Кілемдерді сату техникасы



1 Кілемдерді сату техникасы
2 Кептіргіш қондырғыларды автоматтандыру
3 Үздіксіз әрекеттердегі кептіргіштерді автоматтандыру
4 Газбен қыздырылатын термордиациялық кептіргіштер
Коридорларда, өткелдерде, баспалдақтарда және босқа қоғамдық және тұрмыстық орындарда төселуге арналған кілемдер және кілемдік бұйымдар біртегіс емес және алдын алатозуларға ұшырайды. Сондықтан оларды таспалы немеес басқа маталарды қаптай отырып тозудан сақтау қажет. Егер кілемдік бұйым қыры немесе бұрыштары бойынша борттарының майысқаны байқалатын болса, кілемге шетінен астар жағына қалталар тігіп және оның ішіне жұқа металдық пластинкаларды салып қою қажет.
Кілемге түскен ластықтар, шаңдар және ылғалдар эксплуатациялау шартында тұрмысты шаңсорғыштармен немесе жақсы жұмсақ сыпырғылармен тазартылады. Шаң басқан немесе ластанған кілемдерді таяқшалармен қағып немес бұрыштарынан ұстап сілкіп қағуға және ұрғылауға болмайды, себебі бұлай тазалау кезінде кілем немесе кілемдік бұйымның шеттерінің сөтілуі немесе жыртылуы орын алуы мүмкін.
Кілемдерді жазғы күндері шөп үстіне немес таза еденге беттік жағымен төсеп және абайлап күш түсірместен пластмасссалы таяқшалар мен қақшылау қажет. Кілемдердің астарын тығыз щеткамен сүртіп және кілемді беттік жағына оңғаратып кілемнің жүнді бетін абайлап сипалап тазалап шығу қажет. Кілемнің жүнді бетін жүн бағытына қарсы сыпырып тазалау зиянды болып табылады, себебі мұнда кілемнің тоқылған түйіндері әлсіреп шаң немесе ластықтар жүн астындағы кілем матасына еніп кетуі мүмкін. құрғақ тазалаудан соң щетканы сулап немесе сірке қышқылының әлсіз концентрациясымен сулап және бүкіл кілемді жүнінің жату бағыты бойынша сыпырып шығады. Мұнда жүн жіптері ұзындығы бойынша жақсы тазаланып және кілем қажетті тазалыққа, жібектілікке және орнаментінің жақсы релеьефтілігіне ие болады.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Коридорларда, өткелдерде, баспалдақтарда және босқа қоғамдық және тұрмыстық
орындарда төселуге арналған кілемдер және кілемдік бұйымдар біртегіс емес
және алдын алатозуларға ұшырайды. Сондықтан оларды таспалы немеес басқа
маталарды қаптай отырып тозудан сақтау қажет. Егер кілемдік бұйым қыры
немесе бұрыштары бойынша борттарының майысқаны байқалатын болса, кілемге
шетінен астар жағына қалталар тігіп және оның ішіне жұқа металдық
пластинкаларды салып қою қажет.
Кілемге түскен ластықтар, шаңдар және ылғалдар эксплуатациялау
шартында тұрмысты шаңсорғыштармен немесе жақсы жұмсақ сыпырғылармен
тазартылады. Шаң басқан немесе ластанған кілемдерді таяқшалармен қағып
немес бұрыштарынан ұстап сілкіп қағуға және ұрғылауға болмайды, себебі
бұлай тазалау кезінде кілем немесе кілемдік бұйымның шеттерінің сөтілуі
немесе жыртылуы орын алуы мүмкін.
Кілемдерді жазғы күндері шөп үстіне немес таза еденге беттік жағымен
төсеп және абайлап күш түсірместен пластмасссалы таяқшалар мен қақшылау
қажет. Кілемдердің астарын тығыз щеткамен сүртіп және кілемді беттік жағына
оңғаратып кілемнің жүнді бетін абайлап сипалап тазалап шығу қажет. Кілемнің
жүнді бетін жүн бағытына қарсы сыпырып тазалау зиянды болып табылады,
себебі мұнда кілемнің тоқылған түйіндері әлсіреп шаң немесе ластықтар жүн
астындағы кілем матасына еніп кетуі мүмкін. құрғақ тазалаудан соң щетканы
сулап немесе сірке қышқылының әлсіз концентрациясымен сулап және бүкіл
кілемді жүнінің жату бағыты бойынша сыпырып шығады. Мұнда жүн жіптері
ұзындығы бойынша жақсы тазаланып және кілем қажетті тазалыққа, жібектілікке
және орнаментінің жақсы релеьефтілігіне ие болады.
Қысқы күндері аяз кездерде кілемдерді қарда тазалаған пайда болып
есептеледі. Кілемді қар үстіне беттік жағымен төсеп қойып жұмсақ
таяқшалармен немесе тоқпақпен абайлап күш түсірмей қақшылап шығады.
Тазалаудың әрбір бұрылысындла кілемді таза орынға ауыстырып төсеген жөн.
Кілем толық таза болғанға бетіне қар сеуіп және сыпырып тастап отырады.
Сонымен бірге кілемнің астар жағында тазалайды. Мұнда төменгі
температуралар кілемге түскен күйелердің личинкаларын толық жояды деп
есептеуге болады.
Кілемге әртүрлі дақтар түскенде қажет болған жағдайда арнайы
фабрикаларда боялған иірім жіптердің беріктігін есепке ала отырып кілемді
химиялық тазалау беріп отырған жөн. Тұрмыстық шарттарда кілемді
синтетикалық жұғыш заттармен жууға болады, мұнда 1 л суға 2 г мөлшерде
жуғыш зат салуды ескерген жөн, және щеткалармен өңдеп және артық ылғалды
жоғалтып кілемді кептіруден өткізу қажет. Кілемді кептіруді әсіресе күн
шығып тұрған ашық ауа райы күндері жүргізген жөн. Кілемді астарлық жағынан
бірнеше сағат кептіріп және кебу аяқталған жақындағанда және күн қызуы
қайтқан кезде жүнді жағын күнге қойып кептіреді (бұл кілемнің бояғыш
заттарының жарыққа төзімділігіне байланысты алынады). Теңізге жақын
орналасқан жерлердің тұрғындары кілемдерді тұзды суға тамаша жуады.

Кілемдерді сату техникасы
Кілемдерді және кілемдік бұйымдарды жеке даралық сату арнайы
дүкендерде жүргізіледі, ол жерлерде кілемдердің үлкен ассортименті болуы
қажет. Сатып алушыға кез келген өлшемдегі және орнаменттегі немесе түстегі
кілемдерді таңдап алуына мүмкіндік беріледі.
Кеңес алу үшін, сатып алушы ең алдымен сатушыдан ақыл сұрайды, ал
сатушы болса кілемдердің барлық түрін, оларды өндіру тәсілін, қолданылған
материалдарды және суреттер сипаты мен типтерін жақсы білуі қажет. Сонымен
бірге сатушы эксплуатациялау шарттарында кілемнің айрықша қасиеттерін білуі
қажет, мысалы: тозуға төзімиділігі, жүнді бетінің отырушылығын, жарыққа
төзімділігін және басқа да көрсеткіштерін.
Кілемді сату кезіндегі сапа туралы сұрақтар шешуші болып табылады және
сатып алушыға жалпы фразалармен түсіндірілуге рұқсат етілмейді. Сатушы
сатып алушыға, мысалы қол кілемдері отандық өндірісте шығарылатындары текин
суретіне ие болатын болса, онда кілемдердің басқа түрлерінен ерекшеліктерге
ие болады, немесе машиналық кілемдердің қол кілемдерінен ерекшелігі неде
екендігін түсіндіруі қажет.
Сатып алушыға кілемді таңдау кезінде кілем ілінетін бөлменің
ерекшелігін, интерьерін ескеру қажет, ол жиһаздардың габаритімен,
қабырғалардың түсімен, есіктер және терезелердің үлкендігі және орналасу
орны, түсі, жарықтандырушы арматураға, гардиналар және т.б. безендірулермен
анықталады. Кілем фонының түсі қабырғалар түсіне жақын немесе солардың
қасында көрнекілеу болуы, жиһаз түстеріне ұқсас болуы, жиһаздық –
декоративті маталарға сай болуы қажет.
Әруақта кілемді интерьерге сай таңдау міндетті емес. Егер кілем
декоративті қолданбалы өнертуындысы болатын болса, онда ол интерьер құрудың
негізі болып өзі саналуы мүмкін.
Кілем – ұзақ уақыт пайдаланылатын тауар болып табылады, сондықтан
кілемді таңдай отырып сатып алушы оның суретін, калориттік безендірілуін,
оның қайда ілінетіндігін, жиһазға немесе интерьерге сай келетін мұқият
ойластыруы қажет. Осыған байланысты дүкендерде кілемдердің пәтерлерде
ілінуінің әртүрлі сәнді үлгісін көрсететін плакаттар ілінуі қажет. Мұндай
плакаттар сатып алушыға қандай кілем сатып алу қажеттігін таңдауға
көмектеседі.
Сатушы сатып алушыға кілемнің эксплуатациялау шартындағы қасиеттерін,
олардың ерекшеліктерін, сақтау шарттарын және оларды күту жолдарын
түсіндіруі қажет.
Кілемдер және жолдық кілемдер егер еденге төсеуге арналған болса, зал
еденіне төсеу заңдылығын көрсету қажет, бұлай көрсетудің ең тамаша тәсілі
болып кілемдерді рулондарымен бірге бқлме қабырғасына ілі болып саналады.
Кілемді сату мәдениетінде жарнамалауға үлкен роль бөлінеді.
Теледидар бойынша, радиа арналар бойынша жарнамалау сұранысты
ұлғайтуға, қажеттіліктер мен таңдауларды кеңейтуге, жаңа заманға сай
суреттерді жариялауға, сақтау және эксплуатациялау шарттарын түсіндіруге
мүмкіндік береді.
Кілемдерді мамандандырыла отырып сату қарапайым сатумен қарағанда
бірқатар артықшылықтарға ие. Арнайы жасалған дүкен жұмысшылары өздерінің
жеткізіп берушілері туралы жақсы біледі (кілем жасау кәсіпорындарын),
дүкенде әруақта кілемдердің үлкен ассортименті сақталады, сатушылар
тәжірибелі кеңесшілер бола біледі, және тұтынушының сұранысын жақсы
түсінеді. Арнайы жасақталған сату сауда залында кілемдерді көрнекілеуді,
сатып алушыларға көрсетуд штабельдерде және руландарда жақсы ұйымдастыруға
мүмкіндік береді, және тығыздығы, калориті, өлшемдері және безендірілуі
туралы сатып алушыларға жақсы таңдаулар ұсынуға мүмкіндік береді.
Арнайы жасақталған дүкендер кілем өнеркәсібінің талаптарын анағұрлым
білікті ұсынады, оның дамуына әрекет етеді, шығарылатын бұйымдардың
сапасына және ассортиментінің кеңеюіне жақсы әсер етеді.
Кесте 1
Негізгі техникалық көрсеткіштері бойынша қол кілемдірі жеке түрлерінің
салыстырмалы сипаттамалары
Техникалық Ортаазиялық топ Кавказдық топ Ирандық Қытайлық
көрсеткіштер

Текин, пенди Иомуд, чаудор Кизил-аяқ, бешир керки Куба, ширван, хила,
ахты Карабах, дербент, табассаран Тебирз, керман, исфахан Пекин,
донхуан, гүлді 10 см келетін жіптер саны
негізде
мойыншада

80-100
60-80

72-84
45-60

52-70
30-50

80-110
40-55

60-80
30-40

52-136
30-80

60-70
30-35 10 см түйіндер саны 2400-4000 2400 1800 3020 1600 5440 1220
Жүнінің биіктігі, мм 3-5 5-7 8-11 3-5 6-8 3-10 9-18 Салмағы,
1м2, кг 2,35 2,8 3,2 2,3 3,0 1,8-3,0 2,0-5,0

Кептіргіш қондырғыларды автоматтандыру
Автоматтандыру тәсілдерінің классификациясы
Материалдарды ткептіру техникасының заманға сай дамуы едәуір дәрежеде
жоғары температураларды қолданумен, бірқатар жағдайларда кептіргіш
агенттерді немесе радиациялық кептіруде қуатты толқындарды пайдаланумен
байланысты, себебі бұл айтылғандар материалдарды кептіру процесін
интенсификациялауға мүмкіндік береді. Бірақ кептірудің жылдам жүретін
процестерін тиімді басқару автоматты реттеу және басқару құралдарын
пайдаланбай мүмкін емес. Бұл жағдайларды қолмен басқару немесе реттеу
кезінде кептіргіш агенттін немесе шғылыстырушы беттердің берілген жоғары
температураларын берілген шектерде ұстап тұру мүмкін болмайды. Сондықтан
берілген температураның тым болмаса қысқа сәтке жоғарылап кетуінің өзі
кешірілмес нәрсе болып табылады, себебі ол кептірілуші материалдың
бұзылуына және радиациялы кептірудің бүкіл артықшылығының жойылуына немесе
кептіргіш агентін қолданудың жоғары параметрлерінің жойылуына алып келеді.
Кептіргіш қондырғыларда автоматтандыруды және авоблокировкалауды қолдану
қауіпсіздік техникасы талаптары жағыфнан да қажетті нәрсе, мысалы жоғары
жиілікті токтармен кептіруде, және жырылысқа қауіпті материалдарды және улы
заттарды кептіруде.
Басқаруды автоматтандыру эксплуатациялау мәдениетін және кептіргіш
қондырғының пайдалы әсер коэффициентін жоғарылатуға мүмкіндік береді, оның
өнімділігін арттырады, кептіру сапасын жоғарылатады, кептіргіш машинаның
жұмыс сенімділігін арттырады, еңбек шартын жеңілдендіреді, және кептіруді
күтуші персонал санын қысқартуға мүмкіндік береді.
Бірақ автоматтандыру тек жалғыз мақсат болмауы қажет; ол ең алдымен
еңбек өнімділігін едәуір арттыруды қамтамасыз етуі қажет. Оны қолдану
құралдардың едәуір шығынымен байланысты, сондықтан оны тек кептірудің
жоғары жылдамдықпен өтетін процестерінде ғана жүзеге асыру қажет, ол
автоматты реттеу және басқарусыз мүмкін емес болғанда ғана қолданылады.
Бізге қазіргі уақытта экономикалық көзқарастар бойынша автоматты
реттеуді және күрделі автоматтық басқару мүмкін болмағандықтан рационалды
емес болып саналады, мысалы, үлкен инерциялылыққа ие кептіргіш камераларда,
кептірудің ұзақтығы бірнеше мәндермен анықталады, яғни мұнда күрделі
автоматтандыру мен басқаруды қолдану мүмкін емес.
Кешенді автоматтандырудың және басқарудың және механикаландырудың
заманға сай техникасы едәуір жетістіктерге жетті және қазіргі уақыттарда
келесілер қолданылады:
1. Үздіксіз әрекеттегі кептіргіштерді автоматты реттеу кептіру
режимінің бір немесен бірнеше берілген параметрлері мәндерін
берілген мәнде бірқалыпты сақтауға мүмкіндік береді, мысалы
кептіргіш агенттің температурасын және ылғалдылығын кептіру
камерасының әртүрлі зоналарында сақтауды қамтамасыз етеді.
2. Пеиоды әрекеттегі кептіргіштерді автоматты реттеуді
бағдарламалық қамтамасыз етілуі (алдын ала берілген мәндер
бойынша) кептіру режимі параметрлерін кептіру процесі жүру
бойында реттеуді қамтамасыз етеді, мысалы, үздіксіз немесе
белгілі бір уақыт аралығында өзгеретін жұмысшы камерадағы
кептіргіш агенттің ылғалдылығы мен температурасын уақытқа
байланысты ұстап тұру.
3. Кептіргіш агрегатты апаттардан автоматты қорғау немесе
сигналдау. Мысалы, 13-1 суретте автоматты сигнализатордың ВТИ
схемасы келтірілген, ол отындық немесе түтінді газдарда жұмыс
істейтін кептіргіш машиналарда қолданылады.
Сигнализатордың терморелесі ыстық газдардың ауамен қоспасын
кептіргіштің жұмысшы камерасына беруші каналдарында орнатылады. Қоспаның
температурасының жоғары мүмкін болатын шектен тіпті 10С – қа ауытқуында
термореле контактілерді қосып және электрлік желіні тұйықтайды; мұнда
сәйкес қызыл түстегі шам жанып және сирена іске қосылады. Мұндай жағдайда
газдардың қазандықтан шығуы тоқтап, температураның көтерілу себебі
анықталады және байқалған дұрыс еместікті қалыпқа келтіреді.
Әдетте сигнализаторларды орнатуда бірнеше кептіргіштерге бір сигнал
орнатады. Схемада дыбыстық сигналды өшіру үшін тетік қарастырылады және оны
егер апатты қалпынва келтірмес бұрын тағы жағдай орын алатын болса, онда
оның келесідей қосу мүмкіндіктері қарастырылады. Автоматты реттеудің
бірқатар жағдайларында термосигналдауды орнатпайды.
Кептіргіш қондырғыларда қорғану құрылғылары болып жарылғыш клапандар
құрылғылары, сақтандырушы клапандар құрылғылары және әртүрлі түрдегі
апаттық қосқыштар есептеледі.
4. Автоматты блоктау, бұл жүйе көмекші механизмдер тобын және
басқарушы органдардың (жобу тетіктері, вентильдер және т.б.)
белгілі бір технологиялық процеске қажетті режимдік тәртіпте
қосу және ажыратуды қамтамасыз етеді. Мұндай блоктаушы
болып, мысалы малярлы кептіргіштерде газдарды қазандықтарға
беруді автоматты тоқтату, газдарды қазандықтардан түтіндік
құбырға қосу және егер үрлеуші желдеткіш жұмысында апат орын
алатын болса кептірілуші материалдың конвейерін тоқтату
сияқты жұмыстарды атқарады.
Кейбір жағдайларда автоматты блоктау сигналдаумен байланысады. Мұндай
біріктірудің мысалы болып 13-2 суреттегі схема есептеледі, оның жұмыс істеу
принципі келесідей болып табылады: электроқозғалтқышты 1 тоқтату кезінде
қазандыққа ауаны беруші үрлеу желдеткішінің жетегі соленоидпен 2
магниттеледі. Серіппе 3 соленоидтан жүрекшені тартып және контактыны 4
тұйықтайды.серіппе 6 газдың қазандыққа берілу клапанын 7 жабады; сонымен
бір мезгілде сигналдық шам 8 жанып және дыбыс беруші жұмысқа кіріседі.
Дыбыстық сигнал қосқыш 10 көмегімен ажыратады, ал үрлеу желдеткішін іске
қосқан соң қайтадан іске қосады.
5. Автоматты реттеден басчқа, кептіргіш қондырғыларда кейде қорғау
және блоктау жүйесі болып дистанционды басқару қолданылады; ол кептіргіш
агрегаттың жеке механизмдерін қосып және тоқтатуға мүмкіндік береді, мысалы
алып қарайтын болсақ желдеткіштер, түтін сораптар, форсункалар, сораптар
және т.б. қашықтықтан басқару қалқанымен басқарылып отырады. Дистанционды
басқару әдетте электрлік немесе пневматикалық болып орындалуы мүмкін. Олай
болса, автоматты құрылғылардың ролі мен функциялары өте алуан түрлі болып
келеді.
Бірақ автоматиканы енгізу агрегаттың жеке органдарының конструктивті
күрделенуін тудырады – атап айтсақ, механикаландырылған есіктерді
пайдалану, механикаландырылған жабу құралдары, вентильдер, арнайы
электроқозғалтқыштар, қатты отындарды жағу үшін арналған
механикаландырылған қазандықтарды пайдалануды және т.б. қажет етеді, және
осының салдарынан жабдықтардың өзіндік құны жоғарылайды.
Автоматты реттеушілер тікелей және тікелей емес әрекетті болып
табылады. Күштелусіз автоматты реттеушілер, немесе тікелей әрекеттегі
автоматы реттеушілер сезгіш элементтен – көрсету құралынанреттелуші
параметрдің шамасын өлшеушіден (температура, қысым, ылғалдылық және т.б.)
және атқарушы механизмге импульсты берушіден, яғни реттеуші органға әсер
етуші көрсету құралынан тұрады.
Автоматты күштелетін реттеушілерде, немесе тікелей әрекеттег емес
реттеушілерде схема импульсты өсірушіні енгізумен және атқарушы механизмді
енгізумен күрделенеді.
Кептіруші техникаларда күштелетін реттеушілер анағұрлым кең таралаған.

Мұнгдай реттеушілерде реттеуші органдарды жылжыту үшін энергияның
қосымша қорлары қолданылады. Егер мұндай мақсаттар үшін сұйықтықтар
қысымының энергиясы пайдаланылады, олар гидравликалық реттеушілер атауына
ие, егер сығымдалған ауа қысымы пайдаланылатын болса – пневматикалық
реттеушілер деп аталады, егер электрлік энергия пайдаланылатын болса – онда
электрлік реттеушілер деп аталады.
Реттеушілер ерекше қайтымды байланыс деп аталатын құрылғылармен
жабдықталады. Қайтымды байланыс әдетте реттеу процесін жақсарту үшін
пайдаланылады, басқаша айтқанда, реттеу процесін сөндіруді жеделдету үшін
пайдаланылады. Қайтымды байланыс қатты және жұмсақ болып бөлінеді. Қатты
қайтымды байланыс , реттеу процесі аяқталған соң, реттелуші шама үнемі
тұрақты болып қалмайтынымен, ал керісінше ол реттеуші орган орналасу
орнымен байланысты болатынымен сипаталады. Серпімді байланыс (жұмсақ),
бастапқы кездегі әсерлер қатаң байланысқа аналогты болатынымен, реттелуші
шаманың реттеуші орган орналасу орнына қарамастан тұрақты болып сақталып
аяқталатынымен сипатталады.
Кептіргіш қондырғыларда сезгіш элемент (көрсету құралы) болып
контактілі сынапты термометрлер, термопаралар, сымды және жартылай
өткізгішті кедергілер, манометрлік термометрлер және т.б. есептеледі.
Заманға сай реттеушілерді екі позициялы, не болмаса баяу бірқалыпты
реттейтін етіп жасайды; соңғысы байланыссыз не болмаса байланысты – қатаң
немесе серпімді (изидромды реттеу) болып бөлінеді.
Екі позициялы деп атқарылушы механизм тек шеткі жағдайларда тоқтайтын,
мысалы: ашық - жабық бақыланушы параметрді реттеу жағдайын айтады.
Бірқалыпты реттеуде атқарылушы механизм бақыланушы параметрдің
өзгеруіне сай қатаң аралық әртүрлі орындарға ие болады.
Бірқалыпты изодромды реттеуде серпімді қайтымды байланысты қолдану
арқасында қатаң қайтымды байланысқа тән қасиетті қалдық бірқалыпты еместік
аластатылады, соның арқасында берілген параметрді анағұрлым дәл реттеуді
қамтамасыз етеді.
Үлкен жылулық инерцияға ие кептіргіш қондырғыларда кептіру режимдерін
реттеудің қадамдық бірқалып реттеу жүйесі жақсы нәтижелер береді.

Үздіксіз әрекеттердегі кептіргіштерді автоматтандыру
Электроқыздырылатын кептіргіштерді реттеу. Жоғарыда аталып өткендей,
көпшілік жағдайда электроқыздыру материалды ылғалдылығын аныцқтау үшін
қызмет ететін лабораториялық кептіргіш шкафтарда ғана қалданылады немесе
тек температураның немесе температура және ауаның ылғалдылығын дәл реттеуді
қажет ететін кептіру режимін орнату үшін экспериментальды лабораториялық
кептіргіштерде қолданылады. Ауауны реттеудің схемалары электроқыздыруда
анағұрлым қарапайым болып табылады. Оның мысалы болып термореле схемасы
есептеледі.
Термореле сызықты ұлғаюдың әртүрлі коэхффициенттеріне ие металдан
орындалған қатаң байланысқан биметалдық пластинкалардан тұрады.
Кептіргіштің жұмысшы камерасында ауа температурасының төмендеуінде
пластинкалардың бірі екіншісіне қарағанда жоғары деформацияланады және
соңғысын оның контактысын тұйықтап және электроқыздырғышты қосатындай
шамада иеді, пластинкаларды температурасын жоғарылатқан кезде ол ұзарады –
тіктеледі; мұнда контакт бұзылып және токтың электроқозғалтқышқа берілуі
тоқтайды. Мұндай реленің кемшілігі болып олардың үлкен инерциясы
есептеледі.
Лабораториялық қондырғыларда сынапты контактілі термометрмен реттеу
схемасы кеңінен таралған. Қарапайым сынапты контактілі термометр екі
электрлік контактісі бар қарапайым термометр болып келеді, контактілердің
бірі сынапты бағанамен жалғасқан, ал екіншісі шыны капилярға күйдіріліп
қосылған, ол берілген температурада алдын ала анықталған сынап бағанасы
биіктігіне сәйкес келеді. Реттелуші ортаның температурасының көтерілуі
капилярдағы сынаптың деңгейінің көтерілуіне мәжбүр болады, ол белгілі бір
моментте екі контактіні де тұйықтайды. Бұл өз салдарынан реттеушіні жүйенің
жұмыс істеуіне алып келеді.
Көптеген жағдайларда реттеушінің іске қосылатын температурасын
өзгертуге тура келеді. Ондай жағдайларда капилярдың жоғарғы жағында сифоны
бар контактілі сынапты термометрлерді пайдаланады. Егер сынаптың бір
бөлігін термометрдің негізгі бөлігінен жоғарғы сифонға бөліп және сол
арқылы электрлік тізбектің тұйықталуы жүретін температураны жоғарылатуға
болады. Кейде екі немесе көптеген шекті термометрлер деп аталатын
температуралар қатарына орнатылған жоғары контактілі қарапайым сынапты
контактілі термометрді қолданады.
Термометрлерді жұмысшы токты қосқыштар ретінде тікелей қолдануға
болмайды. Қосылудың үлкен санында термометрмен үзілетін токтың шекті қуаты
(минутына 4-5 рет) 5 вт аспайды. Тіпті сирек қосылулар кезінде (10 минутта
1 реттен көп емес) үзу күші 12 вт аспайды. Токтың үлкен қуатында және жиі
қосылуларда ұшқын түзілу орындарында шыны өте қатты қызады, сынап капиляр
бойынша ағады және реттеу бұзылады. Сондықтан термометрдің жұмысының
дұрыстығына үлкен кепілдіктер беру үшін үзу қуатын төмендетіп және аралық
релелер қолданып және кернеуді төмендету қажет.
13-3 суретте электроқыздырылатын кептіргіште ылғалдылықты және
температураны реттеудің схемасы келтірілген. схема электроқызөдырғышты 2
рубильниктер 1 а көмегімен ажырату және қосу және арнайы электроқыздырғышқа
3 әсер ететін температураны және кептіргіштегі температураны қолмен реттеу
қарастырылған. Сезгіш элементтер ретінде сынапты контактілі термометрлер
пайдаланылады. Екі термометрде 5 және 6 кептіргіштің жұмысшы кеңістігіне
орнатылады, олардың бірі 6 сумен ылғалдандырылып және сулы термометр
қызметін атқарады.
Сынапты термометрлердің мүмкін болатын үзу қуаты кіші болғандықтан
аралық релелер 10 және 11 және қосу контакторлары 9 қолданылған. Схемаға
кернеуді төмендететін трансформатор (әдетте 220 дан 4 в дейін) және токты
түзету үшін арналған купроксты түзеткіш қосылған.
Булы қыздырылатын кептіргіштерді реттеу. Егер үздіксіз әрекеттегі
сезгіштігі төмен болатын кептіргіш камерасында тек ауаның тұрақты
температурасын ұстап тұру қажет болатын болса, онда көптеген жағдайларда
бұл реттеуді кептіргіш алдына қазандықтан баратын булы магистральда тікелей
әрекеттегі редуктор – реттегішті орнатьу жолымен 3-5 пайыз ауытқуда
реттеуге болады.
Жылулық инерция немесе сезімталдық кептіргіш агенттің қорғандар болуы
салдарынан үлкен жылулық аккумуляция есебінен белглі бір уақұыт аралығында
температураны және кептіргіш агенттің ылғалдылығын кептіргіштің жұмысшы
камерасында қыздырушы көздің (қыздыфрғыштың) жұмыс режимінің өзгеруіне
қарамастан тұрақты етіп ұстап тұру немесе сақтау қабілетін сипаттайды.
13-4 суретте мембраналық типтегі тікелей әрекеттегі қысым реттеуіштері
принципиальды схемалары келтірілген. мембрана астындағы қуыс 1 құбыр
бөлігімен тікелей байланысқан, мұндай реттеуді жүзеге асыру өте қажет болып
табылады. Мембранадағы ортаның қысымы жүкпен 2 (сурет 13-4 а) немесе
серіппемен (13-4 б) теңестіріліп тұрады. Мембрана реттеуші клапанның 5
штогымен қатаң байланысқан. Жүкті серіппемен алмастыру қатаң қайтымды
байланыстың реттеу жүйесіне енгізілген. Серіппенің болуында реттеуші
клапынның әрбір жағдайына серіппенің белгілі бір дәрежеде сығылуы тура
келеді. Серіппе неғұрлым қатаң болатыцн болса, солғұрлым реттеуші
тұрақтылығы жоғары болады, бірақ реттеудің бірқалыпты еместігі артады.
Үлкен жылу инерциясындағы булы кептіргіштерде температураны реттеу тікелей
әрекеттегі температураны реттеуге қарағанда жақсы қамтамасыз етіледі. Бұл
жағдайда сезгіш элемент кептіргіш камерада орнатылады, ал реттеуші орган –
кептіргіш қыздырғышына бу беруші буқұбырында орнатылады. Егер кептіргіштегі
ауа температурасы жоғарылайтын болса, онда сезгіш элемент реттеуші органға
әрекет етеді, ол кептіргіш қыздырғышына келіп түсетін бу мөлшерін азайтады.
Егер ауа температурасы төмен түсетін болса, сезгіш элементтің әсерінен
реттеуші орган будың келіп түсу мөлшерін жоғарылатады. Тікелей әрекеттегі
температураны реттеуші 13-5 суретте көрсетілген. Металдық манометрлік
термобалон 1 капиляр 2 көмегімен гармониктәрізді мембрана және оның
қаптамасы арасындағы қуыспен байланысқан. Ол арнайы сұйықтықпен
толтырылады, оның қайнау температурасы реттеуші берілген температураның
мәнінен төмен болады. Сұйықтықтың штокқа әсер ететін қысымы 5 серіппемен
теңестіріледі. Манометрлік балон 1 температурасы реттелетін ортаға
орнатылады. Температура артқан кезде сұйықтықтың қаныққан буларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тоқу өнері. Ою-өрнек
Жалпы қолданбалы өнердің ұлтымыздың мәдени дамуында алатын орыны
Қазақ халқының қолданбалы ұлттық қол өнері
Кілем тоқу әдіс - тәсілдері
Қазақ халқының кілем тоқу тарихы
Маркетингтік қызмет көрсеткіштері
Қазақ қолөнері
Зоогигиена. 100 бас ешкі фирмасының жобасы
Кіші мектеп жасындағы балалардың ең сүйікті пәні – бейнелеу өнері
Қолданбалы қолөнер
Пәндер