Қырғызстанның табиғи ерекшілігі


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе.

Қырғыстан жері Тянь-Шань мен Памир-Алай тау жүйелеріне жайлас-қан. Мұнда биіктігі 500кл-ден төмен аймақ кездеспейді. Территория-сының %-і биік тау жоталары; солтүстік жағын Күнгей Алатау мен Қырғыз жотасы, батысын Талас Алатауы, Шатқал жотасы, шығысын Теріскей Алатау мен Көкшалтау жотасы, оңтүстік бөлігін Түркістан және Алай сырты жоталарының солт. беткейлері мен Алай жотасы алып жатыр. Ең биік жері - Жеңіс шыңы (7439 м) . Талас, Алай аңғарлары мен Ферғана аңғары-ның солтүстік, оңтүстік және шығыс шеттері Қырғыстан территориясына енеді.

Геолиялық құрылымы жағынан Қырғыстан жері Тянъ-Шань қатпарлы аймағына жатады. Палеоген-неогеннен кейін интенсивті тектоникалық қозғалыстардың алғашқы белгілері байқалады, яғни өлкенің қазіргі биік таулы рельефі қалыптаса бастады. Қырғыстан таулары Солтүстік Тянь-Шаныіың алғашқы каледондық (Күнгей Алатау, Теріскей Алатау, Та-лас Алатауы, Қырғыз, Сусамыртау т. б. жоталар), Орта Тянь-Шаньның герциндік Сарыжаз, Келутау, Жетім, Молдатау, Ақширақ, Шатқал жоталары және Оңтүстік Тянь-Шаньның герциндік (Инылчектау, Борколдай, Атбашы, Кокшалтау, Ферғана, Алай, Түркістан жоталары) қатпарлы жүйелеріне бөлінеді. Тау аралық ойыстар мен терең жарылыстар мезозойлық, кайнозойлық, шөгінділердің қалың қабаттары-мен толысқан.

Солтүстік Тянь-Шань пайдалы қазындылары арасында полиметалл мен сирек кездесетін металдардың өнеркәсіптік маңызы бар, шашыранды алтын, күкірт колчеданы т. б. кездеседі. Орта Тянь-Шаньнан Жетім темір руда бассейні (болжамды қоры 10 млрд. т), Оңт. Тянь-Шаньнан Хайдаркен, Чау-вай, Чонкой сынап кендері, Касансай ауданынан сурьма, Ақширақ - Сарыжаз ауданынан қалайы, Ферғана аңғарынан мұнай мен газ кендері ашыл-4 кған. Көмірдің геол. қоры (31 млрд. т) жөнінен Қырғыстан Орта Азияда 1-орын алады. Жалпы қорда тас көмірдің, өнер- ркәсіптік қорда қоңыр көмірдің мөлшері басым. Маңызды тас көмір кен- дері негізінен Шығыс Ферғана тас көмір бассейнінде оғырланған. Тер- малдық және минералдық бұлақтар бар; олардың негізінде Ыстық-ата, Жалалабад курорттары салынған Қырғыстан жері сейсмикалық аймақтар қатарына жатады: жер сілкіну әсіресе Ферғана, Атойнақ тектоникалық жарылыстадрында көбірек байқалады. Қырғыстан климаты континенттік; январьдың орта темперасы - аңғарлар мен тау бөктерлерінде -1, 5°, -8° С, а таудың биіктік орташа белігінде -8°, п -20° С, биік тауда -27, 7° С. Ауа суықтығы минимумы -53, 6° С з (Ақсай аңғарында) . Жазы қуаң, ыс- ( тық; июльдің орта темперасы - ызғарлы оларда 20-27° С, таудың биіктік орташа бөлігінде 15-17° С, биік тауда і] 5° С, ауаның ыстықтығы кейде 43° С- ( қа (Шу аңғарында) жетеді. Желдің аңғарлық түрі басым келеді. Жылдық ( жауын-шашын мөлшерінің ең аз (100 мм) жері - Ыстықкөл қазан шүңқырының батыс. жағы; ең көбі (900-1000 мм) Ферғана жотасының оңтүстік. -батыс беткейіне түседі. Тянь-Шань беткейлеріндегі қар жиегі 3600- 4600 м биіктіктен өтеді. Республиканың 6578, 3 км 2 жерін мұз басқан, Бас-ты мұздықтары: Оңтүстік Инылчек (800 км 2 ) , Солтүстік Инылчек (211 км 2 ), Қайынды (84 км 2 ) , Семёнов мұздағы (65 км 2 ) , Мушкетов мұздағы (69 км 2 ) .

Қырғыстан өзендері Арал теңізі, Тарим, Ыстықкөл, Балқаш алаптарына жатады. Барлық өзеядерінің жылдық орташа жалпы ағыны 52 км 3 (СССР-дегі жалпы өзен ағынының 3%-і) . Көптеген өзендерінің жоғарғы және орта ағыс-тары ғана Қырғыстан жерінде. Аса ірі өзені - Нарын; ол Қарадария өзенімен қосылып Сырдарияны құрайды. Нарынның басты салалары Атбашы, Алабүқа, Кёкёмерен. Солтүстік Қырғыстандағы ірі өзен - Шу Солтүстік. -Батыс Қырғыстанда - Талас, Қиыр Оңтүстік Қырғысттанда - Қызылсу. Республика территориясында 3 мыңға жуық көл бар; ірілері - Ыстықкөл, Соңкөл Чатыркөл. Оңтүстік Қырғыстанның шөлді және Солтүстік Қырғыстанның шөлейт аймақтары сүр, Ішкі және Орт. Тянь-Шаньның шелді-далалы белдеуі мен Ыстықкөл қазан шұңқырының батыс бөлігі қоңыр топырақты, таудың қуаң беткейлері қызыл қоңыр, ылғалды жақтары қара топырақты келеді. Қырғыстанда өсімдіктің 3, 5 мың түрі кездеседі: Территориясының 3, 3 %-і орман (әсіресе шырша, арша, жаңғақ ағаштары көбірек өседі) . Тау беткейлерінде альпілік жәнө субальпілік шалғындар өседі. Шөлейт аймақта толай қоян, саршұнақ, кірпі, далалық өңірде сүр аламан, ақшыл күзен, орманда қоңыр аю, сілеусін, жабайы шогпқа, елік, ақкіс, сусар, марал, құстардан аққу, үйрек, қаршыға т. б. кездеседі. Өзен-көлдерінде балықтың 40-қа жуық түрі бар. Жанат, американ күзені, тиін, ондатра, нутрия т. б. бағалы аңдар жерсіндірілген. Республикада ыстықкөл, Сарычелек қорытары ұйымдастырылған.

Табиғи жағдайына қарай Тянь-Шань тауының Қырғыстаң жері қамтыған бөлігі 5 физ. -геогр. провинцияға (солт. Тянь-Шань, Ыстықкөл, Ішкі Тянь-Шань, Орт. Тянь-Шанъ, Оңт. -Бат. Тянь-Шань) бөлінеді; Памир - Алай таулы аймағы - Алай және Солт. Памир провинцияларына ажыратыладьь

Халңы. Негізгі тұрғындары қырғыздар (1285 мың) ; олардан басқа орыс-тар, өзбектер, украиндар, немістер, татарлар, қазақтар (22 мың, 1970) тә-жіктер түрады. 1913-71 жылдары арасында Қ. халқы 3, 6 есе өсті. Орта-ша тығызд. 1 км 2 жерге 15, 5 адамнан келеді, тау аралық аңғарларда, жазық жерлерде 80 адамға дейін жетеді (1972) . Халқының 71, 3% 4 жүмысшылар мен қызметкерлер, 28, 4%-і кол-хозшылар. Қала халқы 37% (1970) ; ірі қалалары (мың, 1972) - Фрунзе (452), Ош (132), Жалалабад (44, 3), Пржевальск (Қарақол) (42, 3), Тоқмақ (42, 1) .

Археологиялың ескерткіштер Қырғыз жерін адам баласы бұдан 300 мың жыл бұрын, ертедегі тас дәуірі (палеолит) кезінен мекендегендігін анықтайды. Ертедегі тас дәуірінің құралдары Орт. Тянь-Шань, Ыстықкөл, Ферғана маңынан, Неолит дәуірінің ескерткіштері Фрунзе, Тоқмақ қ-лары мен Ыстықкөл аймағынан, Алтай даласынан табылды. Сарыжаз өзені маңындағы 2 үңгірде (Ақ шұңқыр ) қызыл бояумен қабырғаға салынған хайуанаттар суреті саңталған. Неолит кезіндегі тайпалар тас өңдеудің жетілген техникасын (тегістеу, қашау техникасы) игерген, садақ пен жебені қолданған, балшықтан ыдыстар жасаған. Сол кезеңде (б. з. б. 5-3 мыңж. ) мал шаруашылығы мен егіншілік пайда болған. Б. з. б. 3 мың жылдықтың аяғында әуелі мыстан, кейін қоладан жасалған ңарулар тарады. Қола дәуірінде (б. з. б. 1-мың жылдықтың басы) Қырғыстан жеріндегі адамдар 2 топқа - егіншілік және мал шаруашылығы тобына бөлінгендігін археол. материалдан байқауға болады. Б. з. б. 7- 6 ғ-да темірден соғылған құралдар мен қарулар пайда болды, көшпелі мал шаруашылығы шешуші шаруашылыққа айналды, мүліктік жіктелу күшейді. Таптың ңатынас шыға бастады. Көшпелілер арасында рулық одақ, ал егіншілік аудандарда құл иеленуші мемлекет пайда болды. Солтүстік Қырғыстанда сақтар (б. з. б. 7-3 ғ. ), кейін үйсіндер (б. з. б. 2 ғ. - б. з. 5 ғ. ) өмір сүрді. Оңтүстік аудандар (б. з. б. 2-1 ғ. ) Пиркан мемлекетіне, кейін (1-4 ғ. ) Кушан патшалығына қарады. Қырғыстанның оңтүстік. аудандарында 4-5 ғ. тоған тоспа техникасы қолданылды, су диірмені пайда болды, канал жүйесі көбейді, а. ш. дақылдарының жаңа түрлері (маңта) егілді. Экономикалық өмірдің және қоғамдық қатынастардың өзгеруіне байланысты егіншілік аймағында құл иеленуші мемлекетті феодық мемлекет бірлестіктер ауыстырды, көшпелі тайпаларда да ерте феод. мемлекет пайда болды. 5 ғ-да солтүстік Қырғызстан көпгпенділері отырыңщылана бастады. 6-7 ғ-да Қырғызстан батыс түрік қағандығының орталығына айналды. Астанасы - Суяб. Қалалар, қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болды. 6-8 ғ-да Батыс түрік қағандығына қараған тайпалармен бірге көшпелілері Орхон, отырықшылары соғда жазуын қолданды. 10 ғ-дан бастап қырғыздардың Тянь-Шаньды мекендегені жайлы жазба деректерде баяндалады. Ол кез-де Шу, Талас далаларында, Ыстық-көл жағалауында қалалар мен оты-рықшылар көбейе бастады. Олар Орта Азияның басқа аймақтарымен ңарым-ңатынас жасады. 10 ғ-дың орта шенінен 12 ғ-дың орта кезіне дейін Қырғызстан жеріне Қарахан мемлекетінің негізгі бөлігі қоныс тепті. Оның астанасы Шу бойындағы - Баласағұн болды. Бұл кезде феодалдық қатынас едәуір дамыды. 10-12 ғ-да өндіргіш күштер сол кездегі дамудың жоғары сатысына жетті. Талас даласы күміс және басқа металлшығарудың орталығына айналды, біраз қалаларда (Баласағұн, Үзген) қол өнер, сауда жәнө мәдениет дамыды. 13 ғ-дың 1-ширегінде басталған монғолтатар шапқыншылығы даму процесін ұзақ уақытқа тоқыратты.

Монғолдар Орта Азияны жаулап алып, оған көшпелі тайпаларды қо-ныстандырды. Тянь-Шаньның бір бөлігі және шығыс Түркістан Шағатай ұлысының құрамына кірді. Оның тұрғындары - Жетісу, Қашқар көпшелі-лері өздерін ерекше Моғол ұлымыз деп атады. 15 ғ-дың 2-жартысында солтүстік Қырғыстан жерінде қырғыз тайпалары бірігіп, жөке хандық қүрды. 16 ғ-дыц 1-жартысында Ң-дар ойрат шапқыншылығына қарсы табанды күрес жүр-гізді. 17 ғ. мен 18 ғ-дың басында қырғыздардың шығыс Түркістанның мемлекеттік -саяси өміріне араласуы күшейді. 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың бас кезінде сыртқы саяси жағдайының қиындауына және сауда мен ішкі жағдайының тұрақты болмауына байланысты қырғыздар Россия патшалығынан қамқорлық сүрауға мәжбүр болды. 1814 ж. және 1824 ж. Ыстыңкөл қырғыздарының өкілдері орыстың бат. сі-бір өкіметтеріне барды. 19 ғ-дың 1-ши-регінде Ңоқан хандығы Қырғызстанды жаулап алды. Осыған байланысты орыс-қырғыз қарым-қатынасы тоңтатылды. Бүл кезеңде қырғыздар негізінен көшпелі және жартылай көшпелі мал ша-руашылығымен шүғылданды. Қырғызстан-ның қоғамдық-экономикалық құрылысында патриархалдық-феодалдық қатынас үстемдік алды.

19 ғ-дың орта кезінде Қырғызстанның Россиямен жаңындасуына қолайлы жағдай туды. Алғаш Ыстықкөл қырғыздары Россияға қосылуға келісті. Кейін Тянь-Шань тауының және Шу, Талас даласы қырғыздары Россия империясының қүрамына өз еріктерімен қосылды. Солтүстік Қырғызстан 1863 ж. қарсаңында, ал Оңтүстік аудандар Қоқан хандығы жойылысымен (1876) Россияға қосылды. Сөйтіп, Қырғызстан әуелі Түркістан облының (1865-67), кейін Түркістан генерал-губернаторлығының (1867-1917) қүрамында болды. Қырғызстанның Россия құрамына өз еркімен қосылуы орыс және қырғыз халықтарын жақындастырды. Олардың патша өкіметі мен жергілікті қанаушыларға қарсы бірлесіп күрес жүргізуі, экономикалық, саяси, мәдени байланыстарының нығаюы орыс және Россияның басқа халықтарымен ынтымағын күшейтті. Ңырғыз еңбекшілері Қоқан феодалдарының бүғауы-нан, Шығыстың басқа да мешеу дамыған мемлекеттері сияқты ағылшын ыңпалында болудан қүтылды. Құл иеленушілікке тыйым салынды, феодалдар арасындағы тартыс жойылды; натуралды шаруашылыңтың ыдырап, капитистік элементтері дами бастады. Орт. Росспядан өндіріс товарлары Қырғыстанға әкелініп, олар малға, астыққа айырбасталды. Қырғызстанның біраз жеріне Россияның ортүстік және оңтүстік губернияларынан казак-орыстар мен қоныс аударушы шарулар келіп орналасты. Бұл көшпеліліктен отырыңшылық жағдайда көшуге, шаруашылыққа құрал-саймандардың, дөңгелекті транспорттың енуіне және ауыл шаруашылығын мамандандыруға (овощ өсіру, пішен шабу т. б. ) ықпал жасады. Кулактар мен ауңатты қоныс аударушылар өз өнімдерін Қазақстан мен мақта өсіретін Орта Азия аудандарыяа сататын товарлы егіншілікпен айналысты. Россияда капитализмнің дамуы, товарлы-ақша қатынастарының күшеюі, орыс рыноктарымен байланыстың дамуы, өлкеде кейбір аудандардың экономикық мамандану процесін тездетті: өңдеу өнеркәсібі, мақта тазалау, май айыру, тері өңдеуші, сыра қайнату заводтары және басқаұүсақ кәсіпорындар жұмыс істеді. 19 ғ-дың аяғында тау-кен өнеркәсібі, әсіресе көмір шығару өндірісі пайда болды. Капит. дамуына байланысты Қырғызстанда кредит мекемелері, акционерлік серіктестіктер және қарыз-жинақ кассалары пайда болды. Жүмысшы табы мен үлттық буржуазия қалыптаса бастады. Алайда Қырғызстанда өнеркәсіп капитализмі дамымады.

Екінші жағынан, Россияға қосылуға байланысты өлкеде отарлық қанау күшейе түсті, салық мөлшері артты, көпшілік жері отарлау ңорына берілді. Сонымен қатар орыс халқының өкілдері қырғыздар арасына озық орыс мәдениетін және халықтар достығы идеясын таратты. Мәдени-ағарту мекемелері, діни мектептер ашылды, алғашқы емханалар ұйымдастырылды.

Россия пролетариаты рев. қозғалы-ының ықпалымен Қырғызстан еңбекшілөрі ұлттың және әлеуметтік азаттық күресіне көтерілді. 20 ғ-дың басында Қырғызстанда марксизм-ленинизм идеялары, рев. әдебиет тарай бастады. Тұңғыш ұйымдар пайда болды. 1905-07 ж. Россиядағы рев. басталысымен 1905 ж. көктемде Қызылңия және Сүлікті шахталарында толқулар басталды. Жүмысшылар экономикрық және саяси талаптар (8 сағ жұмыс күнін, жалақыны көбейту, штрафты жою, жұмыстан тыс жұмыстарды қысқарту, жиналыс, одақ құру бостандығы) қойды. Рев. қозғалыста қырғыз және орыс еңбекшілері бірігіп әрекет жасады. 1905 ж. 6 августа, 22 октябрьде, 8 ноябрьде саяси митинг ұйымдастырды. Ноябрьде Пішпек, Тоқмаң, Пржевальск (Қарақол) почта-телеграф қызметкерлері Бүкіл россия Октябірде саяси стачкасына (1905) үн қатты.

Багиш, Чатқал, Сусамыр, Базар-Қорған т. б. болыстарының диқанда-ры болысқа және аил старшындарына қарсы көтерілді. Салық төлеуден, еңбек міндеттілігін орындаудан бас тарту жаппай сипат алды. 1905 ж. ая-ғында патша өкімет орындары Жетісу облысының 3 уезін, 1906 ж. сентябрь бүкіл Түркістан өлкесін ңауіпті жағдайдағы аймақтар деп жариялады. Қырғызстанда аграрлық қозғалыстың дамуына орыс қоныс аударушылары зор әсе етті . Агрлық реформасына сәйкес қырғыз шаруаларының майдандарында ерлікпен шабарлық саласъша қатыстыру Сов. өкіметінің Қырғызстандағы саяси және экономиклық шараларына қанаушылар қатты қарсылық көрсетті

Совет өкіметі жылдары Қ-да 500-ден астам ірі кәсіпорындар салынды, көптеген жаңа өнеркәсіп салаларының (машина жасау, металл өңдеу, түсті металлургия т. б. ) негізі қаланды. Өнеркәсіптің жалпы өнімі 1913-71 жылдары 210 есе артты. Өнеркәсіптің орналасуында да көп өзгерістер болды; Окт. революциясына дейінгі шағын кәсіпорындар негізінен оңтүстік Қырғызстанда шоғырланған, қазір республикада ірі пндустриялық солтүстік Қырғызстан және оңтүстік-батыс Қырғызстан аудандары қалыптасты.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сырдария өзенінің экологиялық мәселелері
Ыстықкөл облысындағы туризм түрлерін дамыту мүмкіндіктерін бағалау
Қырғыстан Республикасы туристік өлкетануы
ҚАЗАҚ - ҚЫРҒЫЗ ҚАТНАСТЫРЫ
Қазақстан мен Қырғызстанның сыртқы саяси қатынастары
Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынасы мен бауырлас елде болған революция тақырыбын қазақ басылымдары қаншалықты шынайы, анық та, айқын жазатынына талдау жасау
Қазақстан мен Қырғызстан
Қырғызстандағы туризм
Францияның салық жүйесіне сипаттама
Негізгі өзен бассейндері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz