер, айтыстар.
Толғау-термелеріндегі философиялық ғибыратты ойлар:
- адамзатты биіктікке, парасатшылыққа үндеу: Райымқұлға, Ноғай
мырзаға;
- жақсылық пен жамандық қасиеттерді даралау: Ілімге толсын көкірек,
Дүниеге мейман көңілім, Жөн білсең жолдасыңа жоба көрсет;
- фәни жалғанның өткіншілігі, адамдардың бір-біріне қонақ екендігі:
Ажал бір келмес болсайшы, Не жүйрік өтті дүниеден, Дүние, т.б.
Арнау өлеңдеріндегі адалдықты уағыздау, озбырлықты әшкерелеу: Ескі
мырза, манаптар бегі, салы, Алдабарген байға, т.б.
Мысал өлеңдерінде бернелеу аллегория арқылы адамзат өмірінің
қайшылықты сырларын бейнелеуі: Тотықұс, Қасқыр, Үш жігіт, Бұлбұл.
Майлықожа – табиғат құбылыстарының шынайы суреттерін қазақ ауылының
тұрмысымен байланыстыра жырлаушы: Жылдың төрт мезгілі.
Айтыстары Майлықожа мен Айман, Майлықожа мен Гүлханым. Ақын
шығармаларының көркемдігі мен бейнелелегі.
Базар Оңдасұлы 1839-1911
Өмірі туралы мәлімет. Ақындық қалыптасу жолындағы негізгі кезеңдер.
Шығармашылығындағы басты жанрлар. Жазба және ауызша дәстүрдегі жыраулық-
ақындық өнер ерекшеліктері.
Толғау, термелеріндегі тақырыптық-идеялық мазмұн сипаты:
- көңіл—күйдің алуан сырларын айшықтайтын философиялық толғаныстары:
Құмарын тарқат алқаның, Дүние қудым, Әлі де сенде арман жоқ,
Тездетіп жігіт күнім өтіп кеттің, Бір кезде Базар едім, Бай да өткен,
батыр да өткен, Өсиет, т.б;
- халық тағдырына арнап азаматтық, әлеуметтік әуендегі толғаулары:
Жамиғы қазақ бір туған, Түбі туыс байтақ ел, Ел жақсылары,
Қарындастың қамы үшін, Атасы жақсы қандай-ды, т.б.
Лирикалық өлеңдерінде сыршылдық пен махаббат (Ғашық жарым), табиғат
(Көктем) тақырыптарын жырлауы.
Сатиралық өлеңдеріндегі өткір ойлы, сыншыл-сықақшыл тіл өрнектері
(Келдім де түсе қалдым өзімсініп, Қаражан болысқа).
Дастандарындағы (Айна-тарақ, Әмина қыз, Мақпал-Сегіз) фольклорлық
сипаттар мен авторлық, реалистік көркемдік шешімдер.
Базар шығармаларындағы көркемдік нақыштар, бейнелілік.
Мұрат Мөңкеұлы 1843-1906
Өмірі туралы мәлімет. Мұрат мұрасының жариялану, зерттелу тарихы. Мұрат
шығармаларындағы ойшылдық, философиялық-азаматтық тереңдік. Зар замандық
сарындағы шығармаларындағы лирикалық кейіпкер – ақын тұлғасына тән биіктік,
романтикалық әуенді гуманизм сипаты. Мұрат – патшалық отарлау саясатының
зиянды зардаптарын анық болжаған ақын. Ежелгі түркі, Тұран тайпалары мен
қазақ халқының атамекендерінің мәңгілігін, тұрақтылығын аңсауы, қайырсыз
қоныстардан шошынуы. Үш қиян, Қазтуған, Сарыарқа, Әттең бір қапы
дүние-ай! атты толғауларындағы ақынның азып-тозбауын аңсаған романтикалық
ой-армандары.
Мұрат толғауларындағы адамгершілік тәрбиесіне байланысты философиялық
ойшылдық (Мраттың жалпы айтқаны, Топқа түскендегі толғауы, Өлім,
т.б.).
Арнау (Қыз, Боранбайға айтқаны), хат-өлең (Оқудан қайтқан жігітке
хат, Еліне жазғаны), тойбастар (Қаратоқай Беріш Есеттің баласы Арман
мырзаның қыз ұзатуындағы тойбастар) жанрларындағы шығармалары.
Мұраттың жыршы-ақындығы, Сыпыра, Асан Қайғы, Қазтуған, Шалкиіз,
Жиембет, Доспамбет, Махамбет, Шернияз, т.б. ақындар жырларының Мұраттың
айтуында сақталғандығы. Мұрын жырауға Мұрат үйреткен он төрт батырлық жыр:
Қарадөң батыр, оның ұрпақтары Жұбаныш батыр, Сүйініш батыр, Құлыншақ
батыр, Ақжонас батыр, Кеңес батыр, Жаңбыршы батыр оның баласы
Телағыс батыр, Оғыз батыр.
Қарасай-Қаси дастаны. Дастанның композициясындағы қоштасу, жоқтау
жырларының лирикалық әсерлері (мәселен, Орақтың досы Ақмырзаның шешесі
Қараулектің, әйелінің жоқтаулары).
Айтыстары: Жылқышымен (1860), Бала Оразбекпен (1863), жаскелеңмен
(1868), Жантолымен, Тыныштықпен болған айтыстарының шығармашылық
ерекшеліктері, тілдік-көркемдік нақыштары.
Мұрат ақын шығармашылығынағы романтикалық, азаматтық сарындардың қазақ
әдебиеті тарихындағы маңызы.
Әбубәкір Кердері Боранқұлұлы 1868-1905
Өмірі, шығармшылығы. Ақынның толғау, термелеріндегі заман зары, отарлық
езден азып-тозып бара жатқан қазақ елінің тағдыры туралы күйзеліс
(Заманның опасыз халіне айтқан өлеңі, Өткен еміншілік заманды жоқтап
айтқан толғауы, т.б.)
Адам өмірінің тарихы туралы философиялық толғау (Сырқау болып жатқанда
айтқан өлеңі).
Айтыстары: Кердері мен Құлымбет, Қожахмет пен Кердері Әбубәкір,
жұмбақ айтыстарындағы өмір құбылыстарын баламалай, мгзей бейнелеу
шеберлігі.
Ақын шығармаларының тілдік өрнектері, көркемдік ерекшеліктері,
бейнелілік сипаттары.
Қосымша өз бетімен оқуға ұсынылатын ақындар:
Шөже Қаржаубайұлы (1808-1895), Орынбай Бертағыұлы (1813-1895), Мәделі
Жүсіпқожаұлы (1816-1888), Нұрым Шыршығұлұлы (1831-1908) шығармалары.
ӨНЕР ТҰТАСТЫҒЫ МАЗМҰНЫНДАҒЫ АҚЫНДАР ПОЭЗИЯСЫ
(сал-серілер, әнші-ақындар)
Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар (сал-серілер, әнші ақындар)
шығармашылығындағы көрнек өнерінің ежелгі замандық тұтастық (синкретизм)
белгілерінің сақталуы, жаңғыра қолданылуы (әншілік, ақындық, жыршылық,
сазгерлік, аңшылық-мергендік, атбегілік-сейістік, құсбегілік-саятшылық,
әртүрлі мазмұндағы күлдіргі ойынпаздық, палуандық, ұсталық-зергерлік,
т.б.).
Біржан сал Қожағұлұлы (1834-1897)
Өмірі туралы мәлімет. Көңіл-күй (Жамбас сипар, Біржан сал,
Орынбор, Талай заман, Ал, дүние өтеріңді біліп едім), философиядық
(Ер жігіт дүниені көрген артық), махаббат (Айтбай, Ләйлік-шырақ,
Көлбай-Жанбай, Алтын балдақ, Ақтентек, т.б.) тақырыптарындағы
лирикалық ән-өлеңдері.
Озбырлық жасаушыларды сынау: Жанбота, Адасқақ, т.б.
Қисса Біржан сал мен Сара қыздың айтысқаны - қазақтың халық
поэзиясының классикалық үлгісі. Айтыстың 1898, 1899, 1902, 1907 жылдары
жарияланған төрт нұсқасы. Біржан мен Сара айтысының эстетикалық-көркемдік
тағлымы.
Біржан мен Шөже, Біржан мен қыз, Біржан сал мен қыз тәрізді қыз
бен жігіттің сөз қағысуы түріндегі айтыстарындағы қазақы қалжаң
ерекшеліктері.Біржан сал шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.
Ақан сері Қорамсаұлы 1843-1913
Өмірі туралы мәлімет. Ақан сері – қоршаған ортадағы әсемдік әлемін,
сұлулық тағлымын жырлаушы суреткер ақын. Тән сұлулығы мен рухани жан
дүниелік тазалықты, пәктікті нәзік сезіммен аялай жырлаушы.
Лирикалық өлеңдеріндегі (Адамның біліміне ақыл серік, Айтамын
замандасқа біраз кеңес, Әйелдер сипаты, Жігіт сипаты, Жастық шақтар,
Кәрілік, Достарыма) көңіл-күйлері мен философиялық тереңдікке
негізделген мазмұндық ерекшеліктер.
Махаббат тақырыбындағы лирикалық өлеңдері: Сырымбет, Үш тоты, Қара
торғай, кербез сұлу, Ақ көйлек, Мақпал, Торыны таң асырып мінген
қандай, Сүйген жардан айрылдым, Біздің көңіл қайда жатыр, Жайықтың ақ
түлкісі аралдағы, Сүйген қалқа, т.б.
Азаматтық әуенді, сыншыл сарындағы өлеңдеріндегі заман қайшылықтары мен
озбырлықты сынау (Заманға қарап, Құлагер, т.б.)
Аңшылық-саятшылық тақырыбындағы өлеңдері (Мылтық пен мергеншілік).
Айтыс өлеңдеріндегі, атап айтқанда Ақан сері мен Әділ, Ақан сері мен
Ысмағыл Шаймерден айтысы, Қожамбет пен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz