Көп қылмыстардың заңдылық сипаттамасы және мазмұны
КІРІСПЕ
I тарау Көп қылмыстардың заңдылық сипаттамасы және мазмұны.
1.1. Көп қылмыстар туралы түсінік.
1.2. Көп қылмыстардың жеке қылмыстардан айырмашылығы.
2 тарау Көп қылмыстардың нысандарының көрнеу белгілері.
2.1. Қылмыстардың жиынтыгы.
3 тарау Көп қылмыстар түрлері.
3.1. Қылмыстардың қайталануы
3.2. Қылмыстық бірнеше мәрте жасалуы.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Құқық қорғау органдарына қылмыскердің бірнеше қылмыстық әрекетпен тіркелгені туралы фактілер түсіп жатады. Осы қылмыстық-құқықтық баға өзгереді. Кей жағдайларда істелген істі бірнеше қылмыстық-құқықтық тәртіпке жіктеу керек, мысалы, қылмыс жиынтығы, ал кейде жасалған іс бір нормада қаралады (мысалы, қайталанушылық). Кей жағдайларда жаза беру, оны өтеу тәртібі және жаза ауырлығы өзгереді. Заңды сақтау мақсатында бұл мәселелерді шешудің ыңғайлы жағын табу керек. Жағдайлардың барлығы ұқсас болғандықтан, яғни бір адамның бірнеше қылмыс істеуі туралы мәселені жинақтап бір жиынтық ретінде қарастырылған жөн. Осы орайда қылмыстық құқық саласы мен тергеу-сот іс-тәжірибесіндегі өзекті әрі негізгі мәселе - қылмыстық әрекетін зерттеу болып табылады. Өйткені құқық қорғау органдары қылмысты азайту барысында қылмыстың қайталануын болдырмау үшін, көптік қылмыспен үнемі күресіп отыру керек.
1. Уголовный кодек Республики Казахстан
2. Уголовный кодекс Республики Казахстан. Толкование и комментирование. 2-й выпуск, Алматы, 1998.
3. Б.Х. Толеубекова. Уголовно-процессуальное право Республики Казахстан, Алматы, 1998.
4. Уголовное право Республики Казахстан, учебник, Алматы, "Жеті жарғы", 1998.
5. М.И. Бажанов Повторность преступлений, как вид множественности преступлений, Харков, Украинская юридическая академия, 1993.
6. Бюллетень Верховного Суда СССР, 1984, № 3.
7. И.И. Горелик Правовая оценка повторного преступления. Минск, 1969.
8. П.С. Дагель Множественность преступлений. Издательство Казанского университета, 1974.
9. Н.И. Загородников, Н.А. Стручков Направления изучения советского права. - Советское государство и право, 1981, № 7
10. Ю.Т.Э. Караев Повторность, неоднократность и систематичность. - Советская юстиция, 1983, № 13
11. Н.М.Т. Кафаров Проблемы рецидива в советском уголовном
праве. Баку, 1972.
І2. Г.Г. Криволапов Множественность преступлений по советскому уголовному права, Москва, 1974.
ІЗ.П.К. Кривошейн Повторность в советском уголовном праве.
Киев, 1990.
14.В.Н. Кудрявцев Теоритические основы квалификации преступлений, Москва, 1963.
15.Б.А. Куринов Научные основы квалифнкации преступлений. Издательство МГУ, 1984.
16.Н.П. Кучерявый Ответственность за мелкое хищение социалистической собственности. Киргизский университет. Фрунзе, 1964.
17.К.А. Панько Рецидив в советском уголовном праве. Воронеж.
Издательство Воронежского университета, 1983.
18.А.С. Пиголкин Толкование нормативных актов в СССР. Москва, 1962.
19.А.А. Пионковский Учение о преступлений. Москва, 1961. 20.Сборник постановлений Верховного Суда СССР 1924-1977, ч.2. Москва, 1978.
21.Сборник постановлений Пленума Верховного Суда по уголовным и гражданским делам, 1995.
22.И.Сапожников Назначение наказания по нескольким приговорам. - Социалистическая законность, 1962, № 8
23.П. Святохин, В.Жгутов К понятиям повторность и неоднократности преступлений. Советская юстиция, 1971, №17
24.Совстское уголовное право: Общая часть. Москна.
Издательство МГУ, 1974.
25. Фролов, Р.Р. Галиакбаров Множествсиность преступных
деяний, как институт советского уголовного права.
Свердловск, 1967.
26.В.Н. Юшков Назначение наказания по совокупности преступлений и приговоров. Москва, 1975. 27.А.М. Яковлев Совокупность преступлений. Москва, 1960.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:
Тақырыбы: Көп қылмыстардың заңдылық сипаттамасы және мазмұны.
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I тарау Көп қылмыстардың заңдылық сипаттамасы және мазмұны.
1.1. Көп қылмыстар туралы түсінік.
1.2. Көп қылмыстардың жеке қылмыстардан айырмашылығы.
2 тарау Көп қылмыстардың нысандарының көрнеу белгілері.
2.1. Қылмыстардың жиынтыгы.
3 тарау Көп қылмыстар түрлері.
3.1. Қылмыстардың қайталануы
3.2. Қылмыстық бірнеше мәрте жасалуы.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Құқық қорғау органдарына қылмыскердің бірнеше қылмыстық әрекетпен
тіркелгені туралы фактілер түсіп жатады. Осы қылмыстық-құқықтық баға
өзгереді. Кей жағдайларда істелген істі бірнеше қылмыстық-құқықтық тәртіпке
жіктеу керек, мысалы, қылмыс жиынтығы, ал кейде жасалған іс бір нормада
қаралады (мысалы, қайталанушылық). Кей жағдайларда жаза беру, оны өтеу
тәртібі және жаза ауырлығы өзгереді. Заңды сақтау мақсатында бұл
мәселелерді шешудің ыңғайлы жағын табу керек. Жағдайлардың барлығы ұқсас
болғандықтан, яғни бір адамның бірнеше қылмыс істеуі туралы мәселені
жинақтап бір жиынтық ретінде қарастырылған жөн. Осы орайда қылмыстық құқық
саласы мен тергеу-сот іс-тәжірибесіндегі өзекті әрі негізгі мәселе -
қылмыстық әрекетін зерттеу болып табылады. Өйткені құқық қорғау органдары
қылмысты азайту барысында қылмыстың қайталануын болдырмау үшін, көптік
қылмыспен үнемі күресіп отыру керек.
Көптік қылмыс мәселелерін теориялық өңдеу саласында жазылып, 60-шы
жылдары шыққан атақты ғалымдардың - Кафаров Т., Кудрявцев В., Малков В.П.,
Яковлевтің шыққан еңбектері арқасында қылмыстық-құқықтық ғылым елеулі
жетістіктерге қол жеткізді.
Бір адамның қылмыс қайталауы, бір қылмыс істеген қылмыскерден гөрі
қоғамға көп қауіп тигізетіндіктен, оған арналған жаза да ерекше сипатта
болуы тиіс.
Айта кететін бір мәселе, көптік қылмыс қиындықтары мен оны жеке
қылмыстан ажырататын қарастыру әлі де өндеу мен зерттеуді қажет етеді.
Әзірге оның теориясындағы және іс- тәжірибесіндегі көптеген сұрақтары
әрқилы, сондықтан біркелкі қылмыстық заң қолданылмай жүр. Қорыта келе
айтарымыз, көптік қылмыс мәселесі әлі де толық шешілмеген. Сондықтан
қылмыстық кодекске көптік қылмыс, оның түрлері мен формалары және солармен
іргелес жасалатын жеке қылмыстар туралы заңдар еңгізілуі тиіс.
1 тарау Көп қылмыстардың заңдылық сипаттамасы және мазмұны.
1.1. Көп қылмыстар туралы түсінік.
Қылмыс қашанда қоғамдық қатынастарға зиян тигізіп, мемлекет пен қоғам
тарапынан теріс қөзқарас қалыптастырады. Ал, адамның бір емес, бірнеше
қылмыстық әрекет жасауы қоғамға немесе жеке азаматтарға моральдық,
материалдық нұксан тигізеді, соның салдарынынан қылмыскер де мемлекетке,
қоғамға, жеке азаматтарға деген теріс қатынас тұрақтанады. Бір адамның
қайталап қылмыс істеуі, моральдық қатынаста тұрақты қалыптаспаған
адамдарға, яғни жастарға теріс әсер етуі мүмкін. Осы орайда оларда қылмыс
жазасын алмай, коғам есебінен өмір сүру мүмкін деген түсінік қалыптасады.
Сот іс-тәжірибесінде бір адамның бірнеше қылмыс істеуі - сирек құбылыс
емес. Адамның бір уақытта немесе алма-кезек бірнеше қылмыс істегені туралы
факт тергеу-сот органдарында жеке қылмыс пен бірнеше қылмысты шектеуге,
қылмыс көптігі үшін жазалаудың шектеуге итермелеген себептерді анықтауға
байланысты белгілі құқықтық сұрақтар туындайды. Осы және басқа нышандар
құрамын қамтиды.
Қылмыстардың көп түрлері алдын-ала ұйымдастырылған қылмыстық әрекетті
қамтиды. Көп қылмыстарға деген құқықтық баға –қоғамға аса қауіпті қылмыстық
әрекет формасы. Қазіргі Қылмыстық Заңға "Көп қылмыстардың ұғымы жоқ. Көп
қылмыстар ұғымы қылмыстық құқық саласында өңделіп жатқанымен бұл ұғымды
қалыптастыруда атқарылған нақты жұмыстар жоқ.1
Қылмыс рецидиві, қылмыс жиынтығы деген ұжымдар жатады. Бұл пікірде көп
қылмыстар болмысы мен құқықтық әрекеттінің формалары ғана сипатталып, бұл
қылмыстық-құқықтық түсініктің белгілері, мазмұны және көлемі анықталмайды.
П.С. Дагель көп қылмыстарды бір адамның екі немесе бірнеше қылмыс
істеуі деп анықтаған. Көп ұғымын сипаттауда Ю. Мельников пен Н. Алиев те
осы белгілерді атап өткен. Бірақ тек осы белгіні көрсетумен шектелу
қарастырылып отырған ұжымды сипаттауда жеткіліксіз. Бір адамның бір немесе
бірнеше қылмыстық әрекеті туралы фактілердің бәрі көп қылмыстық құқық
түсінігінде қамтылмайды. Сондықтан да көп қылмыстар ұғымын анықтауда,
алдыңғы белгілерінен басқа қарастырылып жатқан ұғымның мазмұнын дұрыс
сипаттауға керекті басқа да белгілер қажет.
Көп қылмыстар ұғымына В.Н. Кудрявцев басқа түсінік береді. Оның ойынша
көп қылмыстар жеке қылмыстарды қарастыратын Ерекше бөлімнің бір нормасымен
қамтылмайды. Бірақ көп қылмыстың бұл белгілері істелген істің Ерекше
бөлімнің бір нормасымен қамтылмауы, көп қылмыстардың барлық түріне
баптарына түскенде және қылмыс жиынтығы жағдайында ғана қамтылады.
Е.А. Фролов, Р.Р. Талиакбаров көп қылмыстар дегенде қылмыстық заңда
бірнеше заң бұзушылықтың бір адам қолынан шықты деп түсінген.2
Бірақ "тәртіп ақымы" деген термин бірнеше қылмысқа бір уақытта
жауапты, бір адамның көп қылмыстар әрекетінің барлық түрінде орын алмай,
тек қылмыс қайталанушылығында, қылмыс жүйелігінде орын алатын жағдайларды
білдіреді. Жазасын толық өтеп болғаннан соң адамның жаңа қылмыс істеуі бұл
ұғымға жатпайды.
Көп қылмыстар ұғымына бір адамның бірнеше қылмыс істеп, сот жауабына
тартылуы ғана емес, сонымен бірге жазасын өтеген соң істелуге жаңа
қылмыстық әрекеті де енуі керек.
Бұл қатынасқа Б.А. Куринов пен И.М. Гальперин дәл анықтама берген:
"Бір адамның сотталғанға дейін істеген бірнеше қылмысы мен сотталған соң
істеген қылмыстары түгелдей көп қылмыстар болады"-дейді.3
И.М. Гальперин былай дейді: "Қылмыскер жауапкершілікке тартылмай
тұрып, өзара бағасы жоқ әртүрлі құрамды, бірнеше қылмыс немесе біртекті
бірнеше қылмыс істесе, не сотталған соң жаңа қылмыс көп қылмыстары жатады.4
Ұғымды зерттеу барысында адамның бірнеше және әртүрлі қылмыс істеуіне
немесе жауапкершілікке тартылмай тұрып біртекті қылмыс істеуге, жеке
қылмысқа шектеу қойылған. Бірақ И.М. Гальперин анықтамасында көп
қылмыстардан басқа қылмыс түрлері орын таппаған. Б.А, Куринов тұжырымында
толық болмаса да бұл мәселелер бар: "Қылмыстық құқық теориясында көп қылмыс
деп - бір адамның екі немесе одан да көп қылмысты сот шешім қабылдағанға
дейін және қылмыстык қудалау мерзімі бітпей тұрып істеген қылмысын атайды.
Г.Г. Криволапов: "Егер қылмыскер екі қылмыстық әрекеттің біреуі бойынша
жауапқа тартылу мерзімі өтіп кетсе немесе амнистия, рақымшылық актісіне
ілінсе, не болмаса заңға сәйкес жазаға тартылудан босатылса немесе
қылмыстық қудалауда кедергілер кездессе, онда ол жағдайда көп қылмыс болып
есептелмейді" – дейді.5
Әдебиетте кездесетін көптеген пікірлерді жинақтай келе, көп
қылмыстарға тән жалпы белгілерді шығаруға болады.
Бір адамның екі немесе бірнеше қылмыс істеуі.
Бұл белгі көп қылмыстардың бәріне ортақ, яғни көп қылмыстар
жағдайларының бәріне тән белгі.
Белгілі бір жағдайларда адамның бірнеше қылмыстық әрекетке баруы -
оның аса қауіптілігінің дәлелі емес және осы орайда айыпталушыға сот
тарапынан қатал үкім кесілмейді.
Мысалы, қылмыскер алғашқы қылмысынан кейін көп уақыт өткізіп, жаңа
қылмыс істеуі - қысқа мерзім ішінде бірнеше қылмыс істегенімен
салыстыргаңда аса қауіпті мерзім ішінде бірнеше қылмыс істеп үлгерген
қылмыскер қоғамға аса қауіпті болып саналады.
Қысқа мерзімдік уақыт ішінде істелген бірнеше қылмыстық іс-әрекет пен
қоғамга аса қауіпті қылмыскердің коғамға тигізер зияны қапы сезіледі. Ұзак
мерзім ішінде істелген қылмыс зияны, қысқа мерзімде істелінген қылмысқа
қарағанда әлдеқайда жеңіл. Осы айтылған пікір барлық жағдайдағы қылмыстар
мен қылмыскерлердің қоғамга аса қауіпті емес екенін растайды. Бірақ, көп
қылмыстар заң тарапынан қоғамдық қауіп төндірсе де, қылмыскерде қоғамға
қарсы көзқарас өмірлік айқындамада орын алады. Ал осы айтылған белгілердің
жоқталған, көп қылмыстар үғымы салдарынан көптеген қиындықтар туғызады.
Сондықтан қылмыстық құқық теориясы мен сот іс-тәжірибесінде айқындалған
мәселе екі әрекеттің жауапкершілікке тартылуының уақыты немесе үкімін
орындау мерзімі өтіп кетсе, көп қылмыстар болып табылмайды.Бұрын істелген
қылмыс жауапкершілігінен босатылса да, көп қылмыстарға жатпайды.
Сотталу - адамның бір немесе бірнеше рет қылмыс істеуіне байланысты
сот үкімі туралы факт бойынша табу соттау дегеніміз -есепке алу және
тіркеу арқылы қылмыскер мінез-құлқын бақылау. Сотталу - адамның
мемлекет тарапынан бір немесе бірнеше рет қылмыс істегені үшін шығарған
соттың ресми шешімі. Осылайша сотталған адам бұрын бір немесе бірнеше
қылмыс істеген болып табылады6.
Сонымен қатар, қылмыскер тек қылмыс істеу барысында ғана емес сонымен
бірге жаза өтеуде де қоғамға қауіпті болып есептеледі. Қылмыскерге соттың
жаза қолдануы - оның жазаны өтеу мерзімінде де қоғамға қауіпті екенін
білдіреді.
Мемлекет атынан сот үкімі шығарғанда сотталушыға теріс моральдық баға
беріп, келешекте мұндай заңсыздықтың пайдаланбауын көздейді. Осылайша,
сотталу айыпталушының жаңа қылмыс істемеуіне ескерту жасайды. Қылмыскер
қоғамға кауіпті емес деп танылмайтынша, бұл ескерту күшінде қалады. Жаза
қолдану туралы үкім соттың айыпталушыға шығарған шешімін, оның тәртібін
бақылаудағы қоғамның және мемлекеттің ролін көрсетеді. Осылайша сотталу
қоғам тарапынан сотталушыны бақылау туралы куәлік болып табылады.
Қылмыскердің қоғамға келтірер зияны жазасын өтеп болған соң, ұшты-
күйлі жоқ болып кетпейді, сондықтан жазасын толық өтеп, тәртібі түзелсе де,
қоғамдық және мемлекеттік бақылауда болады. Жазасын өтеуден және өтеп
шыққан уақытта да айыпталушы тәртібін қоғамдық және мемлекеттік бақылау
жалпы құқықтық және қылмыстық құқық сипатында болады. Осылайша құқықтық
шектеу сотталған адамның жаңа қылмыс істемеуін қадағалайды.
Сотталу адамның бұрын бір немесе бірнеше қылмыс істеп, қоғамға қауіп
төндіргенін, сол себептен қоғамның және мемлекетінің бақылауында тұрғанын
және жаңа қылмыс істемеуге ескерту ала тұрып, қылмыстық әрекетке барса,
онда ол оның дұрыс жолға түспегенін, әлі де қоғамға қауіпті екенін
көрсетеді. Осы айтылғандар оның жаза қолдануды дұрыс шешім деп табады.
Көп қылмыстар үғымы қылмыскер тұлғасының қоғамға аса қауіпті екенін
дәлелдейтін мәнге ие. Сондықтан да ол ауыр жазаға кесілуге негіз болады.
Бірақ бұрын сотталған адам бірінші рет қылмыс жасаған адамға қарағанда
қоғамға үлкен зиян тигізбесе, онда оған тым ауыр жаза қолдану дұрыс емес.
Сондықтан да қылмыстық кұқықтағы соттан босатылу көп қылмысты
болдырмауға себеп (155-1)
Осы көзқарас ҚР Жоғаргы Сот Пленумында расталды. 1990 жылдың 29
маусымдағы Жоғары Соттың жаза қолдануының жалпы бастамасының іс-тәжірибесі
туралы Қаулысында Пленум мынаны анықтаған: "Егер бұрын қылмыс жасаған адам
жазасын толық өтеген жағдайда, сот жауапкершілігі жүктелмейді". (7, 16 бет)
Соттан босату заңы ҚР Қылмыстық кодексінің 77-бабында қаралады.
Соттан босатылу кезіңде қылмыстық құқықтық әрекеттер тоқтатылып, көп
қылмыстың бір құрамдас бөлімі ретінде карастырылмайды.
Қазіргі зандылықта қылмыс жасаған адам қылмыстық жауапкершіліктен және
жаза алудан рақымшылыққа ілігу немесе амнистия актісі бойынша босатылуы
мүмкін. Бұл жағдайда жасалған қылмыстық құкықтық жауапқа тартылудың
орындалу мерзімі мен жаза үкімнің орындалу мерзімі есепке алынбайды.
Сондықтан да амнистия немесе рақымшылық акті бойынша тоқтатылған құқықтық
әрекеттер көп қылмыстың құрамдас бөлігі болып қарастырылмайды. Осылайша
амнистия немесе рақымшылық акті бойынша қылмыстық жауапқа тартылмаған адам
кемінде бір қылмыстық әрекетке барса, онда ол көптік кылмыс болмайды.
Осы айтылған белгілерге сәйкес көптік қылмысты құқықтық жағдайда
қарастырылмаған бір адамның екі не одан да көп қылмыстар істелінсе, онда
құқықтық қудалауға еш кедергі болмағаны деп түсінеміз.
1.2.Көп қылмыстың жеке қылмыстан айырмашылығы.
Көп қылмысты жеке қылмыстық әрекеттен бір құрамды бөлшектері бар
қылмыстар арқылы ажыратамыз. Егер қылмыс жай кұрамды болса және қылмыстық
құрамды қылмыс пен көптік қылмысты айырудың қиындығы болмайды.
Бірақ сот іс-тәжірибесінде жеке қылмыс пен көп қылмыстардың ұқсас
болатыны сирек құбылыс емес. Ол күрделі, созылмалы қылмыстарда көрінеді.
Күрделі қылмыс деп - бірнеше қылмыстық әрекеттерден құралса және оның
әрқайсысының өзіне тән қылмыстық белгілері бола тұрып, ішкі ұқсастығы
жағынан бір бүтін болатын қылмысты атаймыз.
Мұндай қылмысқа мысал келтірейік: егер біреудің мүлкін иемдену
мақсатында адам өміріне не денсаулығына залал келтірген болса, қарақшылык
шабуыл болады.
Жеке күрделі қылмысқа - екі әрекеттен тұратын қылмыстар жатады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 202 бабында дұрыс ақпарат
сақталмаған жалған құнды қағаз шығару және ол туралы қате есеп бекіту - бір
қылмыс болып саналады. Қылмыскердің осындай бірнеше қылмыстық әрекетке
баруына қарамастан аталған істер бір қылмыс құрамына кіреді.
Созылмалы қылмыстар белгілі қылмыстық әрекеттің орындалуын мен
қылмыскерге жүктелген заң міндеттерінің орындалмауынан туады.
Дәл осылай Басанов сот шешімі бойынша тағайындалған баласын асырауға
арналған қаржыны төлеуден бір жарым жыл бойы бас тартып жүрді. Осы үшін ол
сегіз рет жұмысын ауыстырып қаладан қалаға көшіп жүрді. Оның осы қылмыстьгқ
әрекетінің ұзақтығына қарамастан, бұл қылмыс көп қылмыстар емес, жалғыз
созылмалы қылмыс болады.
Сонымен бірге созылмалы қылмысқа (ҚК-нің 133-бабы) қашқындық, (ҚК-нің
195-бабы) несие қарызын төлеуден әдейі бас тарту, (ҚК-нің 213-бабы) шетелге
өткен соң, шетелдік валютаны қайтармау жатады.
Жалғаспалы қылмыс Қылмыстық кодексінің 11-бабына сәйкес бір мақсатта
біріккен бірдей қылмыстық әрекеттер тұратын қылмыс болып табылады.
Жалғаспалы қылмыс әрекетсіздіктен емес, тек әрекеттер арқылы жасалады.
Жалғаспалы қылмысты құрайтын әрбір жеке әрекет жеке қылмыс болуы да
болмауыда, яғни әкімшілік тартпауы да мүмкін. Бірақ қандай жағдай болмасын
мұндай әрекеттердің әрқайсысы жеке тұрып құқықтық баға ала алмайды, өйткені
олар біріккен әрекеттер ретінде жалғаспалы сипатта болады.
Мысал ретінде жалғаспалы ұрлықты алсақ болады. Қылмыскердің белгілі
уақыттың ара-арасында қоймадан азық-түлікті аз мөлшерде анда-санда ұрлап
тұруы - тік қылмысқа жатпайды. Және де әр уақытта қылмыскердің ұрлаған
затынан көлемі ешқандай роль атқармайды. Ұрлық мына жағдайда жалғаспалы
болып есептеледі: егер ұрлықы заттың көлемі айтарлықтай аз болса және бұл
шығын қоғамға зиян тигізбесе, онда Қылмыстық кодексінің 9-бабына сәйкес
қылмыс болып саналмайды.
Ұрлықтан басқа жалғаспалы қылмысқа (106-бабы) ұрып-соғу, (223-
бабы) тұтынушыларды алдау т.б. қылмыстар жатады.
2 тарау
КӨП ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ НЫСАНДАРЫНЫҢ КӨРІНУ
БЕЛГІЛЕРІ
Қылмыстық құқық теориясында көп қылмыстың айқындалу белгілері туралы
сұрақ әртүрлі шешіледі.
Н.И. Загородников пен Н.А. Стручков көптік қылмыс ұжымын екі не одан
да көп жеке қылмыстардан тұратын күрделі құқықтық білім ете бір уақытта
немесе бірінен бірі қайталануы қылмыстың шынайы жиынтығы арқылы жүзеге
асатын қылмыс деп түсіндіріледі. (22 бет. 2)
В.Н. Кудрявцевтің пікірінше көптік қылмыс формалары кылмыс
жиынтығы қайталанушылығы, бірнеше рет қылмыс істеу және рецидив болып
табылады. (22 бет. 3)
П.С.Дагель, А.М. Яковлев көптік қылмысқа тек қайталанушылық, рецидив
жиынтық үғымдары ғана жатады деген. (22 бет. 4)
М.Т. Кафаров рецидив, қайталанушылықпен шынайы жиынтықты қылмыс
қайталануы деп тану үшін, олар әрекеттің әр кезде жасалуымен және
жалғасуымен сипатталады, Оның ойынша идеалды жиынтықта мұндай қасиеттар
жоқ, сондықтан оны көптік қылмыстың екінші формасына жатқызады. (23 бет. 5)
Көп қылмыстардың екінші формасы В.П. Малковтың концепция анықталған.
Ол қылмыстың қайталануы екі негізгі формада , яғни қайталанушылықта және
шынайы жиынтықта көрінеді деген. Рецидивті, жүйелікті, бірнеше рет
қайталануды және шынайы жиынтықты қайталанушылықтың түрлері деп білген. (23
бет. 6)
Е.А. Фролов пен Р.Р. Талиакбаров қазіргі заңдылықта көптік қылмыстың
тек екі формасы, яғни қылмыстың қайталануы мен қылмыстық әрекеттінің
жиынтығы бар дейді. Олардың ойынша, қайталану ұғымы деп - бұрыңғы қылмысы
үшін сотталған, сотталмағанына қарамастан екінші рет тағы қылмыс жасауын
түсінеді. Бірнеше кылмыстық әрекеттердің тіркесіп, ол үшін сот араласпаса,
онда ол қайталанушылық, ол бұрын істелген қылмыстың біреуі үшін сотталса,
онда мұндай қылмыстар рецидив деп аталады.
Осыған байланысты авторлар қазіргі қылмыстық заңдылықтар қылмыстың
қайталануына "қайталанушылық" терминін қолданған. Олардың ойынша
"қайталанушылық" терминін анықтауда "қайталану" мен "рецидив" деген жеке
ұйымдарды жинақтау дәл болар еді. (24 бет 1)
Е.А. Фролов пен Р.Р. Талиакбаров пікірлері шындыққа жанасса да,
белгілі бір анықтауды қажет етеді. Бұл авторлар қылмыс рецидивтін қылмыс
қайталанушылықтың бір түрі деп дұрыс айтқан. Бірақ көптік қылмыстың
айқындалуының екі формасы жиынтық деген тұжырыммен көптік қылмыстың екі
формасына жатқыза отырып, авторлар қылмыс жиынтығы түрлері әлеуметтік-
психологиялық және құқықтық табиғаты жағынан бір-бірінен ерекшеленеді және
қылмыскер тұлғасының қоғамдық қауіпі әртүрлі сипатта болатынын ескермейді.
Шынайы жиынтық ұғымы қамтитын қылмыстық идеалды жиынтығынан гөрі
қоғамға келтірер қаупі жатады. Егер шынайы жиынтық табиғаты жағынан адамның
қылмыстық әрекеттерді қайталау уақытымен сипатталса және қайталанушылықтың
түрі ретінде қарамаса, онда идеалды жиынтықта қылмыстың қайталану уақыты
жоқ.
Идеалды жиынтықта бір әрекетпен немесе әрекетсіздік арқылы субъект
кемінде екі қылмыс істейді. Осылайша жиынтықтың қарастырылған түрлері
әрқилы әлеуметтік-психологиялық мазмұнға ие болып, көптік қылмыс формалары
туралы сұрақты шешуде ескеріле алмайды. (25 бет. 2)
Ю.Н. Юшков көптік қылмыстың айқындалуының үш түрін: қайталанушылық,
жиынтық және қылмыстық фактінің көптігі, яғни жеке қылмысқа қарағанда
қоғамға үлкен қауіп төндіретін және бір қылмыскердің бірнеше рет қылмыс
істеуі деп ұсынды. Көптік қылмыс фактісіне ол бір қылмыстың бірнеше адамды
ауыр жарақаттануы немесе бірнеше рет аса қауіпіті бұзақылыққа баруын
жалғаспалы қылмысқа жатқызады. Бірақ жаңа категорияның ғылыми оралымына
фактіні көптік қылмысты меңгеруі сәтті болмады. Біріншіден, фактілі көптік
ұжымына құқықтың көптік қылмысты жатқызуға болады. Бірақ ұжымның фактілі
және құқықты деп бөлудің қажеті жоқ, өйткені көптік қылмыс құқықтық
қылмыстың ұжымы. Екіншіден қылмысты саралауда адамның бірнеше қылмыс
істеуі, қылмыс қайталанушылығы болып, қылмыстық құқықтык заңды қылмыскерге
қолдануға тура келеді. Сондықтан да Ю.Н. Юшков ұсынған "көптік
фактілі қылмыс" туралы құқықтық категориясы қазіргі қылмыстық
заңдылықта және тергеу - сот іс-тәжірибесінде керексіз
болады. Ол айыпталушының қылмыстық қайталанушылының формасын
анықтамайды.
Көптеген авторлар, көптік қылмыс өз болмысын қылмыс қайталауында,
қылмыс жиынтығында және рецидивте деп санайды. Осылайша И.М. Гальперин
"көптік қылмыс түрлеріне қылмыс жиынтығы, қайталануы мен рецидивті
жатқызады. Бірақ, қылмыстық әрекетті бұлай болу тиімді емес, өйткені ол бір
емес бірнеше тұжырыммен сараланады. Қазіргі қылмыстық заңдылықтағы қылмыс
қайталанушылығы деп адамның бірнеше қылмыс істеп, жауапқа тартылған жағдайы
ғана емес, сонымен бірге жазаны өтеп шыққаннан кейін істелген жаңа қылмысы
(ҚК-нің 175-бабы) деп аталады.
Шынайы қылмыс жиынтығы табиғаты жағынан жалпы немесе қылмыстың
бірыңғай қайталануы болып табылады. Бұл көзқарасты СССР Жоғаргы Соты да
ұстанды. 1972 жылы 11 шілдедегі "Қоғамдық және мемлекеттік мүлікті тонау
ісі бойынша соттың іс-тәжірибесі туралы" Қаулыға ұрлыктың барлық қайталану
жағдайында ҚК-нің 175 бабында көрсетілгендей қылмыскердің бұрын сотталған,
сотталмағанына қарамастан бір жаңа қылмыс жасауы. Егер қылмыскер бұрыңғы
қайшысы үшін амнистияға немесе рақымшылыққа ілінсе, кейінгі қылмысы,
мысалы, ұрлық қайталануы болып табылады. (27 бет 3)
Осы айтылғандар рецидив, қылмыс жиынтығы және қайталануы қылмыстың
біртекті түрлері емесіне көз жеткізеді.
Көптік қылмысты формаларға бөлу үшін, оның құқықтық белгілерін емес,
әлеуметтік белгілерін, яғни қылмыстың көптігін қайталану уақытымен
алмастырған.
Көптік қылмысты қайталануымен бойынша қылмыскер санасында
түрткілердің бірнеше рет болуы қылмыскердің қоғамға қарсы көзқарасының
тұрақтылығын, оның қоғамдық қауіпін көрсетеді. Шынайы қылмыс жиынтығында
қылмыс қайталануы жоқ болғандықтан, түрткілермен күрес қайталанбайды.
Көптік қылмыстың формаларының айқындалуына қатысты В.П. Малковтің
пікірі дұрыс. Ол көптік қылмыстың тек екі формасын: қылмыс қайталануы
мен шынайы жиынтықты ұсынды. Сот іс-тәжірибесінде шынайы
жиынтық салыстырмалы түрде сирек кездеседі,бірак ол көптік қылмыстың
айқындалуының жеке формасы деген қорытындыға кедергі келтірмейді.
Аталған негізгі формалар басқа жіктелу белгілеріне қарай құқықтық және
әлеуметтік сипатта белгілі түрлерге бөлінеді. Бұлай бөлуде іс-тәжірибелік
мән бар, өйткені көптік қылмыстың түрлері қылмыскер тұлғасының қоғамдық
қауіп деңгейін байқатады. Қылмыскердің қоғамға келтірер қаупі жасалған
қылмыстылығынан. Қылмыстың әрекеттің санымен, қылмыстың әрекеттер
арасындағы уақыт шегімен, қылмыстың сипатынан аса қаупті РЕЦИДИВИСТ деп
танылуынан көрінеді.
Келесі бөлімінде көптік қылмыс әрекеттерінің формасы мен
түріне толық түрде құқықтық сипаттама беріледі.
2.1. Қылмыстыц жиынтыгы.
Қылмыстық кодексінің 12-бабының бірінші бөлімінде қылмыстың жиынтығына
мынандай анықтама берілген: Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің
түрлі баптарында немесе баптардың бөлімдерінде қарастырылған екі не одан да
көп қылмыстық әрекеттер жасау және олардың бір-біреуі сотталмаған немесе
заңда бекітілген жағдайлар бойынша ҚЖ (90) босатылмаған болуы керек".
Басқаша айтқанда, қылмыстық жиынтықта қоғам үшін қауіпті
қылмыстың екі одан да көп құрамы кездеседі. Қылмыскер жасаған
әрекет Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімдерінің түрлі баптарында
қарастырылған қылмыс белгілерімен немесе бір баптың екі пунктінде сай келуі
керек. Егер адам жеке іс-әрекет жүргізсе, мына жағдайда ол жиынтығы болуы
мүмкін. Ол үшін бір қылмыстар аяқталған , ал екінші бірі қылмысқа дайындық
қатысу немесе шабуыл ретінде саралануы керек.
Қылмыс жиынтығы оның құрамына кіретін қылмыстың бірден-біреуі үшін
адам сотталмаған болса ғана орын алады. Басқаша жағдайда
ол қылмыс жиынтығы емес, рецидив немесе қылмыстың екі рет қайталануы
болады. Қылмыс жиынтығының екі түрін көрсетуге болады: реалды және идеалды
қылмыс жиынтығын кеңірек қарастырамыз. Ал реалды жиынтығы дегеніміз бірнеше
әрекет арқылы тұлға жасаған қылмыстардың қылмыстық заңның түрлі баптарына
сай келеді.
Реалды қылмыстық жиынтық - қылмыскерді қылмыстык жауапкершілікке
тартумен байланыссыз қайталанушылықтың бір түрі. Ол да қайталанушылықтың
басқа түрлері сияқты төмендегіше сипатталады: қылмыскер түрлі уақытта екі
не одан да көп қылмыстарды әртурлі әрекеттер арқылы асырады. Ол қылмыстар
бір ғана қылмыстың шеңберіне сыймайды және қылмыстық заңның түрлі баптары
немесе сол баптардың бөлімдері бойынша сараланады.
Реалды қылмыстық жиынтықты тек қылмыскердің сотталғанға дейінгі
жасаған қылмыстары ғана құрай алады. Осыған байланысты реалды қылмыстық
жиынтық туралы тек қылмыстық жиынтық құрамына кіретін қылмыстардың екеуінің
қылмыстық іздестіруінің мерзімі өтпеген жағдайда ғана сөз қозғауға болады.
Реалды қылмыстың жиынтығы басқа да қылмыстың жүйелілігі, жасалуы
сияқты түрлерінен ерекшелігі мынады: реалды соған барлық қоғам үшін қауіпті
жеке әрекеттер қылмыстык заңда қарастырылған бір ғана қылмыстық нышандар
құрамына сыймайды. Бұл олардың біртектіліге және әртектілігіне байланыссыз
болады. "Қылмыстық жиынтық біртекті, сонымен қатар ірі қылмысты тудыра
алады"6 деген Е.А. Фролов пен Р.Р. Гашкбаровтың пікірі өте дұрыс.
Алайда бірыңғай қылмысты әрекет реалды қылмыстық жиынтық тудыра
алатыны туралы бірауызды пікір жоқ. Е.А. Фролов пен Р.Р. Галиакбаров ол
мүмкін деп есептеді.7 Е. Прокоповичте осындай пікірде. Оның ойынша, егер
адам заңның бір бабында қарастырылған бірнеше бірыңғай қылмыс жасаса, ол
жиынтық қылмыс болмайды" мысалы, жауапты тұлға пайдакүнемдік ниетпен арнайы
құжатқа өтірік мәліметтерді жүйелі түрде ендіреді (Қылмыстық кодексінің 314
бабы).
Бұндай жағдайларда әр қылмыс жеке сараланбайды, бір
бүтінге біріктіріледі. Осындай оқиғалардың бірнеше рет қайталануы
жаза белгілеу кезінде жазаны ауырлататын жағдай деп саналмайды.8
В.П. Мадков басқаша көзқараста болып реалды қылмыстық
жиынтық бірыңғай қылмыс арқылы қалыптаспайды деген тұжырымға күдікпен
қарады. Дәлел ретінде келесі мысалды келтірді. Егер қылмыскер шет мемлекет
территориясында мемлекет мүлкін қасақана ұрлады да, Қазақстан Республикасы
территориясында жасырынды ол қасақана мемлекет мүлкін жойды және ол қылмыс
ашылды, екі қылмыстық әрекеттің де бірыңғай екені даусыз. Оларды тек
әртүрлі кодексте қарастырылғандықтан - формализм.
Бірақ жасалған әрекеттердің бірыңғайлығына қарамай, олар қылмыстык
жиынтығы бойынша саралануы керек. Осындай бірыңғай қылмыстың жиынтығы сот
іс-тәжірибесінде ұжымдық не мемлекеттік немесе жеке мүлікті ұрлауда,
сонымен қатар алаяқтықта т.б. аз кездеспейді.
Қылмыстық жиынтық бойынша бірыңғай қылмыс екі жағдайда сараланады:
бірінші, қылмыскер шабуыл жасап, қылмыс жасамаса, екінші, жаңа аяқталған
қылмыс немесе керісінше болса. Бұл жерде де барлық жасалынган қылмыстар бір
шеңберге сыймайды. Егер ол бірыңғай қылмыс әрекетінде алғашқы
қатысушылардың бірі болып кейін де сондай қылмысты орындаса жасалынған
қылмыстың қоғамдық қауіптілік деңгейін спецификасын, өзгешелігін толығырақ
сипаттау үшін, жасалынған істі қылмыстық жиынтығы жағынан саралау қажет.
Осы сұрақ төңірегінде Малковтың көзқарасы дұрыс саналады. Жоғары
Сот Пленумы осы пікірді ұстанады. 1992 жылы 27 наурыздағы Қаулыда осылай
көрсетілген "Зорлау және басқа да жыныстық қылмыстар жөніндегі сот іс-
тәжірибесі туралы көрсетілген қылмыстардың әрқайсысы өз алдына саралану
керек. Егер қайталанушылық осы қылмыстың нышандар құрамының сараланған
белгісі ретінде көрсетілсе, қылмыстың жиынтығының саралануы екінші
қылмыстық ретіндегі саралануын қажет етеді.
Қылмыс жиынтығының бір қиындығы болып, егер жасалынған қылмыстық
әрекет Қылмыстық кодексінің бабында қарастырылып, бірақ осы баптардың түрді
бөлімдерінде қарастырылуы табылады. Қылмыстық кодексінің 58 бабы бойынша
адам екі не одан да көп Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімнің түрлі
баптарында қарастырылған қылмыстар бойынша кінәлі деп табылса ғана қылмыс
жиынтығына қатысты болады. Қылмыстық кодексі баптарының жеке бөлімдерінде
ашылған әр қылмыстың өзіндік ерекшелігін мойындауда соған сәйкес баптың
бөлімі жеке санкция қайталанушылығы туралы факт куә болады.
Дәл осы ерекшелікті СССР-дың Жоғарғы Сот Пленумы қылмыс
жиынтығын айқындауға тірек етті. Сонымен Жоғарғы Сот Пленумы 1981
жылы 31 шілдедегі "Бірнеше қылмыс жасағандағы жазалау және бірнеше үкім
туралы тәжірибе" деген қаулысында көрсеткен: "Қылмыс жиынтығына байланысты
заңда" қарастырылған жаза белгілеу ережелері санкциялары бар және бір
қылмыстық заң бабы бойынша қарастырылады".
Осылайша түрлі баптар туралы айта отырып, қылмыс жиынтығын атауда
заңдылық қылмыстың түрлі қылмыс нышандарының құрамын алып, Пленум 58 бапқа
көлемді түсініктеме берді. Сот ісінде көрсеткендей қылмыс жиынтығына
кіретін әрекеттері бағыты, орны, уақыты, әдісі. Қылмыстың өзара қарым-
қатынасының ерекшелігіне байланысты түрлеріне сипатталады. Бұл қылмыстың
түрлі арақатынасы реалды қылмыстық жиынтық қылмыскер тұлғасының әдеттері,
білім деңгейі, қоғамға залалдығын түрліше бейнелейді.
Қылмыстық кодексінің теориясы көрсетілген айырмашылықты ертерек
байқап, қылмыс жиынтығын реттеу туралы критерий ұсынды. Реалды қылмыс
жиынтығының түрлі жағдайын дұрыс түсіну, оны бірыңғай күрделі қылмыстан
шектеу мәселесін шешуге көмектеседі. Сонымен қатар процессуалды сұрақтарды
шешуге де көмегі бар және қылмыскер жазасын саралауға мүмкіндік береді".
Реалды қылмыс жиынтығы туралы сұрақ қылмыстық заңдылыққа реалды және
оны А.Э Яковлев сәтті шешті. Ол реалды қылмыс жиынтығының екі түрін
ажыратып көрсетті.
1. Бір-бірімен белгілі бір жолмен байланысқан қылмыстардың реалды
қылмыстық жиынтығы.
2. Бір-бірімен тек қылмысты жасаушы бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz